Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Әдеби шолу.

Химия - жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз - бізді айнала қопшаған материялық дүние. Бұл ьатериялық дүние адам баласының сана-сезімінен « . . . материя дейтініміз, ол біздің сезім мүшелерімізге әсер арқылы түйсік туғызушы, материя дейтініміз бізге түйсік арқылы берілетін боъективтік болмыс ».

Химия - заттардың бір-біріне айналып өзгеруән зерттейтін ғылым. Химия заттардың құрамын, құрылысын қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістерімен қабат болатын құбылыстарды знрттейтін ғылым.

Химия - өте ертеден дамып келе жатқан ілім, ол күнделікті өмірге, қажеттіліктен туған, оның металлургия, ауыл шаруашылығын, жеңіл өнер кәсіпті дамытудағы рөлі ерекше және қазіргі кездегі даму қарқыны орасан зор. Химия халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік қолданылады: өте таза металдар алудың, ғышылдар, негіздер мен тұздарды, минерал тыңайтқыштарды, бояулар мен газдан және өнеркәсіптік қалдықтардан таңғажайып экологиялық таза полимерлік материалдар, өнер кәсәптік және тұрмыс -салт бұйымдарын, ауыл шаруашылығына керектә гербецидтар мен пестицидтерді синтездеудің жаңа технологиялары дүниеге келді. Мамандар өндірісте материалдық ресурстарды өндіріп-өңдеуге химия заңдылықтарын пайдаланып, жоғары біліктілік көрсетеді.

Біз - химия ғасырының тұрған адамдарымыз. Химия біздің тұрмысымыздың, өміріміздің барлық салаларына сіңіп кеткен. Автомобиль мен кемелер, самалет пен ракеталар химиксіз жасалмайды, химиясыз орнынан қозғалмайды. Ешбір құрылыс кірпіш, цемент, шынысыз мүмкін емес, ешбір адам тамақ, киімсіз, күнделікті тұрмыстық, мәдени керекті заттарсыз тұра алмайды. Ал, осы заттардың ешқайсысы химиясыз өңдірілмейді.

Химиялық және химия өнеркәсібінің өркендеуі жалпы шаруашылықтың техникалың прогресіне ерекше әсер етеді. Осы күнгі халық шаруашылығының алуан салаларының қайсысын алсақ та, химияны, химияның жетістіктерінің нәтижесін пайдаланбайтыны жоқ .

Химия және оның жетістіктері, еліміздің экономикасы мен мідениетінің өсуінде, халық-тың хал-ахуалы көтеруінде, социализмнің материалдың-техникалық базасын жасауда үлкен орын алады.

Жалпы химия ғылымының дамуында дүние жүзінің химиктерінің еңбектері ерекше, бұлар бұрында, қазір де, алдыңғы қатардан орын алады.

Химияның ауыл шаруашылығындағы

маңызы.

Халық шаруашылығының химияландыру - ңылыми техникалық прогрестің маңызды бағыты - химияның табыстары мен әр түрлі әдістерін, химиялық материалдарды және одан жасалған бұйымдарды қоғамдық өндірістің тиімділігін жоспарлы және кең түрде арттыруда қолдану, сонымен қатар халыққа мәдени, медициналық және тұрмыста қызмет етуді жақсарту болып табылады. Әсіресе, ауыл шаруашылығын химияландыруға көп көңіл бөлінуде. Оған минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді ғорңайтын заттарды мал шаруашылығының химиялық өнімдерін және әр түрлі полимерлерді және басқа да химиялық заттарды мелиорацияда қолдану жатады. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану - ол мол өнім алудың қуатты құрамы 1т минералдық тыңайтқыш қолдану арқылы кәдімгі өнімнен артық 2т астық 1т мақта - шикізатын, 10т астам қант қызылшасын алуға болатындығы

есептелген.

Ауыл шаруашылығын химиялыандыру негізінде және органикалық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану арқылы жердің құнарлығын арттыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Ауыл шарушылығына қажетті химиялық қосымшаларды, мал азығының консерванттарын, бой өсіргіштерді және өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғайтын заттарды, әр түрлі қабықшаларды, полимерлік материалдарды және басқа да химиялық өнімдерді көптеп шығару белгіленіп отыр.

Ауыл шаруашылығының қажетті микробиологиялық синтез өнімдері толығырақ қамтамасыз етілетін сол сияқты биотехнология мен гендік инженерия саласыедағы ғылыми техникалық жетістіктер белсенді түрде өндірістерге енгізілетін болады.

Ауыл шаруашылығында өсімдіктерді әр түрлі зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғайтые минералдық тыңайтқыштарды, химиялық заттарды кеңінен қолданады. Оларды қолдану ауыл шаруашылығының өнімдерін көбейтудің ең маңызды шаларының бірі болып табылады. Елді негізі болып табыладын металдарды осы химиялық әдістердің кқмегімен алады.

Агрохимия - ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін арттыру үшін өсім өсімдіктердің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштармен т. б. химиялық заттардың тиімділігін зетттейтін ғылым. Міндетті - ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топврақ құнарын сақтау және көтеру. А өсімдік қоректенуін, тыңайтқыш пен топырақ арасындағы қатынасты, тыңайтқыштардың қасетін және олардың өсімдікдерге тигізетін әсерін, сондай-ақ әр аймаққа қандай тыңайтқыштар қолдануға болатынын зерттйеді. Агрохимия ауадан азот алу әдістерін қолдану және микроорганизмдер мен тағы басқа химиялық факторлар арқылы топыраққа азот, фосфор, калий тағы басқа элементтер өорын көбейтудің, елімізде әр аймақтың топырақ-климаттық ерекшелегін ескере отырып органикалық және минерал тыңайтыштарын, өсімдікті қорғауды қолданылатын химиялық заттар қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді, агрохимиялық зеттеулер жүргізудің әдістерін жасайды.

Агрохимия - егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Бұл химия әрі биологиалық ғылым болып есептеледі. Агрохимия әр түрлі өсімдіктердің жеке ерекшеліктеріне қарай жасаған жағдайды тексеріп, топырақ құнарын көтеруге бағытталған шаруаларды белгілейді.

Агрохимия, агрохимиялық химия - топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық процестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Диханшылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. 1761 жылы швед химигі И. Валериустың агрохимия туралы алғашқы ғылыми еңбегі жарық көрді. Бірақ сол кезеңдегі жалпы химия ғылымының даму деңгейіне байланысты агрохимия ілгерілей алмады. Агрохимияның негізін салушылардың бірі - француз ғалымы Ж. Буссенго (1836ж) . Ол өсімдіктерге тікерей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Бірақ бұл працестің ғылыми мәні ағылшын ғалымы Г. Гельригел (1886ж) және орыс ғалымы С. Н. Виноградский (1893ж) нитрофикаттану (түйнек бактерияларының ауадыңы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органикалық қосылыстарға дейін айналдыру ) процесін ашқаннан кейін түсіндірілді. Кейін неміс ғалымы Ю. Либих (1840ж) топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді, ал Дж. Лооз (1843ж) Англияда дүние жүжіндегі ең алғаш супер - фосфат шығаратын зауыт алды.

Қазақстанда Агрохимия Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институты құрылғанна кейін (1934ж) қалыптасып, дами бастады. Оның негізін салушылар ғалымдар И. И. Синягин мен К. И. Иманғазиев болды. Олар топырақ құрамыедағы фосфордың органикалық минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді. Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады. Сондай-ақ Д. И. Меденовтың жетекшелігімен Қызылорда обылысында көңнің, карбомиформның, Қаратау фосфаритінен өндірілген аммофос, метофосфат, полифосфат тыңайтқыштардың тиімділігі зеттелді. Б. С. Бәсібеков тыңайтқыштардың ауыл шарушылық дақылдарының өнімінің сапасына

әсерін, С. Б. Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтыштарының тигізетін әсерін зерттеді. Р. Е. Елешевтің ғылыми жұмыстары топырақтағы жылжымалы Р 2 О 5 , фосфат потенциалы, калий фосфатының әр түрлі негізді кластарына арналды . Агрохимияның міндеті: өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштармен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. Агрохимия топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты олардың өсімділікке тигізетін әсерін, әр аймақта ауыл шаруашылық дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолануға болатынын зеттейді. Топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, ауыл шаруашылық дақылдарының зиян кестері мен ауруларын қарсы қолданудың у - химиялық химикаттардың құрамына талдау жасайды. Өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимиялық картограммалар жасалды. Соның нәтижесінде тыңайтқыштар, гербецидтер, у - химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылды, мол өнім алудың жолдары іздестірілді. Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті мен Қазақ егіншілік ғылыми - зерханалық институты үйлестіріп отыр.

Агрохимиялық анализ -

топырақтың, өсімтіктің, тыңайтқыштың, гербецидтердің, ауыл шарушылық дақылдары зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у - химикаттардың химиялық құрамын зеттеудің лабораториялық әдісі. Топырақтың құрамы мен қасиетін анықтау үшін топырақ анализі жүргізіледі. Өсімдік анализі өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуі мен оларға қажет заттардың айналымын арнайы егістік тәжірибелерімен анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы жайында
Шіріген органикалық заттар
Аштықты жоюдағы химияның рөлі
Жалпы химия
Фосфор қышқылы
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Химиялық ыдыстар және реактивтер
Химияны оқыту жолдары
Химия сабақтарының жіктелуі
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz