Мерзім, талаптың ескіруі


- Талап қою мерзімі.
Жоспар:
Кіріспе . . . 3
1-тарау. Мерзімнің түсінігі, түрлері және
оларды есептеу . . . 4
2-тарау. Талаптың ескіруі.
Талаптың ескіруі түсінігі мен мағынасы . . . 10
Қорытынды . . . 19
Қолданған әдебиеттер . . . 20
Кіріспе.
Азаматтық құқықтың негізгі құқықтық институттарының бірі-талаптың ескіруі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде, талаптың ескіруі деп, құқығы бұзылған тұлғаның талап арыз бойынша құқықтарын қорғау үшін белгіленген мерзім деп анықтама берілген.
Осы мерзім ішінде, жалпы юрисдикциядағы соттар, аралық соттар және өзге де мемлекеттік органдар, құқығы бұзылған адамның заңды талаптарын қанағаттандыру үшін көмек көрсетеді.
Бұл құқықтық институттың мақсаты- құқықтық тәртіптің күшеуіне және пайда болған мүліктік қатынастардың нығаюына жәрдемдесу.
Талаптың ескіруі не үшін қажет?
Ұзақ уақыт өткен соң, даулы мән-жайлар бойынша, тұлғаға өзінің қорғануына дәлелдемелері жоқ болып, қажетті дәлелдемелермен анықталуы қиын негізсіз және бұрын жойылған талаптар қойылуы мүмкін.
Сонымен, талап ескіруінің қолданылуы, негізсіз талаптардан тұлғаны қорғау үшін мақсат қояды.
Сонымен қатар, талаптың ескіруі, құқықтық қатынастардағы тараптарды, құқықтарын уақытылы жүзеге асыруына және қорғауына, сондай-ақ азаматтық айналымдағы қаржы және шаруашылық тәртіптің күшеуіне жәрдемдеседі.
Осының барлығын ескере отырып, талап қою мерзімі тақырыбын жақсы игеру қажет екені белгілі.
1-тарау. Мерзімнің түсінігі, түрлері және оларды есептеу.
Мерзімдер - бұл олардың басталуы немесе аяқталуы белгілі құқықтық салдарын туғызатын уақыт кезеңдері.
Мерзімнің императивтік және диспозитивтік түрлері болады.
Императивтік-тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.
Диспозитивтік-заң немесе шарт өзгерте алады.
Мерзімдер жылдармен, айлармен, кварталдармен, жарты айлармен, күндермен, сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін.
Заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.
Бұл баптағы мерзім, азаматтық- құқықтық салдарлар туғызатын заңи факт болып есептеледі. Мерзім бұл іс-әрекеттің немесе азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтауын әлсіретеді.
Мысалы, Азаматтық кодекстің 240 бабында мынандай ережелер бар, 15 жыл бойы белгілі бір мүлікті пайдаланған тұтынушының, сол мүлікке меншік құқығы пайда болады. Келісім-шарттың қатысушыларының құқықтары мен міндеттері мерзімнің аяғына дейін сақталады.
Азаматтық құқықтағы мерзімдер, маңызы бойынша мына топтарға бөлінеді:
1/құқықтардың жүзеге асырылуы және міндеттердің орындалуы мерзімдері;
2/бұлтартпау /пресекательный/;
3/кепілдік;
4/талаптық /претензиялық/;
5/талаптың ескіруі мерзімдері.
Құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері заңдармен немесе келісім-шарттармен белгіленуі мүмкін.
Мысалы, көркем сүрет шығарманың автордың иелену құқығы оның бұл құқыққа ауысуы тәртібі, 50 жылда болады /Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңның 28 бабы/. Міндеттемені орындау мерзімі кез-келген келісім-шартта белгіленуі мүмкін /мысалы, сатушы 3 күн мерзім ішінде, сатқан затын сатып алушыға беруге міндеттенеді/.
Бұлтартпау /пресекательный/ мерзім деген уақыт, тұлғаға берілген құқықты жүзеге асырмау салдарынан тоқтайды.
Мысалы, жалдаушы жалға алынған мүлкін, егер келесем-шартта сондай деп көзделсе, сол жалданған мүлікті пайдаланбағаны үшін, пайдалану құқығынан айырылуы мүмкін.
Белгіленген мерзімде, міндеттерін орындамау сондай-ақ құқықтардың тоқтауына әкеледі. Мысалы, сақтандырушының құқығы сол сақтандырушы өз уақытында төлем ақысын өтемесе, келісім-шарттың күші жойылады.
Кепілдік мерзімі - ол мерзім сатылған заттармен немесе орындалған жұмыстарының сапасыздығын анықтауда және сатушы мен орындаушының белгілі бір кемшіліктерінің ескертілуін түзеуге немесе сол затты басқа айырбастап беру мерзімі.
Кепілдік мінездеме ол тауардың қызмет ету мерзімі мен оның жарамдылық мерзімінде белгіленеді. Мысалы, өндіруші өзінің шығарған затының сауда орындарында сол затына қажетті қосалқы бөлшектердің жеткілікті болуын, оның техникалық қызмет етуін және жөнделуінің қамтамасыз етуіне міндетті /9-баптың 11 бөлімі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР заңы/.
Арыздану мерзімі - ол құқық иеленушінің, міндеттеме алған адамға, сотқа талап арызбен шағымдануға дейінгі арыздануы.
Мысалы, ҚР-ның Темір Жолдарының Уақытша Уставында, 18. 01. 1996ж. арыздар темір жолдарға 6 ай мерзім ішінде, ал айыппұл төленуі 45 күн ішінде қаралады.
Мерзімдер тараптардың келісімі бойынша, заңға сәйкес немесе сот арқылы белгіленеді. Мысалы, ашық сауда болған жағдайда 10 күннен асырмай, екі тарап сатып алу-сату шартына қолдарын қоюылары қажет /Жекешелендіру туралы Жарлығының 14 бабы/.
Міндеттемелер мен құқықтардың жүзеге асырылуы уақыты, мерзіммен бекітіледі /мысалы, мүлік жалдау шартында, уақыт белгіленеді. Бұл уақыт мүлікті пайдаланушының өз міндеттемесін, уақытылы ақы төлеуді талап етеді/.
Мерзімнің бекітілу тәртіптері келесі:
Күнтізбелік мерзім, уақыт кезеңі және оқиғаның пайда болуы .
Күнтізбелік мерзімнің орнатылуы ол жылы, айы, күні белгіленеді, кейбір жағдайларда сол күннің нақты уақыты белгіленеді. Мысалы, жол жүру билеттерінде, сол көліктің жолға шығу сағаты және минуты белгіленеді.
Уақыт кезеңі бойынша белгіленген мерзім қанша жылға бекітілгенін көрсетеді /мысалы құрылыс тұрғызуға бас мердігерлік шарт жасасу 1 жыл мерзімге, / айларға жалдаушыларды жеке тұрғын үй қорынан шығару туралы 1 ай бұрын ескерту қажет- Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 26 бабы/.
Оқиғаның пайда болуына байланысты етіп мерзімді белгілеген кезде, құқықтардың және міндеттердің жүзеге асырылуын, міндетті пайда болатын бір оқиғаға байланысты етіп қояды, /мысалы, мүлік жалдау шартының басталуы бірінші қар жауғанға байланысты етіп келісіледі/.
Уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады.
Егер мерзім күнтізбегімен белгіленген болса /нақты күнімен, айы, жылы көрсетілген болса/ онда бұл ереже қолданылмайды.
Егер мерзім уақыт кезеңі ретінде белгіленген болса, бастапқы мерзім белгілі бір аяқталу мерзімін анықтау үшін өте маңызды.
Мерзімнің бастапқы кезеңін дұрыс есептеу үшін, күнтізбе қызмет етеді. Күнтізбемен белгіленген күнімен және оқиғаның басталуы есепке алынбайды және мерзім осы күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
Мысалы, Теміржолға, жүктің жетіспеушілігіне байланысты арыздану 6 ай мерзім ішінде, сол жүктің берілген күнімен басталады.
Үстінде көрсетілген мерзімдерді есептеу тәртібі сағатпен есептелетін мерзімдерде қолданылмайды.
Жылдармен есептелетін мерзім- мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді.
Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады.
Бұл ереже мынандай жағдайларда қолданылады. Мерзім белгілі бір уақыт кезеңі бола тұрып, оның белгілі бір күнтізбе күні белгіленбей, оқиғаның басталуы көрсетпеген жағдайда.
Мерзімнің жылдармен есептелетін кезінде, ол мерзім айдың белгіленуімен айқындалады /мысалы, бес жылдық мерзім 10 наурызда басталса, және сол 5 жылдан кейін 10 наурызда аяқталады/.
Жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімдерге айлармен есептелетін ережелер қолданылады . Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі.
Айлармен есептелетін мерзім- мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.
Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі.
Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді.
Мысалы, 6 ай мерзім 3 маусымда басталса, 3 желтоқсанда аяқталады.
Апталармен есептелетін мерзім- мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде бітеді.
Әр айдың аяқталуы әр түрлі болғандықтан, мерзім айдың сонымен есептеледі. Мысалы, басталған мерзім 29 ақпанда 1996 жылы басталса, онда 1997 жылы 28 ақпанда аяқталады. Өйткені бұл жыл көтерме жылы емес.
Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.
Бұл ереже мынандай жағдайларда қолданылады. Белгілі бір мерзімде іс-әрекет арнайы мекемелерде өткізілуі керек / Мысалы, ақшаны банк арқылы аудару, электр қуатын пайдаланғаны үшін төлем ақы төлеу т. б. /
Бұндайда сол мекеменің ішкі тәртібінде қаралған жұмыс істемейтін күнімен қатар мейрам күндері де басқа демалыс күндері де есептеледі
Мерзімнің аяқталуы жақын жұмыс күні болып саналады. Мысалы, мерзімнің аяқталу кезеңі 1 қантарға сәйкес келсе, онда қантардың 3-і есептеледі.
Егер мерзім қандайда бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін.
Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиіс болса, онда мерзім осы ұйымда белгіленген ережелер бойынша тиісті операциялар тоқтатылған сағатта бітеді.
Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін почтаға, телеграфқа өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жасалған болып саналады.
Мерзімнің соңғы күнінің 24 сағатқа дейінгі жасалған іс-әрекеті /қарыздың қайтарылуы, ол міндеттеменің сол мерзімде орындалуын білдіреді/.
Бұл ереже, мекемелер мен ұйымдарда жасалған әрекеттерге тарамайды.
Мұндайда, мерзімнің аяқталуының соңғы кезеңі сол мекеменің немесе ұйымның ресми түрде жұмыстың аяқталуына байланысты.
Егер жасалған әрекет жазбаша нысанда берілген болса, /мысалы, қабылданған тауардың сапасыздығына байланысты/ почтаға немесе телеграфқа 24 сағатқа дейін берілген болса мерзімінде жасалған әрекеттер деп есептеледі.
2-тарау. Талаптың ескіруі.
Талаптың ескіруі түсінігі мен мағынасы.
ҚР-ның Азаматтық кодексінде 7 тарау Талаптың ескіруі деп аталады.
Осы тарауға кіретін 177-187 баптар талаптың ескіру мерзімін және оны белгілеуді анықтайды, осы мерзімдердің өтуі салдарын көрсетеді.
Талаптың ескіру мерзімі не үшін қажет және осы мерзімнің өтіп
кетуінің заңды салдары қандай?
Талаптың ескіруі - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын
мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін
болатын уақыт кезеңі.
Талаптың ескіруі, бұд талап етуді сот арқылы қанағаттандыру аралығындағы шектеулі уақыт кезеңі. Егер талап негізі жеткіліксіз болса, талаптың ескіру мерзімі аяқталмағанмен, талап қабылданбайды
Талап қою мерзімдері және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және оларды тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.
Заңда көрсетілген талаптың ескіруі жайлы ережелерден /мүліктік қатынастарда қатысушылардың құқығы мен міндеттерін анықтауды қамту, өткен мерзім шегіндегі айғақтар/ басқа, мына жағдайларды ескеру қажет.
Сондықтан, әрбір бұзылған құқық, тек талаптың ескіруімен қорғалмайды. АК 177 бабында, талапты мүмкіндігінше қанағаттандырудың уақытша шегі ретінде талаптың ескіру функциясы көрсетілген. Сот негізге сүйенетін талапты, талыптың ескіруі аясында қанағаттандырады, ал негізсіз талап, оның талаптың ескіруі аясында болуына қарамастан, кері қайтарылады.
Талаптың ескіруі, тек субъективтік азаматтық құқықты ғана емес, басқа да күшіне енген құқық нормаларын бұзумен байланысты. Мысалы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу жайлы келісім шарт жарамсыздығын талап етуді қарастыруда /Тұрғын үй қатынастары туралы Заң 82 бап/, құқығына нұқсан келген тұлғаны анықтаудың қажеттілігі жоқ. Талапты тікелей мүдделі тұлға және де азаматтық іс-жүргізу заңына сәйкес басқа тұлғалар да қоя алады.
Талаптың ескіруі салдарын мүліктік мағынада алып қарағанда, бұл заң бойынша берілген қарызды кешіру. Мұндай қарызды кешіруді немесе талаптың ескіруі мерзімін, сот заң ұйғарымдары негізінде белгілейді.
АК-тің 401 бабы, міндеттеме қатысушыларына, ерікті түрде келісім-шарт бойынша туындаған міндеттер әрекетін тоқтатуға мүмкіншілік береді. Мұнда, міндет соңына дейін орындалмай қалуы мүмкін. Бір жақты міндеттемеде, несие беруші борышқордағы қарызды кешірумен тоқталуы мүмкін. Бұл екі жағдайларда да мәжбүрлі түрде еркінен айыру болмайды.
Заң, міндетті түрде, тоқтату әрекеттері негіздерін қарастырмайды. Мұндай іс-әрекеттер үшін талап ескіруі мерзімінің мағынасы жоқ. Несие беруші шарт жасасқан кезде немесе қарызды кешіру кезде талаптың ескіруі мерзімінің өтіп кеткенін және оның соттың араласуымен жүзеге асыру мүмкін еместігін ескереді. Мұндай түсініктердің құқықтық мағынасы жоқ, өйткені несие беруші, өзінің субъективтік құқығынан айырылудың нақты негіздермен байланыста емес.
Осы жерде айта кететін бір жай, ескіру түсінігі құқық салаларының бір қатарында кездеседі. Барлық жағдайларда, ескіру сөзі, құқықтық салдарға ие болатын, уақыт кезеңін білдіреді. Мысалы, қылмыстық заңда, қылмыстық жауапкершіліктен босату мерзімінің ескіруі және жазалау үкімнің орындалу мерзімнің ескіруі белгіленген. /ҚК 75 бабы/
1991 жылы азаматтық заң негіздері, мүлік иесі емес азамат немесе заңды тұлға он бес жыл жылжымайтын мүлікті , бес жыл басқа мүліктерді үздіксіз, ашық түрде, адал ниетпен қолданса, ол осы мүлікке жеке меншік құқыққа ие болатындығы жайлы бірінші рет құқық нормасын еңгізді. Бұл ереже АК 240 бабында қайта орын алған. Сонымен қатар, иелену мерзімі негізінде, жеке меншік құқығы сот шешімі негізінде қарастырылмаған. Ескіру, уақыттың белгілі бір бөлігі ретінде, соттың қатысуынсыз құқықтық салдарға ие болады. Бұл болмаған жағдайда, талаптың ескіруі институты күшіне еңеді. Бұл ескірудің аты талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол соттың, талап арызды қарау барысында ғана қолданылады.
Бірақ, талаптың ескіруі тек азаматтық-құқықтық қатынастарда ғана қолданылмайды. Қазіргі заңда, ескіруі мерзімі отбасы құқығында, салық құқығында, банк құқығында, көлік туралы ережелер мен кодекстерде және халықаралық келісімдерде қарастырылған.
Азаматтық құқықтың талап ескіруі мерзімі қолданылуы, тоқтатылуы немесе үзіліс жасау, қайта қалпына келтіру нормалары, отбасы құқығында және басқа салаларда да қолданылады. Сондықтан талаптың ескіруі түсінігі және мағынасы, құқықтың барлық салалары үшін бірдей.
АК 178-бабында талаптың ескіру мерзімдері екі түрге бөлінеді:
жалпы мерзім және арнайы мерзім.
Талап ескіруінің жалпы мерзімі, даулы құқықтық қатынастық субъектілік құрамына қарамастан үш жылға бекітілген . Талап ескіруінің арнайы мерзімі, талаптың жеке түрлері үшін арнайы бекітіледі. Мысалы, АК 216-бабында, жалпы үлестегі жеке меншікке қатысушылар, мүлікті сатып алу-сату құқығының бұзылуына байланысты талап ету үшін - 3 ай қысқартылған мерзім белгіленген. Кепілші мен гарантқа талап қою үшін-1 және 2 жыл белгіленген. Тасымалдауға байланысты, көліктік ережелер мен кодекстерде, талап етудің қысқартылған мерзімдері сақталған.
Сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты, талыптың ескіру мерзімі, қол қойылғаннан бастап 6 ай ішінде. Егер талапты басқа мүдделі тұлға немесе прокурор қоятын болса, талаптың ескіру мерзімі, жағдайлар белгілі болғаннан бастап 6 ай, бірақ келісім-шартқа қол қойылғаннан бастап-3 жыл ішінде бұл жағдай мәлім болса.
Талаптың ескіруін есептеу тәртібі.
Талап ескіруін есептеу барысында, талап ескіруі мерзіміне кіретін үздіксіз, бастапқы уақыт кезеңінің мағынасы бар.
АК 180 бабында, талап қою мерзімнің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады.
Азаматтық кодексте талап ескіруі мерзімін анықтауда, талап ету құқығы түсінігі қолданылмайды және де талап ескіруінің мерзімі басталуы үшін, тұлға өз құқығына нұқсан келгенін білуі тиіс қажеттілігі де қамтылмаған. Талап ескіруі тек субъективтік құқық ғана емес, іс жүзіндегі құқықтық нормалар бұзылуымен байланысты болғандықтан, талап ескіруі мерзімі кез-келген мағынада құқық бұзу пайда болған сәттен басталады.
АК 180 бабы, талап ескіруі қолданылуы жеңілдететін, жедел және мерзімсіз міндеттерге байланысты талап ескіруі мерзімін бастау жайлы, қосымша ережелер еңгізген.
Мысалы ретінде, жалпы ережелерден туындайтын, мына нормаларды келтіруге болады:
1/Негізгі міндетті орындау мерзімі көрсетілмесе және талап етуде анықталмаса, талап ескіру екі жылдық мерзімі, кепілші мен гарант талаптары бойынша, олар келісім-шарт жасаған күннен бастап басталады АК 336-бабы;
2/АК 159 б. 9-10 п. қарастырылған мәміле жарамсыздығы негіздері бойынша даулы істердегі талап ескіруінің бір жылдық мерзімі, мәміле жасауда көрсетілген қысым мен қорқыту аяқталған күннен бастап, басталады;
3/ Тараптар талап етуі бойынша сатып алу-сату, келісім-шарты жарамсыздығына байланысты даулы істердегі талап ескіруінің алты айлық мерзімі, осы келісім-шартқа қол қою күнінен бастап, басталады;
4/ асырап алынған баланың ата-аналары, асырап алушы жұбайы және асырап аліу кезінде құқығына нұқсан келген тұлғалар талабы бойынша, талап ескіруінің үш жылдық мерзімі, асырап алуға шешім шығарған сәттен бастап басталады.
АК ҚР талап ескіруі мерзімін тоқтату және үзіліс еңгізу жайлы қосымша ережелер қарастырылған. Бұл ережелердің бір ерекшелігі, құқықтық қарым-қатынас субъектілеріне байланыссыз қолданылады.
1964 жылғы АК 81-бабында мынадай ереже болған: қарызды мойындауда куә болған, міндетті тұлға іс-әрекеті арқылы талап ескіруі мерзімі тоқтатылады. ҚР АК 183 бабында көрсетілгендей, белгіленген тәртіп бойынша талап етуде және қарыз немесе басқа міндет туралы куә тұлғаның міндетті әрекет жасауы барысында, талап ескіруі мерзімі тоқтатылады.
Сондықтан, талап ескіруі мерзімін тоқтатуға негіз болған қарызды мойындау, заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарға да қолданылады.
Талап ескіруінің қолданылуы.
Азаматтық кодекстегі талап ескіруін қолдану сұрағына байланысты, негізінде жаңа тәсіл қарастырылған. АК 179 б. 2 п. мына норма бекітілген: сот талап ескіруін, сот шешімін шығарғанға дейін тараптардың талап арызы даулы істерде қолданады. Осыған қарама -қайшы ереже бұрынғы 1964 жылғы АК орын алған, яғни тараптар талабынсыз, арбитраждық сот және аралық сот талап ескіруін қолданған. Талап ескіруін, тараптардың құқылы қолдануы, несие берушінің позициясын күшейтеді. Жоғарыдағы АК нормасында талап ескіруін қолдануды тараптар талап етуі жайлы айтылды, мұндай талап жауапкерден шығуы қажет, себебі талапты қанағаттандырмайтын сот шешімінде талап ескіруін қолдануға мүдделі жауапкер болады.
Бірақ, борышқор, несие берушіден талап ескіру мерзімі рұқсатына сүйене отырып, сотқа шағынбай, несие берушіден міндеттерді тоқтатуын талап ете алмайды. Сот қатысуынсыз талап ескіруін қолдануға жол бермеудің, заңды тұлғалардың қатысуымен міндеттемелердегі ақшалай қарыз тағдырын анықтауда тәжірибелік маңызы бар.
Талап ескіруін, тараптардың емес, талап ескіру мерзімін қалпына келтіруді анықтайды.
Жоғарыда көрсетілгендей, талап мағынасы барлық жағдайларда нұқсан келген субъективтік құқықтан туындамайды. Бұл норма, заңды тұлға үшін, талап ескіру мерзімін қайта белгілемейді. Сонымен қатар, талап ескіру мерзімі орынды себептермен өтіп кетуі, заңды тұлға қызметі жағдайларында да орын алуы мүмкін /тізімге алмау, қызметкерлерді жеткіліксіз квалификациялау немесе оны теріс пайдалану/.
АК-те талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру нормалары бар:
- Егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға /бой бермейтін күш/ кедергі жасаса;
- міндеттемелердің бұл түрін орындау ҚР-сы Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты /мораторий/;
- егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;
- егер әрекет қабілеттігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
- тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланыстыталап қою мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанға және жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Талап ескіруі мерзімінің өтіп кетуі салдары.
Талап ескіруі мерзімінің өтіп кетуін екі норма анықтайды. 179-бапта көрсетілгендей: талап еткенге дейін, талап ескіруі мерзімінің өтіп кетуі, соттың талапты қанағаттандырмау шешіміне негіз болады. АК 186-бабы талап ескіруі мерзімінің өтіп кетуі бойынша міндеттерді орындауға жол береді, талап ескіруі мерзімі барысындағы борышқор немесе басқа да міндетті тұлғаның, қайта орындауды талап етуге құқығы жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz