Педагогикалық үрдісте жаңа техпологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БОЛАШАҚ» АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОРТА МЕКТЕБІ
БАЯНДАМА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕ ЖАҢА ТЕХПОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ, БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ІЗДЕНІСТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ
ОРЫНДАҒАН: тарих пәні мұғалімі Өмірова н.
АЛМАТЫ, 2010
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру.
Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі қарастырылған.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті - технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі - мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы - оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді
“Технология” деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кәсіп және logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. .
Еліміздің білім беру жүйесінде жаңа технологиялардың біршама қатары өсіп келеді. Бұл білім саласындағы жан-жақты ізденістің өркен жайып, үлкен шығармашылық ізденіске ұласу бағытын көрсетеді.
Білім беру саласындағы жаңа технологияларға негізделген өзгерістер, жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін, ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, даралап, саралап оқыту педагог қауымның басты міндетіне айналуда.
XX ғасырдың 80-жылдары Ресейде жаңашыл - мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болады. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті ( сүйеніш кескіндер, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т. б. аса айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясын бағытын авторитарлықтан демократиялыққа ізгілік бағытқа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш. А. Амонашвилиді - бастауыш сынып оқушыларын эксперименталды жаңашалап оқытуды атау керек. Ш. А. Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы іспеті оқытудың бір реттік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қорытындысы, оның негізгі идеясы “О начальной ступений образования, построенного на принципах гуманно-лияностной педагогики” деген еңбегінде баяндалған.
Академик М. П. Иванов - коммунарлық тәрбие әдістемесінің ұжымдық істің әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А. С. Макаренконың идеясын дамыта түскен жаңашыл педагог. Жаңашыл - педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік ерекшелігі ұжымдық еңбек ісіндегі тұлғаның субъективтік позициясы.
Санкт-Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е. Н. Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік-этикалық курс ретіндегі берудің жүргізудің бірегейлі тұжырымдамасын жасады, ол идея әрбір оқушыға адам болып қалыптасуына көмектеседі. Ұстаз мақсатты басшылыққа ала отырып жас өспірімге өз күшін тексеруге оның өзіндегі ең жақсы тұлғалық қасиеттерін айтуға, гуманизммен адамзаттық биіктеріне әкелуге көмектеседі. Е. Н. Ильиннің әдебиет сабақтары - ол адамды қалыптастыру процесі, ол тек өмір, өнер оқу сабағы, ол оқу ғана емес кестедегі сағат емес.
СССР Халық мұғалімі В. Ф. Шаталов дәстүрлі класс-сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың интенсивтендірудің технологиясын жасап, практикаға енгізеді.
В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс-әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігін сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагог И. П. Волков шығармашылықты дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырды, осыған сай тұлғаның қабілеттері баланың оқудан тыс іс-әрекетін еркін алу негізінде бірізді қалыптасады.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ. О. Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ынтымақтастық педагогикасын адамгершілік педагогикасы ретінде қарастырады. Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков және т. б. ) .
Республика мектептерінде 1989 жылдан бастап атаулы мектептерді ашу кезеңі басталады. Олардың ішінде, СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнер мектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьеваның мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлеваның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі. Республикалық деңгейдегі атаулы мектептердің мақсаты тұлғаның өзін-өзі көрсетуге, оқытудың бірегейлі және тиімді “технологиясын” іздеуге қолдау жасау болады.
Морин Монтессордың (1870-1952) мектебі ақыл-ойды саусақтардың өте нәзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мәнерлі ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға негізделген. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік “Элко” корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мәдениеті, ерікті қозғалыс пәндерімен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пәндер макеттендіру, моделдеу, хор, бал билері, гүл өсіру, сахна өнері, молдау жүргізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тәрбиелеу деңгейі жеке бағаланады.
С. Ферне (1896-1996) мектебінің әдістемелік тәсілдері біздің республикамызда әсіресе бастауыш кластарда көптеген мектептерде қолданылады. С. Ферненің әдістемесі баланың өзінің жеке тәжірибесініне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тән қабілетті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл тұжырымдаманың практика жүзінде жүзеге асуына “ерікті тестер” мен “мектеп типографиясы” қызмет етеді.
Жалпы оқытудың типтерін, стильдерін (яғни технологияларын) таңдап алу білім беру саласына, білім беру парадигмасынан дидактикалық тұжырымдамалардан неше оқыту теориясынан, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерден, ұстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты. Біз өз тәжірибемізде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземіз. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, эссе, өлең жолдарын құрастыруды, қиялдауды үйренеді. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда «Бетпе-бет», «Жұлдызды сәт» сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, тарихи басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы әдістерін халықтық педагогикамен байланыстыра отырып, 8-сыныпта өткізген «Абылайдың хандығы» тақырыбындағы сабақта қазақтың аты шыққан ханы Абылайдың тарихтағы орнын көрсетуді, Абылай ханның балалық шағын, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуын қазақ халқының бастан өткізген ауыр кездерімен байланыстыра отырып түсіндіруді мақсат етіп қойдым. «Абылай кім?» деген сұраққа ассоциация жасау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сабақ жоспарын үш тақырыпшаға бөлеміз:
- Абылайдың балалық шағы, ата тегі.
- Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі батырлар.
- Үш жүздің ханы - Абылай.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz