Әсері күшті улы заттар


Жоспар
1. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
2. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
3. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)
4. Апаттың осындай түрлері болғанда адамдар қандай қимыл жасау керек
5. Қорытынды
6. Пайдаланған әдебиеттер
Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
Химиялық обьектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан - жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.
Улы заттектер (сильно действующие ядовитые вещества) жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан - жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық - түлікті улайды.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы сұйық түтін не бу күйінде болуы мүмкін.
Улы затпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар:
- Аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;
- Ауа, жер кеңістігінде үлкен аймақта улай алады;
- Аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді;
- Әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда / тұйық, желсіз жерлерде / ұзақ сақталуы мүмкін.
Улы заттармен зақымданудың жолдары:
- Уланған ауамен демалғанда
- Улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;
- Уланған заттарды ұстағанда;
- Уланған азық - түлікті не суды пайдаланғанда.
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.
Хлор жасыл - сары түсті өткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.
Оның қайнау температурасы - 34, 6С. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде қала береді. 5 - 7 атм қысымында тез қысылып, жасыл - сары түсті сұйыққа айналады. Суда жақсы
ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулармен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5 - 25 минут ішінде адам өледі.
Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тініс алу жолдары зақынданғанда нашатыр спиртін искеткен дүріс. Көзін, мұрның, аузын 2 - пайзды саданың ерітіндісімен жуған дүріс. Хлор ауаға тарағаның естігенде үйдін жоғарғы қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған териториадан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тірісініз, бірақ жүгірменіз. Жердің шаның көткруге болмайды. Хлормен уланған адамға нашатыр спиртын искету керек. Ыстық сүт, шай бкріп жылы жерге науқасты орналастыру керек.
Аммиак - нашатыр тәрізді исі өткір, түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактын ауамен араласқан түрі (1:3 мөлшерде) қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактын жоғарғы концентрациясы адамның нерв жүйесіне қатты әсер етеді. Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.
Аммиактын ауаға тарағаны туралы хабар болғанда өзіңіз тұратын үйіңіздің не жүміс бөлмеңіздің есіктерезесін, саңылауларды ылғал матамен, мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерін тез ажырату қажет.
Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көтеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайсын. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридтің, венилхлоридтің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы
жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тініс алу органдарын сақтайды.
Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығымп, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын искету керек. Зақымданған жерде химиялық покеттегі ерітіндімен суртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады.
Аптечканың (АИ - 2) № 2 ұясындағы таблетканы ішу керек.
Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
Ви - икс - газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу еріді - 5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін ( көл, өзен ) өте ұзақ уақыт бойы - 6 айға дейін зақымдырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күні бір жерде 7 - 15 тәулік бойы, ал қысты күні 2 - 3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин - бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.
Осы тәріздес улағыш заттың бірі - Зоман. Ол да теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі.
Қорғаныс жолы: теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалану, панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну.
Улы заттардың барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықталады.
Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі - Иприт.
Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лақты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп - оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2 - 3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20 - 30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі.
Қорғаныс құралдары: противогаз, тері қорғау құрал - жабдықтары және арнайы баспаналар.
Синиль қышқылы. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы - 14С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.
Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану.
Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.
Тұншықтырғыш улы зат ( газ ) - фосген.
Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3, 5 есе ауыр.
Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды
уландырады. Тегіс жерде 30 - 50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Адамды тыныс алу органдары арқылы зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бұл газдан қорғану жолы противогаз бен баспананы пайдалану.
Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)
ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
ӘКУЗ - қайнайды ( қайнау температурасы +20С ) және атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті обьектіге жақын тұратын халық онда қандай ӘКУЗ-дың пайдаланылатындығын біліге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен демалу нәтижесінде болуы мүмкін.
Химиялық қауіпті обьектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:
- Улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;
- Жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;
Зақымдалған аумақпен жүрген кезде мына тәртіптерді
мүлтіксіз сақтау қажет:
- Жүгірмей шаңдатпай тез жүру;
- Төтенше жағдай ұйымдарыныңөкілінің бұйрығына дейін қорғаныс құралдарын шешпеу керек, жыраларды, шұңқырларды, батпақтарды, тонельдерді және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту;
- Зардап шеккендерге, балаларға, сондай-ақ өз бетінше қозғалмайтын қарттар мен балаларға қажетті көмек көрсету.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілетін немесе істелінетін іс-әрекеттер;
Хлор - төгілген кезде ( ол ауадан ауыр ) ең биік орындарды көтеру қажет:
а) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа көтеріліңіз;
б) егер сіз көшеде ( далада ) болсаңыз, бтіктеу жерге шығыңыз.
Аммиак төгілген кезде ( ол ауадан жеңіл ) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен дерлерді таңдау қажет ( жертөле ) .
Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты қымтаңыз:
- Есік пен терезені жақсылап қымтаңыз;
- Ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.
Егер дабыл сзді көшеде келе жатқан кезде берілсе ықтимал зақымдану аумағынан шығып, желге қарсы жүріңіз.
Тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек.
Аммиак сумен жақсы жайылады ( суланған мақта - дәкі
таңғышы көмектеседі ) .
Егер противогаз жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін сумен немесе ауыз суының 2% ( хлор төгілген кезде ) және лимон ( бор ) қышқылын 5% ( аммиак төгілген кезде ) ертіндісімен шайылған кез келген матаны пайдаланыңыз.
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сұйық дәретімен шайылған мата таңғышын пайдаланыңыз.
Халықты ӘКУЗ-мен ықтимал зақымдану аумағынын көшуі негізінен улы бұлт жақындағанда дейін жүргізіледі.
Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк тұнбасын, кальциленген соданың ертіндісін немесе 60 - 80% және одан артық концентрациядағы кауістикті құяды ( шамамен 2 л. ертіндіге 1 кг хлор ) суды немесе ертіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш, өрт машиналарын, жылжымалы авто жанармай стансалары, сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі гидрант немесе арнайы жүйе қолданылады.
Аммиак көп төгілсе, жайылған сұйықты топырақпен қоршайды, ал төгілген жерді әлсіз қышқыл ертіндісін себеді, сумен шаяды.
Егер газ тәріздес аммиак төгілсе, онда су шашыратқыш, өрт машиналарының, жылжымалы автожанармай станцияларының сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі гидранттың көмегімен буды жұту үшін суды шашыратады.
Сақтанудың жолдарының бірі болып, мақта-мата таңғыштарын пайдалану болады. Оларды дайындау жолдар ло үшін 50 - 100 см көлеміндегі дәке кесіндісінен жасайды. ( Бастауыш сынып оқушыларына көлемі 80 - 40 см ) . Ортасы бойынша бір қалыпты қалыңдығы 20 - 30 см (15 - 20 см) 1 - 2 см мата қабатын жаяды. Дәке кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Дәкенің ұшын екі байлау жұбы шығатындай етіп қияды.
Таңғыш ауыз бен мұрынға қойылады. Олардың ұшын
төменгі жағының төбе сүйекте, ал жорға жағының құлақ үсті арқылы желкеде болатындай етіп байлайды. Таңғыш пен беттің арасындағы саңылауларды мақтамен тығыздайды.
Апаттың осы түрі болғанда адамдар қандай қимыл жасауы керек
Химиялық қауіп немесе улы заттардың тарағаны туралы қалалық Азаматтық қорғаныс штабынан хабар түседі. Хабарды естісімен, противогаз кию керек, ол болмаған жағдайда, жамылғы немесе басқа нәрселерді басқа жауап, тез арада жақын жердегі паналау орнына жетуге қам жасау керек. Егер үйде не жұмыста болсаңыз, сол жердің терезесін, есігін қолда бар нәрсемен тығындап, үйге улы зат немесе газ кірмейтіндей ету керек. Ескеретін жай улы газдар апаты болғанда үйдің төменгі және жерасты қабатын паналамауға тырысуыңыз керек, себебі тараған улы заттар ауадан ауыр болса, төменге жиналады.
Төтенше жағдай соғыс қақтығысуларынанда да болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz