Италия телеарналары



I. Кіріспе
Италия телеарналарының тарихы

II. Негізгі бөлім
а) Италия телеарналарының қызметі

ә) Әр телеарнаның сипатамасы

б) Телеарналардағы бағдарламалар


III. Қорытынды
Италия телеарналарының маңызы
Күнделікті баспасөз 60 – 70 жылдары дағдарысқа ұшырап, тек 80 –ші жылдары ғана аяғынан тік тұрды. Жарты ғасырға жуық тоқыраудан кейін, газеттердің таралымы 5 миллионға жеткен кезде, күнделікті басылымдардың болашағына деген сенім ұлғая түсті. Газеттер он жылға жуық тұрақты даму үстінде болды, 1990 жылдың соңында күнделікті газеттердің бір күнгі таралымы 9,713 мыңға жетті.
80 – ші жылдардағы газет ісіндегі жетістіктер Италияны газет шығару жағынан алдыңғы қатарлы елдер дәрежесіне жеткізе алмады. 1993 ж. Италия әр 1000 адамға 111 дана газет шығарып, Еуропадағы артта қалған елдер қатарында қалып қойды.
Италияның артта қалуының екі себебі бар: біріншіден, бұл елде шығаратын газеттер саны аз, 1905 жылы газеттердің қатары көбейіп, 150 – ге жетсе, қалған уақыттары 70 – 90-нан аспады. Бұл көрсеткіш, тек 1946 жылы 136-ға көтерілді. Екіншіден, газеттердің тиражы шағын, мысалы, 1993 жылы бұл елдегі 41 газеттің тиражы 50 мыңнанаспады, 25 газеттің тиражы 200 мыңға жетпеді, тек 13 газеттің ғана тиражы 200 мыңға жетіп жығылды.
Сондай – ақ, Италияның оңтүстік және солтүстік аймақтарындағы газет саны әрқилы. 1990 жылы солтүстікте 45 газет шықса, ал оңтүстікте бар жоғы 15 газет ғана жарық көрген. 90-шы жылдардың басында ақпараттық газеттердің арасынан аймақтық 7 газет ұлттық газеттер деңгейіне көтерілді.
Баспасөз жүйесінде ұлттық газеттер әр уақытта бір-бірімен бәсекеде. Газет рыногындағы үстемдікке Италиядағы ең көне газеттердің бірі – «Коррьера делла сера» мен жаңа газеттердің бірі- «Репубблика» таласуда.
1876 жылдан Миланда шығатын «Коррьера делла сера» газеті бұл елдегі беделді басылымдардың бірі. Соғыстан кейінгі жылдары ХДП саяси билік тұғырында мығым тұрған тұста «Коррьера делла сера» билік басындағыларды қолдап, басқалардан гөрі, өтімді болды. 70-80 жылдары иелері бірнеше рет ауысып, біраз қиыншылықтар болғанымен, қазір де «Коррьера делла сера» газеті Италияның ең ықпалды, басылымдардың бірі.
1970-80 жылдардағы қиыншылықтар «Коррьера делла сера» газетіне «Репубблика» сияқты бәсекелесті өмірге әкелді.
1. Н. О. Омашев, Р.Ш. Бегімтаева
Қазіргі шетел журналистикасы. Алматы, 2000

2. Төрегелді Бекниязов. Халықаралық журналистиканың
дамуы. Алматы, 2003

3. Телевизионная журналистика. Алматы, 1994

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Күнделікті баспасөз 60 – 70 жылдары дағдарысқа ұшырап, тек 80 –ші
жылдары ғана аяғынан тік тұрды. Жарты ғасырға жуық тоқыраудан кейін,
газеттердің таралымы 5 миллионға жеткен кезде, күнделікті басылымдардың
болашағына деген сенім ұлғая түсті. Газеттер он жылға жуық тұрақты даму
үстінде болды, 1990 жылдың соңында күнделікті газеттердің бір күнгі
таралымы 9,713 мыңға жетті.
80 – ші жылдардағы газет ісіндегі жетістіктер Италияны газет шығару
жағынан алдыңғы қатарлы елдер дәрежесіне жеткізе алмады. 1993 ж. Италия әр
1000 адамға 111 дана газет шығарып, Еуропадағы артта қалған елдер қатарында
қалып қойды.
Италияның артта қалуының екі себебі бар: біріншіден, бұл елде
шығаратын газеттер саны аз, 1905 жылы газеттердің қатары көбейіп, 150 – ге
жетсе, қалған уақыттары 70 – 90-нан аспады. Бұл көрсеткіш, тек 1946 жылы
136-ға көтерілді. Екіншіден, газеттердің тиражы шағын, мысалы, 1993 жылы
бұл елдегі 41 газеттің тиражы 50 мыңнанаспады, 25 газеттің тиражы 200 мыңға
жетпеді, тек 13 газеттің ғана тиражы 200 мыңға жетіп жығылды.
Сондай – ақ, Италияның оңтүстік және солтүстік аймақтарындағы газет
саны әрқилы. 1990 жылы солтүстікте 45 газет шықса, ал оңтүстікте бар жоғы
15 газет ғана жарық көрген. 90-шы жылдардың басында ақпараттық газеттердің
арасынан аймақтық 7 газет ұлттық газеттер деңгейіне көтерілді.
Баспасөз жүйесінде ұлттық газеттер әр уақытта бір-бірімен бәсекеде.
Газет рыногындағы үстемдікке Италиядағы ең көне газеттердің бірі –
Коррьера делла сера мен жаңа газеттердің бірі- Репубблика таласуда.
1876 жылдан Миланда шығатын Коррьера делла сера газеті бұл елдегі
беделді басылымдардың бірі. Соғыстан кейінгі жылдары ХДП саяси билік
тұғырында мығым тұрған тұста Коррьера делла сера билік басындағыларды
қолдап, басқалардан гөрі, өтімді болды. 70-80 жылдары иелері бірнеше рет
ауысып, біраз қиыншылықтар болғанымен, қазір де Коррьера делла сера
газеті Италияның ең ықпалды, басылымдардың бірі.
1970-80 жылдардағы қиыншылықтар Коррьера делла сера газетіне
Репубблика сияқты бәсекелесті өмірге әкелді.Экономикалық журналистиканың
негізін қалаушы, қаламы жүйрік Эудженио Скальфари дүниеге әкелген
Репубблика газеті халықтың назарын бірден өзіне аудара білді. Ал ол
Экспрессоның директоры болған кездегі апталықтың жұлдызы жарқыраған
кезеңін ешкім есінен шығара қойған жоқ. Әрине оның журналистік
шеберлігінің, көп жылғы тәжірибесінің айқын көрінісін – осы Репубблика
газетінен көреміз. Ол дәстүрлі Италия газеттерінен өзгеше, бағасы орташа,
сапалы басылым шығаруға талпынады. Скальфари өзіндік бет-бейнесі бар газет
шығару үшін тер төкті. Италиядағы барлығынан аз-аздан хабардар ететін,
газет-омнибустардан бойын аулақ салды.
Таблоидық формат, айшықты тақырыптар, ұжымға талантты, жігерлі
журналистердің топтасуы – оқырмандардың назарын бірден өзіне аударды.
Әуелде 100 мың тиражбен шыққан газеттің таралымы күн санап өсті.
Репубблика бірден елдегі саяси күрестердің ортасында болды.
80 жылдардың ортасында Репубблика газеті билік басындағылар
санасатын, ұлттық басылымға айналды. Сондықтан Репубблика қазір оңшыл
да, солшыл да, центрист де емес, басқарушы топтың либералды газеті
санатында. Италияның ақпараттар әлемін Репуббликасыз көзге елестету қиын.
Үшінші беделді басылым – 1861 жылдан бері шығып келе жатқан
Стампа ұлттық газеті. Бұл басылым алдыңғы екі лидердің жарысына
қатыспағанымен, алыстан демі білініп тұрады. Стампа өзінің ақпараттарының
жан – жақтылығымен, кәсіптік деңгейінің жоғарылығымен, ақпараттарды беруге
объективтілігімен ерекшеленеді. Ықпалдылығы жағынан Стампа еш газеттен
кем түспейді.
Тағы бір ықпалды басылымның бірі – Джорноле. Коррьера делла
сераның иелері ауысқан кезде қарсылық ретінде қызметін тастап кеткен,
көрнекті журналист Индро Монтанелли 1974 жылы Джорноле газетін өмірге
әкелді. Коррьера делла сераға антипод ретінде шыққан тәуелсіз басылым,
кейіннен Берлусконидың қол астына өтеді. 1990 жылғы баспасөз туралы жаңа
заңның нәтижесінде Берлускони бұл газетпен қоштасады. Бірақ газет тым
алысқа ұзамай, Сильвионың ағасы Паолоның қол астына өтеді.
Берлускони алғашында газеттің ұзақ жылғы директоры Монтанеллимен
жап- жақсы түсініседі. Бірақ Берлусконидың банкир Кальвио туралы мақаланы
жариялатпай қоюы, өзіндік көз – қарасы бар, ешкімге тәуелді болып көрмеген
Монтанелли үшін үлкен соққы болды. Ақыры Берлускони екеуінің саяси
көзқарастары үйлеспегендіктен, 1994 жылы Монтонелли отставкаға кетеді.
Бұрынғы әріптестерімен бірлесе отырып, жаңа үлгідегі Воче газетін
шығарады. Жоғарыда аталған ұлттық газеттердің тобын Индепендент,
Джорноле, Авеннире толықтырады. Ұлттық газеттерден кейінгі орында
облысаралық күнделікті газеттер: римдік Мессаджеро, венециялық
Гадзеттино, флоренциялық Национе және Болоньеде шығатын Ресто дель
карлино тұр. Жалпы Италия газеттерінің тең жартысы облыстық және
провинциялық басылымдар құрайды.
Италияда бірнеше кешкілік газет жарық көреді. 8 жылы олардың
таралымы күрт төмендеп, құлдырай бастаған. 1992 жылы (Коррьера
меркантиле, Экспрессо сера, Нотте, Стампа сера) төрт газет атты
шығып тұрса, соңғы кезде кешкілік басылымдар атауымен генуэзиялық Коррьера
меркантиле ғана жарық көруде.
Италия баспасөз жүйесінде ақпараттық газеттермен қаттар, арнаулы
газеттердің үш түрі шығып тұрады. Біріншісі, саяси газеттер тобы, яғни
партиялық басылымдар. Италия журналистикасында партиялық басылымдардың алар
орны айрықша. Республикалық партияның екі күнделікті газеті, (Джорнале
дель пополо, Италиа дель пополо), ал ИСП – нің 50 шақтыц мерзімді
басылымы жарық көріп тұрады. Олардың ішінде Аванти мен Темпоның шоқтығы
биік. Клерикалдардың басылымдары да осы топты толықтырады. Олардың арасында
Ватикан үні – Оссерваторе Романоның рөлі ерекше. Газет неміс, ағылшын,
француз, испан,португал тілдерінде шығып, барлық елдердің епископтары,
діңдар адамдарына таратылды.
Егер 1961 жылы күнделікті газеттердің бір жолғы таралымының 16,8
пайызын саяси басылымдар құраса, ал 80 жылы -4,5 паыйзын құраған. 1993 жылы
бұл елдегі жеті партияның да өз басылымдары болды: ХДП-нің - Пополо,
социалистердің Аванти, ДПЛС – тің - Унита, республикандықтардың –
Юманите, ИСД – нің Секолод Италия және Манифесто қозғалысының
газеттері үзбей шығып тұрды. 1995 жылы Юманите, Аванти газеттері
жабылды. 1896 жылдан бері шығып келе жатқан, әр ұрпақтың үні болған
Аванти газетіне Э.Ферри, кейіннен Муссолини, соғыстан кейінгі жылдары
соцпартияның ірі қайраткерлері С.Пертини, П.Ненни, Б.Краксилер жетекшілік
еткен болатын.Соңғы жылдары партияның күйреуі – газеттің жабылуына әкеп
соқты.
Арнаулы басылымдардың екінші тобын іскер адамдарға арналған
экономикалық газеттер құрайды. Бұл топтағы беделді басылым, Конфиндустрияға
қарайтын Соле 24 газеті. Италия оджи, Оре 12 газеттері де бұл саланы
толықтыра түсті. Экономикалық басылымдарға оқырмандар сұранысының өсуі,
тираждың көтерілуіне әсер етті.
Арнаулы күнделікті басылымдардың соңғы тобына спорттық газеттерді
жатқызамыз. Гадзетто делло спорт, Коррьере депло спорт, Стадио,
Туттоспорт күнделікті таралымның 15 пайызын құрауы, әлем бойынша үлкен
жетістік болып саналады. Осылардың ішінде италияндықтар қағаздың түсіне
қарап, алқызыл деп атайтын, Гадзетто делло спорттың басқаларға
қарағанда тұғыры мығым. Газет редакциясына қаламы жүйрік, танымал
журналистердің жиналуы тиражының өсуіне (600 мың) мұрындық болып отыр.
Өзара бәсекелес спорттық үш газетті Италия журналистикасының үш мектебі, үш
орталығы дес де болады. Әрқайсысының әр дүйсенбі сайын шығаратын арнаулы
қосымшалары бар.
Сонымен, Италияның күнделікті басылымдар жүйесін ақпараттық және
арнаулы (экономикалық, спорттық және саяси) топтарға бөліп қарастырамыз.
Италия газеттерінің типі туралы мәселе әлі де даулы, басы ашылмаған жайт.
Көпшіліктің пікіріне сүйенск, бұл елдің ақпараттық газеттерін – аралас
газеттер типіне жатқызуға болатын сияқты. Баспасөз зерттеушісі Джованни
Бекеллони ақпараттық газеттерді әртүрлі аудиторияға арналған комплексті деп
қарап, газетте tuttofare (жалпыға ортақ газет) деп атаған. Кейбіреулер
мұны Скальфари қашқақтайтын газет - омнибустар деп те атайды.
Италия газеттерінің саяси ақпараттар беруде қара түнекті қаптатып
жазатынын, жаңалықтарды беруде де тосын оқиғаларға көп жүгінетіндігін
зерттеушілер жиі сынайды. Кейбір мамандар, теледидар ғасырыда газетті жеңіл
оқылатындай етіп шығару керек деген пікірде айтады. Газеттердің көпшілігі
бұл пікірге құлақ асқан сынайлы. Дәстүр бойынша бірінші беттің подвалында
берілетін романдардың орнын ақсүйектердің, өнер жұлдыздарының өмірінен сыр
шертетін хроника иемденген.
Италия газеттерін жеңілдетуге тырысқан идеяны қолпаштайтындар да,
қарсы шығатындар да баршылық. Соңғы жылдары дүниеге келген миелизм немесе
Миели моделі ұғымы төңірегіне пікір – таластар көбейді. Мұның авторы –
талантты журналист, танымал редактор Паоло Миели. Алғашында ол Стампаның,
кейінен Коррьера делла сераның редакторы болған.
Баспагердің айтуынша, Паоло келгеннен кейін екі газет те үлкен
жетістіктерге жетіп, Италияға ғана емес, шет елдерге де мәлім бола
бастаған. Бұл жетістікке көңіл көтеретін жеңіл – желпі аспектілермен
бірге, салмақты дүниелерді араластырып беру арқылы жеттік - дейді Миели.
Әрине бұл модельдің жаңашылдығын кез – келген адам мойындамайды.
Күнделікті газеттер апталыққа айналып бара жатыр - деп көңілі
толмайтындар дакездесіп қалады.
Күнделікті газеттер төңірегіндегі айтыс – тартыстардың барлығын,
белгілі журналист Пьеро Оттоне итальян газеттерінің типологиясының
спецификасынан көреді. Оның ойынша Италиада Англия, Германия, АҚШ – тағы
сияқты көпшілікке арналған, күнделікті танымал газеттер жоқ. Сондықтан
қазір салиқалы газеттердің көпшілік оқырмандарды тартуға ұмтылуы - өз
бағытынан жаңылдырып жібергендей. Саяси, мәдени мәселелердің орнын танымал
журналдардағы сюжеттер алмастырған. Шындығында да Италияда көпшілікке
арналған танымал газттер жоқ. Сондай мақсатпен 70 жылдардың соңында жарық
көрген Оккьо газеті көп ұзамай жабылып қалды. Саясатқа көбірек жүгінетін
күнделікті газеттердің оқырманы шектеулі, ал иллюстрациялық апталықтардың
таралу ауқымы кең.
Қандай пікір – сайыстар болмасын, аралас типті Италия
ақпараттық газеттерінде өзгеріс болып жатқаны сөзсіз. Біріншідн бұл жағдай
телеақпараттар әсерінен, оқырман денгейінің өскендігінен болып отырса,
екіншіден газет директорларының ауысып, қартаң адамдардың орнына жастардың
келуіне де байланысты болып отыр.
Соңғы жылдары баспа шығындарының күрт өсуі, жарнамадан түсетін
кірістің азаюы – күнделікті газеттердің бағасын көтеріп жіберді.
Италияның газет тарату ісінде біраз кедергілер бар. Жазылу арқылы
тарату бұл елде бар – жоғы 7 пайыз ғана, осы жолмен тарату Францияда
– 30 пайыз, Ұлыбританияда – 50 пайыз, АҚШ – та 80 пайыз, Жапонияда – 93
пайыз екені белгілі.
Италия газеттерінің 90 пайызы 36 мың киоскідн тұратын сауда –
саттық жүйелері арқылы тарайды. Соңғы жылдары газет баспагерлері
федерациясының талабымен сумаркеттерде, кітап дүкендерінде, автоматтарда
сатуға рұқсат етілді.
Бұл елде газеттерге қарағанда журнал саласы жақсы дамыған. Сан
жағынан да, таралымы жағынан да журналдар жоғары орында.
Соңғы жылдардағы деректер бойынша 10,683 журнал шығарды. Соңғы
жылдары саяси сипаттағы ( -24 пайыз ), кәсіподақтың ( -18 пайыз ), әдеби
( -8 пайыз ), тарихи ( -24 пайыз ) журналдардың саны кеміген. Керісінше
тамақтану саласындағы журналдардың қатары ( +28 пайыз ) көбейген. Діни
басылымдар (502) мен философиялық журналдар (101) молынан шығады.
Тар шеңберде таралатын арнаулы басылымдардың тиражы шағын.
Ақпараттық, иллюстрациялық апталықтар, әйелдер мен балалар журналдары,
католіктік басылымдар, автоәуесқойлар басылымдары, апталықтар италияндықтар
арасында өтімді.
Бұлардың ішінде ақпараттық апталықтардың беделі жоғары.
Ақпараттық апталықтардың бетке ұстары Панорама мен Эспрессо
бір – бірімен бәсекелес. Эспрессо алғашында саясат маңындағыларды
дүрліктіру үшін түрлі мақалалар жазып, немістердің Шпигеліне ұқсауға
тырысқан. Ал 1974 жылдың наурызынан бастап француздардың Экспрессінің
үлгісіне көшіп, өзінің саяси және ақпараттық стилін айқындады. Панорама
алғашында америкалық үлгіде шыққанымен, кейіннен итальяни - зациялану
жолына түскен. Бұлардан басқа беделді басылым – Берлусконидың Мондадори
баспасына қарасты Эпока апталығы.
Бұл басылымдардың қай – қайсысы болмасын жаңару, өзгеру жолында.
Барлығына ортақ өзгерістер де жоқ емес. Төрт ақпараттық апталықтар мұқаба
арқылы оқырман тартуды әдетке айналдырған. Мәселен, 1990 – 1993 жылдар
аралығында жарық көрген 79 нөмірдің 273 мұқабасында жалаңаш тәндер
насихатталған. Әрине, мұндай мұқабалардың арқасында апталықтардың
өтімділігі артты.
Апталықтардағы, журналдардағы, күнделікті газеттердегі
өзгерістердің барлығы – теледидардың әсерінен болып отыр дейді
зерттеушілер. Күнделікті газеттер жарнамадан пайда табуды ойлап, көлемін
ұлғайтқан, ал оны толтыру үшін апталықтардың дәстүрлі тақырыптарына ауыз
салады. Ал апталықтар айлық журналдарға ұқсап барады, сапасы өзгеріп
көпшілікке арналған иллюстрациялы журналдардың да қасиеттерін бойына
сініре бастаған. Тек Панорама мен Эспрессо ғана ақпараттық
апталықтардың белгісін сақтап қалуда.
Десе – дағы, ақпараттық иллюстрациялы апталықтар беделін әлі
жоғалта қойған жоқ. Иллюстрациялы апталықтардың ішіндегі бетке ұстарлары –
Оджи және Дженте. Оджи сыртқы көзге тартымды, журналитік шеберлік
деңгейінің жоғарылығын көрсететін апталық. Оны аяғынан тұрғызған - Эдилио
Рускони. 1955 жылы Оджидың таралымы миллионға жетті. 50 жыл ішінде 2500
номері жарық көріп, онда 84,600 мақала басылса, 173,478 ақ – қара түсті,
81,029 түрлі – түсті фото жарияланған екен. Яғни, иллюстрациялар
мақалалардан үш есе көп жарияланады. Адамзатты қызықтыратын қандай
жағдайлар болса да Оджидің назарынан тыс қалмайды. Қазір апталықтың
таралымы төмендеген (90 мың дана). Оджи журналы Италиядан басқа 62 елге
тарайды – Канададан Австралияға шейінгі, Исландиядан Оңтүстік Африкаға
дейінгі аралықты қамтиды.. Оджи - Швейцарияда, АҚШ – та, Германияда көп
таралыммен таралады.
Аталмыш журналдардан басқа жағажайда дем алып жатқандарға арналған
көңіл – көтеру мақсатында шығатын Новелла 2000 атты журнал да шығып
тұрады. Ел арасында оны итальян өсек аяңының ресми органы деп те атайды.
Иллюстрациялы журналдардың қатарын комикстар журналдары, фотороман
журналдары толықтыра алады.
Италия мерзімді басылымдарында әйелдер журналдары да маңызды орын
алады. Олардың ішінде дәстүрлі итальян әйелдер журналдарының үлгісін
жалғастырушылар да, еуропалық журналдардың көшірмелері де, жаңа типтегі
әйелдер журналдары да кездеседі. Әйелдер журналдарының ішіндегі танымалы,
таралымы жоғарысы – Донна модерна. Бұл журнал жұмыс басты, бірақ бәрінен
хабардар болғысы келетін оқырмандарға арналған. Донна модерна Италиядағы
әйелдерге арналған алғашқы ньюс мэгэзин.
Басқалармен салыстырғанда, өтімділігі төменірек болғанымен,
балалар журналдарының саны әжептәуір. Бұлардың ішінде Уолт Дисней компани
– Италия баспасына қарасты – Тополино журналы танымал.
Италияда шығатын журналдардың тобын тележурналдар толықтыра
түседі. Берлусконидің компаниясынан шығатын Сорризи э концони ТВ апталығы
тележурналдардың ішіндегі таралымы жоғары басылымдардың
(2 млн дана) бірі.
Бұлардан басқа салалық журналдардың түрлері жеткілікті: католиктік
басылымдар, автожүргізушілерге арналған басылымдар, жұлдызнамаларды басатын
басылымдар, сатиралық басылымдар болып бөліне береді.

Ақпарат агенттігі. Кез – келген елдің ақпарат жүйесін ақпарат
агенттіктерінсіз елестету қиын. Италияның ақпарат айдынында халықаралық
деңгейдегі ақпарат агенттіктері жоқ. Бірақ ақпараттар таратуда АНСА ақпарат
агенттігінің бедлі жоғары.
1981 жылдың 5 тамызында қабылдаған заң бойынша мынадай талаптарға
жауап беретін агенттіктер ғана ұлттық агенттік бола алады:
1. Почта және телекоммуникация министрлігі бекітіп берген
каналдар арқылы кем дегенде 5 облыстағы 15 кунделікті газетпен телетайптық
байланыстар орната алған жағдайда.
2. Агенттікте тұрақты түрде 10 кәсіпқой журналист, 15 техникалық
қызметкер қызмет істеуі керек.
3. Агенттік тәулігіне кем дегенде 12 сағат ақпараттар таратып
тұруы керек.
Ұлттық агенттіктер – АНСА, АДЖИП, Кронос, АСКА, АГА,
және Радиокор бұл талаптарға толығымен жауап бере алады. Бұлардың ішінде
АНСА - ның ақпарат тарату ауқымы кең, әлемнің көптеген елдерінде тілшілер
қосыны жұмыс істейді.
Бұлардан басқа партиялардың, кәсіподақтардың,
ассоциациялардың, түрлі қоғамдардың, коммерциялық құрылымдардың 200-ге
тарта кішігірім агенттіктері бар.
Италиядағы алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 –2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Республикалық телеарналар және олардағы авторлық телебағдарламалар әлеуеті
Жаһандық жаңалық таратудың бастауы
Отандық телеарнадағы шетел экспанциясы
«Әл - Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігі
Қарағанды университеті
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Бірінші Қарағанды телеарнасы
Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмал
Қызылорда облысы және Жамбыл облыстық аймақтық арналары Qyzylorda телеарнасы, Zhambyl арнасы
Пәндер