Шарт ұғымы мен түрлері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1 Шарт ұғымы

2 Шарттар түрлері:

Нақты және консенсуальдық шарттар

Ақылы және ақысыз шарттар

Бір жақты және өзара шарттар

Бір типті және аралас шарттар

Негізгі және алдын ала шарттар

Еркін және міндетті шарттар

Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары

Шарт ұғымы

Шарт ұғымы. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі - шарт деп танылады (АК-ның 378-бабының 1-тармағы) .

"Шарт" термині азаматтық заннамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын зандық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шартгық міндеттемені рәсімдеген құжат.

Шарт - құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады (7-бап) .

Шартгы (contractus) рим қүқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құкықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады 1 .

148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі жөне көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы жөне оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т. б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" үғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа зандық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (кеп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, өдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.

'Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады (АК-ның 228-бабы) .

Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі жене осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік қүқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес (АК-ның 228-бабы) .

1 Дернбург Г. Пандекты. Обязательственное право. - М., 1990, 18-бет.

Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.

"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" (379-баптың 1-тармағы) деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.

Азаматтық-құқықтық шартты, әдетге, міндеттемелік кұкык қатынастарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда) .

Шарттан авторлық катынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқьштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасьшда) және т. б. туыңдаған жағдайда осылай бағалауға болады.

Құқықтық қатынастар кешені (заттық ж»не міндетгемелік) занды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды (41-бап) .

Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданылады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей козделмеген.

379-баптын, 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер (339-348-багггар) шарттардың кейбір түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі Яғни, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады.

АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, қүрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын затгық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамада шарттан немесе құқықгық қатынастардың мәнінен өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауының баптары (Шарт ұғымы және оның ережелері) қолданылады.

Азаматгық кодекстің 378-бабына сөйкес , екі немесе одан көп адамның азаматтық қүқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі - шарт деп танылады. Мүңдай айқьшдама шарт-мәмілені меңзейді 1 .

Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай
шартының мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен жөне бұзумен
байланысты қөптеген ерекшеліктер туындайды, олар АК-ның 2 және
12-тарауларында немесе шартта АК-ның 22-тарауына қарағанда басқаша
шешіледі. '*

АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын ; өзгедей құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді колдану туралы мәселені шешпейді, мүны АК-дағы елеулі олқылық деп санауга болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның үқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1 -бабы) .

Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда
еркіндік берілген. АК-да, заң қүжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380 бабының 1-тармағы) .

Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматгар мен занды түлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.

Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады (10-бап) .

380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматгық кодексте мұқият реттелді.

Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады. Міңдетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында жинақталған (АК-ның 399-бабы) .

Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап) .

Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың

Франция Азаматтық кодексінің 1101-бабына сэйкес "шарт деп мәмілені таниды, ол арқылы бір немесе бірнеше тұлға бір-бірінің алдында немесе бірнеше басқа тұлғалар аддында бір нәрсені істеуге немесе істемеуге міндеттенеді". АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексі шартты түтастай алғанда сол Заңға немесе басқа қолданылатын құқық нормаларына сәйкес жактардын келісімінен туындайтын құқықтық міндеттеме деп есептейді. 1-201-бапта "келісімге" анықтама берілген: " . . . жақтардың іс жүзінде жасалған мәмілесі өтініштер мен баска да міндеттемелерден туындайды" . . . Нидерланды Азаматтық кодексі кітабында 213-бап: "шарт бір немесе бірнеше жақ өзіне бір немесе бірнеше жаққа қатысты міндеттемелерді өзіне кабылдайтын мәміле болып табылады" деп анықтама берілген.

14-бабының 6-тармағьшда жөне Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекетгік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.

Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға аддын ала шарт жасасу жатады (АК-ның 390-бабы) .

306-баптың 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.

Шарт еркіндігі принципі тараптардың зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады (380-баптың 2-тармагы) . АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай - 380-баптың 2-тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.

Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ережеде "азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен занды түлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады" делінген (7-бап) .

Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті жөне бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.

Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.

Шарттар түрлері

Шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі. Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер топтастырулары да қолданылады.

Нақты және консенсуальдық шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады (АК-ның 393-бабының 2-тармағы) .

393-баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы сөз болады. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. consensus - келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затгы беру, ақша төлеу және басқа әрекетгер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады. - Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүк тасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап ғана жасалынады деп саналады. Мүндай шарт нақты (лат. res - зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.

Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзіңде корсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылай орындалуы тиіс.

Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті. Яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана, туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.

Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міндет - керек болса, бүл ақылы шарт болып табылада. Бір тарап екінші тарапқа бұдан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нерсені үсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы) .

Ақылы жөне ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық - шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені үсыну-үсынбауында.

Бір нәрсені үсынуға (төлеуден басқа) материаддық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау жатады.

Бір нәрсені ұсыну үғымы ағылшын-американ құқығында "consideration" деген атпен кең қолданылады. Оларда considaration кез келген-шартпен елеулі ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.

Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану жене пайызсыз заем шартын атауға болады.

Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем) . Сондықтан да, АК-ның 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.

Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы), демеушілік жасау, еркімен қайыр садақа беру жене осыларға үқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық формасына айналуда.

Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міндет туындайды мысалы, заем шарты) . Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міндеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы жөне өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы жене сол зат үшін ақша төлеуге міндетті) .

Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттары қыры, бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента жене т. б. ) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет корсету) міндеттемелерді тудырады; Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады (АК-ның 381-бабы) .

АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада
көзделген де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген
қағидасынан орынды туындайды. Сондықтан да, олардың мазмұнында
занда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы
занды.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларьщен ғана оларды реттеуге болады.

Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-ның 381-бабы) . Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген шикізатты өндеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін қамтиды.

Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса - сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.

Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып, оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.

Негізгі және алдын ала шарттар . Мүлікті беруге, жұмыс орындауға . және қызмет көрсетуге байланысты құқықтармен міндеттер тікелей негізгі шарттан туындайды, Алдын ала шарт дегеніміз - сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның-390-бабының 1 -тармағы) .

Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын үйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруге міндеті көзделген шартты. келешекте пәтер алу шартын (түрғын үй контрактын) алуға болады.

Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлыкта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жекешелендіру туралы Жарлықта "саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды" делінген.

Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы сонда, олардың екеуінің формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды жасағанда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты), онда аддын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.

Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), алдын ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады (390-баптың 2-тармағы) .

Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, соңдай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіңдей ережелер болуға тиіс (390-баптың 3-тармағы) . Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, соңдықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Рим құқығы
Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері
Шарт ұғымы және оның ережелері
Тауар қоймасында сақтаудың түсінігі мен жалпы жағдайлары
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz