Қазақстандағы жазу тарихы



Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Тарихи жағдай

2.Тіл және жазу

3.Ескерткіштердің түрлері
а) Енисей ескерткіштері
ә) Талас ескерткіштері
б) Орхон ескерткіштері

Қорытынды
Қазақстандағы жазудың тарихын бір кезде ғалымдар тек ислам дінінің тарауымен ғана байланыстыратын еді. Орхон жазуы ашылған соң кейінгі зерттеушілер бұл пікірді жеткіліксіз деп тапты. Ғалымдардың байқауынша, Орхон жазуларын түсіруге тас, түсті металл, былғары, ағаш, сүйек, жібек сияқты нәрселер қолданылған. Сөйтіп, біздің жазба мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде туды. Оның негізі – ежелгі ұлыс тайпалары алғашқы феодалдық одақ құрылған кезінде қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел, хандық не тайпа қажеттері жазудың тууына негізгі себепкер болды.
Жазудың пайда болуы сауда қатынасының дамуына да тығыз байланысты еді. Сауда, айырбас, ақша белгілері мен тауар бағалары да жазуға мұқтаждық туғызды. Ал ел аралық, хандықтар мен мемлекет аралық қарым-қатынас, дипломатиялық істер жазу мұқтаждығын одан әрі арттыра түсті. Тарихтан түркі қағандарының Византия мен Иран мемлекеттерінен VI ғасырда хат жазысып тұрғаны мәлім.
Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері құлпытастарға ойылған жазба түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк (VII-VIII ғасырлар) басына қойылған құлпытастарға өте мәнерлі жазу қолданылған. Бұларды тасқа жазылған кітап деуге де әбден болады.
Орта Азияның түркі тайпалары руна, ұйғыр алфавиті негізіндегі таңбалы, ескі жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек көшкен. Араб алфавитінің кең тарауы ислам дінінің енуіне байланысты. Ал, ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстанға енуі – ұзақ жылдар бойына созылған тарихи құбылыс. Ол әуелі оңтүстік Қазақстанның кейбір тайпаларына VIII ғасырда, Жетісу, Орталық Қазақстанға X-XI ғасырларда еніп, кейін Қазақстанның басқа да аудандарына қанат жаяды... Ислам дінін таратуға жергілікті халықтардан қарахандықтар үлес қосқан. Талас, Сайрам, Түркістан өлкелерінде X-XI ғасырларда-ақ мешіт, медреселер пайда болды. Ол кезде араб мәдениетінің дәрежесі жоғары еді. Араб мәдениетінің Орта Азия халықтарына ықпалы мол болғаны да осыдан.
Көптеген жазба ескерткіштерде ауыз әдебиетінің ескі үлгілері көп ұшырайды. Тіпті ертедегі өлең, жыр, ертегі, аңыздар, жоқтау, мақал-мәтел, жұмбақтар Орхон жазуларының өзінде де аз кездеспейді. Ауыз әдебиетінің мұндай түрлерінің ертедегі жазба ескерткіштерден орын алуының өзі бір жағынан сол ескерткіштердің әдебиет тарихы үшін қажеттігін ескертсе, екінші жағынан әдебиеттің халық өмірі мен байланысы тым әріде жатқанын танытады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Тарихи жағдай

2.Тіл және жазу

3.Ескерткіштердің түрлері
а) Енисей ескерткіштері
ә) Талас ескерткіштері
б) Орхон ескерткіштері

Қорытынды

Кіріспе

Қазақстандағы жазудың тарихын бір кезде ғалымдар тек ислам
дінінің тарауымен ғана байланыстыратын еді. Орхон жазуы ашылған соң
кейінгі зерттеушілер бұл пікірді жеткіліксіз деп тапты. Ғалымдардың
байқауынша, Орхон жазуларын түсіруге тас, түсті металл, былғары, ағаш,
сүйек, жібек сияқты нәрселер қолданылған. Сөйтіп, біздің жазба
мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде туды. Оның негізі –
ежелгі ұлыс тайпалары алғашқы феодалдық одақ құрылған кезінде қаланған.
Тұрмыс мұқтаждығы, ел, хандық не тайпа қажеттері жазудың тууына негізгі
себепкер болды.
Жазудың пайда болуы сауда қатынасының дамуына да тығыз
байланысты еді. Сауда, айырбас, ақша белгілері мен тауар бағалары да
жазуға мұқтаждық туғызды. Ал ел аралық, хандықтар мен мемлекет аралық
қарым-қатынас, дипломатиялық істер жазу мұқтаждығын одан әрі арттыра
түсті. Тарихтан түркі қағандарының Византия мен Иран мемлекеттерінен VI
ғасырда хат жазысып тұрғаны мәлім.
Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері құлпытастарға ойылған
жазба түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін,
Тоныкөк (VII-VIII ғасырлар) басына қойылған құлпытастарға өте мәнерлі
жазу қолданылған. Бұларды тасқа жазылған кітап деуге де әбден болады.
Орта Азияның түркі тайпалары руна, ұйғыр алфавиті негізіндегі
таңбалы, ескі жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек көшкен.
Араб алфавитінің кең тарауы ислам дінінің енуіне байланысты. Ал, ислам
дінінің Орта Азия мен Қазақстанға енуі – ұзақ жылдар бойына созылған
тарихи құбылыс. Ол әуелі оңтүстік Қазақстанның кейбір тайпаларына VIII
ғасырда, Жетісу, Орталық Қазақстанға X-XI ғасырларда еніп, кейін
Қазақстанның басқа да аудандарына қанат жаяды... Ислам дінін таратуға
жергілікті халықтардан қарахандықтар үлес қосқан. Талас, Сайрам,
Түркістан өлкелерінде X-XI ғасырларда-ақ мешіт, медреселер пайда болды.
Ол кезде араб мәдениетінің дәрежесі жоғары еді. Араб мәдениетінің Орта
Азия халықтарына ықпалы мол болғаны да осыдан.
Көптеген жазба ескерткіштерде ауыз әдебиетінің ескі үлгілері
көп ұшырайды. Тіпті ертедегі өлең, жыр, ертегі, аңыздар, жоқтау, мақал-
мәтел, жұмбақтар Орхон жазуларының өзінде де аз кездеспейді. Ауыз
әдебиетінің мұндай түрлерінің ертедегі жазба ескерткіштерден орын алуының
өзі бір жағынан сол ескерткіштердің әдебиет тарихы үшін қажеттігін
ескертсе, екінші жағынан әдебиеттің халық өмірі мен байланысы тым әріде
жатқанын танытады.

Түркі жазба ескеркіштері

Тарихи жағдай. Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін
сөз етуден бұрын бертін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктердің
тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кетелік. Өйткені
өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын,
белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл
қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір
сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның
экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық
және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір
формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі
әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы
олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы
олардың санасын билейді.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы
қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен
айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің
табиғаты, ауа-райы, кен-байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған.
Сонау қола дәуірінің өзінде түркі тайпалардан мал өсірушілердің бөлініп
шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.
Біздің заманыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі
Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтар
деген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан
мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларда мал өсіру және
егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ
қызыл, қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола
мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері,
дулыға, т. б.), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің
киіміндегі алтын өрнектер сақтардың Алтын обасынан (Шымкент облысы)
шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қартау) пен Саймалташ
(Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер – сақтардың
көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі едәуір жоғары
болғанын аңғартады.
Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы
тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңлылар деуге болады. Олардың
шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шань атыраулары,
солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауларына
дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен,
ордасы Қызыл алқап қаласы Ыстықкөл маңында болды.
Қаңлылар – Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті.
Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар
үлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш,
Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи
әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейде Қаратау мәдениеті деп
аталады.
Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі таптық қоғамдардың
қалыптасуына европалықтарға ғұндар деген атпен мәлім көшпелі тайпалар
бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында
ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды
батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және орталық Европаға
басып кірді.
Сөйтіп, халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның, Орта және
Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір
дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың
антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуы бәлкім,
ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты
болса керек.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды-
феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла
бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған
осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Т ү р і к қ а ғ а н д ы ғ ы
(552 – 745)еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың
бір бөлігін мекендеді.
Түрік деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. Түрік
этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе
әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы
бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни патша шыққан
тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты
болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен.
Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның
билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды.
Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің сағасында болды.
603 жылы түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа
бөлініп кетті: Бірі – Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі –
Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан).
Батыс түрік қағандығы – түрік қағандығының негізінде 603 жылы
құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу
мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньнің батыс беткейі мен Орта Азияны алып
жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың
біріншісі басшысы – қаған болды.
Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық
мемлекет – Түркеш қағанаты (704 – 766) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ
қағанаты (766 – 940) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана
мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді. Одан кейін Оғыз
мемлекеті (IX – XI ғасыр) өмір сүрді. Астанасы – Янгикент болды. Түрік
мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті – Қарахан мемлекеті (940 –
1212) болды. Астанасы – Баласағұн қаласы. Кейін олардан қимақтар мен
қыпшақтар бөлініп шықты. Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет
бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап, сонау Дунайға
дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті.
Сонымен, VI – VII ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір
сүрген қаңлылар, қарлұқтар, шігілдер, тухсилер, ягмалар, оғыздар, қимақтар,
қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық
құрамына негіз болып қаланды.
Тіл және жазу. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында-ақ Орта Азия мен
қазіргі Қазақстанның далаларында сақ тайпалары мекендегенін жоғарыда
айттық. Сол сақтардың солтүстік тобы түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран
тілдес болған. Тарихи аренаға сақтардан кейін шыққан ірі тайпалық бірлестік
саналатын үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйлеген. Түрік қағанаты
тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі
тілге айналды. Бұрын иран тілі тобына енетін тілдерде сөйлейтін бірқатар
тайпалар түркі тілінде сөйлейтін халықтармен аралас-құралас болып, енді
түркі тілінде сөйлейтін болды.
Әрине, түркі тілінің сан түрлі диалектісінде сөйлейтін және иран
тілі тобына жататын тілдерде сөйлейтін тайпалық ұлыстар бір-бірімен
үздіксіз экономикалық, мәдени байланыс жасап, қатысып тұрды.
Соның нәтижесінде бұл екі топтағы тілдер бір-біріне көп ықпал
жасап келді. Бұған қазіргі қазақ тілінің сөздік қорындағы парсы сөздері
толық дәлел. Батыс түрік қағанатында түрлі диалектідегі көне түрік
тілдерімен қоса-қабат соғды тілі мен жазуын да пайдаланатын болған. Өйткені
түрік қағандарының ордасында соғдылықтар да түрлі лауазымды қызметтер
атқаратын еді. Шамасы түріктер алғашта алфавит үлгісін соғдылардан үйренсе
керек.
Сөйтіп, түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде-ақ көне түрік
таңбаларына, яғни ру символдарына ұқсас болып келетін түріктердің өз жазуы
өмірге келді. Бұл жазу геометриялық пішіндегі 38 таңбадан тұрады. Ең
бастысы – бұл жазу түрік тілінің фонетикалық ерекшеліктерін айна-қатесіз
дәл жеткізуге мүмкіндік берді.
Міне, осы көне түрік жазу бертін келе тіл тарихында Руна жазуы
деп аталып кетті. Скандинавия халықтарының тілінде рунь деген сөз –
құпия, яғни сыры ашылмаған деген ұғымды білдіреді. Өйткені XVIII
ғасырдың 20-жылдарында Орхон – Енисей аңғарынан табылған көне түрік жазуын
көпке дейін ешкім оқи алмады. Бұл жазудың сырын Дания ғалымы В.Томсен 1893
жылы ашты.
Орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Солтүстік Монғолиядағы Орхон және
Селенга өзендерінің бойынан осындай руна жазулары бар үлкен-үлкен
құлыптастарды тапты. Бұл түрік қағанаты дәуіріндегі Білге қаған мен оның
інісі, қолбасшы Күлтегін және қағандар кеңесшісі Тоныкөк – құрметіне
қойылған ескерткіштер еді. Дәлірек айтсақ, бұлар VII ғасырда әрбір әрпі
тасқа қашап жазылған көне түркі тіліндегі тұңғыш жыр-дастандар болатын.
Міне осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі VI – X ғасырлардағы
оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ, т.б. түрлі түркі тайпалар кезінде
пайдаланған, солардың бәріне бірдей ортақ жазбаша әдеби тіл болды. Әрине,
әрбір түркі тайпасы өз диалектісінде сөйледі. Әйтсе де осы
ескерткіштердегі тіл мен әдеби қағидалардың ортақтығы ежелгі түрік
тайпаларының тығыз мәдени байланыста болғанын көрсетеді және ескерткіштерді
түркі тілдес бір халықтың ғана тілдік және әдеби мұрасы деп қарауға
әрекеттенушілікке ешқандай дәлел бермейді.
Талас өзені бойынан табылған түрлі заттардағы, көзе мен металл
ақшалардағы, құлыптастардағы жазулар да руна жазуы тобына жатады.
Шығыс Түркістан шаһарларында IX ғасырдан бастап көне ұйғыр жазуы
пайда болды. Бұл ежелгі ұйғыр әрпімен жазылған туындылар тілінің өзіндік
кейбір ерекшеліктері бола тұрса да, мұның өзі руналық ескерткіштер тілінің
тікелей жалғасы, мұрагері еді.
Көне түріктерде ғылымның қандай дәрежеде дамығанын дәлелдейтін
естеліктер өте-мөте аз сақталған. Әйтсе де түріктерде сол дәуірдің өзіне
сай келетін ғылым – білімі болғаны даусыз. Әсіресе астрономия саласындағы
жетістіктері мәшһүр болған. Олар негізгі планеталар мен жұлдыздардың
қозғалысын жетік біліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат қойып белгілеген.
Бұл жөнінде Күлтегін және Мойнчур ескерткіштерінде көптеген деректер
бар.
Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына қарап ауа райын, жыл
маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтап, саяхатшылар керуен жолын
бағдарлайтын болған.
Ескеркіштердің түрлері. Географиялық, тілдік және графикалық
ерекшеліктеріне қарай көне түркі ескерткіштері төмендегідей үш үлкен топқа
бөлінеді:
1. Енисей ескерткіштері.
2. Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.
1.Енисей ескерткіштері

Енисей ескерткіштері қатарына: Енисей өзені, Тува автономиялы
республикасы, Алтай, Хакас автономиялы облысымен Краснояр өлкесі
территориясынан табылған бірсыпыра ірілі-уақты ескерткіштер жатады. Қазір
Енисей ескерткіштерінің жалпы саны 145-ке жетіп отыр. Оларды әркімдер әр
уақытта аталған территориядан тауып алып отырған. Атап айтқанда, мұндай
ескерткіштерді алғаш тапқандардың ішінде Ошурков (тағы басқалары),
Мессершмидт (1721 жылы), Кастрен (1847 жылы), Костров (1757 жылы), Корчаков
(1878 жылы), Кузнецов (1885 жылы), Клеменц (1886 жылы), Савенков,
Проскуряков, Рамстедт (1900 жылы), Андрианов (1915 жылы) сияқты ғалымдар
мен әр түрлі мамандық өкілдері бар. Сондай-ақ ескерткіштерді іздестіріп
табуға көптеген елдердің ғылыми қоғамдары ұйымдастырған экспедициялар да
елеулі үлес қосты.
Енисей ескерткіштері көлемі жағынан өте шағын, олардың ең үлкені
10 – 15 жолдан, кішілері бір, екі, үш жолдардан тұрады. Олардың бірқатары
Хакас автономиялы облысындағы Минусинск қаласында (М.Мартьянов атындағы
музейде), Тува АССР-нің Қызыл қаласындағы өлкетану музейінде, Ленинград
қаласындағы антропология және этнография музейінде, Финляндияның Хельсинки
музейінде және т.б. жерлерде сақтаулы тұр.
Қолдану мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері түркі жазбаларының
ең көнесі, ол шамамен V – VII ғасырларды қамтиды.
1887 – 1888 жылдары Ж.Аспелин бастаған фин ғалымдары Енисей өзені
аңғарына барып, ескерткіштерді өз жерінде зерттеп қайтты. Ол екі экспедиция
материалдары 1889 жылдары Енисей жазбалары деген атпен жеке еңбек болып
жарияланды. Бұдан кейін 1890 жылы Г.Гейкель және 1891 жылы В.Радлов
басқарған экспедициялар да Енисей өзендері бойларына барып, ескерткіштерді
өз көздерімен көріп, зерттеп қайтты. Экспедиция материалдары да арнайы өз
алдына еңбек болып жарық көрді.
Енисей ескерткіштері материалдарын оқып, транскрипцияларын жасап,
оларды жариялауда В.Радлов, В.Томсен, П.М.Мелиоранский, С.Е.Малов,
Х.Н.Оркун, В.Л.Котвич және тағы басқа ғалымдар елеулі еңбек етті.
1959 жылы И.А.Батманов Енисей ескерткіштерінің тілдік
ерекшеліктеріне байланысты Енисей көне түркі ескерткіштерінің тілі атты
еңбек жазды.

2. Талас жазу ескерткіштері

Талас жазу ескерткіштері қатарына Талас өзені бойынан табылған 12
ескерткіш жатады.
Талас өзені бойындағы Айыртам-ой дейтін жерден (қазіргі Жамбыл
облысы) 1896 жылы Әулие ата уезінің бастығы В.А.Каллаур ғылымға үлкен
жаңалық боп енген жазуы бар тас тауып алды. Бұл ескерткішті бұдан кейін
Г.Гейкель қарап шықты. Оның аудармасын В.Радлов (1899), Ю.Немет (1926),
С.Е.Малов (1928), Х.Н.Оркун жасады.
Екінші ескерткіш 1898 жылы Талас өзені бойындағы Дмитриевск
селосы маңынан (М.Е.Массонның көрсетуі бойынша бірінші ескерткіштен 500
қадамдай жерден) табылды. Екінші ескерткіштің аудармасын жасап,
жариялағандар: П.М.Мелиоранский, Ю.Немет, С.Е.Малов және Х.Н.Оркун.
Үшінші ескерткіш те 1898 жылы осы маңнан табылды. Аудармаларын
Ю.Немет (1926 жылы), С.Е.Малов (1936 жылы) және Х.Н.Оркун (1939 жылы)
жасады.
Төртінші, бесінші және алтыншы ескерткіштер де осы жылдары
табылды. Бұл ескерткіштің аудармаларын жасап, жариялауда П.М.Мелиоранский,
С.Е.Малов, Ю.Немет және т.б. ғалымдар елеулі еңбек етті.
1932 жылға дейінгі табылған Талас ескерткіштерінің бүкіл саны
алтау болатын. Кейінгі кездері И.А.Батманов бастаған бір топ қырғыз
ғалымдары Талас өзені бойында түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1961 жылы археолог-топограф П.Н.Кожмяко Талас өзені бойынан төрт
жолдан тұратын жаңа бір ескерткіш тапты. Дәл сол жылы Қырғыз ССР Ғылым
академиясы ұйымдастырған экспедиция мүшелері тағы да жаңа үш ескерткіш
тауып, Талас ескерткіштерінің санын арттыра түсті.
И.А.Батманов бұрынғы және кейінгі кездерде табылған Талас
ескерткіштерін одан әрі арнайы зерттеп, өз алдына кітапша етіп шығарды.
Ескерткіштерді зерттеушілердің топшылауы бойынша Талас жазба ескерткіштері
VIII ғасырды қамтиды. Талас ескерткіштерінің басқа Орхон, Енисей
ескерткіштеріне қарағанда, өзінің кейбір графикалық ерекшеліктері бар
екендігі байқалады. Өз еңбектерінің басым көпшілігін осы ескерткіштерге
арнаған П.М.Мелиоранский, В.В.Бартольд Талас ескерткіштерін Енисей жазба
нұсқаларына жақын деген пікірді қуаттайды. Мұны С.Б.Киселев те жақтап
шықты.

4. Орхон ескерткіштері
Орхон ескерткіштері қатарына VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың
бас кезіндегі Орхон, Селенга, Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан
табылған Құтлығ қаған (Онгин), Білге қаған (Могилян), Күлтегін, Тоныкөк,
Мойын Чор, Күлі Чор, Суджы және т.б. бірқатар ескерткіштер жатады.
Енді төменде сол Орхон ескерткіштерінің кейбіреулеріне тоқталып
өтелік:

Құтлығ қаған (Онгин) ескерткіші
Ескерткішті 1891 жылы Монғолиядағы Онгин өзені бойынан тапқан –
Н.Я.Ядринцев. жазба нұсқа – Охон ескерткіштерінің ішіндегі ең көне
ескерткіштердің бірі. Мұнда екінші Түркі қағанатын қайта қалпына келтірген
Ілтеріс (Құтлығ) қаған мен оның әйелі Ілбілге қатын жөнінде әңгіме болады.

Ілтеріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Зәки Уәлиди Тоған
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Тәуелсіз Қазақстандағы археология кезеңі
Б.Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары
1920-1930 жж. ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті
Пәндер