Өңдірістің бухгалтерлік есеп негіздері және ерекшеліктері



Кіріспе 3
1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік 4
2. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты 5
3. Бухгалтерлік есептеу принциптері 9
4. Бухгалтерлік есептеу әдістері 13
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 18
Бухгалтірлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өндейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандайда бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәләметін бұлармен қоса жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады.
1. Кеулімжаев Қ.К. «Бухгалтерлік есеп принциптері».
2. Ержанов М.С. «Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов».
3. Безруких П.С. «Бухгалтерский учет».
4. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», оқу құралы, Алматы: экономика, 2003 ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Өңдірістің бухгалтерлік есеп негіздері және ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе 3
1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік 4
2. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты 5
3. Бухгалтерлік есептеу принциптері 9
4. Бухгалтерлік есептеу әдістері 13
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 18

Кіріспе
Бухгалтірлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін,
өндейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып
табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен
міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы
туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы
ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық
нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық
(сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп
кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыға жеткізіп отыратын
жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі
пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе.
Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандайда бір шешім
қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәләметін бұлармен қоса
жабдықтаушы кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да
басқалар пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп туралы түсінік

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен
тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе.
Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт- бағдар
беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол
ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға қажетті
ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық
шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп
көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді.
Тайпалар арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған
жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда
жүргізілді деген деректер бар.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды,
қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі
принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі
талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын
бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге
міндетті.
Кез- келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық
мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік
есеп арқылы өндірідген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға
және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни
кәсіпорвндағы щаруашылық үрдістердің барлығын басынан соңына дейін
есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және
технологиялық үрдістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының
да есепке алынуы эклнлмикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып
табылады. Бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
← болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және
оны өңдеп отырады;
← ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек
уақытына дейін сақтайды;
← қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады,
ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару
барысында түрлі шешім қабылдайды.

Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты- барлық кәсіпорында орындалатын
операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт
талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық
дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез-келген кәсіпорында,
яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістермен айналысу
барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік
есептің негізгі бағыты- кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға,
есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың
қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің
пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару сондай-ақ экономикалық
талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен
қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау
принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және
қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады.
Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту
мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау
әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген
резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленеді.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене
отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Кәсіпорындағы шаруашылық
операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз
жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді
жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.
Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің
дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады.
Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті-халық шаруашылығының
барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын
жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың
объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды
пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс
ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – ұйымның өз экономикалық және
саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті
ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік
есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді
тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс табуы
жатқызылады.
Бухгалтерлік есептеу жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
Кәсіпорындар мен ұйымдарда күнделікті болып отыратын барлық
операцияларды, шаруашылық үрдістері мен шаруашылық құралдарының қозғалысын
олардың өнім өндіруге қатысуы мен оның нәтижесін есептеу үшін үш түрлі
өлшем қолданылады.
1. Заттай (натуралдық) өлшем.
2. Еңбек өлшемі.
3. Ақшалай өлшем.
Заттай өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және
сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары мен
негізгі құралдарын өлшеу, сынау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл
затай өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі
болып келеді.
Мұндай заттай өлшемді қолдану сандық өлшем арқылы есеп жұмысын жүргізу
барысында қажет. Алайда өндірілген өнімдерді заттай өлшемді пайдалану
арқылы өлшеумен қатар олардың сапасына және түріне қарай есеп жүргізудің
маңызы зор. Заттай өлшеммен қоса өнімнің сапасын сипаттайтын сапалық
өлшемдерді пайдалану арқылы өндірілген өнімнің төменгі және жоғарғы
дәрежедегі сапасын анықтауға болады. Бірақ та тек қана заттай өлшем арқылы
жүргізілген есеп мәліметтері негізінде ұйымның жұмысына толық және жан-
жақты талдау жүргізуді жүзеге асыруға болмайды.
Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс
уақытының санын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір
дана өнімді өндіруге қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі бір уақыт
аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек
өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерін
қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы
жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және еңбек
нормаларын оның өнімділігін есептеу үшін қажет. Алайда еңбек өлшемі
жұмсалынған еңбек күшінің нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде
нәтиже бере бермейді. Олар көп жағдайда заттай өлшеммен бірге қосылып
қолданылады.
Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты ,
өндірілген өнімдер мен тағы да басқалардың есебін жүргізу үшін қажет.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне заттай
өлшем және еңбек өлшемімен бірігіп барлық мәліметтерді жинақтап
қорытындылау үшін қолданылады.

Бухгалтерлік есептеу принциптері

Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің
болуы заңдылық. Латын тілінен аударғанда принцип сөзі мағынасы жағынан –
бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру
тұжырымдамасы шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін
бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептеудің
төмендегідей принципі аныталған:
➢ есептеу;
➢ үздіксіз;
➢ түсініктілік;
➢ мәнділік;
➢ маңыздылық;
➢ сенімділік;
➢ әділетті әрі тура көрсету;
➢ бейтараптық;
➢ сақтық;
➢ толықтылық;
➢ салыстырмалық;
➢ дәйектілік.
Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын
төрт принцип - бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі,
сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Түсініктілік принципі бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны
пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен
түсіндіріледі. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріске жұмсалған шығындардың есебінің ұйымдастырылуы
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Аяқталмаған құрылыс есебі
Директ-костинг әдісі туралы
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Шығындарды талдамалық топтарда талдау
Сомасы ағаш шығыны опилка шығыны
Пәндер