Шахтада қолданылатын өзі жүргі тиегіш-көліктік машиналар


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Мәнжазба
“Шахтада қолданылатын өзі жүргі тиегіш-көліктік машиналар”
Тобы:
Қабылдаған:
ГДк-201
Құлнияз С. С.
Ақтөбе
2016 жыл
Мазмұны
Кіріспе3
1. Тазарту жәнедайындық жұмыстарына арналған өзі жүргі машиналар кешені4
2. Өзі жүргі машиналардың түрлері мен параметрлері6
2. 1 Дизельді жетекті өзі жүргі тиегіш-көліктік машиналардың параметрлері 6
2. 2Электрлі жетекті өзі жүргі тиегіш-көліктік машиналардың параметрлері9
Қорытынды12
Әдебиеттер тізімі13
Кіріспе
Жерасты өзі жүргі машиналарын атқаратын жұмыстарына қарай 3 топқа бөлуге болады: тиегіш, тиегіш-көліктік және көліктік.
Тиегіш машина - атқарушы мүшесі арқылы қазып алу үдерісін жүргізіп, оны белгілі бір биіктікке көтеріп және көліктік машиналарға тиейді.
Тиегіш-көліктік машина тау массасын көсіп алып, оны біршама қашықтыққа түсіру пунктіне дейін тасымалдайды.
Көліктік өзі жүргі машина тек тау массасын тасымалдау мен оны түсіру жұмыстарын жүргізеді. Мұндай машиналарға тиеу үдерісін әртүрлі тиегіш жабдықтармен жүргізеді.
Сурет 1. Өзі жүргі машиналар:
а-периодты түрде жұмыс істейтін шөміші бар тиегіш; б-үздіксіз жұмыс істейтін тырмалаушы құрылғысы бар тиегіш; в-шөмішті атқарушы органы мен жүк көтеруші шанағы бар тиегіш-көліктік; г-тиегіш-көліктік жұмыстарды қатар орындайтын шөміші бар тиегіш-көліктік; д-аударылмалы шанағы бар жерастында қолданылатын автосамосвал; е-түпті(донный) конвейері бар өзі жүргі вагон.
Кеніштік өзі жүргі машиналарға (1-сурет) мынадай машиналар мен жабдықтар жатады: тиегіш машиналар, жерасты экскаваторлар мен бульдозерлер, және де тиегіш-көліктік машиналар, өзі жүргі вагондар және жерасты автосамосвалдары, арнайы қосымша жүктерді мен адамдарды тасымалдауға арналған көліктік өзі жүргі машиналар.
- Тазарту және дайындық жұмыстарына арналған өзі жүргі машиналар кешені
Тазарту және дайындық жұмыстарының барлық кезеңдерін механикаландыру үшін өндіріс жағдайында өзі жүргі машиналардың кешені пайдаланылады. Оларға тек тиегіш, көліктік-тиегіш және көліктік өзі жүргі машиналар ғана емес, сонымен қатар өзі жүргі бұрғылау қондырғылары жатады. Қосалқы мақсаттарға арналған (адам тасымалдауға арналған машиналар, жанармай толтыру, крандар және т. б) өзі жүргі машиналар учаскелік немесе шахтаның арнайы қызметтерінің құрама бөлігі болып табылады, және бірнеше негізгі кешендерге қызмет етуге арналады.
Қазбаларды ұңғылау мен жарылыс күшімен қопарып, кенді қазып алу кезіндегі тиегіш-көліктік және көліктік машиналардың жұмыс жасау принципі ұқсас болғандықтан, кейде ұңғылау және тазарту кешендерінде өзі жүргі машиналардың бір түрі немесе түрлері қолданылуы мүмкін. Өзі жүргі машинаның қолданылуы негізінен кешен құрамына кіретін, тиегіш-көліктік немесе көліктік машинаның құрылысына байланысты анықталады (1-кесте) .
Әртүрлі жүк көтерімділікті, жүк көтеруші шөміші бар тиегіш-көліктік машиналарды, ПД типті(Погрузочно-Доставочные) , дизельді приводпен жабдықтап, тазарту және дайындық жұмыстарында мына жағдайларда қолданылады, егер тасымалдау қашықтығы 50-ден 400 м-ге дейін болса және қазбалардың қима ауданы 6-дан 14-м 2 арасында болса.
Шөміші және шанағы(кузов) бар тиегіш-көліктік машиналарды, ПТ типті(Погрузочно-Транспортные), пневмоприводпен жабдықтап, көбінесе қазбаларды ұңғылау кезінде қолданады, ал тасымалдау қашықтығы 30-дан 100-м-ге дейін болатын тазарту жұмыстарында сирек пайдаланады.
Автосамосвалдарды әртүрлі тиегіш жабдықтармен бірге қолданады: тырмалаушы құрылғысы бар тиегіш машиналармен, экскаваторлармен, шөмішті доңғалақты тиегіштермен және . Автосамосвалдар көмегімен тиімді тасымалдау қашықтығы - 700 м-ге дейін, ал максималды - 3000 м-ге дейін, қазбалардың минималды қимасының ауданы 16-20 м 2 болады.
Кесте 1. Өзі жүргі машиналар
I
II
III
IV
V
2
3
5
8
12
0, 25-0, 3
0, 3-0, 4
0, 4-0, 5
0, 6-0, 8
0, 8-1
6
7
9
10
14
12-18
12-15
100
150
200
300
400
50
60-80
100
100-150
150-200
30-50
50-100
80-150
150-250
200-300
I
II
III
2, 5
4
6
0, 1-0, 15
0, 2
0, 2-0, 3
4
7
9
50
80
100
30
50
70
20-30
30-50
50-70
I
II
III
10-15
20-25
35-40
0, 6-0, 8
0, 8-1
1, 0-1, 5
10
16
18-20
1000
1500
3000
400
500
700
100-150
150-300
200-400
2. Өзі жүргі машиналардың түрлері мен параметрлері
2. 1. Дизельді жетекті өзі жүргі тиегіш машиналардың параметрлері
Ресей өнеркәсібі жерасты кеніштерде кеңінен қолданылатын, тау-химиялық шикізат, қара және түсті металдар кендерін өндіруге арналған әртүрлі типтік өлшемді тиегіш-көліктік машиналарды шығаруға маманданған. Ресейлік тиегіш-көліктік машиналарға салалық стандарт енгізілген, ол бойынша ПД типті(тиеу-жеткізу типті) жүктасушы шөміші бар машиналардың жүк көтерімділігі мынадай болуы тиіс: 2, 3, 5, 8 және 12 т. ПД әріптерінен кейінгі цифрлар шөміштің жүк көтерімділігін көрсетеді (мысалы, ПД-5), ал осы цифрлардан кейінгі әріп машинаның модификациясын білдіреді (мысалы, ПД-8Б) .
Кесте 2. ПД типті өзі жүргі тиегіш-көліктік машиналар
Шөміш сыйымдылығы, м 3
негізгі
ауысымды
1, 5
1
2, 5
1, 5
4
3; 4. 5
6
4, 5; 8
Өлшемдері, мм
ұзындығы
ені
биіктігі (кабина бойынша)
7300
1600
1840
8000
2200
1850
9250
2500
2350
9600
2500
2500
Қазіргі кезде сериялы түрде ПД-5А («Рудгормаш» ААҚ, Воронеж қ. ) және ПД-8Б, ПД-3 және ПД-12 («Донецкгормаш») (2-кесте) машиналары жасап шығарылады. Бұл машиналар сулы салқындатқышы бар дизельді қозғалтқыштан және пайдаланылған газдарды комбинациялы тазарту жүйесінен, топсамен жалғанған рамадан, гидромеханикалық трансмиссиядан, екі жетекші белдемінен, тежеуіш жүйесінен, машинаны гидравликалық басқару жүйесінен және шөмішінен тұрады. Машиналар жоғары оңтайлылыққа(маневренность), үлкен тарту күшіне ие болып, 18° дейінгі еңістерді жүріп өте алады, бекемдік коэффициенті f ≤18 және кесектерінің ірілігі 600-800 мм болатын абразивті тау массасын қазып алып және тасымалдай алады. Мұндай машиналарға негізгі және ауысымды шөміш қарастырылған: негізгісі - тығыздығы 2 т/м 3 қопсытылған тау массасын тиеуге, ал ауысымдысы - бұдан кіші немесе үлкен тығыздықты кендерге арналған.
Шетелдік тиегіш-көліктік машиналарда дизельді қозғалтқышының қуаты 28-ден 300 кВт дейін, ал жүктасушы шөмішінің сыйымдылығы 0, 76-дан 12 м 3 дейін өзгереді (3-кесте) .
Бұл саладағы ең ірі фирмалар «Атлас Копко» және «Сандвик» тиегіш-көліктік машиналардың сәйкесінше 14 және 6 типтік өлшемін(типоразмер) шығарады. Ең кіші өлшемді «Сандвик» фирмасының машинасы сыйымдылығы 0, 76 м 3 шөмішпен және ол өлшемдері 1, 8×1, 8 м болатын қазбаларда жұмыс жасай алады, ал ең үлкен машинасы сыйымдылығы 10, 7-ден 12, 2 м 3 дейін, жүк көтерімділігі 18 т шөмішпен және қуаты шамамен 300 кВт қозғалтқышпен жабдықталған. Толық тиелген кезінде бұл машина 18° еңіс жазықтықта 4, 8 км/сағ жылдамдықпен қозғала алады.
GHH Fahrzeuge (Германия) фирмасы шөміш сыйымдылығы 1-ден 10, 5 м 3 дейін және қозғалтқыш қуаты 42-ден 270 кВт дейін болатын тиегіш-көліктік машиналардың 7 түрін шығарады.
Осындай машиналарды өндіретін Еуропаның ең ірі фирмаларына сонымен қатар «Экипман Минье» (Франция), «Фадрома» (Польша) фирмалары жатады. Сенімді әрі заманауи тиегіш-көліктік машиналарды «Кавасаки» (Жапония), «Джарвис Кларк» (Канада) фирмалары да шығарады.
Шетелдік тиегіш-көліктік машиналарға көбінесе Deutz (Германия) немесе Caterpillar (АҚШ) фирмаларының дизельді қозғалтқыштары орнатылған. Бұл қозғалтқыштардағы жанармай реттеу аппаратурасы пайдаланылған газдардағы зиянды қоспалардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Машиналардың трансмиссиясы, Ресейлік аналог машиналардағыдай - гидромеханикалық болып келеді.
Кесте 3. ПД типті шетелдік дизельді жетекті өзі жүргі тиегіш-көліктік машиналардың техникалық сипаттамалары
Өлшемдері, мм:
ұзындығы
ені
кабинасы бойынша биіктігі
4600
1055
2045
6970
1480
1740
8631
2230
2200
9680
2550
2395
10870
2920
2540
11120
3000
2750
11993
3100
2950
7327
1870
1870-2200
8500
2000
2000
10445
2700
2400
6497
1735
2162
8830
2040
2105
11320
2920
2650
2. 2. Электрлі жетекті өзі жүргі тиегіш машиналардың параметрлері
Дизельді приводпен жабдықталған тиегіш-көліктік машиналардың негізгі кемшілігі- кеніш атмосферасын пайдаланылған газдардың зиянды қоспаларымен ластауы.
Сондықтан көптеген шетелдік фирмаларда машиналарға электрлі привод орнатылады. Электр приводты тиегіш-көліктік машиналар құрылысы бойынша дизельді приводпен жабдықталған машиналарға ұқсас болып келеді. Шетелдік электрлі приводты тиегіш-көліктік машиналар көбінесе үшфазалық асинхронды айнымалы ток қозғалтқыштарымен жабдықталған, себебі олар тұрақты ток қозғалтқыштарымен салыстырғанда массасы бойынша жеңіл және олармен жұмыс жасау оңайырақ болып келеді.
Электрқозғалтқышқа берілетін қуат не электр желісі арқылы, не аккумулятор батареясынан келеді. Электр желісі кезінде қуат кабель атанағына(барабанына) оралған икемді(гибкий) кабель арқылы беріледі. Кабель барабаны тиегіш-көліктік машинаның артқы жағында орналасқан.
Сурет 2. Электрлі өзі жүргі тиегіш-машиналар: а- кабельді; б- аккумулятор батареялы; 1- шөміш; 2- итеруші қалқан; 3- жарты рамалар жалғанған топса(шарнир) ; 4- машинаның бұрылуын басқаратын гидроцилиндрлер; 5- аккумулятор батареясы; 6- көлденең орналасқан кабельді атанақ(барабан)
Шахталарда машинаның өзіне орнатылатын атанаққа оралған кабель арқылы қоректенетін тиегіш-көліктік машиналар кеңінен қолданылады. Атанақ гидравликалық құрылғымен жабдықталған, ол автоматты түрде кабельдің созылуын қамтамасыз етеді. Кабельді атанақ машинаға көлденең немесе тік орнатылуы мүмкін. Қазіргі кезде өзі жүргі тиегіш-көліктік машиналардың құрастырылымында(конструкциясында) өте берік, жалпақ кабель қолданылады, оны көлденең атанаққа орайды.
Шетелдік өзі жүргі тиегіш-көліктік машиналардың кабель атанақтарының сыйымдылығы(кабель ұзындығы) әдетте 80-200 м құрайды, ол 400 м дейін аумақта жұмыс жасай алады (кабельдің бекітілген нүктесінен екі жаққа 200 метрден) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz