Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар туралы



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Әдiлсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту ... ... 6
Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату ... ... ... ... .7
Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау ... ... 8
Жауап беруге мәжбүр ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Қинау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3. Заң бойынша әдiлсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары ... ... ... ... .13
Көрiнеу жалған сөз жеткiзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Куәнiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
4. Сот әдiлдiгiне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол сұғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Қорытыңды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қылмыстық құқықтың 19-бабының 3-тармағында көрсетiлгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнәлi деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзi адамды қылмыстық жауапқа тарту үшiн және оны қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп табу үшiн оның жасаған iс әрекетiнде белгiлi бiр қылмыс құрамының белгiлерi болуы керек екендiгiн және қылмыстық заңда көрсетiлген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар iс әрекеттi iстеу қылмыстық жауаптылықтың бiрден бiр негiзi болып табылатының айқындайды. Iс-әрекетiнде қылмыстың белгiлерi жоқ адамдар қылмыстық жауапқа және жазаға тартылмайды.
Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның iс-әрекетiнде белгiлi, нақты бiр немесе бiрнеше қылмыс құрамының белгiлерi бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерiнiң қызметтiк борышы , негiзгi мiндетi. Қылмысты дұрыс сараламаудың нәтижесiнде қылмысты iс-әрекеттi жасаған кiнәлi адамға жөңсiз жеңiл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкiн.
Қылмысты дұрыс сараламаудың өзi қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бiрi жасалған iс-әрекеттерге дұрыс, әдiл жаза тағайындау принципiне қайшы келедi.
Қылмысты дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейiн, құрылысын, қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкiндiк бередi. Iстелген қылмыстың статистикалық есебiн нақты белгiлемейiнше, ол құбылыспен тиiмдi күрес жүргiзу мүмкiн емес. Сол себептi де қылмыспен тиiмдi күрес жүргiзу үшiн оның жағдайын, сандық, сапалық көрсеткiштерiн, жасаған қылмыстардың мәнiн, қылмсыкердiң тұлғасын толық ашу қажет. Бұл мәселелердi анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргiзу өзiнiң онды нәтижелерiн бермейдi. Қылмысты дұрыс саралау сот төрелiгiн әдiл жүзеге асырудың кепiлi және заңдылық, әдiлеттiлiк принциптерiнiң iске асырылуының басты шарты болып табылады. Құқық қорғау және құқық қолдану органдары беделiнiң мәртебесiнiң биiк болуы да iстелген iс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруiне де тiкелей байланысты. Заңға негiзделген әдiл үкiм сот органдарының беделiн нығайтады.
Қылмысты дұрыс саралау – жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетiлген құқықтарын, бостандықтарын қорғаудың кепiлi болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған адамға тигiзетiн зардабы да зор. Кiнәлының iс-әрекетiн дұрыс сараламау, оның заң қорғайтын мүддесiне келтiрiлген зор кесел болып табылады. Iс-әрекеттi дұрыс сараламау салдарынан – адамға заңға негiзделмеген жаза тағайындалып қана қоймайды, ал оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкелiп соғады.
1. ҚР-ның Қылмыстық кодексi 2004ж., Алматы Жетi Жарғы.
2. Комментарий к Уголовному кодексу РК, под. ред. И. И. Рогова и С. М. Рахметова, Алматы 1999г.
3. Раликовская Ш. С., Преступления против правосудия, Москва 1978г.
4. Тяжкова И. М., Власов И. С., Ответственность за преступления против правосудия, Москва Ю. Л. 1968г.
5. Кульберг Я. М., Преступления против правосудия, Москва Госюризд 1962г.
6. Тихенко С. И., Преступления против правосудия, Киев 1970г.
7. Хабибуллин М. Х., Ответственность за укрывательство преступлений и недоносительство по советскому уголовному праву, Казань 1984г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 4
2. Әдiлсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының
жасайтын қылмыстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 6
Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту ... ... 6
Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату ... ... ... ... .7
Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау ... ... 8
Жауап беруге мәжбүр ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Қинау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн
шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..11
3. Заң бойынша әдiлсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған
адамдардың жасайтын қылмыстары ... ... ... ... .13
Көрiнеу жалған сөз
жеткiзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате
аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 14
Куәнiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы немесе
жалтаруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .15
Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 16
Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын
қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке
қатысты заңсыз әрекеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 18
4. Сот әдiлдiгiне қарсы басқадай адамдардың жасайтын
қылмыстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 19
Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 20
Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол
сұғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.20

Қорытыңды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..23

Кiрiспе

Қылмыстық құқықтың 19-бабының 3-тармағында көрсетiлгендей қасақана
немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнәлi деп танылады.
Қылмыстық заңның осы нормасының өзi адамды қылмыстық жауапқа тарту үшiн
және оны қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп табу үшiн оның жасаған iс
әрекетiнде белгiлi бiр қылмыс құрамының белгiлерi болуы керек екендiгiн
және қылмыстық заңда көрсетiлген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар iс
әрекеттi iстеу қылмыстық жауаптылықтың бiрден бiр негiзi болып табылатының
айқындайды. Iс-әрекетiнде қылмыстың белгiлерi жоқ адамдар қылмыстық жауапқа
және жазаға тартылмайды.
Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның iс-әрекетiнде белгiлi, нақты бiр
немесе бiрнеше қылмыс құрамының белгiлерi бар болған жағдайда ғана жүзеге
асырылады. Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерiнiң
қызметтiк борышы , негiзгi мiндетi. Қылмысты дұрыс сараламаудың нәтижесiнде
қылмысты iс-әрекеттi жасаған кiнәлi адамға жөңсiз жеңiл немесе ауыр жаза
қолданылуы мүмкiн.
Қылмысты дұрыс сараламаудың өзi қылмыстық құқықтың алға қойған басты
мақсаттарының бiрi жасалған iс-әрекеттерге дұрыс, әдiл жаза тағайындау
принципiне қайшы келедi.
Қылмысты дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейiн, құрылысын,
қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкiндiк бередi. Iстелген қылмыстың
статистикалық есебiн нақты белгiлемейiнше, ол құбылыспен тиiмдi күрес
жүргiзу мүмкiн емес. Сол себептi де қылмыспен тиiмдi күрес жүргiзу үшiн
оның жағдайын, сандық, сапалық көрсеткiштерiн, жасаған қылмыстардың мәнiн,
қылмсыкердiң тұлғасын толық ашу қажет. Бұл мәселелердi анықтамай тұрып,
қылмыспен күрес жүргiзу өзiнiң онды нәтижелерiн бермейдi. Қылмысты дұрыс
саралау сот төрелiгiн әдiл жүзеге асырудың кепiлi және заңдылық,
әдiлеттiлiк принциптерiнiң iске асырылуының басты шарты болып табылады.
Құқық қорғау және құқық қолдану органдары беделiнiң мәртебесiнiң биiк болуы
да iстелген iс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруiне де тiкелей байланысты.
Заңға негiзделген әдiл үкiм сот органдарының беделiн нығайтады.
Қылмысты дұрыс саралау – жеке адамдардың Қазақстан Республикасы
Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетiлген құқықтарын, бостандықтарын
қорғаудың кепiлi болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған
адамға тигiзетiн зардабы да зор. Кiнәлының iс-әрекетiн дұрыс сараламау,
оның заң қорғайтын мүддесiне келтiрiлген зор кесел болып табылады. Iс-
әрекеттi дұрыс сараламау салдарынан – адамға заңға негiзделмеген жаза
тағайындалып қана қоймайды, ал оның тағдырына байланысты көптеген
зардаптарға әкелiп соғады.

1. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
Жаңа Қылмыстық кодекстiң қабылдануына байланысты бұрыңғы Кодекс бойынша
қылмыс болып келген кейбiр құрамдар: жер аударылған орыннан, еңбекпен емдеу
немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийiнен қашып кету (бұрыңғы Кодекстiң
198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторында, тәрбие-еңбек
профилакторийлерiнде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды заңсыз беру
(ескi Кодекстiң 199-бабының 3-тармағы) қылмыс қатарынан мүлдем шығарылады.
Бұрыңғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 191-бабының 1-тармағы iстi
тергеуге немесе қарауға заңсыз араласқаны үшiн жауаптылық белгiленген
қылмыс құрамы ендi жаңа Қылмыстық кодекстiң 339-бабында көрсетiлген сот
төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi жасау
құрамымен қамтылатын болды. Анықтама жүргiзушi адамды, тергеушiнi,
прокурорды, судьяны немесе халық заседателiн қорлау (Қазақ КСР ҚК-тiң 191-
бабының 3-тармағы) құрамы iшiн ара жаңа Кодекстегi сотты құрметтеу (342-
бап) және өкiмет өкiлiн қорлау (320-бап) құрамдарына қосылады.
Жаңа Қылмыстық кодекстiң 340-бабындағы – сот төрелiгiн немесе алдын ала
тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi үшiн
жауаптылық көзделген құрамға Қазақ КСР Қылмыстық кодекстiң 173-бабының 1-
тармағындағы iшкi iстер органы қызметкерi, халық жасақшысы, анықтама
жүргiзушi адам, тергеушi, судья, прокурор және халық заседателi өмiрiне
қастық әрекет жасау құрамы iшiн ара қосылып кеткен.
Жаңа Қылмыстық кодекстiң осы тарауында сот төрелiгiнiң тиiмдi жүзеге
асырылуын қамтамасыз ететiн көптеген жаңа нормалар бар (343, 345, 348, 356,
365- баптар).
Жаңа Қылмыстық кодексте сот төрелiгiне қарсы қылмыстардың анықтамасы
берiлмеген.
Қылмыстық құқық теориясы бойынша сот төрелiгiне қарсы қылмыс деп – осы
мiндеттерi жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың, жекелеген
азаматтардың бiрқалыпты, заңды қызметiне қол сұғатын қасақана iс-әркеттердi
айтамыз.
Қылмыстық топтың обьектiсi – сот төрелiгiн және жазалардың орындалуын
қамтамасыз ететiн органдардың дұрыс қызметi болып табылады.
Обьективтiк жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстар әрекет немесе әрекетсiздiк
арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнiнен барлық құрамдар (тек
қана ҚК-тiң 357-бабында көрсетiлген – хатталған немесе иелiк етуге тыйым
салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер құрамынан
басқасы) формальдық құрамға жатады. Осыған орай осы тараудағы қылмыстар
нақты қылмыс құрамы диспозициясында көрсетiлген әрекет немесе
әрекетсiздiктердi iстеген сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субьективтiк жағынан алғанда бұл тараудағы қылмыстар тек тiкелей
қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстық ниет және мақсат көптеген қылмыс құрамы
үшiн қажеттi элемент болып саналмайды.
Қылмыстың субьектiсi жай немесе лауазымды адамдар болады.(
Қылмыстың субьектiсiне қарай талданып отырған қылмыстар мына төменде
көрсетiлген 5 топқа бөлiнедi:
1) Әдiлсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдардың
жасайтын қылмыстары көрiнеу кiнәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа
тарту (344-бап). Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату (345-
бап). Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-
бап). Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап). Қинау (347-1 бап). Көрiнеу
әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару
(350-бап).
2) Заң бойынша әдiлсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған
адамдардың жасайтын қылмыстары, көрiнеу жалған сөз жеткiзу (351-
бап). Көрiнеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы
немесе қате аудару (352-бап). Күәгердiң немесе жәбiрленушiнiң жауап
беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап). Алдын ала анықтаудың
немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету (355-бап). Судьяға
және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын
қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету (356-бап).
Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын
мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап).
3) Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын
өтейтiндердiң жасайтын қылмыстары: Бас бостандығынан айыру орнынан,
тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап). Қылмыстық-атқару
мекемесi әкiмшiлiгiнiң талаптарына қасақана бағынбау (360-бап).
Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң қалыпты
қызметiнiң тәртiбiн бұзу (361-бап).
4) Сот әдiлдiгiне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары: Сот
төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi
жасау (339-бап). Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге
асырушы адамдардың өмiрiне қол сұғу (340-бап). Сот төрелiгiн жүзеге
асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе
күш көрсету әрекеттерi (341-бап). Сотты құрметтемеу (342-бап).
Судьяға, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi
адамға, сот приставына, соттың атқарушысына жала жабу (343-бап).
Айғақтарды бұрмалау (348-бап). Пара немесе коммерциялық сатып алуға
арандату (349-бап). Жалған жауап беруге немесе жауап беруден
жалтаруға, жалған қорытыңды беруге немесе жауап беруден жалтаруға,
жалған қорытыңды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету
(354-бап). Сот үкiмiн, сот шешiмiн өзге де сот актiсiн орындамау
(362-бап). Қылмысты жасыру (363-бап). Қылмыс туралы хабарламау (364-
бап). Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және
оларға заңгерлiк көмек көрсету жөнiндегi заңды қызметiне кедергi
жасау (365-бап).(

1. Әдiлсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының
жасайтын қылмыстары
Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап)
Қылмыстық кодекстiң 344-бабында көзделген осы қылмысты жасау
азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзумен бiрге, әдiлсоттылық
мүддесiне, жәбiрленушiнiң заңды құқықтары мен бостандықтарына қылмысты
қиянат келтiре отырып, заңдылық қағидасының өрескел бұзылуына әкеп соғады.
Қылмыстың тiкелей обьектiсi прокуратура, сот, тергеу, анықтама және
басқа да осыларға теңестiрiлген органдардың дұрыс қызметi. Қосымша тiкелей
обьект жәбiрленушiнiң заңды мүдделерi (жеке бостандығы, ар-намысы,
адамгершiлiгi, қызметтiк немесе мүлiктiк мүдделерi).
Қылмыс обьективтiк жағынан алғанда көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық
жауаптылыққа тарту әрекетiн жүзеге асыру арқылы сипатталады.
Қылмыстық жауаптыллыққа кiнәсiз тарту деп – кiнәсыз адамды айыпкер
ретiнде қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығаруды айтамыз.
Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 37-бабында қылмыстық құдалауға жол
берiлмейтiн жағдайлар көрсетiлген. Қылмыстық құқық принципi бойынша
қылмыстық жауаптылықтың негiзi – iстелген iс-әрекетте қылмыс құрамының
барлық белгiлерiнiң болуы (ҚК-тiң 3-бабы) шарт. Қылмыс жасады деп айыптау
үшiн негiз беретiн жеткiлiктi дәлелдемелер болған кезде адамды айыпталушы
ретiнде жауапқа тарту туралы дәлелдi қаулы шығарады (ҚIЖК-нiң 206-бабының 1-
тармағы). Заңның осы талаптарын сақтамай адамды қылмыстық жауапқа тарту
заңға қайшы, қоғамға қауiптi iс-әрекет болып табылады. Көрiнеу
кiнәсыздықтың түсiнiгi кiнәсыздық презумциясымен тiкелей байланысты.
Кiнәсыздық презумциясына сәйкес әр адам оның қылмыс жасағандығы үшiн
кiнәлылығы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген тәртiппен дәлелденген
және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсыз деп
танылады. Ешкiмде өзiнiң кiнәсiздығын дәлелдеуге мiндеттi емес. Айыпкердiң
кiнәлылығы жөнiндегi күдiк оның пайдасына шешiледi. Қылмыстық және
Қылмыстық және Қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған
күмәндер де айыпкердiң пайдасына шешiлуi тиiс.
Сонымен заңда көрсетiлген қылмысты iстемеген кiнәсiз адамды негiзсiз
жауапқа тарту осы қылмыстың обьективтiк жағының басты белгiсi болып
табылады. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады және ол кiнәсiз
адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулы шығарған уақыттан бастап
аяқталған деп танылады.
Қылмыс субьективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен жасалады. Ол туралы
заңның өзiнде көрiнеу кiнәсыз адамды қылмыстық жауапқа тарту деп
көрсетiлiп отыр. Кiнәлi адамның көрiнеу кiнәсыз екенiн бiле тұра өзiнiң
қызмет өкiлдiгiн пайдалана отырып, оны қылмыстық жауапқа тартатынын сезедi
және соны тiлеп iстейдi. Қылмыстық ниеттiң сан алуан болуы қылмыстың ашылу
пайызын көрсетуi (айыпкердi жаңылыстырып, оған ашылмай қалған қылмысты
таңу, кек алу, қызғаныш, өзге де қара ниет ойлар т.с.с.) мүмкiн.
Заңсыз қылмыстық iс қозғау бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Мұндай
ретте кiнәлi адам лауазымды қылмыстар үшiн жауапқа тартылады. Егер сот
немесе тергеудiң қатесi бойынша адамды қылмыстық жауапқа, оның көрiнеу
кiнәсiз екендiгi анықталмаған жағдайда жауапқа тарту, көрсетiлген қылмыс
құрамын түзбейдi. Мұндай әрекеттер тәртiптiк терiс қылық немесе салақтық
болып табылады.
Қылмыстың субьектiсi – арнаулы судья, прокурор, тергеушi және анықтама
органдарының қызметкерлерi.
Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан дәл
сол әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түрi болып табылады (344-баптың 2-
тармағы). Ауыр немесе осы қылмыстардың түсiнiгi Қылмыстық кодекстiң 10-
бабында көрсетiлген.(
Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату (345-бап)
Бұл норма Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнде жеке
құрам ретiнде тұңғыш рет көрсетiлiп отыр. Бұрыңғы кодекс бойынша мұндай
әрекеттер қызмет бабына қиянат жасау ретiнде сараланатын едi. Бұл тұрғыдағы
қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi орасан, мұндай әрекеттер жауапсыздық сезiмiн
туғызумен бiрге, қылмыспен қарсы күрес шараларына кесiрiн тигiзедi, құқық
қорғау органы қызметкерлерiне iрiткi салып, олардың беделiн аяққа салады.
Қылмыстың тiкелей обьектiсi – прокуратура, тергеу және анықтама
органдарының дұрыс қызметi, қосымша тiкелей обьект – жәбiрленушiнiң
мүддесi.
Қылмыс обьективтiк жағынан алғанда прокурордың, тергеушiнiң немесе
алдын ала анықтауды жүргiзетiн адамның сезiктi немесе қылмыс жасады деп
айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы арқылы
сипатталады. Бұл қылмыс тек әрекет арқылы – қылмыстық iс қорғаудан бас
тарту немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы тиiстi құжат қабылдау жолымен
жүзеге асырылады. Қылмыс осы уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Сезiк деп – қылмыс жасады деп күмән келтiрiлiп, соған байланысты
қылмыстық iс қозғалған немесе ұсталған не айып тағылғанға дейiн бұлтарпау
шарасы қолданылған адамды айтамыз, ал айыпталған адам деп – Қылмыстық iс
жүргiзу кожексiнде белгiленген тәртiппен өзiне қатысты айыпкер ретiнде
жауапқа тарту туралы қаулы шыққан, сондай-ақ оған қатысты анықтаушы
органның бастығы айыптау хаттамасын жасап, бекiткен адамды айтамыз.
Қылмыстық кодекстiң Жалпы және Ерекше бөлiмдерiнде көрсетiлген заң
нормаларының шарттарын бұзып, қылмыстық жауаптылықтан негiзсiз босатуды
заңсыз босату деп айтамыз.
Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде қылмыстық iзге түсудi болдырмайтын
жағдайлар тұжырымдалған (37-бап). Осы көрсетiлген жағдайлардан басқа
негiзде қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық iстi қысқарту
заңсыз деп танылады. Бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңсыз
босату туралы қаулы шығару орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субьективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстық
ниет және мақсат сан алуан болуы мүмкiн: танысына жәрдем ету, туыстарының
өтiнiшiн орындау, аяушылық бiлдiру т.с.с. Егер қылмыстық жауаптылықтан
көрiнеу заңсыз сыйақы алуға байланысты болса, онда кiнәлының әрекетi
қылмыстардың жиынтығы (311,345-баптар) бойынша сараланады.
Қылмыстың субьектiсi – арнаулы. Ол заңда тiзбектелiп көрсетiлген. Құқық
қорғау органдарының қызметкерлерiн (прокурор, тергеушi, анықтама жүргiзушi
адам).(
Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау (346-бап)
Қылмыстық кодекстiң 346-бабында екi бiрдей қылмыс: 1) көрiнеу заңсыз
ұстау; 2) көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау үшiн жауаптылық
белгiленген. Бұл әрекеттердiң қоғамға қауiптiлiгi сол Қазақстан
Республикасының Конституциясында көзделген әркiмнiң жеке басының
бостандығына құқығын (16-баптың 1-тармағы) өрескел аяққа басады. Азаматты
ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау тек қана заңға негiзделiп жүзеге
асырылуы тиiс.
Қылмыстың тiкелей обьектiсi - әдiлсоттылықтың мүддесi, қосымша тiкелей
обьект – жәбiрленушiнiң жеке бостаңдығы, азаматтардың басқадай (мүлiктiк,
тұрғын үй, ар-намысы) мүдделерi.
Қылмыстың обьективтiк жағы көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
қамауда ұстау әрекеттердi арқылы жүзеге асырылады.
Заңсыз ұстау деп Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделмеген негiздер
бойынша адамды еркiнен айырып, шара қолдануды айтамыз.
Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң талаптарына көрiнеу қайшы түрде
бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды заңсыз қамау деп түсiнген жөн.
Бұлтыртпау шарасы ретiнде қамауға алыңған адамды одан әрi ұстауға негiз
болмаса да, оны босатудың орнына оны одан әрi тұтқында ұстауды заңсыз
тұтқында ұстау деп түсiнемiз.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс заңсыз ұстау, қамау немесе
тұтқында ұстау әрекеттерi орын алған сәттен бастап аяқталған деп саналады.
Субьективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Заңда
көрсетiлген көрiнеу деген сөздiң өзi осы iс әрекеттiң тiкелей немесе жанама
қасақаналықпен жасалаиының бiлдiредi. Қылмыстық ниет әр түрлi болуы
мүмкiн,ол қылмысты саралауға әсер етпейдi.
Қылмыстың субьектiсi – адамды ұстауға, қамауға алуға, тұтқында ұстауға
құзыретi бар адамдар. Олар – прокурор, тергеушi, анықтама жүргiзушi адам,
сондай-ақ босатылуға жататын адамды одан әрi тұтқыннан босатпаған тұтқын
орнының бастығы.
ҚК-тiң 346-бабының 3-тармағында заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
тұтқында ұстау ауыр зардаптарға (қамалған адамның ауыр науқасқа душар
болуы, өлуi немесе өзiн-өзi өлтiруi, т.с.с.) әкелiп соққаны үшiн жауаптылық
белгiленген.(
Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап)
Азаматтық және саяси құқықтар жөнiндегi халықаралық пактi (1966 ж.),
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы алдын ала тергеу және
анықтама жүргiзу сатысында күш қолдануға мүлдем тыйым салады. Мұндай
әрекеттердi қолданудың өзi қылмыс.
Осы қылмыстың обьектiсi – тергеу немесе алдын ала анықтаушы органның
бiрқалыпты дұрыс қызметi. Қосымша обьектi – азаматтардың жеке басына қол
сұғушылық.
Қылмыс обьективтiк жағынан алғанда тергеушiнiң немесе алдын ала
анықтауды жүргiзушi адамның тарапынан күдiктiнi, айыпталған адамды,
жәбiрленушiнi, куәгердi жауап беруге, не сарапшына қорытыңды беруге
қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер қолдану жолымен мәжбүр
ету арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың жәбiрленушiсi күдiктi адам,
айыптаушы, жәбiрленушi, куә, сарапшы болып табылады. Қылмыс құрамы
формальдық, ол заңда көрсетiлген әрекеттердi iстеген сәттен, кiнәлының алда
қойған мақсатқа жеткенiне не жетпегенiне қарамастан аяқталған деп танылады.
Мәжбүр ету өтiрiк жауап беруге немесе шыңдықты айтуға не болмаса сарапшыдан
кiнәлыға қолайлы қорытыңды берудi талап ету арқылы iстелуi мүмкiн. Олар
заңда көрсетiлген көптеген тәсiлдердi: қорқыту, бопсалау немесе өзге де
заңсыз iс-әркеттердi қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Жәбiрленушiнi немесе оның жақын туыстарын қамайтын, күш қолданып жанын
қинаймын, жағдайын қиындатып, қылмыстық жауапқа тартамын, жақын
туыстарынмен кездестiруге тыйым саламын, тағы сол сияқты әркеттер қорқыту
деп танылады.
Жәбiрленушiнiң өзiн немесе жақын туыстары жөнiнде масқаралайтын
мәлiметтердi жариялау туралы немесе олардың отбасының құпиясын (мысалы бала
асырап алғаны туралы) жұртқа жаямен жеген әркеттердi iстеу бопсалау деп
танылады.
Өзге де заңсыз iс-әрекеттерге жауап алудың арандатушылық тәсiлдерiн
қолдану, жалған дәлелдемелердi ұсыну, жақындарымен кездестiруге жалған уәде
беру, тұтқыннан босатамын деп өтiрiк уәде айту, гипноз наркотикалық
нәрселердi қолдану арқылы жауап алу сияқты амалдар жатады.
Субьективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстық
ниет субьективтiк жақтың қажеттi белгiсiне жатпайды, лоар әр түрлi болуы
(кек алу, пайдакүнемдiк, қараниеттiк т.с.с.) мүмкiн.
Қылмыстың субьектiсi – арнаулы заңда ол тергеушi немесе алдын ала
анықтауды жүргiзушi адам деп дәл көрсетiлiп отыр.
Қинау (347-1-бап)
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1984 жылғы арнаулы конвенциясында жауап алуда
азаптау тәсiлдерiн қолдануға тыйым салынған. Қазақстан Республикасы қол
қойған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және
арнамысты қорлайтын iс-iрекеттер мен жазалаулардың түрлерiне қарсы
конвенцияның орындалуы үшiн Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнде
адамды қинап жауап алу амалдарын қолданғаны үшiн қылмыстық жауаптылық
белгiленген. Қылмыстық Кодекстiң 347-1-бабы бойынша: тергеушiнiң, анықтауды
жүргiзушi адамның немесе өзге де лауазымды адамның қиналушыдан немесе
үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасады немесе
жасады деп күдiк келтiрген iс-әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе
үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп
бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейi тән зардабын және
психикалық зардап шектiруi қинау деп танылады.
Қылмыстың обьектiсi тергеу, анықтама органдарының бiрқалыпты, заңды,
дұрыс қызметi. Қосымша тiкелей обьект – жекелеген азаматтардың өмiрi,
деңсаулығы, адамгершiлiк қасиеттерi. Қылмыс обьективтiк жағынан алғанда
тергеушiнiң, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның немесе өзге лауазымды
адамның қиналушыдан немесе өзге адамнан қинау арқылы жауап, сәлiметтер
алуы, оларға тән азабын және психикалық зардаптар шектiру арқылы
сипатталады.
Қылмыстық кодекстiң 347-1 бабының ескертуiнде лауазымды адамдардың
заңды iс-әрекеттерi нәтижесiнде келтiрген тән зардабы және психикалық
зардап қинау деп танылады. Яғни қинаудың өзi екi түрлi iс-әрекеттiң: тән
зардабы және психикалық зардаптардың жиыңтығы болып табылады.
Тән зардабына әр түрлi жарақаттар келтiру жатады. Оларға жәбiрленушiнi
немесе үшiншi адамды ұрып-соғып, жеңiл, орта дәрежелi жарақаттар келтiру
арқылы олардан мәлiметтер алу немесе оларды мойындату немесе басқа бiр
адамдар жөнiнде деректер жинау.
Егер күш қолданудан жәбiрленушiнiң деңсаулығына қасақана ауыр зиян
келтiрiлсе немесе ол қазаға ұшыраса, онда мұндай әрекет қылмыстардың
жиынтығы бойынша сараланады.
Тән зардабын келтiрудiң тағы бiр тәсiлдерi: жәбiрленушiнiң денесiн
күйдiру, электр тоғын пайдаланып жауап алу, дене мүшелерiн ауырту,
саусағына ине тығу, ұзақ уақыт сусыз, тамақ бермей ұстау, қйқы бермеу болып
табылады.
Психикалық зардап келтiруге жәбiрленушiлердi өзi туралы, туыстары
туралы жалған немесе өмiрде одан алған келеңсiз мәлiметтер тарату,
отбасылық, жеке өмiрi туралы құпияларды таратамыз деп қорқыту, сондай-ақ
олардан қажеттi жауап, мәлiметтер алу үшiн оларға қарсы наркотикалық
нәрселердi, басқа да дәрi-дәрмектердi олардың деңесiне ету, гипноз қолдану,
бопсалау әрекеттерi жатады.
Қинау әрекеттерi тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның, өзге
лауазымды адамның заңды қызмет құзыретiне байланысты жүзеге асырылады.
Қинау тәсiлдерi заңда былай көрсетiлген: қиналушы немесе үшiншi адамнан тән
немесе психикалық зардабын келтiру арқылы өзiне немесе өзге қарсы
мәлiметтер алуға мәжбүрлеу, iс-әрекеттерi мойындату; немесе iстеген iс-
әрекеттi басқа адам iстедi деп жала жаптыру; жәбiрленушiнiң шын мәнiндегi
iстеген қылмысын қинау тәсiлi арқылы мойындату және т.б.
Қинау арқылы жауап алынған адам – осы қылмыстың жәбiрленушiсi болып
табылады.
Субьективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстық ниет субьективтiк жақтың қажеттi белгiсi емес, олар әр түрлi
болуы мүмкiн (қылмысты iстi жылдам ашу, ашылмайтын қылмыстың болмайтындығын
дәлелдеу, жасалған қылмысты iс-әрекеттi басқаға қарсы бұру т.с.с.).
Қылмыстың субьектiсi – арнаулы заңда ол тергеушi, анықтауды жүргiзушi
адам немесе өзге лауазым адам деп көрсетiлген. Өзге лауазым адамдарына
тергеу, анықтама органдарының бастықтары, оперативтiк қызметкерлерi және
т.б. жатады.
Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару
(350-бап)
Қылмыстың обьектiсi – сот жүйелерiнiң бiр қалыпты қызметi, әдiлсоттылық
мүддесi, оның беделi.
Қосымша тiкелей обьект – жәбiрленушiнiң, заңды тұлғалардың құқықтары
мен бостандықтары.
Қылмыстың затына – сот үкiмi, шешiмi немесе өзге де сот актiсi (қаулы,
қорытыңды) жатады.
Обьективтiк жағынан бұл қылмыс тек әрекет арқылы iстеледi. Құрылысы
жөнiнен қылмыс формальдық құрамға жатады және ол судьяның (судьялардың)
көрiнеу әдiлетсiз сот өкiсiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығарған
уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Iстiң жағдайларына және материалдық
немесе iс жүргiзу заң талаптарына көрiнеу қайшы шығарылған сот актiлерiн
әдiлетсiз үкiм, шешiм немесе өзгеде сот актiсiн шығару деп түсiнген жөн.
Бұлар қылмыстық iс бойынша сот үкiмiнiң жиналған дәлелдемелерге сай
емес жағдайда шығарылуы, қылмысты дұрыс сараламау, әдiлетсiз жаза шараларын
белгiлеу, iстi сотталушының сыртынан қарау, оны қорғану құқығынан айыру,
заңсыз сот құрамымен iстi қарау т.с.с. арқылы, ал азаматтық iстер бойынша
талапты негiзсiз қанағаттандырмау немесе дәлелдемелерi жоқ талапты
қанағаттандыру, iстi заңсыз өндiрiстен қысқарту немесе оны қарамай тастау,
келтiрiлген зиянның иөлшерiн орынсыз ұлғайту немесе азайту, негiзсiз
жұмысқа қайта орналастырудан бас тарту арқылы көрiнiс бередi. Әкiмшiлiк
құқықтық қатынастардан пайда болатын iстер бойынша да әдiлетсiз сот
актiлерi орын алуы (мысалы азаматтардан салық түрiн заңсыз өндiру,
әкiмшiлiк орындарының немесе лауазымды адамдардың терiс әрекеттерi туралы
азаматтардың шығының қанағаттандырмай тастау т.с.с.) мүмкiн.
Субьективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен жасалады. Мұның өзi
заңның мазмұнынан тiкелей туындап отыр. Онда “көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн,
шешiмiн өзгедей сот актiсiн шығару” деп тура көрсетiлген. Қылмыстық ниет
(пайдакүнемдiк, кек қайтару, өзара қатынастардың қайшылығы, қара ниеттiк
т.с.с.) болуы мүмкiн.
Пара алған жағдайда әдiлетсiз үкiм шығару – қылмыстардың жиыңтығын
құрайды.
Заңсыз үкiм, шешiм немесе өзгедей сот актiлерi судьяның (судьялардың)
көрiнеу кәсiптiк бiлiктiгiнiң жеткiлiксiздiгiнен дәлелдемелердә дұрыс
бағаламаудан, iске салақтықпен қарау салдарынан, яғни сот қателiгiне жол
берiлуiне байланысты орын алса, онда iстi нақты мән жайларына қарай кiнәлi
адам тәртiптiк жазаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің жүйесі
Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
Қылмыстық кодекстің 346 - бабында екі бірдей қылмыс
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
Өз ақыл-ойын тәрбиелеу
Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйелері
Пәндер