Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

1 . Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары

2. 1. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

2. 2 . «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы

2. 3. Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорық-мұражайы

2. 4. «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы»

2. 5. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық мұражайы

2. 6. «Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі

2. 7 . Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы

3. Қолданылған әдебиеетер тізімі

1. Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесінде 7 тарихи-мәдени және табиғи қорық музейлер жұмыс істейді. Олар: «Әзірет Сұлтан» мелекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы, «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық-мұражайы, «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы.

2. 1. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. 2003 жылдың шілде айында Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы комитетінің 27 сессиясында Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Бүкіләлемдік Мәдени мұра Тізіміне енді. Осы мекеменің бастауыменен республикалық ғылыми конференциялар, семинарлар ұйымдастырылуда.
Түркістан қаласында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы және тарихи-мәдени мұра саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Республикалық семинар болып өтті. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының қорғау аймағының көлемі 496, 4 га құрайды. Қорық аймағында Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қоса есептегенде 101 ортағасырлық тарихи-рухани есекерткіштер есепке тіркелді. Соның ішінде 62 археологиялық, 25 ортағасырлық тарихи-мәдени, 14 ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында салынған архитектуралық сәулет ескерткіштері кіреді.
Қорық-мұражайдың ірі тарихи есекерткіштерінің қатарында Шығыс моншасы (XVI ғ. ) мен Есім хан кесенесі (XVII ғ. ), Рабия Сұлтан Бегім кесенесі, Гауһар ана бейіті (ХІІ ғ. ) Әлқожа ата кесенесі (ХІІ ғ. ) және т. б. бар.
Музей қорының есебінде 13804 экспонат бар. Экспонаттар негізгі 8 Қожа Ахмет Яссауи музейі, «ХІХ ғ. Мешіт» музейі, «Қылует» жерасты мешіті-музейі, «Шығыс моншасы», Рабия сұлтан бегім кесенесі, «Ескі көше», «Түркістан тарихы», «Археология және этнография» музейлерінің тақырыптық экспозицияларында көрсетілген. Музей қорынан жыл көлемінде «Қол өнер туындылары» тақырыбында 2 көрме өткізілді.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі «Үлкен Ақсарай» бөлмесіне «Түркістан - қазақ хандығының астанасы»- атты тақырыптық экспозициялық жоспар дайындалды.
«Қылует» жер асты мұражайында «Ислам діни тарихы» - атты тақырыптық - экспозициялық жоспар жасалуда.

2. 2. «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы

Алматы қаласының маңындағы Таңбалы археологиялық петроглифтері 2004 жылғы Қытайдың Сужу қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы комитетінің 28 сессиясында ЮНЕСКО-ның комитет мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Бүкіләлемдік Мәдени мұра Тізіміне енді. Таңбалыда қола және ерте темір дәуірлеріне, ортағасырлар мен «жаңа заманға жататын қоныстар, қорымдар, құрбандық орындары және петроглифтер сияқты 100-ге тарта ескерткіш орындары бар. Онша үлкен емес территорияға шоғырланған олар көптеген көне және осы заманғы халықтардың 3 мың жылдық тарихын қамтып жатқан археологиялық кешенді құрайды. Қазақстан жерін б. з. д. ІІ мыңжылдықта қоныстанған қола дәуірінің тайпалары Таңбалының көне тұрғындары болып саналады. Ескерткіштің негізгі бөлігін ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің (б. з. д. І-мыңжылд. - б. з. І-мың жылд. ) обалары құрайды. Қорым Ең көне жерлеу орындары жалғыз таудың етегіндегі Таңбалы І қорымынан табылды. Ол б. з. д. ХIV ортасы - ХІІІ ғғ. жатады. Олар жалпақ тастардын тігінен көміліп тұрғызылған іштерінде бір-екі үлкен және бірнеше «тас жәшік» түріндегі қабірлері бар шаршы немесе дөңгеленіп келген қоршаулар.
Таңбалы ІІ қорымы да қола дәуірінде пайда болған. Қабірдің құрылысы мен жерлеу әдісінде елеулі ерекшеліктер бар. Тас қабірлер цисталар арнайы таңдап алынған көптеген жалпақ тастардан қаланған. Циста қабырғаларының арасында ғибадатхана жартастарындағы қола дәуірінің суреттеріне ұқсас бейнелер сақталған. Бұл суреттер Таңбалының көне петроглифлтерінің б. з. д. ХIV соңы - ХІІІ ғғ. пайда болғандығын айқындауға көп септігін тигізді.
Ғибадатхананың петроглифтері. І-топ баруға ең қиын және барлығы 100-ге жуық петроглифтерден тұратын топ. Суреттердің көп бөлігі қола дәуірінің аяқталмаған суреттері мен эскиздері. Олардың жақсы орындалған көптеген суреттерін көруге болады. ІІ-топта көне суреттердің 400-ге жуығы бар. Қола дәуірінің петроглифтері өте үлкен (25-70 см), терең және мұқият қашалған.
Жануарлардың (жабайы, бұқалар, жылқылар, құландар, бұғылар, қасқырлар) дене бітімі өзіндік мәнермен орындалған. Аң терісіндегі қасқыр құйрықты және қолдарының соңы спираль тәрізді иілген фантастикалық персонаждардың тек осы топтан көруге болады. ІІІ-топта негізінен қола дәуірінің петроглифтерінен тұрады. Олардың көп бөлігі кейінгі ғасырларда қайтадан жаңартылып, көптеген композициялар сақ дәуірі мен ортағасырлық суреттермен толықтырылған. Теңдесі жоқ бейнелер болып бұқа үстіндегі күн құдайы, ішіндегі бұзауы барельефті техникамен салынған сиыр және бір аяғымен тұрған жұмбақ персонаж саналады. Өте сирек суреттердің қатарына сондай-ақ билеп жүрген қарулы жауынгерлердің бейнелері жатады. Бұл көрініс адамдарды құрбандыққа шалу ғұрпы болса керек. Қола дәуірінің жаңартылған үлкен суреттері алыстан бір композиция құрап, бір галерея секілді. ІV-топта ғибадатхананың мәнді және композициялық орталығын құрайды. Бұл топта 700-ден астам петроглифтер бар. Олардың көпшілігі және ерте темір дәуіріне, ортағасырлар мен жаңа заманға (ХVІІ-ХІХ ғғ. ) жататын мәні аз суреттер. Ерекше құндылықты қола дәуірінің теңдесі жоқ панносы ққұрайды. Онда белгілі бір тәртіпте және әрқайсысы өзінше берілген көне бұттық пантеонның 7-құдайының, одан төменірек билеп жүрген 10 жауынгердің, қолдарын намазға созып тұрған адамдардың бейнелері бар. V-топта тік жартастардың бойымен еркін жүруге мүмкіндік беретін ғажап құрылымды сатылы террасасымен ерекшеленеді. Бұл топта 1000-нан артық суреттер бар. Қола дәуіріне жануарлардың (денесі жолақты бұқалар, қабан, жылқылар және т. б. ) әскери арбалар, мифтік образдардан тұратын паннолар жатады. Таңбалы кешені Қазақстанның ашық аспан астында орналасқан бірден-бір қорық-мұражайы. Ондағы ескерткіштердің барлығы табиғи және тарихи ортада сақталған, яғни олар табиғат және адамзат тарапынан үнемі қатты ықпалға ұшырап отырған.
«Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы офисінің күрделі құрылысы аяқталып, аудан әкімінің қолдауымен жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Офиске трансформатор электр жүйесі жүргізіле отырып, дүниежүзілік стандартқа сай сәйкес су тазалағыш қондырғысы орнатылып, жер астынан су құбыры қазылды.
Жазғы кезде туристрді қабылдау мақсатында киіз үйлер көтеріліп бой тікті. Туристердің маршрут карталары дайындалып, экскурсия жүргізу жобасы мен ережесі бекітілді. Қарабастау ауылында салынатын музейдің бүгінгі күнде эскизі дайындалып жатыр. Жоба бойынша ғылыми қызметкерлер жартас суреттердің, архив-библиографиялық тізімін дайындады. Ескерткіш сақтау және оны қорғау мәселесі ретінде мониторинг бағдарламасын қабылдады.

2. 3. Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорық-мұражайы

Қорық-мұражай аумағында археологиялық ізденіс жұмыстары жүргізіліп, бес қорған ашылып, одан II -V ғ. жататын жәдігерлер алынды. Ашық аспан астындағы және жабық мұражай жасақтау қолға алынды. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің бейнесі мен ұлағатты сөздері жазылған көлемі 1, 20 х 2, 75 м. келетін паннолар жасалынып, орнатылды.

2. 4. «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы»

Қорық-мұражайда 2500 экспонат, мұражай-қорық кітапханасында 285 кітап жинақталған. Қорық-мұражай аумағында 680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 30 ескерткіш Республикалық, 160 ескерткіш облыстық, 490 ескерткіш аудандық деңгейде тіркелген. Олардың ішінде Алашахан мазары, Домбауыл мазары, Жошыхан мазары, Ерден мазары, Айрамбай мазары, Теректі әулие, Ақмешіт әулие, Алтыншоқы, Хан ордасы ескерткіштерін атап өтуге болады.
2005 жылдың 30 шілдеде «Ұлытау - көшпенді өркениеттің ежелгі орталығы» атты көрме ашылды. Сонымен қатар, Жезқазған қаласының өлкетану музейі және «Қазақмыс» корпорациясымен бірігіп қазақтардың этнографиясына арналған көрмелер ұйымдастырылды.

- Ұлытау мен Кенесары хан;

- Ежелгі Түркістан және Ұлытау;

- Қ. Сәтпаев ежелгі Жезқазған аумағының Ұлытау тарихы мен археология зерттеушісі;

-Әбунәсір әл-Фараби, Шыңғысхан және Темірланның балауыз фигураларын қойып ежелгі Ұлытау тарихындағы Ұлы адамдар.
«Қазақмыс» корпорациясының музей-көрмелік кешенің қызметкерлерімен бірлесіп зерттеу экспедициясын жүргізді және бұдан бұрынғы белгісіз тарих және мәдениет ескерткіштері табылды.

Ұлытау кентінің жанынан «мұртты» қорғандарға (2 қорған) қазіргі уақыта бақылау өлшемдері мен зерттеулері жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде және Ә. Х. Марғұланның 100-жылдығына орай «Ә. Х. Марғұланның іздері бойынша» тақырыбында үш экспедиция өткізілді.
Алашахан мазарының құпиялары;
Домбауыл мазары;
Жошыхан мазары;
Айрамбай мазары
«Жерұйық» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының телерадиокешені «Кітап» баспасымен бірге талдау жұмыстарын өткізді. Ұлытау тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінің жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарына («Подробности», «Ұлытау Өңірі» газеттерінде) жарияланды.
Тарихи ескерткіштерді насихаттау мақсатында қорық музейінің экскурсия жүргізушілерімен Жезқазған және Сәтпаев қалаларындағы оқушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды. Тарихи Алашахан, Жошыхан, Домбауыл, Теректі әулие, Ақмешіт әулие, Алтыншоқы, Хан ордасы ескерткіштерін келуші туристердің жалпы саны 1500 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта Ұлытау - Жезқазған аумағындағы ескерткіштер жағдайы туралы карта дайындалуда.

2. 5. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық мұражайы

Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 наурыз 1998 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес құрылған мекеме. Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздің рухани-мәдени тарихында ерекше орын алатын сәулет өнерінің нысандарында басталған жаңғырту жұмыстары нәтижесінде Ежелгі Тараз ескерткіштерінің негізін құрайтын Қарахан, Дәуітбек, Бабаджа Хатун, Тектұрмас кесенелері мен Нәметбай, Әбдіқадыр мешіттері және Қали Жүніс моншасы қайтадан ағашқы қалпына келтірілді.
2005 жылы сәулет өнерінің ХІІ ғасырдағы нұсқасы «Айша Бибі» кесенесінің салтанатты түрде ашылды. Көне Тараз ескерткіштері қорық-мұражайы қарамағындағы ортағасырлық Қаракемер, Бектөбе, Жікіл, Төменгі Барысхан, Атлах қалалары бар.

2. 6. «Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі

«Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі 1940 жылы әдеби-мемориалдық музей ретінде құрылды. 1990 жылы Абайдың қорық-музейі қайта құрылған және «Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі болып қайта аталды. Оның құрамына Семейде - Абайдың әдеби музейі, Ахмет-Ризаның медресесі, Абай аумағында - Бөріліде М. Ауэзовтың музейі, «Тақыр» жерінде 1997 жылы ашылған Көкбай Жанатевтың музейі, 2003 жылы Құндыз ауылында ашылған Шәкір Әбеновтың музейі, Үржар ауданында - Әсет Найманбаевтың музейі кіреді.
Абай ауданында қорықтың аймағының аумағы 6400 га, оның құрамына 16 объектіні құрайды. Оның ішінде - Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Құнанбайдың құдығы, Зере мен Ұлжанның зираттары, Ғабитхан мен Шәукенбайдың зираттары, Еркежанның зираты, «Абай-Шәкәрім» мазарлы кешені, мазарлы кешеннің мешіті, Мұсақұлдың төмпешігі, Орыстардың қонысы, Ырғыздықбай мен Мамұттың қыстауы, Оспанкөлдің көлі, Кеңгірбайдың және т. б зираттар бар. Барлық естелік жерлерде ғылыми құжаттамалары, паспорттары инвентарлық карточкалары бар. СемейПедогогикалық Институты жаратылыс факультетінің аға оқытушыларымен студенттері өз күштерімен Жидебай қорығында алғашқы флора мен фауна жазбаларын өткізді. «Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі «Ұлылардың жері» - атты туристік бағыттар әзірленді.
Қорық - музейде оқу сабақтары тоқсанына 1 рет өткізіледі. Халық университетінің сабағының негізгі тақырыптары болып абайтану, ауэзовтану, шәкәрімтану проблемалары ғана емес, Алаш орда қызметінің шығармашылығы, қазіргі әдеби өлкетану, өнертану проблемалары болып табылады.
Алғашқы сабақ халық ақыны Шәкір Әбеновтың шығармашылығына арналды. Қазақстандықтарға дана адам ретінде, ҚР алғашқы президенті- Н. Ә. Назарбаевқа батасын берген адам ретінде белгілі. Қорық-музейдің барлық бөлім қызметкерлері өздерінің баяндамаларын оқыды.

- Шәкір Әбеновтың лирикасы - А. Н. Ғабдуллина-бұқаралық бөлімнің ғылыми қызметкері.

- Шәкір Әбеновтың лирикасы - А. Н. Ғабдуллина-бұқаралық бөлімнің ғылыми қызметкері.

- Ш. Әбеновтың поэмасы «Ана махаббаты»-Ш. М. Садықова-ғылыми хатшы;

- «Кейпін батыр» поэмасы- А. У. Бүркітбаева бұқаралық жұмыс бөлімнің ғылыми аға қызметкері.

- «Тоқтамыс» поэмасы-Н. С. Өмірбекова қор бөлімінің ғылыми аға қызметкері.

- Ш. Абеновтың музыкалық қоңысы К. Ульмесков филармония артисі. Университетің екінші сабағы Қазақстандағы Ресей жылына арналды, ол «Абайдың өмірі мен шығармашылығындағы орыс әлемі»- деп аталды.
Университетің сабақтарына 3 баяндама жасалды.

-«Абайдың досы-уездің соты П. Е. Макавецкий (Омск және Қазақтанның материалдарының мұрағаттары бойынша) »-М. К. Жүнісова ғылыми жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары«Татьянаның хаты»Л. М. Баймағанбетов ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері;

-М. Ю. Лермонтов- Абайдың сүйікті поэті (поэтің туғанына 190 жылдығына қарсы) -У. А. Ибраева бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.
Қазақстандағы Ресей жылына арналған бірқатар іс-шаралар қабылданды, олардың бірі 18 мамыр күні халықаралық музейлер күні Абай музейіндегі орыс мәдениетінің күні болды. Осы күні музейге келушілер тек халық университетінің сабақтарына қатысып қоймай өлкетанушы ағайынды Белослюдовтар;
Абайдың орыс достары Орыс ғалымдарының ориенталистері Семей орыс суретшілерінің жұмысы Абай музейінің негізгі қорының жинағынан ХІХ ғасырдағы орыс фарфоры мен күміс көрмелерімен танысты. Сонымен қатар, Шәкәрім атындағы МУ дизайн кафедрасының Ертіс жағалауындағы көшпенділер халықтардың ұлттық киімдер коллекциясы көрсетілді.
Музей барлығы 18, 820 дана, оның ішінде негізгі қор 10, 745 дананы құрайды. Басты музейдің және филиалдардың экспозициясына 1, 310 экспонаттар берілді. Татьянаның әні Абайдың досы М. Е. Маковецкий Шәкәрім лирикасындағы адамгершілік және жаратылыс жайлы қөзқарасы.
Кашаф Туғанбаевтың өмірі мен шығармашылығы Лермонтовтың «Вадим» поэмасы Абайдың аудармасында Төлеу Қобдиковтың өмірі мен шығармашылығы Шәкір Әбеновтың лирикасы Ш. Әбеновтың «Ана махаббаты» поэмасы Ш. Әбеновтың «Тоқтамыс» поэмасы 11 стационарлық және 1 жылжымалы көрмелер: - ағайынды Белослюдовтардың; - Абайдың саяси достары; - Абайдың ұрпақтары Ұлы Отан соғысында; - Кашаф Туғанбаевтың ақыны, драматургінің 80 жылдығына - ақын Төлеу Қобдиковтың 130 жылдығына Орыс ғалымдары ориенталистері ХІХ ғасырдағы орыс фарфоры мен күмісі Семей орыс суретшілерінің жұмысы Естелік күн конкурсының суретші қатысушылардың жұмыстарының көрмесі
Абайдың естелік күніне жылжымалы көрме. «Абай және олардың кезеңі», «М. Әуезов және Алаш орда қызметі» залдары бойынша қатысушылар үшін тематикалық экскурсиялар әзірленді. Ғылыми қызметкерлер «Абайдың орыс әлемі», «Шығармашылық өнерде Абайдың өмірі», «Абайдың туысқандарының арасы», «Архам Ысқақов», «Шәкәрімнің лирикасы» тақырыптары бойынша диссертациялық зерттеулер жүргізеді.
Музейде ұйымдастырылған көрмелердің барлығы-35. 16 радио, 20 телебағдарлама, баспада жарияланған -37, бейнефильмерді көрсету-10 рет, бұқаралық жұмыстардың жанжақтысы-15 рет өткізілді. Дәрістер, сынып сағаттары, ашық сабақтары, пікірталастар, шығармашылық кештері әдеби-музыкалық кештер, экскурсиялар, поэзия күндері, Естелік күндері, студент-практиканттармен бірге сабақтар, бейнефильмердердің көрсетілімі.
Өкінішке орай, бұрынғы мәдениет комитетінің жанындағы сәулеттер мен Мамайдың, Тоқтамыстың мазарлар, Көкбай Жанатаевтың, Омархан-Нұржамалдың медресе-мешіті, Ақылбайдың, Әйгерімнің және Ділдінің (Абайдың ұлдарымен әйелдері) жатқан орны мемлекеттік есепке алынбаған. Абайдың 150 жылдығына дайындалу шеңберінде мерейтойға қарсы тарихи жерлерде Шағыл, Күшікбай, Қанай, Шіліөзек (Абайдың, Шәкәрімнің, Әуезовттардың көктемгі қоңысы) Шілікті, Кезең (Абаймен Әйгерімнің кездескен жері), ғашықтардың мекені-Еңілік - Кебек үңгірі, ескерткішінің аумағын жабдықтаушы естелік белгілерді қою жоспарланған. 16 ескерткіштің ішінен қорықтың құрамына тек Құнанбайдың құндығы, Кеңгірбайдың мазары, Абайдың мұражай -үйі, Абай-Шәкәрім мазарлы кешені, Абайдың аналары Зере-Ұлжан зираттарын музейлендіріліп, енді. Қалған естелік орындар: Орыс қонысы, Ырғыздықбайдың, Махмуттың қыстауы жабдықтау және музейлендіру жөнінде жұмыстар алда күтіп тұр. Ескерткіштер және Ақшоқы тоғайында орналасқан естелік орындары негізгі назарды талап етеді. Ақшоқы- ол Өскенбаевтардың ата-бабаларынан келе жатқан ескілікті қаладағы мазары. Мұнда Құнанбай Өскенбаевтың, Абайдың әкесінің, оның ұлдарының Әбдірахман, Мағауиа, немере інісі Кәкітай және т. б сүйегі жатыр. Құнанбай уақытындағы құдықтың орнатылуы «Абай жолы» романы бойынша сәулеттік композициясының белгіленуі жоспарланған, осы ескерткіштер арқылы біздің халықтың мәдениетінің тарихының тағы бір беті ашылады.

2. 7. Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мұражай тарихы
Балалар мұражайлары
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары
Музей ісі және есткерткіштерді қорғау
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Мұражайдың шығу тарихы
Қазақстандағы туризмнің даму тарихы
Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі
Мұражайтану ғылыми пән ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz