Шағын комплектілі мектептердегі тәрбие мәселелері


Тақырыбы: Шағын комплектілі мектептердегі тәрбие мәселелері
Жоспар
- Кіріспе.
Шағын комплектілі мектептердегі тәрбиенің басты міндеттері.
2. Негізгі бөлім.
Өзіне тән сипаттар мен ерекшеліктері.
Шағын комплектілі мектеп жайлы ғалымдардың айтқан ойлары.
3. Қорытынды.
Қазақ мектебі- ауыл мектебі- бұл мемлекетіміздің болашығы.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан- жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп санайды. Тұлғаны жан- жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну қажет.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері- теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра отырып жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, эканомикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беру.
Тәрбиенің негізгі мақсаттары:
а) жастардың дүниеге деген ғылыми- материалистік көзқарасын қалыптастыру;
ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан- жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай етіп тәрбиелеу.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім мен тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл- ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері ұалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғымы, сезімі артады.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді.
Тәрбиенің құрамды бөліктері- ақыл-ой тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эканомикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, құқықтық тәрбие және т. б.
Тәрбие мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің ( мектеп, әйелмен, көше, ресми емес топтар, т. с. с. ) бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта- ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан- дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін, әрине, біле бермейді) педагогикалық ықпал нәтижесінің әртүрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады. Осындай тәрбие үрдісі ауылдық шағын жинақталған мектептерде де оның ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады.
Еліміздің білім беру жүйесін бөлінбес бір бөлігі ретінде ауылдық жерлерде жалпы білім беретін мектептер жас ұрпаққа адамзаттық және жан- жақты тәрбие беру ісіндегі ортақ міндеттермен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамытуда, қазіргі заманғы ауылдың мәдениеті мен әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын жетілдіруде әсер етуде өзіндік міндеттер атқарады.
Шағын комплектілі мектептердің өзіне тән сипаттарының бірі - ол сыныптардағы бала санының аздығы. Мұның өзі сынып ұжымының тәрбиелік қызметін біршама күрделендіре түседі. Психологиялық- педагогтік зерттеулер, біздердің байқауымыз бала саны аз сыныптың оңды жақтарын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда педагог пен шәкірт арасындағы өзара қарым- қатынаста сенімділік рухы орнайды.
Оның өзі балалардың психологиялық бағыныштылық бұғауынан азат болуына ықпал жасайды. Бұл- әркімнің өзін көрсете алуы үшін мүмкіндіе жасау деген сөз. Сонымен қатар шағын комплектілі мектептердегі оқушылар санының аздығы мектеп мұғалімдерінің, басшыларының әрбір баланы жете танып, біліп, олардың ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасайды. Мұнда басқа мектептермен салыстарғанда “қиын балалар” санының аз болуы- осы жұмыстың нәтижесі. Оның үстіне ол ауылдық мектеп болса, әрине, ауылдық жағдайда балалар, мұғалімдер, ата-аналар бір- бірін жақсы біліп, тығыз байланыста болады. Мұның бәрі тәрбие үрдісіне өз әсерін тигізеді.
Алайда, мұндай сыныптардың теріс жақтары да бар. Олар:ұжымдық жұмыстың қиындауы, эмоциялық фактордың өте жұтандығы. Бұл проблемалар да тәрбие жұмысына өз әсерін тигізеді. Аз санды сыныпқа “камералық”(қарым-қатынастың шектелуі) “топтық тұйықталу”қасиеттері тән екені белгілі. Сондықтан, сыныптың осы жағымды және теріс жақтарын тәрбие үрдісіне өте тиімді пайдалану қажет.
Жалпы, шағын комплектілі мектептердегі тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселесіне көптеген ғалымдар көңіл бөліп өз еңбектерінің негізгі арқауын осы мәселеге арнады. Солардың ішінде, мысалы, ғалым Н. Д. Неустроевты алуға болады. Оның “Особенности организации работы сельской малокомплектной восьмилетней школы”атты дессертациялық жұмысы осы мектептердегі оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруға арналған. Автор өз еңбегінде ауылдың шағын комплектілі мектептерінің тәрбие үрдісінің өзіндік спецификалық ерекшеліктерін атап көрсетеді:сынып ұжымы мен мектеп ұжымының саны жағынан аздығы; ірі мәдени орталықтардан алшақтығы; біркелкі өндірістік орта мен қоғамдық қатынастардағы ерекшеліктер; ауылшаруашылықтық айнала және табиғатқа жақындық; тәрбие әдістері мен түрлері таңдаудағы шектеулік, т. б.
Әрине осы аталған ерекшеліктер барлық ауылдық шағын жинақталған мектептерге тән. Осы ерекшеліктердің барлығы баланың жалпы дамуына, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз әсерін тигізеті сөзсіз.
Шағын комплектілі мектептердің көпшілі бастауыш болғандықтан, онда оқитындар -кіші мектеп жасындағы балалар. Сондықтан ол мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер бұл кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуі керек. Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу мектептен көп бұрын басталады. Алайда оның мектепте ғана орындалуы үнемі де мақсатқа бағытталып отыратын моральдық талаптарын айқын да кең жүйісіне кездеседі. Біріккен оқу процесінде балалардың өзара жаңа қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң бірінші сыны оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойыладй. Балалар бір партада отыратын көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды, өзін ұнататын неиесе мүдделерін сәйкес келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас жасайды.
Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғаліммен әртүрлі:кездейсоқ та арнайы себептермен де сөйлеседі. Балалар мұғаліммен ашық пікірлеседі өйткені мұғалім барлығының адамгершілік төрешісі ретінде көрінеді.
Жалпы, жеке адамды қалыптастыру процесі -барлық экономикалық және рухани өміріміздің басты міндеті. Бұл мәселе туралы Н. Д . Хмель өзінің”жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс” еңбегіңде былай деп тұжырымдайды: “Адамды материалдық интеллектуалдық және адамгершілік мәдениеттеріне қатыстыру процесі барысында коллективтің атқаратын қызметтері бірдей немесе ұқсас емес. Мысалы, адамды материалдық мәдениетке қатыстыру қандайда болмасын коллективте -оқу-тәрбиелік, ортақ қызығушылығы бар бірлестіктерде, отбасында, т. б. жүзеге асады”. Автор тәрбие, баланы оқыту әрекетінде мектепте және отбасында қалыптасатындығын атап көрсетеді. Сонымен қатар Н. Д. Хмель: “Қазіргі кезеңдегі адам- бір уақытта биологиялық және әлеуметтік тірі жан. Табиғи орта- бал дамуының факторы. Бірак ол адамның әлеуметтік ортасы, әрекет етеді. Мысалы, бала- бақшалардың үлкен қалаларда тұратын жұмыскерлердің балалары мүлдем білмейтін өмірдің жақтарын біледі. Олардың білім шеңбері, әдептері, қызығушылығының бағыттылығы, дәстүр, әдет- ғұрыптары әртүрлі. Себебі, олар сол өмірді айнала қоршаған ортаны нақтылы жағдайларын көрсетеді деген қорытынды жасайды”, - дейді. Авторлардың бұл келтірілген мысалы біздіңше жалпы ауылдық жерлердегі балалардың бойындағы ерекшеліктерді атауға негіз болады. Олар байқағыштық, төзімділік. Басқа адамға деген сенімділік, ашықтық және т. б.
Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбием жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты, мектептің алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі -өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық- адамгершілік қасиеті, сондай-ақ ұлттық терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әрине, қазіргі кезде баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның өзін- өзі танып білуіне үлкен мән берілуде. Осыған байланысты ауылдық жерлерде гі басым көпшілігі шағын комплектілі болып келген мектептерде, оның ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселесіндн күн тәртібі түскен емес. Себебі қазақ мектебі- ауыл мектебі- бұл мемлекетіміздің болашағы.
Әрине, қазіргі кездегі ауылдық жерлерде қалыптасқан кейбір келеңсіз жағдайлар тәрбие мәселесіне де өзінің кері әсерін тигізуде. Мысалы, көпшілік ауылдарда мәдениет ошақтары: клубтар, кітапханалар, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері- бала-бақшалар жабылған. Оқушылардың сабақтан тыс, бос уақыттарында баратын жерлер жоқтың қасы. Осы себепті бұл мекемелшердің жұмысын қалпына келтіру, жандандыру мәселесі қолға алынуы керек деп есептейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz