Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын алкоголизм, нашақорлық және уыт кұмарлық дертіне шалдыққан ауруларға қолдану ... ... ... ... ... ... ... .
5. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8. Жауапкершілігінің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық, жауапкершілік жұктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық, жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның өзінде қылмыстық, жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қыл-мыстық жауаптылықтық әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп — қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.
Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысы (Егемен Қазақстан, 1999.10 қыркүйек).
2. Право и психиатрия / Сост. С.В.Голубинсқая; Науч.ред. С.В.Бородин. М, 1991.
3. Кудрявцев В. Н. Закон, поведение, ответственность. М., 1986.
4. ФефеловП. А. Механизм уголовно-правовой охраны. Ос¬новные методологические проблемы. М., 1982.
5. Елсонский В.А. Уголовное наказание и воспитание позитив¬ной ответственности личности. Рязань, 1979.
6. Волков Б. С. Детерминистическая природа преступного по¬ведения. Казань, 1974.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және
тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын алкоголизм, нашақорлық және
уыт кұмарлық дертіне шалдыққан ауруларға
қолдану ... ... ... ... ... ... ... .
5. Күштеп немесе психикалық
мәжбүрлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
7. Есі дұрыстық және есі дұрыс
еместік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8. Жауапкершілігінің түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
Кіріспе
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық,
жауапкершілік жұктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі
қылмыстық, жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң
шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға
кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам
қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген
нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау,
ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның
өзінде қылмыстық, жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін
қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың
нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша
жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның
көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің
тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық — өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қыл-мыстық жауаптылықтық
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға
беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және
заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп — қылмыс заңы бойынша қылмыс деп
белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті
органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз
байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.
Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты
істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық
қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық
жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан
қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде
істелген қылмыс заңдылық фақт болып табылады.
Олар істеген қылмыстың фақтісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы
қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе
бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды
ма және т. б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары,
жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларының түсінігі
Қылмыстық заң есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер
жасаған немесе мұндай іс-әрекеттерді есі дұрыс күйде жасаған, бірақ сот
үкімі шыққанға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде
өзіне есеп беру немесе өзі әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын
психикалық аурумен ауырған, сондай-ақ, дұрыстығын жоққа шығармайтын
психикасының бұзылуынан зардап шеққен адамдарға медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді.
Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға кауіпті іс-әрекеттерді
жасаудан сақтандыруды, ондай азаматтардың жеке басын қорғауды және дұрыс
емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалықауруғадушар болған
адамдар-ға жаза тағайындау ізгілік және әлеуметтік әділеттілік
принциптеріне қайшы келеді. Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс
істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қоғамға кауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан аурумен
ауырған адамдарға да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұндай адамдар
өзіне-өзі есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын есі
ауысқан аурумен ауыруына байланысты айналада болып жатқан құбылысты
қабыддай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз мақсатына
жетпейді. Егер мұндай адамдар дертінен айықса, оларды қылмыстық жауапқа
тартудың ескіру мерзімі отпесе және қылмыстық жауап-тылықтан және жазадан
босататын басқа да негіздер болмаса сот оларға жаза тағайындауы мүмкін.
Қылмысты маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын
адамдар жасаған ретте сот дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша ондай
адамдарға жазамен қатар еріксіз емдеу шараларын қолдана алады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік
шара ретінде тағайындалады. Мұндай шараны жаза деп санауға болмайды,
ойткені мұнда жазаға тән белгі — түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай емдеу
шараларын қолдану құқық бұзушынын мүддесіне сай келеді.
Бұл шарт сот үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады.
Сондықтан да мұңдай шара тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына
жатқызылмайды, оған қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапы-нан
қоғамға кауіпті іс-әрекеттердін қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың
құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады. Сонымен медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазадан оны қолданудың негізі мен мақсаты,
мазмұны және зандылық зардабы бойынша ажыратылады.
Медициналық сипаттағы шараларды қылмыстық маскүнемдікпен,
нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қолдану барысында да
жазаның белгісі — түзеу элементі жоқ, сондықтан да мұндай шара жаза болып
саналмайды. Бірақ бұл шара қылмысты есі дұрыс күйде істеген адамдарға
тағайындалған жазамен бірге оларды емдеу және жазаның кезделген мақсатына
жету үшін тиісті жағдайлар жасау мақсатында тағайындалады.
Медициналық сипаттағы шараларды қолдануда зандылық, ізгілік, адам
құқықтары мен бостандықтарын қорғау принциптері басты басшылыққа алынады.
Медициналық сипаттағы шаралар қылмыстық немесе басқа арнаулы зандар
негізінде қолданылады. Қылмыстық кодекстін 88-бабы медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері жайына арналған: мен жасаған
қоғамдық кауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға
айрықша қауіпті болған тұрақты және интенсивті қадағалауды талап ететін
адамға тағайындалуы мүмкін (92-бап).
Медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдануға негіз болмаған
жағдайда сот психикалық аурумен зардап шегетіндерді тұрғылықты тұратын
жеріне міндетті дәрігерлік бақылау жүргізіп, ауруға күтім көрсетуші
туыстарының немесе басқа адамдардың қамқорлығына бере алады.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларының түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері оны
тағайындаудың, өзгертудің және тоқтатудың тәртібі Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 90-бабында белгіленген. Заңда медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларының төрт түрі көрсетілген:
а) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;
б) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
в) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп
емдеу;
г) интенсивті қадағаланатын мамандандырылған улгідегі психиатриялық
стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін.
Есі дұрыс күйінде жасалған қылмысы үшін сотталған, бірақ
алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеуді не психикасының есі
дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеуді қажет ететін адамдарға
сот жазамен бірге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу
түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
Осы көрсетілген мәжбүрлеу шаралары ауруларды емдеумен бірге, оларды
қоғамнан оқшаулап, медицина мекемелері арқылы мұндай адамдардың денсаулығы
мен мінез-құлқына өте мұқият түрде бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерін бөлудің негізгі
белгілеріне істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі және сот-
психиатриялық сарапшының қорытындысымен анықталған ауру адамның психикалық
күйі болып табылады.
Қылмыстық кодексте соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрін белгілеуде қандай жағдайларды еске алуы қажетті көрсетілген.
Егер адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша психиатриялық
стационарға орналастырып емдеуді қажет етпесе, осы Кодекстің 88-бабында
кезделген негіздер болған жағдайда емханалық мәжбүрлеп кадағалау және
психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкін (91-бап).
1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық
стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудің, күтудің, ұстаудың және
қадағалаудың шарттарын талап ететін болса, осы Кодекстің 88-бабында
көзделген негіздер болған жағдайда психиатриялық стационарда осындай
мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкін.
2. Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің
психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық кауіпті әрекетінің сипаты бойынша
стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететін, бірақ интенсивті
қадағалауды қажет етпейтін адамға тағайындалуы мүмкін.
3. Мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
өзінің психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық кауіпті әрекетінің сипаты
бойынша тұрақты қадағалауды талап ететін адамға тағайындалуы мүмкін.
4. Интенсивті қадағалайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық
стационарда мәжбүрлеп емдеу психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық
кауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айрықша
қауіпті болған тұрақты және интенсивті кадағалауды талап ететін адамға
тағайындалуы мүмкін (92-бап).

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту,
өзгерту және тоқтату
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізі Қылмыстық
кодекстің 88-бабында тұжырымдалған. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату Қылмыстық кодекстің 93-бабында
көрсетілген, осы заң талабына сәйкес:
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертуді және
тоқтатуды психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде мәжбүрлеп
емдеуді жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотқа
осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін
негіздердін бар екені жөніндегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір
рет психиатр-дәрігерлер комиссиясында куәландырылып отыруға тиіс.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе
өзгерту үшін негіздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын
мекеменің әкімшілігі мәжбүрлеп емдеуді ұзарту үшін сотқа қорытынды береді.
Мәжбүрлеп емдеуді бірінші ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай
откеннен кейін жүргізілуі мүмкін, мәжбүрлеп емдеуді одан кейін ұзарту жыл
сайын жүргізіледі.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертуді немесе тоқтатуды
адамнын психикалық жай-күйі өзгеріп, бұрын тағайындалған шараны қолдану
қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын
тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады.
4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қолдану тоқтатылған
жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам женінде қажетті материалдарды
оны емдеу немесе психиатриялық-неврологиялық мекемеге жіберу туралы
мәселені денсаулық сақтау туралы зандарда көзделген тәртіппен шешу үшін
денсаулық сақтау органдарына беруі мүмкін.
Кодекстің 94-бабы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолданғаннан кейінгі жаза тағайындау туралы:
1. Қылмыс жасағаннан кейін немесе жазасын өтеу кезінде өз іс-әрекеті
үшін өзіне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкіндігінен айыратын
психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескіру мерзімі етпесе немесе
оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға негіз болмаса, ол сауыққаннан
кейін сот жаза қолдана алады.
2. Психикасы қылмыс жасағаннан кейін бұзылған адам емделген жағдайда
жаза тағайындау немесе оны жанарту кезінде адамға психиатриялық стационарда
мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күні
бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен жазалау мерзіміне есептеледі.
Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
туралы Кодекстің 95-бабында толық айтылған:
1. Осы Кодекстің 88-бабынын 1-бөлігінін в) және г) тармақтарында
көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы — бас
бостандығынан айыру орнында, ал сотталған адам жөніндегі өзге де жаза
түрлері денсаулық сақтау органдарының емханалық психиатриялық көмек
көрсететін мекемелерінде орындалады.
2. Сотталған адамның стационарлық емдеуді талап ететін психиатриялық
жай-күйі өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе
өзге де емдеу мекемесіне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау туралы заңдарында кезделген тәртіп пен негіздер бойынша жүргізіледі.
3. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрі емделуі қажет болмай қалған
кезде кешірме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында
көзделген тәртіп бойынша жасалады.
4. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша
психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытыңдысы негізінде сот жүргізеді.

уыткұмарлық дертіне
шалдыққан ауруларға қолдану
Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан адамдарға
қылмыс жасауына байланысты қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолдану (88-бап, 1-бөлігі, г тармағы). Есі дұрыс емес адамдарға
қолданатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына қарағанда қылмыстық
жазамен бірге емес, онымен қатар тағайындалады және оның басқа түрлері
болады.
Алкоголизммен, нашақорлықлен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қылмыс
істеген ретте медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолданудың негізгі
мақсаты, мұндай аурумен зардап шегетіндерді емдеп, осындай күйде олардың
тағы да қылмыс істеуіне жол бермеу болып табылады. Қылмыстық заң
алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлықпен қылмыс істегендердің бәріне де
медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолдануды талап етпейді.
Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан қылмыс
істеген адамға қылмысы ұшін тағайындалатын жазамен бірге медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың басты шарты осы дертке шалдыққан
ауруларды еріксіз емдеуге жіберу қажет деген медициналық қорытындының және
мұңдай емдеу, емделетін адамның денсаулығына зияны жоқ деген тұжырым бар
болғанда ғана қолданылады.
Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталған жоғарыда
аталған адамдар арнаулы емдеу және емдеу режимін сақтай отырып, медицина
мекемелерінде еріксіз емделуі тиіс.
Мұндай адамдар бас бостандығынан айыруға сотталған ретте олар жазасын
өтеп жүрген кезде еріксіз емделуге тиіс, ал бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылғаннан кейін, осындай емдеуді ұзарту қажет болған ретте
арнаулы емдеу және емдеу режимі бар медицина мекемелерінде еріксіз емделуге
тиіс.
Алкоголизммен, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шал- дыққандарға
медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары сот үкімі бойынша
тағайындалады және мұндай ретте емдеудің мерзімі және оның нақты түрі
көрсетілмейді.
Еріксіз емдеуді тоқтату сол адам емделіп жатқан емдеу мекемесінің
ұсынысы бойынша сот арқылы жасалады.
Спирт ішімдіктерін, наркотик нәрселерді немесе уытқұмарлық заттарын
қасақана пайдаланатын және оның салдарынан оз отбасын ауыр материалдық
жағдайда калдыратын адамдар қылмыс жасаған ретте сот оған жасаған қылмысы
үшін бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза қолданумен бірге оның
от-басының, енбек ұйымының және өзге қоғамдық ұйымның, прокурордың,
қорғаншылық пен қамқоршылық органының немесе емдеу мекемесінің өтініші
бойынша оны әрекет кабілеті шектелген деп тануға құқылы. Сот үкімінің
негізінде мұндай адамға қорғаншылық белгіленеді.
Осы айтылған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот
тәжірибесі туралы 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысында сараланған.
Кылмыс істеуге байланысты емес жағдайда алкоголизмге, нашақорлық пен
уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу шаралары Қазақстан
Республикасы Президентінін 1995 жылғы 7 сәуірдегі зан күші бар Жарлығына
сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға қарағанда қылмыс
істемеген адамдарды көрсетілген дерттен емдеудіңнегізі, мерзімі, жағдайы,
емдеуді ұйымдастыру тәртібі біркелкі емес, өзара айырмашылық-тары бар.
5. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сөйкес егер күштеп
мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола
алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге
зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы қолданылған
қылмыстық зандарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы сот-тергеу
тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға
қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйым-дардың занды мүддесіне зиян
келтіреді. Жана Қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің
салдарынан болтан әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға
сәйкес мұндай жағдайда істелген іс-әрекет қылмыс болып табылмайды деп тура
көрсетілген. Мысалы, далада келе жатқан жүргізушіні қарақшы тоқтатып,
көліктен алдап сыртқа шығарып, ұрып-соғып, қорқытып ұрланған бір жылқының
етін қыстаққа апаруға бұйырған. Немесе бір топ бандиттер сақтық банкісіне
шабуыл жасап, күзетшіні атып өлтіріп, кассирге пышақ кезеу арқылы қоркытып,
сейфтегі ақшаны тонап кетеді. Міне, осында келтірілген мысалдардағы
жүргізушінің немесе кассирдің әрекеті қылмыс болып табылмайды, өйткені олар
іс-әрекетті күштеп мәжбүрлеу салдарынан өз еріктерінен тыс, іс-әрекеттерін
басқара алмайтын жағдайда істеп отыр.
Күштеу — бұл белгілі бір әрекетті істеуге мәжбүрлеу. Мұндай ретте
жәбірленушіге күш қолданылып, оның жанын кинайтын, сөйтіп оның еркінен
айыратын әрекеттер орын алады. Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын
болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде
көрсетілген күшпен мәжбүрлеу тойтарылмайтын жағдайда ғана орын алады.
Тойтарылатын күштеуде жәбірленушінін белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі
сақталады. Сондықтан тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергевде, адамға
36-баптың 1-бөлігі қолданылмайды.
36-баптың 2-бөлігінде мәжбүрлеудің екі түрі — психикалық мәжбүрлеудің,
сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын
мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне
басшылық жасау мүмкіндігін сақтаған жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы
мәселе айтылған. Мұнда сөз тойтарылатын психикалық және күштеп мәжбүрлеулер
туралы болып отыр. Мұндай реттерде адамның белгілі бір ерікті тандай алу
мүмкіңдігі бар, яғни қылмысты істеуге немесе істемеуге. Мәжбүрлеудің осы
екі түрі бойынша адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген
жағдайда олардың әрекеті келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болтан
жағдайда ғана қылмыс болып табылады, ал зиян аз болса, ондай іс-әрекетке
Қылмыстық кодекстің 34-бабында көрсетілген аса қажеттілік ережесі
қолданылып, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылады.
6. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
Қылмыстық кодекстің 73-бабы ауруға шалдығуына байланыс-ты жазадан
босатудың тәртібін белгілеген. Осы бапқа сәйкес қылмыс жасағаннан кейін
оның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық
қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылуы
пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот
оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте кезделген
медициналықсипаттағы мәжбүрлеу шарала-рын тағайындауы мүмкін (73-бап, 1-
бөлігі).
Аурулығына байланысты жазадан босатуға заңда екі түрлі аурумен ауыру
негіз бола алады. Өзінің әрекетінің мағынасын түсіну немесе оны басқару
мүмкіншілігінен айыратын психикалық ауру немесе жазаны өтеуге кедергі
жасайтын басқа қатаң ауру.
Аурудың бірінші түрі сот үкім шығарғанға дейін немесе үкім
шығарғаннан кейін бірақ жазаны өтеуге дейін психикалық ауруға шалдыққан
адамға қолдануға негіз болса, аурудың екінші түрі жазаны өтеу барысындағы
адамдарға қолдануға негіз бола алады. Әділетгілік және адамгершілік
принциптерін басшылыққа ала отырып, қылмыстық заң сотталғандарды аурулығына
байланысты жазаны өтеуден босату институтын жүзеге асырады. Психикалық
ауруға шалдыққан адамдарға сот жазадан босата отырып, оларға медициналық
сипаттағы еріксіз шараларды қолдана алады. Олардың ауруханада болған уақыты
жаза өтеу мерзіміне есептеледі. Аурудан жазылған ретте ондай адамдар
жазалануға жатуы мүмкін. Қылмыстық заңға сәйкес психикалық ауруға шалдыққан
адам негізгі, сондай-ақ қосымша жазадан немесе осы жазаларды одан әрі
өтеуден босатылуға жатады.
Сот үкімі шыққаннан кейін жазаны өтеуге кедергі жасайтын басқа
науқасқа шалдыққан адам соттың шешімі бойынша жазадан босатылып немесе бұл
жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін. Ауыр науқасқа
шалдыққан адамдардың психикалық дертке шалдыққандардан айырмашылығы сол,
мұндай адамдар өзінің әрекеттеріне толық жауап бере алмайды. Олардың жазаны
өтеуіне басқадай ауыр науқастар кедергі келтіреді. Осыған байланысты
мемлекет мұндай адамдарға ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып
жазадан босатуды немесе жазаны жеңіл жазамен ауыстыруды қолдана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz