Онтология – болмыс туралы ілім


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

I. Онтология

«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «ontos» - болмыс, «logos» - ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда «болу» деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы «болмыс» болып табылады.

Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: «Қоршаған орта нені білдіреді?», «Оның шығу тегі қалай?», «Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?».

Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттілігіне күмән келтіріп, ортодоксальды ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Әлдебір бір құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған ахуалды тоқтатуда олардың үстемдігі мен құдіретіне күмән келтіретін әлеуметтік катаклизмдер мен әлеуметтік сілкіністер тұсында ортодокстар арасында скепсис күшейе түседі. Қорғаны құдайлар мен қалыптасған нормалар болған өмірлік тіреуден айырылу, тұрақтылығына ғасырлар бойы адамдар сеніп келген этикалық құндылықтардың салыстырмалығы мен субъективтілігі сенімсіздік пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы көзқарастардың жойылуына әкеледі.

Қалыптасқан экзистенциалды тығырықтан шығу жолын болмысты рационалды түрде негіздей отырып, оның шынайылығына сенімділік білдіретін философия көрсетеді. Болмысты рационалды негіздей отырып, философия осыған дейін өмір сүріп келген мифтік-діни тәжірибеге философиялық рефлексия жасай отырып, дүниетанымдық мәселелермен айналысады. Осы уақытқа дейін пайымдалмай келген болмыс осы жерде орны бар мәнділік ретінде зерделене бастайды. Болмыс мәселесі - бұл өз бастауын адамзат баласының қоршаған орта туралы діни иллюзиялардан (сағымдардан) бас тартқан кезінен алынатын философиялық рефлексиялардың бірі. Философияның қалыптасқан кезінен бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық-мистикалық көзқарас шеңберінен шығып, оның мәнділігіне алғаш рет үңіле бастайды. Дамыған теориялық рефлексия арқасында адам нақты әлем туралы, өзі туралы, өзінің нақты жағдайы мен мақсаты, өзінің әлемдегі нақты рационалдық үстемдігінің мүмкіндігі мен шектері туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады.

Философия арқасында адам өз құдіретінің жаңа формасына ие болады. Бұл көзқарас бастапқыда адамға қуанышты әсер етті, кейінірек әлемге деген астамшыл қатынасты қалыптастыра, ал ХХ ғасырдың соңына қарай адам ол қатынасын жоғалтып, негативті бағалауға көшті. Бірақ бұның келешегіне қарамастан, бастапқыдағы ақыл-ой құдіретіне деген сенім мен сүйеніш адамға рухани еркіндік пен белсенді әрекет сыйлады. әлемге деген мұндай белсенді әрекеттік және рационалды қатынас болмыстағы белгілі бір тұрақты және қажетті нақтылық туралы ойға бүтіндей негізделді. Бұл ой әлемде белгілі бір заңдылықтың, тәртіптілік пен үйлесімділіктің бар екендігі туралы идеямен тығыз байланысты болды және философияның көмегімен негізделді. Ал адамның тұрақты және реттілікпен өмір сүруіне кепілдік беретіндей нәрсе, әрине, ақыл-ой болып табылады.

Әлем мен Адам тұрақтылығының кепілі өз-өзіне жеткілікті және универсалды абсолюттік ақыл-ой болып табылады. Бұл абсолюттік ақыл-ой әлемдегі тұрақтылықтың, тіреудің және реттіліктің негізі ретінде абсолюттік болмыстың бар екендігін айғақтайды. Осы болмысты зерде арқылы пайымдауға мүмкіндік беретіндей абсолюттік ақыл-ой Тұтастық пен Универсалдылықтың кепілі бола алады. Ал ойдағы болмыстың өзі тұтас және ажырамас, нағыз және мәнділік ретінде қалыптасады. Бірақ осындай сипаттамасыз болмыс та, ақыл-ойдың өзі де жоқ. Абсолюттік ақыл-ой ретіндегі философияның өзі барлық жалпылық туралы рефлексия, Әлем мен Адам, олардың арақатынастарына абстракциялық деңгейде рефлексия жасау. Міне, дәл осындай негіз ақыл-ойды құрылымдауға (конструирование) мүмкіндік береді, яғни болмыс туралы тек оған деген ойша көзқарас арқылы пайымдауға жағдай жасайды. Болмыстың бар екендігі туралы тек рефлексия арқылы, ол туралы абстракциялық ой-толғау арқылы ғана көз жеткізуге болады. Егер абсолюттік ақыл-ой болса, онда ой арқылы болмыстың өзін жете игеруге және ол туралы түйіндер жасауға болады. Болмыс туралы абстракциялық-пайымдық көзқарас оның уақыттан, сезімнен тыс екендігі, оның жойылмайтындығы туралы шарттармен толықтырылады және оны тек зерделеу тәсілімен, яғни философиялық рефлексиямен ғана игеруге болады. Демек, болмысты игеру барлық жалпылық деңгейінде мүмкін болады. Және адам осы философиялық рефлексиялау қабілеті арқылы осы барлық жалпылықты мойындағандықтан, бұл таза ақыл ретінде адамның әлем туралы көзқарасына оның реттілігі, заңдылығы мен қажеттігі туралы идеяны қосады. Құдайдық құдіретіне күмән келтірген адамдардың ең бастапқыдағы азапты ізденістері, осы абсолюттік бастау идеяларымен байланыстылығы бекерден-бекер болмаса керек. олар бұл өзіндік универсалдылыққа өзін-өзі саналы түрде сезіну арқылы, субъективтілікке ие болу арқылы жетті, ал оны бірегейлендіру таза ақыл болып табылады. Ақыл-ойдың болуы мен оның болмысына деген сенімділікке ие болу адамға өзінің болмысында және әлем болмысында рухани күш-жігер береді және өзін, санасын және қоршаған ортаны өзгертуге, әрекет етуіне жағдай жасайды.

Ал өз ойы мен жоспарын, сыртқы құрылымды өзгертудегі өз әрекеті мен актін жүзеге асыру үшін адам әлемге деген көзқарас тәсілі бейнеленетін және ондағы адам болмысы анықталатын философиялық онтологияны дайындап шығаруы тиіс. Әлемдегі адам болмысының тәсілі және әлемге қатынас типіндегі оның бейнелену тәсілі онтология болып табылады және одан бүкіл адам әлемі туындайды. Демек, әлемдегі Адамның позициясы көбіне социомәдени нақтылықты, яғни Адам әлемін пайымдау мен қалыптастыруға мүмкіндік береді.

II. Болмыстың негізгі түрлері

Тұтас дүние өзінің ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды. Аталған әрбір құбылыстың өзіндік даралық мәні бар дейтін болсақ, онда тұтас дүниені мәндердің мәндісі деп қарау орынды. Дүниені құрайтын әрбір даралықтың, құбылыстың тек өзіне тән, өзін басқа емес, дәл осының өзі етіп тұрғанын анықтаушы ерекшелігі бар. Осы анықтаушы ол құбылыстың дара болмысының мәні болып табылады. Дара болмысты мойындай отырып, оларды жинақтап қарау, ортақ белгілері мен қасиеттерін іздестіру арқылы болмысты түрлерге топтастыру таным мен өмірлік практика үшін мейлінше қажет.

Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін - ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені - түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.

Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырма тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:

1) табиғат болмысы мен заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;

2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;

3) рухани (идеалық) болмыс.

1. Табиғат болмысы .

Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы табиғи ортаның, қажетті алғышарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі. Басқаша айтқанда, тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған табиғи ортаны танып білу, игеру барысында адам дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналды. Бұрын табиғатта дәл сондай дайын күйінде болмаған, адамдар өз қолы мен ақыл-ой күші арқылы жасап шығарған, өндірген жаңа заттар мен процестердің, жағдайлардың тұтас дүниесі пайда болды. Ғылымда мұны «екінші табиғат» деп те атайды.

Табиғат адам атаулы пайда болғанға дейін болды, өмір сүрді. Адам мен оның санасы пайда болғаннан кейін де ол өз болмысының тәуелсіздігін сақтайды. Әлбетте, табиғатты, оның заттарын, процестерін, құбылыстарын, өзгеріске түсу және даму заңдылықтарын санасына қабылдап, ой елегінен өткізуші, айтушы - адамдар. Табиғаттың өзінен тәуелсіз, санасынан тысқары, дербес өмір сүретінін, оның өзінен көп бұрын пайда болғанын толық мойындап, сенімді тұжырым жасаған да - адамдар. Бұл тұжырымға олар бүкіладамзаттық әлеуметтік-тарихи тәжірибе негізінде, өмірлік фактілерді саралау, ғылыми зерттеулер мен жүйелі дәлелдемелер нәтижесінде келді.

Сөйтіп, болмыстың негізгі әрі айрықша түрі есебіндегі төл табиғаттың, яғни бірінші табиғаттың басты ерекшелігі - оның адамнан бұрын пайда болып, адам санасынан үнемі тыс әрі одан мүлде тәуелсіз өмір сүре алатындығы болып табылады. Табиғат тұтас алғанда кеңістік пен уақыт тұрғысынан шексіз - ол әрқашан және қайда болса да болған, бар және бола береді. Бұл табиғаттың жекелеген нақты заттарына, процестеріне, құбылыстары мен жайкүйлеріне тән емес, бірегей ерекшелік. өткені, олар нақты бір жерде өмір сүреді, бар болып табылады, екінші бір кезде олар жоқ, өмір сүрмейді: олар бірде бар, енді бірде жоқ, бір кезде пайда болады, тағы бір кезде дәл сол күйіндегі өмір сүруін тоқтатады. Жерге түскен ұрықтан немесе тамырдан ағаш көктеп шығады, толысып өседі, мезгілі келгенде қурап қалуы мүмкін, т. б. Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жай-күйлерінің болмысы өткінші, өтпелі. Олардың болмысы не болмыссыздығы ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың болмысы - сақталатын да, жоғалатын да болмыс. Гераклит пен Гекгель сияқты ойшылдар өтпелі, ауыспалы заттар айқын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін саралай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен. Мәселен, әр адам дүниеге үлкен үміт, асқақ арманмен келеді. Қоғамдық қатынастарға араласып, тіршілік жасайды, өмірдің аща-тұщысын татады, шама-шарқынша із қалдырады. Сөйтіп жүргенде қас қағым сәттей болып бұл жарқын дүниеден өтіп кеткенін білмей де қалады. Үлкендердің «сағым дүние, жалған дүние» деп ой толғап отыратындығы да сондықтан. өйткені заттың болмысы оның болмыссыздығына орын босатады. «Аумалы-төкпелі дүние» деген ұғым, бір жағынан осыны білдірсе керек. алайда мұның бәрі тұтасынан алғандағы табиғат болмысының тоқталуын білдірмейді. Жоғарыдағы мысалдырда көрсетілгендей, зат қиратылады, адам өледі, бірақ олар дүние болмысынң тұтастығынан жоғалып кеткен жоқ, олар болмыстың басқаша материалдық жай-күйіне ауысып кетті. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік тұтастық ретіндегі дүниесінің тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.

Төл табиғат сонымен қатар ерекше тұрпатты ақиқат болып табылады. Толассыз да шексіз табиғат тасқынында адам, санасымен қоса алғанда, біртұтас болмыстың ұшы-қиырсыз желісіндегі ең кеш пайда болған буындардың бірі ғана. Табиғат үшін өмір сүру, «болу» - адам санасымен (немесе қандай бір ақыл иесімен) қабылданатын құбылыс болу дегенді әсте білдірмейді. Әлем дүниесінің шексіз зор кеңістіктері адам пайда болғанға дейін ешкімнің санасымен ешқашан қабылданған емес. Бүгінгі таңда да адам табиғат дүниесінің барлық қатпарын санасымен түгел қабылдап, игере алатын қабілетке жеткен жоқ. Ол мүмкін де емес. Адам тіпті ой-ұиялмен шарласа да күллі толассыздық пен шексіздіктегі табиғат құбылыстарын қамти алмайды.

Табиғат - объективті шындық, ол алғашқы, онсыз адамзаттың өмірі мен қызметі де мүмкін емес. Табиғатсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер, яғни «екінші табиғат» та пайда болмас еді.

Шынында да, бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көпшілігі - адамның табиғат дүниесін өзгертуінің нәтижесі. «Екінші табиғат» қатаң түрде біріншісіне, шынайы, төл табиғатқа тәуелді және соның туындысы. Болмысының тұрпаты жағынан адам жасаған заттар мен құбылыстар табиғат дүниесіне ұқсас, олардың ортақ қасиеттері мен даму, өзгеру заңдылықтары айтарлықтай жеткілікті. Дегенмен, «екінші табиғаттың» өзіндік мәнді ерекшеліктері де бар. Жасанды табиғат дүниесінің төл табиғаттан бірінші айырмашылығы - оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеуі. Екіншіден, «екінші табиғат» дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылады. Үшіншіден «екінші табиғат» бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-мүдделерінен туындайды. Яғни «екінші табиғат» болмысы - табиғи - рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтыны нақтылы ақиқат. Ол мәні жөнінен әлеуметтік-тарихи сипатқа ие, адамзат қоғамының құрамдас бөлігі, төл табиғат пен қоғамды жалғастырушы басты дәнекер.

2. Адам болмысы .

Бұл болмыстың да табиғаттың көшпелі заттармен ортақ болып келетін маңызды өмір сүру белгілері бар. Бұл тұрғыдан алғанда адамды заттардың арасында зат, денелердің арасында дене деп қараудың еш себептігі жоқ. Кезінде кейбір материалистер мен жаратылыстанушылардың да осындай пікірде болғаны белгілі. Тек ескертетін жай, бұл көзқарас адамды «затқа», «объектіге» теңестірушілікке, оны қалай болса солай қуыршаққа айналдырғысы келген, адамгершілікке кереғар пиғылдан аулақ болса ғана өзін ақтамақ. Бірақ болмыс туралы жалпы философиялық ілім үшін ең алдымен адам қалай өмір сүреді деген сұрақ төңірегінде ойлану әлдеқайда маңызды. Адам ең әуелі тіршілік иесі, нақты кісі ретінде, былайша айтқанда, «сүек пен еттен жаралған пенде» есебінде өмір сүреді. Оның тәні, денесі - табиғаттың бөлшегі. Ол дүниеге келеді, тіршілік иесі есебінде іс-әрекет жасайды, мезгілі жеткенде өледі. Адам өмірі шектеулі, ол, өйткені, болмыс иесі. Табиғаттың бөлшегі ретінде адамның бүкіл тіршілік әрекеті оның заңдылықтарын бұзбайды. Оған тамақтану, киім-кешек, жай-күйі үшін өзіне жағдай жасау, ыстық-суықтан қорғану, табиғаттың түрлі өмірге қауіпті күштерінен сақтану, т. б., қысқасы, тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, ол табиғи түрде тұқым қуалаушылық заңдарына бағына отырып, жаңа ұрпақтың өсіп өрлеуіне себепкер болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтология мәселелері
Болмыс формалары
Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы
Онтология. Болмыс және сана ұғымдары
Философия пәні
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Əлеуметтік болмыс
Мартин Хайдеггер өмірбаяны
Болмыс ілімнің онтологиясы
Онтология ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz