Сумен жабдықтау көзі


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ
бет
КІРІСПЕ: I.
бет: ЖОБАНЫ ЖАСАУҒА ТАПСЫРМА . . .
2
КІРІСПЕ: I. 1.
бет: Курстық жобаның міндеті . . .
2
КІРІСПЕ: I. 2.
бет: Жобаның құрамы мен көлемі . . .
3
КІРІСПЕ: I. 2. 1.
бет: Есептік түсіндірме хат . . .
3
КІРІСПЕ: І. 2. 2.
бет: Жобаның графикалық бөлімі . . .
4
КІРІСПЕ: I. 3.
бет: Жобалауға арналған бастапқы мәліметтер . . .
5
КІРІСПЕ: II.
бет: ЖОБАНЫ ЖАСАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР . . .
6
КІРІСПЕ: 2. 1.
бет: Жалпы әдістемелік нұсқаулар . . .
6
КІРІСПЕ: 2. 2.
бет: Су қабылдау құрылыстарының типін таңдау мен схемасын жасау . . .
8
КІРІСПЕ: 2. 3.
бет: Тоғандардың гидравликалық есептеулері . . .
9
КІРІСПЕ: 2. 3. 1.
бет: Есептік шығындарды анықтау . . .
10
КІРІСПЕ: 2. 3. 2.
бет: Су қабылдау саңылауларының ауданын есептеу . . .
10
КІРІСПЕ: 2. 3. 3.
бет: Торлардың ауданын есептеу . . .
11
КІРІСПЕ: 2. 3. 4.
бет: Құбырларды есептеу . . .
12
КІРІСПЕ: 2. 3. 5.
бет: І көтеру сорғылары осінің белгісін анықтау . . .
14
КІРІСПЕ: 2. 3. 6.
бет: Құбырлар мен су қабылдау саңылауларын шаюды есептеу . . .
15
КІРІСПЕ: 2. 4.
бет: Технологиялық құрылғыны таңдау . . .
18
КІРІСПЕ: 2. 4. 1.
бет: Торлар мен торшалар . . .
18
КІРІСПЕ: 2. 4. 2.
бет: Жүк көтеру құрылғысы . . .
21
КІРІСПЕ: 2. 4. 3.
бет: Су қабылдағыштардан тұнбаларды жоюға арналған құрылғы . . .
27
КІРІСПЕ: 2. 5.
бет: Тоғандарды жобалау бойынша ұсыныстар . . .
28
КІРІСПЕ: 2. 5. 1.
бет: Батырылған су қабылдағыштар . . .
28
КІРІСПЕ: 2. 5. 2.
бет: Су өткізгіш құрылғылар . . .
30
КІРІСПЕ: 2. 5. 3.
бет: Жағалық құрылыстар . . .
31
КІРІСПЕ: 2. 6.
бет: Су қабылдағыштың орнықтылығын есептеу . . .
34
КІРІСПЕ: 2. 7.
бет: Жағалық бекітулер . . .
38
КІРІСПЕ: 2. 8.
бет: Тоғандардың санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мен күту . . .
39
КІРІСПЕ: ӘДЕБИЕТТЕР . . .
бет: 42

К І Р І С П Е

Инженерлік құрылыстар комплексі болып табылатын тоғандық құрылыстар сумен жабдықтау жүйесінің ең маңызды элементтерінің бірі болып табылады, себебі, олардың конструкциялық шешімінен, жергілікті жерде орналасуы мен эксплуатация барысында жұмыс істеу жағдайларынан бүкіл сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен оның техника-экономикалық көрсеткіштері тәуелді.

Су қабылдағыштарға келесідей талаптар қойылады: ең сапалы және белгіленген мөлшерде су қабылдау; оны алдын-ала қоқыстан, қалқып жүрген заттардан, флора мен фаунадан торлар, торшалар және басқа да құрылғылар көмегімен сүзу арқылы тазарту; эксплуатацияның қарапайымдылығы мен қолайлылығы.

Бұған тоған барлық табиғи факторларды (топографиялық, геологиялық, гидрологиялық, т. б. ) ескере отырып жобаланып, құрастырылған жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

Сумен жабдықтау көзінен, табиғи жағдайлардан тәуелді іс жүзінде қолданылатын су қабылдағыш құрылғылар конструкциялық, сондай-ақ технологиялық шешімдері бойынша әр түрлі болып келеді.

Су қабылдағыш құрылғыларды жобалауға байланысты сұрақтар бойынша қажетті білім алу үшін 1209 «Сумен жабдықтау және канализация» мамандығының студенттері үшін оқу жоспарына сәйкес орындалатын курстық жұмыс қарастырылған:

  • күндізгі оқу формасының студенттері үшін - 7 семестрде,
  • кешкі және сырттай оқу формалары үшін - 10 семестрде.

Берілген әдістемелік нұсқаулар өзен су қабылдағыштарын жобалау сұрақтарына арналған. Бұнда өзен тоғандарының негізгі типтері мен схемалары, олардың конструкциялық ерекшеліктері мен қолдану шарттары жайлы мәліметтер келтірілген.

Жобаны жасау бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген, су қабылдағыштың негізгі элементтерінің (су қабылдау саңылаулары, құбырлар, т. б. ) өлшемдерін анықтауға арналған есептік тәуелділіктер, өздігінен ағатын жолдарды шаю мен жағалаулық құдықтардан тұнбаларды жою әдістерін таңдау, жүк көтеру құрылғысын таңдап алуға арналған мәліметтер мен басқа да сұрақтар келтірілген.

І. ЖОБАНЫ ЖАСАУҒА ТАПСЫРМА.

І. 1. Курстық жобаның міндеті.

Жобаның міндеті беттік сумен жабдықтау көзінен (өзеннен) тоғандық құрылыстар жобасын жасап шығару болып табылады.

Тоғандық құрылыстар бүкіл шығындар мен өзендегі су деңгейінде минималды есептік мәндерінен кем емес деңгейде су құбырларына қажетті мөлшер мен сапада судың берілуін қамтамасыз ете алатындай жобаланып, құрастырылуы керек. Су жинаудың уздіксіздігі кез келген мүмкін қолайсыз гидрологиялық, гидравликалық, термомұздық және басқа да жағдайлардың қабысуында да қамтамасыз етілуі тиіс.

Тоғандық құрылыстар қарапайым, эксплуатацияда қолайлы және арзан болуы керек. Сонымен қатар, олар берік, ұзақ мерзімді, тұрақты және архитектуралық безендірілген болуы шарт.

Жоба шарттары бойынша жобаланатын тоғандар тұрғындар саны 1000 адамнан кем болмайтын елді мекендердің шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауының элементі болып табылады.

Курстық жобаны жасау барысында студенттер алынған теориялық білімін бекітіп, жобаланатын құрылыстар кешенінің құрылым ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі танысып, ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиетті қолдануды үйреніп, өздігінен тоғандық құрылыстарды жобалау икемін жетілдіруі тиіс.

Тоғандық құрылыстарды жобалау кезінде олардың құрылысы бойынша инженерлік міндеттер ғана емес, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау бойынша міндеттердің шешілетіндігін ерекше атап өткен жөн.

I. 2. Жобаның құрамы мен көлемі

Курстық жоба түсіндірме хат пен сызбаларда құралады.

I. 2. 1. Есептік түсіндірме хат

Есептік-түсіндірме хатта келесілер келтірілуі тиіс:

А) тоғанның типі мен технологиялық схемасын таңдау және олардың негіздемелері;

Б) сорғы-күштік құрылғыны таңдау мен негіздеу;

В) элементтердің (су қабылдау саңылауларының, торлардың, құбырлардың және т. б. ) гидравликалық есептеулері;

Г) тоғанның негізгі элементтерінің конструкцияларының сипаттамалары мен олардың құрылымы бойынша негізгі құрылыстар;

Д) технологиялық су жинау құрылғысын таңдап алу нәтижелері (жүк көтеруші, құдықтан тұнбаларды жою үшін, т. б. ) мен оның сипаттамасы;

Е) су қабылдағышты қалқып шығуға, аударылып қалуға, қозғалып кетуге және т. б. (жетекші тапсырмасы бойынша) тұрақтылығын есептеу;

Ж) су ішілік мұзбен күресу іс-шараларының тізімі (бар болған жағдайда) ;

З) жобаланған жағалаулық бекітудің сипаттамасы;

И) санитарлық қорғау аумағының шекараларын негіздеу және сәйкес санитарлық режимді ұстау бойынша іс-шараларды әзірлеу.

Есептік-түсіндірме хаттың көлемі 15-20 бетті құрайды.

Оған қосымша ретінде жобаны жасауға тапсырма жүруі керек. Есептік-түсіндірме хатта мәтін алдында қойылатын тақырып, хат соңында қойылатын пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Хатта көрсетілген есептеулердің қасында ҚНмЕ пунктеріне сілтемелер мен есептеулерге негіз болған басқа да әдебиеттердің сәйкес беттері жазылуы тиіс. Есептеулерге түсіндірмелер, қабылданған шешімдердің негіздемелері қысқа да нұсқа, кезекпен жүруін, және де сөйлемдердің дұрыс құрылуын қадағалау қажет. Құрылғылар мен құрылыстардың барлық есептеулері мәтін арасында қарындашпен орындалған есептік схемалар негізінде жасалуы керек. Түсіндірме хат сиямен қолдан жазылып, парақтары нөмірленуі керек.

І. 2. 2. Жобаның графикалық бөлімі

Жобаның графикалық бөлімі келесілерден құралуы тиіс:

- тапсырмада көрсетілген өзен түбі мен жағасының пішініне сәйкес барлық қажетті белгілеулер мен су деңгейі көрсетілген құрылыстардың схемасы мен осі бойынша қимасынан, және де бекітулер белгілеудегі мен бекітпе типі көрсетілген жағалаулық еңіс пен өзен түбін бекітуі схемасын - масштаб 1:200-1:500;

- торлары, торшалары, балықтан қорғау құрылғысы бар қабылдау терезелері, жағалаулық құдықтың дымқыл камераларының құрылғысы, І көтеру сорғысы станциясы (су қабылдау құдығы сорғы қондырмамен қосылған жағдайда) көрсетілген 1:100-1:200 масштабындағы су қабылдау құрылыстарының пландары мен қималары. Пландар мен қималар мен құрылымдық ерекшеліктерін мейлінше толық көрсетілетін дей етіп берілуі керек;

- қондырылған орны бойынша (оқытушымен ақылдасып) су қабылдағыш элементтерінің бірінің сызбалары (торлар, торшалар, балықтан қорғау құрылғысы, т. б. ) - масштаб 1:10-1:20.

Жобаның графикалық бөлімінің көлемі 1-1, 5 бет.

Сызбаларда құрылыстардың жеке элементтерінің негізгі өлшемдерін, құбырлардың осьтерінің, түптеодің, жабындылардың, су деңгейінің, сорғы осьтерінің, фундаменттердің және т. б. белгілеулерін көрсету қажет.

Сызбалар Конструкторлық Құжаттаманың Бірыңғай Жүйесінің талаптарына сәйкес орындалуы тиіс (2. 001-70; 2. 107-68; 2. 301-68-2. 306-68 және т. б. МЕМСТ-тер) .

Сызбалар қарындашпен немесе тушьпен орындалуы керек.

I. 3. Жобалауға арналған бастапқы мәліметтер

Курстық жобаның бастапқы берілгендері студентке берілетін тапсырма матерталдары болып табылады. Ол өзеннің тоған жармасындағы түбі мен жағасының схема түріндегі көрінісінен, су қабылдау жүйелерінің өнімділігінің сандық мәндерінен, су көзінің гидрологиялық сипаттамаларынан және де су қабылдау құрылыстарының жармасының топографиялық берілгендерінен құралады.

І көтеру сорғыларының станцияларындағы сорғылардың қажетті көтеру биіктігі тазарту станциясының ең жоғары орналасқан құрылысы - араластырғышқа су жеткізу қажеттілігімен анықталады, ондағы су деңгейі тапсырмада беріледі. Сонымен қатар, күштік су өткізгіштердің ұзындығы мен саны көрсетілген.

Тапсырмада берілген гидрологиялық, геологиялық және топографиялық мәліметтер су қабылдағыш типі мен оның технологиялық схемасын таңдауда шешуші рөл атқарады. Су қабылдағыштың секциялар санын, өздігінен ағатын жолдардың санын, жұмысшы сорғылардың санын тағайындау сұрақтары тоғанның өнімділігінен, су берілудің қажетті сенімділігінен және т. б. тәуелді шешіледі.

Құрылыс элементтерінің гидравликалық есептеулері олардың жұмысының сипатты жағдайлары (қалыпты жағдайлар, тездетілген жағдайлардағы жұмыс, т. б. ) ескерілген есептік шығындар негізінде жүргізіледі.

Кемелердің жүзуі мен сал ағынының болуы тоғанның конструкциясы мен орналасуына әсер етеді.

Жобаны орындау барысында тапсырмада берілген мәліметтер жеткіліксіз болып қалуы да мүмкін. Бұл жағдайда студент оларды әдебиеттік немесе анықтамалық-нормативтік көздерден міндетті түрде сілтеме жасай отырып толықтырса болады.

II. ЖОБАНЫ ЖАСАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

2. 1. Жалпы әдістемелік нұсқаулар

Курстық жоба тоғандық құрылыстарды жобалау, құрастыру және эксплуатациялау салаларындағы қазіргі заман зерттеулері негізінде өңделеді.

Су қабылдау құрылыстарының типі мен технологиялық схемасын таңдау, және де олардың элементтерінің есептеулері ҚНмЕ талаптарына [2] сай жүргізілуі тиіс. Жобаның технологиялық және құрылымдық бөлімін орындау барысында кафедра фондындағы типтік жобалар ішінара қолданылуы мүмкін.

Жобалау барысында типтік жұмыстарды қолдана отырып, студент келесілерді есінде ұстауы керек:

1) типтік жоба қойылған техникалық мәселенің шешімінің жалғыз ғана нұсқасы емес;

2) курстық жобаның сәтті орындалуы тек жобаны жасалған типтік жобаларды, сонымен қатар түрлі анықтамалық және ғылыми-техникалық әдебиеттерді өздігінен жан-жақты саралай келе ғана жүзеге асады [1-10] .

Су қабылдау құрылыстарының конструкциялық типтерін таңдау кезінде беріктік пен сенімділік шарттары орындауға ғана көңіл бөлмей, қазіргі заманғы типтеу, стандарттау және жинақылық талаптарын ескеру керек.

Курстық жобаны келесідей ретпен орындау ұсынылады:

1) тапсырма бланкінде жобалауға берілген бастапқы мәліметтерді зерттеп тану.

2) су қабылдау құрылысьарының осі бойынша пішін сызып, сол сызбада сипатты су мен мұз деңгейін, өзен түбі мен жағалауының топырақтарын бейнелеу. Вертикалды масштабты горизонтальды масштабқа тең етіп алу керек, мысалы, 1:200 немесе 1:500.

3) Су қабылдағыш типін таңдау (өзен аңғарлық, жағалаулық, аралас) .

4) Су қабылдағыштар мен құрылыстар кешені: су қабылдағыш пен сорғылық станция (сорғылық станция жағалаулық су қабылдау-торлы құдықтан бөлек немесе біріккен, су құбырлары өздігінен ағатын немесе сифонды және т. б. ) схемасын таңдау мен оларды пішінде көрсету. Бұл кезде құбырлар мен құрылыстар конструкцияларының элементтерін (қабырғалар, аралық қалқалар, жабындылар) бір сызықпен көрсету керек (денеде емес) .

5) су қабылдау құрылыстарының схемасын жасап, планда сызу, олардың секциялар санын негіздей отырып белгілеу. Схеманы жасау барысында қажет:

- су қабылдағыштың әр секциясы үшін су жинаудың қалыпты (барлық секциялар жұмыс істейді) және төтенше (бір секциясы өшірулі) жағдайларында судың есептік шығынын есептеу;

- сорғылар мен қозғалтқыштарды таңдап алу (жеке сорғылардың саны, типтері, өнімділігі) .

6) тоған элементтерінің гидравликалық есептеулерін жүргізу және оларды таңдау.

7) өздігінен ағатын жолдары бар су қабылдағыш үшін оларды шаю әдісін ойлап табу жәнк оның ұзақтығын анықтау.

8) қажет болған жағдайда су ішілік мұзбен күресу іс-шараларын ойластыру.

9) қажетті жүк көтеру, құдықтардан тұнбаларды жою құрылғыларының есептеулерін жүргізіп, таңдау.

10) су қабылдау құрылыстарының сызбаларын жасау:

- жағалаулық су қабылдау-торлы құдықтың - су қабылдағыш құрылысы жағалаулық типті болған жағдайда; .

- жоғарғы тірек бөліктер мен жағалаулық торшалы құдықтың - су қабылдағыш құрылысы өзен арналық типті болған жағдайда.

Бұл кезде олардың өлшемдері конструктивті беріктілік шарттары, олардағы қажетті құбырлардың, жылжытпалардың, сатылардың, жүк көтеру құрылғыларының, тұнба жою құрылғыларының орналасуынан және ыңғайлы күту мүмкіндігінен анықталады.

11) су қабылдағыштың жылжып кету, қалқып шығу, аударылып қалуға қарсы тұрақтылығын есептеу (оқытушы тапсырмасы бойынша) .

12) өзен түбі мен жағасын бекіту схемасын жасау, және оны сәйкес сызбаларда көрсету.

13) су қабылдау құрылғыларын құрастыру бойынша жұмыстардың жүзеге асырылу әдісін көздеу.

14) су жинау орнында сумен жабдықтау көзінің санитарлы қорғау аймақтарының жобасын жасау.

2. 2. Су қабылдау құрылыстарының типін таңдау мен схемасын жасау

Су қабылдағыш типі гидрогеологиялық, геологиялық, топографиялық және санитарлық жағдайлардан, сонымен қатар, тұтынушылардың су сапасына, оның үздіксіз берілуіне деген талаптарынан және басқа да жағдайлардан (өзенде кемелердің жүзе ме, орман ағызу барма және т. с. с) тәуелді.

Беттік көздерден су жинаудың бір-бірінен жағалауға қатысты су қабылдағыштың орналасуы бойынша ерекшеленетін екі сипатты типі белгілі:

- жағалаулық типті, су қабылдағыш жағада орналастырылады, ал оның су қабылдау саңылаулары әрқашан күтуге қол жетімді болып келеді;

- өзен арналық типті, олардың су қабылдағыштары батырылған және жағадан алыс орналасқан, ал олардың су қабылдау саңылаулары қол жетімді емес.

Сорғылық станцияның жағалаулық торлы құдыққа қатысты орналасуына байланысты олардың жиналуының сипатты екі типі бар: біріккен және бөлек.

Жағалаулық торлы құдықты сорғылық станциямен бір құрылысқа біріктіру тоғанды күтуді айтарлықтай жеңілдетеді, оның жұмысының сенімділігін арттырады, сору биіктігі төмен сорғылар қолданылып, өзендегі су деңгейі өзгеруінің жоғары амплитудасында практикалық қажеттілік болып табылады.

Жағалаулық тоғандардың су қабылдауының қиын жағдайларында су қабылдауы аралас немесе комбинацияланған тоған ұйымдастырып, бір уақытта жағалаулық және су арналық (жағалау-су арналық) су қабылдағыш құрастыру арқылы құрылыстар жұмысының сенімділігінің талап етілетін сабалық және ең минималды мәндеріне қол жеткізіледі. Су қабылдағыштың қандай да бір типін таңдау бойынша ойлар ұсынылатын әдебиеттерде жан-жақты толық келтірілген [1-3, 5, 6, 8, 10] .

Тоғанның типі мен мен схемасын алдын-ала таңдау үшін 1-кестенің берілгендерін қолдануға болады.

Жобалау барысында студент өзендердегі тоғандық түйіндердің келтірілген негізгі схемаларының тоғандардың басқа, нақты табиғи жағдайларда ең тиімді болатын типтерін қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайтындығын түсінуі керек. Ең бастысы, таңдалған схема техникалық және экономикалық жағынан негізделіп, су көзінен суды қабылдау мен оны тұтынушыға жеткізу сенімділігінің қажетті дәрежесі мен категориясын қамтамасыз етуі тиіс.

2. 3. Тоғандардың гидравликалық есептеулері

Тоғандардың барлық типтерінің гидравликалық есептеулерін келесілерді анықтау үшін жүргізеді:

А) су қабылдау маңылауларының өлшемдерін, құбылардың су тазалау торлары мен тоғанның басқа да элементтерінің диаметрлерін;

Б) су күшінің жоғалымдарын, жағалаулық құдықтағы су деңгейінің ең төменгі белгілерін және сорғы осінің рұқсат етілген ең биік белгісін;

Г) тоған жұмысы режимінің гидравликалық сипаттамаларын

2. 3. 1. Есептік шығындарды анықтау

Гидравликалық шығындарды тоғанның қалыпты және төтенше жағдайлардағы жұмысы үшін жүргізеді.

Қалыпты жағдай кезінде бір уақытта тоғанның резервті секцияларынан басқа барлық секциялары жұмыс істеп тұрады.

Тоғандардың типтері және олардың қолданылу салалары

Кесте 1.

Тоғандық құрылыстар
Қолданулу саласы мен шарттары
Тоғандық құрылыстар: Өзен арналық:
Қолданулу саласы мен шарттары:

Жайпақ жағалы кең алқап;

Жаға қасында жеткілікті тереңдіктердің жоқтығы;

Жартастық грунт.

Тоғандық құрылыстар: Бөлек типті
Қолданулу саласы мен шарттары: Өзендегі су жиегінің өзгеру амплитудасы 6-8 м-ге дейін; сорғылардың сору биіктігі 3-4 м-ден жоғары; тоғанның өнімділігі 1 м 3 /с-қа дейін.
Тоғандық құрылыстар: Сифондық сызықтары бар дәл сондай
Қолданулу саласы мен шарттары: Өздігінен ағатын жолдардың үлкен тереңденуң; өздігінен ағатын жолдарды салудың жағымсыз геологиялық және гидрологиялық жағдайлары.
Тоғандық құрылыстар: Торлы жағалаулық құдығы жоқ дәл сондай.
Қолданулу саласы мен шарттары: Сумен жабдықтаудың салыстырмалы түрде таза көзі. Тоғанның төмен өнімділігі.
Тоғандық құрылыстар: Су қабылдағышы батырылмаған дәл сондай
Қолданулу саласы мен шарттары: Ірі әрі жауапты нысандарды сумен жабдықтау; суды бірнеше жиектен жинау.
Тоғандық құрылыстар: Біріккен типті
Қолданулу саласы мен шарттары: Су жиегі өзгеруінің амплитудасы өнімділік 1 м 3 /с-қа дейін болғанда - 6 м-ден жоғары; өнімділік 1-6 м 3 /с болғанда - кез келген.
Тоғандық құрылыстар: Жағалаулақ:
Қолданулу саласы мен шарттары: Жағалау қасында өзен аңғарында жеткілікті тереңдіктердің болуы; тік жар; жартастық грунт; жаға қасындағы судың ластанбағандығы.
Тоғандық құрылыстар: Бөлек типті
Қолданулу саласы мен шарттары: Су жиегі өзгеруінің амплитудасы 6-8 м; сорғылардың сору биіктігі 3-4 м-ден жоғары; тоғанның өнімділігі 1, 5 м 3 /с-қа дейін
Тоғандық құрылыстар: Біріккен типті
Қолданулу саласы мен шарттары: Су жиегі өзгеруінің амплитудасы кез келген; тоғанның өнімділігі кез келген; сорғыларды шығанақ астына орнату қажеттілігі.
Тоғандық құрылыстар: Жер асты бөлігі жеңілдетілген жағалаулық біріккен типті
Қолданулу саласы мен шарттары: Жартастық грунт
Тоғандық құрылыстар: Қосымша арналық су жинауы бар дәл сондай
Қолданулу саласы мен шарттары: Жалпақ жаға; жартастық грунт; жаға қасындағы саба суының ластанғандығы және тасқын суының ластанбағандығы; су жиегінің өзгеру амплитудасы кез келген; өнімділік - 4-5 м 3 /с.

Эксплуатацияның төтенше жағдайларында секциялардың бірі өшірулі болады, соның салдарынан жиналған судың барлығы қалған секциялар арқылы өтеді. Тоған элементтерінің өлшемдері жұмыстың қалыпты жағдайларына қолданылатындай етіп есептеледі, ал су күші жоғалымдары мен сорғылардың рұқсат етілген ең жоғарғы белгісінің есептеулерін төтенше жағдайларда қолданылатындай жүргізіледі.

Жұмыстың қалыпты жағдайындағы тоғанның бір секциясының есептік шығыны ( Q е ) {(Q}_{е}) :

Q е = Q т n Q_{е} = \frac{Q_{т}}{n}
(1)

Мұндағы, Q т Q_{т} - тоғанның есептік шығыны;

n n - тоғанның жұмысшы секцияларының қабылданған саны.

Эксплуатацияның төтенше (форсацияланған) жағдайларындағы тоғанның бір секциясының ( Q е ф Q_{е}^{ф} ) есептік шығыны:

Q е ф = m Q т n 1 Q_{е}^{ф} = \frac{{m \bullet Q}_{т}}{n - 1}
(2)

Мұндағы, m = 0. 7 1 m = 0. 7 - 1 - су жинаудың қажетті сенімділігінен тәуелді алынатын коэффициент;

2. 3. 2. Су қабылдау саңылауларының ауданын есептеу

Су қабылдау саңылауларының өлшемдері мен ауданын анықтау келесі формулаға сәйкес жүргізіледі:

ω б р = 1. 25 Q е V К \omega_{бр} = 1. 25\frac{Q_{е}}{V} \bullet К
(3)

Мұндағы, ω б р \omega_{бр} - су қабылдағыштың бір секциясының ауданы (брутто), м 2 ;

Q е Q_{е} - бір секцияның есептік шығыны, м 3 /с;

V V - жарықтағы қимасына бөлінген су өткізетін саңылауларға судың ағу жылдамдығы, м/с;

К К - саңылаулардың торлардың стерженьдерімен жылжуын ескеретін коэффициент, ол келесі формула бойынша анықталады:

К = a + c a К = \frac{a + c}{a}
(4)

Мұндағы, a a - жарықтағы стерженьдер арасындағы арақашықтық, см;

c c - стерженьдердің қалыңдығы, см.

V V -ның мәнін жұмыстың қалыпты жағдайы үшін су қоймасының режимінің ерекшеліктерінен, негізінен оның лайлылығынан, мұз қатудан, балықтан қорғау талаптарынан, су қабылдау саңылауларының қол жетімділігі мен жабдықталуынан, сонымен қатар жиналатын шығын мөлшерінен тәуелді қабылдайды.

Балықтан қорғау талабын ескермегенде су қабылдау сағылауларына судың рұқсат етілген ағып кіру жылдамдығын:

жағалаулық батырылмаған тоғандар үшін - 0, 2-0, 6 м/с,

өзен арналық батырылған тоғандар үшін - 0, 1-0, 3 м/с деп қабылдау керек.

Күрделі мұз қату жағдайындағы тоғандар үшін кіру жылдамдықтарының мәндерін азырақ етіп алады.

Мұз қату жағдайлары өте күрделі су қоймалары үшін су қабылдағыштарға ағып кіру жылдамдығын 0, 05 м/с-қа дейін төмендету ұсынылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары
Сумен жабдықтау жүйелері. Дәріс
Маңғыстау облысының Қ елді мекенін сумен жабдықтау жүйесі
АРНАЙЫ ЫДЫСТАРДАҒЫАУЫЗ СУЫНЫҢ ҚАУІПСІЗІДІГІ ЕДЕНДІК ОДАҚТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІНІҢ аТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
Түркістан қаласының қысқаша сипаттамасы
Жылыту жүйелерінің элементтері
Жылумен жабдықтау жүйелері
Жылыту жүйелеріне арналған жылу тасымалдағыштар
Астана қаласындағы «Сарайшық» көп қабатты ТК жылыту жүйесі
Су – тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz