Түрік қағанаты (552-756 жж.)


Түрік қағанаты (552-756 жж. )
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ. ) Қазақстанмен Орта Азияның және Шығыс Еуропаныңэтникалық және саяси картасын едәуірмөлшерде өзгертті. У ғ. Түріктілді теле (тирек) тайпаларының хисапсыз көп топтары Солтүстік Моңғолиядан бастап, Щығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға кең жайылып қоңыстанады, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді.
VI ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет - Түрік қағаната өқіметінің қоластына қарайды, олардың билеушілері түрік тайпасының, Ашындар әулетінен шығып отырған. Қағанат ұйымдасқанға дейінгі түрік этносының өзінің құрылу тарихына келсек, ол III ғ. VI ғ. ортасына дейінгі Ганьсу, Шығыс Түркістан мен Алтай аймақтарында бірте-бірте сатылып құрылған.
«Түрік» атының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінен кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктердісюнну-ғұндар деп атаған. 546ж. Алтайда теле тайпасы қыруар әскерінің талқандалуы салдарынан түріктерге 50 мың үйдің келіп қосылуы себепті олар кәдімгідегідей күшейеді. 552 ж. Көктемінде түріктердің бастаушысы Бумын өздерінің билеушісі аварларға (Жуань-жуаньдар) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық әлеуметтік Бірлестіктің атысы - Бумын-қаған (553 ж. Қаза табады) болады. Оның мүрагері Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солт. Қытай мемлекеті алым-салық төлеп тұрады.
Отырықшы тайпалар байлығына ие болуы үшін түріктер Орьа Азияға қарай ұмтылады. Бұл арада олар қарауындағы жерлері Каспий теңізінен Солт. Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан эфталиттермен кездеседі. 561-563 жж. Иранмен эфталиттерге қарсы одақ құрады. 564 ж. Иранның шахы Хосроу Ануширван (531-579 жж. ) эфталиттерден аса маңызды стратегиялық Тохарстан облысын тартып алады. 587 ж. Бұқара түбінде түріктер эфталиттердің негізгі күшінің қүл-талқанын шығарады. Иран мен Батыс түрік қағанатының саяси ықпал жасау аймақтардың шекарасы Амудария болады.
Түріктермен олардың билігінде болған соғдылар Византиямен тікелей сауда байланысын орнатуға ынтызар еді. Иран бұған кедергі жасайды. 568 ж. Соғды көпесі Маниах түрік қағанының елшілігін Константанапольге бастар барады, онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасалады. Парсылар империя мен қағанаттың өзара одақ құруына мейлінше қарсы болады. Иран түріктерге жыл сайын 46 мың алтын тенге салық төлеп туруды және олардың сауда-саттығына кедергі жасамауды міндетіне алады. Осыдан кейін түрік әскері Амудариянын арғы бетіне әкетіліді. Бұл жәйт византия-түрік одағына әсер етеді. 571 ж. Истеми Терістік Кавказды алып, Боспорға (Керчь шығанағына) шығады. Оның ұлы Түріксанф Керчіні басып алып, Қырым жеріне енеді (576 ж. ) Бірақ көп ұзамай жартыаралдан кетіп қалады. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанаты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 ж. Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс кезеңі (582-593 жж. ) 603 ж. Батыс түрік қағанатының бөлініп шығуына аяқталады, Шығыс түркістанның көгалды аймақтарынан басиап Амударияға, Еділ өнірі мен Терістік Кавказ далаларына дейін созылып жатқан Байтақ жер осынау Қағанат қарауына көшеді.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж. )
Қағанаттың этникатық саяси өзегі «он тайпа» болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінін шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер түріп жатты. Суяб қаласы (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласы маңында) елдің астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ еді. 610-618 жж. Жегуй-қаған мен оның інісі Түн-жабғы қаған билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар мемлекеті шекарасын Үндістанның солтүстік-батысқа дейін кенейтеді.
Қағанат шаруашылықтын қөшпелі және жартылай көшпелі әдісі басынқы және отырықшы - егіншілік түрі қоса жүргізілетін бірегей жүйесі болып табылады. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік - саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін бірі толықтырып отыратын бөлшектер еді. Елдің халқы - түріктер де, соғдылар да бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналасып отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz