Экономикалық контрабанда – қылмыс ретінде


Экономикалық контрабанда - қылмыс ретінде.
Жоспар
1. Кіріспе. Экономикалық контрабанданың түсінігі.
2. Наркотраффик және оны шешу жолдары.
3. Кеден қызметкерлерінің контрабандамен күресудегі орны
4. Қорытынды
Экономикалық контрабанда - қылмыс ретінде
Контрабанда дегеніміз - кеден заңдарын бұза отырып мемлекет территориясы арқылы тауарды немесе басқа да заттарды заңсыз түрде өткізу. Бұл сөз италияндық «contra» - қарсы және «banda» үкіметтік жарғы деген екі сөзден құралған.
Контрабанда, ең алдымен мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұсқан келтіреді, себебі біріншіден әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді. Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тиым салынған тауарлар әкетіледі. Кеденнен тауарды заңсыз түрде алып өту келесідей әрекеттре арқылы жасай алынады:
- Кедендік бақылауды айналып өту
- Кедендік бақылаудан жасыру
- Кедендік ұқсастыру құжаттарын немесе құралдарын алдап пайдалану
- Декларация жасамау.
Сонымен қатар контрабанда жасағаны үшін лауазымды адамдар да жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚР ҚК бойынша жауапқа тартылады.
Контрабанданы тасымалдау түрлері:
- Контрабанда заттарын кеден бекеттерінен, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін ҚР заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа органдарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізілетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді.
- Тауарларды және өзге де құнды заттарды жасыру, оларды құпия және тығу немесе табуды қиындататын басқа әдістер қолдану.
- Кеден органдарына жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған, сондай ақ жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды мөрлер, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай ақ құралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады.
- Алып кетуге тиым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құндылық заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация беру міндеттерін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.
Біздің мемлекетімідің тарихында контрабанданың экономикалық, әлеуметтік әсіресе саяси қауіптілігі әрдайым үлкен болды. Контрабанданың біздің елімізде кең өріс алуы географиялық орналасу әсер етті. Ежелден бері Ұлы Жібек Жолының біздің территориямыздан өтуінен, Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын жол екендігін біле аламыз. Қазақ далалары арқылы Ресей мен Қытайдан, орталық Азия мемлекеттерінен Еуропаға дейін түрлі тауарлар тасымалданып отырды.
Қазақстаннның әрі қарай өркендеп дамуына экономиканың сыртқы саясаты үлкен рөл атқарады. Бұл бағытты ұстана отырып мемлекет халықаралық экономикалық аренаға шықты. Бірақ, оның өзіндік артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де аз емес. Мысалы қылмыстық пен кеден заңдарының бұзылуының жоғарылауы, елеулі экономикалық шығындар мен мемлекеттке келетін саяси зиянның артуы.
Бүгінгі күні ҚР кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі сот қаулысының №6 тіркемесінде берілген. Оған ғылыми, көркемдік, табиғи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрілер, радиоэлектронды құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті құрылған құрылғылар, жарқырауық тастардың, коллекциялық және сирек минералдардың, полионтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто, мото, көлік құралдары және басқалар кірген.
Қазіргі қолданыстағы қылмыстық кодекске сүйене отырып, экономикалық контрабанданың ауыр қылмыс қатарына жататындығын көре аламыз. Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың айтуы бойынша: «Конрабанда үшін жауапкершіліктің артуы үшін кодекс мемлекеттік қызметшілердің жұмыс бабын пайдалана отырып жасаған және ұйымдасқан топтар арқылы жасалатын қылмыстарды тағайындап, олар үшін жазаны қатаңдатты».
Нашақорлық контрабандасын шешу жолдары
Қазіргі таңда қылмыстылықтың өсуіне байланысты елеулі зардап әкелетін қылмыстың түрі нашақорлық контрабандасы. Бүгін нашақорлық бизнесі халықаралық аумаққа жайылған, тамыры тереңге батқан ғаламдық проблемаға айналды. Бұл проблеманы шешуге әр мемлекет өз территориясында ғана әрекет істемей, сонымен қатар халықаралық қатынастар арқылы ат салысуы керек. Нашақорлық контрабандасы ауқымды көлемге жеткені соншалықты, оның тек әлеуметтік-психологиялық атмосфераға жайылып қоймай, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік- нравственность өміріне және ұлт перспектива әсер етеді.
Қазақстандағы Интерпол басшысы Карикболов Б айтуы бойынша: «Соңғы он жылда Қазақстан наркобизнесі үлкен аумаққа жайылды. Қазіргі халықаралық деңгейде Қазақстан әлемге нашақорлықты тасымалдап отыратын мемлекет ретінде танылды. Біздің еліміздің территориясы арқылы Ош каналы өтеді, бұл канал бойынша Афганистан нашақорлығы Ош, Қырғызстан, Қазақстан арқылы Ресейге тасымалданады».
Қазіргі таңда біздің елімізде нашақорлыққа қарсы келесідей құжаттар жүзеге асуда:
- «Нашақорлық заттар мен психотрипты заттарға тиым салынатын» заң.
- БҰҰ-ң нашақорлыққа бақылау орнату жөніндегі конвенциялар 1961ж, 1971ж, 1988ж.
- 1997ж 20 шілдеде шыққан ҚР Президентінің жарғысы.
- 1997-98ж аралығына арналған қылмыстылыққа қарсы мемлекеттік прогамма
-“Қазақстан республикасында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы” ҚР Президентінің 29. 11. 2005 жылғы жарлығы.
- “Қазақстан республикасында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы” ҚР Президентінің 29. 11. 2005 жылғы жарлығы
Соңғы он жыл ішінде елдің нашақорлық контрабандасы он есеге асты. Демек, наркобизнестің деңгейі мен жүйесіндегі елеулі өзгерістер КСРО-ң ыдырауынан кейін орын алды. Егер, 1991ж 8275кг марихуана, 740 кг мак соломкасы және 37кг опиым тәркіленсе, 1996ж тәркіленген нашакорлықтың жалпы массасы 12тонна құрды, соның ішінде 9487кг марихуана, 328кг мак соломкасы және 501кг опиым тәркіленді.
2007ж КНБ наркотрафиктің он каналын ашты, оның бесеуі халықаралық каналдар. Толығымен өткен жылы 95кг нашақорлық тәркіленді, соның ішінде 25кг героин, 53кг опиум, 555гр кокаин, 732 экстази дәрілері. Толығымен 31 қылмыстық іс қозғалды.
Бас прокуратура мамандарының айтуы бойынша нашақорлық жастар арасында дамып келеді. Осыған орай 2006ж прокуратура жұмысшылары Алматының 19 жоғарғы оқу орындары мен колледждерде арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізілген болатын. Қазіргі кезде жастар арасында жиі қолданылатын нашақорлықтың түрі «кокаин», оның 1гр үшін құны 300 АҚШ долларына дейін жетеді. Бұндай нашақорлық біздің елімізге Германия, Польша, Прибалтика елдерінен Ресей арқылы әкелінеді. Сонымен қатар жаңадан пайда болған психотропты дәрінің түрі «экстази». Өткен жылдың шілде айында Алматы қаласында экстази дәрілерінің үлкен партиясын қабылдауда ірі нашақорлық каналдарының бірінің ұйымдастырушысы қамауға алынды. Жалпы бұл операция кезінде 582 экстази дәрілері тәркіленді.
Глобализация салдарының бірі бұл заңсыз миграция. Соңғы статистикалық ақпараттар бойынша контрабанда әсіресе заңды емес тұлғалар арқылы таратылуда. Демек, заңды емес миграция наркотраффик мәселесімен тығыз байланысты болып келеді.
Соңғы жылдары Орта Азия мен шет ел мемлекеттерінің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, контрабанданы жоюдағы келесідей концепция қалыптасты:
Бұл концепцияның негізгі маңыздылығы мемлекеттің іс-шараларды екі тұрақты сатыда өткізуі:
- Жалпы сатыда
- Жүйелі сатыда
Бұл концепцияның жүзеге асуын жақсарту үшін контрабанданы жою құзыретінде түрлі сатылардағы субъектілердің әрекеттерін орналастыру. Бірінші сатылы органдар болып келесілер танылады:
- Кеден
- Шекара
- Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бөлімшелері
- Ішкі Істер Министрлігінің бөлімшелері
- Салық полициясының бөлімшелері
Ал, екінші сатыда барлық қалған органдар мен қызығушылық танытқан министрліктер орналасады, мысалы: миграция жөніндегі агенттік, білім және өнер министрлігі және т. б.
Нашақорлық контрабандасын шешу амалдары:
- Мемлекетте нашақорлықты анықтайтын ведомстваларда кинеологиялық қызметті жақсарту.
- Шет ел мемлекеттерінің арнайы қызметтерімен қарым-қатынас орнату.
- Жоғары мамандандырылған кадрлар дайындау.
- Жаңартылған аппараттар мен қондырғыларды орнату.
- Ақпараттық-психологиялық ықпал ету
Кеден қызметкерлерінің контрабандамен күресудегі орны
Контрабанда мәселесімен күресте аса маңызды рөлді кеден жұмысшылары атқарады. Экономикалық қылмыстылықтың алдын-алу өте күрделі жұмыс болып келеді. Ол өзінің мәні қиын, бірақ қоғамның барлық салаларының бірігуімен ғана жүзеге аса алатын жұмыс.
ҚР/да біркелкі кедендік саясат жүзеге асуда. Өз кезегінде ол, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда косымша белгі ретінде орын алады. Кедендік саясат үкімет билігінің орталығының басшылығында жұмыс атқарады. Негізгі мақсаттары мынадай:
- Қазақстан рыногын қорғау
- Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларының құқықтарын қорғау
- Экономиканың дамуын жүйелендіру
- Конкуренция мен заңды емес әрекеттерді болдырмау
- шет ел инвесторларын тарту
- сауда саясатының сұрақтарын шешу.
Қазақстан ұлы жібек жолындағы ең ірі транзиттік мемлекет болып табылады. Еліміздің реабилитация тек жақын жердегі мемлекеттер емес, сонымен қатар алыс мемлекеттер де қызықтырылған.
ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1995ж 20 шілдесіндегі жарғысы бойынша:
. . . 8) Контрабандалық заттар болып келесілер табылады: нашақорлық заттар мен психотропты дәрілер, қару-жарақ, Қазақстанның немесе шет елдердің архелогиялық, тарихи және мәдени мұрасы болып табылатын заттар, интеллектуалды меншік объектілері, жойылу қауіпі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар табылады.
Контрабанданың алдын алуында бірінші орынды кеден ісіндегі экономикалық саясат алады. Бұл әрекеттер мен қоса, республика аумағына тауарды кіргізу мен шығаруға шектеулер орнату да контрабанданың алдын алады. Орнатылған шектеулер өзінің түріне, уақытына, экспорттың және импорттың көлемдік шектеулеріне және географиясына байланысты болып келеді.
Контрабанданың алдын алуында маңызды рөл жалпы кедендік заңдарды бұзуын тоқтату. Кедендік заңдарды бұзудағы басты себептер:
- Территорияның алқаптылығы, ол өз кезегінде кедендік бақылауды шектейді.
- Керекті кедендік посттардың болмауы.
- Кедендік бақылаудың техникалық базасының толыққанды болмауы.
- Компетентті кадрлардың азшылығы.
- Кедендік қылмыстардың латенттілігі.
- Кеден арқылы тауар, валюта және бағалы заттардың наменклатурасының кеңеюі.
- Нашақорлықтың, қару жарақтың және әскери қордың бекітілген схемасы.
Енді, өткен жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, еліміздің сыртқы сауда көлемі 80 625млн АҚШ долларын құрады, 2006ж салыстырғанда бұл көрсеткіш 30% өсті. Контрабанда үшін айыпталғандардың ақшалай айыппұлдары 7, 9 млрд теңге құрап, 100кг героин тәркіленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz