Салықтардың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

1.1 Салықтар және салық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпкерлікті салықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Бюджет . салық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ҚАЗЫНАСЫН ТОЛТЫРУДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ МЕН САЛЫҚ САЛУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

2.1 Қазақстан экономикасы мен еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономикамызда микро және макродеңгейде қатынастары күрделеніп, экономикамызға әр түрлі әсерін тигізуде.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Еліміздің қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті мәселелердің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті одан әрі жетілдіру болып табылады. 2015 жылға дейінгі индустриялдық-инновациялық даму стратегиясында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда шағын және орта бизнеске жетекші орын беріліп отыр. Осыған байланысты әрі Қазақстан Президентінің 2006 жылғы 1-ші наурыздағы Жолдауында салық тәртібін күшейту және елдегі салық салу механизмін одан әрі жетілдіру бойынша қойған міндетіне орай қаржы, салық, несие саясатын және сәйкесінше олардың механизмдерін одан әрі жетілдіру жолдарын іздестіру - өзекті міндет болып отыр.
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында қоғамдағы қандай болмасын процестерге мемлекеттік әкімшілік жүргізу арқылы тікелей ықпал ету мүмкіндігінің тарыла бастағаны бүгінде баршаға аян. Бұл орайда халықаралық өркениетті стандарттар мен нарық талаптарына сай келетін, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге қол жеткізуге жол ашатын әлеуметтік-экономикалық жанама ықпал етудің елеулі құралы салықтар, салық салу жүйесі және мемлекеттің салықтық құқығы пайдаланылады.
Салықтарға тән барлық функциялар мемлекеттік бюджеттің ақшалай қаражаттарын негізінен корпоративтік шаруашылық аясы субъектілерінің табыстары есебінен қалыптастыруға нысаналанған тұрақты байланыстың мемлекет пен салық төлеушілер арасында туындауы мен дамуы барысында іске асырылады. Өндіріс пен салық салу және мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастыру арасындағы тәуелділік ұтымды салық жүйесін құрудың, сондай-ақ тиімді салықтық заң актілерін қабылдаудың теориялық және практикалық негізін құрайды. Сонымен салық объективті-субъективті, қаржылық-экономикалық және құқықтық құбылысты, ал салық салу мемлекеттік бюджеттің (салықтық кірісін) кіріс базасын қалыптастыруға байланысты қарқынды салықтық қатынастарды көрсетеді.
1. «ҚАЗАҚСТАН» ұлттық энциклопедия.-А., 2005., 7-том.-534-535 б.
2. Найманбаев С.М. Салықтық құқық.-А., 2005.-11-16 б.
3. Байсенгирова А. Салық жүйесі // Экономика негіздері.-2006., №6.-20-21 б.
4. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу.-А., 2003.-15-93 б.
5. Насырова М.Р., Кулпыбаев С.К., Гуляева С.П., Бейсенбаев Д:Э., Токсанбаев С.Р., Мезенцева Т.М. Рыночная экономика.-А., 1995.-319-326 б.
6. Арзаева М.Ж. Кәсіпкерлікті салықтық реттеу // Хабаршы.-А., 2003., №2, экономика сериясы.-27-29 б.
7. Бораш Қ. Салық жүйесі заман ағымына сай болады // Егемен Қазақстан.-№111-112, 23 мамыр,2006.- 10 б.
8. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика.-А., 2003.-154-167 б.
9. Ермекбаева Б. Кәсіпкерлікке салық салу механизмін жетілдірудің кейбір мәселелері // АльПари.-2006., №2.-48-51 б.
10. Исахова П.Б. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың рөлі // АльПари.-2005., №3.-144-150 б.
11. Салықты осылай төлейсіз // Егемен Қазақстан.-2003., 14 желтоқсан.-4 б.
12. Тусеева М.Х. Салық тәртібі деген не? // Түркістан. 2006., 30 наурыз.-4 б.
13. Костюк В.Н. Макроэкономика:курс лекций.-М., 1998.-187-192 б.
14. Эдвин Дж Долан Макроэкономика.-С.-Пб., 1996.-118-169 б.
15. Биншток Ф.И. Государственное регулирование предпринимательской деятельности.-М., 2003.-157-171 б.
16. Интернет.-www.stat.kz
17. Нурумов А.А. Налоги и финансы рыночной экономики.-Астана, 2004.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

1. Салықтар және салық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...5
1.2 Кәсіпкерлікті салықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
1.3 Бюджет - салық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .18

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ҚАЗЫНАСЫН ТОЛТЫРУДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ МЕН
САЛЫҚ САЛУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

2.1 Қазақстан экономикасы мен еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудағы салық
салудың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

КІРІСПЕ

Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономикамызда микро
және макродеңгейде қатынастары күрделеніп, экономикамызға әр түрлі әсерін
тигізуде.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта
құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды
экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік
ретінде пайдаланады.
Еліміздің қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті мәселелердің бірі
болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс
деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті одан
әрі жетілдіру болып табылады. 2015 жылға дейінгі индустриялдық-инновациялық
даму стратегиясында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның
ішінде ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде
диверсификациялауды жүзеге асыруда шағын және орта бизнеске жетекші орын
беріліп отыр. Осыған байланысты әрі Қазақстан Президентінің 2006 жылғы 1-ші
наурыздағы Жолдауында салық тәртібін күшейту және елдегі салық салу
механизмін одан әрі жетілдіру бойынша қойған міндетіне орай қаржы, салық,
несие саясатын және сәйкесінше олардың механизмдерін одан әрі жетілдіру
жолдарын іздестіру - өзекті міндет болып отыр.
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында қоғамдағы
қандай болмасын процестерге мемлекеттік әкімшілік жүргізу арқылы тікелей
ықпал ету мүмкіндігінің тарыла бастағаны бүгінде баршаға аян. Бұл орайда
халықаралық өркениетті стандарттар мен нарық талаптарына сай келетін,
сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге қол жеткізуге жол ашатын
әлеуметтік-экономикалық жанама ықпал етудің елеулі құралы салықтар, салық
салу жүйесі және мемлекеттің салықтық құқығы пайдаланылады.
Салықтарға тән барлық функциялар мемлекеттік бюджеттің ақшалай
қаражаттарын негізінен корпоративтік шаруашылық аясы субъектілерінің
табыстары есебінен қалыптастыруға нысаналанған тұрақты байланыстың мемлекет
пен салық төлеушілер арасында туындауы мен дамуы барысында іске асырылады.
Өндіріс пен салық салу және мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастыру
арасындағы тәуелділік ұтымды салық жүйесін құрудың, сондай-ақ тиімді
салықтық заң актілерін қабылдаудың теориялық және практикалық негізін
құрайды. Сонымен салық объективті-субъективті, қаржылық-экономикалық және
құқықтық құбылысты, ал салық салу мемлекеттік бюджеттің (салықтық кірісін)
кіріс базасын қалыптастыруға байланысты қарқынды салықтық қатынастарды
көрсетеді.
Мемлекеттің салықтық құқығының аясында жүргізілетін салық әкімшілігі
макроэкономикалық өсу тұрғысынан және халықаралық салық салу
стандарттарының өркениетті үлгілеріне сай қоғам мен мемлекеттің, сондай-ақ
корпоративтік шаруашылық (ішінде жеке меншік негізіндегі жеке кәсіпкерлік
қызмет) субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделерінің балансты болуын
көздейді және соны қамтамасыз етуге ат салысады.
Жоғарыда айтылған мәселелердің бәрін ескере отырып, мен курстық
жұмысымнды еліміздегі салық салу саясатына, салық жүйесіне арнауды жөн
көрдім. Курстық жұмысты жазудағы мақсат Қазақстан Республикасының бүгінгі
салық жүйесін қарастыру, салық салу саласының нормативтік құқықтық базасын
жетілдіру, кісәпкерлікке салынатын салық мөлшерінің азайтылуының
тиімділігін анықтау, сондай-ақ осы саланы салық төлеушілердің мүдделерін
есепке ала отырып жалпымемлекеттік тұрғыдан басқару жөнінде ғылыми
негізделген ұсыныстар мен тұжырымдар және қорытындылар беру болды.
Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері,
экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы,
Ф.Аквинский салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны ретінде анықтаса,
салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит салық төлеушілер
үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі деп тұжырымдаған.
Қазір, біздің дәуірімізде де салық салуға байланысты қазақстандық азаматтар
да өз пікірлерін білдіруде. Мысалға, еңбектерінің мақсаттары менің курстық
жұмысымның мақсатымен тең, тақырыбымның өзектілігінің маңыздылығын қолдаған
әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің э.ғ.к., доцент – Б. Ермекбаева Салықтар және
салық салу еңбдегі, Кәсіпкерлікке салық салу механизмін жетілдірудің
кейбір мәселелері мақаласы; Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің э.ғ.к., доцент
- П.Б. Исахова Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың
рөлі мақаласы; Халықаралық бизнес Университетінің э.ғ.д., профессор - М.Х.
Тусеева Салық тәртібі деген не? мақаласы; Найманбаев С.М. Салықтық
құқық еңбегі; Нурумов А.А Налоги и финансы рыночной экономики еңбегі
Бұл тақырыптың өзектілігі нарықты экономикадағы мемлекеттің салық
саясатын жүргізу стратегиясы, салық салудың экономиканың әлеуметтік-
экономикалық салаларына, мемлекет бюджетіне тигізер оң және теріс әсерлерін
қарстыру.

I САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

1.1 Салықтар және салық саясаты

Салық – жеке адамдардың, кәсіпорындардың не мекемелердің жергілікті
немесе мемлекеттік бюджетке төлейтін міндетті төлемі. Ол қоғамның таптарға
бөлінуіне және мемлекеттің пайда болуына байланысты туған. Мемлекеттің
шығындарын қаржыландыруға жұмсалады.
Салық мөлшері мен төлеу мерзімі заңмен белгіленеді. Негізгі екі
міндетті атқарады, олар:
1. Салық салу мақсатына қарай мемлекеттің кәсіпорындармен және
азаматттармен (соның ішінде шетелдік) өзара қарым-қатынасын реттейтін
экономикалық тұтқа.
2. Бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру мен толықтырудың негізгі көзі.
Салық негізінен мынадай екі түрге бөлінеді:
1. Төте салық – салық төлеушінің табысынан немесе мүлкінен тікелей
төленетін салық. Мысалы: табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына
салынатын салық, т.б.
2. Жанама салық – сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген
қызметтер үшін төленетін және бағаға немесе тарифке үстеме түрінде
белгіленетін, салық төлеушінің табысымен немесе мүлкімен тікелей
байланысты емес салық. Мысалы: қосылған құн салығы, акциз, кеден
алымдары. 1, 534бет
Көне Грекияда алымдар мен салықтарды алудың әр алуан тәсілдері мен
түрлері пайдаланылған. Классикалық Грекияда алғашқы тікелей алымды тек
құдайлар мен храмдарға құрбандық шалу ретінде берілетін мал-мүліктер
түрінде алып отырса, кейіннен кемелер жасауға, белгіленген тәртіпті
қамтамасыз етуге, қала шаруашылығы мен порттағы жұмыстарды жүзеге асыруға
деп аздап салық алынатын болған. 2, 11 бет
Біздің эрамызға дейінгі 7-6 ғасырларда ауқаттылардың өкілдері табыстың
онға бөлгендегі бір бөлігін немесе жиырмаға бөлгендегі бір бөлігін қазынаға
алу қажет деп белгілеген. Ал 6 ғасырдың соңы мен 5 ғасырдың басында
қоғамдық ауыртпашылықтар – литургиялар пайда болған. Литургиялық
міндеттерін өтегендер басқа салықтарды төлемейтін болған.
Бесінші ғасырдың ортасына таман салықтарды алудың жаңа түрлері
ойластырылған. Мысалы: базарлардағы сауда-саттыққа салынатын салықтар,
шетелдік азаматтардан алынатын салықтар, кедендік баждар алынған.
Жезөкшелерге де салық салынған. Бұлар кірістерді құраса, шығыстарға: қаланы
астықпен және ағашпен қамтамасыз етуге кететін қаражаттар; спорт ойындарын
қаржыландыруға, дипломатиялық қатынастарды қаржыландыруға, полицияны
ұстауға қажетті қаражаттар жатқан. Бұл ретте басқару нысанына,
мемлекеттерге және басқа да жайларға қарамастан, салықтардың қажеттілігі
және әрдайым әрі ұдайы алынатындығын, сондай-ақ салық төлеуден ешкімнің тыс
қалмайтындығын байқаймыз. Мысалы, ауқатты азаматтар триеархияға 200
таланттан (алтын ақша) төлеп отырған. 378-377 жылдары ауқатты және басқа
азаматтардың мүліктері мен байлықтарын жаппай бағалау жүзеге асырылған.
Ерікті қоғамдық төлем литургия да өкінішке орай салыққа айналдырылған
болатын.
Көне Римдегі алғашқы салықтар цензус (ценз) деп аталған. Ценздер әрбір
5 жылдың көлемінде азаматтардың мүліктеріне сәйкес белгіленіп, алынған.
Кейде салықтар мен баждардан және жерді жалға беруден түскен түсімдер
қала шаруашылығына кететін шығындарды жаппаған жағдайда, тек қалада тұратын
азаматтардан мунира деп аталатын салық алынған. Мунирадан басқа
мемлекеттік салық трибутумды төлеу рим азаматының борышы әрі міндеті
болған. Провинциялардағы жерлердің аумағы өлшеніп, қалалар бойынша
кадастрлар жасалынып отырған. Римдегі (оның провинцияларындағы) негізгі
салықтардың бірі жер салығы аннона болған. Оның төлемдері ауылшаруашылығы
өнімдері түрінде алынған. 2, 12 бет
Қазақстанда да заман-кезендеріне сай салық жүйесі болғаны ешбір күмән
тудырмайды. Бір ғана дәлел ретінде Ұлы жібек жолымен өркендеп, дамыған
қамал-қалалар Сығанақ, Отырар, Тараз, Мерке, Исфиджаб, Құлан,
Яссы, Сауран, Бароысхан, Аспара, Баласағұн, Қойлық, Талхиз,
Екіөгіз, Баба-ата жөніндегі мағлұматтарды айтуға болады. Тек бір
өкініштісі, жазба мәліметтердің сақталмағанына байланысты осы салықтар
жөніндегі дерек көздерінің өте аз болуы.
Кезінде Қазақстан тарихына, сонымен бірге салық салу мәселелерін
шешуге орасан зор үлесін қосқан бірден-бір құқықтық дерек көзі Тәуке ханның
(Әз Тәуке) хандық құруы кезінде, оның тікелей қатысуымен қабылданған Жеті
жарғы болып табылады. 2, 13 бет
Қазақстанның Ресей боданы болуына байланысты оның аумағында да
Ресейдің заңдарында көзделген салықтар мен өзге де міндетті төемдер
алынатын болған. Тек Қазақстанның өзіне тән алымдар да белгіленіп отырған.
Мысалы, кибиточный сбор, ясачная подать, паспортный сбор, ямская
повинность және т.б.
8 – 12 ғасырларда айтарлықтай дамыған салық салу теориясы экономикалық
және мәдени гүлденуі шарықтаған ислам әлемі елдерінің мұсылмандық құқығында
шариатта көрініс тапқан болатын. Салық салудың мұсылмандық жүйесінің
көптеген элементтері қазіргі Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы
мемлекеттерде, олар 19 ғасырда Ресей экономикалық жүйесіне қосылмай тұрып
таралған еді. 2, 14 бет
Айтылғандардың түпкі тұжырымы ретінде салық салудың қағидаларын айта
кетуге болады:
• Салықтарды барлық азаматтардың арасында, олардың табыстарына сай
біркелкі бөліп, белгілеу;
• Салықтық төлемнің сомасы, тәсілі және уақыты оны төлеушіге күні бұрын
әрі нақтылы белгілі болғаны дұрыс;
• Салықтар әрбір салық төлеушіге қолайлы уақытта және ыңғайлы тәсілмен
алынуға тиіс;
• Салық алу кезінде салық төлеушінің шығындары мүмкіндігінше аз болуға
тиіс;
Салықтың белгіленуі, салық салу мемлекеттің құрылысына, қалыптасқан
қоғамдық дәстүрлерге, мемлекет экономикасы мен фискалдық саясатының мән-
жайына, билік етуші тармақтардың өктем өкілеттіліктерінің демократиялық
деңгейіне, нақты қалыптасқан әлеуметтік, саяси және әкімшілік жағдайларға
қарай жүзеге асырылады. Былайша айтқанда, салықты мемлекеттің экономикалық
әлуетінің функциясы деп санауға болады. Осы орайда қатты ескеретін жәйт,
салықтың (экономикалық) мән-жайы мен заң жүзінде іске асырылатын мәнінің
арасында қарама-қайшылық туындамауы қажет. Демек салық, салық салу,
мемлекеттің салық жүйесі деген сөздердің мағынасын мемлекеттің кірісін
салық төлеушілердің – заңды және жеке тұлғалардың материалдық мүдделеріне
мүмкіндігінше нұсқан келтірмей қалыптастыру керек деп түсінген дұрыс. 2,
16 бет
Салықтар мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты. Сондықтан да
салық пен салық салу мемлекеттің басқару қызметінің немесе мемлекеттің
тіршілік етуінің айырылмас маңызды бөлігі болып болып табылады. Себебі,
мемлекеттің бюджет кіріс көзінің 85-90 пайызы тек салықтардан тұрады.
Салық және салық салу жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бір-
бірінсіз әрекет ете алмайтын элементтерін 1- суреттен көре аласыздар. 3,
21 бет
Салық жеңілдіктері дегеніміз – салық төлеушіні салық төлеуден
толығымен немесе ішінара босату. Салық жеңілдігі қолданыстағы заңнамаға
сәйкес беріледі. Салық жүйесін мемлекет: ғылыми-техникалық прогресті
ынталандыру, өндірістің келешегі зор салаларының дамуын жеделдету;
экологиялық талаптарды сақтау қажеттігіне байланысты кәсіпорынға түсетін
туынды қаржы ауыртпалығын жеңілдету; қоғамның ауқаты төмен жіктерін әлеум.
қорғау; белгілі бір демографиялық саясатты жүргізу мақсаттарына
пайдаланады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде жеке сипаттағы
салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынған. Салық жеңілдіктерін беру кезінде
іскерлік және өндірістік қызметті көтермелеу көзделеді. Салық жеңілдігінің
өтелуі, мерзімді және мәлімдемелі сипатта болады. Салық жеңілдіктерін беру
нысандары: салық негізін немесе салық сомасын азайту, салық мөлшерін
төмендету; салық несиесін қамтитын мақсатты салық жеңілдігінің маңызды
салық жеңілдігінің бірі – салық салынбайтын минимум (салық объектісінің
салықтан босатылатын ең төмен мөлшері). Салық несиесі дегеніміз –
кәсіпорынның инвестициялық жобаны іске асыруына, мемлекеттік билік
тарапынан ұсынылатын белгілі бір талаптарды іске асыруға байланысты салық
төлемінің мерзімін ұзартатын жеңілдік. Бұл несие салық қызметімен немесе
мемлекеттік әкімшілікпен несие келісімін жасасу нысанында беріледі: онда
салық несиесінің мөлшері мен оны беру мерзімі, оның қайтарылу шарттары,
несие бойынша пайыз мөлшерлемесінің көлемі келісіледі. 1, 534 бет

Мемлекеттік салықтар
Тікелей салықтар Жанама салықтар
Тікелей табыстан және мүліктен Тауар бағасына салынады (Мысалы,
алынады (Мысалы, табыс салығы) қосымша құнға салынатын салық)
Табысқа салынатын Меншікке салынатынАкциз Кедендік баж
салық салық салығы

Топтастыру стратегиясы
Салық жүйесінің элементтері
Салық объектісі Салық субъектісі Салық ставкасы
Салық сомасы белгіленгенСалықты төлеуге міндеттіСалық өлшем бірлігіне
барлық тауарлар, жеке және заңды тұлғаларсәйкес келетін салық
мүліктер және қызмет көлемі
көрсетулер

Топтастыру стратегиясы
Салықты 50%-дай төлеу
Салық жеңілдіктері
Салықтан босату
Салық ставкасын төмендету
Салық салынбайтын минимум

Салық салуға жатпайтын жерлер
Ерекше Халықтың Балаларды Ботаникалық Зоологиялық Көлік
қорғаудағы демалыс сауықтыру бақтар бақтар жолдары
табиғи орындары орындары
аймақтар

Табыс салығын төлеушілер
Табысы бар барлық Шетел азаматтары Азаматтығы жоқ ҚР территориясында
азаматтар тұлғалар табыс табатын
шетелдік резидент
емес тұлғалар

Салық
Негізгі қызметтері Жүйесінің негізгі элементтері
Реттеушілік Фискалдық Қайта бөлу Салық Салық Салық
ставкасы базасы жеңілдіктері
Жүйесінің принциптері
Қарапайымдылық Әділеттілік Салыстыру

1. сурет - салық және салық жүйесін байланыстыратын элементтер

Жаңа Салық Кодексі 2002 жылдың 1-ші қаңтарында Қазақстан
Республикасында мынадай салықтар енгізілген:
1. Корпорациялық табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құн салығы
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері
6. әлеуметтік салық
7. жер салығы
8. көлік құралдары салығы
9. мүлік салығы 4,15 бет
Мемлекет қазынасын толтырудың бірден-бір қайнар көзі – салықтар, ал
егемен еліміздің экономикасын дамыту жөніндегі басым бағыттардың бірі –
шағын және орта бизнесті дамыту. Нарықтық экономика жолын ұстанған егемен
елімізде шағын және орта бизнес барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін
қалыптастыру өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр. Осы мақсатта
елімізде шағын бизнес субъектілеріне арнайы салық режимі қолданылады.
Арнайы салық режимінің мәні:
Арнайы салық режимі салық әлеуметтік және корпорациялық немесе жеке
табыс салықтары (жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысынан ұсталатын табыс
салығынан басқа), сондай-ақ салық жүктемесін кемітуге бағытталған жеңілдік
ставкалары мен басқа да тетіктер бойынша салық есебін беру, төлеу және
аударудың оңайлатылған тәртібін көздейді.
Мына салық төлеушілердің арнайы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:
• филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың
• филиалдардың, өкілдіктердің
• заңды тұлғалардың еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік
қоғамдардың
• әр түрлі елді мекендерде оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар
тұлғалардың
Арнаулы салық режимі:
1. акцизделетін өнімді шығару
2. кеңестік, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсету
3. мұнай өнімдерін сату
4. шыны ыдысты сату
5. жер қойнауын пайдалану және заңда берілген жекелеген қызмет
түрлеріне қолданылмайды.
Арнайы салық режимін немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін
таңдауды кәсіпкер ерікті негізде жүргізеді. Кәсіпкер, яғни шағын бизнес
субъектісі бюджетпен есеп ацырысудың бір нысанын ғана таңдауға құқылы. 4,
88 бет
Шағын бизнес субъектілері үшін, арнайы салық режимі шегінде бюджетпен
есеп айырысудың үш тәсілі ұсынылады:
1. бір жолғы талон негізінде
2. патент негізінде
3. оңайлатылған декларация негізінде
Бір жолғы талон негізінде арнайы салық режимі қызметі мезеттік,
тұрақты емес сипаттағы жеке тұлғалар үшін көзделген. Мұндай қызмет деп бір
жылда жалпы алғанда 90 күнненаспайтын қызмет түсініледі. Бұл ретте жеке
тұлға жеке кәсәпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады және бақылау-
кассалық аппараттарын қолданудан босатылады. Оларға қойылатын жалғыз талап
– қолдарында бір жолғы талоны болу керек. 4, 89 бет
Бұл режим негізінде жұмыс жасауға болатын қызмет түрлерінің тізбесін
тиісті уәкілетті орган белгілейді. Бір жолғы талонның құнын қызметті жүзеге
асыратын орналасқан жеріне, түріне, көлеміне және қызмет барысына ықпал
ететін тағы басқа факторлардың негізінде жергілікті өкілді органдар
мәслихаттар белгілейді. Бір жолғы талонды бір күнге де, бірнеше күнге де
алуға болады.
Патент негізіндегі арнайы салық режимі бизнесі тұрақты сипат алатын
жеке кәсіпкерлер үшін бюджетпен есеп айырысу үшін көзделген. Жеке
кәсіпкерге патент негізінде қызмет істеу мынадай шарттар орындалған
жағдайда ғана рұқсат етіледі:
1. жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды
2. жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асырады
3. орта есеппен 1 жыл ішінде табысы 1,0 миллион теңгеден аспайды
Патент алу үшін кәсіпкер салық органына болжанатын кірісті көрсете
отырып, патент алуға өтініш беріп және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу
туралы куәлігін, лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол
мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге
міндетті. Патент кәсіпкердің лицензиясының қызмет ету мерзімінен аспайтын
мерзімге беріледі.
Салық органдары өтініш берілгенін және бюджетке патенттің құны мен
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары төленгенін
растайтын құжат көрсетілгеннен кейін патент беруді жүзеге асырады. Жеке
кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі көрсетілмейінше, патент
берілмейді. Патенттің құны кәсіпкер мәлімдеген кіріске 3 пайыз мөлшеріндегі
ставканы қолдану жолымен анықталады. Патенттің құны жеке табыс салығы және
әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен бюджетке төленеді. Патентті жеке
кәсіпкердің ниеті бойынша салық органы бір айға да, бірнеше айға да, бірақ
бір жылдан аспайтын мерзімге бере алады. 4, 90 бет
Егер жеке кәспкердің табыс сомасы патент үшін белгіленген шектен
артық болса немесе патент үшін белгіленген өзге де міндетті шарттарға сай
келетін жағдайда, ол оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық
режиміне немесе жалпы белгіленген тәртіпке көше алады.
Оайлатылан декларация негізіндегі арнайы салық режимі шағын бизнес
субъектілері үшін бюджетпен есеп айырысу үшін көзделген. Бұл нысан
жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлерге арналған.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық кезеңі
басталғанға дейін көшу үшін шағын бизнес субъектілері өз қызметін жүзеге
асыратын жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
нысанда өтініш береді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне сәйкес
бюджетпен есеп айырысуды қалап алған шағын бизнес субъектілеріне мынадай
талаптарға жауап берген жағдайда ғана аталмыш режимге көшуге рұқсат
беріледі:
1) жеке кәсіпкерлер үшін:
• жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті
орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде он бес адамнан көп
болмаса
• салық кезеңі ішінде шекті табысы 4500,0 мың тг-ден аспаса
2) заңды тұлғалар үшін:
• қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде
жиырма бес адамнан көп болмаса
• салық кезеңі ішінде шекті табысы 9000,0 мың теңгеден аспайтын
болса 4, 92 бет
Осы талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимінен
өз еркімен шыққан кезде шағын бизнес субъектісі есепті тоқсаннан кейінгі
тоқсаннан бастап, өтініш негізінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға
бірдей белгіленген тәртібіне көшеді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі шағын бизнес субъектісі салық салу
объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы салық сомасын дербес
есептейді. 4, 93 бет
Салық саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық
негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен
іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде
мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ)
ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану
дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы
көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі
мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды
орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық
саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша
шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін. Дискрец. негіз
өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер
енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді
немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу
құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің
экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына
және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрец. Салық саясаты
негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған
реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі – жеке
табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі
табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде – шаруашылық
субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен
тұралау кезеңінде – осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық
сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебінен экономикалық өсу тежеледі
және дағдарыс езеңінде ынталандырылады. Бейдискрец. Салық саясатында
жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттің қолында
реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі
элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде
табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер
пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. Саясат қолданылады.
Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрец. салық саясатының пәрменділігі
төмен: табыстың ұдайыи өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы
да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси,
экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық
жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік
мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін,
кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің
ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың
санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін
ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған. 1,535 бет

1.2 Кәсіпкерлікті салықтық реттеу

Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі – кәсіпкерлер.
Кәсіпкер ұғымын алғаш рет 18-ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард
Кантильон енгізді. Одан кейінгі кезеңдерде кәсіпкерлік, кәсіпкер
ұғымдарына өзіндік түсініктерін қалыптастырып, кәсіпкерлік теориясын
өңдеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілдері А.
Смит, Ж.Б. Сэй, В. Зомбарт, Й. Шумпетер, тағы басқалары біршама үлес қосты.
Сондай-ақ П. Друкер, Дж.М. Кейнс, Т.Питерс, П. Самуэльсон, Д. Эванс, Ф.
Хайек тәрізді бірқатар шетелдік экономистердің ғылыми еңбектерінде
кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің теориялық және әдістемелік
негіздері талданып, зерделенген.
Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті үш аспектіде қарастырады:
экономикалық категория ретінде; экономикалық ойлау типі ретінде; шаруашылық
жүргізу тәсілі ретінде.
Экономикалық категория ретіндегі кәсіпкерліктің сипаттамасы үшін
маңызды мәселе оның субъектісі мен объектісін анықтау болып табылады.
Кәсіпкерліктің объектісі жеке тұлғалардың (жеке, отбасылық, шағын және орта
бизнес өкілдері, т.б.) қызметі, сондай-ақ жалдамалы жұмыс күшінің еңбегін
пайдалану арқылы қалыптасады.
Кәсіпкерлік қызмет экономикалық мүдде мен шарт қатынастары бойынша
өзара байланысты тұлғалар тобы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге,
кәсіпкерлік субъектісі акционерлік қоғамдар, кооперативтер, жекелеген
жағдайларда мемлекеттің сәйкес органдары да болуы мүмкін. Й. Шумпетердің
пікірінше, экономикалық ресурстарды үйлестірудің барлық жаңаша тәсілдері
кәсіпкердің басты жұмысы болып табылады. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа
игіліктерді дайындау мақсатымен ресурстарды үйлестіреді; өткізу нарығының
жаңасын игереді. Сонымен қатар нарықтағы жағдайға, сұраныс пен ұсыныс
динамикасына, баға деңгейіне, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі
қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік
қызметтің тұрақты серігі – тәуекелділік, қауіп-қатер туралы айтпай кетуге
болмайды. Өйткені тәуекелділік, қауіп-қатер беймәлімділікпен байланысты
және жүргізілген болжам мен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала
алмайды.
Экономикалық ойлаудың ерекше рипі ретінде кәсіпкерлік практикалық
қызметте жүзеге асырылатын шешімдерді қабылдауға қажет көзқарастар мен
пікірлердің жиынтығын сипаттайды.
Жекелеген ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті шаруашылық өнері, табыс
табу барысында тәуекелге бел буу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару
шеберлігі ретінде көрсетеді. Демек кәсіпкерлікті жұмыс түрі ретінде ғана
емес, тұлғаның ақылы мен қасиетінің қоры, ерік-жігері, жеңіске жетуге деген
ынтасы еңбектің ерекше шығармашылық сипаты тұрғысынан да қараған абзал.
Шаруашылық жүргізу тәсілі ретіндегі кәсіпкерлік үшін басты шарт –
шаруашылық тұлғалардың тәуелсіздігі, дербестігі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік
қызмет түрін таңдау; бизнес-жоспар құру, қаржыландыру және оны жүзеге
асыру; өнім өндіру, оған баға белгілеу және оны өткізу; пайданы қолдану
тәрізді еркіндік пен құқықтың белгілі бір жиынтығының болғаны дұрыс.
Экономикалық ғылымда өндірістің төрт факторы қарастырылған: еңбек,
капитал, жер, кәсіпкерлік. Бұл жерде кәсіпкерлікті төртінші фактор ретінде
ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрізді үш негізгі өндіріс факторларын
біріктіріп жүзеге асырудың үздік әдістерін іздестіріп, жұмылдыру процесі
ретінде де қарастыруға болады. Ал елімізде кәсіпкерлікке қазіргідей көңіл
бөлініп отырған тұста, өз ісін ашуға бел буған әрбір азамат пайда табу
жолын ғана емес, өндіріс факторларының үйлесімді жұмыс жасауына, оның
ішінде кәсіпкерліктің өндіріс факторы ретіндегі маңыздылығына ерекше көңіл
бөлген жөн.
Жалпы нарық процесіндегі басты тұлғалар кәсіпкерлер десек, ол өз
кезегінде қарамағындағы мүліктерді заңды негізде пайдалану жөнінде өзінің
бастамасымен барлық шешімдерді қабылдауға және кез келген әрекет жасауға
құқықты заңды тұлға және жеке азамат. Бірақ ол шешімдер қолданылып жүрген
заңнамалық құжаттарға қайшы келмеуге әрі белгіленген мүліктік немесе басқа
да жауапкершілікпен қамтамасыз етілуге тиісті.
Кәсіпкерліктің талабы мен ұмтылысы жемісті болу үшін:
• тәуекелге бел буа білуі
• нарықта кезігетін кез келген жағдайларға дайын болуы
• ұйымдастыру барысы мен технология жаңалықтарын енгізе отырып,
жаңа жолдар мен әдістер жасау 6, 27 бет
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту
бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады.
Жекелеген дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік өнеркәсіп өндірісінің
50-70 пайызын құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 60-80 пайыз
аралығында. Біздің елімізде де қазіргі таңда экономиканың аталмыш
секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына басым
көңіл бөлінуде. Елбасы ұсынған Қазақстан-2030 стратегиялық даму
бағдарламасының бөлімдерінің бірі елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту болып табылады. Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында
біршама шаралардың жүргізіліп жатқаны баршаға аян. Атап айтқанда, олардың
іс-әрекет барысына ықпал ететін нормативтік құжаттар қабылданып, жұмыс
жасауда; жаңа Салық Кодексі іске қосылып, онда шағын бизнес субъектілеріне
салық салудың арнайы режимі қарастырылып, банктер тарапынан әр түрлі
мерзімге несиелер берілуде, т.с.с. Осындай қол жеткізген нәтижелерімізді
одан әрі жетілдіру барысында жекелеген қағидаларды басшылыққа ала отырып,
жұмыс жасауымыз керек. Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылық, яғни
мемлекеттік бюджет тапшылығын мүмкіндігінше төмен деңгейге жеткізу,
жеңілдікпен несиелендіру, артық ақша эмиссиясын болдырмау болып табылады.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында жедел шешуді
қажетсінетін мәселелердің бірі – инфляция қарқынын төмен деңгейде ұстау.
Инфляцияға қарсы саясатты бюджет тапшылығын неғұрлым төменгі деңгейге
жеткізбейінше жүзеге асыру қиын мәселе. Бюджет шығысын бюджет кірісінің
негізінде қалыптастыру оның негізгі институты – салық жүйесі арқылы іске
асырылады. Бұл тұста салық жүйесі идеологиядан тыс және саяси бейтарап
болуы шарт. Көптеген елдердің экономикалық даму тәжірибесі көрсеткендей,
салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі
болып табылады. Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қамтамасыз етуге,
қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса,
соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі
төмендейді. Сондықтан мемлекеттер салықтар, салық ставкалары мен
жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге
асыру барысында оның экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға
тигізетін әсерін де басты назарда ұстау шарт. Сонымен бірге, салық жүйесі
салық қатынастарының негізін қалыптастыратын белгілі бір қағидаларға
негізделеді. Демек салық салу қағидаларының ғылыми зерделеніп талдануы мен
жүйелендірілуі экономикалық қатынастар үшін маңызды. Баршамызға белгілі
ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әділеттілік, қарапайымдылық, үнемділік тәрізді
классикалық қағидалардан өзге нарықтық экономикалы өркениетті елдердің
салық жүйесін құруда мынадай қағидалар қалыптасқан:
1) төлем қабілеттілік қағидасы, яғни салық салу ауыртпалығы
алынған табыс мөлшеріне байланысты болуы керек.
2) ұтымдылық қағидасы, бұл жерде салықты берілген мемлекеттік
игіліктерден барынша көп немесе соған тең түсім алған тұлғалар
төлейді.
2001 жылғы 12 маусымда қабылданған Салық Кодексінде еліміздің өзінің
салық салу қағидалары тұжырымдалған. Олар:
• салық салудың міндеттілігі, яғни салық төлеуші салық заңдарына
сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді толық әрі уақытылы төлеуге міндетті
• айқындылығы, яғни салық төлеушілердің салық міндеттемелірінің
туындауының, орындалуының, тоқтатылуының барлық негіздері мен
тәртіптерін салық заңнамаларында бекіту мүмкіндігін көрсетеді
• салық салудың әділеттілігі, яғни Қазақстанда салық салу жалпыға
бірдей міндетті болып табылады, ал жеке сипаттағы салық
жеңілдігін беруге тыйым салынады
• салық жүйесінің біртұтастылығы, яғни Қазақстан Республикасының
салық жүйесі бүкіл ел аумағында барлық салық төлеушілерге
қатысты біртұтас болып табылады
• салық заңнамаларының жариялылығы, яғни салық салу мәселелерін
реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ресми басылымдарда
міндетті түрде жариялануға тиіс
Оңтайлы ұйымдастырылған салық жүйесі мынадай салық салу қағидаларына
негізделуі керек:
• салық заңнамасының тұрақты болуы
• салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы қатынастар құқықтық
негізде болуы керек
• салықтар салық төлеушінің табыс мөлшеріне байланысты алынуы
тиіс
• барлық салық төлеушілер заң алдында бірдей
• салық құпиясының сақталуы, т.б. 6, 28 бет
Біздің пікірімізше Қазақстанның салық салу қағидалары осы талапқа
жауап береді. Дамыған шет мемлекеттер тәжірибесі дәлелдеп отырғанындай
мемлекеттің экономиканы жанама реттеуі тікелей реттегенге қарағанда
әлдеқайда тиімдірек. Салық салу қағидалары, салық ставкалары мен
жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдарын ұтымды пайдалана білген ретте шағын
және орта кәсіпкерліктің дамуына өзіндік оң әсерін тигізеді. Мемлекеттің
экономикалық қызметі – шағын және орта бизнес өкілдерінің іс-әрекетіне
араласпай, экономика саласындағы әрекетін ретке келтіріп отыру. Соның
ішінде салықтық реттеу мемлекеттік қаржылық реттеудің құрамдас бөлігі
болып табылады. Салықтық реттеу экономикаға, экономикалық процестерге
салық түрлерін, салық ставкаларын, салық жеңілдіктерін өзгерту, салық
салудың жалпы деңгейін арттыру немесе төмендету арқылы жанама түрде ықпал
ету, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлға табысының
бір бөлігін алу арқылы олардың өндірістік және өндірістік емес мүмкіндігін
кеміту арқылы әсер ету болып табылады. Салықтық реттеудің басты мақсаты
өндірістің, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, шетелдік
инвесторларды, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру шараларын жүзеге
асыру. Бұл қызмет салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері,
салық салу әдістері тәрізді салықтық реттеу тетіктері арқылы орындалады.
Бұл жерде ескере кететін бір жайт, бұл тетіктер өзге де экономикалық
тетіктермен үйлесімді жұмыс жасағанда ғана оң нәтиже береді. Демек
салықтық реттеудің бір жағынан жиынтық сұранысқа әсер ету арқылы ұдайы
өндіріс деңгейін өзгертуге бағытталса (макродеңгей), екінші жағынан
төлеушіні ынталандыру арқылы әсер етуге (микродеңгей) бағытталады.
Сондықтан нарықтағы кәсіпкер заңды және жеке тұлғалардың, өзге
субъектілердің іскерлік белсенділігін ынталандыру, олардың бәсекелік
қабілетін арттыру, экономика салаларының қалыпты дамуына жағдай жасау үшін
салықтардың мемлекеттік басқа да реттеу құралдарымен үйлесімді қызмет
етуін жандандырған ләзім. 6, 29 бет
Елбасының халыққа арналған Жолдауында еліміздің бәсекеге барынша
қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру стратегиясы жұртшылық арасында кең
қолдауға ие болды. Соның ішінде, нарықтық экономика талабымен шағын және
орта кәсіпкерлікті өркендетуге ұмтылып жүргендер де бұл істі бәсекеге
қабілетті ету тұрғысында өз қадамдарын жасап жатыр. Қазақстан кәсіпкерлері
форумы 2006-2008 жылдарға арналған бағдарлама әзірлепті. Бағдарламаның
негізгі түйіні – еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
қосу стратаегиясынан туындап отыр. Атырауда Қазақстан кәсіпкерлері форумы
ұйымдастырған жиында бағдарламаны іске асыру бағыттары талқыға түсті. Форум
төрағасы Райымбек Баталовтың пікірінше, шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытуда қолбайлау болатын жәйттер негізінен салық саясатына қатысты
өрбиді. Өйткені, салық ставкаларын әлі де жетілдірудің қажеттігі туындап
отыр. Мұны форумның директоры Софья Айсағалиева да қуаттады.
Алдымен, дейді олар, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері үшін салық
ставкаларының төмендетілгені жөн. Бұлай болмаса, орта кәсіпкерліктің
иелері, басқаша айтқанда, бизнесмендер өндірісін кеңейтуге ұмтылыс
танытпайды. Керісінше, сауда және қызмет көрсету саласындағылар заңды тұлға
атанғаннан гөрі жеке кәсіпкерлікті қалауға ұмтылады. Ал бұл көлеңкелі
экономиканың үлесін ұлғайтуы мүмкін. Ел экономикасының өркендеуіне өзіндік
кері әсерін тигізетін көлеңкелі экономиканы құрайтын статистикалық
мәліметпен кәсіпкерлер келісе қоймайды. Неге? Статистика жөніндегі агенттік
мәліметтеріне жүгінсек, еліміздегі ішкі жалпы өнімнің 24,4 пайызын
бақыланбайтын экономика құрайды екен. Соның 13 пайызы жасырын экономиканың
үлесіне тиеді. Мұны төмендетілген мәліметтер деп есептейтін Қазақстан
кәсіпкерлері форумы жетекшілерінің пікірінше, қазір еліміздегі көлеңкелі
экономиканың үлесі бұдан әлдеқайда жоғары. Бұл әсіресе, салық, әлеуметтік
және кедендік төлемдерді төлеуден жалтарып, қарпып табыс табу үшін жұрт
көбірек ден қоятын жеке бизнесте жиі кездеседі. Енді кәсіпкерлердің өз
бизнестерін ашық әрі таза жүргізуі теңгермелі салық жүктемелері жүйесін
енгізуді талап етіп отыр.
Екіншіден, қосымша құн, әлеуметтік, сонымен қатар корпоративті табыс
салығының жоғары ставкалары да орта кәсіпкерліктің өрістеуіне кедергі
келтіреді екен. Салық төлемдерінің жоғары болуы кәсіпкерлік саласында
бәсекеге қабілеттілікті арттармайды деп пайымдайды форум жетекшілері.
Мәселен, жиһаз өндірісі саласында мол тәжірибе жинаған атыраулық кәсіпкер
Нұрлан Есқалиев Көлеңкелі экономиканы болдырмаудың жолы бар, дейді. Оның
пікіріне сүйенсек, алдымен кәсіпкерлер заңдардың қолданылуын дұрыс зерттей
білуі керек. Өз жандарына кәсіби заңгерлер мен білікті экономистерді
топтастырған кәсіпкер қай уақытта да заңға сүйеніп жұмыс жүргізеді. Салықты
да уақытында төлейді. Ешкімнің алдында пара беруге тәуелді болмайды. Жалпы
параны заң білмеген адам ғана жауапкершіліктен жалтару мақсатында ұсынады.
Егер заңдылықты жетік біліп тұрса, кім одан пара сұрайды? Міне, көлеңкелі
экономиканың түп-тамыры осыдан туындайды. 7, 10 бет
Шындығында, салық төлеуден жалтарғандардың жауапкершілікке тартылғанда
ғана парасын ұсынып, әлекке қалатыны жасырын болмас. Әрине, салық
төлемдерін ерікті түрде төлейтіндер мұндай шалыс қадамға бармайтыны
белгілі. Сол себептен өз еркімен салығын төлеп, бизнесін ашық әрі таза
жүргізетін кәсіпкерлерді тексеруде өзгерістер енгізілсе және оларды үш
жылда бір рет тексеріп тұрса деген ұсыныс әр адамның ойында деп санаймын.

1.3 Бюджет - салық саясаты

Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы
жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын
пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз
ететін бірден бір құрал.
Салық төлемі (Т), мемлекеттік шығындар (G) және жоспарланған
инвестиция I-дің белгілі бір деңгейінде тепе-теңдік өнім көлемі
Yқалыптасқанын кейнс кресі көрсетеді.
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайында да тепе-теңдік
жағдай қалыптаса береді (мұндай жағдай жиынтық сұраныстың тиімсіз болуының
салдарынан қалыптасуы мүмкін). Сондықтан да пайда болған үзілісті жою
үшін, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар
бюджетке төленетін салық төлемі (Т) мен мемлекеттік шығындар көлемінің
өзгеруі (G) арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет салық саясаты )қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттік
бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін
реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар
жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың
өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ынталандырушы бюджет салық саясаты (қазыналық экспансия) – бұл
саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою
мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп,
салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар
арқылы жүзеге асырылады. 8, 154 бет
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс
факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлеуеттің өсуіне алып
келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының
жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк
жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың
құрылымын оңтайландырумен байланысты.
Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) – экономикадағы
циклдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін,
мемлекеттік шығындар төмендеп (G), салық мөлшері (Т) жоғарылайды немесе
біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік
кезеңде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық
деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге
мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімдік кезеңде өспелі салық сынасы жиынтық ұсыныстың
төмендеуіне және және құлдыраушылық механизмін ашуға негіз болуы мүмкін.
Бұл құбылыс әсіресе төмендегі жағдайларда кездеседі: мемлекеттік
шығындардың азаюы бюджеттің барлық баптарында пропорционалды қысқарып,
жүзеге асырылп отырса және еңбек нарығының инфрақұрылымына мемлекеттік
инвестиция берілуінде басымдылық болмаса.
Мемлекеттік шығындарды тиімсіз басқарумен қатар ұзақ уақытқа
созылған құлдыраушылық экономикалық әлуеттің бұзылуына әсерін тигізеді.
Мұндай жағдай экономиканың өтпелі кезеңінде жиі кездеседі.
Қысқа мерзімдік кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттің,
салықтың және мемлекеттік шығындардың мультипликаторы әсерімен байланысты
болады. 8, 155 бет
Мемлекеттік шығындардың өзгерісін көру үшін кейнс кресін
пайдаланамыз. Мемлекеттік шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып
табылады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтар және олардың атқаратын функциялары
Салық салу теориясының негізгі концепциялары.Қазақстан Республикасының және дамыған мемлекеттердің салық салу жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстанның салық жүйесін жетілдіру
Салықтар және салық салу механизмі. Салық түрлері
Корпорация табыс салығының мәні және бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі
Салық жүйесін ұйымдастыру және оның принциптері
Салық жүйесi жайлы
Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
Салықтар және Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Пәндер