Экономиканы дамыту шығындары


ЖОСПАР
Кіпіспе . . . 3
1 ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ШЫҒЫНДАРЫ . . . 4
- Экономиканы дамытудың қажеттігі және оған жұмсалатын шығындар . . . 4
- Мемлекеттік шығыстардың түрлері және оларды орындау қағидалары . . . 7
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӘРІ ТИІМДІ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒЫНДАР . . . 12
2. 1 Қазақстан Республикасында жұмсалған негізгі шығындар арналымы және оларды ұтымды пайдалану жолдары . . . 12
2. 2 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіп саласына бағытталған шығындар жүйесі . . . 16
2. 3 Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті экономикаға бет бұруы және оған қажетті шығындар . . . 21
Қорытынды . . . 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 31
КІРІСПЕ
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Қазақстан экономикасын аяғынан тұрғызу үшін, ұлттық экономиканы дамыту үшін осы уақытқа дейін қаншама шығындар жұмсалды. Алдағы уақыттарда да бұл процесс өз жалғасын таба береді. Өйткені қоғам дамуы, экономикалық тиімді дамудың жоғары сатысына өту үшін келесідей экономиканы дамыту шығындары талап етіледі: өндірісті және өңдеу саласын дамыту, индустриялы-инновациялы бәсекеге қабілетті экономикаға өту шығындары және т. б. нарықтық экономикада туындайтын қаржылық шығындарды атап айтуға болады.
Сондықтан курстық жұмысы тақырыбын «Экономиканы дамыту шығындары» деп алдық.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, олардың іске асуын уақтылы қаржымен қамтамасыз ету, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы болып табылады.
1 ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ШЫҒЫНДАРЫ
1. 1 Экономиканы дамытудың қажеттігі және оған жұмсалатын шығындар
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А. Смит абсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д. Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.
Маркцистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К. Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын - ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу - еңбек ығындарына және капитал шығындарына - бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады. /3, 171 б/
XIX ғ. соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер бойынша шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалығымен белгіленетін өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты шығындарды барынша төмендету теориялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон А. Гобсон қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсалюттік, үстеме, қаржылы, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғымдар енгізді. Бұған еңбек амаланың сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар тұрақты және өзгермелі сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады - тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін) . Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р. Коуз енгізді. К. Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. /3, 175 б/
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз: /3, 179 б/
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар - бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу, айналым қаражаттарының өсімі, материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдар - материал, еңбек және ақша рессурстарының жиынтығы алады. Күрделі жұмсалымдардың құрылымы:
- құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
- жабдықтар мен құралдар сатып алу шығындары;
- жобалау, іздестіру, барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс аудару бойынша шығындар;
күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
- банктердің ұзақ мерзімді несиелері;
- халықтың жинақ ақшасы;
- бюджеттен қаржы бөлу.
Кесте 1- Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі
Экономикалық элементтер
Өзіндік құнның баптары
Технологиялық процесс
Құрамы бойынша
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша
Өндіріс процесіндегі ролі
Шығын жасаудың мақсатқа сай келетіндігі
Жоспарға енгізу мүмкіншілігі
Өндіріс көлеміне қатысты
Пайда болуының кезектілігі
Дайын өнімге қатынасы
Шығындардың экономикалық элементтері
Калкуляцияның өзіндік құнның баптары
Негізгі және үстеме шығындар
Бір элементтік, кешендік, жанама
Тікелей және жанама
Өндірістік, өндірістен тыс
Өнімділік және өнімділік емес
Жоспарланған, жоспарланбаған
Тұрақты және өзгермелі
Ағымды және біржолғылық
Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын өнім шығындары
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғарту үшін толық жауап береді. Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік құрылысты, экономикалық қызметтерді қаржыландыру үшін пайдаланылады.
1. 2 Мемлекеттік шығыстардың түрлері және оларды орындау қағидалары
Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқар, қорғаныс және т. б. функцияларымен тығыз байланысты. /2, 261 б/
Өз кезегінде шығыстар ұғымының қос мағынасы бар:
- Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражататрын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құқрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндіірстік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
- Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде: ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектіллердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды қажет ететін болса, «шығындар» қазір жұмсалғанымен келешекте табыс алып келетін шығындарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік және өндірістік емес салалардың мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің шығындарынан тұрады. /2, 262 б/
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығындарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.
Мемлекеттік шыығстардың құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфера мекемелерінің шығыстары кіреді.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады. Бюджет шығындары ҚР-ның Бюджет Кодексі бойынша келесілерден тұрады:
1) мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттiк тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;
7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де түрлерi. /4, 149 б/
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда - ұлттық шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап отыр.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар жатады:
- өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
- ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалатын шығындар;
- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін қаржылар;
- көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенмен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 40-50% (табиғи ресурстарды есепке алумен) шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды. /2, 262 б/
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлекеттік шығыстарды ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстырмалы дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қасады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражататрынқатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талапетеді. Мұның негізінде ұлттық шарушылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуды үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуді қамтамасыз ету.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры немесе инновациялық қорлар) - бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады. /2, 263 б/
Ресурстарды пайдалануда үнемді режімін сақтау - мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдеріне мемлекет қаражататрына бақылауды күшейтуге, оларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шыығстарын ортақ қаржыландыру процесін білдіреді.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
- материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығындар;
- қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
- мемлекеттің резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты. Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табыстарды тұтынумен байланысты. өндірістік емес сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқуағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын-үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақатндыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлтық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу және т. б. жатады.
Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсіп отыр. Тұтыну мен қорлануға пайдаланатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 80 пайыздан асып кетіп отыр.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары - мемлекеттің резервтерді жасау мен молықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, өндірістік емес сфералардың төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. /2, 265 б/
Мақсатты белгісі бойынша мемлееттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақсатр бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімділіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуге тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады: /2, 266 б/
- шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыруменгшікті ресурстар, банк несиелері есебінен және жетіспеген бөлігі - бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.
- Сметалық бюджеттік-қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың - сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық тәртіппен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӘРІ ТИІМДІ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒЫНДАР
2. 1 Қазақстан Республикасында жұмсалған негізгі шығындар арналымы және оларды ұтымды пайдалану жолдары
Экономиканы дамыту шығындарының негізгі арналымдарын келесідей топтастыруға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz