Отандық білім беру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . 4
1 ОТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1 Қазақстанның білім беру жүйесінің сипаты 6
1. 2 Білім беру ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің факторлары . . . 17
1. 3 Білім сапасын арттыру - инновациялық технологиялардың қажетті шарттары және оларды қолдану30
1. 4 Елдің білім беру саласы мамандарын даярлау мен оларды дамыту бағыттары . . . 33
2 ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТТАРЫН ЖАҢАШЫЛДАНДЫРУ
2. 1 Қазақстан Республикасының білім беру саласын жаңашылдандырудың бағыттары және эконмикалық-құқықтық аспектілері39
2. 2 Қазақстан Республикасының ғылыми зертеулерді мемлекеттік қаржыландырудың жолдары. 42
2. 3 Білім беру жүйесінде Отандық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктері. . 49
2. 4 Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беру жүйесіндегі орны мен тарихы53
ҚОРЫТЫНДЫ. 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу.
Білім мемлекеттің интелектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.
Білімді ел туралы халық арманы, адамзат арманы ғасырдан ғасырға жалғасып, бүгінге жетуі кездейсоқ емес. Өйткені білім - қашанда темірқазық әрі шамшырақ. Онымен елдің өресі және бүгінгі мен келешегі бағамдалады. Халықта «бойындағы білімді азсыну», «өмір бойы оқу» деген ұғым - түсінік бар. Бұл - болар, толар елдің ісі. Білімнің құндылығы мен қасиеті - бір орында тұрып қалмайтынында, дәстүр мен сабақтастықты қалайтынында, тапжылмай ізденуді тілейтінінде, ал ең бастысы адамның жетілуіне қозғау салып отыратынында.
Бүгінгі ғаламдану дәуірі - заман шындығы. Сондықтан Қазақстан ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік ұлттық бет-бейнемізді қайтіп сақтаймыз, ең бастысы біз ғаламдануға не қоса аламыз - осы сұрақтар төңірегінде ойланып - толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына көптеген сынақтарды көлденең тартады.
ХХІ ғасыр - жаһандық жаңалықтар ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды роль атқарады. Әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандардың (ғалымдардың, мамандардың, жұмысшылардың, менеджерлердің, т. б. ) бәсекеге қабілетілігімен анықталады.
Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт" атты Жолдауында ғаламдану жағдайындағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні жан-жақты түсіндіріліп, ел алдында тұрған міндеттер тұжырымдалған болатын. Солардың ішінде білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесіне айрықша назар аударылып, "ұлттық бәсекелестік қабілеттілік" бірінші кезекте ұлттың білімділік деңгейімен айқындалатындығы белгіленді.
Мақсаты бәсекелестік жоғары білікті мамандардың тікелей белсенді қатысуы арқылы жүзеге асып, жаңару бағытындағы қоғам өз әлеуетін мейлінше жаңа күшпен толықтыруға мүдделі болса, бұл орайда ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-ақ білім бәсекелестігінің міндеті қойылған. Ел білімінің қандай болашағы, әлбетте, мемлекет таңдаған жолы - "осы заманғы әрі ұтымды технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына келтіру мен дамыту, өндіріс пен инвестицияның өсімін арттыру" деп көрсетілген болатын.
Сондықтан, біз студенттік дипломдық жұмысымызда білім беруді, білімнің сапасын ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің кепілі, «парасат экономикасын» құрудағы басты түйін ретінде негіздеуге талпыныс жасап, осы мәселені жұмыстың басты мақсаты ретінде қойдық. Дипломдық жұмыстың мақсатына қол жеткізу үшін бірнеше міндеттер қарастырылды:
- білім беруді ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің факторы ретінде негіздеу;
- білім сапасын арттыру мәселесін инновациялық даму қажеттіліктерімен ұштастыра отырып талдау;
- Қазақстан Республикасының білім беру саласын жаңашылдандырудың бағыттарын талдау;
- инновациялық технологияларды отандық білім беру саласында қолданудың артықшылықтарын жүйелеу;
- білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктерін, қажеттілігін шетелдік тәжірибені талдау арқылы негіздеу;
- Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеулерді мемлекеттік қаржыландырудың қазіргі жағдайын талдау.
Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
- Қазақстанның білім беру жүйесінің сипаты
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты Қазақстан халқына жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Казақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Бағдарлама жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапасын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің кажеттігінен туындады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 448 Жарлығымен бекітілген "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленді.
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалық мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзіреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға - бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді [3] .
Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндік жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінде ғана емес (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінін білім берудін жалпы бюджетінен 9, 5 %., 1999 ж. ), сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уакытқа келуіне негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді: міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.
Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18, 7 %) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1-кесте) . Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі үйымдарға орналасу үшін кезекте тұр.
1-кесте
Дерек көздері[4-10-96]
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16, 3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардығң 38, 7% -ының жоғары білімі, 52, 8% -ының арнаулы орта білімі және 2, 1% -ының орта білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарыныңы 40-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31, 2 %-ының санаты жоқ.
Мектепке дейінгі тәрбиенің нормативтік құқықтық және оқу-әдістемелік базасы құрылуда. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 82 атаудан тұратын 19-оқу-әдістемелік кешен әзірленді, сынақтан өткізілді және 2003/2004 оқу жылында алғаш рет енгізілді.
1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектеп алды дайындығы енгізілді, бұл балаларды мектеп алды дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер етті.
Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беруде де бірқатар проблемалар бар. Қазіргі таңда мектеп алды дайындықтағы тек 40%-ға жуық бала ғана жергілікті бюджет есебінен оқулықтармен қамтамасыз етілген. Жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы жиһаздар, спорттық мүкәммал, кітапхана қоры, ойыншықтар, оқытудың көрнекі құралдары моральдық тұрғыдан ескірген және табиғи тозған. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің 58%-ы ғана мектепке дейінгі тәрбие мамандарымен жасақталған.
МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар) мәртебесіне ие мектепке дейінгі ұйымдарды қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру балалардың балабақшада болу ақысының өсуіне әкеліп соқгы және мектепке дейінгі ұйымдарға аса мұқтаж халықтың табысы аз және әлеуметтік жағынан шетін жіктеріне ауыр тиді.
Тұтас алғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бір жастан алты жасқа дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуының төмендігін көрсетеді (19, 1%) . Мектепалды дайындықтағы міндетті бағдарламаны бес жастағы балалардың 40%-ы және алты жастағы 60% бала ғана алады. Балабақшадан кейінгі оқу сатысы ол жалпы орта білім беру болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі окытудың мерзімін 12-13 жылға дейін үзартуды, жоғары сатыдағы окушылардың окудағы жетістіктері мен кәсіби окытуды сыртқы бағалау жүйесін енгізуді көздейді.
Қазақстанның жалпы орта білімі, жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингентінің азаюымен сипатталады (2-кесте) .
2-кесте
Дерек көздері[6-10-1]
Республикада 4272 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп (бұдан өрі- ШЖМ) жұмыс істейді (жалпы мектептер санының 52%-ы), Оларда 429, 1 мың бала (жалпы оқитындар контигентінің 14, 1%-ы) оқиды. ШЖМ-нің бір оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке карағанда цифрлерге байланысты) 30 - 100 %-ға жоғары мектептердің тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда 3687 (44, 6%) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26, 1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс мемлекеттік тілде оқыған болса, ал бүгінгі таңда 54, 8%-ы оқиды. Өзбек, ұйғыр, неміс, тәжік, украин жөне басқа да ана тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істейді.
Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 270 мыңнан астам педагог жүмыс істейді, оның ішінде 195, 8 мыңының жоғары білімі, 6 (мыңнан астамының кәсіптік орта білімі бар. 36, 5 мың педагог жоғары санатты, 67 мыңы бірінші санатты. Шағын жинақталған мектептерде 64 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен жөне көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етілетін 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын окулықтары енгізілген. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде), колледждерде арнайы пәндер бойынша отандык, оқулықтар енгізілуде.
"Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны 27 бірлікке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Республикада 614 интернат мекемелері жұмыс істейді, оларды мемлекет есебінен 75 мыңға жуық жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мінез-құлықты балалар тұрады; 18 балалар интернат-үйлері жұмыс істейді, оның ішінде біреу дене бітімінде кемшілігі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2, 8 мың бала тәрбиеленуде.
5 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және 17 жасөспірімдер үйлер ашылды, онда өмір сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие беруді патронаттық нысаны даму үстінде.
2000 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бірлікке оқушыларды қамту 1, 6 %-ға артты (3-кесте) ;
3-кесте
Дерек көздері[21-3-6]
Сонымен қатар жалпы орта білім беруде өз шешімін күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжірибесінің, авторлар мектептерінің, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудің қаржыландыру тетігін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан окулықгардың сапасы педагогтар қауымын қанағаттандырмай отыр[2] .
Ескіргендерді пайдалану және казіргі заманғы оку жиһаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсіресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отыр және балалар мен жасөспірімдер денсаулығына кері әсерін тигізеді. Республиканың әрбір үшінші мектебінде пән кабинеттері: химия, физика, биология, математика және т. б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.
Пәндік көзкарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүдделері мен перспективаларын нақты белгілеуіне оң негіз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерінің 70 -інің өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз бетінше өмір сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейінді оқытудың жетіспеушілігінен еңбек жарығында мектеп бітірушілерге деген сұраныс жоқ.
Кешенді тестілеудің нәтижелері талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары еместігін көрсетеді. Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр және олар 28-30%-ды құрайды. 2004 бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) корытындылары мектеп _бітірушілердің 24, 2%-ы жинауға болатын 120 балдың 40 балдық өту деңгейін жинай алмағанын, оқушылардың тек 0, 7%-ы 101-120 балл жинап, үздік бағаларын дәлелдегенін көрсетеді.
120 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалардың үштен бір бөлігі ғана түзеу ұйымдарында арнайы білім берумен қамтылған. Арнайы білім берудің нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік базасы, түзеу мекемелері үшін педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау және жаңартуды кажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды орталықтандырылған есепке алу жүйесі жоқ.
2000 жылмен салыстырғанда колледждер саны жекеше оқу орындарын ашу есебінен 101 бірлікке өсті. Колледждерде окитындардың контингенті 86, 5 мың адамға артты.
Сонымен катар, тез өзгеріп отырған экономикалық жағдайда білім беру қызметтерінің реттелмеген нарығының дамуы, жұмыс беруші мен бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі арасында әлеуметтік серіктестігінің болмауы білім беру деңгейі және экономика секторлары бойынша кадрлар даярлауда тепе-тендіктің болмауына әкеп соқты. Тұрғындардың 10 мыңына шаққанда техникалык, және кызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны жоғары білім беру саласына карағанда едәуір төмен және ол колледждерде - 162 оқушыны, кәсіптік мектептерде - 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында 439 студентті құрайды. Қызмет көрсету саласы және өндірістік емес сектор үшін кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде калып отыр. Жұмыс берушілер мен басқа да әлеуметтік серіктестер техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау тапсырысын түзеуге нашар тартылған. Кәсіптік білім беруді және кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың жекеше секторының каражаттарын тарту тетігі жоқ. 115 ғимарат (42, 1%) ағымдағы жөндеуді талап етеді, кәсіптік циклдегі 153 кабинет, жалпы білім беру цикліндегі 146 кабинет, 108 оқу зертханасы, 78 оқу шеберханасы, 33 асхана, 72 медициналық пункт жетіспейді.
Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр тапшылығы арнайы пәндердің 934 оқытушысын және өндірістік оқыту шеберін құрайды. Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр кұрамының қартаю, неғұрлым білікті оқытушылардың шағын және орта бизнеске кету үрдісі сақталып отыр. Жас мамандардың еңбекақының және педагогтың әлеуметтік мәртебесінің төмендеуінен кәсіптік мектептер мен колледждердегі жұмыс істеуге деген ынтасы жоқ[4] .
Облыстық деңгейде кәсіптік білім беру және кадрларды даярлайтын оқу орындарының басқару мен оку-әдістемелік қамтамасыз ету кұрылымы осы оқу орындарының басқару және қаржыландыру функциялары жергілікті өкілді орындарға және атқарушы билік органдарына берілген сәттен бастап (1996 жыл) нығайтылмаған. Келесі оқу сатысы ол жоғары білім беру жүйесі болып табылады.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- РҺ. d докторантурасы. Бұл модель АҚШ университетгерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұткырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекші университеттің ерекше мәртебесі бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ы ашылды.
Жоғары оку орындарының саны, студенттер контингенті және мемлекеттік білім беру тапсырысы өсіп отыр (6-кесте) .
6-кесте
Дерек көздері[
Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы кұрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 1 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оку жылында 439 адамға артқан. 2000 жылы кабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғары білім беру мамандықтарының жіктеушісі жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен, бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламаларымен қоса жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғары білімге даярлық мамандыктары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен камтамасыз етілді.
Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді камтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу және конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студенттер контингентін калыптастырудың жаңа моделі енгізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz