Экономиканың аймақтық дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім:

А) Аймақтың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе

Ә) Жергілікті экономикалық даму эволюциясы

Б) Орталық Қазақстанның территориялық стратегиялық даму сипаты

В) Орталық Қазақстанның инвестициялық қарқынды жобалары

Қорытынды:

Орталық Қазақстанның аумақтық даму стратегиясын жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелер

Кіріспе

Орталық Қазақстанның 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясы - « Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру Стратегиясы » деген Елбасының 2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқына жолдаған Үндеуі және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясы негізінде жасалып, Орталық Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жедел дамуының орташа жоспары болып отыр.

Стратегияны жасауда Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің аймақтарды бәсекелестік тұрғыдан дамыту стратегиясын жасауға арналған Әдістемесі мен Дүние жүзілік даму Банкысының жобасында қарастырылған құралдар пайдаланып отыр .

Стратегия Орталық Қазақстанныңн аймақтық экономикалық тұрғыдан дамыту мақсатында, оның келешектегі мүмкіндіктері мен даму бағыттарын айқындап беруді көздеп отыр.

Стратегия - атқарылған зерттеу қорытындылары мен жергілікті жоғары оқу орындарының, сарапшылар кеңестерінің, қалалық үкіметтің, кәсіпкерлердің мүдделлі тараптармен бірлесе отырып жүргізген статистикалық көрсеткіштер анализының жиынтығы болып отыр.

Аталмыш құжат жүргізілген жұмыстардың негізгі кезеңдерін қамтып отыр.

Құжаттың басты мақсаты - Қарағанды аймағының жоспарлық стратегиялық дамытуға байланысты алғышарттар мен жобалар, бағадарламалар мен зерртеулер, толғаныстар мен талқылауларды бір ғана құжатта топтастыру.

Бұл құжат- жобалар мен бағдарламаларды, кеңестер мен мониторингтерді, қорытындылар мен Стратегияға енгізілу мүмкіндігі бар өзгерістерді жүзеге асыруда пайдаланылады.

Стратегияны жасау 2 кезеңнен тұрады- Стратегияның базалық түрін жасау кезеңінде облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына сараптама жасалынып, оның территориялық дамуы мен маманданудағы бәсекеге қабілеттілік бағыттары айқындалды.

Зерттеу қорытындылары Қарағанды әкімшілігінде құрылған Жұмысшы топ келісімінен өтіп, кәсіпкерлер мен жоғары оқу орындарына және басқа да мүделлі тараптарға таныстырылды.

Екінші кезең барысында кеңестер, қалалық жиындар, кәсіпкерлер және қала басшылығымен кездесулер, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында семинарлар өткізілді.

Орталық Қазақстанның экономика мен бюджетті жоспарлау департаментінің тапсырысы бойынша аймақтық дамудың Ғылыми Зерттеу Институты облыстың ірі қалаларының ұлттық, аймақтық және әлемдік экономика жүйесіндегі алар орны мен бағыттарын айқындауға арналған маркетингтік зерттеулер жүргізді.

Дүниежүзілік Банктың ұсынысы бойынша Кәсіпкерлер Форумы мен Сандж зерттеу Орталығы Орталық Қазақстанның жеке, жалпы және мемлекеттік секторларына институтционалдық тұрғыдан баға беріп, бизнес-ортаның анализын жасап берді.

Стратегия - кеңестер мен ақылдасулардың қорытындысы және терең зерттеулердің қысқаша баяндамасы болып табылады.

Баяндамалардың толықтай түрін Орталық Қазақстанның экономика және бюджетті жоспарлау департаментінен, Алматыдағы дүниежүзілік Банк кеңсесінен, АҚ «Маркетингтік- аналитикалық зерттеу Орталығынан» алып танысуға болады.

Аймақтық экономикаға жүргізілген зерттеулер мен келтірілген анализ қорытындыларының негізінде Орталық Қазақстанның даму бағдарламасының алғышарттары, мақсат-міндеттері анықталып, салааралық құнды жобалардың тізімі жасалынды.

Осы алғышарттар, келешектегі мақсат-міндеттер Қарғанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында өткізілген семинарларда жергілікті жұртшылықтың қатысуымен талқыланды.

Аймақтың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе

Бүгінгі таңда аймақтардың экономикалық даму нәтижелері олардың жедел өзгермелі халықаралық және ұлттық деңгейдегі нарықтық қатынастарға тезірек бейімделу қабілетіне байланысты болып отыр.

Аймақтардың келешектегі экономикалық жағдайын жақсарту үшін стратегиялық тұрғыдан жоспарланған экономикалық даму бағыттары пайдаланылып отыр.

Жергілікті экономикалық даму (ЖЭД) аймақтың (қаланың) экономикалық потенциалын қалыптастыра отырып, аймақтың болашақтағы экономикалық дамуын жетілдіріп, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді көздеп отыр.

Экономикалық дамуды жетілдіріп, аймақтың тұрғындарын еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған осындай күрделі процесске жеке меншік иелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірлесе отырып ат салысуы тиіс.

Әрбір қала мен елді мекен экономикалық дамуды жетілдіруге қолайлы өзіндік жергілікті жағдайларымен сипатталады. Аталмыш жергілікті жағдайлар экономикалық даму стратегиясын ендіру мен қалыптастыруға негіз бола алады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жергілікті күшті экономиканы қалыптастыру үшін қауымдар жергілікті жердің әлді, әлсіз жақтарын және мүмкіндіктері мен қауіптерін ескере отырып, бірлескен стратегиялық тұрғыда жоспарланған іс әрекеттер жүргізуі тиіс.

Бұндай процесс аймақтарға деген бизнестің, жұмысшы күші мен жәрдем институттарының қызығушылығын арттырады.

ЖЭД тәжірибе жүзінде 1970-шы жылдардың басында қолға алынды, сол кездері жергілікті басқару органдары аймақтар мен қалаларды экономикалық жағынан нығайтудың қажеттілігін білді.

Жеке секторларды дамытудағы келеңсіздіктерді жойып әлеуметтік -экономикалық дамуды белсенді түрде зерттей отырып, нығайту мақсатында стратегиялық бағдарламалар мен жобалар қабылданып отырылды. Осылайша, аймақтар өзінің экономикалық базасын ұлғайтып, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етіп отырды.

Қазіргі таңда қалалар мен аудандық жерлердің алдында бұдан да зор мақсаттар қойылып отыр, ол дегеніміз аймақтардың жергілікті экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлы түрде жүргізу қажеттігінің зор маңызы бар екенін көрсетеді.

Жергілікті экономикалық даму эволюциясы

ФОКУС
ҚҰРАЛДАР
ФОКУС: 1960-жж. бастап 1980-жж. басына дейін.
ҚҰРАЛДАР:
ФОКУС:
  • Жергілікті районың сыртқы мобилдық өндіріске инвестицияларды тарту
  • Ірі компаниялар үшін субсидиялар
  • Берік инфрақұрылымға инвестицияларды жүзеге асыру

(тек мемлекеттік секторы үшін)

ҚҰРАЛДАР:
  • Ірі гранттар, салықтардың мөлшерлерің төмендету, өндірістік инвесторларға жұмсақ несиелер
  • Берік инвестицияларға субсидтенген инвестициялар
  • Арзан жұмыс күшін жалдау арқылы өндірістік шығындардың төмендету фокусы
ФОКУС: 1980-жж. -нан 1990-жж. ортасына дейін
ҚҰРАЛДАР:
ФОКУС:
  • Бар болған жергілікті кәсіпорындардың сақтауы мен дамуы
  • Ішкі инвестицияларды тарту кезінде оған үнемі акцент жасау, бірақ әдетте, нақты салаларға немесе белгілі географиялық жерлерге бағытталған әрекет

(мемлекеттік сектордың басшылығымен)

ҚҰРАЛДАР:
  • Бизнестің бөлек субъекттеріне тіке төлемдер
  • Жұмысқа арналған бизнес-инкубаторлар/аумақтар
  • Техникалық кеңес беру, шағын кәсіпорындарды қолдау және тренингтер өткізу
  • Жаңа кәсіпорындардың шығаруын қолдау
  • Берік және жұмсақ инфрақұрылымдарға инвестциялар
ФОКУС: 1990-жж. аяғы
ҚҰРАЛДАР:
ФОКУС:
  • Іскер ахуалын түгелімен жайлы қалыптастыру
  • Жұмсақ инфрақұрылымдарға инвестициялар (мысалы, адам қорларын даму, біліммен алмасу, реттеуді рационалдау)
  • Мемлекеттік-жеке әріптестік
  • Жалпақ жұрттың берекесі үшін жеке сектордың инвестицияларын қолдану
  • Жергілікті тұрғындар және әлеуетті инвесторлар үшін өмірдің сапасын жақсарту
  • Жергілікті артықшылықтар тұғысынан қарағанда, ішкі инвестицияларды тарту

(әдетте мемлекеттік сектордың басшылығымен)

ҚҰРАЛДАР:
  • Жергілікті іскер аухалын жайлы қалыптастыруға бағытталынған біріктірілген стратегия
  • Жергілікті компаниялардың дамуын ынталандыру
  • Жергілікті қоғамның арасында қарымқатынастарды және ынтымақтастықты дамыту
  • Бірлескен іскер байланыстарды дамыту
  • Еңбек күшті дамыту және жұмсақ инфрақұрылымды қамтамасыз ету
  • Өмір тіршілігінің сапасын жақсартуына қолдай жасау
  • Қызмет көрсету секторына және өндірістік секторына акцент жасау
  • Экономикалық байланысқан бизнес кластерлерді ынталандыру

Аумақтық және жергілікті экономикалық даму бағдарламасын енгізу

Кесте. Аймақтық дамуға әсер етуші факторлар

Орталық Қазақстанның территориялық стратегиялық даму сипаты

Қазақстан Республикасының эконмика мен бюджетті жоспарлау министрлігінің аймақтарды бәсекелестік даму стратегиясының Әдістемесі мен Дүние жүзілік банктің территориялық стратегиялық даму жобасы бойынша Стратегия- болжау, мақсат, міндет, бағдарламалар мен жобалар деген бес компоненттен тұрады.

Территориялық даму Стратегиясының болжамы төмендегідей анықталады:

« Орталық Қазақстанның - дамыған өндірістік және жоғары технологиялы, экспортқа өнім шығаратын, бәсекеге қабілеттті қосымша құнды өнім өндіретін, Қазақстанның автокөлік және темір жолдары бойынша маңызды торабы болатын, халқының тұрмыс деңгейі жоғары аймақ болады».

2 тарауда көрсетілген аймақтық экономика бағасы, анализдер мен ақыл -кеңестер нәтижесінің негізінде төмендегідей мақсаттар айқындалды, кейінірек олар бағдарламалар мен салалық және өндірістік жобалар арқылы жүзеге асатын болады.

Стратегияның стратегиялық мақсаттары:

  1. Облыс экономикасын түрлендіру/ шикізат секторына деген тәуелділіктің азаюы
  2. Экономиканы жақсарту мақсатында адамдар ресурсын дамыту
  3. Бизнес-климатты жақсарту және шағын, орта бизнестің өркендеуіне көмек беру, әсіресе экспорттық бағыттағы өндірісті дамыту
  4. Аймақты территориялық тұрғыдан тиімді ұйымдастыру
  5. Аймақтың тұрғындарының хал ахуалын жақсарту

Стратегияның мақсат міндеттері, жобалары мен бағдарламалары төмендегі «Болжамнан жобаға көшу» деген матрицада келтірілген.

Орталық Қазақстанныңның аумақтық дамуының мақсаттары

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР

1 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ
2 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ
1 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ: Облыстың экономикасын әртараптандыру/шикізат секторынан тәуелділігін төмендету
:
2 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ: Экономикалық дамуды қамтамасыздандыру үшін адам қорларын дамыту
4 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ
4 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ:

Аймақтың тиімді аумақтық ұйымдастыру

.

4 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ: 3 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ
4 СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ: Бизнес-ортаны жақсарту
5 СТРАТЕГИЛЫҚ МАҚСАТ
5 СТРАТЕГИЛЫҚ МАҚСАТ: Аймақ халықтың өмір сапасын арттыру

Ұттық және аймақтық деңгейдегі жетекші қалаларды қалыптастыру : Жетекші қалалардың екі түрі болады - ұлттық және аймақтық деңгейдегі қалалар.

Ұлттық деңгейдегі қалалар- Қарағанды, Теміртау қалалары, Сары-Арқао макроаймағының орталығы.

Аймақтық деңгейдегі қалалар - Балқаш, Жезқазған-Сатпаев қалалары.

Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған-Сатпаев қалаларының жетекші қалалар болу критерийлеріне келесі факторлар кіреді:

  • Экономикалық жағынан дамыған ірі қала және басқару орталығы;
  • Транспорт торабы және ішкі сыртқы транспорттық дәліз;
  • Потенциалды ішкі және сыртқы сауда рыногына жақын шоғырлану.

Жетекші қалалар өкілдерімен кәсіпкерлермен, бизнес - ассоциацияларымен, жергілікті басшылық өкілдерімен, академия және ғылыми мекемелермен, мемлекттік емес ұйымдармен жұмысшы кездесулер барысында қалалардың негізгі мәселелері анықталып, оларды шешу мен дамыту бағыттары айқындалды.

Қарағанды қаласының негізгі мәселелері:

  • Коммуналдық қызметтің негізгі қорларының ескіруі;
  • Жылу энергиясының тапшылығы 300 Гкал/сағат жуық.
  • ;
  • Қайта өңдеу өндірісінің жоқтығы, оның ішінде жеміс жидек және ет өнімдерін сақтау, өңдеу қымбатшылыққа ұшырап, ішкі саудада тапшы болып барады;
  • Экологиялық мәселелер - ауа ластануы, тұрмыстық және өндірістік қалдықтар;
  • Жаңа өндірістер ашуға жер учаскелерінің жетіспеушілігі.

Теміртау қаласының негізгі мәселелері:

  • Ауа ластануының жоғары деңгейі;
  • Коммуналдық қызметтің негізгі қорларының ескіруі;
  • Жылу және электр энергиясының тапшылығы;
  • Аймақтағы инвестициялық жобалардың жеткіліксіз түрде қаржылануы;
  • Жаңа өндірістер ашуға жер учаскелерінің жетіспеушілігі;
  • Жоғарыдағы мәселелерді шешу үшін Қала әкмшілігінде мамандардың жетіспеушілігі.

Жезқазған, Сәтпаев қалаларының негізгі мәселелері:

  • Жезқазған, Сәтпаев қалаларының экономикалық және әлеуметтік даму жағынан ЖШС « Қазақмыс корпорациясы» мен Жезқазған мыс запастары кенішінің тұрақты жұмыс істеуіне тәуелділігі;
  • Жылу энергиясының тапшылығы (жылу қуатының ағымды тапшылығы 180 Гкал/сағатты құрап отыр) ;
  • Кеңгір су қоймасының тұрақсыз запастары қаланың өсімдіктерін суаруды қамтамасыз ете алмайды және жаңа өндірістер ашыла қалған жағдайда су ресурстарының тапшылығына ұшырайды;
  • Ауыз су сапасының тұрақсыздығы;
  • Қала территориясында транзиттің жоқ болуы, оның келешектегі дамуына кері әсерін тигізеді.

Балқаш қаласының негізгі мәселелері:

  • Балқаш қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жағынан ӨҰ «Балхашцветмет» пен Жезқазған мыс запастары кенішінің тұрақты жұмыс істеуіне тәуелділігі;
  • ӨҰ «Балхашцветмет» ластануына байланысты пайда болған қаладағы ауыр экологиялық жағдай денсаулық сақтау мен ауылшаруашылығын дамытуға кедергі болып отыр;
  • Ұзақ мерзімді ауруға шалдыққан балалар, сөйлеу жүйесі бұзылған балалар мен туа біткен ауру балалар санының ұлғаюы, арнайы бала бақшалар, БДҮ және коррекциялық емдік мекемелер жоқтығы;
  • Балқаш көлінің ласталып, майдалануы;
  • Инфрақұрылымдық объектілердің негізгі қорларының тозып кетуі мен тұғын үйлер қорының ескіруі, халықты орталықтандырылған газбен жабдықтаудың жоқтығы;
  • Қала мен Ақтоғай ауданы арасындағы шекаралық жерді әкімшілік жағынан тиімсіз бөлу қаланың үндесе жұмыс істеуіне әсіресе туризм саласында жұмыс жүргізуге кедергі келтіріп отыр;
  • Шағын және орта өндірістік бизнестің нашар дамуы;
  • ӨҰ «Балхашцветмет» басшылығының әлеуметтік жағынан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жауапкершілігінің аздығы, қарамағындағы жұмысшылардың денсаулық сақтау, балаларға, көлді келер ұрпаққа сақтау мәселелеріне салғырттықпен қарап отырғандығы;
  • Қала сыртында шашылған тұрмыстық және өндірістік қатты қалдықтар атмосфераны, жер құнарын, жер асты суларын ластаудың бірден бір көзі болып отыр.

Аймақтың экономиалық жағдайына қарай, жетекші қалаларға байланысты инфрақұрлымдық салаларды (қатал инфрақұрылымды), адамдар ресурсын дамытып, бизнес-орта мен экологиялық жағдайды жақсартып, экономика мен институтционалдық саланы түрлендіру мақсатында жаңа өндірістер салу қажет.

Жетекші қалалар дамуы қалаларадың даму стратегиясына сәйкес олардың ұлттық, аймақтық дәрежеде алар орнын ескере отырып жүргізіледі. Жетекші қалалар, өздеріне жақын маңдағы қалашықтар мен ауылдық жерлерді біріктіре отырып аймақты кластерлер қалыптастыру мен кәсіпкерлікті дамытудың катализаторлары болады. Қалашықтардың мәселелері жетекші қалалардың агломерациясына енгізілу арқылы шешіліп отырады, сонымен бірге қалалар экономикасының өндірістік өнеркәсіптерге тәуелділігі жойылып, тұрмысты жақсартушы инфрақұрылымдар мен шағын бизнестің дамуы арқылы болады.

Жетекші қалалар өкілдерімен, кәсіпкерлермен, бизнес - ассоциацияларымен, жергілікті басшылық өкілдерімен, академия және ғылыми мекемелермен, мемлекттік емес ұйымдармен жұмысшы кездесулер барысында қалалардың негізгі мәселелері анықталып, оларды шешу мен дамыту бағыттары айқындалды. Бұл тарауда ғылыми зерттеу институтының ұстанымдық зерттеу қорытындыларының қысқаша мазмұны беріліп отыр.

Тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуші инфрақұрылымдар:

Облыс бойынша энергия тапшылығын азайту мақсатында 2007-2015 жылдар аралығында мемлекеттік-жеке серіктестік шартында энергия өндіруші жаңа объектілер соғу қарастырылуда: Қарағанды қаласында жаңа ТЭЦ-4 электр қуаты 500-600 МВт және жылу қуаты-1180 Гкал/с (2007-2013 ж. ), ВЛ-110кВ ПС «Сантехническая» - НС 1, 2, 3 (2008-2009 ж. ), бу құбырлары К-12-4, 2Т Шахтинск қаласында (2008-2010 ж) «Шахтинская ТЭЦ» соғу жобаланып отыр.

2007-2015 жылдар аралығында жеке меншік есебінен энергиялық қуатты көбейту жоспарланып отыр: Қарағанды қаласы бойынша - жылуды ТЭЦ-3 175 Гкал/с көбейтіп, 140 МВт электр қуатын (2007-2009 ж. ), Абай ауданының Топар поселкесінде КарГРЭС-2 соғу жоспарланып, 55 МВт қуаты бар К-55 құбырына (2007 ж. ) монтаж жасау, Теміртау аласы бойынша орнатылған КарГРЭС-1 қуатын 240 МВт дейін (2007-2009 ж. ) және ТЭЦ- 2 185 МВт (2007-20015 жж) көбейту жоспарланып отыр.

2007 жылы энергетиканы дамыту аумақтық Бағдарламасының әзірлеуі аяқтауы жоспарлауда, осы Бағдарламада келешекте мынадай шараларды орындауында ескеріледі:

- Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Шахтинск қалаларында жаңа энергия құатылықтарын қайта өндеу және іске қосу;

- шағын қалаларда және поселкелерде орталық жылумен қамсыздандыруды дамыту және этаптық қалпына келтіру;

- аулдық электр жүйені дамыту, аулдық елді мекенде орталық электр қамсыздандыруды қалпына келтіру;

- дәстүрлі емес энергия көздерің және энергия жинақшы технологияларды пайдалану, сонымен бірге энергия жинақшы және энергия тиімділігі жөнінде мәселелерді шешу.

Су шаруашылығындағы инфрақұрылымдар:

2007 жылы 46 елді мекенде жүргізілетін су құбырыларының құрылысы мен реконструкция жұмыстарына 2295 млн. теңге бөлініп отыр, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен - 1238 млн. теңге (12 елді мекен үшін),

- облыс бюджетінен - 352, 4 млн. теңге (14 елді мекен үшін),

- Ислам Даму Банкі есебінен - 704, 6 млн. теңге (20 ауылдық елді мекен үшін) бөлініп отыр.

Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңа Арқа аудандарының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің уставтық капиталына облыстық бюджет есебінен 2007 жылы 60, 0 млн. теңге бөлінді, әрбір ауданға 20, 0 млн. теңгеден болып отыр. 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму жоспарына байланысты ауыз сумен қамтамасыз ету объектілері үшін 17091, 6 млн. теңге көлемінде 120 инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр, олардың 14938, 8 млн. теңгесі республикалық, 2152, 8 млн. теңгесі облыстық бюджет есебінен болып отыр.

Қарағанды қаласының Стратегиялық даму бағыты 1 : Қарағанды қаласының ұзақ мерзімді даму концепциясы қазіргі заман талабына сай өндірістік, ғылыми - инновациялық, ақпарттық-консалтингтік және аймақтың жоғары экспортқа бағытталған тауарлары мен ақпараттық технологиялық потенциалы жоғары, өзіне сай әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымы бар іскер орталығын қалыптастыруға негізделіп отыр. Қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы өндіріс дамуына тығыз байланысты болып отыр. Қосымшада қарағанды қаласының даму схемасы берілген.

Осыған орай, келесі стратегиялық бағыттарды дамыту керек:

  • экспорт тауарын өндіруге бағытталған жоғары технологиялық жобалардың негізінде БКК «Сарыарқа базасы бойынша қаланың экспорттық инновациялық-технологиялық потенциалын дамыту қажет. Бұл жағдайда қаланың ғылым мен өндірісі арасында тығыз байланыс орнату керек;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қаланың технологиялық қызмет көрсету салаларына инвестиция тартуды нығайтады;
  • қаланың тұрмыстық саласын қамсыздандыру инфрақұрылымдарына инвестициялық белсенділікті арттыру қажет, ол қала мен аймақты электр энергиясымен жабдықтаушы ТЭЦ-4 соғылуын қажет етеді, «Ордабасы» компаниясы арқылы Қарағанды ТЭЦ-3 техникалық жабдықтармен қайта жабдықтау, ЖШС «Қарағанды Жарық», арқылы қалалық энергия, жылу, су құбырлары жүйелеріне реконструкция мен құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет;
  • ғылыми мекемелердің материалдық теникалық базасын жаңарту арқылы ғылыми потенциалды сақтап қалу, ғылыми мамандардың тұрғын үй мәселесін шешу, ғылыми жұмыстарды коммерциализациялау қажет;
  • облыс тұтынушылары үшін ақпараттық, ғылыми, білім, іскер және консалтингтік база жасау керек;
  • қаладағы құрылыс жұмыстарын реттеу мақсатында қала құрлысының бас жоспарын қабылдап, жаңа өндірістерге жер учаскелерін беру мәселесін шешу керек;
  • қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және халықтың тұрмысын көтеру механизмін жасау;
  • тұрақты әлеуметтік экологиялық экономикалық даму механизмдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек.

Аймақтың өндірістік және инновациялық динамикалық түрде дамуы облыс халқының тұрмыс жағдайын көтеріп, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытумен сабақтас болуы тиіс. Жетекші қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға арналған бірінші кезектегі жобаларына мониторинг жүргізу керек және оларды әртүрлі бюджет есебінен және жергілікті кәсіпкерлер капиталынан инвестициялау механизмдерін жетілдіру керек болып отыр.

Теміртау қаласының стратегиялық даму бағыттары: облыстың индустриалды дамыту мақсатында дамыған өнеркәсіптік қызмет көрсетуші секторлар мен тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуші инфрақұрылымдарды қалыптастыру және Қарағанды Теміртау агломерациясыныа қоса Астана қаласының даму аймағын ұлғайту керек.

Осыған байланысыт төмендегі стратегиялық бағыттарды дамыту керек :

  • Жетекші қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытып, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту қажет;
  • Қара және түрлі түсті металлургия мен машина жасау объектілерін дамытып, құрылыс материалдарын өндіру қаланың технологиялық қызмет көрстету саласына инвестициялық жинақтар тартуға ынталандыру керек;
  • Индустриалдық парктың негізінде жаңа өнеркәсіп орындарын ашу;
  • Энергетикалық мәселелерді КарГРЭС-1 энергетикалық қуатын арттыра отырып дамыту қажет;
  • Аутсорсинг құралдарын қала құрылысын жасақтаушы өнеркәсіптерді күшейтуге және шағын және орта кәсіпорындардың көмекші, қызмет көрсетуші және өңдеуші блоктары пайдаланылады.
  • әлеуметтік экологиялық экономикалық тұрақты даму механизмдерінін жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек.

Теміртауды тұрақты дамыту экологиялық мәселелердің шешілуіне байланысты болғанымен, оның ішіндегі ең маңызды мәселесі бірнеше бұлақ көздерінен алынып отырған атмосфераның ластану мәселесін шешу және Нұра өзенінің ағымды жерлерінің сынап арқылы ластануын, сонымен бірге бұрынғы «Карбид» заводының алаңы мен токсикалық қалдықтарды сақтайтын полигон құрылысын салу, металлургия өндірісінің қайта өңдеуші өнеркәсіптердің дамуын ынталандыру қажет болып отыр.

Қазіргі заман талабына сай нарықтық инфрақұрылымдарының дамуы сауда және несиелеу негізінде жасалатын қызмет көрсету арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүргізіліп отырған шаралар жиынтығы бойынша жасалуы тиіс, мемлекттік тапсырыс бойынша тауарларды жеке секторға енгізу үрдісін қамтамасыз ету керек.

Жезқазған, Сәтпаев қалаларының стратегиялық даму бағыттары; Жезқазған, Сәтпаев қалаларының ұзақ мерзімді даму концепциясы экспортқа бағытталған потенциалды қазіргі заман талабына сай өндіріс орталығын қалыптастыруды айқындап, білім беру жүйесінің жоғары деңгейі мен консалтингтік жәрдем беру қызметін жақсартып, қала тұрғындарымен қалаға жақын орналасқан ауыл тұрғындарын әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету керек болып отыр. Қосымшада аталмыш қалалардың өндірістік саладағы келешекте алар орны келтіріліп отыр.

Осыған байланысты мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі шараларды атқару керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық экономика дамуының приоритет
Қазақстан Республикасының аймақтық даму мәселелері
Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Алматы облысы обл
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz