Табиғат ресурстары және табиғатты ұтымды пайдалану


Жоспары

І Кіріспе

ІІ Табиғат ресурстары және табиғатты ұтымды пайдалану

2. 1 Өндірістің экологиялық шығындары және оларды қысқарту

жолдары

2. 2 Қоршаған орта сапасын басқарудың практикалық әдістері

ІІІ Қорытындысы

Қолданылған әдебиттер

Кіріспе

Табиғат дегеніміз - мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық - энергетикалық, информациялық және әртүрлі табиғи құбылыстардың жиынтығы.

Табиғи ресурстар: атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы.

Таусылуына байланысты табиғи ресурстар: сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.

Сарқылмайтындарға: біздің планетаға қатысты сыртқы үрдістер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулесінің энергиясы және онан туындайтындар - жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энегиясы, космостық шаң, атмосфералық ауа, жауын-шашын, жел, жер қойнауындағы жылу.

Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бқлінеді.

Қалпына келмейтіндерге - пайдалы қазбалар - металл, т. б. құрылыс - материалдар, тас көмір жатады.

Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану алдағы уақытта төмендейтін болса, олардың қоры азайатыны сөзсіз. Ғалымдардың болжамы бойынша алюминий қоры 500-600 жылға, темірдікі 150, мырыштікі 200-230, қорғасындікі 20-30 жылға жетеді екен.

Қолдану нәтижесінде жойылатын табиғи ресурстар бар. Мысалы, газ, көмір, мұнай, жертезек т. с. с. Онан таралатын - қолдану нәтижесінде жойылмай бір түрден түрге айналатын ресурстар, мысалы, темір және басқа металдардың рудалы, фосфор, күкірт т. б.

Табиғат ресурстары және табиғатты ұтымды пайдалану

Табиғатты тиімді пайдаланбау әсерінен орны толмайтын ресурстар қатарына тұщы су және оттегі және т. б. қосылды. Сарқылатын қорлардың кейбір түрлері мүлдем сарқылатын жағдайға жеткені қазір белгілі. Мысалы, соңғы 400 жыл ішінде жер бетінен құстар мен сүтқоректілердің 130 түрі жойылып кеткен. Қызыл кітапқа жыл сайын бірнеше түрлер кіруде.

Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады. Топырақ барлық материалдық игіліктің негізі, әр адамның жақсы тұрмыс жағдайы, оның ең басты қасиеті құнарлылығы. 1 см қалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай, 20 см қабат үшін 5-7 мың жылдай уақыт керек. Ал бұл қабаттардың жойылуына өте аз уақыт керек 1-2 сағат. Жарамды жердің көлемі жылдан - жылға азайуда. Ресейде - 0. 94 га; АҚШ - та - 0. 63, Қытайда - 0. 16, Германияда - 0. 15 га, Ұлыбританияда - 0. 13 га, Жапонияда - 0. 14 га, Қазақстанда - 2. 25 га. Дүние жүзінде өңделетін топырақ мөлшеоі 0. 28 га/адамға.

Соңғы оң жылдықта ғылыми техникалық жетістіктердің жылдам өріс алуы, адам саны мен өндіріс мөлшерінің өсуі - "адам-табиғат" -жүйесіндегі мәселенің шиеленісуі, өркениеттің ары қарай дамуына қауіп төндіріп, ғаламдық экологиялық мәселелерін туғызып отыр. Табиғи ортаға қазіргі жағымсыз әсерге себепші болып отырған экономикалық өркендеу болып табылады ма деген қорытынды туындайды. Бұл өзінің әсерін, біріншіден, табиғи ресурстардың жүдеуіне, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жоғалып кетуіне, екіншіден, бұрында байқалмаған жаңа құбылыстар мен үрдістердің пайда болуына әкеліп соқтырып отыр. Бұған ең алдымен, себеп болып отырған өндірістің қарқынды дамуын, осыған байланысты жердегі тіршіліктің нашарлауын, қоршаған ортаның интенсивті ластануын жатқызуға болады.

Қазір дүние жүзінде ғаламдық экологиялық мәселелерді шешетін экономикалық механизмдерге назар күрт өсіп отырғаны байқалады. Мұның өзіндік объективті себептері бар. Біріншіден, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында экономикаға назардың артуы, екіншіден, көптеген экологиялық мәселелердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмен болуы мен оны шешуге қаражаттың жетіспеуі себеп болып отыр. Үшіншіден, экологиялық тұрақтылықсыз экономикалық өсу мүмкін емес. Төртіншіден, табиғатты қорғау қызметінде және табиғи ресурстарды пайдаланудағы материалдық жауапкершіліктің пайда болуына, экономикалық ынта тудыруға мүмкіндік беретін - бұл экономикалық механизм табиғатты пайдалану мәселесін шешетін ең тиімді жол.

Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану сферасындағы адам және табиғаттың қарым-қатынасын экономизациялау - табиғи ресурстарды пайдалану экономикасы - жаңа білім бағытын тудырып отыр.

Табиғи ортаны тиімді пайдалану - ол табиғи ресурстарды пайдалануда өнеркәсіптік қатынастарды жақсарту шаралары мен қатынастар. Сондықтан, табиғи ресурстарды пайдалану сферасындағы өндірістік өзара байланыс әдістемелік нұсқаудың зертеу тақырыбы болып табылады.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану заңдылықтары мен ережелерін зерттейтін ілім негізінде табиғатты қорғау стратегиясының экономикалық негізі құрылады немесе пайда болады. Табиғи ресурстар өнеркәсіпке иінеді, соған байланысты бағаланады. Өкімет бюджетіне табиғи сектордан түсетін қаржылар табиғи ресурстардың экономикалық құндылығын анықтауға ықпал етеді және де табиғи потенциалды пайдаланудан тиімді амалға әрекет жасайды.

Өндірістің экологиялық шығындары және оларды қысқарту жолдары

Кез келген өндірістік қызмет міндетті түрде қоршаған ортаға әсер етумен байланысты. Бір тауарды өндіру табиғи ортаның ірі масштабта ластануына әкелсе, екіншілері керісінше. Сонымен қатар ластану шамасы тікелей өндірістік мекемелер өткізетін табиғатты қорғау жұмыстары арқылы қысқаруы мүмкін. Экономикалық тұрғыда бұл - өндірістің экологиялық шығынының 2 түрін пайда етеді. Біріншіден, өндіріс нәтижесінде табиғи ортада шоғырланатын зиянды заттардың табиғи ортаға тигізер экономикалық шығыны, екіншіден, зиянды заттардың табиғи ортада ыдырауына шек қою шаралары, яғни, табиғатты қорғау жұмыстарына жұмсалатын шығын. Яғни, біреуін үнемдесек, екіншісінің шамасы артуы мүмкін. Өнеркәсіп салаларының табиғи ортаны қорғау шараларына жұмсалатын шығыны төмендегідей бөліктерді қамтиды:

- жалпы, табиғат қорғау жұмыстарына жұмсалатын қаражатты сипаттайды;

- шектеулі, қосымша қалдықтардың зиянды қасиеттерін жоюға жұмсалатын қосымша шығынды сипаттайды;

- орташа, бір тонна қалдықты зиянсыздандыруға орта есеппен қанша шығын кететінін анықтайды.

Ластаушылар мен шығын көретіндердің мүдделері бір болмайды. Өндіріс үшін табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының төмендеуі тиімді, ал қоғам - табиғи ортаның ластануынан пайда болатын зиянның төмендеуін қалайды. Қалдықтарды төккізбеуге кететін шығынды өндіріс орындары төлейді, сондықтан да басқа экономикалық көрсеткіштерде көрініс табады. Бұл шығын өнеркәсіптің экономикалық дамуына әсер етеді. Керісінше, табиғи ортаның ластануынан шыққан экономикалық зиян кәсіпкер мен басқалардың шығыны ретінде қарастырылады (яғни жекеменшік емес - сыртқы) . Сыртқы немесе экстернальды шығын - табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі категориясы. Олар белгілі табиғи ресурс шектеулі бола бастаған жағдайда пайда болады, (мысалы, атмосфераның өзіндік тазарту қабілеті кей жерлерде нашарлайды және ары қарай қалдықтардың өсуі оның ластануына әкеп соғады) . Бұл ресурсты пайдалана білгендер ұтады, ал қолы жетпегендер - біріншісінің әрекетінен шығындалады. Екіншісінің шығыны бірінші үшін экстернальды болып табылады.

Нарықтық қатынаста табиғатты қорғау стратегиясын іске асырудың қолайлы бағыты - кәсіпкершіні барлық ішкі және сыртқы шығынды төлеуге мәжбүр ету. Басқаша айтқанда, сыртқы шығынды оның ішкі шығынына айналдыру, сонда өндіруші стратегиясы қоғам стратегиясын қанағаттандырады. Бұл қоғамдағы төлемді тағайындаумен жүзеге асады. Төлемнің құны экономикалық шығын көлеміне немесе сыртқы экономикалық шығынмен бірдей болсын деп құруға болады. Бірақ бұл төлемді анықтау өте күрделі және қосымша әкімшілік шығынды талап етеді.

Қоршаған ортаның сапасын ба, әлде дамыған цивилизацияның артықшылығын ба таңдап алудың қиындығы жоқ. Ол үшін бірін екіншісімен салыстыра отырып, сәйкес шешімге келу қиын емес, яғни өзіне лайықты таңдау жасау. Егер таңдауды бір ғана жеке адам емес, бүкіл қоғам талап етсе, онда қиыншылықтар тууы мүмкін. Түрлі әлеуметтік топтардан тұратын қоғам үшін қоршаған ортаның сапасы мен қосымша игіліктердің арасында таңдау өткізу өте қиын. Түрлі қоғамдық топтардың мүдделерінің сәйкес келмеуі табиғат қорғау стратегиясын іске асыруда қиындықтарды тудырады. Шешімнің қабылдануына көптеген факторлар әсер етеді, ең негізгісі - экологиялық нәтижелер үшін қоғамның барлық материалды игіліктерден бас тартуға дайын болуы. Философиялық көз-қарас бойынша мәселе, мұнда тұрақты даму туралы болып тұр, оның мақсаты табиғат қорғау шығын мөлшері мен басқа игіліктерді тұтыну мүмкіндігі пара-пар болатындай жол табу.

Табиғи ортаның белгілі сапасына деген сұраныс, оны сақтап қалуға төлем бере алатындықты анықтайтын көптеген факторларға байланысты. Сондықтан, оның сапасын талғаудағы ең маңыздысы табиғат қорғау қызметтерді қаржыландыру болып табылады. Төлемнің екі принципі белгілі. Біріншісі, кәсіпорын-өндірушінің табиғат қорғау шараларына деген шығынымен байланысты. Бұл принцип бойынша "ластаушы төлейді". Мысалы, кәсіпорын керекті көлемдегі қалдықтарды төгуге рұқсат алады және сол құқықтарды сатып алуға белгілі қаржы мөлшерін бөледі. Басқа да жағы бар. Қоғам немесе оның кейбір топтары қоршаған ортаның жағдайын жақсартқысы келеді және сол үшін өздері төлеуге дайын. Мұндай принцип "жәбірленуші төлейді".

"Ластаушы төлейді" деген принцип екі жолмен іске аса алады. Біріншісі, ластағаны үшін төлем енгізу, ол бір жағынан кәсіп иесіне төлемдерді үнемдеу үшін, табиғат қорғау шығындарын өтеуге мүмкіндік береді, яғни - ол қалған қалдықты төлейді. Екінші жолы - табиғи нормаларды қатаңдатып, кәсіп иесін ашық түрде экологиялық шығынның тек бірінші құраушысы - ластанудың алдын алушы шығынды төлеуге мәжбүр еткізу. Табиғи ортаның сапасын арттыруда қатаң нормалар қабылдаудың тиімді жақтары айтарлықтай.

Қоршаған ортаның қалыптасқан табиғи жағдайы қоғамды қанағаттандырмаса, ал мемлекет өндірушіні өндіріс процесін өзгертуге немесе толығымен өнеркәсіпті тоқтатуға мәжбүр еткізе алмаса, онда экологиялық зиянды кәсіпорындарға көмекке қаржы ресурстарын іздестіру керек болады. Бұл жағдайда "жәбірленушілердің" өздері қоршаған орта сапасын жақсартқысы келеді, табиғат қорғауға қаржы шығарады. Мұндай жағдайда, көбінесе, мемлекеттік және аумақтық бюджеттің қаржылары пайдаланылады. Басқа жолы - қоршаған ортаны қорғауға арнайы салықтарды енгізу болып табылады. Мұндай салықтар кейбір елдерде жұмыс атқарады және "жәбірленуші төлейді" принципінің іске асуы дегенді білдіреді. Негізгі болып, табиғат қорғаушы шығынды өндіруші мен тұтынушыға бөлу мәселесі табылады.

Қоршаған орта сапасын басқарудың практикалық әдістері

Табиғат қорғау қызметтерді басқару жүйесі түрлі елдерде тарихи, саяси, этномәдениет және басқа фактордың әсер етуімен дамиды. Сондықтан да түрлі елдерде табиғат қорғау қызметін басқару әдістері мен құралдары да түрліше болады. Қазіргі кезде табиғат қорғауды басқару әдістерінің үш қоғамдық тобы бар: әкімшілік реттеу, экономикалық стимул жүйесі және табиғат пайдалылығы нарықтық қатынастар. Енді осы әдістердің әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.

Әкімшілік әдістер . Әкімшілік әдісте негізгі орынды стандарттар мен нормативтер алады. Осылай, қоршаған ортаның стандартты сапасы ауаның, су бассейннің, топырақ және басқа табиғи құрамалардың мүмкін болатын жағдайын реттейді. Қоршаған ортаға ластаушы орталықтардан қосылатын элементтердің деңгейі тазалаушы қондырғылар орнатқан соң қаншалықты мөлшерде түсетіні арқылы анықталады. Технологиялық стандарттар тазалау технологиясына немесе өндіріс процесіне белгілі талаптар қояды.

Айыптыларға қойылатын әкімшілік әсердің тіке шараларына мыналар жатады: тура тыйымдар белгілі өндірістер немесе алғашқы ресурстар қоршаған ортаға өте нашар әсер еткен жағдайда - ең дұрыс жолы - оларға толық тыйым салу болады. Егер осы әсердің жалпы масштабына, яғни өнім шығаруды азайту сияқты тиым салынса, онда лимидтер немесе квоталар енгізіледі.

Жерді, суды т. с. қолдануға сертификат берілу табиғат пайдаланудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында бір-біріне қарсы тұтынушыларды реттеуге арналған. Олар стандарттар жүйесімен бірге жоспарланбаған қалдықтардан сақтануға қызмет етеді. Сертификаттар, негізінде, табиғат пайдаланушылар үшін әсер ету лимидтері анықталған кезде ғана беріледі.

Осылайша, табиғат пайдалануды реттеуші әкімшілік әдістер жүйесі алдымен қоршаған ортаның қаншалықты ластануға төзе алатындығын анықтап алуды қарастырады. Осының негізінде сапа стандарттары мен әсер ету стандарттары қалыптасады. Осындай стандарттардың кең тараған формасы - шекті түрде мүмкінді концентрациялар (ШРК) және шекті түрде мүмкінді қалдықтар (ШРШ) . Сонымен қатар, кей заттар немесе әрекет тәсілдеріне тыйым салынады. Олар бойынша толық тиым салатын заңды актілер және қаулылар шығарылды. Осыдан әр кәсіпорынның мүмкіншіліктері анықталды, олар үшін жеке әсер стандарттары мен сапа стандарттары енгізіледі. Оларды біле тұра, кәсіпорынға (сертификат) лицензия беріледі, оның қоршаған ортаға әсер ету құқығын заңды түрде бекітеді.

Экономикалық әдістер. Экономикалық құралдар мен стимулдің ішінде ластау үшін төлемдер мен салықтар негізгі орын алады. Олар әсер етудің жаңаша түрткісі болып табылады және қоршаған ортаға түсетін зиянды заттар мен қалдықтар үшін төлем орнатумен сипатталады. Төлемнің мөлшері ластанудың әлеуметтік-экономикалық шамасына немесе басқа көрсеткіштерге сәйкес болады. Ластағаны үшін салықтар мен төлемдер төленеді, кейбір жағдайда мұндай салық төлеу жаңа тазалағыш қондырғыларын ортатуға кететін шығыннан аз. Сондықтан, кейбір кәсіпорындар үшін тиімді.

Қазіргі кезде ластау төлемі нормативті және нормадан асып кеткен қалдықтар үшін салынады. Төлем барлық кәсіпорындар, мекемелерден меншік формасына байланыссыз жиналып, экологиялық қорларға келіп түседі, онда жиналған салық табиғат қорғау бағдарламаларының іске асуына жұмсалады. Қазір экологиялық қорлар кәсіпорынның төлемінен жиналып, өткізілетін табиғат қорғау шараларының негізгі қаржыландыру көзі болып табылады.

Субсидилер - ластаушы фирмаларға қалдықтарды қысқартуға төленетін арнайы төлемдер. Субсидилер ішінде көбіне кездесетін инвестициялы салық кредиттер, пайыз мөлшері азайтылып берілетін қарыз, олардың кепілдігі, табиғат қорғау жабдықтар амортизациясының тездетуін қамтамасыз ету, соңғы өнім мен бірінші ресурс бағасын реттеуге қаржы бөлу.

Сонымен, экономикалық әдістер жүйесі әкімшіліктен айырмашылығы кәсіпорын-ластаушы қатаң стандарттармен жүктелмейтіндігінде. Кәсіп иесі өз стратегиясын шығын мөлшері мен нәтижеге сүйене таңдай алады. Сонда да барлық экономикалық параметрлер (қалдықтарды төлеу ставкасы, салық, субсидий көлемі) қатаң бақыланады. Сонымен, алдыңғы жағдайдағыдай қоршаған ортаның тілеулі жағдайы қадағаланады, бірақ кәсіп иелеріне таңдау мүмкінділігі беріледі, бұл жағдайға жетуге көмекші стратегия кәсіп иесіне міндеттенбейді, бірақ қатаң экономикалық шектерге енгізілген.

Нарықтық әдістер. Экологиялық ортадағы нарықтық қатынастардың пайда болуы ластану бірліктері үшін нарықтық ыңғайлауын жоспарлайды, фирмаларға ластау құқығын алып-сатуға рұқсат береді. Бұл тәсіл ластауға рұқсаттың бастапқы реттелуінде негізделеді, кейін онымен фирма қамтамасыз етіледі. Әрине, нарықтық қатынастар нарық инфрақұрылымның негізгі элементтерін жобалайды, қалдықтарды алып-сату шарттарын қамтамасыз етеді. Әлемдегі деңгейдегі мұндай элементтер: банктер, ластауға құқылы биржалар т. б.

Нарықтық механизмдегі негізгі принциптердің бірі "көпіршік" принципі. Ол бүкіл аймақ үшін қалдықтардың белгілі мөлшерін бекітуге арналған, ал осы аймақтағы кәсіпорындар, бекітілген көлемді қамтамасыз ету үшін бірігіп тиімді тәсіл таба алады. Бұл жолмен қоршаған ортаның сапасын жақсартуға жұмсалатын шығынды үнемдеуге болады. Мысалы, аймақта ірі электр станциясы мен ұсақ қазан-шұңқырлар қатары орналасқан болса зиянды қалдықтарды, әсіресе, ірі көзден жинап алу тиімді болады, әрбір ұсақ орталықтарға қарағанда. Мұндай жағдайда қаржы тиімді пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Табиғат ресурстарын төлемді пайдаланау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz