Жалпы қылмыс туралы түсінік



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Жалпы қылмыс туралы түсінік
1.1 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
1.2 Қылмыс құрамы, түсінігі
ІІ Тарау
2.Қылмыстың объектісі және объективтік жағы
2.1 Қылмыстың объектісі және объективтік жағының ұғымы және оның қылмыстық.құқықтық мағынасы
2.2 Қоғамға қауіпті іс.әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)
2.3 Қоғамдық қауіпті зардап
2.4 Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы арасындағы себепті байланыс
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексі қылмыстылықпен күрес бойынша жаңа нормативтік базаның қалыптасуында маңызды бір белес болды. Ол бұрынғы кеңестік кезеңдегі кодекстерден барынша ерекшеленді, ең бастысы идеологиялық қасаңдықтардан және қылмыстылық пен жаза проблемаларын шешу барысында таптық көзқарас, бір жақты ұстанымдардан арылды.
Таяуда онүшжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды [1].
Жаза институты бұрында қолданыста болып келген Казақстан Республикасының 1959 жылғы Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда мейлінше көп өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, жаза институтының барлық проблемаларына арналған баптардың редакциясының көпшілігі дерлік мүлде жаңаша түзілді.
Қоғам өмірінің үрдіс дамуы, замана көшінің адымдап алға озуы соған сәйкес әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайға жылдам бейімделіп, осы салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің де дер кезінде өзгертіліп отыруы міндет. Азаматтық-кұқықтық қатынастарды реттейтін заңдарды жетілдіру талап етіледі.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған. "Казақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасында" атап көрсетілгендей:
"Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастылығын тану негізге алынуы тиіс.
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық құқықтың мынадай принциптері бұлжымай сақтала отырып жүргізілуі тиіс:
- мәні қылмыстық құқық тұрғысында іс қимылдың қылмыстылығы мен жазалылығы тек қылмыстық заңмен айқындалуы тиіс екендігіне саятын заңдылық;
- қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бірдей екендігін білдіретін заң мен сот алдындағы азаматтар теңдігі;
- адам тек өзінің кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеттері мен одан туындаған қоғамдық қауіпті салдарлар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын айқындайтын кінәлі жауапкершілігі;
1. “ Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері.”Аторы : Ғ. Сапарғалиев Алматы, 1998 бет 124- 128
2. “ Құқық негіздері Авторы : С. Баққұлов Алматы, 2004 бет 156 -162
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – 174 б.
4. Қазақстан Республикасы Президенті. 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 жарлығы: Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 2002. – 25 қыркүйек.
5. Уалиханов Ш. Билер соты туралы. Толық шығармалар жинағы. –Алматы, 1960. - 191б.
6. Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. – СПб., 1898. -Т.2. - 642 с.
7. Изразцов Н. Обычное право /адат/ Семиречинской области // Этнографическое обозрение. – СПб., 1897. - №4. – С.14.
8. Белогриц-Котлеровский А.С. Сергиевский Н.Д., Фойницкий И.Е. Краткий курс уголовного права.-Киев: 1908.- С.240
9. Есипов В.В. Очерк русского уголовного права.-СПб.: 1898.-С.288
10. Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Часть общая. Т.2= Тула: 2001.- С.189
11. Владимиров Л.Е. Русское уголовное право. Ч.1 –М.: 1908- С.167
12. Памятник русского права. Т.4. Вып.1.- М.: 1952.- С.260
13. Дриль Д.А. Уголовное право. –СПб.:1908 .- С.178
14. Таганцев Н.С. Уложение о наказаниях уголовных и исправительных 1885 г.- СПб.: 1912.- С.108
15. Тадевосян З.А. Штраф как мера наказание Ереван: 1978.- С.9.
16. Швеков Г.Н. Первый уголовный кодекс. Изд-во 2Высшая школа».- М.: 1970.- С.49
17. Шоргородский М.Д. Наказание в Советском уголовном праве.-М.: 1952.- С.56.
18. Герцонзон А.А. Губернские революционные трибуналы, народные суды и товарищеские суды в 1918-1920гг.//Советское государство. 1033, №6-С.61,65
19. Эстрин А.Я. Развитие Советской уголовной политики.-М.:1934.-С.36 законодательство.-М.:1933.-С.162

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Жалпы қылмыс туралы түсінік

1 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

1.2 Қылмыс құрамы, түсінігі

ІІ Тарау

2.Қылмыстың объектісі және объективтік жағы

2.1 Қылмыстың объектісі және объективтік жағының ұғымы және оның қылмыстық-
құқықтық мағынасы
2.2 Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)
2.3 Қоғамдық қауіпті зардап
2.4 Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы
арасындағы себепті байланыс

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
Қылмыстық кодексі қылмыстылықпен күрес бойынша жаңа нормативтік базаның
қалыптасуында маңызды бір белес болды. Ол бұрынғы кеңестік кезеңдегі
кодекстерден барынша ерекшеленді, ең бастысы идеологиялық қасаңдықтардан
және қылмыстылық пен жаза проблемаларын шешу барысында таптық көзқарас, бір
жақты ұстанымдардан арылды.
Таяуда онүшжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және
құқықтық мемлекет деп жарияланды [1].
Жаза институты бұрында қолданыста болып келген Казақстан
Республикасының 1959 жылғы Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда мейлінше көп
өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, жаза институтының барлық
проблемаларына арналған баптардың редакциясының көпшілігі дерлік мүлде
жаңаша түзілді.
Қоғам өмірінің үрдіс дамуы, замана көшінің адымдап алға озуы соған
сәйкес әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайға жылдам бейімделіп, осы
салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің де дер
кезінде өзгертіліп отыруы міндет. Азаматтық-кұқықтық қатынастарды реттейтін
заңдарды жетілдіру талап етіледі.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20
қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған. "Казақстан Республикасының
Құқықтық саясат Тұжырымдамасында" атап көрсетілгендей:
"Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар
ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастылығын
тану негізге алынуы тиіс.
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық құқықтың мынадай принциптері
бұлжымай сақтала отырып жүргізілуі тиіс:
- мәні қылмыстық құқық тұрғысында іс қимылдың қылмыстылығы мен
жазалылығы тек қылмыстық заңмен айқындалуы тиіс екендігіне саятын заңдылық;
- қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе кез
келген басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бірдей екендігін
білдіретін заң мен сот алдындағы азаматтар теңдігі;
- адам тек өзінің кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеттері мен
одан туындаған қоғамдық қауіпті салдарлар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа
тартылатынын айқындайтын кінәлі жауапкершілігі;
- қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, қылмыстының
жеке басының, жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын
жағдайларды ескере отырып, соттардың әділ жаза белгілеуі тиіс екендігін
білдіретін әділеттілік;
- заңды қолдану кезінде қылмыс жасаған адамдарға азаптауды, қорлауды
болдырмайтын ізгілікгі қарауды және оларға қатысты қылмыстық жауаптылық пен
жазадан босату үшін заңды негіз болмаған жағдайда ғана қолданылатын, ал
қарастырылғандар арасынан жасаған қылмысы үшін жазаның барынша қатаң түрі
егер қатаңдығы біршама төмен түрі жаза мақсатына қол жеткізе алмаған
жағдайда ғана тағайындалатынын білдіретін қылмыстық жазалаудың ізгілігі мен
үнемділігі;
- қылмыстың жасалуына кінәлі әрбір адамның, заңмен тікелей көзделген
(дипломатиялық және басқа иммунитеттер, көтермелеу қылмыстық - құқықтық
нормалар және т.б.) жағдайлар болмаса, қылмыстық жауаптылыққа және
жазалауға немесе қылмыстық заңда көзделген ықпал етудің басқа шараларына
тартылатынын білдіретін қылмыстық жауаптылық пен жазаның бұлтартпастығы;
- жәбірленушілердің, соның ішінде мемлекеттің де құқықтарын бірдей
қорғау " [2].
Жаңа қылмыстық кодекс бұрынғы заңдармен салыстырғанда санкцияда айыппұл
түріндегі қылмыстық- құқықтық нормалардың санын едәуір арттыруды көздеді.
Бірақ та, 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде айыппұл
жазаның басқа да түрлерімен бірге балама түрде кеңінен қарастырылғанмен,
сот тәжірибесі көрсеткеніндей жалпылай алғанда жазаның осы түрін қолдану
жағдайлары көп емес. Соттар сотталушыға қосымша жаза түрі ретінде айыппұлды
мүлдем тағайындамайды десе де болады. Яғни, 1997 жылғы Қылмыстық кодекс
жаза шарасының бас бостандығынан айыру түріндегі аса кең баламалық түрін
көздегенмен, сот тәжірибесі бұрынғыдай бас бостандығынан айыруға басымдық
бере отырып, бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаларды кеңірек
қолдануға байланысты қалыптасып жатқан тарихи тенденцияны ескермеуде.
Мұндай жағдай қылмыстылықпен күресудің қазіргі қажеттілігіне сәйкес
келеді деп айта алмаймыз. Тәжірибе керсеткеніндей түзеу мекемелеріне
орналастыру қоғамға қаупі зор, қылмыстылықты тежейтін даусыз фактор бола
тұрса да, қазіргі кезде мұндай тежеудің тиімділігі онша әсер етпеуде.
Жазаны колонияда немесе түрмеде өтеу - қылмыс жасаған адамдарға да,
сондай–ақ толықтай алғанда бүкіл қоғамға да әсер етеді. Аталған мекеме
қалыптасқан қылмыстық әдеттерді одан әрі жетілдіре түсетін өзіндік “мектеп”
болып танылады, осы мекемеден босап шыққаннан кейін оңалту және бейімдеу
жүйесінің болмауы олардың қоғамға қайта оралуына өкінішке орай
жәрдемдеспейді.
Шет елдік мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ- тың , Финляндияның және
Германияның тәжірибесі көрсеткеніндей, бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаның нәтижелілігі ең жақсы деген жағдайдың өзінде болмашы болса да, оған
өз кезегінде барынша көп мөлшердегі материалды және материалды емес
шығындар жұмсалады.
Криминологтардың зерттеулері көрсеткеніндей, қамауға алынғандардың
санының артуы, өлім жазасын қолдану тәжірибесі, санкцияны қолдану саясатын
елеулі қатайту қылмыстылықтың деңгейін төмендетпек тұрмақ, оны белгілі бір
шектерде ұстап та тұра алмауда [3, с.2].
Қазақстанның криминалдық жағдайы әлі күнге дейін қиын жағдайда,
жасалынып жатқан қылмыстардың саны жылдан жылға кемігенмен де,
қылмыстылықтың қауіптілігі және кәсібилігі артып, елде сыбайлас жемқорлық
және ұйымдасқан қылмыстылық өрістеуде. Бірақ бұл фактілерден бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау белгілі бір деңгейде елдегі
жағдайды жақсартады деп түсінбеу керек. Статистикалық мәліметтер
көрсеткеніндей, анықталған қылмыскерлердің көпшілігі (49,4%) бұрын сотты
болмаған, яғни қылмыстының жаңа қылмыстарды туындата отырып, жаңадан
адамдарды оларды жасауға тартуда [4, с.21].
Осы жағымсыз нәрселерді болдырмау үшін еліміздің қылмыстық саясаты
өзгеруі тиіс. Колонияларда және түрмелерде ауыр және аса ауыр қылмыстар
жасап сотталған адамдар және соттылығы алынбаған немесе соттылығы
жойылмаған адамдар ғана қоғамнан оқшауланып отыруы керек. Қалған санаттағы
қылмыстарды жасаған адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес
басқа да жаза түрі тағайындалуы қажет, соның ішінде айыппұлды қолдануды
кеңейту есебінен жүргізілуі тиіс. Айыппұл түріндегі жазаны кеңінен қолдану
жазаның неғұрлым қатал түрлерін қолдануды азайту барысында сазайын тарттыру
құралдарын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Сотталғандардарды түзеу мекемесінде
ұстау қымбатқа түседі, ал айыппұлды тағайындау барысында мемлекет аталған
қаржыны үнемдейді және бюджетке қосымша миллиардтаған теңгелерді түсіреді.
Қазіргі жағдайларда қылмыстық саясаттың маңызды бағыттарының бірі-
қылмыстық репресияны үнемдеу болып табылатындықтан, айыппұл жазаның
неғұрлым тиімді түрлерінің бірі болып табылады. Сотталушыға мүліктік әсер
ету арқылы, жаза мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді - яғни әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіріп, сотталған адамды түзеп және жаңа
қылмыстарды жасаудан сақтандырады.
Бүгінгі таңда заң шығарушы тарапынан айыппұлды неғұрлым кеңінен
тағайындау үшін жағдайлар жасалынған және қазіргі қажеттіліктер ескерілген.
Заңында айыппұл түріндегі жазаны қарастыратын санкциялардың мөлшері
едәуір арттырылған, нақтырақ айтқанда, меншікке қарсы қылмыстар - 489% ден
88,2% экономика қызметі саласындағы қылмыстар үшін –58,9% ден 93,3% дейін,
экологиялық қылмыстар үшін- 61,1% ден 75% дейін және т.б. өсірілген,
сондықтан да қазіргі кезде қылмыстық репресияны үнемдеу идеясын жүзеге
асырудың негізгі субъектісі болып құқық қолданушы танылуы тиіс, оның
қызметі айыппұлды негізгі де қосымша жаза ретінде тағайындауды кеңейту
бағытында бағытталуы қажет.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы бас бостандығынан айырылып
сотталынғандардың саны бойынша жетекші елдердің қатарынан көрінуге алпынып
келе жатқан қазіргі Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесі үшін осы жұмыстың
ерекше өзекті екендігін көрсетуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстың объективтілігі жағын зерттеу.

І Тарау Жалпы қылмыс туралы түсінік

1.1 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Мемлекет өз азаматтарынан Конституциядя көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық
жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішінде ең қатал түрі
қылмыстық жауаптылық болып табылады да, ал оған дәйекті түрдегі негіздер
болуы керек.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары
қызыметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып, азаматты жауапқа
тарту үшін қылмыстық құрамының барлық белгілері болуын талап етеді.
Қылмыстың құрамдары – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік
жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа
бөлінеді:
1. Қылмыстық объектісі;
2. қылмыстың объектісі және объективтік жағы;
1. қылмыстың субъектісі;
2. қылмыстың субъективтік жағы;
1. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де
қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар
болыуы мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам
және оның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот
төрелігі, әскери қызмет.
2. Қылмыстың объектісі және объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы
көрінісіне жататын белгісі:
- қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі;
- әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже;
- әрекат пен әрекетсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті
байланыс.
3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16
жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру,зорлау,
адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып тартып алу т.б)
Қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылада.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті
әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық
ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-
әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған
немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді
ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды
пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған қылмыс үшін адам қылмыстық
жауаптылықтан босатылмайды.

3. Қылмыстың субъективтік жағы- бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-
әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге
психикалық қатынасы. Қалмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік
жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнінб мазмұнын
білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнының заңдылық белгілері:
Кінә, қылмыстықниет,мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс
істеген , яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде
орын алған ішкі өзгерістерді , оның санасы мен еркінің өзара байланысын
бейнелеп береді.
Кінә - бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін
қоғамға қауіпті ісөәрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген
Көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуыөобъективті ақиқат.
Қылмыс субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған
дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кінә екі түрлі болады: қасақаналық және
абайсыздық. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет- қасақана
менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған
қылмыс деп танылады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның
құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
Біріншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық
қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың
істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында
пайда болады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қортып ,
тыйым салынған іс - әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық
қатынастар реттеледі.

Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы
азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан
қорғануына байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Кез келген заң бұзылушылық мінез – қылық қоршаған ортаға,
қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегенміз –
қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс.Жасалған қылмыс үшін ең алдымен
қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген
әлеуметтік топтың адамдарынан: қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен
ауру, кедей мен бай, қазақтар орыстар тағы басқалар болуы мүмкін.

Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі,
ол заң тыйым салған, заңмен жазаланатын, әрекетті немесе әрекетсіз
өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып кездеседі.

Қылмыстық әрекет қоғамдық қауіпсіздік жағдайына қарай онша
ауыр емес қылмыс, орташа ауыр, ауыр және ерекше ауыр қылмыс түрлері
болып бөлінеді. Онша ауыр емес қылмыс үшін жаза - 5жыл және одан
да жоғары мерзім. Ауыр қылмыстың жазасы- 12жылға дейін мерзім. Ал
ерекше ауыр қылмыстың жазасы – 12жылдан артық мерзім немесе өлім
жазасы. Қылмыс адамның өміріне, денсаулығына, ар- ұжданы мен қадір -
қасиетіне, дүние- мүлкіне зиян келтіреді. Қылмыс мемлекетке қарсы да
жасалады. Қайғы – қасіретті жағдайлар нәтижесіне байланысты да қылмыс
жасауы мүмкін. Кейбір адамдар қылмыс жасаумен маман ретінде де
айналысады. Мұндай адамдарды маман қылмыскер дейді. Мұндай
қылмыстарды істейтін қылмыскерді біздің заманымызда қауіпті немесе
өте қауіпті рецидивист (жырынды, баукеспе) дейді.

Қылмыстық әрекеттердің себептері жөнінде ғалымдар, құқық
қорғау органының қызметкерлері әралуан пікірде. Марксистер мұндай
қылмыстың тегін қанаушы қоғамнан іздеп, оны жеке меншікпен
байланыстырды. Олардың пікірінше, қанаушы тапты жойғанан кейін
байлардың кедейлерді қанағаны да жойылып, социализм орнағанан кейін
қылмыс біткеннің бәрі дерлік қоғамнан түбірімен жойылады деп
есептеді. Біздің елімізде кемелденген социалистікқоғам құрылды, бірақ
қылмыс азаймады. Керісінше, кісі өлтіру, ұрлық, бұзақылық, тағы
басқа қылмыстың алуан түрлері молайып, жеке адамның, қоғамның,
мемлекеттің мүддесіне қол сұғатын қауіпті қылмыстар кең етек алды.
Сондықтан қылмыстың себептерін жеке меншікпен, қанаушылықпен
байланыстыру дұрыс болмайды.

Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті бұрынғы саяси құрылысқа
қарағанда әлдеқайда демокртиялық мемлекет деп саналуының өзі
өкінішке орай қылмыс азаймай отыр, тіпті көбейіп кету тенденциясы
да бар.Кейбіреулер керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат
баласы басынан не кешпеді, жеңіл жазалау да, кескілеп өлтіру де,
отқа жағып жіберу де- бәрі де олды. Бұлардың барлығы да қылмыс жасауды
тоқтата алмады. Мүмкін, әлде қылмыс дегеніміз мүлдем жойылмайтын,
адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола беретін құбылыс па? Шынын
айтқанда, мұндай ғылыми теория да жоқ емес.

Қылмыс өзінің ерекше түрлерімен айқындалады, яғни қылмыстың да
өзіне ғана тән белгілері бар. Қылмыс – заң жүзінде танылған, қоғамға
қауіпті іс - әрекет. Мұндай анықтама адам өмірінің денсаулығы мен
қадір – қасиетінің өзгеше қымбаттығынан, мемлекет мүддесінің бәрінен
де жоғары екендігінен туындайды. Қылмыс едәуір дәрежеде жеке бір
адамға қарсы жасалады. Қоғамның өзі жеке адамдардан құралатындықтан,
нақтылы бір адамға қарсы жасалған қылмыс қоғамға да қарсы жасалған
қастандық қылмыс болып есептеледі. Қоғамның жеке бір мүшсіне
қастандық жасай отырып, қылмыскер сонымен бірге қоғамға, мемлекетке,
оның құққтық негіздеріне де өзінің теріс пиғылды екенін көрсетіп
алады.

Қылмыстық құрамдары – бұл қылмыстың обьективтік жақтарынан құралатын
белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді : 1)
қылмыстың обьектісі; 2) қылмыстың обьективтік жағы; 3) қылмыстың
субьектісі ; 4) қылмыстың субективтік жағы.

1. Қылмыстың обьектісі - қылмыскердің қиянат жасайтын және де
қылмыстық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін : саяси және
экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен
бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.

2. Қылмыстың обьективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне
жататын белгісі:

- қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі;

- әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті
нәтиже;

- әрекет пен әректсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже
арсындағы себепті байланыс.

3. Қылмыстың субьектісі – ол қылмыс жжасаған уақытта есі
дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі
өлтіру, зорлау, адам ұрлау , кісі тонау, қорқытып тартып алу , т.б
) қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылады.

4. Қылмыстың субьективтік жағы – бұл адмның қоғамға істеген
қауіпті іс - әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардың туатын
қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Қылмыстың сыртқы жағын
бейнелейтін обьективтік жаққа қарағанда субьективтік жақ қылмыстың
ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.Қылмыстың субьективтік жағының мазмұнын
мынадай заңдылыққа белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды.
Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс
-әрекет жасаған адамның жан – дүниесінде орын алған ішкі
өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп
береді.

Кінә - бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда
істейтін қоғамға қауіпті іс - әрекетіне және оның қоғамға зиянды
зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші.

Істеген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы - обьективті
ақиқат. Қылмыс субьектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс
бойынша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кінә екі түрлі
болады : қасақаналық және абайсыздық. Тікелей немесе жанама
ниетпен жасалған әрекет – қасақана, менмендікпен немесе немқұрайлықпен
жасалған әрекет абайсыздықта жасалған қылмыс деп танылады.

Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен
мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды
басшылыққа ала отырып, саналы түрде қылмыс істеуге бел бууына , ал
қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі
бір нәтижеге жетуін айтамыз.

Әрбір азаматтың конституциялық борышы – қоғамдық қатынастарды
қылмыстық жолмен келтірілген зиянан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда
жеке адамға, қоғамға , мемлекетке қарсы бағытталған іс - әрекетді
дер кезінде тиюдың , тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс -
әрекеттерді тойтаруда , оның зияндылығын тиюда, сол қауіпті
төндірген адамға материялдық , моральдық және басқа да зиян
келтірілуі мүмкін . Мұндай әректтер формальдық жағынан алғанда
қылмыс құрамына жатуы мүмкін.

Қылмыс әдейі, қасақана, немесе байқаусызда жасалуы мүмкін.
Әдейі жасалған қылмыс тікелей не жанама түрде болады. Адам өз
әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін біле тұрса
да, қасақана қылмыс барса, бұл ойланып, саналы түрде, әдейі жасалған
қылмыс болып саналады. Мысалы, Б ішіп алған жағдайында өзен жағасында
демалып жатқандарға тиіседі, бұзқылық жасап, В. –ны өзенге итеріп
жібереді, ал В. суда малту білмегндіктен, суға кетеді деп ойламаса
да, адамды өлтіріп алды.

Кейбір қылмыстар әдейі, қасақана жасалады. Мысалы, мұндай
қылмысқа ұрлық жжасау, бұзақылық тағы басқа жатады. Сондай- ақ ,
қылмыс абайсызда, оқыстан да жасалады. Артындағы зардабын біле тұрып,
жасалатын қылмыстар да болады. Мұның барлығы адамның жеңіл ойлылығынан,
алды – артын ойламағандықтан да туындайды. Оның үстіне жайбарақаттық,
селқостық , өз тағдырына да, басқанның тағдырына да адамгершілікпен
қарапайымдылықты қосыңыз. Мысалы, демалып, сапар шегіп жүрген турист
орманға серуендеп барғанда, өзі жаққан отты сөндірмей кете барады,
енді тамшылай бстаған жаңбыр сөндіреді деп есептейді. Артынан іле –
шала аса қауіпті өрт бұрқ ете түседі.

Кейбір қылмыстар салақтықтан, дүние, қоршаған ортаға қалай
болса солай, мән бермей қараушылықтан да туады. Адамдар әрқашан да
өзіне, басқаға да болмауы мүмкін. Қалай десек те өз ісінің басқаға
зардабын тигізбеуді ойлау әркімнің азаматтық, адамдық борышы болуы
тиіс.

Әлбетте, әдейі, қасақана қылмыс жасайтын адам психикалық
жағынан сау болады. Өз ісіне өзі есеп бере алмайтын, істеген ісінің
алдын - артын, шектіретін зардабын ойлай алмайтын адам қылмыскер деп
танылуы мүмкін емес. Егер адам қылмыс жасау кезінде оның қоғамға
қауіптілігін сезбесе, өзін - өзі ұстап тұра алмаса, психикалық
ұстама кезінде ешнәрсені сезбейтін болса, немесе жалпы кем ақыл
болса, ондай адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды. Сот оны
емдеуге де мәжбүр ете алмайды. Егер адам мас қалпында қылмыс
жасаса, онда ол жауапкершіліктен босатылмайды. Мас болу дегеніміздің
өзі - арақ, есірткі және де басқа жындандыратын заттарды пайдалану.

Қылмыстың тағы бір түрі – заң қылмыс деп танитын
әрекеттілік немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз – заңды бұзушылық
болып табылатын, адамға ашық түрде қарсы шабуыл жасау, белсенді
жағымсыз мінез – қылық. Егер адам мұны өз еркімен жасаса, ол қылмыс
болып табылады. Қылмыстың көпшілігі белсенді әрекеттен жасалады.
Ал, әрекетсіз қылмыстар, міне, осы жолмен жасалады. Мысалы, милиционер
жасалған қылмысты көре тұрып, оны тоқтату үшін шара қолданбайды.
Дәрігер ешбір дәлелсіз себеппен ауыр науқасты қарап, оған дер
кезінде көмек беруден бас тартады. Автомобиль жүргізуші жәбір
көріп, не зардап шегіп тұрған адамды сұраған жеріне жетуіне көмек
жасамаса, бұл да қылмыс болып есептеледі.

Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс
пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны
тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай- ақ қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың
жиынтығы болып табылады.

Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі,
міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізгі және одан босату, қылмыс
құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі
күші, іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән – жайлар
туралы түсініктер, сондай – ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен,
қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза
тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құралдары және оларды істегені
үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.

Басқа құқық салалары сияты қылмыстық құқықтың да негізгі
заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конститутциясы болып
табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны
қолданып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында, атап айтқанда
Жоғары Соттың нормативті қаулыларында, айтқанда Жоғары Соттың
нормативті қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған
Қылмыстық кодексте және тағы басқа нормативтік кесімдерде анық
көрсетілген.

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шарларының бірі болып
табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізуі
құралдарының бірі ретінде қолданылады.

Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға
қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыр немесе
оларды шектеу болып табылады.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып
табылатын жекелеген жазалардықолданудың шарты, шегі және тәртібі
белгіленген . Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес
саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді
.

Қылмыс түрлері :

1) Айыппұл салу

2) Құқықтан айыру

3) Қоғамдық жұмысқа тарту

4) Еңбектен түзету жұмысы

5) Бас бостандығынан шектеу

6) Тұтқындау

7) Әскери тәртіп бөлімінде ұстау

8) Бас бостандығынан айыру

9) Өлім жазасы

10) Дүние мүлікті тәркілеу

1.2 Қылмыстық құқықтың түсінігі, түрлері және белгілері

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмастық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен
жүзеге асырылады.
Біріншіден, қылмыстық құқық нрмасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу
функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс
жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым
салынған іс-әрекеттерді істеуге байлнысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы
азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына
байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы: Қажетті қорғану, мәжбүрлі
қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген
тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы
реттеледі.
Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза,
қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындау-
дың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері,
қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі,
қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші,іс-әрекеттің қоғамға
қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу
сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және
жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін
белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық
базасы-Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық
құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық
құқықтың нормаларында, атап айтқанда Жоғарғы Сотттың нормативті
қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексте және т.б
нормативтік кесімдерде анық көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:

4. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысы мен мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ
қылмыстардың алдын алу болып табылады .
5. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық
негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті
қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасаған
үшін жазалар мен өзге де қылмыстық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және
тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерін
сақтау арқылы жүзеге асырады.
Бұл приницптерге: заңдылық қағидасы, азаматтардың заң алдында теңдігі,
жауаптылықтан құтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық қағидасы,
әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздық презумпциясы т.б жатады.
Қылмыстық заң- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
Республика Парламенті қабылдаған құқылық келісім болып табылады. Жеке адам
мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік
дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы қатынастарды реттеу-
қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттердің ( әрекет немесе
әрекетсіз)
Көрінісі, нәтижесі болып табылады. Әрекет дегеніміз- адамның қылмыстық заң
тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз-адамның заң,
нормативтік кесімдер, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін
орындамауы.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс
таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына
қарамастан, қылмыс деп есептелмейді.
Сонымен, қылмыстық заңдармен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты
қоғамдық қауіпті әрекет ( іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп
аталады.
Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік,
жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қылмыстық санаттары
Қылмыс санаттары деп- оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді
айтамыз.Қылмыстар- сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің
түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр
санаттарға бөлінген.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес жасалғаны үшін осы кодексте
көзделген ең ауыр жаза ( бас бостандығынан айырудан):
- қасақана жасалған әрекет- екі, абайсызда жасалған әрекет бес жылдан
аспайтын болса- онша ауыр емес деп саналады;
- қасақана жасалған әрекет- бес, абайсызда жасалған әрекет те бес жылдан
аспайтын болса- орташа ауыр;
- қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса-ауыр;
- қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса немесе өлім
жазасы көзделсе- аса ауыр қылмыс деп танылады.

ІІ Тарау Қылмыстың объектісі және объективтік жағы

2.1 Қылмыстың объектісі және объективтік жағының ұғымы және оның қылмыстық-
құқықтық мағынасы

Қылмыстың объектісі және объективтік жағын қылмысқа сырт жағынан
мінездеме беретін нышандар құрастырады. Ол нышандарға алдында аталып
өткендей, мыналар жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе
әрекетсіздік), қоғамға қауіпті зардап (қылмыстық нәтиже) , қоғамдық қауіпті
әрекет пен қоғамдық қауіпті зардаптардың арасындағы себепті байланыс,
жасалған қылмыстың тәсілі, қаруы мен құралы, жері, уақыты мен жағдайы.

Қылмыстың объектісі және объективтік жағы — қылмыстық жауап-тылықтың
маңызды алғы-шарты. Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқығы оларды
жүзеге асыру жеке адамға, қоғамға және мемлекетке қауіп төндіретін адамның
идеялары немесе ойларын емес, тек қылмыстық-құқықтық шама-ларды бұзатын
қоғамға қауіпті іс-әрекетті ғана қылмыс депмойындаиды. Қылмыстың объектісі
және объективтік жағы — қылмыстық жауаптылықтың онсыз ол мүлде бой көрсете
алмайтын өзіндік тастабаны (фундаменті) іспеттес. Әрекеттің объектісі және
объективтік жағының оны жасаған адамның жауаптылығы үшін түбегейлі маңызын
өткен ғасырдың 40-шы жылдары жас К.Маркс былайша қисындастырған болатын:
"Әрекет жасаушы адамның ой өрісін басты мұрат етіп, оның әрекеттерін одан
төмен ұстанатын заңдар — заңсыздықтың позитивтік санк-циялары
болыптабылады. Өзімді қаншалықты көрсете алсам, мен соншалықты нақтылылық
аумағына, яғни заң шығарушының билігіндегі ортаға кіре бастаймын. Өзімнің
әрекеттерімсіз мен заң үшін мүлде жоқпын, мүлде оның объектісі болып
табылмаймын[1].
Қылмыстың объективтікжағы, сондықтан қылмыскердің ойы мен мақсаттарына
баға беруде, оны субъективтік жағынан бағалағанда басты мұрат (критерий)
болып табылады. Осыған орай қылмыстық істі тергегенде немесе сот қарағанда
ең алдымен қылмыстың объектісі және объективтік жағы орнықтырылады және тек
қана соның негізінде қылмыстық субъективтікжағы белгіленеді, қылмыстық
заңтыйым салған қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның ойлары, ниеттері
мен мақсаттары жайлы қорытынды жасалады. Объективтік жақтың нышандарысыз
субъективтік жақ туралы мәселе туындамайды да, өйткені, субъективтік жақ
объективтікжақпен байланыстың арқасында ғана "өмір сүре алады". Осылайша
сот және прокурорлық-тергеу орын-дарының қызметінде зорлық-зомбылық және
субъективизмнің етек жаюына қорған қойылады. Бұл қылмыстық істер бойынша
сот терелігін жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмыс субьектісінің белгілері
Қасақана қылмыс туралы түсінік
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде
Қылмыстың ерекше субьектсі
Қылмыс субьектісі туралы түсінік
Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау
Қылмыс субьектісінің түсінігі
Қылмыс құрамы және қылмыстық заң
Пәндер