Таукент қалашығының экологиялық жағдайы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БОТАНИКА КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Таукент қалашығының экологиялық жағдайы
Орындаған: Омарова Ж. Ш.
Ғылыми жетекшісі:
б. ғ. к., доцент Какимов Ж. Т.
Кафедра меңгерушісі:
Профессор Айдосова С. С.
Алматы 2009ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І-ТАРАУ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 4
1. 1. Қоршаған ортаның ластану себептері . . . 5
1. 2. Ауыр металдардың жинақталу ерекшеліктері мен тигізетін зардаптары . . . 6
1. 3. Зерттеу аймағының экологиялық жағдайы . . . 7
ІІ- ТАРАУ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . . 8
2. 1. Ауыр металдарды анықтау әдістері . . . 8
2. 2. Атомдық абсорбциялық спектрометрия әдісі . . . 9
2. 3. Үлгілерді алу жолдары және оларды зерттеп талдауға дайындау . . . 10
2. 4. Өсімдіктер үлгісін дайындау . . . 10
2. 5. Топырақ үлгісін дайындау . . .
2. 6. Су үлгісін дайындау . . . 11
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 12
КІРІСПЕ
Біздің заманымыздың осы кездегі уақытында өндіріс көздерінің,
транспорттың, ауыл- шаруашылығының химиялау, сонымен қатар урбанизация процесінің қарқындылығына байланысты планетамыздың тіршілік ортасы биосфераның ластануы өте күрделі мәселеге айналып отыр. Адамзат өзіне қажетті материалдарды өңдеуге байланысты алуан түрлі өндіріс көздерінің өндіріс күштері өте қуатты геохимиялық күшке айналды. Осы жағдайдың салдарынан биосфера элементтерінің қайта бөлініп таралуына әсерін тигізуде, бұл мәселе жиі түрде тірі организмдердің қатты улануына әкеліп соғып отыр.
М. М. Овчаренконың анықтауы бойынша металлургиялық өндіріс көздерінен жер бетіне жыл сайын 154690 т мыс, 121500 т мырыш, 89000 т қорғасын, 12000 т никель, 1500 т молибден, 765 т Кобальт, 30, 5 т сынап, көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т сынап, 3600 т қорғасын, 700т мырыш, 3700 т никель, ал тек автотранспорттың өзін ғана есептейтін болсақ жер бетіне 26 т қорғасын бөлініп шығады екен.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты атомдық - абсорбциялық әдісті ойдағыдай меңгеру арқылы Таукент қалашығының ауасының, топырақ, өсімдік, суының уранмен ластану деңгейлерін анықтау.
Міндеттері:
- Әдісті ойдағыдай меңгеру.
- Топырақ құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
- Өсімдіктер құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
- Судың құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
- Талдау жүргізіп қорытынды алу.
І- ТАРАУ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.
1. 1. Қоршаған ортаның ластану себептері
Қазір ғылыми - техникалық үдеу заманынында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай әсіресе біздің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайды қарауымыздан анық байқалады.
Өндіріс орындарынан бөлінетін экотоксиканттар материологиялық фактордың әсерінен атмосферада, суда және топырақта кең таралып тірі организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсер етуде.
Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуі, жиналуы мен миграциясын зерттеу олардың тірі организмдерге әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде барлық табиғи ортада бақыланып отыратын ластаушы химиялық заттардың негізінің бірі - ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады.
Қазақстан аумағында қоршаған ортаға тұрақты ластағыш көздерден жылына 5 млн. тонна әртүрлі ластағыш заттар бөлініп шығады. Бұлардың ішінде қорғасын мен мышяктың қосындысы 2000 тоннадан, мыс тотықтары 1, 8 мың тоннадан, 11 мың тоннадан артық қаркүйе және мыңдағангаз қоспалары ( күкірт, азот, көміртегі тотықтары және органикалық газ) .
Ауа, топырақ, су - биосфераның ерекше компоненттері болып саналады. Алуан түрлі ластаушы заттардың басым көпшілігі осы үш компанентке барып қосылады. Олар алдымен ауаның құрамына араласып, ауа арқылы топырақ бетіне және су бөліктерін ластайды, яғни топырақ құрамына енген ластаушы заттар немесе суға қосылған заттар тізбек бойынша өсімдіктерге, одан жануарларға, сонан кейін адам денсаулығына орасан қауіп туғызары анық. Демек осы ластаушы заттардың ішіндегі ең қауіптісі химиялық ауыр металдар болып саналады. Топырақ - табиғи дене, ол ауыр металдардың жинақталатын негізгі бөлігі. Ауыр металдар осы топырақта жинақталып, өсімдіктер арқылы жануалар, одан қоректік тізбектің шынында тұрған адам организміне қоректік тізбек арқылы 40- 45% -ке дейін өтеді, су арқылы 20-40% ауамен тыныс алу арқылы 20-40%.
Қоршаған ортаның жалпы ластануы, оның ішінде ауыр металдармен ластану деңгейі кейінгі он жылдықтарда жоғарылап кетті.
Автокөліктерден бөлініп щыққан газдардың бір бөлігі ауа арқылы топырақ бетіне түсіп жауын- шашын арқылы сіңген зиянды қоспа өсімдіктердің тамырлары бойымен су арқылы оның бойына тарап, ұлпалық клеткаоарға енеді. Негізгі жинақталатын бөлігі ол өсімдіктердің жапырағы.
Өсімдіктер елді - мекен орындарының экологиялық жай- күйін жақсы сезетін индикатор есебінде бола алады.
1. 2. Ауыр металдардың жинқталу ерекшеліктері мен тигізетін зардаптары.
Жоғарыда айтылғандай ауыр металдардың негізгі шығып таралу көздері автотранспорт, металл өндіру заводтары, химиялық заводтар, кен байыту комбинаттары, көмір жағатын электро станциялар, түрлі - түсті және қара металлургия кәсіпорындары, қалдық заттарды жағу, пайдалы қазбаларды шығарып алу т. б. Жалпы организмдер құрамында тұрақты болып тұратын 47 химиялық элемент бар. Олар тірі массаның 0, 4 - тен 0, 6% - ке дейінгі аралықты құрайды. Мұқият зерттелген элементтер қатарына мыс, кобальт, марганец, иод, молибден, селен, фтор, стронций, бор, кадмий, ванадий т. б.
Микроэлементтер - биогендік химиялық элементтер, өсімдіктердің даму процесінде катализаторлық роль атқарады, әсіресе азот сіңіруде және фотосинтез процесі кезінде.
Макроэлементтердің адам организмінде де орасан зор маңызы бар. Адамның қанының құрамына 24 элемент кіреді. Әйел адамның емшек сүтіне 30 элемент кіреді. Негзінен олар: мыс, мырыш, кобальт, кремний, мышьяк т. б. Бұл аталған микроэлементтер организмде кері әсер туғызбайтын және олардың өсіп - өнуіне, дамуына жақсы ықпал жасайтын тұрақты мөлшерде болады. Бұлардың кері әсері мысалы: мырыш, кадмий, қорғасын, кобальт, сынап, мыс секілді элементтер шамадан, яғни ПДК (шекті зиянсыз мөлшері) - дан артып кеткен шамада тие бастайды, яғни улы ауыр металдар көбінесе адам - жануар организмдеріне тыныс алу органдары, асқазан - ішек арқылы суда жақсы еритін тотықтар мен тұздар түрінде енеді.
Автомобильдің бөліп шығарған газдарында 200 заттардың қоспасы бар, құрамында көмірсутектер, жанбаған немесе толық жанбаған отын кампоненттері, көміртек тотығы, көмір қышқыл газы т. б сонымен қатар өткір тітіркендіргіш иісі бар альдегидтер де бар. Көміртек тотығы қанның гемоглобинімен қосылып организм ұлпаларына оттегіні таратуға кедергі жасайды. Қорғасынмен улану симптомы осыдан 2000 жыл бұрын анықталып жазылған, рудадан қорғасынды балқытып алу кезінде. Оның уыттылығын мынадай жағдайлардан білуге болады: егер адам күн сайын қорғасынды өте аз мөлшерде қабылдап отырған жағдайда біршама уақыттан соң артқы ішектің қатуы, жүректің шаншып ауруы байқалады, ұрпақ дамыту қабілеттілігі, түсік тастау, ұрықтың өлуі т. б. пайда болады. Уран ауаға көп мөлшерде таралса онда да халық арсында осындай жағдайлар жиі орын алуы мүмкін. Өйткені уран өте улы химиялық зат.
1. 4. Зерттеу аймағының экологиялық жағдайы
Зерттелетін аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Таукент қалашығы. Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0, 1- 0, 05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150мм - дей. Күні бұлтсыз, ыстық, орташа жылдық температура 9, 2ºС; қаңтарда - 7, 6ºС; шілдеде - 26, 0ºС. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезеңі өтеді: алғашқысы қыстың суық және жаздың құрғақ кезеңінде өтеді. Өсімдіктер де табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетін негізгі өсімдіктер тобына: жусан, сирек шығатын бұташалар, сексеуіл жатады. Бұл аймақ негізінде мал жаюға, егін егуге қолайлы аймақ. Оңтүстігі таумен шектескен. Солтүстігінде қалашықтан 20км қашықтықта уран өндіру кәсіпорыны орналасқан.
Уранды “Таукент тау - химиялық кәсіпорыны” өндіреді. Кәсіпорынның құрамына “Қанжуған” және “Мойынқұм” кеніштері және химиялық - металлургиялық аффинаждау зауыты кіреді:
Уран өндіру өндірісі “Қанжуған” және “Мойынқұм” кеніштерінде жерасты ұңғылап шаймалау әдісімен уран кенін өндірумен және “Мойынқұм” кенішінде өнімді ерітінділерден уранды ионалмастырғыш шайырға сорбциялаумен айналысады.
Химиялық - металлургиялық зауыты. Құрамы: аффинаждау цехы - дсорбаттан табиғи уранның тотығын - шала тотығын алу цехы және өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесі (ӨЕӨУ) . ӨЕӨУ “Қанжуған” кенішіндегі ерітінділерден уранды ионалмастырғыш шайырға сорбциялау арқылы өзіндегі және “Мойынқұм” кенішіндегі шайырды десорбциялап тауарлық десорбаттан табиғи уранның химиялық концентратын тұндырумен айналысады.
“Қанжуған” және “Мойынқұм” кеніштерінде өнім алу жерасты ұңғылап шаймалау әдісінің барынша дамыған түрімен жүргізіледі, бұл өз кезегінде қоршаған орта жағдайын ескеруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қоршаған ортаны қорғауды аса қатаң тәртіпте сақтайды. Қоршаған ортаны бақылау үздіксіз жүргізіледі. Ластану орын алған жағдайда ол тез арада жойылып, төмен радиоактивті қалдықтар көміледі. Бұл жұмыстардың барлығы келісілген регламентке сай жүргізіледі.
Кәсіпорында Оңтүстік Қазақстан облыстық СЭС және ҚР экология және биоресурстар Министрлігімен келісілген жобаға сай салынған төмен радиоактивті қалдықтар көмуге арналған арнайы көмбе бар. Кәсіпорында өндірістік нысандардағы еңбек жағдайын тексеру жүргізілген, қауіпсіздік декларациясын жасау ережесінің талаптарына сәйкес 5 жылда бір рет жүргізілетін қауіпті өндірістік нысандардың қауіпсіздік декларациясы қайта қаралған.
2007 жылы “ТТХК” ЖШС- де ИСО 9001- 2001, ИСО 14001 - 2006, OHSAS18001:1999 халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті(СМ), экологиялық менеджмент(ЭМ), өндірістік қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджменті (ӨҚДСМ) жүйелерін енгізу жұмыстары жүргізілді, оларды енгізу жұиыстары жүргізілді. Аталған жұмыс барысында менеджмент жүйелері бойынша кәсіпорын қызметкерлерін оқыту жүргізілді, оларды енгізу бойынша жұмыс топтары құрылды, кәсіпорын бөлімдерінде менеджмент жүйелеріне жауапты қызметкерлер тағайындалды. Кәсіпорында сапа, экология, өндірістік қауіпсіздік және денсаулық сақтау салаларының саясаты және мақсаттары жасалып, қабылданды. Олармен кәсіпорынның барлық қызметкерлері, Созақ ауданы және Таукент қалашығының барлық тұрғындары таныстырылды. Сапа менеджиенті, экологиялық менеджмент, өндірістік қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджменті жүйелерін енгізу жұмыстарының қорытындысы бойынша “Русский Регистр Евразия” ЖШС және “Қазақстандық сапа орталығы” ЖШС осы кәсіпорынға сәйкестік сертификаттарын беру туралы шешім қабылдады.
ІІ- ТАРАУ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
2. 1. Ауыр металдарды анықтау әдістері
Әртүрлі элементтердің түрін анықтаудың, соның ішінде топырақтағы, өсімдіктердегі, судағы т. б. орталарда уран мөлшерін анықтаудың бірқатар әдіс- амалдары бар. Соның бірі:
РАДИОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІС. Бірқатар ауыр ядролардың ыдырау негізінде пайда болған ауыр металдар және радиодозиметрдің радиоактивтілігі бар. Бұлардың қатарына уранды, торийді және олардың бөліну, ыдырау өнімдерін жатқызуға болады. Бұл элементтердің радиоактивтілігі олардың атомдарының ұсақ бөлшектер мен кванттарға ыдырау сәтінде энергия бөлу арқылы айқындалады. Радиоактивті ауыр металдарға барлық сәуле шығарудың барлық түріне тән: альфа, бетта, гамма және нейтрондық.
Табиғи-радиоактивті элементтердің үлкен жартылай ыдырау кезеңі бар, сонымен қатар олардың сәуле бөлу екпінділігі өте төмен, олар еш уақытта табиғи минералдарда жоғары концентрация құрмайды, оларға жыныстарды, топырақта, табиғи суларда және атмосферада өте жоғары шашырап тараушылық тән, бұл жағдай бұл элементтердің сәулеленуінің сандық-сапалық қасиетін анықтауда біршама қиыншылықтар туғызады.
ЭМИССИЯЛЫҚ ӘДІС. Металдарды анықтаудың жалындық-фотометриялық әдісі, ол тотықтырғыш және жанғыш газбен (ацетилен, пропан) араласқан талдауға алынған ерітіндінің өте ұсақ тамшыларынан құралатын аэрозольдың газ жалынындағы атомдар эмиссиясына негізделген.
Жоғары температураның әсерінен металдардың оңай иондалатын атомдары белгілі толқын ұзындығы бар сәулелерді шығара бастайды.
Cәулелену екпінділігіне байланысты ерітіндідегі элемент мөлшерін анықтауға мүмкіншілік бар. Жалындық фотометрия әдісі сілтілік немесе сілтілі-топырақ элементтерін анықтауға қолданылады. Осы әдіс арқылы ауыр металдардың ішінен рубидий, цезий, стронцийді анықтауға мүмкіндік бар. Әдістің кемшіліктері: аспаптың көрсетуінің жалын температураға айтарлықтай, тәуелділігі, көрші спектр сызықтарының таңылуы (байлануы) бұл 2, 5%-ті құрайды, осы жерде белгілі элементті анықтау үшін басқа элементтердің кедергі келтіруі, әсіресе олардың концентрациясы анықталатын элементтің концентрациясынан анағұрлым жоғары болған кезде.
2. 2. Атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі
Атомдық-абсорбциялық спектрометрия - еркін атомдардың жарықты сіңіруіне негізделген, элементтер құрамын анықтайтын аналитикалық әдіс. Атомдардың әртүрлі формадағы энергиямен қарым-қатынасы үш спектроскопиялық құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланысында айқындық алады. Бұлар былай да, былай да аналитикалық техникада, эмиссияда, абсорбция және флуоресценцияда қолданыс табады.
Атомдық-абсорбциялық әдістің ерекше маңыздылығына лабораториялық талдау техникасының өте бір оңтайлылығына, яғни осы мәселеге байланысты кейінгі 10 жыл ішінде жарыққа шыққан мақалалардың көптігі дәлел. Алғашқы атомдық сіңіруді бақылауды 1802 жылы Волластон жүргізді. Ол күн спектрінен қарақошқыл сызықтарды анықтаған, бұл соңынан фраунгофер деген атқа ие болды. Кейіннен Киргоф және Бунзен 1860 жылы мынадай жағдайда анықтады, яғни эмиссия немесе сіңіру кезінде бақыланған атомдық спектрлер жоғары селективті (сұрыптау) талдау әдісінің жаңа негізі болуы мүмкін деп көрсетті. Сол кезеңнен бері эмиссиялық техника өзінің ең жоғарғы дамуына ие болды. Эмиссиялық талдау мақсатына арналып жасалған аспаптар өзінің күрделілігі жағынан құрамайы-фильтрлік жалынды фотометр формасынан 20-30 секунд аралығында бір үлгі түрінен 20-30 элементті бірден анықтауға мүмкіндік беретін аспапқа дейін түрленуде болды. Мұндай жетістігі жоғары аспаптар 50 жылдары пайда болды. Атомдық-абсорбциялық әдіс, екі арнаулы қолданудан бастап, нақтырақ айтқанда атмосфералық жұлдыздарда кейбір элементтерді ұқсастыру және лабораториялық жағдайларда сынап буларын анықтағаннан басқа іс жүзінде 1954 жылға дейін қолданыс таппады. Аспаптарды жетілдіру, айтарлықтай сенімді резонанстық сәулелену көздерін жасау, айтарлықтай ыстық жалында бақылау периодтық системадағы барлық дерлік элыменттерді анықтайтын талдау техникасын жаппай таратуға мүмкіндік жасады.
2. 3. Үлгілерді алу жолдары және оларды зерттеп талдауға дайындау
Қоршаған ортада әралуан жолдармен келіп түскен ауыр металл элементтері негізінен табиғаттың өлі және тірі объектілерінде жинақталады. Ең негізгі зерттеуге алынатын объектілер қатарында ауа, су, топырақ және өсімдіктер.
Өсімдік және топырақ үлгілерін мынадай жолдармен алады. Белгіленген жер бөлігінен араласқан 5 топырақ үлгісін алады, салмағы шамамен 1 кг болу керек, яғни конверт тәріздес әдіспен жер бөлігінің 4 бұрышынан және ортасынан. Үлгілер күрекше қазу арқылы 20-25 см дейінгі аралықтағы тереңдіктен алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz