Патент құқығының түсінігі



1. Патент құқығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайтын әрекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3.Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде патенттеу ... ... ... ... ... 10

Падаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Патент – қорғау құжаты.
Қорғау құжаты:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторына (авторларына);
2) жұмыс берушiге;
3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның iшiнде тиiстi құқықты беру тәртiбiмен алған адамға (адамдарға);
4) бiр-бiрiмен келiсiмдерi болған жағдайда көзделген адамдарға бiрге берiледi.

Патент иеленушi - қорғау құжатының иесi болып табылады.
Патент иеленушiнiң төмендегідей ерекше құқығы мен мiндеттерi болады.
1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.
Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.
Бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
2. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану болып танылады. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiп үлгiлері.
Егер өнiмде оны пайдалану күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстар, пайдалы модельдердiң әрбiр белгiсi немесе соларға теңдес белгiлер пайдалану әдiсi болса, өнiм қорғалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолданылған деп табылады.
Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады.
Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса, қорғалатын өнеркәсiптiк үлгiсi бар болып танылады.
3. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi.
Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ.
Патент иеленушi қолданылып жүрген өнеркәсiптiк меншiк объектiсi патенттелгендiгiн көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.
1. Азаматтық құқық. I том. Алматы,2003.
2. Гражданское право. III том. Алматы,2004.
3. С.А.Ынтымақов. Азаматтық құқық практикум.Алматы,2006.
4. www.google.kz. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы».1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Патент құқығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайтын әрекеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3.Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде патенттеу ... ... ... ... ... 10

Падаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

1. Патент құқығының түсінігі

Патент – қорғау құжаты.
Қорғау құжаты: 
      1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторына (авторларына); 
      2) жұмыс берушiге; 
      3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның
iшiнде тиiстi құқықты беру тәртiбiмен алған адамға (адамдарға); 
      4) бiр-бiрiмен келiсiмдерi болған жағдайда көзделген адамдарға бiрге
берiледi.  

Патент иеленушi - қорғау құжатының иесi болып табылады. 
Патент иеленушiнiң төмендегідей ерекше құқығы мен мiндеттерi болады.
      1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз
қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.
      Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн
пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми
бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде
жүзеге асырады.
Бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi
жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
      2. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау,
қолдану, жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу
немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк
меншiк объектiсiн пайдалану болып танылады. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi
- өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiп үлгiлері. 
      Егер өнiмде оны пайдалану күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi
формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстар, пайдалы
модельдердiң әрбiр белгiсi немесе соларға теңдес белгiлер пайдалану әдiсi
болса, өнiм қорғалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал
қорғалатын әдiс қолданылған деп табылады. 
      Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу
не осы мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп
танылады. 
      Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген
және негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi
болса, қорғалатын өнеркәсiптiк үлгiсi бар болып танылады. 
      3. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға
мiндеттi.
      Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн
пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен
айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң
әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге
патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау
құжатын беруге құқығы жоқ.
      Патент иеленушi қолданылып жүрген өнеркәсiптiк меншiк объектiсi
патенттелгендiгiн көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.   
      4. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжатын беру туралы
мәлiметтер алғаш рет жарияланғаннан кейiн өнеркәсiптiк меншiк объектiсi
сондай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген төрт жыл iшiнде үздiксiз
пайдаланылмаса, патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсi пайдаланбаған
және тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан
ретте, кез келген адам өзiне күштеп ерекше емес лицензия алып беру туралы
сотқа өтiнiш жасауға құқылы. Лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар)
басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр
түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты. Егер патент иеленушi
пайдаланбауын дәлелдi себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот аталған
лицензияны пайдалану шегiн, төлем мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеп, табыс
етедi. Төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның
рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс.
      Кез келген күштеп лицензия алып беру бiрiншi кезекте Қазақстан
Республикасы iшкi рыногының қажеттерiн қамтамасыз етуге тиiс. 
      Күштеу лицензиясы берiлген адам аталған өнеркәсiптiк меншiк
объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға тек осы объект пайдаланылатын
тиiстi өндiрiспен бiрге беруi мүмкiн. 
      Күштеу лицензиясы оны беруге себеп болып табылатын мән-жай әрекетi
доғарылған реттерде сот арқылы тоқтатылуға тиiс. 
      5. Егер патент иеленушi тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық
шарт жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қорғау құжатының
басқа иеленушiсiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын болса, Қазақстан
Республикасы аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше
емес күштеу лицензиясын беру туралы сотқа арыз беруге құқылы. Қорғау
құжаттары - осы Заңға сәйкес берiлген алдын ала патенттер мен өнертабыс пен
өнеркәсiп үлгiлерiне патенттер, пайдалы модельдерге патенттер. 
      Аталған лицензияны беру кезiнде қорғау құжаты басқа адамға тиесiлi
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, төлем мөлшерiн, мерзiмiн
және тәртiбiн сот белгiлеп беруге тиiс. Төлем мөлшерi бұл орайда
қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан
төмен болмауға тиiс. 
      Осы тармақ негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану
құқығы бұл құқық берiлген осы өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты
берiлген кезде ғана берiлуi мүмкiн. 
      6. Патент иеленушi алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды
тұлғаларға бере алады. Беру туралы шарт уәкiлеттi органда мiндеттi түрде
тiркелуге тиiс.  
      7. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны
алу құқығы мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi. 
      8. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы
төлеп тұруға мiндеттi. 

Ерекше құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез
келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы.
      Мыналар патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу деп танылмайды: 
      1) конструкциясында қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар
құралдарды немесе басқа елдердiң көлiк (теңiз, өзен, әуе, жер бетiндегi
және ғарыштағы) құралдарын пайдаланған кезде, аталған құралдар Қазақстан
Республикасының аумағында уақытша немесе кездейсоқ тұрған және көлiк
құралдарының мұқтаждары үшiн пайдаланылып отырған жағдайда қолдану. Егер
көлiк құралдары Қазақстан Республикасы көлiк құралдарының иелерiне осындай
құқық беретiн елдердiң жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi болса, мұндай
әрекеттер патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайды; 
      2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар құралға ғылыми
зерттеу немесе эксперимент жүргiзу; 
      3) төтенше жағдайлар (табиғи зiлзалалар, апаттар, iрi авариялар)
кезiнде мұндай құралдарды кейiннен патент иеленушiге дереу хабарлай отырып
және патент иеленушiге мөлшерлес өтемнiң ақысын төлей отырып қолдану; 
      4) мұндай құралдарды табыс таппай жеке мақсатына қолдану; 
      5) қиын-қыстау жағдайларда дәрiгердiң рецептi бойынша дәрiханада бiр
жолғы дәрi дайындау; 
      6) егер бұл құралдар Қазақстан Республикасында заңды жолмен азаматтық
айналымға енгiзiлсе, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар
құралдарды қолдану. 

Құрылғы, әдiс, зат, микроорганизмдердiң, өсiмдiктер мен хайуанаттар
клеткаларының тегi, сондай-ақ бұрыннан белгiлi құрылғыны, әдiстi, затты,
тектi жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектiлерi бола алады. 
     Мыналар: 
      1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер; 
      2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi; 
      3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер; 
      4) ақыл-ой операцияларын орындау ережелерi мен әдiстерi; 
      5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң
өзi; 
      6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi; 
      7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар; 
      8) Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы
келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды.
 Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары
      1. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға
жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi. 
      Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс
жаңа болып табылады. 
      Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын
кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. 
      Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге
дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi
қамтиды. 
      Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы
мәлiметтерге бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен
пайдалы модельдерге (қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан
Республикасында басқа адамдардың берген өтiнiмдерi және Қазақстан
Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi. 
      Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және
қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте
қолдануға жарамды деп табылады. 
 Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың
құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге
жатады.
 Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк
             талаптары
      Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық
қорғау берiледi. 
      Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы
мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады. 
      Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген
күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель
мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың
Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым
бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа
адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан
басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген
пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi
қамтиды. 
      Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель
өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады. 

Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-
конструкторлық шешiм жатады.
Мынадай шешiмдер: 
      1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе; 
      2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда),
өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың 
      3) баспа өнiмнiң өзi; 
      4) сұйық, газ түрiндегi, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын
тұрақсыз нысандағы объектiлердiң 
      5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патент құқығы обьектілері
Патент құқығы
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау жайлы
ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Патент негізіндегі арнаулы салық режимдері
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні
Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде
Интеллектуалдық меншік құқығы туралы
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Пәндер