Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АЙМАҚТАРЫ
- Қазақстан территориясын табиғи-
географиялық аудандастыру
- Қазақтанның ерекше қорғалатын
табиғат территорияларын ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
1. 3 Ерекше қорғалатын аймақтардағы туристік жағдай
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Адамның іс-әрекеттері Қазақстанның табиғи ландшафттарының келбетін өзгеріске ұшыратты. Үлкен өзгерістерге тірі табиғат ұшырады: өсімдік жамылғысы сиреді, жануарлар ареалдары қысқарып, кейбір түрлері мүлдем жойылып кетті (мысалы, Балхаш маңында жолбарыстың жойылып кетуі), ормандар, сексеуілдер мен талдар көлемі қысқарды. Шөлді және таулы аймақтарында табиғи қоректену көрсеткіші азайды. Көп ғасырлар бойы жиналған жер асты сулар қоры азайды. Қазақстанның өзендер мен көлдері ластануда. Ландшафттар өндіріс шығарылымдарымен, жер қабатының біртұтастығының бұзылуынан пайда болған шаңдармен ластанды. Орманды дала массивтерінде жер эрозиясы пайда болды. Адамның шаруашылық әрекетіне ықпал етілмеген бірде-бір ландшафт қалмаған.
Табиғи ландшафттарды қорғау маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Табиғи ландшафттарының болашағын болжау, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен қорғау, табиғатты қайта қалпына келтіру өте маңызды. Осы мәселелер географиялық және биологиялық стационарларда жүргізіледі. Стационарлар зақым келтірілмеген табиғат эталоны болып табылады, яғни ерекше қорғалатын аймақтар. Бұл құнды және сирек кездесетін жануарлар мекен ететін дәне өсімдік өсетін, шарушылық әрекет жүргізуге тыйым салынған белгілі бір жердің аймағы болып табылады. Біздің елімізде бұл территориялар ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады. Мұнда табиғат құбылыстарының табиғи өтуі, жабайы табиғатта өзара байланыстары зерттеліп, табиғатты пайдаланудың рационалды жолдар қарастырылады.
Қазақстан территориясында уникалды ландшафты кешендер орналасқан. шөлдерден биік таулы белдеулер мен іші теңіздер экожүйелері. Мемлекеттің экономикалық өсі үрдісіне сей табиғи ресурстарды пайдалану мәселелеріне сәйкес табиғатты қорғау өзекті мәселе болып қала береді.
Қазақстан биологиялық алуантүрлілікті сақтау Конвенциясының бір жағы ретінде (№918 1994 жыл 19 тамыздың Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы) биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен қорғау бойынша өзінің міндеттері бар. Ерекше қорғалатын табиғи территориялары туралы Заң Қазақстан Республикасының Конституыиясына, 2030 жылға дейін ерекше қорғалатын табиғи территорияларды орналастыру туралы қаулыға негізделген.
Қорғалатын территориялардың қорларының дамуында 2004 жылы парламент талқылауында «мемлекеттік табиғи қорық қорының даму мүмкіншіліктері мен мәселелері» атты өткізілген тыңдаулар маңызды орын алады. Мұнда Қазақстандағы табиғатты территориалды қорғаудың жүйелерінің дамуына байланысты мәселелері қарастырылып оларды шешу жолдары талқыланды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы қабылданды. Стратегия Қазақстан 2030 жылға дейін таза көгаландырылған мемлекет, таза ауасы мен мөлдір суы бар мемлекетке айналуы керек деп жариялады. Бұл мақсаттарға жету құралдарының бірі ерекше қорғалатын табиғи территориялары.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын территорияларын «экологиялық тор» ретінде классификациялау қиынға соғады. Дегенмен, Іле Алатауында, Жоңғар Алатауында және Алтай аймағында территориалды мемлекет ішілік экологиялық торлар құрылуда. Мемлекеттік деңгейде Батыс Тянь-Шань, Алтай Саянда экологиялық тор элементтері құрылуда. Басталған жұмыстар және құрылып жатқан әдістер барлық табиғи кешендер бойынша (орман, дала, орманды дала, шөл, шөлейттер, су маңы мен су экожүйелері) қарастырылуы қажет. Бұл кешендер бойынша экологиялық жүйе құру тау аймақтары сияқты өзекті мәселе болып қала береді.
Бұл күрделі міндеттерді қтаң антропогенді жағдайда қарастыру және орындау күрделі мәселе болып табылады. Бұл жағдайда сирек кездесетін және бірігей флора мен фауна түрлерін, өлі табиған нысандарын сақтау ерекше қорғалатын табиғи территориялардың репрезентативті жүйесін құру арқылы ғана жүзеге асады.
Жұмыстың мақсаты: биологиялық алуан түрлілікті сақтау, табиғи нысандары мен табиғи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Алтын-Емел ұлттық саябағының мысалында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғат территорияларын дамыту жолдарын анықтау.
Берілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталған:
- Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғат территорияларының анализін жасау;
- Алтын - Емел ұлттық табиғат саябағының
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒАТ АЙМАҚТАРЫ
1. 1 Қазақстан территориясын табиғи-географиялық аудандастыру
Қазақстан Республикасының жері солтүстікте Батыс Сібір жазығынан, батысында Оңтүстік Орал мен Каспий теңізінен, шығыста және оңтүстікте мемлекеттік шекараға дейінгі жерді алып жатыр. Ұшы қиыры жоқ дала, шөлейт, құмды және сазды шөл жазықтар мыңдаған шақырымға созылып жатыр. Бұл тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы ең шуақты, ыстық және құрғақ жерлер. Қазақстан территориясы 2724, 9 мың шаршы шақырымды құрайды. Территориясының көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орынды алады.
Қазақстан территориясы негізгі ылғал түсіруші - мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде, қоңыржай климат белдеуінің оңтүстік бөлігінде. Биік жоталар бөгет болып Оңтүстік Азияның муссондарының бұл жаққа өтуіне жол бермейді. Жерорта теңізінің циклондары да Қазақстанға сирек келеді. Сондықтан мұндағы климат өте континентті, жазы бұлтсыз ыстық, қысы салқын, ал солтүстігінде тіпті суық болады.
Геологиялық құрылысы, даму тарихы және қазіргі сипаты жағынан Қазақстан территориясының беті кейбір жерлеріне жемірілген тауларымен қоса жазық бөлікке және Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін созылып жатқан биік таулы белдеуге кіретін таулы бөлікке бөлінеді.
Жері жазық келетін Батыс Сібір бірте-бірте, ал кей жерлерінде аласа сатылы болып Қазақстанның қыратт жазықтарына айналады бұл жазықтар оңтүсткте Тянь-Шань тауының бөктеріне дейін созылып жатады. Территорияның батысынлда белесті жазық Торғай үстірті орналасқан. Бұл жазықтардың орталық бөлігінде қатты жеміріліп кеткен таулар - Қазақтың ұсақ шоқысы көтеріліп тұрады.
Қазақстанның қыратты жазықтарынан батысқа, Каспий теңізіне дейін дерлік және Торғай үстіртінен оңтүскке қарай Мойынқұм шөлдері бар Тұран ойпаты жалғасып келеді. Ойпаттың әр жерінде қысқа қырқалар және жартасты шоқылар оқта-текте кездесіп отырады.
Қазақтың ұсақ шоқысының геологиялық құрылысы күрделі болып келеді. Бұл жер палеозой дәуірінде пайда болды. Қазақтың ұсақ шоқысы палеозой дәуірінің барлық кезеңіндегі (пермнен басқасы) қатпарланған шөгінді және түрі өзгерген (метаморфтық) тау жыныстарынан құралған: оларды гранитті және басқа көптеген интузиялар бөліп тұрады. Геологиялық құрылысы палеозойда тау түзілу қозғалысы вулкан атқылауымен бірге болып отырғанын көрсетеді. Сол уақыттан бері бұл ежелгі таулар аса қатты жеміріліп, ұсақ шоқыға айналды.
Тұран ойпаты палеоген, неоген және төрттік дәуірлерінің тұнба жыныстарының аса қалың қабаты басқан ежелгі қатпарлы негізгі (фундаментті) бар плита болып табылады. Мұнда мұнайға, жанар газға, күкіртке және басқа пайдалы қазбаларға бай кен орындары бар.
Қазақстан климаты айқын континентті болып келеді: жазы ыстық әрі аңызақ, ал қысы біршама суық болады да қар аз түседі. Күннің горизонттан жоғары көтеріліп, жазда бұлтты күндер аз болатындықтар жазықтың төселме беті қатты қызады да осыған байланысты онда континентті тропиктік ауа массалары қалыптасады. Қазақстан солтүстігіндегі шілде айындағы орташа температура +25 о С жуық, ал қаңтар айының орташа температурасы -15 о С. Тұран ойпатының оңтүстігіндегі шілде айындағы орташа температура +30 о С болады, ал қаңтар айындағы орташа температурасы -2 о С дейін барады.
Шығыс сібірдегі Қазақстан территориясында қыста ауа қысымы басым келеді, күн ашық, аязды болады. Шығыс бөлігінде аяз кейде -50 о С дейін барады. Солтүстік шығыстан қатты, аңызақ жел соғып, ол жиі-жиі боранға айналып отырады, мұның өзі қыстың шыңылдыр аязын күшейте түседі. Қатты жел қарды үріп әкетеді, сондықтан топырақ терең тоңданады. Қазақстан жазықтарынжа қыс ТМД-ң еуропалық бөлігінің осы екендігінен суықтау келеді. жазықтарынжа қыс құбылмалы, жылымықпен қатар қатты аяз да болады. Қар қалың болмайды. Оңтүстік аудандарында ауа райы өзгерген кезде қар тез еріп кетеді, ал солтүстігінде көк тайғақ болып, малдың жайылуын қиындатады. Қысқы ауа раайының құбылмалы болуы Ираннан келетін жылы ауаның немесе Жерорта теңізінен циклондарының келуінен болады. Олар кейде температураны шұғыл жоғарылатып, жауын-шашынды ала келеді. Арктикадан немесе Сібірден келетін суық ауа күнді суытып жібереді.
Тауда қыс әрі суық, әрі ұзақ келеді. 3000 метр биіктікте қаңтар айындағы суқ Жаңа жер аралындағындай болады.
Қазақстанда климаттың қуаңдығынан ағын суы ұдайы арылмайтын өзендерінің саны аз, олардың ішіндегі ең маңыздылары Есіл, Ертіс, Торғай. Мұнда өзеннің құрғақ арналары, уақытша су жолдары мен көлдер көп. Дүние жүзілік мұхитқабір тамшы суы да бармайды. Арал теңізіне Амудария өзені құяды. Сырдария және Амудария өзендері басын таудағы мәңгі мұздар мен қардан Орта Азия елдерінен алады.
Қазақстанның солтүстігі әр түрлі шөптесіг астық тұқымдас дала зонасына жатады, ал оңтүстігіне қарай бірте-бірте шөлейт және шөлге, ал ең оңтүстігінде құрғақ субтропикалық зонаға ауысып отыратын аңызақ селеулі бетегелі далаға айналады.
Тауларда биіктік белдеуіне сәйкес 1200-1500 метр биіктікте бетеге мен селеу басым келетін таулы аңызақ дала ұшқат пен итмұрын бұталары қаптап өскен шалғындарымен алмасып отырады. Одан жоғарыда орман белдеуі, одан биікте ішінде өскен әр түрлі гүлдермен құлпырған альпі шалғыны, ал одан да жоғарыда таулы тундра мен мұздықтар жатады. Тауларда жануарлар дүниесі алуан-алуан болады. Орман белдеуінде сібір елігі, қасиетті бұғы, сілеусін, қабандар мекен етеді. Құздарда тау ешкілері мен архарлар, сондай-ақ ірі жыртқыш - ілбіс болады.
Торғай үстірті Қазақстанның қыратты мен шөлейтті зоналарында жатыр. Территорияның ортасына таман солтүстіктен оңтүстікке қарай Торғай қолаттары созылып жатыр, оның ойпаңында тізбектеліп көптеген көлдер орналасқан. Бұл ойпаң Торғай үстірті мен Қазақтың ұсақ шоқысын бөліп тұр.
Территорияның батыс бөлігі белесті жазыққа шыңдары тегіс аласа қыраттар (төрткүл таулары) тән. Бұлар сатылы террасалар мен ежелгі өзендерден пайда болған құрғақ қолаттарға қарай құлайды.
Қазақтың ұсақ шоқылары арасында тегістелетін бетінде жартасты аласа шоқы қырқалары мен қатты жыныстарынан түзілген жеке қыраттар көтеріліп жатыр. Шоқылардың етегі мен беткейлерін борпылдақ шөгінділерінің қалың қабаты жауып жатыр. Ойпаттарында көлдер кездеседі. Ұсақ шоқының батыс бөлігі едәуір тегістелген; шығысында гранит пен кварциттен түзілген оқшауланған таулы массивтері 1565 метр дейін көтеріледі.
Құрғақ дала мен шөлейтте көктемде ылғал мөлшерінің жеткілікті кезінде тез өсіп жетілетін: қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ сияқты эфемер өсімдіктері қаулап өседі. Жаз шығысымен бұл өсімдіктер сарғайып қурап кетеді. Жазда жаңбыр сирек жауады, ол қатты нөсер түрінде түседі де, топырақты аз ылғалдандырады. Жауын-шашынның жалпы жылдық мөлшері көп емес. Күзге қарай ауа райы ашық, желсіз болса да, күндіз жылы болғанымен, түнде суытып температура баяу төмендей бастайды.
Ұсақ шоқының солтүстігінде қара топырақты селеулі бетегелі дала тараған. Оңтүстікке қарай олар ашық түсті каштан және қоңыр топырақта өсетін бетегелі-жусанды өсімдіктерімен алмасады.
Шамалы сор басқан аймақтарында ақ жусан, ал сортаң жерлерінде қара жусан өседі. Олармен бірге сораң шөптердің алуан түрі де өседі. Мұнда жердің бетке қабатында тез еритін натрий және калий тұздарының кристалдары бар, кейде олар ойдым-ойдым дақ тәрізді жер бетінде көрініп тұрады, тұзы мол сор топырақтар және жер асты суларының деңгейінің төмендеуінен сордан пайда болатын сортаң топырақтар кең тараған. Мұндай жағдайда тұздың көбі жоғары қабаттардан төменгі қабаттарға қарай шайылып кетіп отырады да сор жерге қарағанда, өсімдіктердің едәуір қалың болып өсуіне қолайлы жағдай туады.
Ұсақ шоқының орталық бөлігі орманды далаға ұқсайды. Мұндағы ойпаңдарда ыза судың шығатын жерлерінде жақын шағын қайың тоғайрлары ал солтүстікте - көк терек аралас қайыңды қарағайлы ормандар жиі ұшырасады. Гранитті массивтерінің жартасты шыңдарында және құмда қарағай ормандары өседі. Олардың әсіресе көл жағалауларында өскендері ерекше сұлу көрінеді.
Ұсақ шоқыда дала, шөл, орман аңдары мекен етеді. Олардың ең көп тараған түрлері ақ бөкен - қарақұйрық, дала күзені, қарсақ, қосаяқтар, құстардан, безгелдек, бозторғай, бауырымен жорғалаушылардан жылан, кесіртке, тасбақалар мекен етеді. Ормандарында түлкі, борсық, сілеусін, бұлдырық, ақ және сұр кекілдік мекен етеді.
Қазақтың ұсақ шоқысынан оңтүстік жағынан тастақты, кейде сазды, ағынсыз ойыстары бар жатық белесті жазық Бетпақдала жалғасады, онда сор немесе ащы тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жазықта әр түрлі шөптесін өсімдіктер өсіп, мамыр айына қарай қурап кетеді. Жазда тек жантақ, жусан және сортаң шөп қана өседі.
Маңғышлақ түбегінде аласа тау сілемдері созылып жатыр, олардың аралығында сортаңды терең ағынсыз ойыстар орналасқан. Ең төмені - Қарақия ойысы.
Маңғышлақ пен Арал теңізінің аралығында Үстірт шөлі орналасқан. Жан-жағының бәрі дерлік тік жарлы - жарқабақтармен шектелген. Олардың биіктігі ондаған метрден 300 метрге дейін жетеді. Жарқабаттар сайлармен тілімденген. Олар үстіртке шығатын жол қызметін атқарады. Үстірттің беті ойдым-ойдым сортаңды суы ащы көлшіктер және жусан мен сораңның сирек бұталары кездесетін тегіс сазды жазық.
Каспий теңізінен шығысқа қарай тұран ойпатының шалқар шөл жазғы созылып жатыр. Ал оңтүстік пен оңтүстік шығыс жағынан тау белдеуімен шектеледі де, солтүстігінде және шығысында біртіндеп Қазақстанның қыратты жазығына айналады. Тұран ойпаты бүтіндей шөлді зонаға жатады.
1. 2 Қазақтанның ерекше қорғалатын табиғат территорияларын ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
Қазақстан Республикасының территориясында 10 мемлекеттік табиғи қорықтар мен 10 мемлекеттік ұлттық саябақ, екі мемлекеттік резерват, 56 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 5 мемлекеттік қорғалатын аймақ, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіші орналасқан.
Ерекше қорғалатын табиғат территорияларының жалпы ауданы 21118, 7 мың га, оның ішінде заңды тұлға статусы бар территориялар - 3769, 1 мың га құрайды. бұл еліміздің территориясының - 1, 4 % құрайды. Бұл көрсеткішке қарағанда, еліміз орташа дүние жүзілік деңгейден қалып бара жатыр. Халықаралық стандарттар бойынша мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғат аймақтары мемлекет территориясының кем дегенде 10-12 пайызын құрау керек. Ресейде ерекше қорғалатын табиғат территориялары 136, 6 млн. га жер, бұл ел территориясының 7, 58 % құрайды. Ресейдегі мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтар жүйесі 85 жыл бойы құрылды, қазіргі таңда бұл мемлекетте жалпы ауданы 33, 5 млн га жер алатын 100 мемлекеттік табиғи қорықтар, 7 млн га ұлттық саябақ орналасқан. 1992 жылдан бері Ресейде 26 жаңа қорық пен 18 ұлттық саябақ құрылды. Сонымен қатар, 22 қорық пен 1 ұлттық саябақ территориялары кеңейтілді.
Экотуризм саласындағы мемлекеттік басқару мен қадағалау процессі әлем елдерінде айтарлықтай айырмашылығы жоқ: қоршаған ортаны қорғауды мемлекет тарапынан қадағалуы, салық жүйесін дұрыс ұйымдастыру, экотуризмнің даму үрдісін басқарудағы ең қолайлы механизмдерін таңдау, ресурстық потенциалын таңдау. Дегенмен, әр аймақтарда экологиялық туризм өзінің ұлттық ерекшеліктеріне, тарихы географиялық орналасуына, халқының психологиялық ерекшеліктеріне, әлеуметтік - мәдени жағдайына сай ұйымдастырылады.
Сирек кездесетiн өсiмдiк түрлерi, орман алқаптары, жабайы аңдары мен құстары, судағы балықтары, жалпы табиғаттың керемет туындылары мемлекеттiк қорғауға алынатын қорықтық аумақтарды ұлттық саябақтар деп атайды. Ұлттық саябақ ерекше экологиялық, тарихи, табиғи қорықтарды, ағарту, ғылыми-мәдени және туризм үшiн табиғи кешендер мен нысандарды қорғайтын, экологиялық-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу мақсатында пайдаланылады.
Бүгiнде статистикалық деректер бойынша әлемнiң 106 елiнде 1000-нан астам ұлттық саябақ бар көрiнедi. Олардың ең iрi әрi танымалдары АҚШ, Канада, Оңтүстiк Америка, Африка мен Австрия секiлдi елдерде орналасқан. Дүние жүзi бойынша барлық ұлттық саябақтардың аумағы 230 миллион гектар жердi алып жатыр. Бұл жер бетiндегi құрғақ жердiң 1, 6 пайызына тең.
Жалпы Ұлттық саябақтарды қорғау ережесi мен жүйесi сол бақтар орналасқан мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси, экологиялық және т. б ерекшелiктерiне тiкелей байланысты. Тарихи оқиғалардың аумалы-төкпелiлiгi бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы қабылданған «ерекше жағдайдағы табиғи территорияларды қорғау туралы» концепцияның шетелдiк заңдардан басқаша бағытта дамуына әкеп соқты.
Сондықтан да бiздiң Қазақстан аумағындағы ұлттық саябақтар мәселесi кенже қалып келдi. Қазiргi кезде олар дамудың алғашқы кезеңдерiн бастан кешiп жатыр десе де болады. Күнi бүгiнге дейiн бақтарды дамытудың ықтимал жолдары қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, нормативтi базалар жеткiлiктi түрде дамымаған, бұл мәселелермен айналысатын мамандардың жетiспеуi де қиындық туғызуда. Айтылған жайттардан басқа да әлi шешiлмей жатқан өзектi мәселелер қаншама?. .
Қазақстандағы ұлттық саябақтарды сөз етпестен бұрын азды-кем осы шаруада алдына жан салмайтын бiр ғасырдан астам тарихы бар АҚШ қорықтары мен ұлттық бақтары жайлы айтып кетсек. Мүмкiн бiзге сабақ болар.
Бiздiң елдi айтпаған күннiң өзiнде Кеңес Одағы тұсында Америка ұлттық саябақтарының пайда болғанына 100 жылдан асып түстi. Ресми дерек көздерiне сүйенсек, бүгiнде АҚШ-та 400-дей ұлттық саябақтар мен қорықтар тiркеуден өткен. Әрине, бұл сан бiздiң елдегi кез келген азаматтың аузын аштыртып қояды. Жалпы Америкада алғашқы ұлттық бақ осыдан 130 жыл бұрын пайда болған екен.
Оның негiзiн салушы ретiнде жабайы табиғатты қорғаушы, қорық шаруасының пионерi мен идеологы саналатын Джон Мюир айтылады. Сол кездегi АҚШ президентi Теодор Рузвельттiң өзi Мюирмен тiкелей байланыста болған деген деректер де жиi ұшырасады. Дж. Мюир сондай-ақ Америкадағы ең беделдi «Сьерра-Клуб» экологиялық ұйымының президентi болған.
Ол 1874 жылы «Иағһ» журналындағы мақаласында: «мен бұл дүниеде табиғаттың шынайы сұлулығына тәнтi болатын адамдардың көзiн ашу үшiн өмiр сүремiн» деген екен. Өзi кезiнде ақтардың табаны тие қоймаған Америкадағы үндiстердiң жабайы да сұлу табиғатын тамашалап, жер жаһанды көп кезген адам болған. Мюир өз кезеңiнде биоцентристiк көзқарасты ұстанған болатын, сондықтан ол адам да табиғаттың бiр бөлшегi деген пiкiрдi алға тартты.
Оның 1896 жылы АҚШ орман шаруашылығының бастығы Пинчотуға Ұлы шатқалдағы тарантуланы өлтiруге жол бермегенi тарихта оқиға ретiнде жазылған. «Әрбiр адам баласы секiлдi оның да өмiр сүруге құқы бар» деп Мюир табиғаттағы кез келген тiршiлiк иесiнiң ең алдымен өзi үшiн тiршiлiк ететiнiн үнемi айтып жүредi екен.
Дегенмен, жабайы табиғаттың жауқазындарын табыс көзiне айналдыруды ойлап тұратын пайдакүнемдер Американың талай керемет жерлерiне ауыз салады. Сан-Францискодағы Хетч-Хитчи ұлттық саябағын сақтап қалу жолында ол талай күрескен де едi. Бiрақ 1873 жылы Вудро Вильсонның әкiмшiлiгi Ақ үйге жайғасқаннан соң, 63-Конгреске Сан-Франциско штатының атынан аталған саябаққа бекет орнату туралы заң жобасы ұсынылады. Дж. Мюир басқарған ұйым мен ұлттық саябақтарды қорғау қоғамы, Йосемитск ұлттық саябағын қорғау Ұлттық комитетi бұл iске жұртты жаппай жұмылдырды.
Көпшiлiк осы мәселе жөнiнде Президентке үндеу жолдайды да. Бүкiл елдiң жүздеген журналдары мен газеттерi жұртшылыққа арнап ұлттық бақты қорғайтын мақалалар жариялады. Сол кезеңде Хетч-Хитчи ұлттық саябағының жабайы байлығының көзiн құрту әрекеттерi АҚШ-тың ұлттық мәселесiне айналған-ды. (бiздiң елiмiзде ұлттық саябақты ұлт мәселесiне айналдыру былай тұрмақ, ол туралы бiреу бiлсе, бiреу мүлдем бейхабар) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz