Баспасөздегі экономика



І. Кіріспе. Баспасөздегі экономика.
ІІ. Экономист ғалымдар . баспасөзде.
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Үлкен зерттеу мен зор еңбекті талап ететін экономика тақырыбын кез-келген журналисттің қаламымен тербелмейді. Оның негізгі себебі – журналисттерді дайындайтын оқу орындарында салалық оқытудың болмауы. Демек, журналисттерді жалпылама оқытады да, нақты бір салаға ден қойылмайды. Экономиканы жетік меңгеретін сол факультеттің түлектері, алайда, экономика мамандығының қазақ бөлімінде оқитын кейбір білімгерлері тіпті, қазақ тілінде сөйлемейтінін күнделікті көріп жүрміз. Журналисттің қандай да бір саланы жазуы үшін, екінші мамандық алуына тура келеді.
Десек те, әлемдік дағдарыс ешбір журналистті тыныштықта қалдыра қоймас. Дағдарыстың кесірінен пайда болған жоқшылық, азшылық, қымбатшылық та қазіргі баспасөздегі өзекті мәселелердің бірі. Жел тұрды, шөп те қозғалды, яғни экономикалық проблемалар туындады, журналисттің де жазатын тақырыбы пайда болды.
Күнделікті газет беттерін қадағалап жүрген адам «Жас қазақ», «Айқын», «Жас алаш» аталатын басылымдарда бұл тақырыпты көптеп кездесіруге болатынымен келісетін шығар. Алайда, бұл газеттерді қарапайым халық та, экономист ғалымдар да оқиды, сол себепті оның тілі – бұқаралық. Арнайы аудиторияға бағытталған басылымдар жоқ емес, мысалы: «Капитал» газеті.
1. «Айқын» газеті 2008 жыл.
2. «Егемен Қазақстан» газеті 2008 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
І. Кіріспе. Баспасөздегі экономика.
ІІ. Экономист ғалымдар – баспасөзде.
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе. Баспасөздегі экономика.
Үлкен зерттеу мен зор еңбекті талап ететін экономика тақырыбын кез-
келген журналисттің қаламымен тербелмейді. Оның негізгі себебі –
журналисттерді дайындайтын оқу орындарында салалық оқытудың болмауы. Демек,
журналисттерді жалпылама оқытады да, нақты бір салаға ден қойылмайды.
Экономиканы жетік меңгеретін сол факультеттің түлектері, алайда, экономика
мамандығының қазақ бөлімінде оқитын кейбір білімгерлері тіпті, қазақ
тілінде сөйлемейтінін күнделікті көріп жүрміз. Журналисттің қандай да бір
саланы жазуы үшін, екінші мамандық алуына тура келеді.
Десек те, әлемдік дағдарыс ешбір журналистті тыныштықта қалдыра
қоймас. Дағдарыстың кесірінен пайда болған жоқшылық, азшылық, қымбатшылық
та қазіргі баспасөздегі өзекті мәселелердің бірі. Жел тұрды, шөп те
қозғалды, яғни экономикалық проблемалар туындады, журналисттің де жазатын
тақырыбы пайда болды.
Күнделікті газет беттерін қадағалап жүрген адам Жас қазақ, Айқын,
Жас алаш аталатын басылымдарда бұл тақырыпты көптеп кездесіруге
болатынымен келісетін шығар. Алайда, бұл газеттерді қарапайым халық та,
экономист ғалымдар да оқиды, сол себепті оның тілі – бұқаралық. Арнайы
аудиторияға бағытталған басылымдар жоқ емес, мысалы: Капитал газеті.

ІІ. Экономист ғалымдар – баспасөзде.
Экономика тақырыбын дұрыс талқылау үшін, экономист ғалымдарды әңгімеге
тарту – ұтымды. Белгілі сұраққа да аталмыш ғалымдардың жауап бергені – жөн.
Мысалы Айқын газетіндегі келесі мақала мен сұхбаттарды қарап көрейік:
Үкіметтің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-
қимыл жоспарының артықшылығы қайсы, кемшілігі неде?
Ғалым БАЙНАЗАРОВ, қаржыгер:
– Үкімет өзге елдердің жасап жатқан дүниежүзілік қаржы дағдарысына қарсы
күрес әдісін пайдаланып отыр. Көп жағдайда аралас құралдар пайдаланылады.
Мемлекеттік кепілдік, ақша, бюджеттен қаржы бөлу. Осының бәрі бізде бар.
Есептеп қарасақ, бірталай ақша беріліп тұр. 18 миллиард доллардың сыртында
ақша бөлініп отыр. Сондықтан әзірге осы қаражат та жеткілікті. Әрі қарай
бөлінген қаржы жете ме, жоқ па? Келер жылдың екінші жартысына қарай жағдай
белгілі болады. Себебі қазір екінші деңгейлі банктер тарапынан экономикаға
ақша беру азайып кетті. Халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне, ипотекаға
берілетін несие тіпті азайды. Сондықтан қазір осының орнын толтыру мақсат
болып тұр. Дегенмен банктерге қаржы беру мәселесінде әртүрлі көзқарас бар.
Бірақ тап қазіргі жағдайда банктерге мемлекет тарапынан қолдау жасамасақ
болмайды. Үкімет көмегін көрсете отырып, банктерді нақты секторға күштеп
кірістіру керек. Үкіметтің бағдарламасында бұл жөнінде айтылмаған. Менің
ойымша, осы – бір кемшілік.
Жангелді ШЫМШЫҚОВ, ҒБМ жанындағы Экономика институтының Астана филиалы
директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор:
– Үкіметтің дүниежүзілік қаржы дағдарысынан ел экономикасын құтқарып қалуға
жасап жатқан әрекеттерін және оның бағдарлама-жоспарын толық құптауға
болады. Өйткені шын мәнісінде де біздің экономикамыздың бір жақсы жері
Үкіметтің осы уақытқа дейін қанша жерден үлкен нарыққа қол жеткіздік
дегенмен де, біз толыққанды нарық құрып үлгере алған жоқпыз. Міне, осы
бізге тап қазіргі жағдайда үлкен жеңілдік болып тиетін түрі бар. Бізде
екінші сатыдағы бағалы қағаздар нарығы ақыры жүзеге асқан жоқ. Дүниежүзілік
қаржы нарығы бірінші кезекте осы бағалы қағаздар нарығындағы алыпсатарлық,
әртүрлі басқа да осындай делдалдық операциялар нәтижесінде жалған
капиталдың шынайы капиталдан бірнеше мәрте асып түсуінен болып отыр. Ал
бізде жаңағыдай екінші сатыдағы қаржы болмаған соң бұл қаржы дағдарысы
соншалықты үлкен дәрежеде болмайды. Бірақ, өкінішке қарай, бағалы
қағаздардың екінші нарығы болмағандықтан қолдарында қаражаты бар орта тап
өз қаражаттарына пайда табу үшін қозғалмайтын мүлікке ақшасын салуға мәжбүр
болды. Сондықтан да бізде қаржы дағдарысынан гөрі ипотекалық немесе
банктегі құрылыс дағдарысы анағұрлым етек алды. Бұл өткен жылы басталды.
Бірақ біз осы күнге дейін бізде бәрі жақсы деп келдік. Сондықтан
бағдарламаны да кештеу қабылдап отырмыз.
Бақберген ДОСМАНБЕТОВ, сенатор:
– Үкіметтің істеп жатқан іс-шаралары қазіргі жағдайда өте дұрыс. Сондай-ақ
дер кезінде жасалып жатқан қадам деуге болады. Әлемдік қаржы дағдарысының
бірінші кезеңінде Үкімет дұрыс болжам жасай алғандықтан ол біздің елге
соншалықты қатты білінбей өтті. Дағдарыстың екінші екпініне қарсы Үкіметтің
қабылдап отырған шаралары өте орынды.
Себебі мұнайдың бағасына байланысты қазір пессимистік бағамен есептеп
бюджетті қайта қарады. Сөйтіп, бүгінгі таңда нақты бюджет қабылдады деп
ойлаймын. Мұнай бағасы қайта көтеріліп жатса, бірінші тоқсанда-ақ бюджетті
қайта қарап, орнына келтіруге болады. Үкіметтің қабылдаған жаңа
бағдарламасынан әзірге кемшілік көріп отырғаным жоқ. Егер осы айтылған,
белгіленген бағдарламалар дұрыс жүзеге асырылмаса, оны дұрыс ұйымдастыра
алмасақ, сонда кемшілік болуы мүмкін.
Сауалнаманы жүргізген Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
Бұл мақаланың ұтымды жері – саланың мамандарынан сұхбат алу. Мамандар
жаңа бағдарламаны құрғақ сөзбен мақтай бермей, кемшін тұстарын да
көрсеткен, осы уақытқа дейінгі бәрі де тамаша деген лозунгпен жүрген
көзбояушылықты әшкерелеген. Қарапайым халық қашан да мақтағанды емес,
сынағанды жақсы көретінін журналист есте ұстаған. Сондай-ақ пікір айтушылар
жақсы таңдалған: бірі – қаржыгер, бірі – экономика ғылымдарының профессоры
болса, соңғысы – сенатор, яғни билік өкілі. Десек те, журналисттің өзіндік
пікірі керек сияқты. Қашан да қорытынды ой мен халық тыңдар үнді мақала
авторы айтуы тиіс деп ойлаймын, себебі, қарапайым халық үнемі журналисттің
түйініне жүгінеді.
Айқын газетінің көкейкесті аталатын айдарындағы мақалалардың легі
осындай. Айдардың атауы айқайлап тұр, мазмұны – маңызды, қойылатын сұрақтар
– өзекті. Қазіргі таңда көліктілер мен қарапайым жолаушылардың көкейіндегі
сауалға айқындықтар былай жауап іздеген:
Жанармай бағасы арзандады, ал жолақының бағасы неге сол қалпында?
Жетпісбай ДҮЙСЕМБЕКОВ, академик, экономика ғылымдарының докторы:
– Нарықтық экономиканың заңы бойынша шығарылатын өнімге жұмсалатын
шикізаттың бағасы арзан болса, сол өнімнің бағасы да арзан болуы тиіс. Бұл
– бұлжымайтын қағида. Сондықтан бүгінгі әлемдік нарықта мұнай бағасының
төмендегені ішкі рыноктардағы жағар-жанармай, дизель отынының бағасына да
қатты әсер еткені белгілі. Естеріңізде болса, қала ішінде жүретін қоғамдық
көліктердің бәрі жанармайдың қымбаттығын алға тартып, жолақының бағасын
өсіріп алды. Жарайды, нарық заңы солай шығар, жанармайдың қаны жерге тамбай
тұр ғой деп ел бас шұлғыды. Ал енді қазір жанармай құятын стансалардағы
бағаның қалай құлдырағанын да көріп отырмыз. Егер жолақының өсірілуі бір
кездері жанармайдың қымбаттығына байланысты болса, енді ол неге
төмендемейді? Жанармай арзандады емес пе? Мәселе осында. Бұл жерде елімізде
бағаны реттеу мен бақылау тетігінің дұрыс жұмыс істемеуі және соған мүдделі
топтың бар екендігі белгілі болып отыр. Ішкі рыноктағы жанармай бағасының
да нарық талабына қарай арзандамағаны, оның үкіметтің тікелей араласуымен
жүзеге асырылғанын білеміз.
Виктор ЯМБАЕВ, Алматы қалалық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы:
– Алдымен мынаны түсіндіргім келеді. Біріншіден, жанармай бағасы соншалықты
арзандай қойған жоқ. Мұнайдың әлемдік рыноктағы бағасы 2,5 есеге дейін
төмен түссе, ішкі рыноктағы жанармай бар болғаны 10 пайызға төмендеді. Біз
мұнайды сырттан сатып алатын емес, өзіміз сатып отырған елміз. Сондықтан
бұл жерде экспортшылардың құлқыны ерекше рөл ойнап тұр. Жанармайдың бағасы
10 пайызға арзандады деп соған қарай шағып, жолақыны арзандатсақ, ол небәрі
3-4 теңгеге ғана түсер еді. Екіншіден, қоғамдық көліктер тек қана
жанармайдан тұрмайды, оны ұстап тұру үшін коммуналдық төлемдер,
қызметкерлерге жалақы беру, автобустарды жөндеуден өткізу, т.б. толып
жақтан бағасы удай қосалқы қызмет көрсетулер жетіп- артылады. Менің ойымша,
бағаны, мейлі ол азық-түлік, жолақысы болсын, бір жолы еркін бәсекені
дамыту болып табылады. Қоғамдық көліктерді ұстап тұруға мемлекет дотация
беруі тиіс. Англияда, мысалы, қоғамдық көлік муниципалды болып есептеліп,
үкімет дотация бөліп отырады. Содан кейін тұрақты баға қойып, соны ұстап
отырады.
Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика ғылымдарының докторы:
– Бұл жерде бағаны мемлекет тарапынан реттеу мен бақылаудың жоқтығы мен
мұндалап тұр дер едім. Содан кейін қызмет көрсетуші ұйымдар басшыларының
өзара келісіп барып, осы бағаны қайткен күнде де ұстап отыруға бел буғаны
байқалады. Естеріңізде болсын, бағаны нарық ешқашан реттемейді. Монополия
оны өзі көп табыс табу үшін пайдалануы мүмкін, ал халықтың мүддесіне қарай
баға шешілмейді. Оны жоғарыдан реттеп отыру керек.
Дайындаған Алма МҰХАМЕДЖАНОВА
Бұл материалды дайындаған адам өз алдына мықты журналист. Экономика
ғылымдарының докторлары, кәсіпкерлер ассоциасиясының өкілдері тартылғандығы
– соның дәлелі. Цифрлық көрсеткіштердің пайдалнылуы да – ұтымды. Ғылым
докторлары теориялық тұрғыда туындаған проблеманың мәнісін түсіндіре
білген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі
Жарнама нарығы туралы
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама
Бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастар және елдердің сыртқы саясаты аспектілеріндегі көріністері
Жарнаманы қолдану
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕСТЕГІ ЖАРНАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
Аудиовизуалды жарнама
Жарнама агенттігі
Жарнаманың тарату құралдары
Пәндер