Құқық қорғау органдары жайлы



КІРІСПЕ 3
Құқық қорғау органдары 4
Полиция органдарының қызметі. 4
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. 7
Прокуратура органдарының қызметі. 7
Қорытынды 10
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қайнар Университеті

Тақырыбы: Құқық қорғау органдары

Орындаған: Еркулов А.К

Алматы – 2012

Мазмүны

КІРІСПЕ 3
Құқық қорғау органдары 4
Полиция органдарының қызметі. 4
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. 7
Прокуратура органдарының қызметі. 7
Қорытынды 10

КІРІСПЕ

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға
мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің,
игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің,
шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды
адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді.
Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын,
заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым
қадағалап отырады.

Құқық қорғау органдары

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол
бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде,
шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі
белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а)
құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;
ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен
жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары
мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған:
Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары,
прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт,
санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар,
кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі
және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және
Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

Полиция органдарының қызметі.

Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде
басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және
болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан
ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты
істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2)
патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық
орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол
қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4)
әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;
5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық
тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.
Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы
өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап
шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге;
қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке
толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік
азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға
бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.
Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың
құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға;
заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас
бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды
жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың
тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге
және т.б. құқық береді.
Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа
елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз
аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге
көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып
табылады.
ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің
жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс
істейді.
Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге
байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден
жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен
мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық
қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала
тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату
және алу.
Осылардың ішінен жол полициясына тоқталатын болсақ:
1878 жылдың өзінде қазіргі Жол полициясының фунциялары полиция
урядниктерінің міндетіне кірген.
Олар жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жай-күйін, жасөспірімдердің
уақтылы түзелуін, телеграф сымдарының бүтіндігін, қыс мезгілінде өзендер
мен көлдер, алқаптар арқылы өтетін жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз
етуді, сондай-ақ аралық таңбалардың және жол бойында өскен ағаштардың
бүтіндігін бақылаумен, Стан Приставына көзге түскен кемшіліктерді
жеткізумен айналысты.
Қазан төңкерісінен кейін, нақтырақ айтқанда, 1918 жылдан бастап жол
қозғалысын бақылауды жұмысшы-крестьян милициясы жүзеге асырды. Москва
қаласы мен оның аумағындағы автоқозғалыс туралы тұңғыш нормативтік құжат
1920 жылы 10 шілдеде шықты. 1922 жылы 22 қараша күні Бекет милиционерінің
таяқшаны пайдалану жөніндегі нұсқамасы бекітілді. Сары сапты қызыл
таяқшаны автомотовеломашиналар мен экипаждарды тоқтату жағдайында қолдану
қажет болатын. 1934 жылдың қараша айында Орталық жол-көлік басқармасының
жанынан Мемлекеттік автомобиль инспекциясын ұйымдастыру туралы шешім
қабылданды.
1936 жылдың 3 наурызына дейін автоинспекция ведомстволық орган болып
келді. Осы күннен бастап МАИ жұмысшы-крестьян милициясы Бас басқармасының
құрамына кірді. Ал 1936 жылдың 3 шілдесінде КСРО ХКК МАИ туралы қаулы
қабылдады. Осы күнді МАИ-дың тарихи туған күні деп атауға болады. Егемендік
алған Қазақстанда Мемлекеттік автоинспекция туралы алғашқы ереже ҚР
Министрлер Кабинетінің Қаулысымен 1992 жылы 23 қараша күні бекітілді.
Сондықтан осы күн – Қазақстан Республикасы МАИ-ның туған күні. 1996 жылы 3
қаңтарда Мемавтоинспекцияның атауы Жол полициясы болып өзгертілді. Бұдан
жай атау ғана емес, жұмыстағы басымдылықтар да өзгерді. Қазіргі жол
полициясы қызметкерлерінің бастапқы міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау,
қылмыспен күрес, азаматтарды жол үстіндегі қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі күні жол полициясы қызметкерінің жұмысы тіпті осыдан 20 жыл
бұрынғылардан да айтарлықтай өзгеше: адамдар да, олардың арасындағы қарым-
қатынастар да өзгерді. Енді инспектор жол қозғалысы ережелерін ғана емес,
сонымен бірге заңды, психология негіздерін, компьютерді қоса алғанда
заманауи техниканы т.б. өте жақсы білуі керек. Қызмет атауы бүгінде өзінің
атқаратын міндетіне сай деп айтуға болады. Бұл туралы құқық қорғау қызметі
және қылмыспен күрес жол полициясының жол үстіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қызметін ығыстырмағаны дәлел болады. Упырь Григорий
Васильевич, Жамбаев Сауыт Жамбайұлы, Чернова Зоя Федоровна, Калюжный Иван
Ефимович сияқты Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері жол полициясы
тарихының шежіресі беттерінде алтын әріптермен жазылып қалды. Ішкі істер
органдарында 25 жылдан астам уақыт қызмет атқарып, әлі де саптан шықпай
келе жатқан майталмандардан Полонский Александр Ивановичті, Рогачев
Владимир Алексеевичті, Мазур Юрий Михайловичті, Евсюков Валентин
Михайловичті, Убаев Сәрсен Шоланұлын атауға болады.
Бұл өмірде ерлік іске әрқашан орын бар. Бейбіт кезеңнің өзінде, 1998
жылы 11 қарашада Қарағанды қаласындағы Қант ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Орталық Кедендік орган
Қылмыс жасаған адамдарды ұстаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Конституциялық бақылаудың мәртебесі
Қазақстан Республикасының сот билігі
Әділет органдары
Пәндер