Мұнай туралы ақпарат



1.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

2.1 Мұнай, мұнай құрамы.
2.2 Мұнайды алу тәсілдері.
2.3 Мұнай өнімдері және олардың қолданылуы.

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиет.
Республиканың жаңа байлығы мұнай мың жылдан артық уақыт адамзатқа тек жарық және ем ретінде керек болды. Сүзек ауруын, қотырды және түйелердің қышымаларын емдеуге пайдаланылып жүрді. Жер астынан шығатын мұнай газдары көп уақыт сөнбейді де, оны Кавказдың, Иранның, тағы басқа жерледің тұрғындары отқа шоқыну ретінде қолданған болатын. Мұнайдың жылу беру қасиеті көмірден жоғары. Бір тонна мұнай 1,3 тонна антрцитты, 3 тонна көмірді, 3,3 тонна торфты және 7 тонна тақта тасты, синтетикалық
аммияк, лак, әр түрлі мұнай майларын, парафин, жарылғыш зат-нитроглицерин, тағы басқа көптеген заттар алынады.
Химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты мұнай негізгі екі топқа бөлінеді: метанды, немесе парафинді және нафтенді, немесе асфальтты. Парафинді мұнайлар әдетте ашық түсті жеңіл салмақты, ал асфалтты-өте күңгірт түсті және ауыр топқа жатады. Бұрынғы ССРО-дағы сұйық көмір сутотығының қорларыбойынша Ресейден кейін, екінші орында Қазақстан тұр. Республикада мұнайдың негізгі қорлары Каспий бойы ойпаңында шоғырланған. Мұнда Теңгіз, Қарашығанақ, Жаңажол, Кенқияқ сияқты ірі мұнай кен орындары орналасқан.Республиканың басқа ірі мұнайгаз аудандары-Оңтүстік Маңғыстау-Үстүрт ойпаңы және көтерілімі. Мұнда сұйық көмір сутотығының республикалық қорларының 56 процентіне тақауы кездеседі. Қазақстан облыстары арасында Атырау-75,6 процент, одан кейін Ақтөбе 9,1 процент қорға ие. Жезқазған мен Қызылорда облыстары мұнай қорынан мардымсыз.
Қазақстанда қазір 129 мұнай кен орындары белгілі және бірі-Кәспий теңізі жиегінде. Олардың 109 Атырау облысында. 1989 жылы өткен 1988 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 1,3 процентке қысқарған. Осы жылы республикада 2195 мың т мұнай өндірілген болатын. Мұнай өндірудің негізгі бөлімі Атырау облысында шоғырланған. Ақтөбе облысында 10,8 процент мұнай өндірген болатын. Қазақстан мұнай өнеркәсібінің мүмкіншілігі. ТМД, елдерінде мұнайдың ірі ресурстары бар және оның өнеркәсіптік категориясының барланған қоры мен өндіруі бойынша дүние жүзінде алдыңғы орынның бірінде, АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты. Бұрын Қазақстан мұнай мен газдың қорынан елімізде маңызды орындарда болса, ал қазір Оңтүстік Маңғыстауда Жетібай мен Өзен, Каспий бойы ойпаңында Кенқияқ, Прорва, Буранкөл кеніштерінің ашылумен Одақта үшінші орынға шықты.
1966 жылы өнеркәсіптік өндіруде 22 мұнай орны болды, оның 20-сы Атырау, ал екеуі Ақтөбе облысында. 1967 жылы республикада барлығы 41 мұнай кен орны есепке алынған болатын. Соңғы өткен жылда Қазақстан жерінде табылған мұнай кен орны 20 еседен артық көбейіп, оның қоры 700 есе артты. Республикада 200-ден артық барлау скважиналары мұнай береді. Барлық белгілі мұнай кен орындары Қазақстан батыс бөлімінде, Орал-Ембі бассейініндс, Маңғыстау түбегінде орналасқан.
1. «Мұнай мен газды өндіріп, өңдеу» – Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайұлданов Қ.Н. Алматы 2000 ж.
2. «Мұнай мен газ» Алматы “Ғылым” 2003 ж.
3. «Маңғыстау» энциклопедиясы Алматы 1997 ж.
4. «Маңғыстаумұнайгаз» – 2003 ж.
5. «Егемен Қазақстан» газеті, 5 ақпан 2006 ж.
6. «Егемен Қазақстан» газеті, 22 сәуір 2006 ж.
7. «Егемен Қаақстан» газеті, 5 наурыз 2007 ж.
8. «Егемен Қазақстан» газеті, 10 маусым 2007 ж.
9. «Нефть и газ» журналы, 2006 ж.
10. «Нефть Казахстан» газеті, 2007 ж. маусым
11. «Үш Қиян» газеті, 2007 ж. сәуір

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

2.1 Мұнай, мұнай құрамы.
2.2 Мұнайды алу тәсілдері.
2.3 Мұнай өнімдері және олардың қолданылуы.

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиет.

Республиканың жаңа байлығы мұнай мың жылдан артық уақыт адамзатқа тек
жарық және ем ретінде керек болды. Сүзек ауруын, қотырды және түйелердің
қышымаларын емдеуге пайдаланылып жүрді. Жер астынан шығатын мұнай газдары
көп уақыт сөнбейді де, оны Кавказдың, Иранның, тағы басқа жерледің
тұрғындары отқа шоқыну ретінде қолданған болатын. Мұнайдың жылу беру
қасиеті көмірден жоғары. Бір тонна мұнай 1,3 тонна антрцитты, 3 тонна
көмірді, 3,3 тонна торфты және 7 тонна тақта тасты, синтетикалық
аммияк, лак, әр түрлі мұнай майларын, парафин, жарылғыш зат-нитроглицерин,
тағы басқа көптеген заттар алынады.
Химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты мұнай негізгі екі
топқа бөлінеді: метанды, немесе парафинді және нафтенді, немесе асфальтты.
Парафинді мұнайлар әдетте ашық түсті жеңіл салмақты, ал асфалтты-өте
күңгірт түсті және ауыр топқа жатады. Бұрынғы ССРО-дағы сұйық көмір
сутотығының қорларыбойынша Ресейден кейін, екінші орында Қазақстан тұр.
Республикада мұнайдың негізгі қорлары Каспий бойы ойпаңында шоғырланған.
Мұнда Теңгіз, Қарашығанақ, Жаңажол, Кенқияқ сияқты ірі мұнай кен орындары
орналасқан.Республиканың басқа ірі мұнайгаз аудандары-Оңтүстік Маңғыстау-
Үстүрт ойпаңы және көтерілімі. Мұнда сұйық көмір сутотығының республикалық
қорларының 56 процентіне тақауы кездеседі. Қазақстан облыстары арасында
Атырау-75,6 процент, одан кейін Ақтөбе 9,1 процент қорға ие. Жезқазған мен
Қызылорда облыстары мұнай қорынан мардымсыз.
Қазақстанда қазір 129 мұнай кен орындары белгілі және бірі-Кәспий
теңізі жиегінде. Олардың 109 Атырау облысында. 1989 жылы өткен 1988 жылмен
салыстырғанда мұнай өндіру 1,3 процентке қысқарған. Осы жылы республикада
2195 мың т мұнай өндірілген болатын. Мұнай өндірудің негізгі бөлімі Атырау
облысында шоғырланған. Ақтөбе облысында 10,8 процент мұнай өндірген
болатын. Қазақстан мұнай өнеркәсібінің мүмкіншілігі. ТМД, елдерінде
мұнайдың ірі ресурстары бар және оның өнеркәсіптік категориясының барланған
қоры мен өндіруі бойынша дүние жүзінде алдыңғы орынның бірінде, АҚШ-тан
кейін екінші орынға шықты. Бұрын Қазақстан мұнай мен газдың қорынан
елімізде маңызды орындарда болса, ал қазір Оңтүстік Маңғыстауда Жетібай мен
Өзен, Каспий бойы ойпаңында Кенқияқ, Прорва, Буранкөл кеніштерінің ашылумен
Одақта үшінші орынға шықты.
1966 жылы өнеркәсіптік өндіруде 22 мұнай орны болды, оның 20-сы
Атырау, ал екеуі Ақтөбе облысында. 1967 жылы республикада барлығы 41 мұнай
кен орны есепке алынған болатын. Соңғы өткен жылда Қазақстан жерінде
табылған мұнай кен орны 20 еседен артық көбейіп, оның қоры 700 есе артты.
Республикада 200-ден артық барлау скважиналары мұнай береді. Барлық белгілі
мұнай кен орындары Қазақстан батыс бөлімінде, Орал-Ембі бассейініндс,
Маңғыстау түбегінде орналасқан. Батыс Қазақстан жерінде мұнай кеніштері
ертеден белгілі болатын. Орал-Ембі мұнай ауданы туралы бірінші дерек I
Петрдің бұйрығы мен Астрахань арқылы Хиваға жіберілген әскері экспедицияның
бастығы Беркович-Черкасскидың қолжазбаларында кездеседі. Бірақ бұл кең
аймақта геологиялық зерттеу жұмыстары тек қана өткен ғасырдың екінші
жартысында басталады. Орал-Ембі мұнай туралы алғашқы мол деректі географ Н.
А. Серверцев жинап, “1857 жылы Қырғыз даласының батыс бөлімінде Н.
Серверцев пен И. Боршевтың жүргізген геологиялық бақылаулары” деген
есебінде жарияланды. Жаратылыс танушылар мен топографтардың бұрын зерттеген
материалдармен танысқан Геологиялық комитет, 1874 жылы Батыс Қазақстанға
таукен инженері Д. В. Кирпичниковты жібереді. Қаражынғыл, Иманқара және
Доссор сықылды болашақ мұнай кен орындары орналасқан аудандары зерттеп, ол
мынадай тұжырымға келгенді: “Доссорда мұнай өте көп, бірақ бұл байлықты
пайдалану өте қиын, неге десе тұшы су жоқ, қатынас жол жоқ, шабынды жер
жоқ”. Рязян-Орал қоғамы мен Геологиялық комитет 1892 жылы Доссорда бас,
іскінде бір және Қаражыңғылда бес скважина бұрғылады. 1894 жылы Ембі-Каспий
достығы құрылып, кейінірек 1899 жылы мұнай өндіркші Леманның қолына көшкен
болатын . Октябрь революциясына дейін Орал-Ембі ауданында сегіз мұнай
қоғамы жұмыс істеді. 1912 жылдан бастап, Ресей Геологиялық комитетінің
жүктеуімен геологтар А. А. Заматин мен Н. И. Тихонович Ақтөбе облысында
геологиялық зерттеулер жүргізген болатын. Орал-Ембі ауданының бірінші мұнай
кенорны-Доссор 1911 жылы 19 көкек айында, ал Мақат 1915 жылы іске қосылды.
1920-1921 жылдары жас Совет республикасы азамат соғысына байланысты
Кавказ мұнайынан уақытша айырылғанда, елімізді мұнаймен қамтамасыз еткен
Ембі болатын. Оның мұнайын тасу үшін Александров-Гай-Ембі темір жол
құрылысы басталып, 1927 жылы аяқталды. 1920 жылы ұйымдастырылған “Ембі
мұнай тресі” мұнай кәсібін қайта қалпына келтіруге үлкен үлес қосты. 1932
жылдан бастап, ескі мұнай өнеркәсібі Доссар мен Мақаттың қатарында жаңадан
Байшонас, Іскін, Қосшағыл, Сағыз, Құлсара және басқалары қосылды.
Ұлы Отан соғысынан кейін Батыс Қазақстан геологиясын “Қазақстан
мұнай” бірлестігі, “Ақтөбе мұнай барлау” тресі, “Қазақтың геофизикалық
ұйымы” кейіннен болған “Қазақстан нефтегеофизика”тресі, “Аэрогеологиялық”
және “Уральск нефтеразведка” трестері зерттеген болатын. Жаңа теофизмкалық
әдісті қрлданудың арқасында Қошқар, Тентексор, Мұнайлы, Тілес, Қаратөн,
Тереңөзек, Тәжіғалы және Қарсақ сияқты жаңа мұнай кен орындары ашылып,
Таңатар мен Прорвада мұнай өндіру басталды және Ембінің солтүстігінен
Кенқияқ, Көкжеде, құмсай, Қопа, Ақжар кеніштері табылды. Жарты ғасырдың
ішінде Қазақстан жерінде көптеген мұнайшылар коллективі өсіп, орыстар,
украиндар, кәрістер, әзірбайжандар, грузиндер, армяндар, өзбектер,
татарлар, шешендер, гректер және басқа көптеген ұлттардың өкілдері жұмыс
істейді және олардың жартысынан көбі қазақтар. Олар өздерінің ішінен
қолынан іс келетін инженер-техниктер мен мамандарды таңдап алып, мұнай
мекемелері мен жұмыстарын басқаруға ұсынды.
Солтүстік-каспий ойысы тұз күмбездеріне бай және оның өнеркәсіптік
мұнай –газдылығы ертеден белгілі. 500 шаршы километр жерде мыңнан аса тұз
күмбездері орналасып, олардың 300-і Еділ-Жайық аралығында орналасқан. 1959-
1960 жылдары Ақтөбе облысында Прорва мен Баракөл мұнай кәсібі қосылды.
Маңғыстау түбегі күн райының қаталдығына қарамастан, геологтардың назарын
ертеден аударатын еді. Оңтүстік маңғыстауда мұнай мен газ іздеу мен барлау
үшін “Қазақстаннефть” бірлестігінің құрамында, 1957 жылдың көкек айында,
арнайы “Маңғышлақнефтегазразведқа” тресі ұйымдастырылды. Егер барлық еліміз
көмектеспесе, Маңғыстау түбегінің мұнай байлығын игеру өте қиын болатындығы
өзінен-өзі белгілі. Өзен мен Жетібайда өнеркәсіптік барлау жұмыстары 1962
жылы басталып, мұнай мен газдың қоры ірі, көп пласты екендігі дәлелденді
де, сусыз қатал түбектің одан әрі дамуын осы жұмыстар шешті. Аз уақыттың
ішінде ондаған қуатты өнеркәсіптік обьектілер құрылып, Мақат-Ақтау темір
жолы, Ақтау-Жетібай-өзен электр желісі, асфальт жолы, мұнай құбырлары
салынды. Түбектің байлығы тез игеріле бастады. 1965 жылдың июнь айында
темір жол арқылы Атыраудың мұнай қорытатын зауытына, бірінші Маңғыстау
мұнайы жеткізілді, ал 1966 жылдың қазан айында оны су арқылы тасу басталды.
Маңғыстауға туысқандық көмекті ең бірінші болып, ескі мұнай орталықтары
Баку, Куйбышев, Башқұртстан, Краснодар және басқалары көрсетті. ССРО-ның
барлық түпкі-түкпірнен мұнда адамдар көмекке қатысуға келе бастады.
Батыс Қазақстанда өте қуатты геофизикалық, геологиялық барлау, мұнай
өндіргіш және қорытқыш мекемелер құралды. Геология және геофизика
институты, химия және табиғи тұздар институты, сонымен бірге
“Гипроказнефть” институт қызметкерлері өте жемісті түрде жұмыс істейді.
Орал-Ембі мұнай-газ бассейіні 500 мың шаршы километр жерді алып
жатыр. Әкімшілік жағынан ол Атырау, Ақтөбе облыстарын, сонымен бірге
Астрахан, Волгоград, Саратов облыстарна және Қалмақ АССР аудандарына
қарайды. Осы территорияда соңғы жылдары жүргізілген ірі жоспарлары
геологиялық және геофизикалық зерттеулер, мұнда мұнайдың үлкен қорын табуға
мүмкіндік туғызды. Мұнай кен орындары тұз күмбездерінде шоғырланды. Мұнай
осындай күмбездердің саны1700-ге жетеді. Каспий бойы ойысындағы осы
бассейіннің маңында 32 мұнай және газ кен орындары кездеседі. Ембі
бассейінінің мұнайы мен газы жер үстінен 50 метрдне 2417 метрлік тереңдікте
орналасқан. Ал негізгі қоры 800 метр тереңдіктің маңында. Бассейіннің ірі
кен орындары Кеңқияқ, Прорва және Боранкөл. Кен орындарынан негізінде мұнай
насос арқылы сору әдісімен өндірген болатын. Жердің “қара қанының” 6,7
процентін фонтандық скважиналар арқылы өндірілді.
1999 жылы біздің еліміз үшін есте қалатын елеулі жыл. Қазақ мұнайының
жүз жылдығы. 1899 жылдың қараша айында Атырау обылысы, Жылыой ауданына
қарасты Қарашүңгіл алаңындағы 7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап,
тәулігіне 20 тоннадай өнім берген болатын. Бұл-бүгін дүние жүзіне мәлім
болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Бір ғасырлық тамаша есте
мәңгі қалатын тарих міне, осыдан бастау алады. Қазақтың маңдайына біткен
асыл перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жүз жылдығының, сонымен бірге
Қазақ мұнайының еғ бірінші тамшысының жүз жылдығы, бізді еліміздің ең бір
мерейлі ірі тойларының бірі болайын деп отыр. Республика мұнай
өнеркәсібінің өркендеу, жаңа кен орындарының алуы, Маңғыстаудың – “ұйқыдағы
арудың оянуы” Қаныш Имантайұлы есімімен тығыз байлансты екені бәрімізге
мәлім.
Қазақстанда Қаныш Иматайұлы Сәтбаевтың көзі түспеген өңгірде, өндіріс
сапасы жоқ екені баршамызға белгілі. Атақты ғалымның жеке өмірі, еңбек
жолы, ғылыми ілімдері туралы жазылған естеліктерді оқығанда көзге ерекше
болып көрінетіні, Қаныш Сәтбаевтың Батыс аймақты дамытқан, әсіресе мұнай
газ қорын іздеуге, табуға, игеруге қосқан баға жетпес еселі еңбегі толық
ескерілмей, орны ойсырап тұрады. Ұлы ғалымның қазақ жерінде ірі мұнай
кеніштерін ашуға тигізген ықпалы ілім зерттеушілер үшін тың тақырып болып
тұрғаны таң қаларлық іс және үлкен ойға жіберді. Кейде ұлы адамның бірауыз
сөзінің өзінде өлшеусіз өмір жататынын есте сақтаған жөн ғой. Ал , Қ. И.
Сәтбаевтың Атырау мен Маңғыстауға, мұнай мен химия өнеркәсібіне бүкіл ғылым
ордасының бетін бұрғанын баршамыз білеміз.Қ.И. Сәтбаев Қазақстан ғылым
Академиясының президенті болып сайланған жылы Гурьевте (қазіргі Атырау)
академияның ғылыми базасын ашқан болатын және оның алғашқы директоры Сапар
Қарымсақовтың айтуы бойынша тұңғыш бағдарламаның негізін Сәтбаев белгілеп
беріпті. Оның бастапқы бағыты- республика экономикасыың болашағын шешетін
өндіріс салаларының бірі- мұнайға геологиялық барлау жұмысын күшейту,
әсіресе тұз қабатының астына бұрғы жібері болса керекті. Президент Қ. И.
Сәтбаевтың Батыс Қазақстанда мұнай мен химия өндірісін өркендету жөніндегі
деректі болжамдары,тұжырымды тапсырмалары академия тарихының бөлек ерекше
тарауы болады деп сенеміз.Кейіннен Қ. И. Сәтбаевтың болжам ойлары
орындалып, Атырауда негізгі ғылым бағдарламасы мұнайға бағышталған геология-
барлау ғылыми институты ашылғаны белгілі. Атырау қаласында ғылым
Академиясының сессиясы өткізілген болатын. Академик Қ.И.Сәтбаевтың
басшылығымен өткен ғалымдар жиналысында Батыс Қазақстанда геология-барлау
жұмысының көлемін кеңейту және оны нәтижелі ету шаралары жан-жақты
талқыланып, қара алтынның қоры шоғырланған алаңдарды батыл
белгілеп,дәлелді де деректі ұсыныстар дайындап үкіметке және басқа да басшы
органдарға жолдаған болатын. Мұнай өндірісін дамытуға бұл сессияның маңызы-
1935 жылы академик И.М. Губкиннің ынтасымен Ембіде мұнай өнеркәсібін
өркендету туралы мәселе қараған ССРО ғылым Академиясының сессиясынан кем
түспейді.
Академик И.М.Губкин мұнайлы Ембіде 1 миллиард тонна мұнай қоры бар
деген болжам жасаған еді. 1985 жылдң қараша айында өткен Қазақстан ғылым
Академиясының арнайы сессиясы Ембінің мұнай және химия өнеркәсібін дамыту
мәселесін талқылаған болатын мұның баршасы Жылой жерінде дәйекті
геологиялық барлау жұмысын одан әрі жүргізуді талап етті.1933 жылдан бастап
Құлсары зерттеле бастады да, бүкіл аумағы анықталды. Көмір қышқыл
сутектілігі жоғары бірқатар аймақтар байқалды. 1934-1936 жылдары
Құлсаралаңын А.А Борисов, А.И. Храмм, М.М. Авдеев және басқа білікті
ғалымдар зерттеді. Алғашқыда мұның бәрінбаяу өріс алды, себебі бұл аймақта
да(ол Қосшағылдан 20-30 шақырым жерде орналасқан) барлау жұмысын жүргізу
оңайға түспеді, ауызсуды тақыр сорлы болатын. Мұнай-газ қорының барлығы
анықталған соң 1938 жылдың басынан бастап Құлсары алаңын бұрғылауға бар куш-
жігер жұмылдырылды, ол жауапты учаске деп жарияланды. Оның ашылып, қатарға
қосылуына “Ембімұнай”тресінің сол кездегі басшылары-Яков Васильевич
Лаврентьев, бас инженері Иосиф Иосифович Курус,бас геологі Николай
Васильевтч Неволин,бас инженер(1938-1941 жылдары) сафи Өтебаев қыруар еңбек
сіңірді. Үлкен еңбектің алғаш жеміс берген күні 1938 жылғы мамырдың 27-сі
еді. 10-шы ұнғыдан орта юра қабатынан 1001-1008 метр тереңділік аралығынан
қуатты мұнай бұрқағы атқылап, Құлсарының баянды болашағын баршаға паш
етті. Мұнай қысымы 100 атмосфераға жетіп, ұңғының тәуліктік өнімі 50-
60 тонна болды. Бұған іле-шала 182-ші ұңғысынан да мұнай атты,
оның тәуліктік өнімі 200 тоннаға жетті. Бұлар болашақ Құлсары мұнай
кәсіпшілігінің дүниеге келуін біржолата бекітті. Сөйтіп, 1939 жылғы
қаңтардың 1-інде Қазақстанның мұнай байлығының шалқуына қомақты үлес
қосқан Құлсары кәсіпшілігі құрылды. Құлсарының қатарға қосылуына
байланысты Жолой ауданында мұнай өнімінің жоғары деңгейге жетуіне қол
жетті, ол 1938 жылы 1937 жылмен салыстырғанда 32 процентке, ал 1939
жылы 60 процентке артты. Құлсары мұнайының артықшылығ ы мынада: онда
құрамында жанғыш газ басым болды, ол қабат қысымынан шығысымен-ақ
өздігімен жоғары көтеріледі. Қазақстан тарихында тұңғыш рет осы
кәсіпшілікте аталмыш арзан отын-жанғыш газ ауданның өндірістік және
тұрмыстық қажеттеріне пайдаланылды. 1940 жылы мұнда 4 миллион текше
метр газ пайдаланылған екен. Аса қарқынды еңбек еткен мұнайшылар
1941 жылы соғыс алдындағы жылдарға қарағанда 2 есе артық мұнай
өндірді. Ал 1942 жылдың бірінші тоқсанында тәуліктік өнім 700-800
тонна болды . Соғыстың соңғы жылдары Құлсарының Мұнай өнімі 188 мың
тоннаға жетіп, жалпы соғыс жылдарында майданға 683 мың тонна мұнай
жөнелтті.
Бассейіндегі ірілерінің бірі- Құлсарыда бассейіннің барлық мұнай
қорының 40 проценті өндіріледі. Осындағы ондаған фонтанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтағы маркетингтік зерттеулер теориясы
Жарнаманың тарату құралдары
Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
Фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Мұнай бағалары
Мұнай өнімдеріндегі салық төлеу қызметінің ақпараттық жүйесін құру
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
ҚР Ұлттық байлығы
Пәндер