Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих факультеті
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі
Орындаған: Сейтқазиева М.
Ғылыми жетекшісі: Садуақасова З. Т
т. ғ. д., профессор
Алматы 2008 ж
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3-5
І тарау. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің ауыл шаруашылығындағы ерлігі . . .
ІІ тарау. Соғыс жылдарындағы қазақ әйелдерінің өнеркәсіптегі ролі…
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес үкіметі тұсында ғылым мен қоғамдық өмір комунисттік партияның қатаң бақылауында болғаны белгілі. Аз ұлттардың тарихы, соның ішінде тамыры тереңнен бастау алатын қазақ халқының тарихы барынша бұрмаланып, ұлттың қамын жеген зиялыларымыздың еңбегіне «халық жауы» деген атақ бергізіп, батыр аналарымызбен ағаларымыздың батырлық еңбегін жасыруға тырысқаны бүгінгі күні анықталып отыр. Әрине, бұл еліміздің сан жылдар бойы аңсаған егемендігімізге қол жеткізіп және тарих жазудағы қатаң идеологиялық шектеуден құтылғандығымызбен тікелей байланысты. Бұрынғы уақыттарда тарихи зерттеулерде айтылмай жүрген тақырыптарға еліміздің тарихшылары батыл бара отырып, қазақ тарихының көлеңкелі тұстарын ашуға ұмтылуда. Осы кезекте әлі де тыңғылықты зерттеулерді қажет ететін тақырыптардың бірі - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы көрсеткен ерлігі болып табылады.
ХХ ғасыр адамзат баласы үшін біраз тосын жаңалықтарға толы болғандығы рас. Осындай тарихи оқиғалар желісінде адамзат баласы үшін қаншама қайғы-қасірет алып келген Ұлы Отан соғысының тарихта алар орны ерекше. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен тылдағы жұмыстарды өз қолына алуға мәжбүр болған әйелдер еңбегі мемлекеттің тиісті органдарымен заңдастырылып, Ұлы Жеңіске орасан зор үлес қосқан тылдағы әйелдер Отан үшін, Жеңіс үшін, отбасы үшін және өзі үшін аянбай еңбек етуге мәжбүр болды. Тылдағы әйелдер Отан алдындағы борыштарына үлкен жауапкершілікпен қарады. КСРО Қорғаныс Халық Комисариатының 23 ақпан 1946 жылғы бұйрығында: «Біздің бүкіл халқымыз, қолын қалт еткізбей, күні мен түні майдан үшін, Жеңіс үшін еңбек етті. Жұмысшылар, интелегенциялардың және әйелдердің еңбегінсіз, олардың матриалдық және моралдық көмегінсіз Қызыл Әскер жаудан асып түсуі мүмкін емес еді. »- деп тылдың роліне осылай деп баға берген еді.
Қолбасшы Г. К Жуков: «Тыл жеңістің жартысы, немесе одан да көп» деген сөзі тыл еңбегінің жоғары екендігін дәлелдей түседі. [1]
Кешегі ғаламат соғыс жылдарымен тұстас келген сол кездегі әйел адамдардың көзқарасы ілгері үмітке жетелеген бүкілхалықтық энтузиазм мен отаншылдық рухында қалыптасқан еді. [2. 4б. ] . Ал, аталып өткен тақырыбымыз немесе мәселеміздің тарих ғылымында және өскелең ұрпақты ұлтжандылық сезімінде тәрбиелеуде алар орны ерекше болғанымен, Отандық ғылымда толық талданып, өзінің тарихи бағасын ғылыми негізделген түрде әлі де болса толықтай ала алмады.
Қазіргі таңдағы ұлттық санадағы терең өзгерістер, қоғамдық дамудағы тың серпіндер Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қазақ әйелдерінің ерлігі мәселесін жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеуді күн тәртібіне қойып отыр. Әйтсе де, бүгінгі күні жоғарыда көрсеткен тарих жазудағы қатаң идеологиялық қысымның болмағандығына қарамастан аталған мәселе тарихнамада толық талданбаған.
Осыдан келе мынадай ой түйіндейміз, біріншіден, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі туралы нақта мәселе көп жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс келген, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық және жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеуде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің айғағы.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, автор нақты тарихи материалдар негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы ерен еңбегін олардың тарихи бейнесін ашып көрсету мен зерттеуді диплом жұмысының басты мақсаты етіп алды. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленген:
- Ең бастысы әрине, қарастырып отырған мәселеміздің пайда болуына түрткі болған Ұлы Отан соғысы және сол тұстағы тарихи жағдайға баға беру:
- Тылдағы ерлер жұмысын өз қолдарына алған қазақ әйелдерінің аталмыш салаға тартылуының мемлекеттік қаулымен және адамдық борыш түсінігімен негіздеу
- Қазақ әйелдерінің тыл жұмыстарының түрлі салаларындағы қызметтеріне баға беріп, ерліктерін мейлінше ашып көрсету
- Тарихтағы кейбір олқылықтар немесе сол тұста айтылмай қазір таңдағы айтылуы тиіс мәселелерді көрсетіп беру
Диплом жұмысның хронологиялық шеңбері. Зерттеу 1941-1945 жылдар аралығын қамтиды. Осы аралықта Ұлы Отан соғысының басталуы, ерлердің жаппай Отан қорғау мақсатында Қызыл Армия қатарына алынуы мен мемлекеттің арнайы қаулысы, тылдағы жұмыстың әйелдер қолына өтуінің басты себепкері ретінде қарастырыла келе, қазақ әйелдерінің көзсіз ерлігі, олардың өз бастарынан өткізген және көрген қиыншылықтары мен еңбегінің уақытында тиісінше бағаланбағандығын көрсетеді. Сол тұстағы тарихи жағдай мен қазақ әйелінің бейнесі толықтай ашылып көрсетілген.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Жалпы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы әйелдер ерлігі мәселесі Кеңестік тарихнамада біржақты жазылып, «ұлы орыс ұлты», яғни аталмыш жұмыстардағы орыс әйелдерінің ерлігі барынша насихаттала түсті. Ал, ерлігі ұрпаққа аңызға айналған қазақ әйелдерінің ауылдаық, қалалық жерлердегі Ұлы Жеңіске қосқан үлесін орыс әйелдерінің ықпалында болып жатқан құбылыс дегенге сайатын еңбектер көптеп шыққандығы бүгінгі күннің шындығы.
Қарастырып отырған мәселеміз, яғни қазақ әйелдерінің Ұлы Отан соғысындағы тылдағы ерлігі жайлы біраз еңбектер шыққан. Атап өтер болсақ, осы мәселе төңірегінде М. Қ Қозыбаевтың «Казахстан как арсенал фронта» [б. ] атты еңбегіне баса назар аударып атап өткеніміз жөн. Аталған еңбекте қарастырып отырған мәселеміз әр қырынан көрсетіліп өткен. Яғни, қазақ әйелдерінің тылдағы соның ішінде ауыл шаруашылығындағы, ауыр және жеңіл өнеркәсіптегі сіңірген ерен еңбектері барынша ашып жазылған. Рас, еңбектің кеңес үкіметі тұсында жарыққа шыққанын ескере отырып, еңбектің ішінде комунисттік идеологияның айқын басымдылығын аңғару қиын емес.
Аталған тақырыбымыз яғни, қазақ әйелдерінің тылдағы ерен еңбегі жайында жарық көрген еңбектердің қатарына біршама авторлардың еңбектерінің жинағы болып шыққан «Казахстан в годы Великой Отечественной войны» [2. 4б. ] зерттеулер жинағын жатқыза аламыз. Аталған жинақ ішінде сол заманғы белді тарихшылардың осы мәселе төңірегіндегі зерттеулерін тауып, диплом жұмысы барысында қолымыздан келгенше қолдануға тырыстық. Мысалы: Балақаевтың «Колхозное крестянство казахстана в годы Великой Отечественной войны» [2. 4б. ] атты зерттеуінде аталған мәселеміз жақсы көрсетілген. Алайда, бұл аталған зерттеуде мәселеміздің яғни, қазақ әйелдерінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл шаруашылығындағы ерен еңбегі айтылған. Бұл зерттеу диплом жұмысы барысында барынша қолданылды.
Сонымен қатар, аталған жинақта К. И Желтякованың «Всенародная помощь трудящихся Казахстана фронту» [2. 4б. ] атты зерттеу жұмысы бар. Аталған еңбекте Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жалпы халықтың Жеңіс үшін қосқан зор үлесін айта келе, Кеңес үкіметі идеологиясының басты назар аударған халықтар достастығы насихатталған. Комунисттік партияның сьездері және ондағы қарастырылғын мәселелердің керек жақтарын айтып кеткен. Ал, біздің қарастырып отырған мәселеміз аталған зерттеуде сәл де болса бейнеленген.
Аталған еңбектің атына ұқсас және бір зерттеулер жинағы ол: «Казахстан в годы Великой Отечественной войны» [2. 4б. ] атты еңбек болып табылады. Бұл аталған жинақтың ішіндегі негізгі қарастырылып өткен мәселелердің ішінде біздің тақырыбымызда көрініс берген. Мысалға алатын болсақ: Н. Едігеновтың «Социалистические соревнанование рабочих промышленности Казахстана в период войны» [2. 4б. ] атты зерттеу жұмысы бар. Аталған зерттеуде автор Ұлы Отан соғысы барысында халықтардың еңбегінің өнімдідлігін артыру мақсатында ұйымдастырылған социалисттік жарыстар және ондағы тылдың майданға тигізген көмегін ашуға тырысқан.
Сонымен қатар, Ю. И Романовтың «укрепление энергетической базы республики в военные годы» [2. 4б. ] атты жұмысы диплом жұмысы барысында барынша қолдандық. Алайда, қарастырып отырған диплом тақырыбымызға тек жанама мағлұмат берсе де, ондағы материалдан сандық көрсеткіштер келтірдік.
Осындай зерттеулер қатарына Е. Ш Ибраевтың «Самоотвержный труд свекловодов в годы войны» [2. 4б. ] атты жұмысты жатқызуға болады. Ондағы ауыл шаруашылығы, соның ішінде қызылша өсіру ісі, ондағы қазақ әйелдерінің ролі ерекше айқындалып, олардың қол жеткен табыстары, рекордық көрсеткіштері көрсетілген. Аталған мәселемізді зерттеу барысында осы аталған еңбектерді терең пайдаландық деп айтуға болады.
Сонымен қатар, қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі жайында біраз мәліметтер беретін зерттеулердің қатарына Қосуақ Т. А «Азапты аластаған арулар» [2. 4б. ] ; Бейсембина Р. И «Рабочие пищевой промышленности в годы Великой Отечественной войны»; [2. 4б. ] Ибраев Е. Ш «Трудовые подвиги трудящихся Южного Казахстана в Великой Отечественной войны» [2. 4б. ] Мұхитов К. С «Ұлы Отан соғысы қарсаңынымен соғыс жылдарындағы Қазақстан мұнай өнеркәсібінің даму тарихы (1938-1945) » [2. 4б. ] атты зерттеулері мен тағы да басқа еңбектердің негізгі тұжырымдамалары диплом жұмысы барысында қолданылып, олардың көзқарастары шамамызша талданды.
Мәселемізге жанама болса да, мәлімет беретін еңбектердің қатарына Жақыпбеков С. К «Первая фабрика Казахстана» [2. 4б. ] атты зерттеуін жатқыза аламыз. Аталған еңбекте қазақ әйелдерінің ауыр өнеркәсіптегі еңбектері көрсетіліп, бейнеленген және де Ұлы Отан соғысының басталуынан бастап, ерлер орнын жоқтатпаған қазақ әйелдерінің өнеркәсіптерге тартылып, қаншама рекордтық жетістіктерге жеткендігін көрсетуге тырысқан. Сонымен, қатар қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі жайында мағлұмат беретін зерттеулер қатарына біз В. Басиннің; С. Дейнекиннің; А. Байшиннің; П. Беланның; Н. Едігеновтың; А. Жамасұлтанованың; К Оразовтың және Покровский мен Г. Шибановтың еңбектерін жатқызамыз.
Біздің қарастырып отырған мәселеміз, яғни қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі жайында баспасөз беттерінде жақсы жазылып, зерттелген. Атап айтар болсақ:
Көлбаевтың «Майдан және тыл қаһармандары» атты мақаласы және Абдукадыровтың «Они помогли фронту» атты зертеуі мәселеміздің мәнін аша түседі. Диплом жұмысы барысында баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларды келтіретін болсақ, олар төмендегідей:
Ыдыросов Т «Қаһарман қыздар бейнесі», Сәрсенбекова Ш «Тылдағы әйелдер», Азясская Н . Ф., Шипков В. А «Великая Отечественная в контексте современности», Б. Сайлан «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жастар ұйымы» және тағы басқалар. Бұл аталған еңбектердің ең басты ерекшілігі оның жазылу заманына байланысты. Себебі, Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектердің басты ерекшілігі оның жұмысшы табының ерен еңбегі барынша насихатталып, тарихи шынайылықтан біршама алыстылған. Мысалы, жұмыс нәтижесін асырып көрсету және тағы басқалар. әрине, сол тұстағы ғылымның комунисттік партияның идеологиясына бағыныштылығы жағдайды осылай шешкен болатын.
Ал, тәуелсіздік тұсындағы еңбектерде біршама шынайы жазушылық байқалады.
Жоғарыда аталған зерттеулер мен мақалалар диплом жұмысы барысында кеңінен әрі, барынша қолданылды.
Диплом жұмысының деректік негізі. Әрине, аталған мәселеміздің деректік негізін сол заманғы үкімет қаулылары, тарихи жазбалар немесе зерттеулер болып табылады. Жалпы, сол соғыс кезінде тарихи зерттеудің бірнеше жанры пайда болды. Ең алғашқы болып құжаттар жинағы шығып, басшылардың мінбеден сөйлеген сөздері мен жоғарғы қолбасшы И. В Сталиннің айтқан сөздері баспа беттерінде жарық көріп, біздер үшін тарихи дерекке айналды. Сонымен қатар, мемлекеттік қайраткерлер М. И Калинин, А. А Жданов, Е. М Ярославск, Н. М Шверник пен А. С Щербаковтың еңбектерін келтіруге болады. Осындай тарихи деректерде Қазақстанның негізігі тыл аймағы екендігін баса назар аудара отырып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы атқарған қызметі мен алған ролдін көрсетіп өткен.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін төмендегідей жаңалықтар жасадым. Мысалы:
- ғылыми жұмыста тылдағы қазақ әйелдерінің ерлердің орнын басудағы негізгі себептеріне толық талдау жасалды.
- тылдағы қазақ әйелдерінің ерлер орнын басуының мемлекеттік қаулы бойынша және адамгершілік принцип тұрғысынан заңдастырдық
- қолда бар, яғни табылған деректер мен зерттеулер негізінде тылдағы қазақ әйелдерінің шаруашылықтың әр саласындағы көрсеткен еңбектерін шынайы көрсеттік
- сол тұстағы тарихи жағдайдың және қазақ әйелдерінің еңбегін бағалаудағы кері әсерлерге деген саясаттың ықпалын анықтадық.
Диплом жұмысының сыннан өтуі. Аяқтау жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстаннның жаңа және қазіргі заманғы тарихы кафедрасында дайындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диплом жұмысының құрлымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің ауыл шаруашылығындағы ерен еңбегі
Қолына қару ұстап, фашистер басқыншылығына қарсы күресте Қызыл Армияның қатарында сапқа тұрып, ерлік көрсеткендердің үлесінде Қазақстандықтар алдыңғы орында тұрды. Қазақстан халқы майдан даласында ғана емес, тылдағы еңбек майданында да ерен ерліктер көрсетті Күн-түн демей еңбек етіп шаруашылықтағы жұмысты тоқтатпады. Жеңіске деген сенім әрбір Қазақстан азаматының көкірегінде ұялады. Сондай сеніммен еңбек майданында жан аямай күреске шыққандардыңбірі, қазақ әйелдері болды. Соғысқа кеткен әкелері мен ағаларының орнын басқан олар тыл майданында қажырлы қайрат жүмсай білді. Олар мұндай жолда белсенді күшке айналып, соғыстағы жеңіске ықпалын тигіздІ.
Соғыстың қысылтаяң кезеңінде емшектегі баласын жөргекке орай салып, кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан олардың жарлары мен аяулы ата-анасын, туыстарын, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен шығара алады. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майданда да, тылда да есі жаңа кіріп келе жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген Жамбылға дейін отандастарымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты.
Майдандағы сұранысты қанағаттандыру үшін материалдық және адамдар ресурсы, барлығы жұмылдарылды. Жұмысшылардың соның ішінде заводтар мен фабрикадағы, колхоздағылардың қажырлы енбегі және интелегция өкілдерінің шығармашылдық ойлары майдан мүддесіне бағытталды. Сын сағатта Отанымыздың барлық адамдары өз жұмыстарың «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» деген ұранмен байланыстырды. Адамдар колхоз алқаптарында, шахталарда, домна пештерінде жұмыс атқарып, майдан қажеттілігін өтеді.
Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін ауыл шаруашылығы саласын жолға қою күрделі жағдайда жүрді. Астық жинау науқанының алдында механизатор кадрлардың басым көпшілігі майданға кетті. Бұп туралы ақпарат беретін мәліметтерге жүгінсек тракторшыпардың құрамының 56%-ы, комбайншылардың арасында 45%-дан астамы, қомбайншыпардың көмекшілерінің 60%-ына жуығы 25 жасқа дейінгі жастар болды (1) .
Майдандаға жұмысқа қабілетті ауыл шарушылық жұмысшыларының кетуі, соның ішінде механизатор және т. б кадрлар орнын колхоз жұмысын адам әрі жылжыту үшін басқалары басуы тиіс еді. Соғыс басталысымен осындай міндеттер қойылды. Әрине, қосымша күш тарту өздігінен бола салмайтын құбылыс еді. Ол үшін алдымен ұзақ уақыт үгіт-насихат жұмысы жүргізілуі тиіс еді. Үкімет аз уақыт ішінде әйелдерді еңбекке тарта білді. Әйелдердің саяси және еңбек белсенділігі осындай қиын сәтте кадр мәселесін шеше алуына үлкен жағдай жасады.
Адамдардың саны жағынан Қазақ КСР соғысқа дейінгі кезенде 5 орында болды. 1941 жылдың қаңтарыда жұмысшылар саны 1350, 1 мың адамды құрады. Колхоз құрылысына 1084, 1 мың адам атсалысса, соның 577, 2 мыңы әйелдер еді. Бұл мәліметте түсінетіміз колхоз құрылысында әйелдер күші көп болды.
Бұл уақытта ауыл тұрғындарының саны азайды. Мысалы, 1942 жылдың 1 шілдесінен 1943 жылдың 1 маусымына дейін республиканың халық шаруашылығы арасында Қызыл Армияға кеткен еңбек резервінің 873316 адамның 750 мыңы ауыл шәруашылығынан алынған жұмысшы колонналары, өнеркәсіп кәсіпорындары мен құрылысқа аттанды. Армия қатарына қалаға қарағанда ауылды жерлерден көбірек алынды. Оған қоса азат етілген аудандарға тек 1943 жылдың езінде республикадан тракторшылар, бригадирлер, механизаторлар, МТС басшылары, барлығы 5 мың адам жіберілді (3) .
Соғыс азат етілген аудандарды жабдықтау мен қорғанысты қатайтуға қажетті күштерді керек етті. Тек соғыстың бірінші көзеңінің өзінде республикадағы трактор паркінің жалпы қуаты 20% қысқарды. 1943 жылы азат етілгөн аудандарға Қазақстан ауыл шаруашылығынан Қызыл Армияға 4111 трактор, 90 комбайн, 338 комбайн моторлары жәие 1184 жүк автомашинасы жіберілді. Барлығы соғыс жылдарында қорғанысты қатайту мақсатында ауыл шаруашылығынан 14 мың машинадан 7, 5 мың машина және 30318 ат әкетілді. Трактор паркінің 32, 7% 10 жылдан аса уақыт пайдаланылды. Соғыс жылдары өнеркәсіп ауыл шаруашылығына қажетті құрал жабдықтарды барынша шектеді. Егер 1942 жылы өнеркәсіп МТС пен колхоз, совхоздарға 9 млн. сомға қосымша құрал жабдықтар өндірсе, 1943 жылы барлығы 3 млн. сомға, яғни үш есеге қысқартты (4) .
Ауыл шаруашылық машиналардың техникалық ахуалының нашарлуы мен олардың санының аздығы бірте-бірте жеке машиналарға ауыртпалығын түсіріл, астық себетін алқаптарды игеру қиынға тусті. Бұл жағдай ауыл шаруашылық майданымен күресті күшейтуге шақырды. Соғыс ауыл шаруашылық тұрғындарының сандық және сапалық құрамына өзгеріс әкелді. Онда жастар мен әйелдердің салмағы басым түсті. 1944 жылы республиканың егіншілері 1 млн. 200 мың адамды құраса, оның 730 мың адамы, яғни 60%-ы 14 пен 23 жастағылар еді.
Колхоздардың жыл сайынғы есебіне сай Қазақстанда 1942 жылда 1 қаңтарда 6809 колхоз болған. Сол колхоздардың 491200 еңбекке жарамды еркектер мен 593407 әйелдер болса, олардың жас шамасы 16-дан жоғары еді. Әйелдер колхоз алқабының 60-65 құрады. Сол тұста өндірістегі әйелдер саны 26, 2 дан 45, 2 дейін өссе, ал ауыл шаруашылығында 2-2. 5 өсті.
Міне, осындай қалыптасқан жағдайда майданға кеткен ерлер орнын басқан әйелдер жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. Мысалы: Павлодар облысы Н. К Крупская колхозында 1940 жылы әйелдер жұмыс күнінің 10765 өтесе, ал 1942 жылы 36456 жұмыс күнінің әйелдерге 20263 тура келіп, бейбіт күндегі мөлшерден 9498 күн артық болды.
Жалпы, елде жұмысқа қабілетті әйелдер 56 пайызды құраса, ал Қазазқстанда 46 пайыз болдды. Ауыл шарушылығының механизатор кадрларының 9 пайызы әйелдер құрап, соғыстың алғашқы 3 жылында олар 49 мыңға өсті. АҚШ-ң соғыс өндірісіінің басшысы Уильям Батт бұл турасында 1942 жылы былай деді: « Мен КСРО-мен Одақ болу мақсатында келісім-шартқа отыруға бара жатқанымда түрлі ойларға өзім жеңдірдім. Себебі, мұндай соғысқа тартылған бұл ел осындай сынақты көтере алар ме екен деп те ойладым. Ал, мұнда келіп, Жеңіс үшін тіпті, әйелдердің өзінің ерен еңбегін көріп алдыңғы ойларымнан бас тартуыма мәжбүр болдым» дейді.
Соғыс әйелдердің еңбек белсенділігін бірден жоғары көтерді. Мысалы: Батыс Қазақстан облысының Теректі аудыны Чапаев колхозының 220 әйелі мен «Хлебороб» шығып, жоғары ұйымдастырушылық пен жинақтылық көрсетті. Ал, Семей облысының механизатор әйелдері былай деп жазды: «Қазіргі таңда біздер үшін игере алмайтын мамандық түрі жоқ. Ұлы Жеңіс үшін барлығы да біздің қолымыздан келері анық» деген еді.
Соғыстың алғашқы күнінен қазақ әйелдері егін алқабы мен мал шаруашылығы фермаларында екпінді еңбектің үлгілерін көрсетті. Олар соғыстың алғашқы жылында егін жинауда айтарлықтай табыстар кіргізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz