Орыс, қазақ ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы



Кіріспе
І тарау Орыс ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы
ІІ тарау Қазақ ғалымдарының қазақ этногинезінің зерттеу тарихы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін әлемдік қауымдастыққа жариялағаннан соң, өзінің отандық тарихын қайта қарастыру ғылыми айналымда ең іргелі мәселенің біріне айналғаны белгілі. Осылайша қазақ тарихының көне замандардан бастау алатынын және қазақ халқының Орта Азияда ертеден ақ этнос ретінде қалыптасқандығы жөнінде бірқатар зерттеулердің нәтижесінде монографиялар мен ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Қазақ этногинезі мәселесінің даму тарихындағы бағыттар мен жеке тұлғалардың қосқан үлесін анықтау басты өзекті мәселе ретінде қарастырылып отыр.
Тарихнамасы. Жұмыстың зерттелу барысында қазақ этногинезі мәселесін зерттеуге арналған бірнеше ғылым еңбектер мен зерттеулер қарастырылды. Сонымен қатар қазақ этнографиясының даму тарихына және этногинезінің зерттелу тарихына арналған зерттеулер мен мақалалар қарастырылған болатын.
Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы мен Атамұра баспасының негізінде бірнеше көрнекті тарихшы ғалымдардардың жетекшілігімен жазылған Қазақстан тарихының ІІ томында қазақ этногинезінің сипаты мен антропологиялық ерекшеліктерін және оның даму тарихын сипаттап көрсетуді қолға алған. Мұндағы “Қазақ халқының қалыптасуы” атты бесінші тарауды О. Смағұловтың зерттеулерінің нәтижесіне негіздеп жазылған болатын.
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршы тарих сериясында жарық көрген А. Б. Нуртазаеваның “Қазақстанның этнографиялық зерттеулері (ХХ ғ. 20-50жж.)” мақаласында 20-50 жылдардағы Қазақстанның территориясында этнографиялық зерттеулерді жасаған ғалымдар, олардың мақалалары мен монографиялары және этнографиялық орталықтың экспедициялық сапарлары мен олардың мақсаттары, нәтижелері айқындалған болып табылады.
Сонымен қатар аталған баспа бетіне жарық көрген С. И. Ислямиеваның “Концептуально-терминологические аспекты проблемы этногинеза казахов иследованиях ХХ века” (ХХ ғасырдағы қазақ этногинезінің зерттелу мәселесіндегі концепциялық-терминологиялық жақтары) мақаласында қазақ этногинезінің зерттелу тарихы толыққанды егжей тегжей қарастырылады.
1. Қазақстан тарихы 5 Т-қ, Т. 2, Алматы, “Атамұра” 2001.

2. С. Н. Ислямиева “Концептуально-терминологические аспекты проблеммы этногенеза казахов в иследованиях ХХ века” // әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы тарих сериясы 2004 №3(33)

3. А. Б. Нұртазаева “Қазақстанның этнографиялық зерттеулері (ХХғ. 20-50 жж)” // әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы тарих сериясы 2005 №2(37)

4. Қ. Е. Ерғазиева “Бір тамшы қанда да халық тарихының ізі бар” // Заман Қазақстан 1997 28 наурыз

5. У. Шалекенов “Түркі халықтарының шығуы мен қалыптасуы” // әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы тарих сериясы 2005 №2(37)

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

І тарау Орыс ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы
ІІ тарау Қазақ ғалымдарының қазақ этногинезінің зерттеу тарихы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін әлемдік
қауымдастыққа жариялағаннан соң, өзінің отандық тарихын қайта қарастыру
ғылыми айналымда ең іргелі мәселенің біріне айналғаны белгілі. Осылайша
қазақ тарихының көне замандардан бастау алатынын және қазақ халқының Орта
Азияда ертеден ақ этнос ретінде қалыптасқандығы жөнінде бірқатар
зерттеулердің нәтижесінде монографиялар мен ғылыми еңбектер жарыққа шықты.
Қазақ этногинезі мәселесінің даму тарихындағы бағыттар мен жеке
тұлғалардың қосқан үлесін анықтау басты өзекті мәселе ретінде қарастырылып
отыр.
Тарихнамасы. Жұмыстың зерттелу барысында қазақ этногинезі мәселесін
зерттеуге арналған бірнеше ғылым еңбектер мен зерттеулер қарастырылды.
Сонымен қатар қазақ этнографиясының даму тарихына және этногинезінің
зерттелу тарихына арналған зерттеулер мен мақалалар қарастырылған болатын.
Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы мен Атамұра баспасының
негізінде бірнеше көрнекті тарихшы ғалымдардардың жетекшілігімен жазылған
Қазақстан тарихының ІІ томында қазақ этногинезінің сипаты мен
антропологиялық ерекшеліктерін және оның даму тарихын сипаттап көрсетуді
қолға алған. Мұндағы “Қазақ халқының қалыптасуы” атты бесінші тарауды О.
Смағұловтың зерттеулерінің нәтижесіне негіздеп жазылған болатын.
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршы тарих
сериясында жарық көрген А. Б. Нуртазаеваның “Қазақстанның этнографиялық
зерттеулері (ХХ ғ. 20-50жж.)” мақаласында 20-50 жылдардағы Қазақстанның
территориясында этнографиялық зерттеулерді жасаған ғалымдар, олардың
мақалалары мен монографиялары және этнографиялық орталықтың экспедициялық
сапарлары мен олардың мақсаттары, нәтижелері айқындалған болып табылады.
Сонымен қатар аталған баспа бетіне жарық көрген С. И. Ислямиеваның
“Концептуально-терминологические аспекты проблемы этногинеза казахов
иследованиях ХХ века” (ХХ ғасырдағы қазақ этногинезінің зерттелу
мәселесіндегі концепциялық-терминологиялық жақтары) мақаласында қазақ
этногинезінің зерттелу тарихы толыққанды егжей тегжей қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ этногинезінің зерттелу тархын
кезеңдермен және отандық, орыс тарихшы-этногроф, антрополог ғалымдардың
зерттеулеріндегі ерекше сипатты тарихнамалық баға беру арқылы көрсету
жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осыған орай төмендегідей міндеттер
алға қойылған болатын.
- Қазақстанның этнографиялық тұрғыдан зерттеулердің сипатын көрсету;
- Отандық тарихшы-этногроф, антрополог зерттеушілердің еңбектеріндегі
қазақ этногинезі мәселесінің мазмұнын бағалау;
- Орыс ғалымдарының қазақ этногинезі мәселесін зерттеу сипатын анықтау
болып табылады.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Қазақ этногинезінің зерттелу тарихы
өзіндік хронологиялық шеңберден тұрады. Жалпы қазақ халқының эхтнос
ретіндегі ерекшеліктері мен этногинезінің мәселелерімен ХІХ ғасырдан бастап
зерттеу қолға алынған болатын. Сондықтан мұнда қазақ этногинезінің
зерттелуі де осы кезден бастау алады. Сонымен қатар қазақ этногинезінің
зерттелуінің барысы бүгінгі күнге дейін өзінің жалғасын табуда.

ІІ тарау Орыс ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы

Қазақстан территориясындағы этнографиялық зерттеулерді ең алғашқы болып
жүргізген А. И. Левшин (1797-1879) болып табылады. Левшиннің 1832 жылы
жарияланған “Қырғыз-қазақ, яғни қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының
суреттемесі” деген еңбегі қазақ халқының географиясы, тарихы мен
этнографиясы жөнінідегі алғашқы іргелі монографиялық зерттеу болып
табылады. Кітаптың екінші бөлімінде ең ертедегі заманнан ХVІІІ ғасырдың
аяғына дейінгі қазақтар туралы тарихи мәліметтер жинақталған. Ерекше бағалы
үшінші бөлімінде қазақтардың рулық тайпалық құрылысы тұрмыс салты, әдет-
ғұрпы, діни-нанымдары, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өмірінің
көптеген жақтары туралы авторға тікелей өз бақылауы мен өзіне таныс
жергілікті халықтың көрнекті өкілдерінің ақпараттары бойынша мәлім болған
деректер берілген. А. И. Левшин қазақтың атау туралы өз пікірін келтірген,
бұл “ғылымда қазақ халқы этногинезі проблеммасының тұңғыш рет қойылуы” 1,
165 б. А. И. Левшиннің еңбегі оның замандастарынан жоғары баға алды,
неғұрлым кейінгі зерттеушілер көптеген проблемалар жөнінен соның еңбегіне
жүгінеді.
Аса көрнекті оренталист В. В. Вельяминов-Зернов (1830-1904) өзінің
“Касымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеулер” деген төрт томдық
тарихи еңбегінде алғаш рет ХV-XVI ғасырлардағы Қазақстан тарихына назар
аударады, ал оның қолында сенімді тарихи негіз болған еді. Автор
қазақтардың жүздерге бөліну фактісіне өз түсінігін ұсынып, оны XVI ғасырда
болған және халықтын түрлі топтарының: Түркістан мен Ташкент өңірінің
мекендеген жартылай отырықшы және қалған аумақтағы көшпелі тұрмыс салтының
шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен түсіндіреді 1, 172
б.
Орыс шығыстанушылары есімдерінің арасында қазақтың тұңғыш тарихшы-
ғалымы, шығыстанушысы, геогрофы, этногрофы Ш. Ш. Уәлиханов (1835-1865)
көрнекті орын алады. Ол Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан тарихының
мәселелерін, қырғыз, ноғай, өзбек, ұйғыр халықтарының тарихын зерттеді. Ш.
Ш. Уәлиханов өзінің көптеген: “Қырғыздардың көші-қоны туралы”, “Қырғыздар
шежіресі”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген еңбектерінде қазақтың
этногенезінің, қазақ жүздерінің құрылуы, қазақтардың рулық тайпалық
құрамының, орналасуының проблемаларын зерттеген еді. Ол қазақтар мен
ноғайлардың этникалық жақындығы туралы пікір айтты. Бірқатар еңбектерінде
(“Жонғария очерктері”, “Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының аңыз-әңгімелері”) Ұлы
жүз қазақтарына тарихи этнографиялық сипаттама берілгені; ол қазақ
хандарының генеологиясы, қазақ хандығы мен ноғай ордасының саяси
қатынастары да туралы жазды.
Н. А. Аристов Батыс Еуропа және Орыс тілдеріне аударылған шығыс
деректемелерінің сондай-ақ орыстың мұрағат материалдарының, фальклорлық,
этнографиялық деректер негізінде түркі халықтарының этникалық құрамы
жөнінде еңбек жазады, онда қазақ халқының этногенез мәселесіне де тоқталып
өткен болатын.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы этногенез және этнос мәселелерінің
дамуында дәуірлену кезеңі болды. Осы кезде орыс тілдік ғылыми дүниеде
“халық” термині жойылып оның орнына “этнос” термині қолданылады. Этнос
терминін қолдануды С. М. Широкогоров ұсынады, ол мұнда бір тілде сөйлейтін,
бірегей шығу тегі бар екенін мойындайтын, дәстүрлер комплексін иемденетін,
бірегей тұрмысты және сақталған және қолданылатын салт-дәстүрлерді
иеленетін адамдар тобын белгілеуді атап өтеді. Этнос тарихына жаңа бағытпен
қарау 1930 жылдың соңында байқалды, бұл “этникалық тарих” терминінің
енгізілуіменде көрінеді. Ең алғашқы рет бұл терминді А. М. Золотарев
қолданды, ол 1938 жылы “Из истории этнических взоимоотношений на северо-
востоке Азии” тақырыбында мақала шығарды. Алайда бұл термин тек 50-ші
жылдардың соңында ғана ғылыми айналымға енді. Жалпы кеңестік ғалымдардың
арасында этнос және этногенез мәселесіне С. А. Токорев, П. П. Лашук, В. Ф.
Генинг, Ю. В. Бромлей, Н. Н. Чебоксаров әрқилы дәекті пікірлер мен
көзқарастар атайды. Этногенез мәселесінің дамуына өзіндік ғылыми және
Жалпы орыс ғалымдары қазақ этносінің зерттелу барысында ғылыми
принциптерге жүгінбегендігін байқауға болады. Алайда осыған қарамастан ұлы
дала халқының генезисін жазуда бірқатар ғалымдар өзіндік үлесі мен ерекше
сипатын қосыпта үлгерген. Мұнда қазақ халқының әлемдік этногенетикалық
дүниеде өзіндік орны мен тарихы бар екенін үздіксіз көрсеткенін байқауға
болады.

ІІІ тарау Қазақ ғалымдарының қазақ этногинезінің зерттеу тарихы

ХХ ғасырда қазақ этногенезінің мәселесінің зерттелуіне тоқталсақ
ғасырдың басында этногенез мәселесінде ең басты өзектілікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Қазақстан және орыс зиялылары
17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Қазақстан тарихы библиографиясы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі
Пәндер