Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар



1. Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы.
2. Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы және халықаралық резервтегі валюта бірліктері.
3. Еуропалық валюта жүйесі.
4. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар қызметінің жеделдеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар қалыптасады.
Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Сондай-ақ, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында «вексельдік жәрмеңкелер» түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Халықаралық валюталық қатынастардың даумына әсер еткен жағдайлар:
• өндіргіш күштердің дамуы;
• дүниежүзілік нарықтың құрылуы;
• халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
• шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.
Валюталық жүйе дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген. Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
• Ұлттық валюта бірлігі;
• Ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
• Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
• Валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты);
• Валюталық шектеулердің деңгейі;
• Мемлекеттің сыртық экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және т.б.
Ұлттық валюта жүйесінің дамуы мен оның ерекшеліктері мыналарға тәуелді болады:
• Белгілі бір елдің даму дәрежесіне;
• Осы елдің экономикалық жағдайына;
• Осы елдің сыртық экономикалық байланыстарына.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар

1. Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы.
2. Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы және халықаралық
резервтегі валюта бірліктері.
3. Еуропалық валюта жүйесі.
4. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.

1. Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы.

Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы
экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар
қызметінің жеделдеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте
қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
қалыптасады.
Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және
айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Сондай-ақ, валюталық қатынастар Орта
ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа
да сауда орталықтарында вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге
асырылғандығын атап өту керек.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік
ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Халықаралық валюталық қатынастардың даумына әсер еткен жағдайлар:
• өндіргіш күштердің дамуы;
• дүниежүзілік нарықтың құрылуы;
• халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
• шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.
Валюталық жүйе дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастырушы
және реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімдермен бекітілген. Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық
деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды.
Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің
валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
• Ұлттық валюта бірлігі;
• Ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
• Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын
механизмі;
• Валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость
валюты);
• Валюталық шектеулердің деңгейі;
• Мемлекеттің сыртық экономикалық есептеулерді жүзеге асыру
тәртібі және т.б.
Ұлттық валюта жүйесінің дамуы мен оның ерекшеліктері мыналарға
тәуелді болады:
• Белгілі бір елдің даму дәрежесіне;
• Осы елдің экономикалық жағдайына;
• Осы елдің сыртық экономикалық байланыстарына.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы мен
париреті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара
қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел
валютасының бағасы.
Паритет – валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет
валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы оның паритетіне дәлме-дәл
келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі
валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементеріне мыналар жатады:
• Ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
• Халықаралық өтімді активтердің құрамы мен құрылымы;
• Валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
• Валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
• Халықаралық есептеулердің нысандары;
• Халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы
орныққан тәртіп;
• Халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты
экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас
пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі
халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды
кеңейтуге немесе керісінше шектеуге әсер ететін маңызды механизмдердің
бірі.

2. Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы мен халықаралық резервтегі
валюта бірліктері.

Өзінің дамуы процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының
өзіне тән ерекешеліктері бар.
І. алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде
қалыптасты және заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы
конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып
есептеледі.
Алтын стандарт жүйеіс төмендегі принциптерге сүйенеді:
1. бұл жүйенің негізі – алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның
алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері
белгіленеді.
2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша
ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекерасынан
тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3. алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен
бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын
халықаралық нарығында сатылады.
4. алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң
арақатынас орнатылады.
Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін
салыстырмалы түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт
ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың
масштабына сәйкес болмай қалды.
Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері
банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін
олардың эмиссиясын ұлғайтты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос
кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін
айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.
ІІ. Валюталық жүйе заңды түрде 1992 жылы Генуядағы халықаралық
экономикалық конференцияда белгіленді.
Алтын – девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға
емес, вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды. Девиздік валюта
ретінде доллар мен фунт стерлинг қабылданды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік
валюталық жүйені құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық
жүйенің дағдарысы тереңдей түсті.
ІІІ. халықаралық жүйе заңды түрде 1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ)
халықаралық конференцияда бекітілді.
Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:
1. алтын бұрынғыдай елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп айырысулардың
функциясын орындайды.
2. американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен
қатар әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем
ретінде әрекет етті, сонымен бірге, халықаралық төлем құралы болып
саналады.
3. басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-
тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі
курс бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр.) тең
болды. Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды
жеке меншік нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
4. валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңестірілуі
алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер
(тепе-теңдік) негізінде жүргізілді.
5. елдер кез келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының
өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс
паритеттен тар көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша +1%
және Еуропалық валюталық келісім бойынша +0,75%). Халықаралық
валюталық операцияларда алтынның қолданылу масштабы күрт төмендеп
кетті, ең басты орында доллар болды.
6. мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Халықаралық валюталық
қор (ХВҚ) арқылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс
конференциясында құрылды.
ХВҚ-тың негізгі функциясы –осы қорға мүше елдердің валюталық
паритеттерді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін
бақылау.
Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық
валюталық жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады.
Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің
өсуіне ықпал етті.
Бірақ та бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең құқықты бере
алмады және АҚШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің
валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік береді.
Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады
және соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап
шиеленісе түсті.
Американдық центризм принципі АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония сияқты үш
әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына
сәйкес болмай қалды.
Валюталық қатынастарда доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта
бастады. ГФР маркасы, швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары және
жапон иенасы американ долларына бәсекелстік жасады. АҚШ-тың төлем
балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.
Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз
резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.
70-жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға
айырбастаудан бас тартты. Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.
IV. Халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ-тың Кингстонда (Ямайка)
өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. IV ХВЖ-нің принциптері төмендегідей:
1. валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын
құрал ретіндегі алтынның функциясы жойылды, яғни алтынның
ресми бағасы, алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға
айырбасталуы тоқталды.
2. елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің
ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез
келген елге валюталық курстардың кез келген режимін таңдауға
мүмкіндік беріледі. Жаңа жағдайларға курстардың өзгеруі екі
факторға тәуелді болады:
а) валюталардың сатып алушылық қабілеті;
ә) халықаралық нарыққа валюталардың сұранысы мен ұсынысының
арақатынасы.
3. арнаулы ақша резерві (СДР), яғни (қарыз берудің арнайы құқығы)
стандарты құрылды.
СДР негізгі резервтік валюта ретінде болып, басқа резервтік
валюталардың рөлін азайтты. СДР алтын мен доллардың альтернативасы болып
табылады.
90-шы жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе –
валюталардың өзгермелі курсы қалыптасты.
Бұл жүйе екі элементтен тұрады:
1. негізгі тіреуші бірліктер таңдалады, ол бірліктер негізінде
жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын
сақтай алады;
2. валюталық курстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Халыққаралық валюта қатынастары
Халыққаралық валюта табыстары
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
Мемлекеттік қаржы
Халықаралық қаржылық жүйенің қалыптасуы
Валюта жүйесі
Пәндер