Қазіргі кезеңдегі лизингтің қолданылуы


Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімі:
- Лизинг мәні және оның тарихына жалпы шолу
- Қазіргі кезеңдегі лизингтің қолданылуы
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастың жаңа формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тәжірибеде кеңінен тараған.
Бүгінгі таңда қазақстандық экономикаға лизингтік операцияның ықпалы өте зор. Ол банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз әсерін тигізеді. Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік (аренда) ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталады.
Қазақстандық экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру және нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру үшін лизингтің бизнестің атқаратын ролі шексіз. Жалпы лизинг алған кез келген кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жақсартады, инвестициялық процесті жандандырады, сонымен қатар шағын және орта бизнестің бәсекеге жарамдылығын арттырады.
Лизинг мәні және оның тарихына жалпы шолу
Лизинг (ағыл. leasing - жалға алу) - заңды немесе жеке тұлғаның еңбек құралдарын сатып алу орнына басқа біреудің мүлкін пайдалануы; ұзақ пайдалануға тауар түрінде несие беру нысандарының бірі. Пайда алу үшін меншігінде машина, жабдық және басқа мүлік болу міндетті емес, оларды пайдалану құқығына ие болып, табыс табу жеткілікті деген мағынаны білдіреді. Оның жалгерліктен (жалдаудан) негізгі айырмашылығы мынада: лизинг қолданылғанда 3 тұлға қатысады, мүлікті лизингке өткізуді лизинг беруші емес, лизингтік компания жүзеге асырады, тараптардың өзара қатынасы сатып алу - сату шарттары негізінде құрылады, оның арнаулы тармағында машиналар мен жабдыққа техникалық күтімді лизинг алушы меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады деп көрсетіледі, шартта лизинг алушының өзі жалдаған құралдарды сатып алуға опцион (таңдау) көзделеді. Лизинг нысандары:
Қаржы лизингі - ұзақ мерзімді, әдетте, 1 жылдан асатын мерзімдік жалгерлік. Меншік құқығы берілуі немесе берілмеуі мүмкін. Жалгер мүлікті өзінің балансында есепке алады, ал жалға беруші баланстан тысқары есепке алады;
Оперативтік лизинг - лизингтік компаниямен (лизинг берушімен) жасалатын жалгерлік шарт, ол жабдық жеткізушіден өтінім бойынша және өзінің есебінен сатып алып, онытапсырыс беруші фирмаға (лизинг алушыға) жалғабереді, бұл фирма жалгерлік ақыны біртіндеп төлейді. Жалгерлік мерзімі мүліктің амортизициялық мерзімінен аз. Мерзімі өткеннен кейін оның жалғастырылуы, мүлікті баланстық құны бойынша өтеуін төлеп алуы, мүлікті лизинг берушіге қайтаруы мүмкін.
Халықаралық тәжірибеде лизингтен басқа рентинг - өтеуін төлеп алу құқығынсыз 1 жылға дейінгі уақытқа берілетін қысқа мерзімді жалгерлік және хайринг - өтеуін төлеп алу құқығынсыз 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақытқа берілетін орта мерзімді жалгерлік қолданылады. Қазақстанда жалгерліктің бұл екі түрін ағымдағы жалгерлік деп атайды. Меншік құқығы табысталмайды, жалгер мүлікті баланстан тысқары шоттарда есепке алады, жалға беруші өтелімді есептей отырып, өзінің балансында есепке алады, оның сомасы алынатын жалгерлік төлем құрамында өтеледі.
Лизинг - арнаулы қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да элементтерін сатып алуды қаржыландырудың өзіндік нысаны. Лизинг компаниясы мүлікті меншіктеу құқын ала отырып, оны үшінші жаққа орташа немесе ұзақ мерзімді кезеңге жалға береді. Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы қолма-қол ақша төлейді.
Лизинг идеясы ежелгі замандарда пайда болған. Тарихшылар мен экономистердің пікіріне тоқталсақ, лизингілік мәмілелер біздің дәуірімізге дейін көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг идеясы біздің дәуірімізге дейінгі Аристотельдің «Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.
XVIII ғасырда Венецияда лизинг операциясына ұқсас мәмілелер болған: венециандықтар саудагерлер мен сауда кемелерінің иелеріне сол кезде қымбат тұратын якорьды жалға берген. Жүзу аяқталғаннан кейін «Шойыннан жасалған құндылықтар» өз иелеріне қайтарылған, ал олар зәкірді (якорьды) қайтадан жалға беріп отырған.
Экономикалық лексиконға «лизинг» терминінің енгізілуі «Белл» телефон компаниясының операцияларымен байланыстылып қарастырылады: 1877 жылы бұл компанияның басшылығы телефон аппараттарын сатуды тоқтатып, оларды жалға беру туралы шешім шығарады.
Лизингілік операцияларды негізгі қызметіне айналдырған алғашқы қоғамдастық 1952 жылы Сан-Францискодағы американдық «Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн» компаниясымен құрылды, әрі АҚШ осылайша жаңа бизнес түрінің, ішінара банктік жаңа бизнес түрінің отанына айналды. Жаңа лизингілік компаниялардың шапшаң өсуі және лизингілік келісімшарттағы шарттардың әр алуан түрленуі әр түрлі экономика салаларындағы кәсіпкерлердің инвестициялық қаражатты алуына беретін әр түрлі нұсқаларын анықтап берді. Осы лизингілік компания кейіннен «қаржы-лизинг» қоғамы атауына ие болды.
Алғашқы қаржы-лизинг қоғамы Батыс Еуропада 50-шы жылдардың соңында - 60-шы жылдың басында пайда болды. 1982 жылы «Локафранс» алғашқы француздық лизинг компаниясы құрылды, 4 жыл өткеннен кейін олардың саны 30-дан асты. 1987 жылы бұл елде жылдық контракт мөлшері шамамен алғанда 57 млрд. франкті құрайтын, жылжымалы мүлік операцияларына маманданған 56 лизингілік компания, сонымен бірге, өндірістік тағайындаудағы үй-ғимарат, құрылғы, жылжымайтын мүлік операцияларына маманданған 94 лизингілік компания болды. Аталмыш компаниялар елдің артта қалған аудандарының экономикалық дамуында үлкен рөл ойнайды. Францияда аса ірі лизингілік компанияларға «Локафранс», «Слибай», «Локабай», «Софимобай», «Слиминико» және т. б. жатады.
Италияда алғашқы лизингілік компания 1963 жылы құрылды, алайда жалгерлік бойынша операциялардың ең шапшаң өсімі кейінірек - 70-80-ші жылдары байқалды. Италия жалгерлік мекемелердің көп болуымен ерекшеленеді. Елдің 30 мыңнан да көп кәсіпорынға өз қызметтерін ұсынатын аса ірі лизингілік компаниялары - «Локафит», «Итализ», «Гентролизинг», «Савализинг», «Локат».
60-шы жылдардың басында лизингілік бизнес Азия құрлығында да дамыды.
Қазіргі таңда әлемдік лизингілік қызмет көрсету нарығының негізгі бөлігі «АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония» үшбұрышына шоғырланған. Батыс Еуропада лизингті көбінесе компаниялар береді. 75-80% жағдайда оларды банк бақылайды немесе олардың еншілес қоғамы болып табылады. Қызмет көрсетулерді қаржыландырудан сату-сатып алу, лизинг және қарыз комбинациясын қамтитын «қызмет көрсетулердің пакетіне» дейін лизингілік операцияларды ұлғайту Жапонияға тән болып отыр. Бұл қызмет көрсетулер кешенді лизинг атауына ие болды.
Еуропалық лизингтік нарық шапшаң даму үстінде болса да қарқыны жағынан АҚШ-тан, Азия - Тынық мұхиты аймағынан әрі Австралиядан артта қалып қояды.
Бүгінгі уақытта халықаралық лизинг институттарының көптеп құрылуы тән болып отыр. Мәселен, Еуропалық лизинг қоғамының бірлестігі (штаб-пәтері Брюссельде) 17 еуропалық мемлекеттің қоғамдары мен одақтарын қамтиды.
Кейбір мемлекеттердің үкімет органдары лизингті шағын бизнесті қолдаудың айрықша формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, Жапонияда шағын кәсіпорындарға лизингілік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін органдар жүйесі арнайы құрылған. Ішінара, 1966 жылы мекемеге айналған лизингілік құрал-жабдық жүйесі ұлттық және префектуралық үкіметтің несие берушісі ретінде қатысады.
Ресейде лизинг көпке шейін салыстырмалы түрде аз мөлшерде тек халықаралық сауда-саттықта ғана қолданылып келген болатын. Мамандандырылған лизингілік кәсіпорындарының («Арендомаш», «Колумб», «Интер лазер лизинг») және лизинг компанияларының («Россия», «Молдово-лизинг») құрылуы, коммерциялық банктердің осы операция түрін белсенді түрде қолға алуы Ресейдегі лизингілік қызмет көрсету нарығының іргетасын қалап берді.
Қазіргі кезеңдегі лизингтің қолданылуы
- Лизинг түрлері оның жіктелу белгілеріне қарай былай бөлінеді:
- Мәмілеге қатысушылардың құрамы;
- Лизингке берілген мүліктің тұрпаты;
- Мүліктің өтелу деңгейі;
- Амортизация шарты;
- Қызмет көрсету ауқымы;
- Операция өтетін нарық секторы;
- Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы;
- Лизингілік төлемдердің сипаты.
Мәмілеге қатысушылардың құрамына қарай лизинг мыналарға бөлінеді:
а) Тікелей лизинг, онда мүліктің меншік иесі (жеткізуші) лизингке объектіні дербес береді (екі жақты мәміле) .
ә) Жанама лизингте мүлік делдал арқылы беріледі. Бұл жағдайда классикалық үш жақты мәміле (жеткізуші - лизинг беруші - лизинг алушы) немесе брокерлік фирма, трастық компания, қаржыландырушы мекеме және т. б. қатысушылармен көп жақты мәміле - аса ірі әрі күрделі мәміле орын алуы мүмкін.
Мүліктің тұрпатына қарай лизинг былайша бөлінеді:
а) Жылжымалы лизинг.
ә) Жылжымайтын лизинг.
Мүліктің өтелу деңгейіне қарай лизингті былай бөліп көрсетуге болады:
а) Толық өтелетін лизинг, онда бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толық төленеді.
ә) Толық өтелмейтін лизинг, бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.
Амортизацияның шартына қарай толық амортизацияланатын лизинг болады және осыған орай, лизинг объектісінің құны толық төленеді.
- Лизингтің формаларын 2 негізгі түрге біріктіруге болады:
а) Оперативті лизинг - бұл жалгерлік қатынас, онда жалға берілген затты сатып алумен және ұстаумен байланысты лизинг берушінің шығындарыт бір лизингілік контрактінің әрекет ету мерзімі ішінде жалгерлік төлеммен өтелмейді.
ә) Қаржылық лизинг - бұл өзінің әрекет ету мерзімі ішінде құрал-жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның бір бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығынын немесе пайдасын өтеуді қарастыратын келісім.
III. Халықаралық іс-тәжірибедегі лизингілік операцияның формалары кеңінен тараған:
- «Стандарт» лизингісі. Лизингтің осы формасында жеткізуші (жабдықтаушы) мәміле объектісін қаржыландырушы қоғамға сатады. Ал, қаржыландырушы қоғам оны тұтынушыларға өзінің лизингілік компаниясы арқылы жалға береді.
- Қайтарылатын лизингте құрал-жабдықтың меншік иесі оны лизингілік фирмаға сатып, бір мезгілде бұл құрал-жабдықты одан жалға алады. Бұл операцияның нәтижесінде сатушы жалға алушыға айналады.
- «Жеткізуші» лизингісі. Құрал-жабдықты сатушы қайтарылатын лизингтегі секілді лизинг алушыға айналады, алайда, жалға алынған мүлікті ол емес, басқа жалға алушы пайдаланады.
- Өтемдік лизинг. Жалдаудың төлемдері лизингілік мәміленің объектісі болып табылатын құрал-жабдыққа дайындалған өнімдермен төленеді.
- Жаңғыртылмалы лизинг. Осы формадағы лизингілік келісімде жалға алушының талап етуі бойынша құрал-жабдықты оның жетілдірілген үлгілеріне кезең сайын ауыстырып отыруы қарастырылады.
- Қаражат тарту лизингісі лизинг берушінің бір немесе бірнеше несие берушіден жалға берілген активтердің 80%-на дейінгі сомада ұзақ мерзімге қарыз алуын қарастырады.
Банктердің лизингілік мәмілелерді қаржыландыруы негізінен мынадай 2 тәсілмен жүзеге асырылады:
- Қарыз. Банк бір лизингілік операцияға немесе әдетте лизингілік келісімнің тұтас пакетін құрайтын операцияға несие бере отырып, лизинг берушіні несиелейді. Несиенің сомасы лизинг берушінің репутациясы мен несиені өтей алатын қабілетіне қарай анықталады.
- Міндеттемені сатып алу. Банк лизинг берушіден оның клиентінің міндеттемесін шегініс (кері талап ету) құқығынсыз сатып алады. Бұл арады жобаның тиімділігі мен лизинг алушының репутациясы ескеріледі. Бұл тәсіл сенімді қарыз алушылар қатысатын бір жолғы аса ірі мәміле барысында қолданылады.
Лизингілік операцияның негізгі элементтері:
- мәміле объектісі;
- мәміле субъектісі;
- лизингілік келісімшарттың мерзімі;
- лизингілік төлемдер;
- лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер.
Кез келген лизингілік төлемнің құрамына мыналар кіреді:
- амортизация;
- мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг беруші тартатын ресурстардың төлемі;
- көрсеткен қызметі үшін алатын лизинг берушінің табысын (1-3%) қамтитын лизингілік маржа;
- тәуекелділік сыйақысы, оның шамасы лизинг берушінің мойнындағы әр түрлі қатердің деңгейіне қарай анықталады.
Лизинг алуан түрлі қызмет көрсетулермен сипатталады. Бұл қызмет түрлерін лизинг беруші ұсынады. Олардың түрлерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады:
- Техникалық қызмет көрсету лизинг объектісін клиент пайдаланатын орынға тасымалдаумен, лизингіге берілген құрал-жабдықты монтаждаумен және дайындаумен, оған техникалық қызмет көрсетумен және ағымдағы жөндеуден өткізумен байланысты көрсетілетін қызмет.
- Консультациялық қызмет көрсету - мәміле рәсімдеуінің салық салу мәселесі бойынша және басқа да мәселелер жөніндегі қызмет көрсету.
Лизингілік келісімшарт мынадай бөлімдерден тұрады:
- Келісімшарттың тараптары.
- Келісімшарт заты.
- Лизингілік келісімшарттың әрекет ету мерзімі.
- Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
- Лизингілік төлемнің шарты.
- Мәміле объектісін сақтандыру.
- Лизингілік келісімшартты бұзудың тәртібі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz