Халықаралық валюта қатынастары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.ТАРАУ. Халықаралық валюта қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Халықаралық валюта мәні және құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Халықаралық валюта жүйесінің дамуы кезендері ... ... ... ... ... ... ... ... .6
II тарау Валюталық реттеу операциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1. Валюталық реттеу органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Валюталық бақылау органдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... 17
III.ТАРАУ. Қазақстан Республикасының валюта жүйесінің халықаралық валюталық қатынастардың бір бөлігі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.1 .Қазақстан Республикасының валюта саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2 Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым.қатынас ... ... ... ... ... ..31

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын, валюта қатынастарынның жолға қойылған жүйесінсіз, оның нақтылы әлем деңгейінде біліп, қаржыландыруға болмайды. Өзіне тән үлгісінде валюта қатынастарыелдін ішінде қолданылатын ақша айналысының заңдарын жүзеге асырады және дамытады. Бұл қатынастардың эвалюциясы өндіргіш күштердің дамуына, халықарылық енбек бөлінісінің терендеуіне, капиталистік шаруашлықтын құрылымдық өзгерісіне байланысты.
Валюта қатынастары – бұл дүниежүзілік қатынастардың қолданылуына байланыстыжәне елдер арасындағы шаруашлық байланыстарының алуан түрлеріне(сыртқы сауда, сыртқы капиталшығару, пайданы инвестициялау, ғылыми техникалық айырбас, туризм және т.б.) қызмет көрсететін экономикалық қатынастар.
Қазіргі заманда валюта қатынастарының әлуметтік-экономикалық функциясы сол, дүниежүзілік және бүкілдүнежүзілік шаруашылық шеңберінде капиталдың ұдайы өндірісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Валюта жүйелері ұлттық және дүниедүзілік болып екіге бөлінеді
Ұлттық валюта жүйесі – елдің ұлттық зандары бойынша айқындалатын валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып табылады.
Дүниежүзілік валюта жүйесі – бұл дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына байланысты және мемлекет келісімдерімен заң жүзінде баянды етілетін халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып келеді.
1. «Экономика теория негіздері», Алматы «Санат» 2001 жыл
2. «Экономическая теория», В.Д.Камаев, Москва 2004 год.
3. "Международные валютно-кредитные и финансовые отношения" - под ред. Красавиной Л.Н. / 2005
4. International Monetary Fund. Vol.26/september 1997
5. Булатов А.С. Экономика. М.: Бек. 2006. Гл. 14
6. Жуков Е.Ф. Общая теория денег и кредита. М.: Банки и биржи. 1995.
7. Камаев В.Д. Экономика и бизнес. М.: изд-во МГТУ. 1993
8. Красавина Л.Н. Инфляция в условиях современного капитализма. М.: Финансы, 2007 г.
9. Лившиц А. Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991. Гл. 7, 8.
10. Маконнелл К, Брю С. Экономикс. М.: Республика, 1993. Т. 1, 2.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I-ТАРАУ. Халықаралық валюта
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Халықаралық валюта мәні және
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Халықаралық валюта жүйесінің дамуы
кезендері ... ... ... ... ... ... .. ... ...6
II тарау Валюталық реттеу операциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1. Валюталық реттеу органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Валюталық бақылау органдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... 17
III-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының валюта жүйесінің халықаралық валюталық
қатынастардың бір бөлігі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.1 .Қазақстан Республикасының валюта
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2 Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-
қатынас ... ... ... ... ... ..31

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 3
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...34

Кіріспе

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын, валюта қатынастарынның жолға
қойылған жүйесінсіз, оның нақтылы әлем деңгейінде біліп, қаржыландыруға
болмайды. Өзіне тән үлгісінде валюта қатынастарыелдін ішінде қолданылатын
ақша айналысының заңдарын жүзеге асырады және дамытады. Бұл қатынастардың
эвалюциясы өндіргіш күштердің дамуына, халықарылық енбек бөлінісінің
терендеуіне, капиталистік шаруашлықтын құрылымдық өзгерісіне байланысты.
Валюта қатынастары – бұл дүниежүзілік қатынастардың қолданылуына
байланыстыжәне елдер арасындағы шаруашлық байланыстарының алуан
түрлеріне(сыртқы сауда, сыртқы капиталшығару, пайданы инвестициялау, ғылыми
техникалық айырбас, туризм және т.б.) қызмет көрсететін экономикалық
қатынастар.
Қазіргі заманда валюта қатынастарының әлуметтік-экономикалық функциясы
сол, дүниежүзілік және бүкілдүнежүзілік шаруашылық шеңберінде капиталдың
ұдайы өндірісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Валюта жүйелері
ұлттық және дүниедүзілік болып екіге бөлінеді
Ұлттық валюта жүйесі – елдің ұлттық зандары бойынша айқындалатын
валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып табылады.
Дүниежүзілік валюта жүйесі – бұл дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына
байланысты және мемлекет келісімдерімен заң жүзінде баянды етілетін
халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып келеді.

I-ТАРАУ. Халықаралық валюта қатынастары.
1.1. Халықаралық валютаның мәні және құрылымы.

ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық,
қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді.
Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын
жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын
құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді
көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің
дүниежүзілік ақша қызметіне ауысумен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді,
капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аудару, несие және қарыз
беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың
ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге
асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды.
Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген,
елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- Ресми алтын валюта қорының құрылымы;
- Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;

- Валютаның айырбасталу мүмкіндігі;
- Валюталық шектеулердің деңгейі;
- Мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және
т.б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы
(құны) мен паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара
қатынасы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсететін жеке бір ел
валютасының бағасы.
Паритет - валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатынасы.
Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне
дәлме – дәл келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберінде
валюталық қатынастарды ұйымдастыру нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашлықтын бірте – бірте
қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер
арқылы заңдастырылған.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
- халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;
- валюталық паритеттер мен курстардың механизмі;
- валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
- халықаралық есептеулердің нысаны;
- халықаралық валюта нарықтары мен дүниежүзілік алтын нарықтарындағы
орныққан тәртіп;
- халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықарылық
валюта қоры – МВФ, Халықаралық даму банкі – МБРР және т.б.)
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты
экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды,сыртқы экономикалық айырбас пен
төлем айналымын тепе – тендікте сақтауды қамтамасыз ету шенберіндегі
халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды
кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды
механизмдердің бірі.

1.2. Халықаралық валюта жүйесінің даму кезендері.

Халықаралық валюта жүйесі – динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс
елдері экономикасындағы, дүниежүзілік щаруашлықтағы өзгерістер мен
қажеттіліктерге сәйкес бірте – бірте өрістеді.
Өз даму барысында халықаралық валюта негізгі төрт кезеннен өтті және
сол кезендер халықаралық валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.
Халықаралық валюта жүйесінің бірінші түрін алтын стандарт жүйесі
деп аталады. Бұл жүйе ХІХ ғасырдың сонына қарай қалыптасты. Ол кезде
бірқатар мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі нарықтарда алтынға еркін
айырбасталды.
Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- әрбір валюта бірлігінде белгілі алтын мөлшерінің болуы;
- валютаның алтынға айырбасталу мүмкіндігі ел ішінде де, мемлекет
шекарасынан тысқары жерлерде сақталуы;
- алтын құймалардың монетаға (тиынға) айырбасталу, алтынның еркін
экспортталуы мен импортталуы және халықаралық алтын рыноктарында еркін
сатылуы;
- Алтынның ұлттық қоры мен ел ішіндегі ақша ұсынысы арасындағы қатаң
байланыстың болуы;

Алтын стандартқа негізделген халықаралық есептеулердің механизмі қатаң
курс бойынша жүргізіледі. Алтын стандарттардың басқа түрлеріне, алтын
монета, алтын құйма және алтын девиз стандарттары жатады.
Алтын стандарттың бір түрінен екінші түріне көшу дүниежүзілік
капитализм жүйесінің дамуы барысында жүзеге асып отырады.
Капиталистік шаруашлықты жүргізудің бірте–бірте күрделенуі,
дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының кеңеюі мен тереңдеуі, экономикалық
дағдарыстардың циклдық қайталанулары экономиканы реттеуді күшейтуді
обьективті қажеттігін туғызып, мемлекеттің экономикалық процестерге
араласын күн тәртібіне қояды. Экономикаға мемлекеттің араласуының күшеюі
алтын стандартпен анықталатын қатаң валюта курсының реттелетін, өзара
байланысты валюта курсына айнала бастауына әсер етті.
Екінші жүйе – алтын девизді стандарт жүйесі 1922 жылғы Генуя
конференциясы шешімінің нәтижесінде пайда болды. Кейінірек бұл шншімді
капиталистік елдердің көпшілігі құптады. Алтын девизді стандарт жағдайында
банкноттар алтынға емес, басқа елдердің девиздеріне
(банкноттар,вексельдер,чектер) айырбасталып, содан кейін ғана алтынға
ауыстырылатын болады.Девиз валюта ретінде американдық доллар мен ағылшын
фунт стерлингі қабылданды. Алтын девизді стандарт іс жүзінде реттелетін
валюта курс жүйесіне, ең алдымен алтын-валюталық стандарт жүйесіне көшудің
алғашқы қадамдары еді.
Алтын – валюталық стандарт жүйесі ХХ ғасырдың 30- жылдарында
пайда болып, 50-жылдардың сонына қарай толық қалыптасты. Бұл жүйе бойынша
қағаз ақшаларды алтынға айырбастау тоқтатылды. Алтын – валюталық стандарт
жүйесі Бреттон-Вудс (АҚШ) қаласында 1944 жылы өткен халықаралық
конференцияда қабылданып, өз күшіне кірді. Бреттон – Вудс валюта жүйесінің
белгілеріне мыналар жатады:
- елдер арасындағы түпкілікті ақшалай есеп айырысу қызметін алтын
атқарады.
- әр түрлі елдердің валюталары құнының өлшемі ретінде және халықаралық
несие төлеу құралы болып американдық доллар бекітілді;
- басқа елдердің орталық банктері мен үкімет мекемелері АҚШ-тың
казначейліктерінде 35 долларды бір трояндық унция мөлшеріндегі алтын
курсы бойынша айырбастайды.
Унция – ағылшын өлшем жүйесіндегі масса бірлігі. Алтынның валюталық
бағасы ресми баға негізінде құралып, 1988 жылға дейін аса көп өзгерістерге
ұшыраған жоқ.
- валюталарды өзара салыстыру және оларды айырбастау алтын мен доллар
арқылы көрсетілетін валюталық паритеттер негізінде жүзеге асырылады;
- әр бір ел өз валютасы курсының тұрақтылығын басқа бір елдердің
валюталарына салыстырмалы жағдайда қамтамасыз етуге міндетті болады.
Валюталардың нарықтық курсы белгіленген алтын немесе доллар
паритеттерінен 1%-дан артық ауытқымауға тиіс. Паритеттерді өзгерту
жұмыстары төлем балансы тұрақты түрде бұзылған жағдайда ғана жүргізіледі.
- мемлекетаралық валюталық қатынастарды реттеу Бреттон- Вудс
конференциясында құрылған халықаралық валюта қоры арқылы жүзеге
асырылады.
Бреттон – Вудс келісімі халықаралық валюта жүйесінің дамуындағы
маңызды кезен болды. Тұңғыш рет халықаралық валюта жүйесі үкіметаралық
келісімдерге негізделеді Бреттон – Вудс жүйесі алтын долларлық стандартты
орнықтыру арқылы сауда айналымын кеңейтуге, өнеркәсібі дамыған
мемлекеттердегі өндірістін өсуіне едәуір ықпал жасады.
60-жылдардың сонына қарай Бреттон – Вудс жүйесі күшейе түскен
дүниежүзілік шаруашылықты интернациоландыру процесімен қайшылыққа келе
бастады. Трансұлттық корпарациялар қызметінде валюталық алыпсатарлықтар
көбейді. Алтын – долларлық стандарт іс жүзінде бірте – бірте тек долларлық
стандарт жүйесіне айнала бастады. Ол аз дегендей АҚШ-тың өз экономикасы
бірқатар қиыншылықтарға тап болды, олардың не бастысы Батыс Еуропа елдері
мен Жапонияның экономикалық қуаты артып, олардың ықпалының күшеюі, 60-
жылдардың сонына қарай доллардың позициясын шайқалтты. Еуропа елдеріндегі
доллардың қоры орасан зор сомаға жетіп, дербес еуродоллар нарығын
қалыптастырды. Айталық, 90-жылдардың басында АҚШ-тан тыс елдердегі
доллардың көлемі 30 млрд. доллардан асып түсті. АҚШ-тың төлем балансының
тапшылығы шектен шығып кетті. Бреттон – Вудс жүйесінің долларды алтынға
айырбастау жөніндегі талаптары АҚШ экономикасына көптеген ауыртпалықтар
алып келді.
70-жылдардың басында Бреттон – Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді. АҚШ
алтынды ресми бағасы бойынша долларға айырбастаудан бас тартты.
Дүниежүзілік нарықта алтынның бағасы күрт жоғарылап кетті.
Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ – тың Кингстонда
(Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-нің принциптері
төмендегідей:
1.Валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын құрал
ретіндегі алтынның функциясы жойылады, яғни алтынның ресми бағасы, алтын
паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды.
2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлеміндегі елдердің
ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделеді. Кез-келген елге
валюталық курстардың кез-келген режимін тандауға мүмкіндік береді. Жаңа
жағдайларда курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болады:
а) валюталардың сатып алушылық қабілеті.
ә) Халықаралық нарыққа валюталардың сұранысымен ұсынысының арақатынасы
.
3. Арнаулы ақша резерві (СДР), яғни (қарыз берудің арнайы құқығы)
стандарты құрылды.
СДР негізгі резервтік валюта болып, басқа резервтік валюталардың рөлін
азайтты. СДР алтын мен доллардың альтернативасы болып табылады.
90-жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе -
валюталардың өзгермелі курсы қалыптасты.
Бұл жүйе екі элементтен тұрады:
1) негізгі тіреуші бірліктер тандалады, ол бірліктер негізінде
жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай алады.
2) Валюталық курстардың ауытқу диапазоны үлкен амплитудаларда жүзеге
асырылады.
Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, басқа валюталарға
қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді. Ямайка келісімінде қабылданған
СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді.
Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестіріледі.
1944 жылдың шілде айынан бастап, СДР-дың алтындвқ құрамы алынып
тасталды.
СДР курсы валюталық корзина негізінде анықталады.
Валюталық корзина – 16 ел валюталарының орташа өлшенген курстары, бұл
елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1 пайыздан кем болмауы тиіс.
1978 жылдың бірінші шілдесінен бастап, валюталық корзинаның құрамы мұнай
экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты
түзетілді.
1981 жылдың қаңтарынан бастап валюталық корзина 5 валютаға дейін
қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат - СДР-дың шартты құнын есептеуді
женілдету.
Бұл валюталарға жататындар АҚШ доллары, ГФР маркасы, жапон иені,
француз франкі, ағылшын фунт стерлингі.
Валюталық корзина - бұл белгілі бір валютаның орташа өлшенген курсын басқа
валюталар жинағына қатысты өлшеу. Валюталық корзинаны есептеуге мынадай
элементтер әсер етеді: оның құрамы, валюталық компоненттердің көлемі,
долларға қатысты валюталардың нарықтық курсы. Көптеген экономистердің
пікірі бойынша, СДР әрі резервтік валюта, әрі несие болып табылады.
Біз жоғарыда СДР валюталық бірлікті қарастырдық, сонымен бірге,
резервтік валютаның тағыда бір түрі бар. Ол – валюталар корзинаның құны
негізінде анықталатын ЭКЮ бірлігі. ЭКЮ-дің СДР-ға қарағанда қолдану өрісі
кеңірек, ол тек ресми байланыстарда ғана емес, жеке меншік секторда да
пайдаланылады. Айталық, ЭКЮ валюта бірлігі есебінде бірлескен қорларда
және халықаралық валюта – несие, қаржы ұйымдарында, ауыл шаруашылығы
өкілдерінің бірыңғай жүйесі ретінде, Еуропалық Одаққа мүше елдердің орталық
валюталық интервенция жасағанда т.б. жағдайларда қолданылады. Жеке меншік
(коммерциялық) ЭКЮ еурооблигациялық заемдерді, банктердің депозиттері мен
кредиттерін қаржыландыратын валюта есебінде пайдаланылады. 500-ден аса
халықаралық ұйымдар несие беру шараларында ЭКЮ-ді пайдаланады. Еуропалық
валюта жүйесіне кіретін елдер валюталарының ондағы үлесі мынадай: неміс
маркасы 30,4% , француз франкі- 19,3% ,ағылшын фунты-12,6% , итальян лирасы-
9,9 %, голланд гульдені 9,5 %, белбгиялық франк 7,8 %, даниялық крон 2,5 %,
испандық песо 5,2 %, португалдық эскудо 0,8 %, гректердің драхмасы 0,7 %,
люксембургтің франкі 0,3% .
Еуропалық экономикалық одақтастық құралдарда біртұтас еуропалық валюта
жасау мәселесі қарастырылған жоқ болатын. Бірақ, 70-жылдардың ортасынан
бастап біртұтас валюталық одақ құру жолдары белсенді түрде іздестіріле
бастады. Еуропалық Одақтастықтың жетекшілері АҚШ долларына альтернативтік
валюта бірлігін жасауға ұмтылумен қатар, валюталар шайқасын тиімді бақылау
үшін валюталардың интеграциясын жүзеге асыруға мүдделі болады.
Еуропалық Одақ шенберінде өткен күрделі келіссөздердің нетижесінде
1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылады.
Еуропалық валюта жүйесі – ұлттық валюталардың экономикалық интеграция
шеңберінде қызмет етумен байланысты экономикалық қатынастар жиынттығын
көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.
Еуропалық валюта жүйесі үш элементтен тұрады: 1)ЭКЮ - еуропалық Валюта
жүйесінің негізі;2) валюта курстары мен интервенцияларының механизмі ;
3)валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын несиелеу механизмі.
Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Еуропалық одақ елдер ішінде сенімді валюталалық тұрақтылықты орнату.
- Тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу.
- Экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, еуропалық
ынтымақтастыққа жаңа екпін беру;
- Халықаралық экономика және валюталық қатынастарға тұрақтандырушы
фактор ретінде әсер ету.;
Еуропалық валюта жүйесінің атқарушы механизмі ЭКЮ-ді қалыптастыру және
реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.
Еуропалық валюта валюталық қорлардың Одаққа мүше елдердің бәріне бірдей
ортақ болуына кепілдік береді.Еуропалық валюта жүйесінің қызмет етуі және
дамуы Делор жоспары дегенмен тығыз байланысты.
Еуропалық Одақтың қайраткері Ж.Делор еуропа валюталарын біріктіру
жөнінде үш сатылы жоспар ұсынады:
1) Еуропалық одақтын жекелеген елдер арасында үйлестірілген экономикалық
және валюталық саясатты жүзеге асыру;
2) Еуропалық одақтын орталық банкісін құру;
3) Ұлттық валюталарды Еуропалық одақтың ортақ валютасына ауыстыру.
1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына
Англия, Испания, Португалия қосылады. 1991 жылы бір тұтас Еуропалық
экономикалық кеністік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды.
Осы келісімге сәйкес Еуропалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары
валюталық одақ құруды құптады.
Батыс Еуропа елдері валюталар курсының тербелуін реттеу мақсатында
құрылған валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті ойдағыдай
атқарады. Дегенмен, 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен
жаңылды. 1990 жылдың қыркүйекте Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның
фунты бөлініп шықты, испандық песет пен португалиялық эскудо
девальвацияға ұшырады. Бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі аталған
елдердің орталық банктерінің биржалардың алыпсатарлардың валюталарын
құнсыздандыру мақсатындағы әрекетеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі
болады. Осның салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін
сегіз ақша бірлдіктерінің бесеуі солар үшін белгіленген курстын ең
төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Өз кезегінде бұл едердің орталық
банктері өз валюталарының курсын жасанды түрде қолданудан бас тартты .
Аталған валюталар белгіленген курстан 15–ке ауытқу мүмкіндігіне ие
болады. Орталық банктер өз кезегінде айырбас курсын тұрақты түрде
жоғарғы деңгейде ұстап тұру үшін қажет болған есеп ставкаларын
төмендетуге өкілеттік алады.

II тарау Валюталық реттеу операциясы.
2.1. Валюталық реттеу органдары

1. ҚР-ның Ұлттық Банкі ҚР-сының заңдарына сәйкес ҚР-
сындағы
валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу
органы больш табылады.
2. ҚР-сының Үкіметі жэне өзге де мемлекеттік органдар КР-ның
заңдарына
сәйкес өз қүзыретінің шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады.
3- бап. Валюталық операциялар жүргізуге қойылатын шектеулер.
1. Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында
жэне
төтенше жағдайлар пайда болған реттерде ҚР-ның президенті кез-келген
валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнінде шешім
қабылдауға құқылы.
2, ҚР-ның . Ұлттық Банкі резиденттердің
экспорттық
оиерацияларының төлем валютасына шектеу қоюға жэне экспорттық
валюта түсімін міндетті түрде сату тэртібін белгілеуге құқылы,
4-бап Шетел валіотасыеа байланысты қызметті лицензиялау.
1. Шетел валютасымен банктік операциялар
жүргізуді
лицензиялауды ҚР-ның заңдарына сәйкес ҚР-ның Ұлттық банкі жүзеге
асырады.
2, ҚР-ның Ұлттық Банкі бөлшек салданы жэне қолма-қол шетел
валютасы үшін қызметтер үсынуды жүзеге асыруға
байланысты
қызметті, ҚР-ндағы валюта түріндегі есеп шоттарымен қоса, олар
тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар шетел
банктері мен шетел қаржы институттарында резиденттердің ашқан
есеп-шотгарын, еондай-ақ валюталық қүндылықтардың
резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтіун
көздейтін
капитал қозғалысына байланысты операцияларды лицензиялайды.

Төлем балансы
Төлем балансы - бұл елдің, белгілі бір үақыт ішінде шетелге
шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан экелінген мен сырттан
экелінген тауарлары мен қызметтері үшін төленген төлемдер арасындағы шекті
қатынасты білдіреді.
Еліміздегі төлем балансы келесідей бөлімдерді қамтиды:
А. Ағымдағы шот.
В. Капитал және қаржымен жасалатын операідиялар шоты,
С, Қателер мен қалып қойғандар.
Д. Жалпы баланс.
Е. Қаржыландыру.
Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі: 1) Сауда балансы
* экспорт
* импорт
2) Таза қызметтер:
□ жүк тасымалдау;
П адамдар тасымалдау; П байланыс қызметі;
□ басқада.
3) Табыстар
* заемдар жэне несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру);
* резервтер бойынша сыйақы (мүдделендіру);
П басқа да.

4) Ағымдағы трансферттер;
5) Гуманитарлық көмектер;
6) Техникалық көмектер;
7) Гранттар.
Капитал жэне қаржымен жасалатын операциялар
шотында төмендегілер көрсетіледі:
1) тікелей инвестициялар;
2) портфельдік инвестициялар;
3) мигранттардың транеферттері (кетуі жэне келуі);
4) сауда (коммерциялық) несиелер;
5) заемдар;
1) Басқа да инвестициялар (депозиттер, валюта жэне т.б.)
Қателіктер мен қалып қойғандар шотындаресми түрде резидент
еместермен ескерілмей қалғандарды, оған қоса "көлеңкелі бизнесті" есепке
алады.
Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем балансын,
капиталдар мен несиелердің қозғалысының балансы, сондай-ақ алтын жэне
валюта резервтерінің қозғалысын қүрайды.
Жалпы төлем балансы эрдайым теңесіп отырылады, яғни оның активтік жэне
пассивтік операциялары біріңғай шаманы қүрады.
Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:
1) Қазақстан Ұлттық банкінің резервтік активтері;
2) Монетарлы алтын;
3) Шетел валютасы;
4) ХКБ несиелері.
Төлем балансының басты ерекшелігі, мүнда қаражаттардың ағымы, олардың
мерзімі ішіндегі өзгерісі ғана көрсетіліп, босалқы бөлшектер мен қорлар
есепке алынбайды. Мұндағы, ағымдағы операциялар шотында өң қалдықтың болуы
тауарлар мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін
білдірсе, ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен
қызметтер импортын, төленген табыстар мен трансферттердің болуын
сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол
елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің өсуін жіне резервтер
жағынан резидент еместерге деген талаптарлың қысқаруын сипаттаса; ал теріс
шама елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын жэне
резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптарлың өсуін
сипаттайды.
Төлем балансынан есеп айырысу балансын ажырата білу қажет.
Есеп айырысу балансы елдің шетелге қатысты талаптары мен
міндеттемелерін білдіреді. Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік
(алтын-валюта жэне басқа да) жэне жеке активтер, тікелей инвестициялар,
алынған жэне берілген несиелер, қаржы жэне қаржы еместер корпорациялардың
міндеттемелері жатады. Төлем балансынан бір айырмашылығы есеп айырысу
балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен
міндеттемелер қамтылады.

2. Валюталық бақылау органдарының жүйесі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюталық бақылауды
валюталық бақылау органдары жүзеге асырады. 2005 жылдың 13 маусымда
қабылданған Валюталық реттеу және бақылау туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес валюталық реттеу қызметін жүзеге асыруға
құқылы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы валюталық органдар
болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз қызметтерін жүзеге асыру үшін
валюталық бақылау агенттерін тартуға және оларды міндетті түрде орындауы
үшін жекелеген тапсырмалар беруге құқылы .
Валюталық Бақылау органдары мен агенттерінің лауазымды адамдары
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы органдарының құзіреті
шегінде валюталық бақылау органдары мен агенттерінің өз міндеттерін
жүзеге асыруға байланысты барлық құжаттаррды тексеруге, тексеру барысында
туындайтын мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер мен мәліметтер алуға
құқылы
Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің және лауазымды адамдары
валюталық бақылау міндеттерін жүзеге асыру кезінде өздеріне белгілі
болған резиденттер мен резидент еместердің коммерциялық құпияларын
сақтауға міндетті.
Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің лауазымды адамдары
өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындамаған жағдайда Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртіптік жауапқа тартылуы мүмкін.
Валюталық бақылау органдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Кеден органдары жатады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюталық
құндылықтармен операцияларды және валюталық бақылау қызметін жүзеге асырушы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі еліміздің негізгі қаржылық – несие
органы, сондай –ақ валюталық реттеу мен валюталық бақылау органы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы заңына сәйкес Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі :
- Қазақстан Республикасында шетел валютасының және шетел валютасындағы
бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртібін белгілейді, шетел
валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, соның
ішінде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлеміне де
енгізіледі;
- Резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында
валюталық оперциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
- Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан
Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді,
сондай – ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерінде
шоттар ашу тәртібін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық
операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті
лицензиялау, тіркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пунктерін
тіркеу тәртібін белгілейді, сондай –ақ айырбастау пунктерінің тіркеу
кәуліктерін береді және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
- Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валютасына ресми
бағамын белгілейді;
- Алтын – валюта активтерін құрайды және солармен операциялар жасайды;
- Мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзіретіне сәйкес
Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместердің
орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және
есептілік тәртібі мен нысандарын белгілейді;
- Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және
валюталық заңдарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, банктік және
валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
- Халықаралық есепайырысуды ұйымдастырады және шетелдермен қаржы
–валюталық және кредиттік – есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді,
- Жасалған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық
ұйымдармен шетел валютасын тартады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюталық құндылықтармен
және бағалы металлдармен байланысты келесідей операцияларды жүргізуге:
- шетел валютасын сатып алуға және сатуға;
- шет мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдарды
шығарған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Халыққаралық валюта қатынастары
Халыққаралық валюта табыстары
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталы – қаржылық механизмі
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
ҚР-да валюта-қаржы механизмі
Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу
Валюталық қатынастар және валюта жүйесі
Валюта жүйесінің мәні және құрылымы
Пәндер