Қазақстан өнеркәсібі. түсті металдар қоймасы



1. Кіріспе
2. Қазақстан.түсті металдар қоймасы
3. Қазақстан өндіргіш күштерін одан әрі дамытудың кейбір мәселелері
4. Қазақстан өнеркәсібін дамыту болашағы
5. Қортынды
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның шығысында – Алтай алабы, оңтүстікте – Қаратау қойнауы, Орталық Қазақстанның рудалы жотасы, батыста Маңғыстау түбегі – міне осылардың бәрі түсті металлургияның сарқылмас көзі, СССР-дың түсті металл қоймасы. Қазақстан кендерінің бір қасиеті – мыс шыққан жерден алтын да, күміс те, қорғасын да, тағы басқа сирек кездесетін металдар да шығады.
Орталық Қазақстанның кен байлықтары да Алтайдан асып түспесе, кем соқпайды. Мұнда әсіресе Жезқазған маңы кенге өте бай.
Жезқазған маңында салынған кәсіпорындар бұрын шетел капиталистерінің қолдарында болды. Олар бұл жерде ірі өндіріс кәсібіне айналдыруды көздемейді, тек қымбатты рудаларын кустарлық әдістермен қазып алып, Жезқазған жерінің байлығымен сауда жасады. Қарағанды мен Успеннің кен байлығына «Спасскі мыс рудаларының қоғамы», Жезқазған маңындағы байлықтарға «қожа» болып мыс, осы байлықты солар ғана пайдаланды. Ұлы Октябрь социалистік революциясы ғана бұларды Қзақстан жерінен айдап шықты, ен байлықты, мол қазынаны өзінің шын иесіне – жұмысшылар мен шаруаларға қайтарып алып берді.
Тек Ұлы Октябрь революциясы ғана ұлан байтақ совет елінің барлық түпкірлеріндегідей, Жезқазған маңының да экономикасы мен мәдениетіне дем беріп, олардың дамып өркендеуіне жол ашты. Шетел концессияларының сала бастап, тастап кеткен Қарсақпай мыс қорыту комбинатының құрылысы 1925 жылы қолға алынып, ол 1928 жылы елімізге тұңғыш рет мыс бере бастады.
Жезқазған – мыс рудаларының нағыз орталығы. Бүгінге дейін жүргізілген зерттеудің нәтижесіне қарағанда, мұнда СССР-дағы мыс запастарының бар екендігі анықталды. Ал бүкіл қазақстандағы мыс қорының тең жартысы осы Жезқазғанда. Мыс қоры жөнінде Жезқазған бүкіл жер жүзінде
көрнекті орын алады.
Жезқазған рудаларынан шығатын ең негізгі металл – мыс. Сонымен қатар, ол рудаларда күміс, қорғасын, молибден, мышьяк, сурьма, мырыш та бар. Айта кету керек, Жезқазған маңының мыс жөніндегі байлықтары әлі де толық зерттеліп біткен жоқ.
Жезқазғанға жақын, Қарағандыдан 600 км қашықтықта орналасқан Қарсақпайдан да темір рудалары табылып отыр. Оның қоры мен құрылысы Кривой Рог бассейнінің рудаларына ұқсас. Алдын ала жүргізілген барлауға қарағанда, мұнда бірнеше миллион тонна темір рудасының запасы барлығы анықталды.
Қияқты мен Байқонырдағы көмір кендерінің, Жезді мен Найзатастағы жоғары сортты марганец рудаларының, Ұлытау, Арғанаты, Найзатастан табылған алтын рудаларының, сондай-ақ Жезқазғандағы қорғасынның запастары бірнеше миллионға жетеді. Жезқазған маңында фосфорит, барит, асбест, пирит кендері, құрылыс материалдарының көп запасы да табылып отыр. Жезқазған маңының байлығы бұдан да көп екндігіне, совет геологтары оларды толық зерттеп табатындығына сенімі зор.
Нұрғалиев Қ.Р.---------------------------------------------------------
Смағұлов Дәулетхан ------------------------------------------------- “Металография”
Исанбаева Ғабдолла --------------------------------------------------“Металдың мың қасиеті”
Дүйсеналиев.О. --------------------------------------------------------“Металдардың құпиясы”

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
2. Қазақстан-түсті металдар қоймасы
3. Қазақстан өндіргіш күштерін одан әрі дамытудың кейбір мәселелері
4. Қазақстан өнеркәсібін дамыту болашағы
5. Қортынды
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Республикамыздың байтақ даласы әр алуан кендерге сирек кездесетін
металдарға өте бай. Қазақстан мыс,қорғасын, мырыш запастары жөнінде Совет
Одағында бірінші орын алады.

ҚОЙМАСЫ ҚАЗАҚСТАН – ТҮСТІ МЕТАЛДАР

Қазақстанның шығысында – Алтай алабы, оңтүстікте – Қаратау қойнауы,
Орталық Қазақстанның рудалы жотасы, батыста Маңғыстау түбегі – міне
осылардың бәрі түсті металлургияның сарқылмас көзі, СССР-дың түсті металл
қоймасы. Қазақстан кендерінің бір қасиеті – мыс шыққан жерден алтын да,
күміс те, қорғасын да, тағы басқа сирек кездесетін металдар да шығады.
Орталық Қазақстанның кен байлықтары да Алтайдан асып түспесе, кем
соқпайды. Мұнда әсіресе Жезқазған маңы кенге өте бай.
Жезқазған маңында салынған кәсіпорындар бұрын шетел капиталистерінің
қолдарында болды. Олар бұл жерде ірі өндіріс кәсібіне айналдыруды
көздемейді, тек қымбатты рудаларын кустарлық әдістермен қазып алып,
Жезқазған жерінің байлығымен сауда жасады. Қарағанды мен Успеннің кен
байлығына Спасскі мыс рудаларының қоғамы, Жезқазған маңындағы байлықтарға
қожа болып мыс, осы байлықты солар ғана пайдаланды. Ұлы Октябрь
социалистік революциясы ғана бұларды Қзақстан жерінен айдап шықты, ен
байлықты, мол қазынаны өзінің шын иесіне – жұмысшылар мен шаруаларға
қайтарып алып берді.
Тек Ұлы Октябрь революциясы ғана ұлан байтақ совет елінің барлық
түпкірлеріндегідей, Жезқазған маңының да экономикасы мен мәдениетіне дем
беріп, олардың дамып өркендеуіне жол ашты. Шетел концессияларының сала
бастап, тастап кеткен Қарсақпай мыс қорыту комбинатының құрылысы 1925 жылы
қолға алынып, ол 1928 жылы елімізге тұңғыш рет мыс бере бастады.
Жезқазған – мыс рудаларының нағыз орталығы. Бүгінге дейін жүргізілген
зерттеудің нәтижесіне қарағанда, мұнда СССР-дағы мыс запастарының бар
екендігі анықталды. Ал бүкіл қазақстандағы мыс қорының тең жартысы осы
Жезқазғанда. Мыс қоры жөнінде Жезқазған бүкіл жер жүзінде
көрнекті орын алады.
Жезқазған рудаларынан шығатын ең негізгі металл – мыс. Сонымен қатар,
ол рудаларда күміс, қорғасын, молибден, мышьяк, сурьма, мырыш та бар. Айта
кету керек, Жезқазған маңының мыс жөніндегі байлықтары әлі де толық
зерттеліп біткен жоқ.
Жезқазғанға жақын, Қарағандыдан 600 км қашықтықта орналасқан
Қарсақпайдан да темір рудалары табылып отыр. Оның қоры мен құрылысы Кривой
Рог бассейнінің рудаларына ұқсас. Алдын ала жүргізілген барлауға қарағанда,
мұнда бірнеше миллион тонна темір рудасының запасы барлығы анықталды.
Қияқты мен Байқонырдағы көмір кендерінің, Жезді мен Найзатастағы жоғары
сортты марганец рудаларының, Ұлытау, Арғанаты, Найзатастан табылған алтын
рудаларының, сондай-ақ Жезқазғандағы қорғасынның запастары бірнеше
миллионға жетеді. Жезқазған маңында фосфорит, барит, асбест, пирит кендері,
құрылыс материалдарының көп запасы да табылып отыр. Жезқазған маңының
байлығы бұдан да көп екндігіне, совет геологтары оларды толық зерттеп
табатындығына сенімі зор.
Жезқазған маңының байлықтарын зерттеумен қатар, оны өндіріс жолымен
игеру жұмыстары да кеңінен жүргізілді. 12 жылдан бері жүмыс істеп келе
жатқан Қарсақпай мыс комбинаты жыл сайын мыңдаған тонна құнды металл
береді. Жезқазған байлықтарын молынан пайдаланып, оны Отанымыздың игілігіне
айналдыруға кесел болып келген жолсыздық жойылып, жаңадан Жарық – Жезқазған
темір жолы салынды. Жезқазған қазір республикамыздың барлық орталықтарымен,
бүкіл Совет Одағымен болат жол арқылы жалғасып отыр. қарсақпай комбинатын
қайта құру жұмысымен қатарласа Үлкен Жезқазған комбинатының құрылысы да тез
қарқынмен салынып жатты. Оның бірінші кезегі бір-екі жылдан кейін
пайдалануға беріледі. Өзінің көлемі мен қуаты жөнінен бұл комбинат одқта
бірінші орын алмақ.
Жезқазған маның индустрияландыру программасы Үлкен Жезқазған комбинатын
салумен аяқталмайды. Қарсақпайдың
бай темір рудасы мен Қарағандыданың коксталатын көмірлі базаларында
республикамызда тұңғыш рет ірі қара металлургия комбинаты салынғалы отыр.
Қияқты көмір кені Қазақстанның Қарағандыдан кейінгі екінші көмір бассейніне
айналады.
Жезқазған маңындағы толып жатқан түрлі кен байлықтарын комплексті түрде
пайдалану нәтижесінде Жезқазған Қазақстанның, бүкіл Совет Одағының өте ірі
индустриялы орталығына айналмақ.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНДІРГІШ КҮШТЕРІН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

СОКП Орталық Комитеті июль Пленумының Н. А. Булганин жолдастың
баяндамасы бойынша қабылданған шешімі – еліміздің
өнеркәсібін онан әрі өркендетудің программасы. Пленумның қаулысында басқа
мәселелермен қатар, өнеркәсіпті жер ыңғайына қарай орналастырудағы
үйлеспеушілікті жою керек екені көрсетілді. Металдар мен көмір кендерінің
басып көпшілігі еліміздің шығыс аудандарында екені мәлім. Солай бола тұрса
да, бұл аудандарда еліміздің бүкіл өнеркәсіп өнімінің небарі 16 проценті
өндіріледі. Минералдық шикізаттағы барлық пайдалы компоненттерді комплексті
жолмен пайдаланып, сирек кездесетін және батыраңқы, екінші дәрежелі
элементтерді айыру, негізгі компоненттердің айырылу дәрежесін мейлінше
арттыру керек екнін СОКП Орталық Комитетінің Пленумы ерекше атап көрсетті.
СОКП Орталық Комитеті Пленумының бұл нұсқауының Қазақстан үшін ерекше
маңызы бар. Совет геологтарының қажырлы еңбегі арқасында Қазақстанда
көптеген пайдалы кендердің сарқылмайтын мол қорлары ашылды. Біздің
республикамыз қазір хром мен ванадийдің запасы жағынан дүние жүзінде
бірінші орын, темірдің, мыстың, қорғасынның, мырыштың, кадмийдің,
вольфрамның, бордың, минералды тұздардың запасы жағынан ССРО-да бірінші
орын алады, ал
көмірдің, мұнайдың, молибденнің, марганецтің және минералды шикізаттың
басқа бірсапыра маңызды түрлерінің запасы жағынан ССРО-да алдыңғы қатардан
орын алды.
Мұнымен бірге совет геологтарының пайдалы кендерді ашқан үздік
табыстары Қазақстанның жер қойнауындағы кен байлықтарын тіпті де түгел
қамтымайтынын көрсету қажет. Республикасының территориясы геология жағынан
әлі толық зерттелмегенін көрсетудің өзі бұған жеткілікті дәлел.
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінің геологиялық құрылысын егжей-тегжейіне
дейін кортаға түсіру үшін әлі көп жылдар қажырлы енбек ету керек болсды
Республикада неғұрлым егжей-тегжейлі, комплексті геологиялық карталау және
іздеу жұмыстарын онан әрі жүргізудің барысында әлі де көптеген жаңа пайдалы
кен ошақтары ашылатындығы күмәнсіз.
Қазақстанның орасан мол кендерін жоспарлы тәртіппен үнемі аша беруге,
қуатты өндірістік геологиялық қызмет орындарымен қатар, ғылыми геологиялық
күштер де белсеніп қатысуда. Мысалы, Қазақ ССР Ғылым академиясының
Геологиялық ғылымдар институты орталық Қазақстанның системаға салынған
геологиялық құрылыс картасын жасады. Онда бұл территорияда орындалған
барлық геологиялық карталау мәліметтері қорытылды. Бұл карта, көптеген
пайдалы кен ошақтары бар ұлан-байтақ ауданның геологиялық құрылысының басты-
басты ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Осы институт өндірістік геологиялық ұйымдармен бірге, Орталық
Қазақстанның темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, молибден, вольфрам,
және қалайы рудаларын зерттеудің металлогендік болжау картасын да жасады.
Бұл картада қара, түсті және сирек кездесетінметалдар кендерінің жер
ыңғайына қарай орналасуының негізгі заңдылықтары ғылыми негізде терең
қорытылды. Геологиялық іздеу және геологиялық барлау жұмыстарының
нәтижелілігін арттыру үшін мұның маңызы зор. Бұл карталардың екеуі де,
праетикада пайдалану үшін өндірістік ұйымдарға тапсырылды.
Алтайдың өндірістік геологиялық ұйымдарымен тығыз творчестволық ынтымақ
жасай отытып, Зырян ауданының, Қалбаның және Ертіс бойының металлогендік
болжау картасы жасалды. Республиканың Ғылым академиясының геологтары
Алтайдағы және Орталық Қазақстандағы ең ірі полиметалдық кен ошақтарының,
сол сыяқты Қазақстандағы және еліміздің басқа аудандарындағы мысты песчаник
кендерірінің минералогиясы мен геохимиясының монографиялық сипаттамасын
аяқтады. Республиканың бірсапыра аса маңызды кен ошақтарының рудаларындағы
сирек кездесетін және батыраңқы элементтердің мөлшерін анықтау жөніндегі
маңызды жұмыс орындалды. Жаңғыш және рудалық емес кендерді зерттеу, сол
сыяқты республиканың су қорларын анықтау жұмыстары қорытылды. Қазақстанның
көмірі бар жерлерінің болжау картасы жасалып, жарияландыру.
Алайда, геологиялық зерттеулердің барысында едәуір үйлеспеушілік болып
келеді. Ондағы негізгі үйлеспеушілік – геологиялық зерттеулердің
байланыстырылмай, көптеген ұйымдарға батыратылуы. ССРО геология және Кен
сақтау министрлігініңт өзінен Қазақстанда бір-біріне бағынбайтын он
геологиялық ұйым жұмыс істейді. Бұл жұмыстардың нәтижелері туралы
материалдар көптеген қалаларға – Москваға, Ленинградқа, Свердловскіге,
Новосибирскіге, Ташкенке, Қостанайға, Қарағандыға, Алматы және басқа
қалаларға бытырап жиналады, мұның өзі ол зерттеулерді қорытып, бүкіл
жұмысты бір ізге салуға зор қиыншылық туғызады.
ССРО Ғылым академиясының, Қазақ ССР Ғылым академиясының, әртүрлі жоғары
оқу орындарының сол сияқты кейбір министрліктер мен ведомстволардың
бірсыпыра салалық ғылыми – зерттеу институттарының көптеген ғылыми
экспедициялары Қазақстанда өзара ынтымақтаспай жұмысын бірінің жұмысын бірі
аткарады, өндірістік геологиялық ұйымдармен тиісті байланыс жасамайды.
Мүның бәрі әрине көптеген экспедициялардың жұмысының ғылыми – практиқалық
пайдалылығын едәуір кемітеді. Бұл істе тиісті тәртіп орнату қажет. Ашылған
кен ошақтарын игерудің қартқының және шығарылатын рудалардан барлық пайдалы
компонентерді айырудың комплекстілігін арттыру саласында көп жұмыс істелді,
бірақ істелуге тиісті жұмыстар онан да көп.
Қазақ ССР Ғылым академиясының Кен істері институты өндіріс мамандарымен
творчестволық ынтымақ жасай отырып қабаттан табиғи жолмен және күшпен
кұлату системаларын белгіледі және мұны Текелі, Лениногор полиметалл
комбинаттарының рудниктерінде өндіріске енгізді. Мұның өзі еңбек
өнімділігін біржарым есе арттыруға мүмкіндік туғызды. Жезқазған мыс
кендерін шығарудың жаңа, неғұрлым өнімді системаларын, сол сыяқты
Мырғалымсай және Зырян полиметалл кендерін, Бозшақөл мыс, Аят және
Лисаковка темір кендерін шығарудың неғұрлым өнімді ашық системасын қолдану
мүмкіндігі зерттелін, дәлелденді. Өткен жылы Институт Қарағанды
бассейніндегі көмірқабатардың көмірін шығарудың нәтижелі тәсілдерін зерттеп
белгілеуге, Шерубай – Ңұра, Тентек және басқа өнеркәсіпті аудандардағы
шахта құрылысының тыңғылықты параметрлерін анықтап белгілеуге, сол сыяқты
бұл бассейндегі шахталардың газдылығын зерттеуге кірісті.
ССРО Көмир өнеркәсібі министирлігінің Қарағанды ғылыми – зерттеу
институтына Қазақ ССР Ғылым академиясының Кен істері институтымен бірге,
бассейннің шахтарлардында циклдік графикті енгізу, комплесті
механикаландыру, жұмыстың бірқалыпты атқарылуын ұйымдастыру және кеді
ашудың, шығарудың неғұрлым нәтижелі системаларын енгізу жөнінде көп
жұмыстарды істеуге тура келеді.
Қарағанды жаңа техника мен прогрестік технологияны енгізудің жайы нашар
екенін мына мысалдан көруге болады. Өткен жылы №89 шахтада көмір
шығарылатын төрт лавадан бір лава циклдік графикке көшірілді. Бүкіл шахта
бойнша көмір шығарудың тәуліктік жоспары 850 тонна, ал жұмысқа көшірілген
лавада 847 тонна мөлшерінде белгіленді. Сонда қалған үш лава күнтәулігіне
үш тонна ғана көмір беруге тиісті
болады. Циклдік графикті орындап отырғанда, шахтаның тәуліктік көмір шығару
жоспарын едәуір асырып орындауға мүмкіндігі бар екені мүлде айқын.
Қарағанды бассейнінің көп шахталарында бірқалыпты жұмыс
ұйымдастырылмаған. Тіпті №31 алдыңғы қатарлы шахтаның өзінде көмір бірінші
сменада әрдайым екігші сменадағыдан көп шығарылады. Көмір шығарудың
тәуліктік жоспары шахталарда орындалмаған кездерде жөндеу-әзірлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан экономикалық ауданының қалалары
Қиылысудың геометриялық мінездемеси
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты және туристік рекреациялық мүмкіншіліктері
ҚР бір аймағының салалық және өндірістік құрылымы (орталық Қазақстан экономикалық аймағы мысалында)
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Су – өмір көзі
Ақмола облысының табиғи жағдайларының ерекшеліктері
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы
Пәндер