Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары



Кіріспе
1 Меншіктің мәні және экономикадағы атқаратын қызметі.
1.1 Меншік: мәні және мазмұны.
1.2 Меншіктің түрлері және экономикадағы рөлі.
1.3 Меншік объектілері мен субъектілері
2 Қазақстан Республикасының меншік нысандары және оның маңызы.
2.1 Қазақстан Республикасының нарықтық меншік нысандары.
2.2 Қазақстан Республикасындағы меншіктің алатын маңызы.
2.3 Меншікті жекешелендіру

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: «Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары»
Курстық жұмыстың мақсаты: меншіктің пайда болуы және экономикадағы мәні және меншіктің түрлері, меншік объектілері және субъектілерін зерттеу. Сонымен қатар, Қазақстандағы нарықтық меншік нысандары.
Меншік проблемасы мен біздің әрқайсымыз өмір бойы күн сайын ұшырасып отырамыз. Меншік – қашанда белгілі бір тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Адамдардың жасампаз әрекеттерінің негізгі материалдық құралдарын иемдену – бұл әр қоғамдық өндірістің дамуының өзекті көзі.
Қазіргі кезде меншік, бұл тақырып өте күрделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі таңда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бірі және пікірталас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықты экономикаға көшу меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы бар. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның көптеген объектілері өз шешімін күтуде. Мысалы, ондаған жылдар бойы біз меншіктің мемлекеттік (жалпы халықтық) және кооперативтік екі түрін ғана мойындап келдік.
Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен соцоилизм орнату жолында деп есептелінген елдердегі әлеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуінің басты себептерінің бірі – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемділікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қорытынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдіру мәселесі алға тартылып отыр.
1. Баққұлақов С. «Құқық негіздері».Алматы2004.
2. КР Конституциясы. Алматы 2004.
3. Сапатғалиев Ғ. « Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы 1996
4. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. Шет мемлекеттердің салықтары
5. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
6. С.Әкiмбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 446 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
1 Меншіктің мәні және экономикадағы атқаратын қызметі.
1. Меншік: мәні және мазмұны.
1.2 Меншіктің түрлері және экономикадағы рөлі.
3. Меншік объектілері мен субъектілері
1. Қазақстан Республикасының меншік нысандары және оның маңызы.
1. Қазақстан Республикасының нарықтық меншік нысандары.
2. Қазақстан Республикасындағы меншіктің алатын маңызы.
3. Меншікті жекешелендіру

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Меншіктің мәні және экономикалық
мазмұны, оның тарихи нысандары
Курстық жұмыстың мақсаты: меншіктің пайда болуы және экономикадағы
мәні және меншіктің түрлері, меншік объектілері және субъектілерін зерттеу.
Сонымен қатар, Қазақстандағы нарықтық меншік нысандары.
Меншік проблемасы мен біздің әрқайсымыз өмір бойы күн сайын ұшырасып
отырамыз. Меншік – қашанда белгілі бір тарихи қалыптасқан формаларда пайда
болып дамиды. Адамдардың жасампаз әрекеттерінің негізгі материалдық
құралдарын иемдену – бұл әр қоғамдық өндірістің дамуының өзекті көзі.
Қазіргі кезде меншік, бұл тақырып өте күрделі және көп қырлы. Ол
әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды.
Бүгінгі таңда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бірі
және пікірталас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықты экономикаға көшу меншік қатынастарына тікелей байланысты.
Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір
меншік формасы бар. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның
көптеген объектілері өз шешімін күтуде. Мысалы, ондаған жылдар бойы біз
меншіктің мемлекеттік (жалпы халықтық) және кооперативтік екі түрін ғана
мойындап келдік.
Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен соцоилизм
орнату жолында деп есептелінген елдердегі әлеуметтік-экономикалық жүйенің
күйреуінің басты себептерінің бірі – мемлекеттік меншік қатынастарының
үстемділікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру
туралы қорытынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік
көзқарас білдіру мәселесі алға тартылып отыр.
Меншік проблемаларын қарастыру – саяси экономия және экономикалық
тоерия курсының қажетті элементі болып табылады. Бүгінгі таңдағы меншік
ұғымының төңірегіндегі пікірталастарды талдау мен меншіктің нақты әр түрлі
формаларын өңдеудің мәнін түсіну үшін аталған күрделі проблеманың теориялық
негізін анықтау қажет.
Менің курстық жұмысым екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде
меншік проблемаларын, мәнін, мазмұнын және экономикадағы атқарытын қызметі.
Сонымен қатар, меншік ұғымының төңірегіндегі пікірталапстарды талдау мен
меншіктің нақты әр түрлі формаларын өңдеудің мәнін түсіну үшін аталған
күрделі проблемаларды теория жүзінде көрсету.
Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының меншік нысандары, оның
маңызы және жекешелендіру.
Меншік – адамдардың өндірістік және өндірістік емес заттарды
иемденудің тарихи анықталған қоғамдық тәсілі. Ол әр қашанда бұйымдар мен
байланысты (мүліктермен, иемдену нысандарымен) [1, 15 б.].
1 Меншіктің мәні және экономикадағы атқаратын қызметі.

2. Меншік: мәні және мазмұны.

Қай ел болсын, оның шаруашылық өмірімен жеке танысу барысында мынадай
сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе
адамдардың өмір сүру негізі – материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл
биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті
меншік қатынатары болып табылады.
Меншік – қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі – қоғамдық бастаулардың
негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап,
оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға
жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі
субъектілері (жеке адамдар, әлеуметтік топтар, таптар, мемлекет) арасныда
қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен
анықталған мүліктерге ме болады. Және ол қолындағы мүліктерді: иемдену,
пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.
Бұрынғы Одақтағы қоғамдық ілімдер дамудың басты кемшілігі – объективтік
процестердің нақты күрделілігін жеңілдетуге саяды. Бұл жағдай меншік
ұғымын зерттеу процесінде де көрініс алады. Біріншіден, меншікті жігерлі
қатынастар ретінде, тек құқылық феномен деп түсіну. Егер саяси экономия
объективті экономикалық процестерді қарастыратындығы және ол меншіктің
мазмұнын бір жақты түсіндіретіндігіне көңіл аударсақ, онда бұл көзқарастың
дұрыстығы күмән туғызбайды. Ал осындай бағытты жақтаушылар меншікті
құқықтық жағынан қарастыру – иемденудің экономикалық қатынастарды
бейнелейтінін, сол себепті де бұл, олардың түрлері екендігін де мойындайды.
Әйтсе де экономикалық қатынастардың орнына, түрді мазмұнынан айырып алады.
Екіншіден,көп уақыттар бойы меншіктің экономикалық және құқықтық
мазмұнына тереңдеп бармай, оны бетінен қалқып түсіндіру орын алып келді.
Көптеген авторлар меншіктің экономикалық мазмұнының салыстырмалы дербестігі
(оның мазмұнын өндірістік қарым-қатынастар арқылы анықтау) мен оның
құқықытық мазмұнының күрделілігін мойындаумен бірге, олардың арасындағы
өзара байланыс туралы нақты жауап бермеді.
Әйтсе де бірқатар экономикалық әдебиеттерде бұл проблема туралы маңызды
ой-пікірлер айталып та жүрді.
Олардың меншік туралы ұғымдарды толықтырып отырды. Мұның позитивті
маңыздығы сонда, меншік экономика мен құқықтық біртұтастығы деп
тұжырымдалды. Демек, меншік қатынастарының ерекшелігі де дәл осында.
Меншік қатынастары құқықтық және экономикалық материалдардан тыс
қалыптаспайды, олар осы екі формада бірдей әрекет жасайды. Сонымен,
меншіктің категория ретінде қоғамдық процесті сипаттайтын принциптерінің
ерекшелігі осында.
Елдегі басты мәселе – меншіктің мәні және сипаты туралы. Жалпы меншік
дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеу қажет.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірілген өнімдерді
иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол
адам және заттың арасындағы қарым-қатынас емес, адамдар арасындағы
қатынастар болып табылады.
Күнделікті тәжірибеде меншік қатынасының экономикалық мазмұны мен оның
құқықтық арасындағы айырмашылықтарды ажырата білу қажет.
Меншік. Саяси-экономикалық мағынада. Бұл өндіріс процесіндегі адамдар
адамдар арасындағы күрделі шаруашылықтар және олардың арасындағы қарым-
қатынастары. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру – адамдардың өз
қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады. Меншік
қатынастары: а)иемдену, б) материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және в)
оларды жүзеге асырудың экономикалық сапасын анықтау процесіндегі қарым-
қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндіріс сферасындағы аса
маңызды: адам-адам қарым-қатынастарын бейнелейді.
Меншік. Саяси-экономикалық категория ретінде. Мұны өндірістің қоғамдық
формасын анықтайты, адам арасында құрал-жабдықтарды пайдалану процесіндегі
болатын қарым-қатынастар жүйесі деп түсінеміз. Сондықтан меншік туралы
жалпы түрде оны: тек таза абстракция ретінде айтуға болады. Ол
экономикалық категория ретінде белгілі бір нақтылы әлеуметтік қарым-
қатынастарды бейнелейді.
Сонымен, меншік экономикалық категория ретінде – экономикалық
қатынастардың абстракциялық көрінісі. Яғни, меншік – нақты қоғамының
экономикалық қатынастарының толық жүйесіндегі қандай да бір экономикалық
немесе топтық (жиынтық жүйе) қарым-қатынастарының абстарктылы көрінісі
болып табылады.
Өндіріс процесін адамдардың өзінен тыс табиғатты иемденуі деп айтуға да
болады. Бұл иемдену өндіріс факторларын ұштастыру арқылы жүзеге асырылады.
Ал, ұштастыруда әр түрлі қоғамдық формада қолданылады.
Сөйтіп, экономикалық категория ретіндегі меншіктің мазмұнына
жоғарыдағыдай анықтама беруге болады. Әйтсе де әртүрлі жағдайда меншіктің:
мемлекеттік, жеке меншік, ұжымдық деген сияқты т.б. белгілі бір әлеуметтік
формалары бар.
Меншік – иемдену, билеу, пайдалану тәрізді күрделі қарым-қатынастар
ретінде осы қоғамның экономикалық қатынастарының барлық жүйесі арқылы
жүзеге асырылады. Олай болса, оның экономикалық мазмұны мен
заңдылық қозғалысын тану үшін экономикалық қатынастардың барлық
жүйесін зерттеу қажет.
Қоғам өзара қарым-қатынастағы және әрқайсысының ерекше өзіндік
мүдделері бар элементтерден, яғни кәсіпкерлік және жұмыскерлерден тұрады.
Және олардың мақсат-мүдделері өндірістің бағдар-бағытын анықтайды. Мұны
мынадай екі нұсқаға топтауға болады:
1. Кәсіпкерлер мен жұмыскерлердің қай-қайсысы болсын, өндірісті
жүргізгенде (ұйымдастырғанда) қашанда өз мүдделерінің қамтамасыз
етілуі басым болуын көздейді;
2. Өндірісті ұйымдастырғанда өз мүдделерін теңестіруге және оларды
оптимальды үйлестіруге ұмтылады.
Иемдену адамдар арасындағы экономикалық байланыстарды бейнелейді, егер
олар: мына зат кімдікі десе, онда бұл жайт қалыптасып үлгерген шаруашылық
байланыстыратын сипаттайды және бұл мүлікті кімнің иемденуге құқығы бар, ал
кімнің құқғы жоқ екендігін көрсетеді. Иемдену ұғымы – қоғамның бір бөлігі –
құрал-жабдықтарды өз иелігіне алып, басқа адамдардың тіршілік ету көзінен
айыру дегенді білдіреді. Осыған сәйкес бір адамдардың өндірген өнімдердің
басқа біреулер, демек, құрал-жабдықтардың қожайындарын иемденеді.
Көптеген жағдайда құрал-жабдық иелері өздері өндіріс процесімен
айналыспайды. ОЛ белгілі бір шартқа сәйкес өз заттарын басқа біреуге
пайдалануға (жалға) береді. Бұл жағдай меншік иесі және кәсіпкерлік
арасында мүлікті шаруашылық түрінде пайдалану қарым-қатынастары туындайды.
Сөйтіп кәсіпкер басқа біреудің меншігіне қожалық етуге және оны пайдалануға
уақытша заңдық құқық алады. Бұған жалға беру мысал бола алады. Оның басқа
да түрлері бар. Мысалы, концессия – мемлекеттің жеке адамдарға, шетел
фирмаларына өндірістік кәсіпорындарды немесе оның белгілі бір бөлігін (цех)
шарт бойынша өндірістік әрекет жасауға беруі. Ал енді меншіктің
экономикалық мазмұнына келетін болсақ, меншіктің экономикалық мазмұны
мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
a) Екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдену-жатсыну;

b) Жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
c) Өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
d) Табыстарды үлестіру тәсілі;
e) Субъектілік-объектілік талдау.
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің
сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір
қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет
нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан,
олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан
2. шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін
осы
қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес,
субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету –
қандай да бір объектінің субъектінің өзіндік қызметіне айналдырадырудың
мүмкін еместігін білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауардың өндіруге
мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса,
оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым
күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы
жүзеге асырылады.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке
меншіктің салдарынан кәсіпорындаржеке тауар өндірушілер ретінде
оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатын байланысты, олардың
бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне таралған. Оқшауланған тауар
өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы
арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру
тәсілі құрайды.
Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс
процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының
тікелей қосылу тәсілдері сипатталады. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі
қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және
материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа да нұсқалары
болуы мүмкін, бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет ажыратылып,
түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші
қызметі, бірінде – жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс
құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс
құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс кұшін жалдау қажет.
Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың
бірігуі жұмыс күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша
қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы
деп аталады.
4. Табыстардың үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілермүддесі үшін
жүзеге асырылады.
5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ,
өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік
объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағащдар, ақпарат,

интелект, жұмыс күші болып табылады.
Тек қана біз меншікті ғана емес, меншік қатынастарының құқықтарын айыра
білуіміз керек.
Меншік құқығы – белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес
игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң
нормаларының жиынтығы.
Меншік заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктерімен сипатталады. Меншік
құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты
қалыптасатын билік өту құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының
жиынтығы.
Меншік құқықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айырықшалануы
өте маңызды.
Меншік құқықтарының айырықшалануы – бұл меншіктің объектісін, субъектісін
және меншікке өкілдіктерін анықтау.
Толық құқықтар шоғыры 11 элементтен тұрады (А.Оноре):
1) Иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айырықша нақты бақылау жасау құқығы;
2) Пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін
пайдалану құқығы;
3) Басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз
ететінін шешу құқығы;
4) Табысты алу құқығы, яғни игіліктердің пайдалану нәтижелеріне иелік ету
құқығы;
5) Егемен құқығы, яғни игіліктердің шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою
құқығы;
6) Қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің экспроприяциясынан
немесе сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғау құқығы;
7) Игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;
8) Игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;
9) Сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілімен пайдалануға тыйым салу;
10) Өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу
үшін өндіріп алу мүмкіндігі;
11) Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына
келтіруін қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу құқығы.
Меншік қатынастары – материалдық және материалдық емес ресурстарға қол
жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресуратарға қол жеткізуден шеттетулер
жоқ болса, олар – ешкімдікі емес ешкімге тиесілі емес, немесе бәріне
тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар – бір нәрсе
деп айтуға болады.
Меншік объектілері әрқашанда шектеулі болатын экономикалық ресурстар
болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден
шеттету, оларға иелену құқықтарын айырықшалауды білдіреді.
Айырықшалаудың мәні мен мақсаты –
ресурстарға меншік құқықтарын олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті,
оларды жоғары бағалайтын адамдардың алуына жағдай жасау.

1.2 Меншіктің түрлері және экономикадағы рөлі.

Меншік қатынастары қамтитыны: иелену (затты иеленуді жүзеге асыру),
пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу), білік ету (заттың
құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.) және меншік
объектісінің экономикалық өткерілуі. Меншіктің экономикалық өткерілуі
иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келсе ғана жүзеге асады. Теория
үшін өндіріс құрал-жабдықтарын иелену процесін талдау ғана емес, сондай-ақ
оның әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау маңызды.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе
қауымдастық түрі белгілі. Алғашқы тұрмыстыққауымдастықтың ыдырауы,
отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жерге жеке
адам меншік иесі болып, оны өндіру сол адамға және оның отбасына берілді.
Өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау
үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін
құрады. Қалалық мекендер құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық
меншігіне айналды. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің
бейнесі ретінде көрінеді.
Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және
мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады.
Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрі көбірек дами
түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілдік
экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да (1917 – 1991 жж.) жүзеге асырылып,
оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында – 88,6% құрады. Алайда
нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-
ға дейін ауытқыды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік
басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның
атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының
қалыптасуы, экономикалық салалық құрылымының оңтайландырылуы-нәтижесінде
адамға бағытталған ең жоғары тиімділікке қол жеткізу арқылы
сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз
тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда
болуына алып келді. Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік
өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар
түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды.
Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты. Осыдан мынадай тұжырым жасауға
болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін
жою туралы әңгіме болып отыр.
Нарыққа өту және ТМД елдеріне оның ішінде Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің
басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық
үстемділігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын
қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40%
шеңберінде бекітіледі.
Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік
– колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-ұй, құрылыс
және басқа да кооперативтік ұжыммен көрсетіледі. Қазіргі жағдайда ол
акционерлік меншік, біріккен, аралас кәсіпорындар меншіктерімен
толықтырылады.
Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты
дамыған. Айтарлық, өндірістік кооперативтер – бұл тауар мен қызмет
көрсетуді бірге өндіру мақсаты азаматтардың өз еркі.
КооперативтерАнглияда ХІХ-шы ғасырдың басында пайда болып, кейінірек
мұндай ұжымдар көптеген Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады.
Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл
шаруашылығы өміндерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды. Тек 100 жылдан
соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл-шаруашылығы өнімінің 60%-ы
келді.
Жеке меншіктің дамуы ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін
жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен ХІХ-ші ғасырдың екінші
жартысынан жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік
немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық
меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі жеке термині ретінде кез
келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, сондай-ақ өзінің мағынасыда
өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекелеген (еңбектік және еңбектік
емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және кооперативтік
түрде – меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Бұрынғы Одақта да шаруашылық жеке еңбек меншігін
кооперативтік (колхоздық) меншікке алмасытырады. Ол алғашқы бесжылдықтарда
жүргізілген ұжымдастыру (коллективтендіру) негізінде құрылды. Алайда, шын
мәнінде колхоздарға әкімшілік ұйымдар билеп-төсеп үстемдігін жүргізді. Олар
өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айырылды. Себебі өнімнің негізгі
бөлігі бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырады. Бұл кооперативтік
процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің кооперативтік түрінің
нарықтық экономика жағдайында кооперативтік кәсіпорындарының толық өзінше
болуы – оның өндірістік дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарлығын иеленеді.
Мұнда қозғаушы күші – меншік иесі, топтары – кооперативтердің экономикалық
мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен
кәдімгідей өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе,
тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары ХХ-
шы ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуының басты мақсаты –
тауарларды сатып алу шаруа мен тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару.
Меншіктің бір түрінен басқасына өтуді эволюциялық жолмен бәсекелестік
күрестің, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-ның негізінде жүзеге асады
(мысалы, ХІХ-шы ғасырдағы акционерлік меншік түрінің пайда болуы) немесе
бұрынғы Одақта болағн мемлекеттік және колхоздық меншіктің зорлық-
зомбылықжағымен қалыптасуын айтамыз.
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен
салыстырғанда өте ерекше болып табылады. Муниципал -
латынның municipalis немесе немістің munizipalitet сөздерінен шыққан,
қаланы басқа дегенді білдіреді. Ал, латынның municipium сөзі қаланы өзін-
өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары
мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады. Қазақстан
Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.
Әртүрлі экономикалық жүйеде шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым
болуы, оның басқа түрінің –мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын
жоққа шығарамайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті
экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді [3, 71 б.].
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегіндей меншіктің
экономикалық түрлері қалыптасты:
1 кесте. Меншіктің экономикалық түрлері

Же Ұжымдық Мемлекеттік
ке
ЕңбеЕңбектік емес (жеке топтық) Республика Облыстық,
тік меншігі аудандық
муниципалдық
меншігі
ЕңбеМұрагарге Жалгерлікменшік Республикалық Коммуналдық
к қалдырған мүлік Ұжымдық кәсіпорындарын меншік (жер, меншік (тұрғын-ұй
табыесебінен табыс; меншігі (сатып алынған)қоймауы, коммуналдық
сы сақтандыру, сулар, өсімдікшаруашылығы,
есебнесие Кооперативтік меншік әлемі, мәдениет және
ін мекемелеріне Акционерлік жануарлар денсаулық сақтау,
ен салған қаржылар;Меншік: әлемі, әуе халыққа білім
акция, облигацияҚоғамдық ұйымдардың кеңістігі) беру, жергілікті
және басқа меншігі бюджет қорлары)
бағалы Діни ұйымдардың меншігі
қағаздардан
табыс. Меншік:
Шаруашылық қоғамы
меншігі
(серіктестігінікі)
Бірлестіктер
(ассоциациялар)
Меншік:
Шетел мемлекетінің
меншігі (концессия)
Біріккен меншік (шетел
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
Меншік экономикалық категория ретінде
Меншік қатынастары және оның түрлері
Экономикалық жүйедегі меншік
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Мекшікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Меншіктің қазіргі формалары
Меншіктің құқықтық
Пәндер