Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы газеттердің рөлі


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы газеттердің рөлі

Белгілі бір ұлт ел болуы үшін, мемлекет болып қалыптасуы үшін әсер ететін түрлі жағдайлар болады. Талай заманды, қиын-қыстау кезеңді бастан кешіріп, қаншама өзгерістерге ұшырайтындығы да сөзсіз.

Қазақ халқының да ұлтболып, бір тұтас мемлекет болып қалыптасқанына аз уақыт болған жоқ. Ертеден-ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша жерін қорғып, елін сақтап келген.

Әлем өркениетінің дамуы қазақ ұлтына да өз әсерін тигізді. уақыт талабына саай жаңа технологиялар пайда бола бастады. Жаңалықтар енді. Ақпарат таратудың да әдс-тәсілдері дамыды. Дүйім жұрттың басын біріктіру үшін, ортақ пікір қалыптастыру үшін алғаш қы газеттер шығарыла бастады.

Қазақ елінде де тұңғыш рет «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» сынды газеттер жарық көре бастады. өз уқытында заман талабына сай бұқараның ақпарат алуының негізгі көзіне айналған бұл газеттер сауаттандырудың алғашқы қадамдарын жасады.

Ресей боданына айналып бара жатқан қазақ халқын маса болып ызыңымен оятқан «Қазақ», «Кедей сөзі», «Айқап» секілді газет-журналдардың рөлі зор болды. Сол кезеңде қазақтың ұлт ретінде жойылмауы үшін, тілінің, ділінің сақталуы үшін, сауаттануы үшін күрескен осы газеттер болғаны айқын. Қазақтың тәуелсіз ел болғанына қарамастан әлі күнге дейін де шашілмей келе жатқан ұлт, тіл мәселелерінің бастамасын сол газеттер көергені де сөзсіз шындық! Ұлттық пікір қалыптастыруда А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Майлиндар қызмет атқарды. Сол заманда қоғамда көтерілген: қазақ халқының ұлт ретінде сақталуы, ұлттық мәдениетіміздің жойылып кетпеуі, ана тіліміздің ұрмыстық деңгейден көтерілуі қазіргі таңда да өзекті мәселеге айналып отыр.

Тәуелсіз қазақ елі деп жариялағалы, егеменді ел болғалы бері де біраз жыл өтті. Осы уақыт аралығында демократиялы мемлекетте сөз бостfндығына шектеу қойылмады. Қоғамдық пікір қалыптастыруға қазақ, орыс тілдерінде тәуелсіз газеттер басылып жатыр.

Елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде ой тудыратын, қоғамдық пікір қалыптастыратын - газет.

Ұлт болғаннан кейін оның ана тілі мен төл мәдениеті болары анық. Сол сияқты біздің, қазақ халқының да, өзіміздің ана тіліміз бен сан ғасырлар бойына сақтап келе жатқан әдет-ғұрпымыз, салт-дәтүріміз, мәдени құндылықтарымыз бар.

Ұлттық мәдениет дегеніміз не? Қазіргі таңда сөздіктер мен түсіндірме сөздіктерде нақты ғылыми анықтамасы беріліп, ара жігі ашып көрсетілгеніне қарамастан, мәдениеттанушылар мен қоғамтанушылар арасында жиі қолданылатын осы сөздерді, яғни мәдениет пен өркениет атауларын жалпы жұртшылық бір-бірінен ерекшелеп жатпай-ақ екеуін бір ұғымда қолдана береді.

Уақыт озған сайын, адам таным-түсінігі толысып, молайған сайын мәдениет ұғымының қамтитын аясы кеңейіп, техникалық прогрестің жедел дамуымен адамзат өмірінде болып жатқан өзгерістердің мән-мағынасына қарай дамып жетіле беретін секілді. Айталық, 1891 жылдан 1919 жылға дейінгі аралықта мәдениетке, ғылыми тұрғыдан қарағанда бір-бірінен азды-көпті айырмашылығы бар, жеті түрлі анықтама беріліпті. Ал одан кейінгі өткен отыз жылда, яғни 1920 жылдан 1950 жылға дейінгі аралықта мәдениетке берілген анықтаманың саны 157-ге жеткен. Бұдан тағы он-он бес жыл өткенде, яғни алпысыншы жылдардың аяғында француз социологы А. Моль мәдениеттің 250 анықтамасы мен түсініктемесін санап шыққан. Ал одан бері біршама уақыт өтті, қазіргі таңда заман дамуына байланысты мәдениет сөзінің мағынасының ауқымы кеңейгені сөзсіз. Қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық болмысы жаһандану дәуірінде қандай күйге ұшырайды? Өсе ме, әлде өше ме? Осы сұрақ қазақ ұлтының жанашырларының ойланар толғауы екендігі де анық. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Түркияның халықшыл ғалымы Зия Көкалыптың “Мәдениет дегеніміз бір ғана ұлттың дін, мораль, құқық, ақыл-ой, эстетика, экономика тұрмыс-тіршілігінің үйлесімді жиынтығы” деген анықтамасы бар. Мәдениет ұғымын саналы азаматтың әрқайсысы өзінше қабылдайды, өзінше пікір тудырады, өзінше анықтама да береді.

Ал қазақ мәдениеті қалыптасқан ба, даму үстінде ме, қандай жағдайда?

Әрине біздің өз ұлттық мәдениетіміз қалыптасқан. Ол - түркі тілдес халықтарында қайталануы мүмкін сал-дәстүр, әдіс-ғұрып, тұрмыс-тіршілік және де ешбір халықта кездеспейтін өзгеше өнер.

Қазақ халқына ғана тән мәдениеттің болуымен ғана өзге ұлттардан ерекшеленеміз және оларға өзімізді таныта аламыз. Тек әлемдік өркениетте өз ұлттық мәдениетімізді жоғалтып алмау қарекетін жасау мақсаты тұр.

Ал осы ұлттық мәдениеттен өркениеттің айырмашылығы неде? Екеуі мүлде екі басқа түсінік, бірақ бір арнада қолданылады. Ұлттық мәдениетті талдағанда жазушы-ғалым Қойшығара Салғарин мәдениет пен өркениеттің ара жігін ажыратып алуды ұсынады. “Мәдениет - жекелеген адамдардың тер төгіп, ізденуімен, не болмаса ақыл-айласымен, немесе оқып-тоқуымен келетін қасиет емес, белгілі бір ұлт халқының тұрмыс-тіршілігі қажеттілігінің талабына сай өмір бойы саналылықпен қалыптастырған наным-сенімнің, ұстанған моралінің, қолданған заңының, ақыл-парасатының, таным-талғамының, күнкөріс көзінің өзара үйлесімі”. Бұдан кейін мәдениеттің өзін тудырған ұлтпен бірге жасасып, бірге дамитынын да, оның неліктен бір ұлтқа тән болып, “ұлттық мәдениет” деп аталатынын да пайымдау еш қиындыққа түспейді.

Ал өркениет деген бір ұлттың мәдениетімен шектелмей, дамудың ортақ деңгейінде тұрған бірнеше ұлттың қоғамдық өмірінің жиынтығын, басқаша айтқанда, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы және адамның ерік-жігері, ақыл-ойы арқылы жүзеге асатын құндылықтардың жиынтығын қамтиды.

Бұл айтылғандардан: өркениет дегеннің әдіс-тәсіл арқылы жасалған және еліктеу, іздену жолымен бір ұлттан екінші ұлтқа ауысқан ұғымдар мен техниканың жиынтығы, ал ұлттық мәдениет болса, әдіс-тәсіл арқылы жасалынбайтын және еліктеу, іздену жолымен өзге ұлттардан алынбайтын сезімдер жиынтығы екендігін көрсетеді. Сондай-ақ мәдениеттің бір ұлтқа ғана тән, ал өркениеттің бірнеше ұлттарға ортақ екендігі аңғарылады, яғни өркениеттің ауқымында бір-біріне қатысы жоқ бірнеше ұлттық мәдениет қатар өмір сүре береді.

Бұл айтылғандарға қарап, ұлттың өркендеуі үшін ұлттық мәдениет мықты болса жетеді, өркениеттің әлсіздігі шешуші рөл атқармайды” деген қорытынды жасайды [1] .

Қазақ халқының ұлттық мәдениетін дамытуда қоғамдық пікір қалыптастыруда үлкен күш болып табылатын газеттердің атқарар рөлі, әрине, өте зор.

Ұлттық мәдениет сөз болғанда ауыл-аймақтарға кең тарайтын газеттің бірі «Егемен Қазақстан» республикалық қоғамдық-саяси газеті. Бұл шешуі түйінді көптеген ұлттық мәселелерге ден қойып келе жатқан газет. Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің өзекті мәселелерін ұлттық болмыс тұрғысынан қарастырып, өзіндік пікірін ортаға слып отырған газет.

Аталған газеттің 2007 жылғы тамыз айларындағы сандарында жазушы-ғалым Қойшығара Салғариннің «Елдік негіздері» атты сараптамалық-зертеу мақаласы жарияланды. Жазушы-ғалым Қойшығара Салғарин қазақтың ұлттық мәдениетіне, қазіргі таңдағы жағдайына терең талдау жасаған.

«Ұлттық дәстүр жайында сөз болғанда, республикада тек қазақтардың тұрмайтыны, олардың сыртында жүзден астам өзге ұлттың өкілдерімен қоян-қолтық өмір сүріп жатқанымызды алға тартып, соны кедергі келтіретіндер бар. Алайда, бұл да мәселенің байыбына бармай айтылған ұшқары ойдың лып етпе дыздалаңынан басқа ешнәрсе емес. Мәселе бұл арада, әр халықтың қалыптасқан салт-дәстүрін екінші халыққа, не оның өкілдеріне апарып телу жөнінде емес, қайта, керісінше әр халықтың ұрпағын сол халықтың өзі қалыптасқан төл салт-дәстүрмен ауыздандырып, отбасы өнегесінде тәрбиелеу болып отыр.

Ұстану шариғатында өзгешелік болғанымен, іргелі діндердің бәрі де адамдарды имандылыққа, тазалыққа, адалдыққа, шынайылыққа үндейтіні тәрізді кез келген халықтың ата-бабаларының өмір тәжірибесінің тезінен өткізіп түзген, уақыт сынынан өтіп, сұрыпталған халықтық салт-дәстүрі сол халықтың ұрпағын тектілікке, кісілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді. Мұндай адамдық асыл қасиеттерді сәби күнінен жанына сіңіріп, сонымен тәрбиеленіп өскен ұрпақ ешқашан да керенау қиянатқа бармайды. Өз дәстүрін қасиет тұтады, өзгенікіне құрметпен қарайды. Ал бұл - адамдар қарым-қатынасы арасындағы шынайы түсіністік негізінде орнаған алтын көпір іспеттес. Шынайы түсіністік бар жерде ынтымақ бар. Ынтымақ бар жерде бірлік, береке бар. Халықтық дәстүрдің сол халықтың өмір сүру заңдылығына айналатындығы да сондықтан. Тек өкініштісі - сол заңдылықты қазіргі қабылданып жатқан тәуелсіз елдің мүддесіне қызмет етуге тиісті заңдарымыздың өзегіне айналдыра алмай отырмыз.

Түйіп айтқанда, кез келген халық - қалыптасқан өзіндік дәстүрімен халық. Халықтық дәстүрін сақтауда әр халық - өзінше дара. Біз де солаймыз. Өз салт-дәстүрімізге негізделген өз жолымыз, өзіндік бағыт-бағдарымыз болуы шарт және одан қандай жағдайда да айырылмауымыз керек» деп жазады ғалым Қ. Салғарин.

Автор өзінің осы мақаласы арқылы ұлтқа деген пікірін білдіріп отыр. Яғни қазақ халқының жаһандану заманында өз ұлттық мәдениетін, ұлттық болмысын, сақтауы қажеттігін йтып отыр. «Егемен Қазақстан» газеті ұлттық мәселелерді көтере отыры, Қ. Салғариннің мақаласы арқылы қазақ оқырманының ұлттық рухын оятып отыр[1] .

Ал «Әдебиет айдыны» қоғамдық-әдеби газетінде де ұлттық мәдениет мәселелері жайында толғандырған мақалалар жариялануда. Осы газетте жарияланған «Ұлттық өнерді неге өгейсітеміз?» атты Ө. Әбдіхалықтың мақаласында дәстүрлі ән өнерінің - терме, айтыс, жыр-толғаулар, күйшілік өнердің қоғамда кең насихатталмай отырғандығын үлкен мәселе етіп көтерген. «Өнер - жан әлемінің жарық сәулесі. Оны қабылдап, таратушы адам, тамашалап, тыңдайтын да адам. Егер өнердің құны түсіп жатса, ол әсте тысқарыдан емес, оны тіршілік айналдырған біздің кінамыздан. Бәйге атын қой соңына қосқан секілді. Алаш баласының асқақ рухын азат күнге аласартпай жеткізген ұлттық өнер тәуелсіз ұланынан өгейлік көрсе, ол - қаңылтыр мінген қазақ баласының аяғына қап түскен қазанатқа қыли қарайтындығында [2] » деп ой түйеді. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің қатарынан орын алған ұлттық өнеріміз - дәстүрлі өнер көпшіліктің сұранысына ие болмай отырғандығы жасырын емес. «Әдебиет айдыны» газеті осындай өзекті мәселелерді шешуге атсалысып отырғандығы қазақ басылымына, қазақ оқырманына үлкен көмек. Ұлтық өнердің телеарналардан насихатталмай, көпшіліктен қолдау таппай келе жатқандығына, эстрада ән өнерінің тек батыстық үлгіге айналғанына пікір білдірген. Қазақтың дәстүрлі ән өнеріне де қамқорлықтың жоқтығынан ол қорғансыздың күйін кешіп отыр. Қоғамдық газет ұлттық мәселелерге көңіл бөлуі, ортақ пікір тудыруға, ұлттық намысымызды оятуға қызмет атқарып жатқандығы қуантаын жайт. Қазақтың шешілуге тиісті өзекті мәселелерін қазақ басылымдары ашық жазбаса, басқа тілді басылымдар қазақтың жоғын жоқтамайтындығы анық. Ұлтық өнеріміздің қолдау таппай келек жатқандығына жанашырлық білдірген және бір басылым «Дала мен Қала» газеті. Бұл газеттің үстіміздегі жылғы тамыз айындағы санында жарияланған Н. Жұмағанның «Дәстүрлі өнерге қамқор болатын қоғамдық ұйым қажет пе? [3] » атты мақаласы ойландырады. Мақалада қазақ өнерпаздары Англияға барып, өнер көрсетіп қайтқандықтары айтылған. Лондон қаласында өткен “Қазақтың дала әуендері” атты дәстүрлі ән кешін ұйымдастырған Қазақстанның Англиядағы Төтенше және өкілетті елшілігі мен Лондонның СОС университетінің студенті С. Даукеева. «Елімізде және алыс, жақын шет елдерде қазақтың дәстүрлі өнерін тарататын, дәріптейтін арнайы ұйым құру керек пе?» деген сауалды ортаға тастаған тілшінің ұсынысы ойландыратын сауал. Себебі эстрадалық ән өнерін дамытатын және көптеген жерлерге еркін шығара алатын, батыстық өнерді дәріптейтін орталықтары бар, ал төл өнеріміздің жетімсіреуі дұрыс болмас. Автор қазақ өнерпаздарының ағылшын елінде өнер көрсеткендерін матанышпен хабарлаған болса, оның астарында дәстүрлі өнерді қамқорлыққа алу қажеттігі туралы өзекті мәселенің ұшы шығып тұрғаны сөзсіз. Қазақ оқырманына, жалпы қазаққа ұлттық өнермен, ұлттық болмыспен ғана өзге елді таңқалдыра алатынымызды жеткізгісі келген. «Дала мен Қала» газеті ұлттық мәдениет, ұлт мәселесіне көңіл аударып келе жатқан басылымдардың бірі. Осы газеттің 2007 жылғы шілде айындағы санында «Зерлі өнердің ертеңі» тақырыбында қазақтың ою-өрнектері жайында мақала жарық көрді. Қазақтың барлық өмірінен хабар беретін ою-өрнектерінің қазіргі таңдағы жай-күйі туралы мәселе көтерген бұл мақала ұлттық мәдениетке көңіл бөлу керектігін тағы бір еске түсіргендей.

«Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы құм астында қалған қаланың күйін кешуде. Оның түбегейлі ашылуына қаншама бақыр бастының маңдай тері мен уақыты қажет екенін сіз бен біз кесіп айта алмаспыз. Рухани құндылықтардың тұрмыста қолданылған материалдық игіліктерге ұласатынын ескерсек, ата-бабаларымыз қолданған қолөнер бұйымдарын ілеуде біреу білер, біреу білмес. Тұрмыстық заттардағы, домбыра, қобыз сынды музыка аспаптарындағы, қару-жарақтардағы ұлттық бедерлерімізді айшықтайтын ою-өрнектерімізбен қалай мақтансақ та жарасады», - дейді ұлттық қолөнер шебері Мұрат Ыбырайымтегі [4] . Әрине мақалада көтерген мәселе өзекті. Қазақтың жасалып жатқан дүниелерінің бір шетіне ұлттық өрнекті салып қойса, ол қазақтыкі екендігінен хабар бермейді ме!? Еліміз жас бала секілді жақсы мен жаманды бойына тез сіңіретін уақыттан оздық. Тәуелсіздік алғалы бері аяғымыздан тік тұрып кеткенге дейін де қаншама батыстық дүниелер елімізді жаулап алды. Жастарымыздың аты ғана қазақ, ал бар бітімінен қазақтық болмыстың исі шығып тұрмаса, онда шетелге өзіміздің қазақ екендігімізді қалай танытамыз, қалай мақтанамыз?! Жоғарыда аталған мақалада ұлттық мәдениеіміздегі ою-өрнектердің қаншалқты маңызды екендігін талдап, саралап берген.

Ұлттық мәдениетіміз, ұлттық құндылығымыз туралы сөз болғанда «Айқын» газеті де өз үлесін қосуда. Ою-өрнектерімізбен қатар киіз үиіміздің өзі шетелдіктердің алдында мақтана алатын құнды дүние. Ұлттық қолөнеріміздің үздік үлгісі ретінде киіз үйді алар болсақ, “Айқын” газетінің үстіміздегі жылдың 2 қазанындағы санында қазақ киіз үйінің шет елдерде сұранысқа ие екендігін және оны сатып жатқан Гал ван Джонуз деген ұлабританиялық азамат екендігі туралы мақала жарық көрді. Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде көптеп сатыла бастаған киіз үйлердің бағасы 1300 АҚШ долларынан 5000 АҚШ долларына дейін. Осы киіз үйлерді шетелге танытқан Ұзақбай Айтжанов атты қазақ азаматы. Осы жайттарды естігеннен кейін техника ғылымдарының докторы, профессор, қазақ киіз үйінің екі қабатты үлгісін жасаған Ж. Байжановпен сұхбатасқан. Қазіргі заман талабына сай, көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын малшыларға су өтпейтіндей ыңғайлы жаңа екі қабатты үлгідегі киіз үй жобасы ойлап табылғанын, ұлттық мұрамыздың жойылып кетпей, уақыт талабына сай ұлттығын жоймай өзгеріп жатқандығынан хабардар етті [5] . Газет оқырманы қазақ киіз үйінің шелелде үлкен сұранысқа ие екендігінен хабардар болса, қазақ үшін төл байлығының әлемді таңқалдырып, қазақ халқының атын шығарып жатқандығы мақтаныш. «Айқын» газеті өз мақаласы арқылы ұлтық байлығымыз - киіз үйдің қадір-қасиетін тағы бір рет түсінгеней болдық. Әлемге өзімізді таныту мақсатында өзімізге төло дүниелерді орынды пайдалана білу керектігін ағы бір рет дәлелдеп берді.

Біздің өзімізге өзіміз қайта таныстыратын, табыстыратын дүниелеріміз, шашетін мәселелеріміз өте көп. Солардың бірі ұлттық аспаптар. Дәстүрлі ән өнерді, күйшілік өнерді дамыту үшін, тыңдарманмен қайта қауыштыру үшін ұлтық апаптарымыздың да қайта жаңғыруы тиіс екендігі де сөзсіз. «Дала мен Қала» газеті ұлттық мәденетті, ұлтық құндылықтарды қайта жаңғыртуда елеулі қызмет атқарып келеді. Аталған газетте этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлының «Домбыра үні. Этнографиялық эссе» атты мақаласы жарық көрді. Осы мақаласында ғалым: «Адам баласының ән мен күйі шыр етіп жерге түскеннен басталады дейтін ғұламалар тұжырымын ескерсек, халқымыздың төл өнері ұлттық аспаптармен, қарт қазақпен бірге жасасқанын аңғару қиын емес. Әр ұлттың қоғамдық дәуірімен бірге мәдениеті де қатар жүретіні әмбеге аян. Мәселен, тілі, діні, ділі рухы сондай-ақ салт-санасы мен бедері айқындалған сайын оның ән-күйі, өлең-жыры да өркендей бермек. Осылайша дамыған музыкалық аспаптар қарапайым түрден күрделене түсіп, белгілі бір халықтың мақтанышына айналады. Қазақтың сыбызғы аспабының өзі бір түтік, бес тесікті. Ал қылқобыздың құрылысы одан күрделірек.

Қазақта бұдан басқа да үскірік, ысқырық, шаңқобыз, сазсырнай, тоқылдақ, дап, даңғыра сияқты ұлт аспаптары бар. Әрқайсысының үні, дыбысы, ырғағы, дірілі, сырылы, ызыңы болатыны өз алдына, олардың үлгісі, мүсіні, өлшемі, тұрақты сыр-сипаты және бір-біріне ұқсамайтын атауы бар.

Қазақ домбырасының жасы белгісіз. 1986 жылы тамыз айында Алматы облысындағы Майтөбе жайлауының Қызыл кезең деген жерден табылған тасқа қашалған домбыра суретінің шертер сыры мол»[6, 7] деп тереңнен сыр шертеді. Бұл мақала арқылы қазақтың өз ұлттық құндылығын өзіне қайта таныстырып отыр. Ұмытыла батаған ұлттық аспаптарды қайта жаңғырту керектігін қолға алды. Осы мақсатта арнайы мамандар жұмыс істері де сөзсіз.

Республикамыздың әдеби, мәдени және өнер газеті «Қазақ әдебиетінде» де «Музыка» айдары бойынша композитор Хасен Қожа-Ахметтің «Қазақ әні қалай космополиттенді» атты мақаласы жарияланды. Ұлтық музыкамызға жанашырлық таныта білген бұл мақалада қазақтың ұлттық әуезінің өзі батыстанып, қазақылығын жоғалтқандығы туралы үлкен мәселе көтерген. Мақалада: «Ұлттық музыканың ұлт тағдырындағы ерекше маңызын білгендіктен отаршылдар бодандағы ұлттарды «бейбіт жолмен жою» үшін оның музыкасын ашық та, астыртын да ассиммиляциялауға күш салды. Кеңес үкіметінің белсенділері қазақтың жүздеген мәтіндерін саяси идиологиясының ыңғайына бұрып, «ререссия жасағаны», музыкалық аспаптарымызды «жетілдіріп», ұлттық үндік сапасына, дәстүрлі орындаушылыққа нұқсан клтіргендігі туралы айтылғанымен, әлі де толық зерттеулер жасалған жоқ.

Ұлттық сипатынан жұрдай болып айрылған қазіргі кезеңдегі музыкалық өнеріміз «ұлттық ортақ рухани нәрі» болып қазақты ұйыстыру мінетін атқара алмасы белгілі. Шынымен-ақ, қазақ халқын сан ғасырлық тарих шырғалаңдарында Ұлт ретінде ұйыстырып, жоймай, бүгінгі заманға жеткізуде маңызы орасан музыкалық өнеріміздің ақыры осылайша жат елдер әуендеріне еліктеумен тәмам болғаны ма?! [7] » деген өзекті мәселе көтерілген. Қазақ музыкасына жанашырлық танытқан осы бір мақала арқылы қазақ музыкасының зерттелмей жатқан, ашылмаған қырларының көп екендігін аңғарамыз.

Киіз үй, ұлттық музыкалық апаптар сынды ұлтық құндылықтардың қазақ өмірінде алар орны ерекше екендігі айқын. “Дала мен Қала” газеті жаһандану кезінде нарықтық қатынастарға бейімделген ауыл тұрғындары ұлттық рухты сананы бірегей сақтай отырып, ата-бабаның салт-дәстүрлерін лайықты жалғастырды және қоғамда қалыптасқан тіл, діл, руханият мәселелерінің шешуші түйіні осында жатыр деп түйіндейді. Мұндай өзекті мәселелер төңірегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сөзге тартқан.

Ш. Мырзахметов: “Қазақ халқының құндалықтары өте көп. Әсіресе, рухани мұрамызды сақтап, жақсартудың жағдайы көңіл аударарлақ мәселе. Бұл орайда елбасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасын жоспарлы, сапалы іске асыру кемел келешекке негіз қалайды. Осы орайда Түркістан қаласының жағдайын сөз еткім келеді. Бұл еліміздің ертеден тарихи ескерткішті туристік орталық болып табылады”.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдағы газеттің рөлі
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Әлем журналистикасының тарихы
Газет тiлi - қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала
Онлайн қазақ басылымдары
Қоғамдағы саяси газет
Қазақстандағы БАҚ- тың 90 жылдардағы жалпы жағдайы
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931 – 2004 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz