Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы және қызметі



1. Саяси жүйе ұғымының қалыптасу генезисі.
2. Саяси жүйенің құрылымы және қызметі.
3. Саяси жүйенің түрлері (типологиясы).
Саяси жүйе ұғымының қалыптасу генезисі. Саяси жүйе теориясы 1950 жылдың ортасынан бастап қалыптаса бастады. Оның қалыптасуына негіз болған екі көзқарасты айтуға болады: Бихевиористік, жүйелік жөне құрымдылық-функцияналдық көзқарас. Бихевмористердің түсінігінше саясат - ол ең алдымен адамдардың саяси өмірдегі саяси әрекеттері. Сондықтан, бихевиористік көзқарастың өзіндік ерекшеліктері ретінде мыналарды айтуға болады.
1. Саяси мінез- құлықты саяси зерттеудің негізгі объекті ретінде қарастыру;
2. Статистикалық және сандық көрсеткіштерді максимальды түрде қолдану;
3. Саяси жағдайларды түсіндіруге қабілетті теорияларды жасау.
Саясаттануда жүйелік көзқарасты алғаш қолданған ғалым саясаттанушының бірі Д.Истон. Ол саяси жүйені қоғамдагы құндылықтарды ресми түрде бөліп отыратын өзара қатынастар жүйесі ретінде қарастырады. Материалдық және рухани қүндылықтарды осылайша бөлудің негізінде қоғам мүшелері арасында әртүрлі конфликтердің алдын алып отырды деп көрсетеді. Ол саяси жүйенің екі негізгі қызметін бөліп алады:
1. саяси жүйенің қоғамдағы қүндылықтарды бөлу қабілеті болуы керек;
2. саяси жуйе құндылықтарды бөлісудің міндетті әрекет екендігіне халықтың көзін жеткізуі тиіс.
Бұл екі сапалық қасиет, Истонның пікірінше, саяси жүйенің басқа әлеуметтік жүйеден айырмашылығын көрсететін болды.
Истонның көзқарасы бойынша саяси жүйе дегеніміз - ол саяси қүрылымдардың жәй ғана өзара қарым-қатынастар жүйесі емес, керісінше, үнемі өзгеріп отыратын, қызметтік немесе қызмет атқаратын динамикалық жүйе.
1. Айталиев А. Демократия монархияға айналмасын десек. // Ақиқат, 1996, 1, 12-бет.
2. Байгелді Ө. Қазақстап парламенті: жаңа кезең - жаңа мақсаттар.//Ақиқат, 1996, ™ 11.
3. Бәйішев Ж. Парламент және конституциялық сот. //Ақиқат, 1993, Жамбылов Д.А. Демократия - қоғамның қозғаушы күші. //Саясат, 1997, 6.
4. Жамбылов Д.А., Бабақүлы Б. Саяси терминдер төркіні. // Ақиқат, 1997.
5. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері: Оқу қүралы. Алматы,
1995.
6. Қалиев Қ. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің эволюциясы. //Саясат, 1996, ™ 8.
7. Әбікенов С. Заңдылықты жүзеге асырмайынша. // Ақиқат, 4995, ™ 2.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ.
1. Саяси жүйе ұғымының қалыптасу генезисі.
2. Саяси жүйенің құрылымы және қызметі.
3. Саяси жүйенің түрлері (типологиясы).
Саяси жүйе ұғымының қалыптасу генезисі. Саяси жүйе теориясы 1950
жылдың ортасынан бастап қалыптаса бастады. Оның қалыптасуына негіз болған
екі көзқарасты айтуға болады: Бихевиористік, жүйелік жөне құрымдылық-
функцияналдық көзқарас. Бихевмористердің түсінігінше саясат - ол ең алдымен
адамдардың саяси өмірдегі саяси әрекеттері. Сондықтан, бихевиористік
көзқарастың өзіндік ерекшеліктері ретінде мыналарды айтуға болады.
1. Саяси мінез- құлықты саяси зерттеудің негізгі объекті ретінде қарастыру;
2. Статистикалық және сандық көрсеткіштерді максимальды түрде қолдану;
3. Саяси жағдайларды түсіндіруге қабілетті теорияларды жасау.
Саясаттануда жүйелік көзқарасты алғаш қолданған ғалым саясаттанушының
бірі Д.Истон. Ол саяси жүйені қоғамдагы құндылықтарды ресми түрде бөліп
отыратын өзара қатынастар жүйесі ретінде қарастырады. Материалдық және
рухани қүндылықтарды осылайша бөлудің негізінде қоғам мүшелері арасында
әртүрлі конфликтердің алдын алып отырды деп көрсетеді. Ол саяси
жүйенің екі негізгі қызметін бөліп алады:
1. саяси жүйенің қоғамдағы қүндылықтарды бөлу қабілеті болуы керек;
2. саяси жуйе құндылықтарды бөлісудің міндетті әрекет екендігіне халықтың
көзін жеткізуі тиіс.
Бұл екі сапалық қасиет, Истонның пікірінше, саяси жүйенің басқа
әлеуметтік жүйеден айырмашылығын көрсететін болды.
Истонның көзқарасы бойынша саяси жүйе дегеніміз - ол саяси
қүрылымдардың жәй ғана өзара қарым-қатынастар жүйесі емес, керісінше, үнемі
өзгеріп отыратын, қызметтік немесе қызмет атқаратын динамикалық жүйе.
Қорыта айтқанда, Истонның пікірініне, саяси жүйе-қоғамдағы
құндылықтарды бөлу туралы өзара ықпалдардың жиынтығы. Мәселен, егер саясат
құндылықтарды авторитарлы түрде бөлуді көрсететін болса, ал саяси жүйе сол
құндылықтарды бөлуге байланысты туатын іс-әрекеттерді ұйымдастыру организмі
және соған байланысты әртүрлі конфликтердің алдын алып отырады.
Ал енді саяси жүйе теориясының қалыптасуы мен дамуындағы құрылымдық-
функционалдық концепцияға келетін болсақ, бұл концепция саяси өмірге
жүйелік көзқарасты біршама толықтыра түсті.
Құрылымдық-функционалдық концепцияның өкілінің бірі-американдық ғалым
Г.Алмонд. Алмонд саяси жүйені өзара ықпалдардың жүйесі ретінде қарастырады.
Екінші сөзбен айтқанда, ол саяси жүйені саяси шешімдерді қабылдауға қатысты
іс-әрекеттердің түрлерінің жиынтығы ретінде өзара ыкпал ететін саяси
рольдердің жиынтығы тұрғысынан қарастырады. Демек, Алмондтың пікірінше,
саяси жүйе - қоғамдағы реттілік.ті ұстап тұратын және жасампаздық қызмет
атқаратын заңды түрде мойындалған (легитимдік) күштердің жиынтығы.
Истон концепциясынан, Алмонд концепциясының ерекшелігі сонда, егер
Истон қоғамдағы болып жататын процестерді талдауға басты назар аударған
болса, ал Алмонд саяси өмірдегі тұрақты құрылымның маңызын анықтауға баса
көңіл бөледі. Алмонд концепциясында "құрылым" мәселесі басты роль атқарады.
"Құрылым" ұғымы, Алмондтың түсінігінше, саяси жүйені құрайтын негізгі
күштердің іс-әрекеттері мағынасын береді. Саяси процестерге қатысатын
субъектілердің іс-әрекеттерінің нақтылы бөлігін Алмонд роль деп атады.
Сондықтан Алмонд үшін саяси жүйенің негізгі компоненттерінің бірі - саяси
роль. Демек өзара байланысты нақтылы рольдердің жиынтыры құрылымды құрайды.

Бұл концепцияның басты ерекшелігі жүйені құрайтын элементтердің
функционалдық сипатын негізге алынуы. Алмондтың пікірінше, саяси жүйені оны
құрайтын элементтерінің қызметі тұрғысынан талдау қажет.
Саяси өмірге жүйелік көзқарастың марксистік концепциясына тоқталатын
болсақ, мүнда да билік элементтерінің өзара байланыстылығына
негізделгендігін байқаймыз. Мәселен, В.И. Ленин билікті адамдардың және
олардың топтарының еркін, нартия құрылымдарын, институттарды, күштеу
органдарын, идеологияны біріктіру тұрғысынан қарастырды. Сөйтіп, проле-
тариат диктатурасының маркстік идеясын, Ленин нақтылы Билік құралдарын
ұйымдастыру жүйесі деп қарастырды.
Жаңа билік Советтер жүйесіне негізделетін болды. Бұл механизмдегі
партияның Орталық Комитетінің нүсқауы мемлекеттік. органдар үшін басты
міндетті нұсқау болып есептелінді. Бұл жүйеде мемлекет пен партия негізгі
элементтер болып есептелінді. Демек, Ленин биліктің жүйелілігін осыдан
көрді.
Сонымен саяси жүйенің пайда болуыыа негіз болған факторларға келетін
болсақ, олар төмендегідей:
1. қоғамда саяси ұйымдардың пайда болуы және саяси биліктің белгілі-бір
дәрежеде бөлінуі;
2. қоғамдағы әртүрлі саяси тоіггардың мүдделерінің арасындағы үнемі больш
отыратын қайшылықтарға байланысты, өйткені мүдделер арасындағы
қайшылық толық шешілмейді, тұрақты болып отыратын нәрсе және
қайшылықты болдырмауға болмайды.
Міне, сол әртүрлі қайшылықтарды реттеп отыру саяси жүйенің негізгі
қызметтеріне жатады. Сонымен, қоғамдағы әртүрлі таптар мен топтардьң орны
мен рөліне қарай, олардың саяси билікке қатысына қарай, олардың арасындағы
қарым-қатынастарын реттеу үшін, қоғамды басқару үшін және қоғамдық
қатынастар жүйесін жетілдіру үшін саяси жүйе пайда болды.
Саяси жүйе дегеніміз - қоғамдағы көпшілік билігін жүргізетін және
азаматтардың мемлекеттегі байланысыы ұйымдастыратын әлеуметтік - саяси
институттар мен құндылықтар жиынтығы.
Әрбір саяси қоғамдық бірлестіктер өздерінің саяси тұрақтылығына
байланысты қоғам өмірінде белгілі бір қызмет атқарады. Бұл қоғамның саяси
жүйесін құрайды. Саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің негізгі мазмунын
көрсететін және оның даму деңгейін, сапалық деңгейі, жүйелігі,
дәрменділігін және тұрақтылығьн көрсететін бірыңғай құбылыс.
Екінші сөзбен айтқанда, саяси жүйе дегеніміз - қоғамдағы саяси билікті
жүргізетін әлеуметтік организм. Саяси жүйе арқылы әртүрлі ұйымдар,
қозғалыстар, партиялар, саяси билікке өз ықпалдарын тигізіп отырады.
Сондықтан қоғамның саяси жүйесі бүкіл қоғамдық әлеуметтік-экономикалық
саяси және рухани өмірдің қозғалу механизімш көрсетеді.
Біріншіден, ол қоғампың саяси өмірін, адамдардьщ мінез-құлықтарының
жүйесі ретінде қарастыруға, саяси іс-қимылдардың, саяси институттар мен
құрылымдар сипатына ықпал ету механизмдерін анықтауға көмектеседі.
Екіншіден, саясатқа тұтас құбылыс ретінде түсінік береді және оның
сыртқы (табиғат, экономика, мәдениет, әлеуметтік құрылым, мораль,
идеалогия, дін т.б.) ортаға ықпал ету тәсілдері мен формаларын талдауға
мүмкіндіктер жасайды.
Саяси жүйенің өзіне тән белгілерін көрсетер болсақ, олар: 1) оның әр-
түрлі элементтерінің арасындағы тұрақты өзара тәуелділік болмаса саяси
жүйенің тұтастығы жойылады; 2) саяси жүйе саяси қатынастардың реттелген
және олардың біршама тұрақтылығы мен дамуын көрсетеді. Саяси қатынастардың
реттілігінің маңызы олардың әлеметтік қатынастардың белгілі-бір мақсатта
нәтижелі түрде өзгертуге жағдай жасалуы арқылы анықталады.
3) саяси жүйенің мәдени негізі болады. Ол қоғам мүшелері өздері
қабылдаған және мойындаған ортақ құндылықтар, символдар, нанымдар жиынтығы,
Өйткені адамдардың саясаттағы бірлігі тек олардьң өзара рухани тұтастығы
ғана арқылы болатын құбылыс. Ортақ рухани құндылық болған жерде ғана саяси
жүйенің тұрақтылығы бола алады.
4) Саяси жүйеге оның барлық элементтерінің сыртқы ортаға (күштерге,
құбылыстарға) жауап беру қасиеттері тән. Сонда ғана саяси жүйе сыртқы
әсерлерге жинақы түрде жауап беріп, оған негізгі ресурстарды жұмылдыра да,
жұмсай да алады.
2. Саяси жүйенің кұрылымы жөне кызметі. Саяси жүйеде жоғарыда
берілген сипаттамаларға сүйенетін болсақ, оның барынша күрделі, көп қырлы
құрылым екендігіне көз жеткізуте болатындығын байқауға болады. Саяси
-теориялық әдебиеттерде саяси жүйенің құрылымы 4 түрлі элементтер тобына
жіктелген.
1. Институционалдық элементтер, оған жататындар саяси институттар
мсмлекет, оның органдары (мемлекеттік билікті құрайтын орталық және
региондық билік органдары мен басқармалары, күштеу құрылымдары: әскер,
полиция, барлау жүргізу корпусы, ұлттық қауіпсіздікті сақтау т.б. құқық
қорғау органдары, сот, прокуратура т.б.) Саяси ұйымдар партиялар, оның
органдары: қоғамдық саяси ұйымдар, қозғалыстар, бірлестіктер, еңбек
ұжымдары, кооперативтер, творчестволық одақтар, ассоциациялар, концерндер,
акционерлік қоғамдар, ) ықпалды топтар (группы давления), мүдделер тобы
(группы интересов).
2. Ақпаратты-комуникативтік элементтер, оған жататындар: өкіметке ақпарат
беру каналдары, яғни мәжілістерде іс-әрекетті ашық баяндау процесі, істерді
тексеру немесе тергеу комиссиясы, қажетті топтармен жасырын
(конфиденциальный) . кеңестер, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары
(телевидение, радио, газеттер мен журналдар, кітаптар) т.б.
3. Нормативтік-реттеуші элементтерін әр-түрі саяси нормалар мен
принциптер құрайды. М:конституция, басқа да құқықтық нормалар, үкімдер мен
шешімдер, нүсқаулар, программалық құжаттар т.б.
4. Саяси сана мен мәдениет, оны құрайтындар идеология және саяси
психология, саяси теориялар, идеялар т.б.
Осы элементтердің әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ;
Саяси институттар дегеніміз - қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру әдісі.
Бұл әртүрлі саяси нормаларды қамтиды. Саяси институттар ерекше өкілдік
право берілген және арнайы саяси қызметі белгілі адамдардың тобы. Саяси
институттардың ерекшелігі олар заңды түрде бекітілетін және олардың қызметі
арнайы заңдарға, шешімдерге және юстициялық фактілерге бағытталған. Саяси
институттарға, сонымен бірге, партиялардың нақтылы ғылыми және оқу
мекемелері жатады. Саяси ұйымдар дегеніміз - адамдардың алдына қойған саяси
мақсаттарына байланысты біріккен тобы. Саяси ұйымдар өзінің құрылымына,
қызметіне қарай сипатталады және жіктеледі. Осыған бай-ланысты саяси
ұйымдар қызметі толық саяси сипат алатын ұйымдар, жартылай саяси сипат
алатын жөне саяси сипат алмайтын ұйымдарға бөлінеді:
- бірінші түріне мемлекет және саяси партиялар жатады. Олардың
қызметінің негізгі түрі билік жүргізу жөне билік үшін күрес.
- екінші түріне - кәсіподақ пен жастар ұйымы жатады
- үшінші түріне - творчестволық одақтар
Міне, осы саяси ұйымдардың ең негізгісі - мемлекет. Мемлекет өз
қызметі арқылы қоғам өмірін толық көрсете ала-ды жөне мемлекет өзінің
егеменділігімен ерекшеленеді.
Ал, саяси партиялар саяси жүйенің қызметіндегі негізгі буындардың
бірі. Саяси партиялар халықтың саяси санасы мен мәдениетін қалыптастырады
және идеологиялық ықпал жасап отырады. Егер партия қоғамда жетекші роль
атқаратын болса, оңда ол мемлекеттің саяси бағдарламаларьш жасауға және оны
іске асыруға қатысады. Оған басшылық жасайды, өкімет басшыларын
қалыптастырады, кадрларды дайындаура ықпал етіп отырады. Бірақ партиялардың
әлеуметтік мөні, қызметі, мақсаттар мен міндеттері, ішкі құрылымы және
саяси жүйедегі алатын орны әртүрлі болып келеді.
Саяси жүйенің қызметіне саяси қозғалыстар да ықпал етіп отырады.

Саяси қозғалыстар:
1) таптық негізінде қалыпггасқан қозғалыстар;
2) әлеуметтік топтар негізінде қалыптасқан;
3) ұлтаралық қатынас негізінде қалыптасқан қозғалыстар ретінде
қарастырылады.
Саяси қозғалыстар өмір сүріп отырған саяси және экономикалық
қүрылысқа, көзқарастарына қарай бір-бірінен ерекшеленіп отырады.
Осы тұрғыдан алғанда оларды консервативтік, реформистік, революциялық
және коитрреволюциялық деп бөлуге болады. Қазір Қазақстанда 20-дан астам
саяси қозғалыстар әрекет етуде. Мәселен, Қазақстандағы "азат" азаматтық
қозғалысы, Казачество қозғалысы, "Әділет", "Ақиқат", "Мемориал",
"Единство", "Бірлесу", "Семей-Невада", "Арал-Азия-Қазақстан", "Елімай",
"Акт", "Азан", "Аттан" т.б.
Қоғамның саяси жүйесі шеңберінде, сондай-ақ, ықпалды топтар да жұмыс
істейді. Олар халықтық істерді шешуде араласа отырып, мемлекет қызметіне
ықпалын тшізеді. Әсіресе олар мемлекеттік органдардың шешім қабылдау, үкім
шығару істеріне ықпал жасап отырады.
Қоғамның саяси жүйесінде әртүрлі бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының да
атқаратын ролі ерекше деп айтуға болады. Олардың өзіндік ерекшеліктерін
айтатын болсақ, біріншіден, олар еңбекшілердің белгілі-бір шағын бөлігін
ғана қамтиды немесе белгілі-бір шағын тобының ғана мүддесін қорғайды.
Екіншіден, олардың шешімдерін өз кәсіптеріне ғана, ез мүшелеріне ғана
міндетті, өз мүдделеріне ғана сәйкес келіп, жалпы заңдық сипат алмауы
мүмкін. Және мемлекет тарапынан көндіру шаралары қолданылмайды. Үшіншіден,
олар саяси жүмыстармен тұрақты айналыспайды да, олардың саяси реакциясы
өткінші, мерзімдік сипат алуы мумкін, ауқымы шектелген болып келеді.
М: Заң жобаларын, басқа да қоғамдық, саяси мәні бар құжаттарды
талқылау т.б.
Қоғамның саяси жүйесінде қоғамдық ұйым ретіндегі Кәсіптік Одақтың да
атқаратын рөлі зор. Кәсіподақ ұйымы адамдардың кәсіптік мүдделері мен
қажеттіктерінің орталығы негізінде құрылады. Кәсіподақ ұйымы өз мүшелерінің
еңбекпен қамтамасыз етілуі үшін, еңбек жағдайларын жақсарту, денсаулығын
сақтауы, демалуы, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық қүқықтары мен
мудделерін білдіріп, оны қорғау үшін қүрылып, қызмет етеді. Кәсіподақ,
мемлекетпен, оның органдары мен заң шығарушы ұйымдармен қарым-қатынас жасай
отырып өз жұмысын жүргізеді. Өз мүшелерінің мүдделері мен қажеттіктеріне
сай әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу мақсатымен, мәселен, заңды
тәртіп бойынша еңбек ұжымдарының жиналыстарын өткізу, митингілер мен көше
шерулерін, демонстрациялар, ереуілдер және басқа да акциялар ұйымдастыру
арқылы өкімет органдарына ықпал етіл отырады.
Саяси жүйенің ақпаратты-коммуникативтік элементіне келетін болсақ, ең
алдымен олар саяси жүйенің саяси емес әлеуметтік институты болып табылады.
Бұның маңызы сонда, өйткені халық өкімет органдарының ісіне белгілі-бір
хабар-ошар, информация болғанда ғана саяси тұрғыдан баға бере алады.
Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарын "төртінші өкімет" немесе биліктің
төртінші иегері " деп те атайды. Оның себебі:
1. ол саяси ақпараттарды өз бетінше дайындайтын мекеме;
2. ол халық бұқарасына басқаларға қарағанда жақын, олармен жиі араласатын
мекеме болып есептеледі;
3. ақпараттың халыққа кеңінен таралу механизмдері жетілген;
Сондықтан ақпарат құралдары халықтың саяси жүйеге деген қатынасы мен
көзқарасын қалыдтастырудың дамыған тұтқасы болып есептелінеді.
Қоғамның саяси жүйесінің ережелік-реттеуші элементтері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы туралы ақпарат
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қоғамның саяси жүйесіне тән сипаттар, ерекшеліктер, функциялар және типология
Саяси ойдың даму кезеңдері
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені
Саяси жүйе туралы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Саяси билік және саяси жүйе
Пәндер