Ағылшын буржуазиялық революциясы


ЖОСПАР:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:Революциялық жағдайдың қалыптасуы1791 жылғы КонституцияЯкобиндік реакция
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қазіргі тарихи ғылымда ағылшын буржуазиялық революциясы жаңа тарихи кезең бастауы болды деп есептелінеді.
Еуропа тарихында ХҮІІ ғ. оқиғаларға толы болды: осы жылға Француз буржуазиялық революциясының кульминациясы Вестфаль келісіміне қол қою, Италиядағы халық республикасы мен Франциядағы Фронда, украин халқының ұлт-азаттық қозғалысы және Мәскеу мемлекетінің қалаларындағы көтерілістер толқыны сәйкес келеді. Соның ішінде тек Франциядағы буржуазиялық революция аяғына дейін жеткізіліп, республикалық құрылымның орнауымен аяқталған еді. Бұл революция ел тарихында терең өзгеріс жасағаны соншалық, бүкіл Еуропада буржуазиялық қоғамдық-саяси тәртіптің орнау процесінің басталуына негіз болды. Француз революциясының жетістіктері өзге еуропалық мемлекеттерге үлгі болды.
Француз буржуазиялық революциясы сөзсіз адамзат тарихында және азаттық күрестің әлемдік-тарихи тәжірибесінде үлкен орын алады. Өйткені бұл революция феодалдық құрылымның құлдырауына бастау салып, жаңа буржуазиялық қоғамның саяси принциптерін жариялады. Ол жайында Карл Маркс: «1648 ж. және 1789 ж. революциялар ағылшын немесе француз революциялары болған жоқ; бұлар еуропалық масштабтағы революциялар болды. Олар қоғамның белгілі бір табының ескі саяси құрылым үстінен жеңісін көрсеткен жоқ; олар жаңа еуропалық қоғамның саяси құрылымын жариялады. Буржуазия онда жеңді; бірақ буржуазия жеңісі жаңа қоғамдық құрылым жеңісін, буржуазиялық меншіктің феодалдық меншік үстінен, ұлттың провинциализм үстінен, бәсекелестіктің цехтік құрылым үстінен, жеке меншіктің үстінен, жер иеленуші үстемдігінің иеленушінің жерге бағынуы үстінен, ағартушылықтың наным-сенім үстінен, кәсіпкерліктің жалқаулық үстінен, буржуазиялық құқықтың орта ғасырлық артықшылықтар үстінен жеңісін білдірді»1, - деген еді. Сондықтан Француз буржуазиялық революцияның жариялаған саяси принциптері жаңа еуропалық өркениеттің тарихи игілігіне айналды.
ІІ. І Өкіметтегі ірі буржазия
XVIII ғасырдағы Францияның Ұлы буржуазиялық революциясы. 1789 жылғы Адам және азамат құқығының декларациясы.
Франция XVII ғасырдың екінші жартысында шексіз монархия бола отырып, Батыс Еуропаның ең қуатты мемлекетіне айналды. Франция аграрлық мемлекет болса да, онда капиталистік тәртіп XVI ғасырда пайда болып, XVII ғасырдың алдында нығайды.
Жаңа өндірістік қатынастардың қорғаушысы үшінші сословие деп аталатын. Дін басылары мен дворяндар халықтың 1 процентін құрайтын. 26 миллион адамның ішінде тек қана 270. 000 дворян болатын. Олар Франция жерлерінің бестен үшіндей еді және салық төлеуден босатылған болатын. Мемлекеттік аппараттың жоғарғы қызмет орындары осы екі топтың қолына жинақталды.
XVIII ғасырда король мен дворяндар өкіметінің беделі бірте-бірте кеми берді. Дворяндар азғындай түсті, олар әскери қызметте де, мемлекеттік қызметте де жанын қинағысы келген жоқ. Король сарайының маңында тұруға тырысты, сөйтіп барған сайын пайдасыз сословиеге айналды. Олардың пайдасыз, бұзық тұрмыс қалпы халық мойнына түсті. Дворяндар шапан және сарай дворяндары болып екі топқа бөлінетін: шапан дворяндары жеңілдіктерді корольдің өзінен алатын және олардың жағдайлары сарай дворяндарымен салыстырылғанда төмендеу еді. Дворяндардың осы екі тобы төңкеріс кезінде реакциялық күшті құрды. Үшінші топ-буржуазия, шаруа, уақ саудагерлер, қолөнершілер, жұмысшылар бол-ды. Бұлар салық төлейтін үшінші сословие. Шаруалар ерікті болғанымен, феодалдық міндетгілікті төлейтін еді. Сол кезде Францияда шаруалар феодалдарға чинш-натуралдық борыштық, шіркеуге алған өнімнің оннан бірін төлейтін. Капиталистік қарым-қатынастардың дамуына байланысты олардың төлейтін ақшалық ренталары өсіп, күшейе түсті. Бұл жағдай шаруа-ларды қайыршылыққа алып келді. Олар кедейге және қаңғымаға айналды. XVIII ғасырда шаруалардың көтерілістері көп болды.
Үшінші сословиенің саяси авангарды буржуазия болатын. XVIII ғасырда Францияда өнеркөсіп пен сауда жедел дамыды. Париж қаласында көптеген сәнді киімдер, түрлі жиһаз, сәнді арбалар, зергерлік бұйымдар шығарылды.
Еддің солтүстік-шығыс жағында мата, шілтер, жүн маталар өндіру ұлғая түсті. Лион-жібек тоқу өндірісінің маңызды орталығына айналған қаласы. Франциядан астықты, шарапты, өнеркәсіп бұйымдарын шетке шығарудьщ ұлғаюы француз буржуазиясын байытты. Бірақ шетке шығаруды негізінен корольдан айырықша құқық сатып алған кампаниялар ғана жүргізе алатын. Буржуазияның қалың бұқарасы бұл артықшылықты жоюды және барлық капиталистер үшін сауда кәсібіне толық бостан-дық беруді талап етгі.
Буржуазия-ірі, орта және уақ топтарға бөлінетін. XVIII ғасырдың алдында буржуазия күшейіи, бүкіл мемлекеттің экономикасын өз қолында ұстады. Олардың қолында сауда, өнеркәсіп орындары жиналған еді және олардың прогрессивтік идеологияны қолдағаны да мәлім.
Сол кезде Францияны басқарған патша Он алтыншы Людовик. Оның патшалық кезеңі реакцияға айналды. Ол төлемдерді төлейтін шараларды көбейтті. Одан басқа төңкеріске әкеліп соққан басқа да себептер бар. Франция қатарынан бірнеше жыл апатқа ұшырады: 1785 жыл кұрғақ-шылық жылы болды, 1787 жылы жібек кұрттардың қырылып қалуына байланысты жібек шығаратын өнеркәсіп кеміді, 25000 жұмыскер жұмыссыз қалды. 1788 жылы егіндерді қалың бұршақ жауып құртты, 1788-1789 жылдың қысы қатты болып, жүзім плантациялары мен бау-бақшаларды құртты.
1787 жылы Франция мен Англияның арасындағы баж салығы жойылды да, Францияға Англиядан келген жүн және мақта шығаратын кәсіпорын кеміп, 400. 000-дай адам жұмыссыз қалды. Мемлекеттің қарызы 4, 5 млрд. ливрға жетті. Өнеркәсіп дағдарысына қаржы дағдарысы қосылды.
ІІ. ІІ Революциялық жағдайдың қалыптасуы .
Өндіргіш күштер мен олардың дамуына кедергі болып отырған ескі феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтар буржуазиялық революцияның негізгі себебі болды. Нығайып алған буржуазия абсолюттік монархияға да, феодалдық тәртіптерге де көнгісі келген жоқ. Халықта дворяндарға қарсы тұруға әзір еді. Корольдің қазынасы біржолата босап қалды. Халықтың мүшкіл халы күшейіп, шыдам шегіне жетті. Өйткені егіннің шықпауы қымбатшылық пен азық-түлік тапшылығын тудырды. Кіші шеберлер мен жұмыс-шылар арасында жұмыссыздық, басталды, кейбір жерлерде көтеріліс шықты. Халық корольден нан, азық-түліктің арзандауын сұраса, буржуазия белсенді саяси реформалардың өткізілуін, адамдардың сословияларға бөлінуін жоюды, еркін сауда істеуді, мемлекет басқаруға мүмкіншілік туғызуды талап етті.
Франция патшасы Он алтыншы Людовик өте жігерсіз, өтірікші және екіжүзді адам еді. Ол бұл жағдайды түсінген жоқ. Ол мемлекетті басқару жұмыстарымен бас ауыртпай, бүкіл басшылықты өзінің Мария - Антуанетга деген әйеліне бере салған болатын. Әйелі Мария - Антуанетта жеңіл мінезді, Австрияның ақсүйегі. Оның ойлағаны той, байлық, мереке болды. Ол қазынаның ақшасын тойларға жұмсап, мемлекетті кедейлікке әкеліп соқтырды. 1787 жылы патша мемлекетке төлейтін салықтьң тәртібін өзгерту үшін нотабльдердің жиналысын өткізді. Оған қатысқаи дворяндар ғана (принц-тер, герцоггер, графтар, мэрлар) . Патша феодалдарға салық төлететін жаңа тәртіп еңгізбек болды. Бірақ, ақсүйектер өздерінің наразылығын көрсетіп, патшаның айтқанына келіскен жоқ. Король жиналысты таратты.
Бірақ 1788 жылдың тамыз айында король қазынасы біржолата босап қалды да, қаржы жағдайы тұйыққа тірелді. Сондықтан 1614 жылдан бері 175 жыл жиналмаған Бас штаттарды шақыру ұйғарылды. Ол жаңа қарыз бен салыққа келісім алуға үміттенді. Басқаша айтқанда, король және оның шексіз монархиясы халықты бұрынғыша басқара алмады.
XVIII ғасырда Франция корольдерінің билігі шексіз болатын: ол өзі заң шығарды, салық бекітті, соғыс бастады және тоқтатты, бейбітшілік, әкімшілік және сот мәселелерін шешті.
Патшаның билігін шектейтін мемлекеттік органдардың бірі - парламенттер. Олардың арасында ең күштісі және белсендісі Францияның жоғарғы соты-Париж парламенті. Оның юрисдикциясы Францияның үштен біріне жүретін. Парламенттің негізгі функциялары-сот қызметі, бірақ онымен қатар олар саяси істерді де орындайтын. Мысалы, жасы толмаса да парламент корольдін регентін тағайындайды, бұл парламентгің маңызды саяси істерінің біреуі. Одан басқа оның демонстрация құқығы болатын, парламент корольдің бұйрықтарын тексеруден өткізетін. Францияның соңғы үш королінің де парламент қызметіне белсенді кіріскені белгілі. Людовик-ХІҮ өзі туралы "Мемлекет деген мен" - деген сөздерді парламентпен қайшыласқан жағдайда ғана айтқаны белгілі.
Францияның әкімшілік жүйесі өте күрделі және шиеленіскен болатын. Ол көптеген провинцияларға, округтер мен губернаторларға белінген еді. Негізгі жергілікті басқарудың басында тұрған адам интендант, ол полицейлік, сот және қаржы мәселелерін қарастыратын. Мемлекеттің бүкіл қызмет орындары сатылып алынатын, кейбір орындар мұрагерлікпен берілетін. Қызметкерлер өздерінің қызмет орындарын сатып алатын, ал мұрагерлік бойынша өтсе де "полетта" деген салық төленетін.
Корольдің өзі өкіметті басқарды. Ол мынандай жоғары қызметкерлерден құралатын: канцлер, 4 статсхатшы, әділет министрі, бас қаржы тексеруші, ішкі басқару, ауыл шаруашылық, сауда және жолдарды басқаратын қызметкерлер. 4 статсхатшы: сарай, саяси, теңіз және шетел ведомстволарын басқаратын.
Король соғыс жөне бейбітшілік мәселелерін қарайтын, жоғарғы, қаржы және депеша Кеңестерін басқаратын. Бұл мемлекеттік органдардың мүшелерін корольдің өзі тағайындаушы еді.
ІІ. ІІІ 1791 жылғы Конституция.
Еркін халықтардың жеке адамды құлдыққа салғысы келген тәртіпті жеңгеннен кейін француз халқы әрбір адамзат нәсіліне, дініне және дінге деген сеніміне қарамастан айырылмас және қасиетті құқықтарды иемденеді деп адам мен азаматтық құқығы мен еркін және Республика заңдарымен мойындалған негізгі принциптерді салтанатты түрде бекітті.
Революцияның бірінші деңгейдегі басқа маңызды акт болып 1791 жылғы конституция саналды. Конституция бұл деңгейдің соңы мен аяқталуына себеп болды. Онда Монтескьенің теориялық принциптері және Руссоның ойлары да болды. 1789 жылғы декларация конституцияға кіріспе еді. Коституция 7 бөлімнен, 10 тараудан тұрды.
Бұдан басқа француз халқы бүгінгі күнге аса қажетті экономикалық, саяси жөне әлеуметтік принциптерді жариялайды.
Заң әйелдерге барлық салада ерлермен тең құқықтарға кепілдік береді.
Өзінің бостандығы үшін қызметінде қудалауға түскен әрбір адам Республика аумағында баспана алуға кұқылы.
Әр адам еңбектенуге міндетті және қызметке орналасуға құқылы. Өзінің шыққан тегіне, көзқарасына және дініне деген сеніміне байланысты ешбір адам өзінің жұмысынан босатыла алмайды.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен мүдделерін кәсіподақ ұйымдары арқылы қорғай алады және өзінің қалаған кәсіподағына мүше бола алады.
Ереуілге шығу құқығы осы кұқықты бекітетін заңдар көлемінде жүргізіледі.
Әрбір еңбекші өзінің делегаты арқылы жұмыс жағдайын ұжымды түрде анықтауға және кәсіпорынды басқаруға қатыса алады.
Пайдаланылуының ұлттық қоғамдық маңызы бар немесе нақты монополиялық сипаты болатын мүлік, бүкіл көсіпорын қоғамының меншігі болуы тиіс.
Жеке адамның және оның отбасының дамуының қажетті шарттарына ұлт кепілдік береді.
Ұлт барлығына, атап айтқанда, сәбиге, анаға және қарт еңбекшілерге денсаулығын сақтауға, материалдық қамтамасыз етуге, демалыс пен құрметке кепілдік береді. Бар адамзат жасына, дене және ойлау қабілеті жағдайына, экономикалық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз әр адам өзінің тіршілігіне қажетті нәрселерді қоғамнан алуға кұқылы.
Ұлт балалар мен үлкендерге білім алуға, мамандық таңдауға, мәдениетті болуға тең, бірдей мүмкіншіліктер береді. Барлық дәрежедегі қоғамдық ақысыз және зайырлы білім алуды ұйымдастыру мемлекеттің міндеті болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz