АҚ «Халық банк» тарихы



Кіріспе

АҚ «Халық банк» тарихы

Негізгі бөлім

АҚ “Халық банк” туралы жалпы мәлімет

АҚ “Халық банк” орындайтын операциялар

АҚ “Халық банк” кредиттік операциялары


Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Биыл Қазақстан Халық Банкінің құрылғанына 86 жыл. Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
1.Хард Н, Петр Р. /Банк жүйесі/, Ақиқат журналы, 2003жыл, №3, 3 наурыз, 15-24 беттер.
2.Сынанов А, Байғұсов К. /Банк және банк операциялары/, Жоғарғы мектеп журналы, 2005 жыл, № 7, 12 шілде, 19-25 беттер.
3.Құлпыбаев С./Банктердің нарықтық экономикадағы ролі/, Алматы:Мерей – 2006жыл, 310 бет.
4.Құлпыбаев С, Баязитова Ш. /Қаржы-несие институттары/, Алматы:Мерей – 2005жыл, 327 бет.
5.Сейітқасымов С.Ғ./Ақша,несие,банк/, Алматы: Рауан – 2002жыл, 210 бет
6./ҚР-ғы банктер және банкілік қызмет туралы/ ҚР Президентінің Жарлығы, 1995 жыл, 31 тамыз, 1 бабы.
7.Никитин П./Коммерциялық банктер/, Егемен Қазақстан, 2004 жыл, №5, 18 маусым, 11-13 беттер.
8.Баймұратов У./Екінші деңгейлі банктер/, Алматы:Экономика – 2005 жыл, 256 бет.
9.Уалиев С./Банк жүйесінің құрылымы/, Егемен Қазақстан, 2004 жыл, №9, 16 қыркүйек, 5-9 беттер.
10.Шатырбаев М./Банктер қызтеті/,Алматы: Шың – 2003 жыл,220 бет.
11.Омаров К./Қаржылық қызметтер/, Алматы:Рауан – 2006 жыл, 264 бет.
12.Жақсыбаев Д, Ахметбек А./Банк операциялары/, Ақиқат журналы, 2007 жыл, №5, 12 маусым, 26-27 беттер.
13.Өсеров С./ Халықты несиелендіру /, Егемен Қазақстан, 2006 жыл, №9, 21 қыркүйек, 13-15 беттер.
14.Сонаев Ш./Банктер/, Алматы: Рауан – 2006 жыл, 160 бет.
15.Шанаев К./Банк жүйесі/, Алматы: Мерей – 2005 жыл, 230 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

АҚ Халық банк тарихы

Негізгі бөлім

АҚ “Халық банк” туралы жалпы мәлімет

АҚ “Халық банк” орындайтын операциялар

АҚ “Халық банк” кредиттік операциялары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Банк тарихы

Биыл Қазақстан Халық Банкінің құрылғанына 86 жыл. Қазақстан Халық Банкінің
тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.

Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған
Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. 

Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан
кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде,
Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру)
және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы
қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап
жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.

Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде
республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық
жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы
басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып
отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен
колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей
зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және
 басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.

Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық
қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына
қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі
қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін
Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды. 

Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да
бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты.
Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік
операцияларды жүргізуге рұқсат етілді. 

Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп
дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі –
натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық
заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа
кезеңіне дейін шығарылды. 

1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың
адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір
адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны
1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке
жетті. 
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең
алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық
шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс
жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде
еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44
пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау,
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді
(М. Д. Жолдасбеков, Незаменимые услуги, Алматы,1986 ж.).

60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық
және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды.
Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті
кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық
қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу
берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ
колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай
отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек
қолданыла бастады. 

Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор
болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын
бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен,
көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта
өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен
және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап
жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк
қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит
ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің
нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық
шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның
негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.

1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру
көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға
қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол
жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл
осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және
функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.

1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика
талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың
қаңтарында-ақ Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы деген заң
қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының
алғашқы қадамы болған еді. 
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін,
1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды
түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес
заңды құрылым - Қазақстан Халық Банкі болып ұйымдастырылды.

Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті
өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету
қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін
барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың
соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске
асырып келеді.

1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі
операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы
өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап
қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк
жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды
құрайтын Қазақстан Халық жинақ банкі ашық акционерлік қоғамы болып қайта
құрылды. 

Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998
жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін
1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы
деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс
жүргізілді. 

2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі
өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын  акцияларды бақылау пакетін және оған қоса
бір акцияны сатты.

Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта
құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру,
қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар
бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия,
филиалдық инфрақұрылымы дамыған сатылас біріктірілген банктік құрылымды
жасау процесі.  Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін –
зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді
қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп
айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.

 

Банк туралы

Қазақстан Халық Банкі АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 86 жыл табысты
қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап
коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған
қаржылық құрылымдардың бірі.

Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамы бұрынғы Қазақстан Республикасы
Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.

2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз
клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну
мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.

Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің
карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының
тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының
саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы
Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.

БАНК СТРАТЕГИЯСЫ

Маркетингтік стратегия
Банктің негізгі міндеті – халықтың тиісті талаптарын ескере отырып,
бәсекеге қабілетті өнімді ұсыну. Зерттеулер мен есептеулер негізінде біз өз
клиенттерімізге талап етілген банктік қызметтерді әзірлеп,  ұсынамыз және
жаңа үлгідегі банктік технологияларды қолдана отырып, қызмет ету сапасын
жақсартамыз. Стратегияны іске асыру аясында қызмет беру сапасын басқарып
бақылайтын жүйе құрылды. Банк нарыққа өз қызметтерін өткізу арналарын бұдан
әрі дамытып, өз өнімдерін ілгері бастыруға бар күшін салуға  ниетті.
Қызмет  аумағын ұлғайту
Банктің аймақтық саясатына сәйкес Қазақстанның барлық облыс орталықтарында
өз филиалдары бар. Еліміздің барлық халқына қызмет көрсету мүмкіндігін
ұлғайтуда  нысанаға алынған кезектегі дамуы: әрбір қалада халыққа қызмет
көрсететін, сондай-ақ, Банк клиенттеріне мол ақпараттар мен кеңес беретін
орталықтар ашу.
Операциялық стратегия
Банк бизнес-үрдіс шығындарын барынша азайтып, Банктің басқару сапасын
жақсартатын тиімділігі өте  жоғарғы ұйымдастырушылық құрылымдармен қатар
клиенттерге қызмет етудің толық циклін қамтамасыз ететін корпоративтік
бизнес жүйесін құру бағытында  жұмыстар  атқаруда. Банктің бұдан әрі дамуы
бизнес үрдісті оңтайландыру және сапалы жетілдіру арқылы Банк қызметтерінің
тиімділігін көтеруге бағытталды. Алға қойған стратегиялық міндеттемелеріне
жету үшін банктің жүйелі инновациялық, ақпараттық дамуы, банк тәуекелдерін
бағалау жөніндегі қызметтердің дамуы, клиенттермен жұмыс жүргізу, маркетинг
және жарнама, банк активтері мен міндеттемелерін басқару, банктің кадрлық
саясаты, ішкі аудит жүйесі және аймақтық дамуы болжанады.
Қаржылық стратегия
Біз Қазақстанның ең сенімді банктерінің бірінің атағын иеленуді ниет
қылдық, сол себепті ерекше назарымыз Банк қызметтерінің ақпараттық
ашықтығына және қаржылық мөлдірлігене бөлінеді. Біздің бұдан әрі дамуымыз
Банкің тұрақты қаржылық жағдайға жетуіне және нарықтық құнының өсуіне
бағытталады.
Инновациялық даму стратегиясы
Ерекше назарымыз бизнес-үрдістерді автоматтандыруға алып келетін, Банктің
ақпараттық технологиясын дамытуға бөлінді, және нәтижесінде ұсынылатын
қызметтердің құнын және сапасын оңтайландыру құрметіне Банктік бәсекеге
қабілеттілігі артады. Ақпараттық инфрақұрылымды дамытудың мақсаты – Банкке
жүктелген қызметтерді жақсарту және тапсырмалардың тиімді орындалуын
қамтамасыз ету.
Кадрлық саясат
Қызметкерлерді басқару саласындағы Банктің негізгі міндеті – Банкті алға
қойылған мақсаттар мен міндеттерді тәжірибелі орындайтын жоғары білікті
кадрлармен қамтамасыз ету. Стратегияны іске асыруда Банктің барлық
бөлімшелері үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін анықтау, Банк алдында
тұрған стратегиялық міндеттерге сәйкес кадрларды іріктеу, оқыту,
аттестациялау және орналастыру, сондай-ақ, қызметкерлерді бағалау және
ынталандыру жүйесін құру секілді мәселелер шешуді өзіне алады. Барлық
қызметкерлер үшін бірыңғай корпаративтік құндылықтарды қалыптастыруға үлкен
мән беріледі. Корпаративтік мәдениетті дамыту, командалық рухты тәрбиелеу,
алға қойылған мақсаттарға жеткізуге талпынатын  пікірлес ұжымды
қалыптастыру қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды кезең болып
табылады.

Жарғылық капиталында Банктің үлесі бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Халық Банкінің Halyk Group қаржылық тобы - кең ауқымды қаржылық қызмет
көрсететін Қазақстандағы аса іріәмбебап қаржылық топ. Сіздерге  банктік
қызметтер, зейнетақы қорының қызметі, сақтандыру, лизинг, брокерлік
қызметтер, бөлшек бизнес пен корпоративтік секторда және шағын және орта
бизнес саласында активтерді басқару қызметі ұсынамыз. Қаржы нарығының
барлық сегментінде жұмыс істей отырып, Halyk Group тиісінше барлық сала
бойынша тепе-тең өсімге бағдар жасайды.

1. Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ

Зейнетақылық активтер көлемі мен салымшыларының саны жағынан жетекші Қор
болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  2003 жылғы 6
тамызда берген рұқсатына сәйкес Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы
зейнетақы қоры ЖАҚ-н қайта ұйымдастыру жүргізіліп, оған Қазақстан Халық
Банкінің зейнетақы активтерін басқару компаниясы (бұдан әрі - ЗАБК) ЖАҚ
қосылды.

Қор өз салымшыларына  халықаралық стандартқа сай қызмет көрсете отырып,
олардың  жинақ ақшасының сақталуын және шынайы өсімін қамтамасыз етеді.   

2. Қазақстан Халық Банкінің Халық - Казахинстрах еншілес сақтандыру
компаниясы АҚ
Компания 1995 жылы мемлекеттік компания ретінде құрылды,  2001 жылы
Компанияға жекешелендіру жүргізілді, акцияларының 100%-дық мемлекеттік
пакетін түгелдей АЛМЭКС фирмасы ЖШС сатып алды. 

 

3.  Халық - Лизинг АҚ

Халық-Лизинг АҚ  Қазақстан Республикасындағы алғашқы лизинг компаниясы
болып табылады, заңды тұлға ретінде ҚР-ның Әділет министрлігінде 2000
жылдың 1 қыркүйегінде тіркелді.   Компанияның  жалғыз акционері Қазақстан
Халық Банкі АҚ болып отыр.

Халық-Лизинг АҚ айналысатын негізгі қызмет түрі  - арнаулы техниканы,
оның ішінде құрылысқа қажетті  ауыр және өзге техниканы, жол жөндеу-құрылыс
техникасын, өндірістік құрал-жабдықты, мұнай саласының, тау-кен өндірісінің
техникасын, ауыл шаруашылық техникасы мен құрал-жабдығын, жүктер мен
жолаушылар тасымалдау үшін коммерциялық көлік құралдарын сатып алу және
қаржылық лизингке беру.

Қазақстан Республикасында бизнесті қаржыландыру бойынша мол тәжірибесі бар
Халық-Лизинг АҚ түрлі бизнес-жобаларын жүзеге асыруда сенімді серіктес
бола алады.

4. Halyk Finance АҚ

 Halyk Finance АҚ өзінің жалғыз акционері  - Қазақстан Халық Банкі АҚ-
ның 2004 жылғы 3 тамыздағы № 93 шешімі негізінде құрылды. Компанияның 
жарғылық капиталындағы Банктің үлесі 100 %-ды құрайды. Компания 2004 жылдың
10 қарашасында мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Компания бағалы қағаздар
нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысады.

5. Халық-Инкассация ЖШС

Халық-Инкассация ЖШС Банктің Директорлар кеңесінің 2005 жылғы 3 ақпандағы
№16 шешімі негізінде құрылды. Компанияның  жарғылық капиталындағы Банктің
үлесі 100 %-ды құрайды.  Компания ақша мен басқа да құндылықтарды
инкассациялау бойынша қызмет көрсетеді.

6. Қазтелепорт АҚ

Қазтелепорт АҚ  ҚР-ның Әділет министрлігінде, Алматы қ-да  тіркелген,
заңды тұлғаны  жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында бастапқы
мемлекеттік тіркеу туралы 1999 жылғы 10 қарашада № 29486-1910-АО куәлік
берілген, одан кейін компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта тіркеу
жүргізілді. Қазтелепорт АҚ-ның жалғыз құрылтайшысы әрі акционері
Қазақстан Халық Банкі АҚ болып табылады. Компания қызметінің негізгі
бағыттары: банктерге Қазақстан Республикасы аумағында телекоммуникациялық
қызмет көрсету, төлем карточкасын пайдалану арқылы процессинг қызметін
ұсыну.

7. HSBK (Europe) B.V.

Халықаралық қаржы нарығынан сыртқы қарыздар тарту құралы ретінде  1998 жылы
Нидерландыда арнайы құрылған HSBK (Europe) B.V. компаниясы.

 

8. НБК - Банк ААҚ

НБК - Банк ААҚ жарғылық капиталына инвестиция салу  15.04.2004 ж.  жүзеге
асырылды.  НБК - Банк ААҚ Ресей Федерациясының резиденті болып табылады
және банк қызметімен айналысады. 

9.  Халық Банк - Қырғызстан ААҚ

 Халық Банк Қырғызстан ААҚ жарғылық капиталына инвестиция салуды Банк
28.09.2004 ж. жүзеге асырды. Халық Банк Қырғызстан ААҚ  жарғылық
капиталындағы Банктің үлесі 100 %-ды құрайды. Халық Банк Қырғызстан ААҚ
Қырғыз Республикасының резиденті болып табылады және банк қызметімен
айналысады.

10. Halyk Capital АҚ

 Halyk Capital АҚ  Қазақстан Халық Банкінің 100%-дық үлесі бар еншілес
ұйымы болып табылады. Компанияның айналысатын  қызметі - брокерлік-
дилерлік, өз қызметін  Алматы қаласындағы Өңірлік қаржылық орталықтың
арнайы сауда алаңында жүргізеді. 2006 жылдың 14 қарашасында құрылған.

11. НБК-Финанс ЖШҚ

 НБК - Финанс ЖШҚ  - Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы, Мәскеу
қаласында орналасқан, Ресей  Федерациясының резиденті болып табылады және
ивестициялық қызметпен айналысады.

12. Халық Life АҚ

Қазақстан Халық Банкінің Халык Life өмірді сақтандыру еншілес
компаниясы АҚ өз қызметін өмірді сақтандырудың 6 сыныбы бойынша жүзеге
асырады.

13. Халық Банк- Грузия АҚ

Қазақстан Халық Банкінің Халық Банк - Грузия АҚ еншілес ұйымы Грузия
Республикасының резиденті болып табылады және банк қызметімен айналысады.

Депозиттер

на русском на казахском
Открыть депозит депозитті ашу
Закрыть депозит депозитті жабу
Депозит долгосрочный ұзақ мерзімді депозит
Депозит краткосрочный қысқа мерзімді депозит
Возможность пополнения вклада салымды толықтыру мүмкіндігі
Возможность частичного изъятия вкладасалымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі
Минимальный размер вклада салымның ең төменгі мөлшері
Срок вклада салым мерзімі
Выплата вознаграждения сыйақы төлеу
Процентные ставки пайыздық мөлшерлеме

Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету

Біз өзіміздің филиалдық жүйеміздің Қазақстандағы ең кеңінен тарамдала
жайылған жүйе болып табылатынын мақтан тұтамыз. Бүгінгі таңда біздің
клиенттерімізге 685 бөлімшенің есігі ашық. Шалғай жатқан елді мекендерді
қоса алғанда еліміздің қай түпкірінде жүрсеңіз де  Сіз міндетті түрде Халық
Банкінің бөлімшесін таба аласыз. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес
өкілдері үшін келесі қызмет түрлерін ұсынамыз:

• Шоттарды ашу және жүргізу
• Аударма операциялары
• Кассалық операциялар
• Құжаттамалық операциялар
• Саудалық және құрылымдық  қаржыландыру

Шоттарды ашу және жүргізу

Шот ашу үшін Халық Банкіне тізбелердің біріне сәйкес құжаттардың толық
пакетін ұсыну керек. 
• Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалар мен олардың
оқшауланған бөлімшелері үшін (филиалдар мен өкілдіктер)   
• Қазақстан Республикасының резиденттері емес-заңды тұлғалар мен олардың
оқшауланған бөлімшелері үшін (филиалдары мен өкілдіктері)  
• жеке кәсіпкерлер үшін 
• шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін
- ағымдағы  
Банк ашылған ағымдағы шоттар бойынша мынадай операцияларды іске асырып,
клиенттерге қызмет көрсетеді: 
• теңгедегі және шетелдік валютадағы аударма операциялары  
• шетел валютасын қолма-қолсыз ақшасыз айырбастау  
• кассалық операциялар: қабылдау, қайта есептеу, беру
• клиенттің сұратуы бойынша анықтама беру   
• валюталық бақылау

Банкте ашылған ағымдағы шоттар бойынша операциялар өткізудің
артықшылықтары:
• мерзімді қызмет көрсету 
• банктің кең тарамдала жайылған филиалдық  жүйесі  
• операцияның барлық түрлері бойынша консультациялық қолдау көрсету   
- транзиттік 
Бұл филиалдары мен өкілдіктерінің жүйесі кеңінен тарамдала жайылған
клиенттер үшін ыңғайлы.  Ақшаны шоғырландыруға және әрі қарай ағымдағы
банктік шотқа Халық Банкінің төлем жүйесі арқылы аударуға арналған.
Транзиттік шоттар жұмысы режимінің иекемділігі  ақша ағынының көлемі мен
бағытын оңтайлы режимде реттеуге мүмкіндік береді. Клиенттің Халық Банкінде
ашылған ағымдағы негізгі шотына клиент шартта белгіленген мерзімділікпен-
күн сайын, апта сайын, тоқсан сайын және т.б. ақша аударып отыруға болады. 
 

Транзиттік шотқа есепке алу мынадай жолмен жүргізіледі: 
• Клиент контрагентінің, Клиенттің құрылымдық бөлімшесінің қолма-қол
ақшасыз аударымдары арқылы   
• Клиент банктің кассасына тапсырған қолма-қол ақша арқылы немесе 
инкассация қызметі арқылы.
- жинақтаушы  
 Қазақстан Халық Банкі АҚ-да ағымдағы шоты жоқ  филиалдары мен
өкілдіктерінің жүйесі кеңінен тарамдала жайылған клиенттер үшін  ыңғайлы. 
Ақшаны шоғырландыруға және әрі қарай Шартта анықталған деректемелерге,
сондай-ақ белгіленген мерзімділікпен; күн сайын, апта сайын, тоқсан сайын
және т.б. ақша аударып отыруға арналған.    
-лимиттендірілген 
Қазақстан Республикасы аумағында филиалдары мен өкілдіктері бар клиенттер
үшін ыңғайлы.  Банк клиент белгілеген смета бойынша оның бөлімшелерінің
ағымдағы шоттарының жәй-күйін бақылау және мониторинг жүргізу бойынша
агенттік қызметтерді ұсынады. Филиал шотынан төлемдер Клиент ерекше бөліп
көрсеткен және бекіткен айлық бюджетке сәйкес  лимиттенген тәртіппен іске
асырылады. Айлық бюджетті клиент банкке факсимильді байланыс және Заңды
тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесі бар болған жағдайда электронды
байланыс арнасы арқылы жібереді. Клиент Айлық бюджетке қосымша Банк ұсынған
қызмет ақысы үшін комиссиялық сыйақы сомасын есепке алады.    
- жинақ
Бос ақша қаражатын орналастыруға арналған. Банктік салым валютасы,
сомасының түрі және сақтау мерзіміне байланысты депозиттер бойынша
сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің икемді жүйесі орнатылған.
-эскроу–шоттар
Бұл шот Шартта айтылған кейбір талаптарды орындағаннан кейін ғана берілетін
ақша сомасын басқа заңды тұлға атына банк шотында депозиттеуге арналған.
Банк қажетті талаптардың орындалуын бақылау функциясын ұсынады.

Мысалы. Сатып алушы Сатушыдан бидай сатып алған кезде келесі қадамдарды
іске асырады:
1   Сатушы Банкте эскроу-шот ашады. Сатып алушы эскроу-шотқа ақша
аударады (Банк эскроу-шотты ақша түскеннен кейін оқшаулайды).
2   Сатушы  бидайды тиегеннен кейін Банкке тауардың Сатып алушының
пайдасына тиелу фактін растайтын құжаттарды ұсынады. 
3   Банк шотты оқшаулаудан шығарады  және Сатушы өз қаражаттарына өкімдік
ете алады.  
Артықшылықтары: 
• Мұндай қызмет Сіздің тауар мен қызмет ақысын төлейтін кездегі
тәуекеліңізді азайтады
• Бұл қызметті Қазақстан бойынша Банктің кез келген филиалы арқылы
пайдалануға болады  
• Мұндай қызмет бойынша шығыстар аккредитивтер бойынша шығатын шығыстармен
салыстырғанда төменірек болады.

Ақша аудару операциялары

ақша аудару операцияларының келесі түрлері бар:
Ұлттық валютадағы банк ішіндегі аударымдар 
Қазақстан Халық Банкі АҚ-да ашылған шоттарға ақша аудару. Төлем сол күні
аяқталып, кейіннен Клиентке шот бойынша үзінді беріледі. 

Ұлттық валютадағы банк аралық есеп айырысулар
Банк Қазақстандық Банкаралық есептесу  орталығының қатысушысы болып
табылады және өз клиенттеріне төлемдерді бір операциялық күн ішінде
Қазақстандық Банкаралық есептесу орталығының Ірі Төлемдер Жүйесі және
Бөлшек Төлемдер Жүйесі арқылы  жүргізу қызметін ұсынады. 
Банк клиенттеріне төлемдерді валюталау күнімен өткізу мүмкіндігін ұсынады,
ол клиенттерге комиссиялық сыйақы төлейтін кезде ақшаны үнемдеуге және
өзінің  алдағы ақша ағынын жоспарлауға мүмкіндік береді.   

Шетелдік валютадағы аударма операциялары  
S.W.I.F.T. халықаралық есептесу жүйесі арқылы халықаралық аударымдар
аударуға өтінім берген күннің ертесіне немесе сол күні жүргізіледі.

*Халық Банкі төлем құжаттарын Банкке тапсыру үшін Заңды тұлғаларға
арналған интернет-банкинг жүйесін пайдалануды ұсынады.

Кассалық операциялар

Халық банкі қолма-қол ақша қаражаттарымен келесі операцияларды жүргізеді:
- теңгедегі, сондай-ақ шетелдік валютадағы шоттардан қолма-қол ақша
қаражаттарын беру; 
- ұлттық және шетелдік валютадағы қолма-қол қаражаттарды қабылдау; 
- Банктің өзге филиалында ашылған есептесу (ағымдағы) шотына кейіннен
есепке ала отырып Халық Банкінің кез келген филиалында теңгедегі қолма-қол
ақшаны қабылдау; 
- заңды тұлға өкілдерінің қолма-қол ақшаны  Клиенттің Банктің өзге
филиалында ашылған шотынан банктің кез келген филиалынан алуы; 
- бір құндағы банкноттарды өзгесіне айырбастау.

Құжаттамалық операциялар

Халық банкі  өз клиенттерінің тапсырмалары бойынша  тура ақшалай қамтамасыз
ету шеңберінде немесе кредит желісі клиенті үшін бекітілген мөлшерде
аккредитивтер мен кепілдіктерді шығара отырып. халықаралық сауда
саласындағы қызметті көрсетеді. 

Сауда мәмілесінің әрбір сатысы үшін Банк тараптардың міндеттемелерін
қамтамасыз ететін банктік кепілдіктердің келесі түрлерін ұсынады:
•Ұсыну сатысында: тендерлік кепілдік;
• Тауарды өндіру сатысында: алдын ала төленген ақшаны қайтару кепілдігі;
• Тауарды жеткізу сатысында: 
- міндеттемелерді орындау кепілдігі; 
- төлем кепілдігі
• Кредиторға қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда: заемды қайтару кепілдігі. 
• Бүкіл әлем бойынша корреспондент банктердің кең жүйесін пайдалана отырып
Халық Банкі еуропаның үздік банктеріндегі (немесе кез келген өзге
банктердегі) кепілдіктер мен аккредитивтерді растау қызметін көрсетеді.

Саудалық және құрылымдық қаржыландыру

Өзіңіздің шикізатты сатып алудан бастап негізгі қаражаттарды иегеруге
дейінгі келісім-шарттарыңызды табысты іске асыру үшін Қазақстан Халық
Банкі АҚ өнімдер мен қызметтердің келесі түрлерін ұсынады: 

- банктік Кепілдік
- аккредитив
- резервтік аккредитив
- инкассо
- импортты қаржыландыру 
- экспортты қаржыландыру

Біз сізге төмендегілерге көмектесеміз:
- шетелдік әріптесті табуға
- келісім-шарт бойынша қолайлы есептесу нұсқасын таңдауға   
- шетелдік қаржы институттарының қаражаттарын тартуға, оның ішінде
Экспорттық Кредит Агенттіктерінің (ЭКА) қатысуымен.

Бұл Сізге мынадай мүмкіндіктерді ашады:
- қаржыландыруды азайту
- жеткізілген тауар үшін төлемеу тәуекелін қысқарту  
- тауарды толық жеткізбеу тәуекелін барынша азайту  
- компанияның айналымынан қаржы ресурстарын шығармай келісім-шарт бойынша
жұмыс істеу  
- өзінің компаниясы туралы халықаралық  рынокта мәлімдеу

Қазынашылық өнімдер мен қызметтер

Халық Банкінің қазынашылығы  өз клиенттерімен ашық әріптестік қатынасты
толыққанды дамытуды мақсат етіп қояды. Қазақстанның биржалық валюталық
рыногының және мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының жетекшісі бола отырып
Банк клиенттерге  ең тиімді ынтымақтастық талаптарын ұсынады.  Банк
клиенттері тәуекелдерді басқару және инвестициялау жөніндегі
консультацияларды алады және клиент үшін ыңғайлы талаптар бойынша мәмілелер
жасайды.

Халық Банкі Сіздерге келесі қызметтерді қуана ұсынады:
• Салымдар
• Конверсиялық операциялар
• Туынды құралдар
• Брокерлік қызмет көрсету
• Ақпараттық қолдау

Салымдар

Халық Банкінің қазынашылығы заңды тұлғаларға икемді салым талаптарын
ұсынады.   Клиенттер қысқа мерзімге де (бір күннен бір айға дейін), сондай-
ақ ұзақ (10 жылға дейін) мерзімге де еркін қаражаттарды орналастыру
мүмкіндігіне ие. Қысқа салымдар бойынша мөлшерлемені Қазынашылық апта
сайын белгілеп отырады. Клиенттің қалауы бойынша шартты мерзімінен бұрын
бұзған жағдайда шартты сыйақының сақталу талабымен жасау мүмкіндігі
қарастырылған.

Банк клиенттері теңгедегі, доллардағы  және евродағы қаражатын Мерзімдік,
Мерзімдік, төлемдермен және Жинақтаушы салымдарына мейлінше ұзақ
мерзімге  орналастыру мүмкіндігіне ие. Мерзімдік салымының талаптары
бойынша  клиентке  сыйақы мерзім соңында төленеді. Мерзімдік, төлемдермен
салымының талаптары бойынша  сыйақы төлемі ай сайын жүргізіледі.
Жинақтаушы салымының талаптары бойынша  сыйақы төлемі мерзім соңында
жүргізіледі, сондай-ақ қосымша жарналар енгізуді де қарастырады.   

Конверсиялық операциялар

Қолма-қол ақшасыз шетелдік валютаны  айырбастау операцияларын өткізу   

Қазақстан Халық Банкі Қазақстанның биржалық валюталық рыногының көшбасшысы
бола отырып өз клиенттеріне валюта айырбастаудың икемді талаптарын
ұсынады.  Банк заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз  валютасын айырбастағаны
үшін комиссия алмайды. Біз клиенттермен тұрақты қуана бірлесіп әрекет
етеміз және үнемі ең тиімді бағамды ұсынуға дайынбыз. 

Біздің клиенттеріміз жеке бағам бойынша бүкіл операциялық күн ішінде мәміле
жасау мүмкіндігіне ие, ол мәміле жасауға арналған оңтайлы уақыт пен бағамды
таңдап алуға мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ  өз клиенттерімізге белгілі
бір өлшемдерге жеткен кезде (бағам белгілі бір деңгейге жеткен кезде)
орындалатын бұйрықты орналастыруға мүмкіндік береміз. 

Қолма - қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын жүргізу   

Банк сатып алудыңсатудың мейлінше тиімді бағамдарын белгілей отырып
айырбастау орындарының жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз шетелдік валютаны
сатып алады сатады. Клиенттер шетелдік валютаның ауқымды көлемін сатып
алатынсататын кезде Банк сатып алудыңсатудың көтерме бағамдарын белгілеуі
мүмкін.   

Қолма-қол шетелдік валютаны сатып алудысатуды растайтын анықтама-
сертификат Клиенттің талап етуі бойынша мәміле сомасына беріледі.
Біруақытта клиенттерге  қазіргі заманға сай тексеру детекторлары арқылы
валютаның түпнұсқалығын тексеру, тозған және күмәнді купюраларды инкассоға
қабылдау қызметтері көрсетіледі.  

Туынды құралдар

Халық Банкінің қазынашылығы Қазақстан рыногында туынды құралдармен жұмыс
жөніндегі көшбасшы болуға тырысады. Қазіргі сәтте біз шетелдік валюта мен
бағалы қағаздар  рыногында жетекші орында келеміз, бұл бізге Банктің
корпоративтік клиенттеріне арналған туынды құралдармен жүргізілетін
жұмыстың тиімді үлгісін жасауға мүмкіндік береді.   

Біздің Клиенттеріміз рыноктық тәуекелдерді (валюталық, пайыздық және т.б.)
басқару, сондай-ақ  инвестициялау құралдары бойынша  кірістілікті арттыру
мақсатында түрлі туынды құралдармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Соңғы
бірнеше жылда туынды құралдарға деген сұраныс ұдайы өсіп келеді, бұл
рыноктың қазіргі кезде күрт құбылып отыру деңгейінің артуына, теңге
құралдары рыногының дамуына және клиенттердің осы саладағы сауаттылығының
барынша арта түсуіне байланысты. 

Халық Банкі Қазынашылығының қызметкерлері  Сіздің қызметіңізге тән
тәуекелдерді анықтауға және оларды бағалауға қуана көмектеседі.  Сіздерге 
осы тәуекелдерді басқаруға арналған түрлі құралдардың ең қарапайым түрінен
бастап (форвард, опцион), Сіздің мақсаттарыңыз бен үміттеріңізге барынша
үйлесімді болатын күрделі түрлеріне дейін ұсынады.   

Біз ең талғампаз клиенттің тұтыныстарын қанағаттандыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пайда болуы
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ банк туралы
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы есеп
Ақмола облыстық филиал Халық БанкАҚ операцияларын талдау
Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері
Қазақстанның банктік жүйесі
Өндірістік іс-тәжірибе туралы есеп
Коммерциялық банктердің тарихы
Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын
Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері
Пәндер