Түрік мемлекеті



Кіріспе
1. Негізгі бөлім
Түрік мемлекеті
Темір мемлекеті
Жеті жарғы
Қазақ сот процесінің ерекшіліктері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта және Алдңғы Азияның, сондай-ақ, Еуропаның этникалық жән саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақсан территориясында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты (552-745 ж.ж.) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудің бір бөлігін мекендеді. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. «Түрік» этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни патша шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түрік деп атап кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер Түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ортасы Орхон өзенінің жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған 6-ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.
1. Сапарғалиев Ғ.С. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері»;
2. Сапарғалиев Ғ.С. «Қазақстан мемлекеттігі мен ұлттық құқығының қалыптасу мәселелері»;
3. Төлеуғалиев Ғ.И. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»;
4. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «Егемен Қазақстанның құқығы».
5. Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.
6. Алиев Мирбашир Мирахмед Оғлы. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары». Астана, 2004
7. Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: оқу құралы – Алматы: Айдана, 2003. – 146 бет.
8. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет
9. Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.
10. Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г.
11. Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.
12. Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.
13. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Түрік мемлекеті
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. Түрік мемлекеті
2. Темір мемлекеті
3. Жеті жарғы
4. Қазақ сот процесінің ерекшіліктері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның, Орта және Алдңғы Азияның,
сондай-ақ, Еуропаның этникалық жән саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті.
Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне
монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі
және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен
таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен
байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақсан территориясында бірте-бірте патриархалды-
феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла
бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған
осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты (552-745
ж.ж.) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудің бір
бөлігін мекендеді. Түрік деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. Түрік
этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе
әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы
бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни патша шыққан
тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты
болып қалған тайпаларды да көршілері түрік деп атап кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери
істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім.
Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік
жүргізген кезінде көптеген көрші елдер Түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың
ортасы Орхон өзенінің жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған
6-ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді.
Түрік қағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта
түсті.
Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған
өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан
саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры
Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Шығыс
(Орталық Азия) және Батыс (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан) Түрік
қағанаты.
1. Негізгі бөлім.
Батыс Түрік қағандығы яки қағанаты Түрік қағандығының негізінде 603 жылы
құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Ол қағанаттың территориясы Жетісу мен
Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньнің батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатыр.
Қағанаттың орталығы Шу өзеніндегі Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші
басшысы қаған, жоғарғы әмірші және ірі әскер басы болды.
Батыс Түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі
қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық
бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-
ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Тан империясынан қорғау үшін күрескен.
Кезінде Батыс Түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ
халқының құрамына еніп кеткені мәлім.
Батыс Түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық
мемлекет – Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ
қағанаты өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың
орта ағысына дейінгң өңірге билік жүргізді.
Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан Батыс
Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі оғыз тайпалық
бірлестігі – Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлар) болды. Оғыз мемлекетінің
астанасы Сыр бойындағы Янкигент қаласы еді. Бұлар негізінен көшпелі
тайпалар саналған, сондай-ақ, отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені
алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларда мекен еткен.
Кейінірек қыпшақтың қысымына шыдай алмаған оғыздар Шығыс Еуропа мен Кіші
Азияға ығысып кетті.
Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті – Қарахан мемлекеті
(940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның
төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашғарға дейінгі өлкеде екі
ғасырға дейін билік жүргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан-ғайыр
аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық-әлеуметтік және
мәдени жағынан өрлеу болды.
Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен
қыпшақтар бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен
еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім.
Қыпшақ қоғамы ерте феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге
келді. Олар Ертіс өзенінен бастап, сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең
алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын
қыпшақтарды Еуропада кумандар, ал Ресейде половецтер деп атаған. Сонымен, 6-
7 ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңлылар, қарлұқтар,
шігілдер, тухсилер, ягмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар т.б. тайпалар
бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып
қаланды.

Ежелгі қалалары. Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан
территориясынан 6-10 ғасырлардағы жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың
көне жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және
рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр.
Қазақстан жеріндегі қалалардың тарихи дамуына тән бір құбылыс – мұнда
отырықшылық пен көшпенділік өзара тығыз байланысты болған. Дәлірек айтсақ,
көшпелі жұрт егіншілік және қолөнер кәсібімен айналысып, отырықшы қала
халқының қатарын көбейтсе, сонымен бір мезгілде оырықшы халық қайтадан мал
шаруашылығымен айналысып, көшпелі халықтың санын арттырып отырған.
6-10 ғасырлардағы қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және
қолөне кәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты өзара
байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Қалалар
феодалдық ордазамоктар жанынан салынып, бай-шонжарлардың резиденциясы
болған. Транзиттік сауда жолындағы керуен-сарайлар ретінде де қалалар
салынған. Ұлы Жібек жолының бойындағы Суяб пен Тараз қалалары осындай
қызмет атқарды.
Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық-саяси және мәдени
орталықтарының бірі Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай
кітапханалардың бірі болды. Бұл қала орта ғасырда ғана емес, тіпті есте жоқ
ежелгі дәуірде Тарбан атпен белгілі болды. Арабтар Отырарды кезінде Фараб
деп те атаған. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбент) 8-9 ғасырларда
пайда болды.
Тараз қаласы 7-ғасырда Ұлы Жібек жолындағы аса ірі мәдени
орталықтардың біріне айналды. Византия елшісі Земархтың түріктерге барғаны
туралы есебінде Тараз қаласы аталған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам)
қаласы болды. Ол 1629 жылы Сюань-цзянның жылнамасында ақ өзендегі қала
атымен алғаш рет аталады. Махмұд Қашғари былай дейді: Сайрам ақ қаланың
аты, ол – Испиджаб. Испиджабтан шыққан керуен Құмкент, Баба-Ата, Созақ
қалалары арқылы, Орталық Қазақстанның ұлан-ғайыр далаларына Кеңгір, Жезді,
Нұра, Ырғыз, Ертіс аңғарларына қарай бет алатын болған.
Қалалардың қаулап өсуіне байланысты 6-9 ғасырларда архитектура мен
қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Бертін келе 10-12 ғасырларда
құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазурь
бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды. Әсіресе Қарахан
әулеті билік етіп тұрған кезде Қазақстан территориясында архитектура,
сәулетшілік өнері, қолөнер мейлінше дамыды. Бұған Тараз маңындағы Бабаджа-
хатун (10-ғасыр) және 11-12 ғасырларда салынған Айша-бибі мавзолейлері т.б.
дәлел. Бұлар сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады.

Айша-Бибі күмбезі – 11-12 ғасырда салынған архитектуралық ескерткіш.
Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Головачевка селосында. Күмбезді салған
немесе салдырған кімдер екені жайлы атадан балаға қалған аңыз болмаса,
тарихи нақты дерек жоқ. Күмбез бізге жартылай бұзылған қалпында жеткен.
Құрылысының бастапқы жобасы мынадай: жалпы ауданы 7,23 м х 7,23 м;
диаметрі 86 см колонналары бар. Сыртқы беті тұтас оюланған. Әшекейлі
қабырғаларының қалыңдығы 80 см. Бұл ескерткіштен қазақ халқының атадан
балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратамыз.
Бұдан бұрынғы замандарда ою-өрнек әшекейлі кірпіштерден өріліп жасалса,
Айша-Бибі күмбезінде ол құйма-оюмен алмастырылған. Күмбез құрылысынан Темір
дәуіріндегі архитектурада үлкен орын алған портал-пештақ (кіреберіс қақпа)
нұсқасының көмескі жобасын көреміз. Сонымен бірге бұрыштарындағы жұмыр
тіректер мен сүйір аркалар – оны салушы шеберлердің Иран мәдениетімен,
архитектурасымен таныс екендігін көрсетеді. Қазақстанның архитектуралық
ескерткіштерінің негізгі бір ерекшелігі – төрт жағы бірдей, шаршы болып
келетін қасиет осы күмбез құрылысынан да байқалады. Айша-Бибі күмбезінің
құрылыс жүйесіндегі бір өзгешелік – қабырғасының ішкі беті кірпіштен,
сыртқы беті күйдірілген құйма балшықтан қаланған, кірпіш пен күйдірілген
құйма тастардың арасын әк қосылған балшықпен жымдастырып, арша ағашымен
ұстатқан. Ағаштар жер сілкінгенде қабырғаларын құлатпай ұстап тұруға
арналған. Бұрыштарына қойылған 4 тірек – аркалардың көлденең қысым күшін
ұстау үшін қосымша тіреу-жар (контрфорс) есебінде қойылған. Мұның барлығы –
готика стилінен бұрынғы тәжірибе. Бұл – скифтер заманынан бастап-ақ қазақ
халқының қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан дәстүр. Оюдың
ішкі түрлері де қазақтың ежелгі бай тәжірибелерінен туған. Бізге жеткен
қазіргі жұрнағында оюдың 20 түрі ғана сақталған. Қашаумен үңгіп жасалған
оюлар ерекше архитектуралық сипат, өзара байланыс тапқан. Оюдың байырғы осы
түрі – қазақ халқының еншісіне тиген ата мұра. Айша-Бибі ескерткішінен 11-
12 ғасырларда халық қолөнерінің өркендеген кезеңін және көне (антик)
дәуірдегі стильдерді қайта жаңғыртқанын көреміз. Бұл ою-үлгілер қазақ
халқының бүгінгі өнеріне де әсемдік беріп, оны байыта түсуде.

Бабаша Хатун мавзолейі – 10-11 ғасырларда салынған архитектуралық
ескерткіш. Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша-Бибі күмбезінің жанында.
Мавзолей тұтас қызыл кірпіштен салынған. Бабаша Хатун мавзолейінің
қабырғасы текшеге жақын тік бұрышты болып келген (6,80 х 6,78 м).
Қабырғасының 1,37 м биіктіктегі арқа иығынан сегіз қырға ауысатын
тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен (3,8 м биіктікте) ішкі еңсенің 16 қырлы
күмбез қалауы басталады. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстан жеріндегі көне
ескерткіштерден кездесіп отырады (Кесене, Жұбанана ескерткіштері).
Мавзолейдің 12 қырлы, конус формалы сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы
призманың үстіне орналасқан. Бірінің сыртынан бірі орнаған қос күмбез
ескерткіштің ұзақ уақыт сақталуына себепкер болған. Күмбез іргелерінің
аршамен құрсаулануы, ескерткіштің өзі тас тұғыр үстіне салынып, тақталардан
су ағарлар жасалуы сол тұстағы құрылыс өнері дәрежесінің жоғары болғандығын
көрсетеді.
Бабаша Хатун мавзолейінде архитектуралық детальдар шағын көлемде,
жеңіл жолдармен ұтымды пайдаланылған. Фасад қабырғаларының бетіне текшелер
(ниша) салынып, оларды өрнекті қима тастармен әшекейлеу, ызба қалау
әдісімен розеттер жасау – жеңіл детальдарды ұтымды пайдалана білгендікті
байқатады. Қос босағадағы осындай өрнекті текше үстінен күн бейнесі
жасалып, оның шапағы кірпішпен әсем көмкерілген. Бұл өзі күнге табынған
дәуірде өмір сүрген сәулетшінің қиялынан туған өрнек болса керек. Мавзолей
маңдайшасындағы жазудың әзірге анық оқылатыны – Бабажи хатун деген сөз.
Бұл жазулар грек архитектурасындағы метоп, триглиф ордерлеріне ұқсас
өрнекті кірпіштермен әшекейленген. Құрылысы жағынан одан өзгеше. Кірпішті
өрнектеп қалай білген сәулетші сына тастармен өріп қалау әдісіне көшкендігі
байқалады. Ежелден халық өнерінде пайдаланып келе жатқан ою-өрнектердің
түрлерін бойына сақтап, қазіргі заманға жеткен қос күмбезімен,
архитектуралық ықшамдылығымен көз тартқан Бабаша Хатун мавзолейінің қазақ
сәулет өнерінің тарихы үшін маңызы зор.

Наным-сенімдері, діни ұғымдары. Ежелгі түріктер негізінен қос күшке –
Көкке (оны Тәңірі деп те атаған) және Жерге (Жер-Суға) сыйынатын болғаны
тарихтан жақсы мәлім.
Қарапайым түріктер өздерінің қағандарын сол Көк-Тәңірінің әмірімен
билік жүргізіп отыр деп түсінген. Сонымен бірге, түріктер табынатын үшінші
күш болған. Ол – үйдегі от басы, бала-шағаны қорғаушы әйел тәңірісі Ұмай.
Ежелгі түріктер жерді, дүние кеңістігін төртбұрышты (төрт булуң)
деп ойлаған. Бұл төртбұрыш – ілгеру (күн шығыс), қурыйа (күн батыс),
берійе (күн ортасы немесе оңтүстік), йырайа (түн ортасы немесе
солтүстік) деп аталған.
Оғызнама эпосында Оғыз батыр жорыққа аттанғанда Көкжал бөрі, яғни
арлан қасқыр қағанның сан мың әскерін бастап, жол көрсетіп жүреді. Түріктер
арлан қасқырды киелі аң санап, оған арнап құрбандық шалатын болған.
Сонымен бірге, ежелгі түріктер иен даланы, орман-тоғайды, тау-тасты
т.б. күні-түні түрлі рухтар кезіп жүреді деп түсінген. Олардың адамдарға
деген қаһарын қайтарып отыру үшін жұрт сол рухтарғар тасаттық садақа беріп
отырды.
Жалпы, зороастризм ілімі бойынша, әлемдегі нәрсенің бәрі бір-біріне
қарама-қарсы тұрған екі топқа бөлінеді. Олар – бірі-қайытымдылық әлемі,
екіншісі-зұлымдық әлемі, бірі-сәулелі дүние, екіншісі-қараңғылық патшалығы.
Бұл екі күштің арасында үздіксіз күрес жүріп жатады.
Түріктер отты киелі құбылыс есептеген, оны пір тұтқан. Зұлымдық,
қараңғылық, жамандық әкелетін рухтарды отпен тазалап, аластайтын діни ғұрып
болған. Түрік қағанына келген Византия елшісі Зимархтың өзін, тіпті киім-
кешегіне дейін қалайша отпен аластағанын атақты тарихшы Менандр қызықты
етіп баяндаған деректер сақталған.
Ежелгі түріктер өлген адамды шаман рәсімі бойынша жерлеген. Дәлірек
айтсақ, биіктеу жерге киіз үй тігіп, өлікті алдымен сол үйге қойған. Сол
маңайға құрбандыққа келген малды байлаған. Өлген адамның жақындары жылап-
сықтап, бетін тілгілеп, шашын жұлып, өлік жатқан үйді жеті рет айналатын
болған. Көшпелі түріктер арасында ислам дінін зорлап тарату 8-ғасырда
басталған. Ал соған қарамастан қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтар
арасында Көкті, Күнді, Отты құдай тұтып, табиғат құбылыстарына сыйыну 10-12
ғасырларда да кеңінен орын алып келді. Көшпелі түріктер арасында исламды
бұл кезде интенсивті түрде насихаттап жатса да, халықтың едәуір бөлігі
шамандық дінді ұстанды. Бұл кезде қыпшақтар ата-баба рауағына сыйынып, тас
мүсіндерге табынатын еді. Кумандар немесе половецтер жұлдыздарғар
табынады, аспан әлеміне сенеді және астрологияны оқып-үйренуге бейім
тұрады - деп жазды араб саяхатшысы Абул Фида.
Ислам дінінің көбірек тараған жері Орта Азия мен Қазақстанның
оңтүстік аймақтары болды. Мұнда 10-12 ғасырларда мұсылман дінінің суфизм
немесе сопылық деп аталатын мистикалық ағымы тараған еді.

Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі. Енисей өзені аңғарынан құпия
жазу бар құлыптастар немесе ескерткіштер табылғаны туралы алғашқы хабарды
Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ, Сібірде айдауда жүрген швед офицері
Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмидт т.б. 18-ғасырдың
бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде рунь яғни руна деген сөз қазақша
аударғанда сыры ашылмаған, құпия деген мағына береді. Табберт-
Страленберг өзі тапқан құлыптастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып
келген, ешкім түсінбейтін хат жазуды өз елінің тілінде Руна жазуы деп
атаған еді.
Орыс География қоғамының Шығыс-Сибирь бөлімі 1889 жылы Монғолияға
арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М.
Ядринцев басқарып барып, Орхон өзені аңғарынан құпия жазуы бар үлкен-
үлкен екі ескерткіш тапты. Осы құлыптастардағы белгісіз жазулардың сырын
ашу үшін В.В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізді.
Бұл кезде Финляндия архиологиялық қоғамы да Енесей өзені бойына,
Минусинс қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.
Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс жзәне фин
ғалымдар жасаған экспедицмяларының жзұмыс қорытындысы туралы есептері
баспасөзде жарияланды. Ғалымдар ескерткіштердегі жазуларды суретке түсіріп,
атлас жасаған еді.
Алайда, бұл руна жазуының құпиясы көпке дейін ашылмай-ақ қойды.
Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла
бастады. Бұл жазудың түп-тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілер
де, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамал
жазудың сырын ғылыми негізде аша алмады.
Ақыры 1893 жылы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым
Академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсон ғылыми әлемді дүр сілкіндірген
мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған
ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-
ақ, ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді.
Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері Тәңірі және Түрік деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна
жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арадан көп уақыт өтпей-ақ
В.В.Радлов Орхон өзенінінің бойынан табылған үлкен тастардағы текстіні
толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты. Солтүстік Монғолиядағы Орхон
өзені бойынан Н.Н.Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік қағананытың 17-
ші қағаны Білге қаған мен оның інісі, даңқы әскери қолбасшы Күлтегін
қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазған ұзақ жыр жолдары
еді.
Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзені
бойынан табылды. Осыған орай, руна жазуының өзін бертін келе Орхон-Енисей
жазуы деп атап кетті. Ал бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны
көне түркі жазуы деп атай береді.
Орхон-Енисей жазба ескерткішін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және
ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсон, Ю.Нимед, Х.Н.Оркун,
т.б. орыс және шет ел ғалымдары қыруар мол үлес қосты.
Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер, әсіресе, Күлтегін, Білге
қаған және Тоныкөк ескерткішіне көбірек назар аударды. Бұларды бірнеше
европа тілдеріне, орыс тіліне, қазіргі түркі тілдеріне тәржіма жасады.
Өйткені, бұл жәдігерліктер – түркі тектес ежелгі ру-тайпалардың рухани
өмірін бейнелеген көркем әдебиет туындылары болып табылады. Осы аталған 3
әдеби ескерткіштерді бүгінгі әдебиеттану ғылыми тұрғысынан зерттеуде совет
ғалымы И.В.Стеблева еңбегінің аса жемісті болғанын атап көрсетуге болады.
Ол тұңғыш рет көне түркі тіліндегі жырлардың поэтикасын, өлең құрылысын,
ұйқасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын т.б. теориялық тұрғыдан
зерттеп, бұл жайында бұрын-соңды айтылған түрлі болжам-пікірлерді белгілі
бір ғылыми жүйеге келтірді. Әсірес, оның ежелгі түрік сөз зергерлерінің
образ жасау әдістері, әдеби-эстетикалық байыптаулары, көріктеу құралдары,
тарихи шындық пен көркем шындық жайында концепциялары туралы айтқан ой-
пікірлері бүкіл әдебиеттану ғылымына жаңадан қосылған сүбелі үлес болды.

Орхон жазбалары және тарихи шындық. Орхон өзенінің бойынан табылған
бұл ескерткіштер текстінде Түрік қағанатының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу
дәуірі мен күйреу кезеңі жайында бірқатар тарихи деректер бар. Сол үшін
тарихшылар руна жазуындағы мәліметтерді өз еңбектерінде кеңінен пайдаланып
келеді. Алайда, тасқа қашап жазылған бұл жәдігерліктер жылнама шежіре емес.
Автор сол кездің аса маңызды тарихи оқиғаларын шетінен тізіп жазуды өзіне
мақсат етіп қойған емес. Мұны сол дәуірдің тарихи шындығы мен ескерткіштер
текстін өзара салыстыра отырып аңғаруға болады.
Міне, сондықтан да Қазақ ССР тарихының жаңа басылымында Орхон
ескерткіштерін тарихи дегеннен гөрі эпикалық дәстүр деп атауға болар еді.
Одан әрі сол ырғаққа екінші Түрік қағанатының құрылуына байланысты оқиғалар
баяндалып, Білге қаған мен Күлтегін ерлігі айтылады... Көркемдік
тәсілдердің алуан түрінің, тұрақты сөз тіркестері мен тұжырымды нақыл
сөздердің қолданылуы ресми баяндауды эмоциялық жағынан әплендіріп, оның
оның стилін құлыптыра түседі деп көрметіледі.
Демек, Білге қаған мен Күлтегін, Тоныкөк құрметіне қойылған
тастардағы жазу 6-8 ғасырлардағы түріктердің поэзиясы, солардың алғашқы
әдебиет үлгілері шешендік өнердің және батырдың ерлігі жайындағы талай
ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дәстүрлі формаларын
сақтаған көркем туынды болып табылады.
Ал, жылнама-шежірелерде бұл кездегі оқиғалар егжей-тегжейлі
сақталған. Түріктер бұрын жужан қағанатына бағынышты, вассал болатын. Түрік
тайпаларының көсемдерінің бірі Бумын жужан қағанатына вассалдықтан құтылу
үшін оған қарсы соғыс ашпақ болды. Түріктер соғысқа сылтау іздеді. Бүмын
сонда жүжан ханы Анахуанға қызыңды маған әйелдікке бер деп талап қояды.
Бұл жужан ханның намысына тиді. Өйткені бұл дала дәстүрі бойынша, ханның
қызын алу – ханмен теңесу, терезесі тең болу деген сөз еді. Сонда авар
ханы: Менің қайдағы бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Түрік орыс қарым-қатынастары және Қаратеңіз күресі
Ресей мен Түркия келісімшарттары
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Пәндер