Иммунотерапия


Жоспары:
1. Кіріспе. Иммунотерапия
Иммунотерапияда қолданылатын препараттар.
2. Негізгі бөлім. Иммунотоксиндер және олардың құрылымы:
Иммунотоксиндерді алуда қолданылатын токсиндер.
Иммунотоксиндерді алуда қолданылатын моноклонды антиденелер.
3. Қорытынды. Антиденелердің ісік ауруларын емдеуде қолданылуы.
Иммундық жүйе үнемі сыртқы ортамен байлынысты болады. Иммундық жүйенің негізгі мүшелерінің қызметі бұл-организмнің бөгде заттарға (вирус, бактерия клеткалары) қарсы тұруын күшейту, жұқпалы аурулардан қорғау, ісік тудыратын клеткаларды танып, бақлау. Мұндай мүшелерге сүйек кемігі, тимус, көк бауыр, лимфа түйіндері жатады. Иммундық жауапқа иммундық мүшелерде түзілетін иммуноциттер (лимфоциттер, плазмоциттер) міндетті түрде қатысады. Иммундық жауап дегеніміз антиген-антидене комплексының түзілуі, яғни антиденелердің антигендерді танып, В-лимфоциттердің түзілуін айтамыз.
Қазіргі күндері иммундық жүйенің бұзылуымен байлынысты көптеген аурулар түрлері көбейіп отыр. Осындай меселемен айналысатын медицинаның емдік саласы болып иммунотоерапия табылады. Оның негізгі мақсаты- аутоиммундық және т. б. көптеген аурулардың пайда болу себебін анықтау және емдеу жолдарын іздестіру, табу болып табылады.
Генетика, протеомика және биотехнология ғылымдарының дамуына байланысты әр түрлі әдістер арқылы жаңа перспективті дәрілік препараттар алынып жатыр. Қазіргі кезде иммунотерапияның негізгі мақсаты-бұл ісік клеткаларының өсуін тежейтін дәрілік препараттарды алу арқылы рак ауруларын емдеу болып табылады.
Қазіргі күнде қатерлі ісік тудыратын рак ауруының кең етек алуы таңқаларлық жайт емес. Ол, әрине, экологиямен (озон қабатының жұқаруынан күн сәулесінің қатты шуақтануы), мутация тудыратын, гендері өзгертілген жеміс-жидектер мен көкөністердің адамдармен жаппай тұтынулуы және т. б. Статистика бойынша меланома, асқазан рак ауруы, сүт бездері рак ауруы және өкпе рак ауруы кең тараған. Бұл аурулардың ішінде қауіптілігі бойынша бірінші орында меланома тұр. Ал меланома клеткалары өте тез жылдамдықпен көбейетін, дәстүрлі медицинамен емделмейтін, радиотерапияға өте тұрақты және химиотерапияға сезгіштігі төмен қауіпті ауру. Сондықтан иммунотерапия қазір осындай мәселелерді шешу үстінде. Біздің иммунитет толыққанды жұмыс істейді. Бірақ тіпті қалыпты жұмыс атқармайтын клеткалардың өзі рак клеткаларына айналар алдында иммундық жүйемен элиминирленуі әбден мүмкін. Өкінішке орай, барлық рак клеткаларды иммундық жүйе тани алмайды, өйткені рак клеткалары қалыпты, дұрыс қызмет атқаратын клекалардан пайда болады. Олар, яғни рак клекалары адам организмінде бөтен қосылыстар болып табылса да, организмде иммундық жауапты тудырмайды. Осындай қауіпті де қатерлі ауруларды емдеуде иммундық жүйе және оның өнімдерін иммунотерапияда пайдалану бірнеше нәтижелі жетістіктерді көрсетті.
Иммунотерапияда қолданылатын препараттар
Қазіргі күні рак ауруын кешенді емдеу (хирургия, химиотерапия, сәулелендіру) ойдағыдай нәтижелер көрсетпейді. Рак аурулары иммундық жүйені клеткалық деңгейде әлсіретеді. Ал клеткалар ісікке қарсылық көрсетуде өте маңызды қызмет атқарады.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап ісік клеткаларын емдеуде иммунокорригирлеуші терапия қолданыла басталды. Бұл иммунотерапияның негізгі мақсаты- ісік клеткаларын организмге пайдалы қызмет атқара алатындай етіп өзгерту. Мұнда иммунокоррекция әдістері мен әр түрлі препараттар қолданылады. Қауіпті ісік клеткаларын емдейтін иммунотерапияның екі түрі болады:
- Спецификалық
- Спецификалық емес
Спецификалық емес иммунотерапия әдістері мен препараттарына мыналар жатады:
- Өсімдік және жануартекті препараттар ( Т-активин, миелопид, бластофаг, шөптер, акула сіңірі)
- Бактериялардың эндотоксиндері мен олардан жасалған препараттар (БЦЖ, ОК-432, стрептококктар мен клебсиелла препараттары)
- Синтетикалық фармацевтикалық препарттар(певамизол, неовир, циметидин және т. б. )
- Фотодинамикалық иммунотерапия (қанды экстракорпоралды сәулелендіру)
- Иммундық жүйе клеткалары өндіретін препараттар-цитокиндер (интерферон, интерлейкин, ісік некроз факторы)
Спецификалық иммунотерапияға:
- Пассивті спецификалық иммунотерапя - иммунотоксиндер
- Бейімдеуші спецификалық иммунотерапия
- Аутологиялық препараттар көмегімен операциядан кейінгі белсенді иммунотерапия.
Өсімдік және жануартекті препараттар. Бұл препарат түрлеріне дәрілік шөптер, саңырауқұлақтар, аралардың соңғы өнімдері, акула сіңірі, миелопид, тактивин жатады. Осы препараттаррдың нәтижелігі радиотерапияға және химиотерапияға қарағанда төөмен болады, бірақ қолданғанда организимге ешқ андай қосымша (побочные) әсерлер бермейді.
Т-активин 80-ші жылдардан бастап онкологияда, әсіресе онкогинекологияда қолданыла бастады. Т-активин-иммуномодульдеуші препарат, яғни иммунитеттің Т-жүйесінің сандық және сапалық көрсеткіштерін реттейді, лимфокиндердің (интерферон) түзілуін стимулдейді. Операциядан кейінгі қиындықтардың санын азайтады және аурудың клиникалық өтуін жеңілдетеді.
Тағы да бір ісіктерге және инфекцияға қарсы препарат-бластофаг. Ол организмнің табиғи тұрақтылығын жоғарлатады, ісік клеткаларының ингибиторлық жүйесі мен қорғаныштық барьерін бұзады, лимфоидты клеткалар мен цитокиндерді түзу арқылы Т-клеткалық және гуморальды иммунитеттің жұмысын қалпына келтіреді.
Бактериялардың эндотоксиндері мен олардан жасалған препараттар. Жақсы зерттелген препараттардың бірі-бұл БЦЖ. Бұл препарат туберкулез микобактериялары негізінде жасалады. БЦЖ-ны қолданарда организм туберкулинге сезімталдығы (сенсибилизация) болмауы керек және БЦЖ-енгізетін нысана орын ісікке жақын болуы керек. БЦЖ-ны тура ісікке немесе тері астынан енгізгенде әсері жоғары болады. БЦЖ клеткалық иммундық жауапты күшейтіп, антиденелердің түзілуін қамтамасыз етеді.
Синтетикалық фармацевтикалық препарттар . Левамизол-тетрамизол изомері және противогельминтті препарат. ОЛ макрофагтардың жұмысынт күшейтеді, Т- клеткалардың цитолитикалық белсенділігн жоғарлатады. Асқазан, ішек, меланома, лейкемия және сүт бездерінің рагын емдеу үшін қолданылады.
Неовир-эндогенді интерферондардың супериндукторы болып табылатын неміс препараты. Неовирді химиотерапиямен бірге организмге енгізген дұрыс болады деп ұсынады өндірушілер. Ол өте оңай сіңіріледі және қосымша әсерлері болмайды.
Иммундық жүйе өндіретін препараттар. Онкологияда цитокиндердің ролі зор. Цитокиндер- иммундық жүйенің өндіретін. Табиғаты пептид болып табылатын биологиялық активті зат. Цитокиндерге интерлейкин, интерферон, ісік некроз факторы жатады.
Интерферон-вирустарға және микробтарға қарсы қабілеті бар гликопротеин.
Интерферон-а-ны 1972жылы Стокгольмде остеосаркоманы емдеу үшін алғаш рет қолданды. Интерферон-а-ны лимфасаркоманы, лейкоз, бүйрек рагын емдеу үшін қолданады.
Пассивті спецификалық иммунотерапя. Ісік антигендеріне арнайылығы өте жоғары болатын препараттар. Мұндай препараттар моноклонды антиденелерге токсиндерді, радиоактивті заттарды тігу арқылы алады . Бұл препараттар иммунотоксиндер деп аталады. Токсин ретінде сонымен қатар өсу факторларын қолданады да, оларды онкотоксиндер деп атайды.
Өсудің фибробласты факторы, ісік өсу факторы, меланоцит стимулдеуші гормон, инсулинге ұқсас фактор негізінде онкотоксиндер алынады.
Иммунотоксиндердің белсенділігін анықтайтын тағы да бір фактор-ол токсин. Белок тежегіші болып табылатын токсиндерді өсімдіктерден және бактериялардан алады. Олар тек қана тірі клеткаларға ғана әсер етеді, сондықтан оны химиотерапиямен үйлестірген дұрыс. Иммунотоксиндерді қауіпті жаңа түзілулерді-лимфомдарды және лейкозды тежеу үшін қолданылады.
Бейімдеуші спецификалық иммунотерапия
Бейімдеуші иммунотерапия -бұл ісікке қарсы қасиеті жоғары аутологиялық лимфоциттерді ауру пациентке экстракорпоралды активациялау.
Иммунотоксиндердің құрылысы
Арнайы мамандандырылған антиденелерге кез келген токсин молекуласының жалғануы арқылы алынған молекулалық құрылымды иммунотоксиндер деп атайды. Бұл препараттарды алу үшін моноклонды антиденелер (немесе олардың Fab- фрагменті) және токсин молекулалары (мысалы, рицин) қажет.
Бұл препараттарды алудағы негізгі мақсат-мақсатты түрде белгілі бір клетканы өлтіру болып табылады.
Иммунотоксиндер екі негізгі бөліктерден құралады:
- Моноклонды антидене
- Токсин молекуласы
Моноклонды антиденелер антигенмен өте жақсы байланысуы керек, сау клеткаларға емес ісік клеткаларға экспрессияланатындай болуы керек. Моноклонды антиденелер ісіктің антигенін таниды, яғни иммунотоксин құрамында вектор қызметін атқарады.
Ал иммунотоксиннің екінші бөлігі-токсин әр түрлі әдістермен моноклонды антиденелерге тігіледі. Токсин ретінде көбінесе рицин, вискумин, яғни лектиндер қолданылады. Олар өте улы, тіпті клетка мембранасынан бір молекуласының өтіп кетуінің өзінде белок синтезіне жауапты рибосоманы тежеп тастайды.
Токсиндер өз кезегінде екі суббірліктен тұрады:
- Клетка сыртындағы антигенмен байланысушы(В-суббірлік)
- Каталитикалық, яғни токсинді құрылымы(А-суббірлік)
Алғашында осындай нысана клетка ретінде ісік клеткалары, кейін лимфрциттердің гипертрофильді субпопуляциясы және т. б. қолданды. Соңғы кездері нысана клетка ретінде клетка ішілік паразиттермен (микроб, вирус) зақымдалған клеткаларды қолдану ойы жүзеге асырылмақ.
Иммунотоксинге бағыт беретін, нысана клеткаға жеткізетін құрылым-антидене немесе оның Fab- фрагменті болып табылады.
Ал токсин молекуласы мембрананы бұзып клетканы өлтіреді.
Кейде иммуноглобулиндердің орнына цитокиндерді қолданады. Мұндай қосылыстар сол цитокинге арналған рецепторлары бар клеткаларды өлтіреді. Оларды аутоиммунды және мүмкін онкологиялық ауруларды емдеуде қолданылады.
Өкінішке орай, бұл препараттардың қолданылу спектры тар болып табылады. Өйткені қазіргі күні моноклонды антиденелерді алу және оларды арнайы цитотоксикалық қасиетпен қамтамасыз ету өте қиын жұмыс болып отыр.
Иммунотоксиндерді алуда қолданылатын моноклонды антиденелер
Ісік терапиясында МАТ (моноклонды антиденелерді) ң екі түрі қолданады:
- Қарапайым немесе конъюгацияланбаған-ешқандай цитотоксикалық заттармен байланыспаған
- Конъюгацияланған-токсиндерге, радиоактивті заттармен цитостатиктермен байланысқан МАТ-тар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz