Стандарттау


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Кіріспе
  2. Стандарттаудың негізі
  3. Стандарттау әдістері.
  4. Нормативтік сілтемелер
  5. Терминдер мен ұғымдар
  6. Мемлекеттік стандарттың құрылуы
  7. Халықаралық стандарттың құрылуы.
  8. ҚР стандарттау жүйесінің нормативтік және құқықытық базасы.
  9. Қолданылған әдебиеттер


К І Р І С П Е

Сүт-адамзаттың, халықтың ежелден келе жатқан тағамы және табиғаттың ең құнды өнімі. Адам организмі оны” құрамындағы қоректік заттардың 98-99% -ін пайдаланады. Сөйтіп сүтті ашытып, сусын қайнатып, құрт-ірімшік тағы басқа тағамдар дайындаған. Қымыз ашыту, шұбат ашыту, құрт-ірімшік қайнату секілді бұрын қолмен атқарылатын жұмыстардың барлығы қазір механикаландырылған.

Сүт, сондай-ақ амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүт тағамдарын дайындаудың бірден-бір пайдалысы өсімдік және мал өнімдерімен қосылып адам тағамының биологиялық құндылығын арттырады. Себебі сүт организмге түсетін қоректік заттардың жалпы көлемін ғана арттырып қоймай май, белок, углевод, минералды тұздармен, сондай-ақ витаминдермен бірге отырып, организмге сіңу үшін өте қолайлы жағдай туғызады. Бірақ сүт құрамындағы заттар әртүрлі күйде болады. Мысалы, қант пен минералды тұздар ерітіндіні белок пен тұздың біраз бөлігі коллоид түрінде, ал майлар, суспензия, күйін түзеді.

Әртүрлі өлшемдегі бөлшектердің белгілі бір қатынаста болуының маңызы өте зор. Ол тұрақты коллоидты жүиенің қалыптасуына әсер етеді. Егер сүтте микробиологиялық процестер жүрмесе, онда сүт сол қалпында ұзақ сақталады. Сүт құрамындағы қоректік заттарды тиімді пайдалану, белгілі бір уақыт аралығында оның құрамындағы белоктарды сақтап қалу, қосымша өнім шығару жолдары, өндірістің және сүт өнімінің өзгергіштік мөлшерінің жыл мерзімдеріне тәуелділік мәселелері бір-бірімен байланысты. Қазіргі кезде сүтті” ең құнды бөлігі белоктың тек 45-%-і пайдаланылады. Қосымша өнімдердің басым бөлігі мал азықтандыруға жұмсалады немесе пайдаланылады да мүмкін.

Өнімнің сапасы мен шығымы сүт құрамындағы компоненттер мөлшері мал түріне, тұқымына, жасына тағы басқармаға байланысты. Мысалы сиыр сүті, екші сүті, қой сүті, бие сүті, түйе сүті, бұйвол сүті.

Сүт және сүт өнімдері маңызы жағынан халықты тағаммен қамтамасыз етуде екінші орын алады. Сондықтан сүтті сиыр шаруашылығын дамыту, сүт өндіруді ұйымдастыру және оның сапасын жақсарту, шикізаттың алғашқы қасиеттерін сақтай отырып, әртүрлі сүт өнімдерін дайындау технологиясын игеру зоотехниктердің және технологтардың басты міндеті болып табылады. Сонымен қатар маңызды мәселенің бірі-халықты табиғаттың ең құнды әрі жұғымды өнімі сапалы сүтпен қамтамасыз ету.

Сүт-басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Сүттің жоғарғы қоректік қасиеттері мынандай. Мысалы: бір литр сүт құрамындағы белок мөлшері 150 грамм сиыр еті немесе тауықтың бес жұмыртқасы немесе 1 кг нан құрамындағы белоққа тең. Сүттің жарты литрі адамны” амин қышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің бір литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белоққа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.

Әрине мал шаруашылығынан көптеген өнімдер алынатынын білеміз, солардың ішінде тағамдық өнімдердің орны ерекше екенін жазып өткенмін . Осы тағамдық өнімдердің бәрімен салыстырғанда сүттің экономикалық сипаты мүлде өзгеше деп айтуға болады.

Басқаша айтқанда оны” артықшылығы көп. Мысалы келтірсек. 1 килограмм сүт сауу үшін 1, 4 азық өлшемі жұмсалады.

Ал енді 9, 5 азық өлшемін жұмсап 1 килограмм сиыр етін өндіреді екенбіз, 8, 5 азық өлшемін жұмсап 1 килограмм шошқа етін өндіреміз. Осылайша сиыр сүтіні” басқа да тағамдардан айырмашылығы болады екен.

Сондай-ақ сүт өндіретін шаруашылықтар құрамында майы, белогы, витаминдері жеткілікті сүт саууға тырысулары керек. Яғни сүтті” химиялық құрамы нормаға сай болуы қажет. Сиыр сүтін алатын болсақ құрамында су 87, 5%, құрғақ зат 12, 5% оны” ішінде белок 3, 2% май 3, 6%, лактозаға 4, 7% қалғаны витаминдер, минералды заттар.

СТАНДАРТТАУДЫҢ НЕГІЗІ.

ңСтандартң сөзі латынша Standard -эталон яғни үлгі деген мағына береді. Бұл түсінік экономикалық дамудың ажырамас бөлігі ретінде адамзат тарихыны” алғашқы кезе”дерінен бастап қоғам өмірінде қалыптаса бастаған.

Қоғамның экономикалық дамуын бірнеше шартты кезеңдерге бөлуге болады. Қазіргі тұжырым бойынша қоғамның экономикалық тарихи құрылымы өнеркәсіптену дәуіріне және өнеркәсіптену дәуірінен кейінгі кезең деп бөлінеді. Стандарпттық үлгі өлшемдерінің адамзат өміріне қолданылуы тым ерте заманнан басталғанмен (мысалы Инд алқабының тұрғындары осындан 4700 жыл бұрын ондық жүйелі ұзындық өлшемін және өзара байланысты таразы бірліктерін пайдаланған) стандарттау жүйесі соңғы екі кезеңге байланысты дамып келді. Әсіресе өнеркәсіптену дәуірі кезінде (1860-1895 жылдар) техникалық стандарпттау кеңінен өріс алды. Өнеркәсіптену дәуірінен кейін экологиялық стандарттар және адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған стандарттар қолданыла бастады.

Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Халық комиссарлар кеңесінен Халықаралық өлшем және таразылар енгізу туралы 1918 жылғы қыркүйектің 14-де шығарған шешімінен (заңынан) бастау алған стандарттау жұмысы кеңес үкіметі жылдарында недәуір деңгейге көтерілді.

Қазақстанда метрологияны” даму кезеңі алғаш 1923 жылдан басталды. Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасыны” Семейлік бөлімшесі құрылды. 1925 жылдың 1-ші қазанынан бұл бөлімше жеке ұйым ретінде салыстырып тексеру палатасы болып өзгерілді. 1931 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру алатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді. 1935 жылы Қаз АҚ СР (Ішкі істер халық комиссариаты) жанындағы өлшемдермен таразылар бөлімшесі ҚКСР Халық Комиссарлар кеңесі жанындағы өлшем және өлшеу құралдар істер жөніндегі Басқарма болып өзгерілді. 1946 ж. ҚКСР Министрлер кеңесі жанындағы өлшем және өлшеу құралдары істері жөніндегі өкілетті комитет аталды. 1966 жылы Алматы мемлекеттік бақылау лабораториясы базасы негізінде Қазақ Республикалық стандарт және өлшеу техникаларын мемлекеттік қадағалау лабораториясы құрылды, ал 15 облыстық лаборатриялар мемлекеттік қадағалау лабораториялары болып өзгертілді 1971 ж. ҚСРО Мемстандартының Қазақ республикалық басқармасы құрылды.

Қазіргі кезде Қазақстан көлемінде стандарттау жөніндегі саясатты жүргізу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстары Стандарттау, метрорлогия және сертификаттау жөніндегі Комитеттің басшылығымен жүзеге асырылудаа. Қазіргі бұл Комитеттің құрамында 19 бөлімше (облыстық стандарттау, метрология және сертификаттау орталықтары) және әртүрлі мекеме, кәсіпорындарының 300-ге жуық қызмет ұйымдары істейді.

СТАНДАРТТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫ

Мамандарға қызмет барысында тұрақты қайталанып отыратын мәселелерді шешуге тура келеді. Мысалы өнімнің санын өлшеу және есептеу басқару және техникалық құжаттарды дайындау, технологиялық іс әрекеттердің өлшемдерін анықтау, дайын өнімді тексеру, өткізетін өнімді буып-түю т. с. с. Бұл мәселелерді шешуді” әртүрлі нұсқалары болады. Стандарттауды” мақсаты-неғұрлым дұрыс және тиімді нұсқасын айқындау, яғни қолайлы шешім табу. Табылған шешім стандарттауды” белгілі саласы бойынша көздеген мәселені тиімді тәртіпке келтіру мүмкіндігін береді. Бұл мүмкіндікті іс жүзіне асыру үшін табылған (жасалған) шешімді көптеген кәсіпорындарды” (мекемелерді”) және мамандарды” игілігіне жарату қажет. Бұл шешімді тек қана жаппай және жиі көп мәрте пайдалану нәтижесінде ғана экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.

Стандарттауды” негізгі мақсаттары:

  • Өнім, жұмыс және қызметті” мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Техникалық және ақпараттық үйлесімдік пен өзара талабын жүзеге асыру.
  • Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру.
  • Е”бек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірісті” экономикалық көрсеткіштерін жақсарту.
  • Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімні” халықаралық және ішкі рыноктағы бәсекелестік қабілетін арттыру .
  • Өлшемні” біркелкілігін қамтамасыз ету.
  • Мемлекетті” қорғаныс қабілеті мен жұмылдырылу дайындығын күшейту.
  • Табиғи және техногендік апатты” әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілеріні” қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ал, стандарттауды” ауылшаруашылық саласындағы негізгі мақсаттары:

  • Өнім сапасымен оны” сапа көрсеткіштерін тұтынушылар мен сатып алушыларды” талаптарына сәйкестеп жетілдіру, экспорт пен ішкі мұқтаждықтарды қамтамасыз ету,
  • Қазақстан Республикасын берік және тұрақты түрде азық-түлікпен, шикізатпен қамтамасыз ету,
  • Егін шаруашылығымен, мал шаруашылық өнімдерін өндіру жүйесін басқару тәсілдерін жетілдіру,
  • Өндірісті, кәсіпорындарды ұйымдастыру, басқару тәртібі мен мазмұнын шы”дап жетілдіру,
  • Өнім өндіру технологияларын шы”дау, жұмыс орындау, қызмет көрсету орындарында сапалы іс көрсету және технологиялар үрдісіні” негізгі кезе”деріні” де сапасын жоғарылату,
  • ауылшаруашылық өнімдеріні” өзіндік құнын арзандату,
  • Ауылшаруашылық өнімдеріні” өзіндік құнын, ягни өндіруге кеткен шығынын арзандату,
  • Ауылшаруашылық кешендерді” негізгі өндірістік қаржысын тиімді пайдалану,
  • Өндірістік шығынын азайту (материалдық және е”бек қорын үнемдеу)
  • Ауылшаруашылық өнімдеріні” сатып алар бағасын жетілдіру,
  • Ауылшаруашылық саласындағы тіршілік әрекеті мен е”бек ету жағдайыны” қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Жоғары сапалы шикізатпен, өндіріс өнімдерін экспортқа шығаруға қажетті жағдай жасау,

Стандарттау жұмысыны” нәтижесінде өнім, қызметіні” тиісті мақсатқа сәйкестік дәрежесін арттырып, саудадағы кедергілерді жоюға және ғылыми техникалық ынтымақтастыққа ықпал етуге жағдай жасалды. Сондай-ақ стандарттауды” нәтижелерін экономика салаларына енгізуде-аз шығын жұмсап жоғары сапалы өнім алу, шикізат пен материалдық қорларды тиімді де, үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Стандарттау нысанына мыналар жатады:

  • Нақты өнім (шикізат, материал, отын, жинақтаушы бөліктер, дайын бұйымдар),
  • Терминдер мен анықтамалар,
  • Физикалық шама бірліктері,
  • Өлшеу және бақылау әдістері,
  • Құжаттау жүйесі,
  • Өндірістік технология тағы басқа ұйымдық әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы объектілер. Сондай-ақ стандарттау кез келген объектіні” белгілі бір бөлігімен (жағымен) шектелуі де мүмкін. Мысалы аяқ киімні” мөлшері (размер) мен беріктігі өз алдына жеке стандарталуы мүмкін.

Стандарттауды” негізгі қағйдалары:

Жариялық . Стандарпттау жұмысы ашық жүрілуі тиіс, яғни құпия болмауы керек (мемлекеттік қорғаныс, қауіпсіздік саласын басқа жағдайда) .

Стандарт жобасын талқылау, баспаға жариялау, пікір қайшылығын болдырмау жұмыстары тұрақшылдықпен жүзеге асырылуы.

Барлық мүдделі жақтарды” қатысуы.

Нормалау жұмысына әркімні” де қатыса алатын мүмкіндігі болу керек. Өндіріс, сауда орындары, ғылыми және мемлнекеттік мекемелер мен тұтынушы қауым стандартты” енгізілуіне жәрдем етуі тиіс.

Қайшылықсыз болу. Жобаны талдау арқылы қайшылықтарды анықтап, оны жою шараларын қолдануға күш салатын бейтарап ақылау мекемесі құрылуы тиіс.

Келсімділік. Стандарттар техникалық тәжірбиені” нақты болмысы мен даму де”гейін айқын көрсетуі тиіс. Стандарт мазмұны өзара түсініктік тұрғысында, ортақ көзқарас, ортақ келісім жолымен анықталуы тиіс.

Техниканы” даму де”гейіне бағытталу. Стандарт мазмұныны” табиғи білім ше”беріне сәйкесуі, қолдануды” техникалық мүмкіндігін пайдалану.

Экономикалық тиімділікке бағытталу.

Стандарт жобасы бүкіл қоғам үшін экономикалық тиімділікке бағытталуы тиіс.

Ортақ пайдаға бағытталу .

Стандарт қабылдауды” негізгі мақсаты ортақ пайдаға жету ортақ жеке кәсіпорын, жеке тұлғаны” мүддесінен тұруы тиіс.

Интерноционалдық принцип. Стандарт саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, халықаралық ынтымақтастыққа бағытталуы тиіс.

ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАР.

Стандарт- мүдделі тараптарды” келісімі негізінде әзірлеген және қызметті” әртүріне немесе оларды” нәтижелеріне қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін ережелер, жалпы принциптер немесе сипаттамалар белгленетін стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде танылатын орган бекіткен құжат.

Стандарттау - нақты бар немесе ықтимал міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеуді” о”тайлы дәрежесінде қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет - экономиканы” белгілі бір саласында мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және салаларды” де”гейінде стандарттау жөніндегі жұмыстарда жүргізу үшін мүдделі за”ды тұлғаларды” базасында құралатын стандарттау жөніндегі жұмыс органы.

ҚР мемлекеттік стандарты - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, міндетті және ұсынылатын талаптардан тұратын және тұтынушыларды” қалық көпшілігіні” қолы жетімді стандарт.

Мемлекеттік стандарттау - бір елді” де”гейінде жүргізілетін стандарттау.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - уәкілетті басқару органы бекіткен стандарттау жөніндегі қызметті” әр түріне және оларды” нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамалдарды, принциптерді белгілейтін және тұтынушыларды” қалы” көпшілігіні” қолы жетімді құжат.

Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халыаралық ұйым қабылданған және тұтынушыларды” қалы” көпшілігіні” қолы жетімді құжат.

Халықаралық стандарттау - барлық елдерді” тиісті органдарыны” қатысуы үшін ашық стандарттау.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым - әрбір елді” тиісті стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі тиісті мемлекеттік органны” мүше болуы үшін ашық стандарттау жөніндегі ұйым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жөніндегі органдар
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Халықаралық стандарттар
Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау
Стандарт және стандартизация туралы түсініктер
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Стандарттау туралы заңдар және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Стандарттау жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz