Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы


TapaУ 1 ТЕРРОРИЗМНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ 1. 1 Терроризмнің түсінігі пайда болу негіздері

Терроризм латынның "terror" - қорқыныш деген сөзінен шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық терроризмге мынадай анықтама берген: "Адамдардың орынсыз өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет" .

Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті халықаралық қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм - мемлекеттік үкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы түрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық, сезімін туғызу болып табылады

Әлемдегі барлық мемлекеттер терроризм, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы, қарақшылық және басқа халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруға бірлесіп мүдделілік танытуда.

Халықаралық терроризм халықаралық қылмыстардың ауыр түрлерінің біріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937 ж. басталды. Осы жылы "Терроризмнің алдын алу және оны болдырмау" Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда террористік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілді. Аталған конвенция күшіне енбесе де, ол терроризммен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.

Халықаралық терроризм актілеріне (әрекеттеріне) шетелдік мемлекет және үкімет басшыларын, дипломаттарды және халықаралық қорғаудағы басқа да тұлғаларды өлтіру, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерін жару, жоғарыда аталған тұлғалардың үй-жайлары мен көлік кұралдарына шабуыл жасау, қоғамдық орындардағы, аэропорттардағы, вокзалдардағы, көшелердегі және т. б. диверсиялар.

Бұл қылмыс түрінің субъектілеріне жеке тұлғалар да, террористік ұйымдар да жатады.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мемлекеттік органдарды, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау осы халықаралық қылмыс құрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады.

Бұл түрғыдағы халықаралық қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім қабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның, белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.

Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескөрту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.

Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т. б. ) болмаса, ол терроризм үшін халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ, көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқандық үшін жеке халықаралық қылмыстық жауаптылық көзделген.

Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген әр түрлі ұйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.

Жария түрде шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында терроризм актісін жасауға бағытталған тікелей-әрекеттерді айтамыз.

Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін мазмұнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.

Террористік ұйымға террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс- әрекетті жүзеге асыратыны болса онда оларда террористік ұйым деп танылады.

Ал осы топқа басшылық ету деп, террористік топты құрған, оған адамдар тартқан, осы топтың қызметін тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз.

Террорлық акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау болып табылады.

Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескөртуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің

жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс- әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Заң террорлық әрекетке-адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасауды, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ, аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру деген анықтама береді.

Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес терроризмді адамдар көбірек шоғырланатын құнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзеге асырылатын немесе ең бастапқыда-ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не құрылысты жоюға бағытталған жарылыс жасау, өртеп жіберу немесе басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік зиян келтіру қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады ( гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен атм электрмен, сумен не газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т. б) .

Көрсетілген әрекеттерді жасаумен қорқыту деп аталған пиғылдың шын екендігін оны дәлелдейтін әрекеттер жасау арқылы (жарылғыш заттар алу, жарылғыш қондырғыларды орнату, т. б) қуаттай отырып, террорлық әрекет жасау жөнінде тікелей айтуды түсінеміз. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін төндіру терроризмнің міндетті белгісі болып табылады.

Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға болады, түрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар мен құрылыстар орналаскан төңіректің үлкен жерлерін су басуы, апат, катастрофа, апат, аймақтың химиялық немесе радиоктивті заттармен ластануы, т. б.

Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы қауіп тондіретін жарылыс, өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап аяқталған халықаралық қылмыс ретінде танылады. Терроризмді аяқталған қылмыс ретінде тану үшін өлімнің не басқа зиянды зардаптардың міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.

Тұлға адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптар орын алатындай қауіп төндіруші жарылыс, өртеу не басқа әрекет жасайтындығын немесе осындай әрекеттермен қорқытатындығын түсініп біледі және нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.

Терроризмнің мақсаты, яғни қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету-оның негізгі белгісі болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сол сияқты халықты қорқыту мақсаттары тұлғаның қоғамды дүрбелең күйге үшыратуға, қалың көпшілікті өздерінің өмірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлендіруге ұмтылумен сипатталады.

Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты айыптының бұл органдарды терроршылар үшін тиімді, бірақ заңсыз әрі тиімсіз әрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр қылатындай ниетінің болуымен байланысты. Қазіргі кезде терроризм деген ұғым мен ислам дінін жиі байланыстырып қарастырады, алайда шын мәнінде, исламның өз басында ешқандай агрессияшылдық жоқ, әрине терроризмнің көрініс табуына тағы бір себеп саяси радикализм болуыда мүмкін. Қоғамдық көңіл күйдің радикалдауының кез-келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістерімен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді.

Сонымен, терроризм проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп саналмайды. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бұкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мұндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.

1. 2 Терроризмнің шығу тегі мен түрлері

Терроризмнің пайда болу туралы мәселесіне байланысты екі түрлі пікір бар: биологилық және әлеуметтік. Бірінші пікірді үстанушылар адамды - оған зорлау түйсігі және агрессияшылдық тән деп, тек қана биологиялық жәндік ретіде қарастырады. Ал екінші пікірдің (әлеуметтік) үстанушылары қоғамдағы терроризмнің пайда болуының себептерін көреді: адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани өмірін.

Терроризм өзінің тамырларымен терең ғасырларға кетеді, және сондықтан да саяси соғыстың қандай түрі нақты жемістерді алып келгенін анықтау қиын.

Мемлекет институтының пайда болуымен және әлиталар арасында әлеуметтік-саяси қайшылықтардың пайда болуымен бірге терроризм саяси соғыста кеңірек қолданыла бастады. Осындай жағдай азамат тарихында болғанын дәлелдейді, оған Ежелгі Мысыр, Жақын және Орта Шығыс, Европа, Ресей мемлекеттерінің тарихы дәлел болады.

Мемлекеттік төңкерістердің классикалық тәсілі б. з. д. 44 жылдағы Гай Кассий және Марк Юний Брутпен үйымдастырылған Гай Юлий Цезарьге қарсы сөз байласу болды. Цезарьды өлтірудің себебі - оның өте қысқа уақытта өзінің қолында толық билікті жаулап алуға себеп болған оның саяси белсенділігі болды. Ол фактілі түрде монарх болды, бірақ республикалық басқару нысанын да сақтаған.

Ең өрте пайда болған террористтік топтардың бірі - жаңа эраның I ғасырында Палестинада әрекет еткен сикарийлер сектасы болды. Осы топ римляндармен бейбітшілікте болған еврейлік шонжарлардың өкілдерін жойған. Сикарийлер қару ретінде қанжарды немесе қысқа қылышты - яғни сиканы қолданған. Осы сикарийлердің әрекеттерінде религиоздық фанатизммен саяси терроризмнің байланысы көрінеді.

Сикарийлер сияқты бірдей идеологияны ассошафиндердің мұсылмандық сектасының өкілдері де ұстанған болатын. Олар халифтерді, префекттерді губернаторлармен басқарушыларды өлтірген.

Осы уақытта Индияда әр түрлі қүпиялы қауымдастықтар өмір сүрген. «Жан қылқындырушылар» сектасының мүшелері өздерінің қүрбандарын жібек жіппен қылқындырып өлтірген. Олардың осындай өлтіру әдісі Кали қүдайына құрбан шалудың дәстүрі ретінде саналған. Осы сектаның ірі мүшесі былай деп айтқан: «егер де кімде кім бір рет болса да құрбан шалудың тәттілігін сезінсе, ол қандай да кәсіп өнерін игермесе де немесе оның қолында әлемнің бұкіл алтыны болса да - ол біздікі. Мен өз басым жоғарғы лауазымды иеленіп жақсы жұмыс істегенмін. Бірақ сектаға оралғанда ғана өзімді өзім деп сездім».

Қытайдағы антиманьчжурлық қүпиялы қоғамдастықтардың бірінің атауы -ол қүпиялы қоғамдастық «Триада», оның негізі он жетінші ғасырдың аяғында қаланды, яғни тікелей айтатын болсақ, маньчжурлар Қытай территориясының екіден үш бөлігін жаулап алған кезде. Бастапқыда ол маньчжурлардың билігін жойып қайтадан императорлық тақта Минь династиясын орнату үшін қүпиялы қоғамдастық ретінде құрылды. Осы қоғамдастық маньчжурлар династиясының билік ету уақытында фактілі тұрде жергілікті өзін-өзі басқару құралына айналып, өзіне көптеген әкімшілік және сот функцияларын жүктеді. XIX ғасырдың басында Қызыл тюлпандар көтерілісінен кейін маньчжурлармен -жүздеген қытайлықтарды тірі көзімен жерге көміп, қылқындырып, бастарын алған операциялар жүргізілді. Осының нәтижесінде Триаданың көптеген мүшелері Гонконг және АҚШ-та баспана іздеуге мәжбүр болды. Британдық биліктердің мәліметтері бойынша Гонконгтың екіден үшінің халқы әр түрлі Триадалардың мүшелігінде тұрған еді. XX ғасырдың басында Триадалардың өмір сүруінің легальды базасы маньчжурлардың репрессияларымен бұзылған еді. Триада ақырындап өзінің қызметін қамтамасыз етудің криминалды әдістерін қолдануға көшті: рэкетке, контрабандаға, теңіз қарақшылығына, қорқытып алушылыққа. 1911 жылы Триаданың қызметі толығымен патриоттықтан криминалдыға ауысты.

Католиктермен протестанттардың арасындағы діни соғыстың логикалық жалғасы - XVI ғасырдағы Варфоломейлік түн болды. Француздық король Карл IX және оның анасы Екатерина Медичи 1572 жылы 24 тамызда Париж қаласында протестанттар-геноттардың жаппай қырылуын ұйымдастырды. Осы түні Францияның астанасында 2 мыңнан астам гуверноттар өлтірілген. Ал жалпы мемлекет бойынша екі аптаның ішінде 30 мыңға жуық адамдар өлтірілді.

Римдік Папалар осы хабарламаны ынтамен қабылдады ал ағылшын королевасы Екатиранаға қарсы күрескен папа Григорий XIII Англияда жаңа Варфоломейлік түнді қайталағысы келген.

Осындай түрмен, сол кездегі мемлекеттік террор көптеген мемлекеттердегі сыртқы және ішкі саясаттың құрамдас бөлігі ретінде болған еді.

Ресей мемлекетінде Иван Грозный билік ету кезінде билікті жоғалту қауіпіне жауап ретінде «крамоланы» жою басты мақсат болып табылатын, опричинина сияқты қүбылысы пайда болды. Осы мақсатпен царь жарғысы бойынша арнайы басқару аппараты және царьға бағынатын 6 мың адамнан тұратын әскер қүрылды.

Терроризм баяғыдан бастап саяси күштер жұмыс істегеніне қарамастан, тарихшылардың пікірі бойынша «террор» үғымы Француз буржуазиялық революцияның «якобиндік» кезеңінде пайда болды. Яғни, 1793 жылдың наурызымен 1794 жылғы шілденің арасында, және «қорқыныштың билік етуі» дегенді білдірген. Массалық террордың жану кезінде бір күннің ішінде 60-қа жуық адамдарды өлтірген. Айып тағылғандарды өлтірудің процесін жеңілдету үшін гильотинаны қолдануға келісім берілген.

Сонымен қатар мемлекеттік террорды Наполеонда жүргізген болатын. Ол 1795 жылы ол демонстранттарды атуға бұйрық беріп, Париждегі роялисттік котерілісті қиратып жіберді.

Жүйелі террористтік акциялар XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады: 70-ші 90-шы жылдары анархисттер «іспен пропаганданы» назарға алды (террорлық актілер, саботаж), ал олардың негізгі идеясы қандай да бір

мемлекеттік билікті жоққа шығарудан түрды. Анархизмнің оның дамуының әр түрлі этаптарындағы басты идеологтары: Прудон, Штирнер, Кропоткин болды. Анархисттер тек қана мемлекекеттік емес, сонымен қатар жалпы қандай да болса биліктен бас тартады, және қоғамдық тәртіпті жоққа шығарып, азшылықтың көпшілікке бағыну қажеттілігі туралы айтады. 90-шы жылдары анархисттер «іспен пропаганданы» Францияда, Италия, Испания Америка Құрама Штаттарында жүргізді.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап терроризм әлемнің көптеген мемлекеттер қоғамдық өмірінің түрақты факторы болды. Осы мемлекеттерде революционды-саяси немесе ұлттық сипаттағы террорлық ұйымдар пайда бола бастады: Ресейдің орыс ұлтшылдары, Ұлыбританияның (Ирландия), Турция (Македония), Австро-Венгрия (Сербия), Испанияның радикалды ұлтшылдары, Франция, Италия және АҚШ анархисттері. Олардың жетекшілері террор арқылы әлеуметтік әділеттікке, жалпылық ырыс-берекеге жетіп, ұлттық автономия және тәуелсіздікті алуға болады деп санаған. XIX ғасырдың аяғына таман Европа және Американың мемлекеттерінің көбісі анархисттердің әрекеттерінен зардап шеккен.

Революциялық дәуірдің бітуімен террористтер де революционерлер де жоғалып кетті. Бірақ, террорды туғызатын себептер жойылған жоқ.

«Бомба философиясы» және «іспен пропаганда» концепциялары өз жалғасын фашизм теориясында тапты. Осы фашизм теориясы Италия және Германияда XX ғасырдың басында пайда болды. Ол зорлаудың, шовинизм, расизм, антисемитизм, әскери экспансия идеяларын және мемлекеттік аппараттың бүкіл билік етудің күрделі нысандарын қолданатын, ең реакционды күштердің террористтік диктатурасы болды. Фашисттік Германияда диктатураның құрылған механизмі өзіне аса қатыгездігімен ерекшеленген террорлық аппаратты қосқан: СА, СС, Гестапо, «Халықтық трибунал» және т. б.

Бірінші дүниежүзілік соғыс терроризмнің иедологиялық түсінігінде бір бөлінуші ретінде болды. Осы соғыстың аяқталуымен бірге террорды оң ұлтшыл-сепаратисттер және Германия, Франция, Венгрия және Румынияның фашисттік қозғалыстарын қаруға алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Терроризмнің ұғымы және белгілері
Терроризм ұғымының мән жайына, оның қазіргі көріністеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Халықаралық құқықтағы терроризм және оған қарсы күрес
Терроризм және экстремизм
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz