Темперамент пен мінездің өзара байланысы



1. Кіріспе
2. Темперамент пен мінез туралы мағұлмат
2.1 Темперамент туралы жалпы түсінік
2.2 Мінез туралы жалпы түсінік
2.3 Темперамент пен мінездің өзара қатынасы
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кез келген адам өмірге келгеннен кейін оның бойында өзіне тән темперамент пен мінез қалыптаса бастайды. Ол табиғи заңдылық болып табылады.Яғни мұны биологиялық және физиологиялық түрде де қарастыруға болады. Адам нәресте болып туылғаннан кезінде өз бойындағы темперамент және мінезін көрсете алмайды. Бірақ нәрестенің темпераменті болашақта өз бойынан көріне бастайды. Яғни оның өсуі барысында дене бітімі секілді темпераменті де дамып отырады. Ал мінез – құлықтың қалыптасуы темпераментке қарағанда басқаша болады. Адам бойындағы темпераменттің жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Өйткені ол табиғи жаратылыс болып табылады. Мінез – құлықтың қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін. Бұл тек адам бойындағы мінездің қалыптасуы өмір сүрген ортасына байланысты дегенді білдірмейді. Мінездің қалыптасуына сыртқы орта факторларымен қатар адамның өзінің жеке өмірге көзқарасы және материалдық, моральдық жағдайы әсер етуі мүмкін.
Темперамнт пен мінездің арасындағы байланыс өте тығыз болып келеді. Өйткені адамның сыртқы ортаға жауап беру процесінде темперамент және мінез – құлық ерекшеліктері айтарлықтай бірге көрінеді. Себебі адам бойындағы темперамент пен мінезді ажырату қиынға түседі. Сол үшін келесі тарауларда осы аталған екі ұғымға жалпы түсініктеме беріп өтемін.
1 Жарикбаев.Қ. Психология.- Алма-Ата: Мектеп,1982
2 В.В.Боголовский. Жалпы психология.-Алматы: Мектеп,1980

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Темперамент пен мінездің өзара

байланысы

Орындаған: Фрунзебекұлы Ерзат

Тексерген: Бердібаева Светлана Қыдырбекқызы

Алматы 2012

Жоспар

1. Кіріспе

2. Темперамент пен мінез туралы мағұлмат

2.1 Темперамент туралы жалпы түсінік

2.2 Мінез туралы жалпы түсінік

2.3 Темперамент пен мінездің өзара қатынасы

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез келген адам өмірге келгеннен кейін оның бойында өзіне тән темперамент
пен мінез қалыптаса бастайды. Ол табиғи заңдылық болып табылады.Яғни мұны
биологиялық және физиологиялық түрде де қарастыруға болады. Адам нәресте
болып туылғаннан кезінде өз бойындағы темперамент және мінезін көрсете
алмайды. Бірақ нәрестенің темпераменті болашақта өз бойынан көріне
бастайды. Яғни оның өсуі барысында дене бітімі секілді темпераменті де
дамып отырады. Ал мінез – құлықтың қалыптасуы темпераментке қарағанда
басқаша болады. Адам бойындағы темпераменттің жақсы немесе жаман деп бөлуге
болмайды. Өйткені ол табиғи жаратылыс болып табылады. Мінез – құлықтың
қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін. Бұл тек адам бойындағы
мінездің қалыптасуы өмір сүрген ортасына байланысты дегенді білдірмейді.
Мінездің қалыптасуына сыртқы орта факторларымен қатар адамның өзінің жеке
өмірге көзқарасы және материалдық, моральдық жағдайы әсер етуі мүмкін.

Темперамнт пен мінездің арасындағы байланыс өте тығыз болып келеді.
Өйткені адамның сыртқы ортаға жауап беру процесінде темперамент және мінез
– құлық ерекшеліктері айтарлықтай бірге көрінеді. Себебі адам бойындағы
темперамент пен мінезді ажырату қиынға түседі. Сол үшін келесі тарауларда
осы аталған екі ұғымға жалпы түсініктеме беріп өтемін.

Темперамент пен мінез туралы мағұлмат

Темперамент туралы жалпы түсінік

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі.
Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы –
қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты
қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне
қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның
әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа
психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.
Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір –
бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің
белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық
әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің
жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның
мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді.
Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін
өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы
өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп,
түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз
орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ
әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын
жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында
алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік
жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана
отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын
адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
Сангвиник.

Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы
ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін
жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез
тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу
үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын
көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда
кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал
егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы
оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде,
оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген
белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен
бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық
байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.

3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті
тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта
достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп
отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық
әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген
жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын,
қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп
беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол
арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Флегматик.

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен
істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды.
Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте
баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі
келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде
флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен
қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал
орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен
байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру
немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді,
оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс
тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз
жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Холерик.

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым
қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.
Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен
кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-
қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик
болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы –
энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы –
ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге
түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен
энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде,
кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді.
Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім
кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы
орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі
бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл
өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады,
мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден
қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол
өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды
және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде
ұрсысады.

Меланхолик.

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты
тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар
жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада,
мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы
орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен
ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай
береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Темперамент және мінездің теориялық негіздері
Мінез бітістері және адам өміріндегі маңызы
Дифференциалды психология бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Темперамент түрлері және олардың ерекшеліктері
Темперамент және мінез
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Темперамент пен мінез туралы анықтама
Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды – динамикалық қасиеттері
Адам темпераменті
Пәндер