Ұлы Жібек жолы туралы мәлімет


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: « Ұлы Жібек жолы»

Жоспар

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.

а) Жібек Жолының алғашқы кезкңдері.

ә) Жібек Жолының жайлаған аймақтары.

б) Қалалар мен мәдениеті.

3. Қорытынды.

«Ұлы жібек жолы» - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евтоазияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тосқан торабы, ал сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Қазіргі Жоба адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан тұңғыш бейбіт қарым - қатынас сырын жан - жақты зерттеп білуді мақсат етіп отыр. Ол Осы «Жібек жолы» көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға септігін тигізді.

Осы жобаға баға бере отырып, ЮНЕСКО - ның бас директоры Фредрико Майор былай деп атап өтті. «Жібек жолы» ұшы-қиырсыз далалар, көл -көсір теңіздер мен қуаң шөлдер арқылы өтетін өзара байланыстар мен пікір алушыларды қалыптастыруға ғаламат мүмкіндіктер бере отырып, озық өркениетті өзара бірлесіп байытуға септігін тигізді. « Жібек жолын » кешкнді зерттеу жобасының түпкі мақсаты - бүгінгі күні осы жол бойында жатқан халықтардың өзара пікір алысуы қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінусідің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихы ән - маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.

Он жылға есептелген бұл жоба өзі қамтып отырған бағыт бойынша: бір жағынан, өзара тәртіптік ғылыми зерттеулер мен халықаралық және ұлттық дәрежеде кездесулер өткізу арқылы; екінші жағынан, дүниежүзі жұртшылығының көпшілігі назарын зерттеліп отырған мәселеге аудару үшін бұған бұқаралық хабарлама құралдары мен ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің бір ресми бірлестіктерін қатыстыру арқылы өрістетіледі.

Бұл жоба құрамында ғалымдар, телевизия мен баспасөз өкілдері бар халықаралық топтардан құралған экспедицияның қайта жүріп өтетін негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Алдын - ала он беске жуық халықаралық семинарлар, сондай-ақ жергілікті жерлерде ғылыми қауымдармен кездесулкр өткізу көзделіп отыр. Жоба Парижде барлық жүргізілген зерттеулерді жинақтап, қорыту және өнер туындыларының аса озық үлгілері көрсетілетін ірі көрме ұйымдастыру кезінде аяқталады. Жобаны ұйымдастырушылар, өздері қамтып отырған бұқаралық хабарлама құралдары, сол жобаның негізінде жатқан идеяны белсенді түрде насихаттай алса, ол дүниежүзілік көпшілік арасынан түсінушілік пен кең қолдау табады деп есептейді.

«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай қадеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді - ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.

Бұтқа табынушы ( бұдда дініндегі - ауд. ) қажы Сюань - Цзань 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шындап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға діни мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.

Чань - Аньнан шыққан саудагерлердің қоспақ - түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап, Дунхан арқылы « Ұлы айдаhар құмы » аталатын сортаң шөлейтті, Хами мен Т ұрфан алқаптпрын, Тянь - Шаньның солтүстік бөліктерімен мұздақ тауларын, шамасы, Музур - Ола жоталарын басып өткен Сюань - Цзян мен оның сапарластары «Көкмөлдір көлге» жетті. « Ыстық көл» деп те аталуына қарай кәдімгі Есік көлін еске түсіру қиын емес. Қажы осы өзенді айналып өтіп, Батыстағы шекарасы сонау Қара теңізге дейін созылып жатқан байтақ мемлекеттің әміршісі - түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань- Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл жателдіктердің аттары керемет екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жалаң басына ұзындығы бір чжан (3, 2 м), ұштары желкесіне түскен жібек шалма (сәлде) орап алған. Оған оқалы-зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар-тұлымдап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киім, бастарына жұмсақ бас киімдер киіп, айбалта, садақ асынып, ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес. »

Қағанның өзін қалай қабылдағанын сипаттай отырып, Сюань-Цзян түрік зиялыларының салтанатты жібек киімдерінің молдығын бірнеше қайтара ауызға алады, сонымен бірге өзіне көрсетілген сый-сияпат ішінде: «Қызғылт түстіжылтыр шыттан тігілген неше алуан киімдер санатын және елу кездеме жібек» бергені жөнінде хабарлайды.

Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.

Егер «Жібек жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мензат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі III-II мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотон аймағындағы Яркент (Жаркент) - Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.

Біздің дәурімізге дейін I мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.

Жібек жасап шырағу және онымен сауда жасау кезеңі күні кешкгк дейін біздің дәуірімізге дейінгі І мың жылдық саналып келкді. Алайда Чженцзян провинциясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай археологтар неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750-100 ж.

Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады. Дегенмен зерттеушілер, оның ішінде Ма Юн мен А. П. Франкфор тәрізді көрнекті ғұламалар жібек жолы жөнінде, оны VI-IV ғасырларға жатқызған.

Бұл кезде жібек Үндіге де жеткен-ді. Оған үндінің «синапатто» - «Қытай жібегі» деген сөздері куә, ал бұл сөздерд біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда жазылған «Артхашастра» (саясат ғылымы) трактатында кездеседі. « Жібек жолы» тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У - Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған князі Чжон - Цзян бастаған елщі керуннің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон - Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғанстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.

Жібек жолы ІІ-V ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ, Чаньниден басталып, Ланчжау ауданындағы Хуанхе өткеліне беттейді, одан әрі Нан - Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай Қорғанының батыс беткейіне және « Яшмо қақпалары заставасына » жетеді. Ол жерде жалғыз жол Талка - Макан шөліп солтүстігі мен оңтүстігінен өтіп, үшке айырылды. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді; ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы» аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бүхара, Мерв арқылы Хамадан Сисрияға жетеді.

Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VI-VII ғасырларда барынша жандана түсті. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол VII ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңізінен арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.

VI - VIII ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл қазан - шұңқыры - Шығыс Түркістан арқылы таратылды. IV - ХІІ ғасырларда Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланады.

Алайда, ол жол ХІІ - ХІV ғасырларда қайта жанданды. Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге келсек: Бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өрендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық - саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір - біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүние жүзілік өркениеттің қызыл арқау - күретамыры болды. Біздің дәуірімізге дейінгі VI - III ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандардағы қабірлкрден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ және І мыңжылдықтың орта шенінде үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп, Жібек жолы жұмыс істеп тұрған кезде иұнда римдік әйнектер мен теңгелер (монеталар), қытай жібегі мен айналары, сырлы ыдыстар, европалық қарсы ілгектер ( фибуда) мен Сасанид Иранынан әр түрлі мөр-тастар жеткізіліп тұрған.

Осы кезеңде Шу Талас және Сырдария алқаптарында мұнарлы қорғандармен қоршалған қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектері орналасқан елді мекендер қалыптаса бастады. Солардың көпшілігі дерлік қазір Тянь - Шань тауы етегінен, Арыс өзені мен Сырдарияның орта және төмеңгі ағысындағы алқаптардан ашылып отыр. Әсіресе мұндай қалалар Арал маңындағы, Жетібасар шатқалындағы шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. Олардың күн күйдірген сарғыш қабырғалары мен жазық алқапқа қарата салған ойық терезелі, жебе тәрізді мұнаралары әлі күнге дейін қисамай тұр, ал тақырлары астында ірі -ірі ежелгі мазарлар жасырынып жатыр.

VІ ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі ұлан - ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпеләлер мемлекеті - Түрік Қағанаты құрамына кірді.

Қағанат VI ғасырда Шығыс түрік және Батыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Соңғысының орталығы Жетісу, ал астанасы Суяб қаласы болды.

Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен оңтүстік Қазақстан қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды роль атқарды. Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізгі қалануына мұрындық болып, Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзын бойында тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп, өркендеуіне септігін тигізді.

Егер І мыңжылдықтың алғашқы жартысында үйсін билеушілерінің орталығы болған екі қаланың ғана - Чигу мен Жетісудың аттары аталса, VІІ ғасырдың бас кезінде Сюань - Цзян осындай ондаған қалалар бар екені жөнінде хабарлайды. Олардың ішінде ең ірілері Суяб пен Тараз және кейін Испиджаб аталған « Ақсудағы қала » болды. Қытайдың VІІ - VІІІ ғасырдағы сапарнамаларына және VІІІ - Х ІІ ғасырлардағы жиhанкездерінің жазбаларында Жібек жолы бойында жатқан ондаған қалалардың аттары аталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Ұлы Жібек Жолы және VI- XIII ғғ. қала мәдениеті
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
Қазақстандағы туристік өнім
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
ҰЛЫ Ж БЕК. I ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТ КI ПОТЕНЦИАЛЫ
Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар
Тараз қаласының қысқаша тарихы
Ұлы жібек жолы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz