Мұнай мен газ Қазақстанның басты шикізат байлығы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...6

І тарау
1. Құбыр көлігінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Ең алғаш іске қосылған құбырлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2 Мұнай газ тасымалдау үшін Қазақстан Республикасында заңдастырылған құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.1 Қазақстанның қара алтынын тасымалдайтын құбырлар ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Мұнай мен газ Қазақстанның басты шикізат байлығы, оның болашақ гүлденуінің негізі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Республикамыздың барлык жерінде дерлік кездесетін көмір сияқты емес мұнай мен газ кен орындары Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтитын батыстың экономикалық ауданында шоғырланған. Мұнай кен орындары негізінен Орал-Ембі және Маңғыстау мұнай алабында орналасқан. Мұнайдың қазіргі шаруашылықтағы маңызы зор. Ол сұйық отын өндіретін бас шикізат. Мұнайдан автомобиль трактор дизель двигательдері үшін бензин және керосин алынады. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық мазут электр станциялары мен металлургия пештерінде отын ретінде жағылады. Ал қатты қалдық гидрон жол құрылысында пайдалынвлады. Мұнайды өңдеген кезде бөлінетін газдар химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат . Серіптес мұнай газдарынан синтетикалық каучук, синтеткалық талшықтар , пластмассалар алынады . Ембі мұнай көзінің сапасы жағынан бағалы, өйткені онда қоспалар аз. Мысалы , күкірт, парафин,қарамай. Оны өңдегеннен кейін жоғары сапалы бензин алынады . Атырау облысында Теңіз мұнай кені игерілуде. Маңғыстау алабы - республикада мұнай мен серіктес газ өндіретін аудан. Бұл ауданды игерудің едәуір қиындықтары бар. Аумағының көбі елсіз , климаты қатаң , су жетпейді. Оның үстіне мұнайының құрамында парафин көп. Сондықтан құбырмен тасымалдау үшін оны қосымша қолдан жылыту керек.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Азаматов А. Каспий мұнай. “Қазақ батырлары” газет. 2004 ж. қазан
3-бет
2. Данабаев Қ. Арбалап алып, дорбалап қашып Құмкөл мұнайын қамқырған инвесторға тоқтам бола ма?. “Жас Алаш” 2005, 16 ақпан
3-бет
3. Налмишова Қ. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы курсы бойынша лекциялар жинағы.
4. Ғасыр құбыры. “Жас Алаш” 1998 жыл, 11 сәуір, 4-бет
5. КазТрансОйл жетістіктері. “Қазақстан заман” 2003, 20 маусым.
6. Құнанбай Ә. Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры”Егемен Қазақстан” 2005 ж. 26 мамыр.
7. Ержұман С. Теңізшедройл – табысты ынтымақтастық кезеңдері. “Егемен Қазақстан” 2007 ж. 24 ақпан.
8. Жоламан Б. Маңғыстау мұнайына – 45 жыл. “Егемен Қазақстан” 2006 ж, 5 шілде, 6-бет.
9. Шөпеғұл Ж. Төте құбырдың тиімділігі. “Егемен Қазақстан” 2006 ж, 26 қазан, 3-бет.
10. Еділқызы Л. Каспийдің қайраңы мен аймағы. “Егемен Қазақстан” 2006 ж, 15 сәуір, 4-бет.
11. Шөпеғұл Ж. Қан тамырындай бүлкілдеген қара алтын. “Егемен Қазақстан” 2005 ж, 14 қазан, 5-бет.
12. Өтеуғалиева С. Табиғат байлығын орынсыз пайдалануға қақымыз жоқ. Ана тілі, 2005 ж, 5 қыркүйек.
13. Мұнай тамырының бүлкілі. “Егемен Қазақстан” 2002 ж, 3 қыркүйек, 5-бет.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...6
І-тарау
1. Құбыр көлігінің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 7
1.2 Ең алғаш іске қосылған
құбырлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 Мұнай газ тасымалдау үшін Қазақстан Республикасында заңдастырылған
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..9
2.1 Қазақстанның қара алтынын тасымалдайтын
құбырлар ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 25

Кіріспе

Мұнай мен газ -Қазақстанның басты шикізат байлығы, оның
болашақ гүлденуінің негізі.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Республикамыздың барлык жерінде дерлік кездесетін көмір сияқты
емес мұнай мен газ кен орындары Атырау, Маңғыстау, Батыс
Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтитын батыстың экономикалық ауданында
шоғырланған. Мұнай кен орындары негізінен Орал-Ембі және Маңғыстау
мұнай алабында орналасқан. Мұнайдың қазіргі шаруашылықтағы маңызы
зор. Ол сұйық отын өндіретін бас шикізат. Мұнайдан автомобиль
трактор дизель двигательдері үшін бензин және керосин алынады.
Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық мазут электр
станциялары мен металлургия пештерінде отын ретінде жағылады. Ал
қатты қалдық гидрон жол құрылысында пайдалынвлады. Мұнайды өңдеген
кезде бөлінетін газдар химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат .
Серіптес мұнай газдарынан синтетикалық каучук, синтеткалық талшықтар ,
пластмассалар алынады . Ембі мұнай көзінің сапасы жағынан бағалы,
өйткені онда қоспалар аз. Мысалы , күкірт, парафин,қарамай. Оны
өңдегеннен кейін жоғары сапалы бензин алынады . Атырау облысында
Теңіз мұнай кені игерілуде. Маңғыстау алабы - республикада мұнай
мен серіктес газ өндіретін аудан. Бұл ауданды игерудің едәуір
қиындықтары бар. Аумағының көбі елсіз , климаты қатаң , су жетпейді.
Оның үстіне мұнайының құрамында парафин көп. Сондықтан құбырмен
тасымалдау үшін оны қосымша қолдан жылыту керек.

1. Құбыр көлігінің даму тарихы.

Қазақстан аумағында тұңғыш салынған мұнай құбыры ұзындығы 60
шақырым Доссор – Ракушка болатын. Ол арқылы мұнай баржаға
тасымалданып , одан теңіз кемелеріне тиелетін. Ұзындығы 720 шақырым
болатын ең бірінші Атырау – Ор бағытындағы магистралді 1936 жылы
салып бітті. Ол Ембі мұнайын Орск мұнай өңдеу зауытына
тасымалдайтын. Бұдан кейін Өзен – Жетібай – Ақтау , Өзен – Атырау –
Самара бағыттырында мұнай құбыры салынды. Олардың жалпы ұзындығы
1500 шақырым.Шымкент пен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарына Омбыдан
мұнай құбыры тартылды. Транссібір мұнай құбырынан Омбы тұына дейін
құбыр тартылып одан Павлодар және Шымкент бағыттарында құбыр
жүргізілді. Бір ғасырдан астам артуымен темір жолмен, машинамен
және құбырмен тасымаллау қолға алына бастады. Осы ретте алдымен
Ресейдің Ор қаласына барып тірелетін мұнай құбырын қазақ жеріндегі
ең байлықты алыс-алыс жақтарға тасымалдаудың бастауы деп айтқан
ләзім. Мұнай өнеркәсібінің тарихына осы құбырдың Ембі – Ор және
Каспий – Ор дейтін қосарланған атауы бар. Қалай аталса да бұл
құбырдың іске қосылуы 1935 жылы Жылыой ауданындағы Қосшағыл кен
орнының игерілуімен тұспа – тұс келгені дау тудырмас шындық. Бас –
аяғы үш жылдың ішінде жеделдете салынған 847 шақырымдық мұнай
құбырының маңызы әсіресе , соғыс жылдарында айрықша артты. Қазақ
мұнайын Ресей жеріндегі зауыттарға тасымалдаған бұл құбырдың
салынуына жерімізден өндірілетін қара алтын көлемінің артуы ықпал
еткні анық. Арала 35 жыл өткенде, дәлірек айтқанда , 1970 жылы
Ресейдегі Самара қаласына бағыт алған және бір мұнай құбыры іске
қосылып, онымен майлы түбек - Маңғыстаудың мол мұнайы тасымалдана
бастады. .
1.2 Ең алғаш іске қосылған құбырлар
Алғашқы жылдары осы кен орнының қара алтыны Ақтаудағы теңіз
айлағы арқылы тасымалданып, 1969 жылы Атырау қаласына дейін
құбырмен жеткізілді. Осы қаладан темір жол тіркемелерімен Вогоград ,
Самара қалаларындағы мұнай зауыттапына жөнелтілді.Бір жылдан соң
Өзен мұнайы 711 шақырымдық Атырау – Самара құбырымен жүйки жөнелді.
Самараға дейінгі аралыққа Атырау мен Өзен арасындағы қашықтықты
қоссаңыз, құбырдың ұзыедығы 1500 шақырымнан асып түседі. Қазақстанда
мұнай өндіру және өңдеу өнеркәсіптерін жоғары қарқынмен байланысты
келешекте мұнай құбырының ұзындығында және оларды өңдейтін
кәсіпорындардың қуаты артатын болады. Қазақстан Рспубликасы да
әлемдегі ежелден мұнай өндіруші елдер қатарына жатады. Оның тарихы
1899 жылы Атырау облысының Қарашұңғыл елді мекенінлегі С.Леман
экспедициясы қазған №7ұңғыдағы 40 метр тереңдіктен жеңіл мұнай
атқылауынан бастау алғаны белгілі. Сөйтіп 1997 жылға дейін
Қазақстан қойнауынан 617 миллион тонна мұнай , 110,969 миллиард
текше метр жанғыш газ өндірілді. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан
кейін жүргізілген барлау жұмыстары оның алынбаған қорлары әлі мол
екенін анықтап берді. Барлау жұмыстарының алғашқы кезеңінің өзінде
5,3 миллиард тонна қара алтын қорының барлығы айқындалып мұның өзі
елімізді мұнайдың дәлелденген қоры жөнінен әлемдеі он екінші
орынға шығарды.

2. Мұнай газ тасымалдау үшін Қазақстан Республикасында
заңдастырылған құжаттар.

Энергетикалық сектор мен экономикалық мүмкіндікті қамтамасыз ету
мақсатында кей мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мәселен,
біздің мемлекетімізбен Әзірбайжан және ресей арасында Касийдің
астында жатқан байлықты бөлісу төңірегінде біраз келісім шартқа қол
қойылды. Атап айтқанда 1998 жылы Мәскеуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
пен Ресейдің сол кездегі президенті Борис Ельцин арасында
Каспийдің солтүстік бөлігін бөлу туралы келіссөзге қол жеткізілген
еді. Теңіз түбіндегі байлықты дұрыс игеру мәселесін көздеген бұл
келісімге 2002 жылдың 13 мамырында қол қойылды. Әзірбайжанмен де
2001 жылы Каспийдің түбін бөлуге қатысты келісім шартқа қол
жеткізілді. Яғни , осы үш мемлекет арасындағы мұнайды игеруге ,
барлау жұмыстарын жүргізуге қатысты қалыптасқан құқықтық негіз бар.
Мысал ретінде айтар болсақ , қазір Ресей мен Қазақстан Орталық ,
Құрманғазы , Хвалынск секілді геологиялық құрылымдары бірлесе
игеріп жатыр. Бұған қоса , қазір Түркіменстанмен де арада
келіссөздер жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ашхабадта
екі жақ сарапшылары осы мәселені талқыға салды. Тәуелсіздіктің елең-
алаңында , дәлірек айтқанда , 1992 жылы негізі қаланған жобалардың
бірі - Қара теңіз жағалауына төтелей тартылған жаңа мұнай құбыры.
Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінен Новороссийск айлағына дейін
созылған 1580 шақырымдық құбыр құрылысын жүргізу үшін Каспий
таурба құбыры консорциумы құрылды. Осы мақсатта Қазақстан
Республикасы Ресей Федерациясы және Оман сұлтандығы арасында келісім
жасалды. Мұны атыраулықтар елбасының төл жобасы деп атады. Өйткені
, нақ осы жоба арқылы Теңіздей алып кеніштің қара алтынын әлемдік
рынокқа төтелей шығаруға дәліз ашылды. Дегенмен , бел-белесті
қуалай тартылған құбырдың дені Ресей жерімен өтетін болғаниен ,
көрші ел басшыларымен мәмілеге келу үшін бірнеше рет келіссөз
орындығына отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл туралы
таяуда Атырауға келген сапарында былай деді; Атырау қарқынды
өркендеп өсіп келе жатқан аймақтардың бірі. Әліде қарқынды даму
үрдісі жалғаса береді. Облыс экономикасын көтеру мұнай кенішін
игеру үшін 1992 жылы Шеврон деген компанияны елге инвестиция
салуға әкелдік. Себебі , жеріміздегі мол мұнайды игеру өзіміздің
технологиямыз болмады. Осы инвесторды әкелмесек , же астындағы
мол байлық жата беруі мүмкін еді. Сондықтан шетел инвестициясын
көптеп тарттық.. Мұнайды өндіргеннен кейін оны шетел рыногына сату
жолдарын іздеу керек болды. Сол себептен Қара теңізге тікелей
мұнай құбырын тарту жобасын қолға алдық. Алты жыл бойы Ресей
басшыларымен келіссөздер жүргіздік. Ресейдегі Президенті Борис
Ельцинмен алты жыл бойы аянбай келіссөз жүргізген Елбасының
табандылығы өз жемісін бере бастады. Төрт кезеңге бөлініп
жүргізілетіндігі бағдарланға жобаның 4 миллиард АҚШ долларына
баланған жалпы құнынан Ресейдің Астрахань облысы мен Қалмақ
Республикасы , Ставрополь , Краснодар аймақтары бюджеттеріне түсетін
салық мөлшері көңілге қонымды болатынын бағдарлай алмаған көрші ел
басшылары енді бұл жобаның қздеріне тиімді болғанын жасырмайтын
шығар.Құбырдың қазақстандық бөлігінде 45млн доллордың жаңғырту
жұмыстары басталды.
Қазақойл ұлттық газ компаниысының қарамағында қазір 200-ден аса
барланған мұнай-газ кен орны бар. Олардың 77-нен мұнай,газ және
газ конденсаты өндіріледі . Мұнайдың геологиялық қоры 6,2 млн.
тонна. Мұнай мен газдың қоры жағынан ең ірі кен орындары Теңіз,
Қарашығанақ, Кенбай, Жаңажол, Қаламқас, Қаражамбас, Өзен,
Құмкөл.Қазақстанда өндірілген мұнай Атырау , Шымкент , Павлодар
мұнай өңдеу зауыттарында өңделеді. Біразы шетелге экспортқа
шығарылады. Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінде көптеген шетел
компаниялары бірлесіп барлау , өңдеу , өндіру жұмыстарына қатысуда.
Мысалға Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын игеру жобасына
Эни , Тексако , Лук ойл , Бритиш газ компаниялары қатысуда. Дүние
жүзінде белгілі көптеген шетел компаниялары Қазақстанның ұнай-газ
кен орындарын зерттеу жобасына және өндірілген мұнайды тасымалдау
үшін мұнай құбырларының бағыттарын анықтауға қатысты. Қазіргі кезде
дүние жүзілік экономиканы отын , шикізат қорына деген қажеті
артып отыр. Дәл осы жағдай щетел инвксторларының Қазақстан
өнеркәсібінің мұнай , тау-кен, металлургия салаларына белсене
араласуына себеп болды. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде
қалылтасу кезеңде мұнай-газ саласына ірі инвестициялар салынуда.
Бірнеше жылдан бері Теңіз мұнай кенінде американдық Шеврон
компаниясы жұмыс істеуде. Осы жылдардың ішінде Теңіз мұнайын
халықаралық рынокқа шығару жолы қарастырылуда. Қазіргі уақытта бір
ғана газ өңдеу зауытты жұмыс істейді. Ол Жаңаөзен қаласында
орналасқан. Қазақстан солтүстігінде Ресей Федерациясының газын ,
оңтүстік және оңтүстік шығысында Өзбекстан Республикасының газын
пайдаланады. Қазақстан өзінің жергілікті газға деген сүранысының 70
пайызын ғана қамтамасыз ете алады. Ал енді мұнай тасымалдайтын
құбыр көлігіне келетін болсақ Қазақстан Республикасында жақсы жолға
қойылған. Қазақстанда мұнай құбырлары негізінен Ресей , Қытай ,
Азербайжан , Грузия мемлекеттері мен қарым-қатынаста болып отыр. Осы
елдер арасында бірнеше шақырымды құрайтын құбырлар бар маңдай
тіреген құбыр бойымен мұнай тасымалданғалы бес жылдан асты. Ең
бастысы қазақ мұнайының шетел рыногына жету жолының ұзақтығы едәуір
екі айға қысқарды. Мұны Шетел рыногына бағыт алған қара алтын
жолына кесе көлднең тартылатын, сапасына кері әсер ететін
кедергілердің азаю тұрғысынан айтып отырмыз. Бұл құбырмен
бастапқыда Теңіздің мұнайы тасмалданса, кейін оның құрамының
қатарына Маңғыстау өңіріндегі мұнай өндірушілердің өнімі қосылды.
Атыраудағы Жайықмұнайгаз басқармасының қара алтыны осы құбырмен Қара
теңізге бет алды. Қазақстандағы мұнай тасымалдау жөніндегі ең ірі
ұлттық компания ҚазТрансОйл республикамыздың сегіз облысынан өтетін
6400 шақырымдық магистральды мұнай құбырымен 3140 шақырымдық су
құбырын пайдалануда. Оның құрамында 39сораптық бұрғылау станциялары
бар. Мұнай сақталатын резервуарлық парктың жалпы 1200 текше метр.
Құрылғанына бес, алты жыл болған ҚазТрансОйл ЖАҚ Қазақстанда
өндірілетін мұнайдың 80 пайызын тасмалдай отырып құбыр желілері
бойынша мұнай тасмалдау қызметін көрсету саласында монополиске
айналып үлгерді. ҚазТрансОйл мұнайды шығарылатын жерінен
белгіленгген жерінен нүктеге дейін жеткізуге біркелкі схема
құрылымын жүзеге асырды. Ол үшін компания республиканың магистральды
мұнай құбыры желісі ретінде Қазақстандағы мұнай өндіретін
кәсіпорындарға алыс және жақын шетелдерге Украина, Германия; Польша
мұнай тасымалдау бойынша өз қызметін көрсетуде. Осы мақсатта
ҚазТрансОйл Ресейдің, Беларусияның, Украинаның труба құбыры
компаниялары мен келісім шарт жасасқан. ҚазТрансОйл ЖАҚ
Қазақстандағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы ретінде озық
ғылыми техникалық жетістіктерден қазіргі технологияларды ұстана
отырып үздіксіз даму үстінде. Оның бір айғағы, жаңа
технологиялармен инновацияларды игеруде алдыңғы қатардан көріне
білгені үшін Германияның Франкфурт қаласында өткен Озық
технологиясымен сапасы үшін атты жаңа ғасырдың халықаралық
сыйлығымен марапатталып, үшінші рет Бриллиант жүлдесін жеңіп алды.
Өткен жылдарға көз жіберсек ҚазТрансОйл жүйесімен тасымалданған
мұнайдың жалпы көлемі 317 000 тоннаны құрайды. Бұл жоспарланған
көлемнен 10пайызға артық.. Қазмортрансфлот компаниясыда 3 221 000тонна
көлемінде мұнай таымалдау қызметтерін атқарған. Сонымен, ҚазТрансОйл
өткен жылы бюджетке 14 219млн теңге төлесе оның ішінде
корпоративті табыс салығы 9 362млн теңге, жеке табыс салығы 1 070млн
теңге және басқада салықтармен төлемдер 3 787млн теңгеден құраған.
Еліміздегі аса ірі Теңіз кен орнын игеру жөнінде Қазақстан
үкіметінің Теңізшевройл ЖШС мен жасаған келісім шарты біздің
республиканың қалыптасуында елеулі рөл атқарғаны белгілі.Әлем
Қазақстанды іскерлік әрі әріптестікті дамытуды негізгі бір басымдығы
ретінде анықтаған ел деп таныды. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының
Бірлескен кәсіпорын акционерлердің құрамына енуі Теңіз қорын игеру
жобасының аясында әрітестік қатынастарды дамытуға жаңа серпін берді.
Теңізшевройл ЖШС құру туралы Қазақстан Республикасы мен
Шеврон компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол
қойылды. Содан үш күннен кейін ақ , 6 сәуірде . Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлығы шығып, онда кесісім және ТШО
қызметіне байланысты келісім шарттар мақұлданды. ТШО ға көмірсутегін
барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген.
Республикамызда бұдан ұзақ келісім шарт шоқ шығар. Бұл тұрғыда
қарама қайшы пікірлер бар, бірақта бір жәйтке ешкімде дауласа
алмасы анық.: бүгінгі күнге бұл инвесторларға инвестицияларды
жоспарлауда белгілі бір еркіндік, ал Қазақстанға тұрақты бюджеттік
түсімдерді қамтамасыз ететін еліміздегі ең тұрлаулы келісім шарт.
ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз
және Королев кен орындарында көмірсутегі шикі затын барлау, өндіру
және сату болып табылады. Қатысушы әріптестер бүкіл әлемге
трансұлттық
Халықаралық Шеврон және ЭксонМобил, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ және
ЛУК АРКО компаниясы. Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнайгаз
өндіретін компания болып табылады, оның үлесіне өндірілетін мұнайдың
20 пайызынан астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі
кезеңде барлығы 125 млн тоннадан астам мұнай өндірілген.
1993. жылдары 2006 жылға дейінгі күрделі салымдар көлемі 10 млрд
АҚШ долларынан астам болды. Бұл айтарлықтай ірі сомма және
Теңіз сол кезде көрген және бүгін оның қандай болғанын білетін
кез келген адам салымдардың тиімділігіне көз жеткізе алады. Бұрынғы
кеңестік бұрғылау орындарында Теңіздің ауыр мұнайын өндіру және
өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық орталық пайда болды. Тшо
қызметінің басынан бері салықтар мен роялти түрінде мемлекеттік
бюджетке 9 млрд доллардан астам қаржы, соның ішінде корпоративтік
табыс салығына 3,8 млрд доллар және роялтиге 4 млрд доллар
төленген. Тек 2006 жылы ғана ТШО бюджетке салықтар мен басқа
міндеттер түрінде 2,5 млрд доллардан астам қаражат төленген.
Өндірістік технологиялық желілер құрылысына, завод құрал жабдықттарын
және тиісінше инфрақұрылымды жаңғырта жаңартуға әріптестер күрделі
салым түрінде іске асырған инвестициялар өндіру көлемін 1993 жылғы
1,5 млн тоннадан 2004-2006 жылдарғы 13,5 млн тоннаға дейін
ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл еуропалық сападағы сұйытылған газ
өндірісін жолға қоюға, атмосфераға шығатын қалдықтарды және газды
факельде жағуды әлдеқайда азайтуға, қалдықтарды кәдеге жаратуды
жақсартуға жағдай туғызды. Қазіргі кезде Ансаған құрылымында алдағы
кезде жұмыстардың тұжырымдамасын анықтау жөнінде шешім қабылдау және
тұтастай алғанда ТШО бойынша геологиялық барлаудың жұмыс
бағдарламасы үшін Ансаған кен орнында барлау ұңғымасын бұрғылау
кезінде алынған геологиялық техникалық зерттеу мәліметтерін қайталап
өңдеу жүргізілуде. Қол жеткізілген жұмыс нәтижелерін ешқандай жоққа
шығармастан, әріптестердің алдында бірқатар маңызды жобалар тұрғанын
атап өтуге болады, олар экономикалық, өндірістік және экологиялық
көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік туғызады. Олардың арасынан ілеспе
газды, күкіртті, лас суларды кәдеге асыру жөніндегі бағдарламаны
атап өтуге болады.

2.1 Қазақстанның қара алтынын тасымалдайтын құбырлар.

Қан тамырындай бүлкілдеген қара алтынды тасымалдау Қазақстан
Республикасында жақсы жолға қойылған. Мемлекеттік ұлттық Қазақойл
компаниясының мәлімдемесі бойынша Қазақстанда мынададай құбыр
желілері жүргізілген. Атырау-Самара бағытындағы мұнай құбыры. Қазір
бұл құбырдың маңызы артып отыр. Отандық мұнайшылар өндірген
мұнайдың басым бөлігі осы құбырмен тасымалданатындықтан осындай ой
түйіп отырмыз. 2005 жылғы мәлімет бойынша ҚазТрансОйл Батыс
филиалының мәліметі бойынша 9 айда Атырау- Самара мұнай құбырымен
11 миллирн 350 мың тонна қара алтын тасымалданды. Әрине , бұл
мұнай Ресей құбырларын қуалай Европа елдеріндегі қара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Ұлттық байлығы
Шикізат және қосымша материалдар
Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс
Қазақстанның қазба байлықтар қоры және жер қоймасы
Қоршаған ортаны ластаушы заттар (табиғи, жасанды)
Каспий экологиясы
Минералдық – шикізат ресурстарын пайдалану төлемдері
Қазба байлықтарының жіктелуі және оларға экономикалық баға беру
Пайдалы қазбалар қоры
Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы
Пәндер