Хафиздің өмірі мен шығармашылығы
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Хафиздің өмірі мен шығармашылығы
ә) Хафиздің ғазалдары мен софылық сарыны
б) Шет ел ақын . жазушыларының Хафизді тануы мен бағалауы
в) Хафиз қазақ тіліне аударылуы.
( Хафиз . Абай, Шәкәрім, Ә.Жәмішев еңбектерінде)
г) Хафиз өлеңдерінің тәрбиелік, адамгершілік мақсатындағы өлең
жолдары мен идеясы.
III. Қорытынды бөлім.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қай халық болмасын басқа халықтардың әдебиетімен, мәдениетімен қарым –қатынаста болып, бір-біріне ықпал тигізу арқылы байып, алға басып отырады. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ әдебиетінің өн бойына әлем әдебиетімен байланысты да байқаймыз. Сондықтан төл әдебиетімізді тереңдеп, түстеп танимыз десек, әлем әдебиетінен бөліп жарып қарау мүмкін емес.
Иран – түркі халықтарының мәдени-әдеби қарым-қатынасы өте көне дәуірден басталады. Фердоусидің «Шаһнамасы», Низамидің, Сағдидің дастандары қазақ жұртына етене таныс. Әдебиетіміздің үлкен тұлғалары – Абай мен Шәкәрім «Ескендір», «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарында ақындық сайысқа түсіп, нәзирагөйлік дәстүрді өз өлеңдерінде барынша ұштаған.
Абай:
«Физули, Шәмси, Сәйхали
Науаи, Сағди, Фердауси,
Қожа Хафиз – бу һәммасы
Мәдет бер шағири фердияд»,- деп шығыс ақындарын пір тұтса, оның ақындық мектебін жалғастырушы інісі Шәкәрім:
«Науаи, Сағди, Шәмси, Физули бар,
Сәйхарли, Қожа Хафиз, Фердоусилер...
Бәйітші елден асқан шешен болып,
Әлемге сөздің нұрын жайған солар»,- деп парсы ақындарының әлем әдебиеті тарихында елеулі із қалдырған.
Кеңес үкіметі тұсында парсының классикалық туындыларын ана тілімізге тәржімалап, көпшілікке танытуда көп іс тындырылды. Фердоусидің, Сағди Ширазидің, Низамидің, Жәмидің көлемді дастандары қазақша сөйлетіліп, Рудаки, Омар Хайям, Руми, Хафиз т.б шайырлардың лирикалық туындылары республика ақындарының рухани қазынасына айналды. Парсы шайырларын қазақша тәржімалау жұмыстарымен Т.Ізтлеуов, Қ.Бекхожин, Қ.Шаңғытбаев, Ә.Жәмішев т.б тәрізді белгілі қаламгерлер айналысты. Қазақ ақындары, Т.Ізтлеуовтен басқасы, парсы тілін білмегендіктен орыс тіліндегі мәтіндерге табан тіреді.
Бір халықтың әдебиетін жұртқа танытатын дәнекер, рухани пікір-аударма екені белгілі. Аудармашылық- бейнеті мол, үлкен шеберлікті талап ететін қасиетті өнер.Парсы халқының поэзиясы – көркемдік жағынан аса биікке көтерілген, тұспалды, жұмбаққа, поэтикалық нақыш өрнектерге айрықша бай мұра болып танылады. Осы туралы шығыс әдебиетінің білгірі И.Брагинский «... В поэзий Востока воцарились пафос намека, игра иносказаниями и аллегориями, двумысленность полутонов и светотени, сбивающие с толку комментаторов и порождающие множество споров вокруг каждого бейта и стихоотворения. Это сложнее ребуса, который в конечном счете имеет одно – единственное решение. Это хитрее шифра, который в конечном счете может быть однозначно расшифрован. Это «лисан ал - ғайб»- сокровенный язык, который каждая эпоха, а внутри неё разные читательские группы, истолковывает по-своему» - деп жазды. Сол себепті парсы шайырларының софылық діни түсініктен нәр алатын тылсым сырлы поэтикалық тілін арнаулы дайындықсыз ұғыну оңайға соқпайды, ал осындай туындыларды екінші тілге тәржімалау біраз қиындық тудырады.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Хафиздің өмірі мен шығармашылығы
ә) Хафиздің ғазалдары мен софылық сарыны
б) Шет ел ақын – жазушыларының Хафизді тануы мен бағалауы
в) Хафиз қазақ тіліне аударылуы.
( Хафиз – Абай, Шәкәрім, Ә.Жәмішев еңбектерінде)
г) Хафиз өлеңдерінің тәрбиелік, адамгершілік мақсатындағы өлең
жолдары мен идеясы.
III. Қорытынды бөлім.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қай халық болмасын басқа халықтардың әдебиетімен, мәдениетімен қарым
–қатынаста болып, бір-біріне ықпал тигізу арқылы байып, алға басып отырады.
Сан ғасырлық тарихы бар қазақ әдебиетінің өн бойына әлем әдебиетімен
байланысты да байқаймыз. Сондықтан төл әдебиетімізді тереңдеп, түстеп
танимыз десек, әлем әдебиетінен бөліп жарып қарау мүмкін емес.
Иран – түркі халықтарының мәдени-әдеби қарым-қатынасы өте көне
дәуірден басталады. Фердоусидің Шаһнамасы, Низамидің, Сағдидің дастандары
қазақ жұртына етене таныс. Әдебиетіміздің үлкен тұлғалары – Абай мен
Шәкәрім Ескендір, Ләйлі-Мәжнүн дастандарында ақындық сайысқа түсіп,
нәзирагөйлік дәстүрді өз өлеңдерінде барынша ұштаған.
Абай:
Физули, Шәмси, Сәйхали
Науаи, Сағди, Фердауси,
Қожа Хафиз – бу һәммасы
Мәдет бер шағири фердияд,- деп шығыс ақындарын пір тұтса, оның
ақындық мектебін жалғастырушы інісі Шәкәрім:
Науаи, Сағди, Шәмси, Физули бар,
Сәйхарли, Қожа Хафиз, Фердоусилер...
Бәйітші елден асқан шешен болып,
Әлемге сөздің нұрын жайған солар,- деп парсы ақындарының
әлем әдебиеті тарихында елеулі із қалдырған.
Кеңес үкіметі тұсында парсының классикалық туындыларын ана
тілімізге тәржімалап, көпшілікке танытуда көп іс тындырылды. Фердоусидің,
Сағди Ширазидің, Низамидің, Жәмидің көлемді дастандары қазақша сөйлетіліп,
Рудаки, Омар Хайям, Руми, Хафиз т.б шайырлардың лирикалық туындылары
республика ақындарының рухани қазынасына айналды. Парсы шайырларын қазақша
тәржімалау жұмыстарымен Т.Ізтлеуов, Қ.Бекхожин, Қ.Шаңғытбаев, Ә.Жәмішев т.б
тәрізді белгілі қаламгерлер айналысты. Қазақ ақындары, Т.Ізтлеуовтен
басқасы, парсы тілін білмегендіктен орыс тіліндегі мәтіндерге табан тіреді.
Бір халықтың әдебиетін жұртқа танытатын дәнекер, рухани пікір-
аударма екені белгілі. Аудармашылық- бейнеті мол, үлкен шеберлікті талап
ететін қасиетті өнер.Парсы халқының поэзиясы – көркемдік жағынан аса биікке
көтерілген, тұспалды, жұмбаққа, поэтикалық нақыш өрнектерге айрықша бай
мұра болып танылады. Осы туралы шығыс әдебиетінің білгірі И.Брагинский ...
В поэзий Востока воцарились пафос намека, игра иносказаниями и аллегориями,
двумысленность полутонов и светотени, сбивающие с толку комментаторов и
порождающие множество споров вокруг каждого бейта и стихоотворения. Это
сложнее ребуса, который в конечном счете имеет одно – единственное решение.
Это хитрее шифра, который в конечном счете может быть однозначно
расшифрован. Это лисан ал - ғайб- сокровенный язык, который каждая эпоха,
а внутри неё разные читательские группы, истолковывает по-своему - деп
жазды. Сол себепті парсы шайырларының софылық діни түсініктен нәр алатын
тылсым сырлы поэтикалық тілін арнаулы дайындықсыз ұғыну оңайға соқпайды, ал
осындай туындыларды екінші тілге тәржімалау біраз қиындық тудырады.
Данышпан жазушы М.Әуезов Абай хақында жазған зерттеулерінде ақынның
көп өнеге алған мектебі ретінде Шығысты айтады.Ақынның өлең өнеріне бет
қойған кезінде Низами, Физули, Сағди, Хафиз, Фердоуси, Шәмси тәрізді
шайырларға көп еліктегенін баса көрсетеді.Ұлы Абайдың ақындық әлемін шығыс
дүниесінен бөле жара қарау мүмкін емес. Парсы әдебиеті мен қазақ
әдебиетінің сан қырлы байланысын ұзақ уақыттан бері табан аудармай зерттеп
жүрген ғалым - Өтеген Күмісбаев. Ол өз зерттеулерінде Фердоусидің әйгілі
Шаһнама дастанының қазақ топырағында танылып, тәржімалану тарихы, Низами,
Науаи, Сағди дастандарының ықпалындағы нәзирагөйлік дәстүрін сөз етеді.
Бұрынғы Кеңес Одағында Хафиз жырлары орыс тілінде бірнеше мәрте жеке
жинақ болып шықты. 1935 жылы Хафиз.Газели деген атпен Мәскеудің
Академия баспасында, 1955 жылы Хафиз. 50 Газелей атты кітап
Тәжікстанның Таджикиздат баспасында, 1956 және 1970 жылдары
Хафиз.Лирика, Лирика Мәскеуден 1963 жылы, 12 минитюр
И.С.Брагинскийдің авторлығымен Мәскеуден 1970 жылы бастырылды. Қазақ
тілінде 1966 Қазақстан баспасынан Сағынали Сейітовтің құрастырумен шығыс
ақындары туралы Сөз зергерлері деген кітап шықты. 1970 жылы Рахманқұл
Бердібаевтың Гүлстан бұлбұлдары, ал Қайрат Жұмағалиевтің құрастыруымен
Шығыс жұлдыздары деген жинақ 1973 жылы Жазушыбаспасында жарық көрді.
1986 жылы Әбдіраш Жәмішев Хафиз ғазалдарының орыс, өзбек, тәжік тіліндегі
аудармалары мен парсы тіліндегі нұсқаларын салыстыра отырып, жинақтады.
Қазіргі кезде ұлы шайырдың туындылары әлемнің отыздан аса тілдеріне
аударылып, қазақ, орыс, өзбек, тәжік, түрік, грузин, украин, армян, кавказ,
чех, курд, дания, голланд, эсперанто, қытай, жапон, үнді, урду, араб,
алман, ағылшын, француз тілдерінде кітаптары жарық көрді. Бұның өзі Хафиз
ғазалдарының ұлылығын көрсетсе керек.
Шәкәрімнің өлеңдерін баспаға дайындаған жазушы Мұхтар Мағауин
Хафиз бен Шәкәрімнің шығармашылық байланысына тоқталып, Шәкәрімнің шығыс
үлгісіндегі мұрасы сол тұстағы қазақ поэзиясының ізденіс өрісі, игерген
аумағы туралы нақты түсінік берсе керек. Шәкәрімнің шығыстық жырлары
көркемдік ойдың жаңа бір белесі болды. Мұндағы өрнек, иірімді жан
толқынысы, үлгілі тіл мәдениеті – ұлттық поэзиямыздың Абай жеткізген ең
биік тұғырымен деңгейлес - деп атақты ақынның шығыс ықпалында да өлеңдер
жазғанын баса көрсетеді.
Аударма тілі басқа әр түрлі жұрттардың рухани әлемін бір-біріне
жақындата түсетін пәрменді құрал екені аян. Парсы әдебиетінің аса көрнекті
өкілі Қожа Хафиздің тамаша ғазалдары ата-жұртымызда қалай таралып, қай
уақытта, қандай жолмен белгілі болды деген сауалдар туындайды.Қазақ
әдебиеті тарихында софылық поэзия үлгілері ұзақ уақыт жабулы күйінде қалып,
тексерулердің өзегіне айнала алмады. Ислам дінінен бастау алатын жұмбақ
сырға толыпоэзиямыздың атаулы тұлғасы Қожа Хафиз туындыларымен
сабақтастыра, салыстыра қарауға болады. Шығыс әдебиетінің білімпазы ұлы
Абай шәкірт шағында Қожа Хафизді пір тұтқан. Осы екі ұлы тұлғаның
өлеңдеріндегі үндестік, сәйкестіктерді айқын көруге болады. Әдебиетіміздің
тағы бір ірі қайраткері – Шәкәрім. Қожа Хафизді ұстаз санап, одан өрнек
алып, парсы шайырының ғазалдарын қазақша сөйлеткен.Хафиздің туындылары
Әбіреш Жәмішев жасаған аудармалары арқылы да қазақ оқырмандарына танымал.
Хафиз – ғазал жанрын биік шыңына көтерген шайыр. Иран топырағында
Хафизтану саласында біршама жұмыстар жүргізіліп, ақынның ғұмырнамасы тығ
деректермен толықтырылуымен бірге, оның поэзиялық мұрасы туралы салмақты
зерттеулер дүниеге келді.
Әр халықтың мәдениеті мен әдебиетінде қайталанбас тұлғалар болады.
Мысалы орыс әдебиетінде – Пушкин, өазаө әдебиетінде – Абай. Парсы
әдебиетіндегі Хафиз де осндай ғажайып тұлға, ұлы ақын, ерекше құбылыс десек
те болады.Қазақ әдебиетінде Абайдың құбылыс екені, ұлылығы әлдеқашан
мойындалып, оның қыр-сырын тереңірек тану жолында жұмыс атқарылып, абайтану
ілімі қалыптасып үлгерді. Хафизтану да – өзіндік тарихы бар, әлі тоқталмай,
келе жатқан ғылым саласы.
Хафиз өмір кешкен мерзім қиыншылығы мол дәуір, яғни ((( ғасыр бүкіл
Орта Азия мен Иран үшін еңседен басқан өте ауыр жылдар болатын. Монғол
басқыншылары, яғни Шыңғыс әулетінен шыққан ханзадалар қысымына шыдай
алмаған қара бұқараның етегі жасқа толып, қайғы- қасіретке душар болған
шағы еді.
Парсы – тәжік әдебиетінің аса ірі өкілі, дүние жүзі әдебиетіндегі
асқан лириктердің бірі болған. Шамсаддин Мұхаммед Хафиз Ширази Иранның
оңтүстігіне орналасқан Шираз қаласында, кедейленген саудагердің семьясында
дүниеге келеді. Ақынның дәл туған жылы бимәлім, шамада 1300 жыл деуге
болады, ал кейбір деректерде 1325 жылы делінген. Дегенмен оның ((( ғасырдың
алғашқы ширегінде туғаны анық. Ақынның өз аты – Шамсиддин Мұхаммед,
әкесінің аты – Бахоиддин. Ал Хафиз – оның лақап аты. Ширази деп аталуы
ақынның Шираз қаласында туып - өскендігін білдіреді. Хафиздің әкесі оның
өте жас кезінде қайтыс болады да, ақын тым жастай жетім қалады, тұрмыс
тауқыметін, оның ауыртпалығы мен азабын ерте тартады. Ақынның жастық,
жігіттік шағы да жоқшылық пен тапшылықта өтеді. Тек өзінің ынта-жігері,
қажырлы қайраты,еңбек сүйгіштігі және өте қабілеттілігінің арқасында өз
заманына сай білім алады.
Біз жоғарыда Хафиз днген ақынның лақап аты дедік. Хафих деп ол
кезде құранды басынан – аяғына дейін жатқа білген адамды айтады екен.
Болашақ ақын Шамсаддин Мұхаммед те құранды түгелдей жатқа білген.
Сондықтан да ол Хафиз деген атаққа ие болған. Ал кейінгі кезде халықтың
ертегі,өлең-жырларын білетін жыршыларды, халық ақандарын да Хафиз деп
атайтын болған. Мысалы, Тәжікстан мен Өзбекстанда халық ақындарын Хафиз
деп атау әдеті әлі де бар. Сөйтіп Хафиз деген сөз алғашқы кезде діни
ұғымды білдіргенмен, кейін әдебиеттік ақындық мағына алады.
Ақын жырларын сол кездің өзінде-ақ әркімдер тамсана тыңдаған.Оны
Шираз бұлбұлы деп атаған. Көптеген елдердің хандары мен әмірлері
салтанатты сарайларының сәнін келтіру үшін Шираз бұлбұлы – Хафизді сарай
сандуғашы ретінде орда маңында ұстамақшы болған. Оны өздеріне шақыртқан
хаттар мен қағаздар Үндістаннан да, Бағдаттан да, тағы басқа көптеген
хандықтар мен әмірлерден келген. Алайда, ақын осының бәріне де мән бермей,
өзінің туған жері – Шираздан алысқа ұзап ешқайда кетпеген. Осында тұрып, ол
Шахнабад деген қызға үйленген. Одан бір ұл көрген. Бірақ ақынның бұл баласы
көзі тірісінде қайтыс болғанға ұқсайды, өйкені ол Ұлымның өліміне деген
ғазал жазған.
Хафиз өз заманының аса жоғары білімді адамы болған. Хан ордасынан,
әмірлер сарайынан өзін алысырақ ұстауға тырысқан. Сопылық жолға түсуді де
ойлаған. Ол туған қаласы – Ширазды барынша сүйген. Көп уақытын өлең
жазумен, өз тұсындағы оқымысты ғұлама ғалымдармен әңгіме-дүкен құру, пікір
алысу үстінде өткізген. Сол арқылы ақын ой-өрісін кеңейтіп, ақыл-санасын
дамытып, философиялық ойларын өрістетеді. Осы ойланыс, толғаныс,
тебіреністің нәтижесі – ақын өзінің тамаша ғазалдарын тудырады. Кейде қала
сыртындағы Мусалла бағына барып дем алады. Рукнабад өзенінің суына
шомылады. Шираз қаласы, Рукнабад өзені, Мусалла бағы – Хафиздің өмір бойы
жақсы көріп өткен жерлері. Ақын оларды өзінің көптеген жырларына қосады.
Хафиз 1389 жылы туған қаласы – Ширазда қайтыс болады. Сүйегі қала маңындағы
Мусалла бағына қойылады.
Шын талант иесі – қайткен күнде де өз дәуірінің ұлы болса, оның
шығармалары өз заманының үні болмақ. Хафиз ((( ғасырда өмір сүріп, өз
шығармаларын жазды. Бұл дәуір Орта Азия мен Иран үшін өте ауыр жылдар
болды. Өйткені осы кезде бұл өлкені Монғол басқыншылары басып алып,
жергілікті елдің тұрғын халқын ауыр азап, қайғы-қасыретке душар еткен
болатын. (((( ғасырдың басында Шыңғыс хан әскерлері Орта Азия мен Иранның
сәулетті қалаларын қиратып, жайнаған бау-бақтарын өртеп, бас көтерген
алдамдарды қырғынға ұшыратқаны мәлім. Міне, Хафиз қмір сүрген ((( ғасырда
осы жараның аузы әлі жазылып бітпеген, халықтың тұрмыс-халі қайта қалпына
келіп, оңалмаған, қайғысы ұмыт бола қоймаған кез еді. Дәл Шыңғыс хан
империясы ыдырып, оның орнынан пайда болған ұсақ феодалдық мемлекеттердің
басшылары билікке, жерге таласып, өзара қырғын соғыстар жүргізіп жатты.
Алайда еңбекші халықтың еркіндік өмір, жақсы тұрмыс жөніндегі үміт-
арманы үзілмеді. Жергілікті халық монғол басқыншыларына қарсы сан рет
кқтеріліске шықты. Бұл көтеріліске жергілікті халықпен бірге сол тұстағы
интеллигенцияның көптеген алдыңғы қатарлы өкілдері де қатысты. Халық
көтерілістері басқыншылардың басым күшімен жаншылып, басылып қалып отырды.
Халық қаны тағы да төгілді, қайғыға қайғы қосылды.
Міне, Орта Азия мен Иран халықтарының тарихындағы осы аласапыран
кезең, шетел басқыншылары мен үстем тап өкілдерінің озбырлығы, оған деген
халық наразылығы, ел қамын жеген ерлердің ашу-ызасы мен қасірет-қайғысы,
өкініші мен түңілісі – барлығы да өз дәуірінің куәсі мен жыршысы болған
Хафиздің шығармаларынан өз көріністерін тапқан. Хафиз де көптеген
замандастары тәрізді өзі өмір сүрген ортаға, дәуіріне разы болмады,оған
көңілі толмады. Ол өз дәуірін аласапыран замандеп атады. Өлеңдерінің әр
жерінде: Біздің мына қатал заманда аяушылық деген атамен өшті, халық өаны
суша ақты деген пікірді сан рет қайталап айтады.
Ақын өз дәуіріне деген наразылығы мен қарсылығын үнемі ашық түрде
айта бермейді, өз ойларын тұспалдау, мысалдау, бейнелеу тәсілдерімен
жеткізеді. Хандар мен әмірлердің қатаң тәртібі, дін басыларының кертартпа
әрекеті ақынның озат ой-пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік бермейді.
Ақынның өз дәуіріне, өзін қоршаған ортаға наразы екенін, қарсылық
көрсетуге, әр кез әзір тұрғанын оның шығармаларынан анық көруге болады.
Біріншіден, Хафизден бұрын және сол кезде өмір сүрген көптеген Шығыс
ақындары көбінесе патшалар мен бектерді, олардың қанды жорықтарын
мадақтайтын жырлар – дастандар, панегирик, қасыда сияқты әдеби жанрларды
кейінірек дамытқан болса, Омар Хайям, Сағди, Хафиз сияқты ақындар көбінесе
өлеңді ғазалдар, рубаяттар, бәйіттер түрінде жазады. Бұл тегін емес. Хафиз
патшалар мен әмірлерді мадақтаудан әдейі бас тартып, оларға арнап қасыда
жазбаған, олардың шапқыншылық жорықтарын жырлайтын дастандар тудырмаған. Ол
оның орнына қарапайым адамдардың жан дүниесін, ішкі сезімін, сүйініші мен
күйінішін, махаббаты мен достығын, ұлылығы мен осалдығын көрсетуге көбірек
көңіл бөлген. Хафиздің патшалар мен әмірлерді жырламауының өзі-ақ, оның
оларға наразылығын, үстем тап өкілдеріне іштей қарсылығын кқрсетеді. Ал,
қарапайым адамдардың ішкі жан сезімін жырлап, олардың адамгершілік
қасиеттарін көрсету – оның шығармаларының халықтық сарынын аңғартады.
Дін иелері еңбекші халықты, жердегі тіршілікті ұмытып, бақытты өмірді
о дүниеден күт десе, Хафиз адамдарды махаббатты жоғары ұстауға, масаңдық
күйге (өзге дүниені ұмытуға) шақырады. Дін – адамдарды патшаны, құдайды
сүюге, соларға қызмет істеуге уағыздаса, Хафиз әйелдерді сүюге, арақ-шарап
ішуге, сөйтіп, құдайды да, патшаны да ұмытуға шақырады. Сқйтіп, Хафиз
ғазалдары өз тұсында, өз жағдайында еркіндік манифесті, қарсылық ұраны
тәрізді болды.
Европа, орыс, қазақ ақындарының ішіне Гете, А.С.Пушкин, А.Құнанбаев
т.б. Хафиз шығармаларына ерекше мән беріп, оларды сүйіп оқуы, аударуы және
солардың ізімен өлең жазуы тегін емес. Хафиз сияқты бұлар да һөз дәуіріне,
өз ортасына разы болмаған, оған наразылық білдірген, іштей ереуіл көрсетіп,
бүлік шығарған ақынлар екені белгілі. Олай болса, Хафиз ғазалдарында өзі
өмір сүрген ортаға батыл наразылық білдіріп, жарқын болашақты аңсау бар.
Хафиз шығармалары түрлі тақырыпқа жазылған. Дегенмен, соның ішінде
оның творчествосында өз дәуіріне разы ьболмау, өз тағдырына налу,
сүйіспеншілікті жырлау және арақ-шарап, масаңдық күйді мадақтау кеңінен
орын алады. Оның ғазалдары негізінен осы үш тақырыптың тқңірегіне
топтасқан. Бұл тақырыптарды жарлағанда, ақын ең алдымен адам өміріне,оның
тағдырына көбірек көңіл бөледі. Өзі өмір сүрген дәуір мен ортаның адам
баласын не материалдық, не рухани жағына қанағаттандыра алмай отырғанын
айта келіп, адамдардың асыл армандары мен тәтті қиялдарының жүзеге асуынын
талап етеді. Кейде осы тәтті үміттер мен қиялдардың орындалмай жатқанын
көзі көріп, ашыналы, іштей наразы болады. Ол былай деп жазады:
Жауыздық елдің ішін еңіретті,
Кімнен болсын, бұл күнде сенім кетті.
Ақымақтың алдында қолын жайып,
Ойлы, ақылды адамның сәні кетті.
Қасіреттен арылмай, ада болмай,
Ең асыл жан дегеннің әлі бітті.
Міне, осы өлеңнің өзінен – ақ ақынның өз ортасына разы емес екенін
айқын аңғаруға болады. Ақын бұдан былайғы жырларында мұндай әділетсіз
ортада өмір сүруге көнбейтінін, мұндай қияпатшыл тағдырға төзбейтінін айта
келіп былай дейді:
Жан емеспін бойсұнатын,тәлкегіне тағдырдың,
Қарсы келсе тағдыр маған, дей бер оны қан қылдым.
Жыртық тонды бермеспін мен қам қасына патшаның,
Болсамдағы тақыр кедей, арым – таза, ақ жаным,
Мына заман бұл қалпымен кете бермес ұзаққа.
Ойланар бір.Тозақ дүние айналар бір жұмбаққа.
Бұл өлең жолдарына қарай отырып, Хафиздің тағдыр талқысына көнгісі
келмей, оған қарсы бас көтерген ақын болғанын немесе болғысы келгенін
аңғару қиын емес. Демек, тұрмыс ауыртпалығына наразылық, жарқын болашақты
аңсау – Хафиз шығармаларының негізгі өзегі деп білу керек. Оның
шығармаларында кездесетін басқа сарындар, оның ішінде қыз-келіншек, арақ-
шарап жайындағы жырлары де еркіндік өмірді аңсау сарынымен үндес жатады.
Бұл жөнінде ақынның:
Ароыз емен, ей, мухтасиб, құдай куә сөзіме,
Бар жазығым – қыз, шарапты жолдас еттім өзіме, деп басталатын
өлеңі оның нақты дәлелі бола алады. Сонымен бірге, қанша кедей болса да
әкімдер ұсынған сыйлықты алмайтындығын, өзінің жыртық шапанын ақ патшаның
алтын кіреукесіне айырбастамайтынын, кқк тәңірісі – алладан еш нәрсе
тәлемейтінін, пайғамбар уәде еткен жеті қабат аспан үстіндегі жұмақтан да
дәметпейтінін айтады.
Хафиз өзіне жиіркенішті үстем тап қкілдерін кейде ашық түрде
әшкерелейді. Оның жинағындағы ғазалдардан мұндай жайларды жиі кездестіруне
болады. Ақын бірде қатігез әкімдер мен пара жегіш қазыларды әшкерелесе,
екінші жерде екі жүзді молдалар мен сопыларды сықақ етеді. Енді бір жерде
тек бас пайдасын ғана ойлайтын мүфтилерді айыптаса, екінші бір жерде
алдамыш әулелерді айыптайды. Ол шейхтады есекке, молдаларды шайтанға
теңейді. Олардың өтірік оқыған намаздары мен жасаған жауыздықтары
әшкереленеді.
1. Көкірек керген әкімдерден күтпеңіздер жақсылық,
Ашқанша ол тас қақпасын, бітерсің жан тапсырып.
2. Кеше ғана біздің шейх шықтыдағы мешіттен,
Кірді шарап дүкеніне адамдай-ақ кешіккен.
Уа,муриттер, біздер қалай намаз оқи аламыз,
Ана жақта шарап ішіп тұрса шейх ағамыз?!
3. Асханаға барып, достым, ішейікші сырасын,
Тілімді алсаң: мешітті қой, ол –жауыздық ұясы.
4. Ей асбазы, толтыра құй бізге ащы шараптан,
Емеспіз ғой біздер сопы, құдай қор ғып жаратқан.
Жоғарыда келтірілген үзінділерден Хафиздің ел билеген әкімдерді, дін
иелері - әулелер мен молдаларды қаншалықты жек көргенін және қалайша батыл
әшкерелегенін анық көруге болады.
Хафиз ғазалдары сүйіспеншілік жайындағы ең сұлц сыр болып саналады,
өйткені ол махаббатты дерексіз бір нәрсе ретінде көрсетпей, өз басынан
өткізген сүйініш пен күйініштің көрінісі ретінде суреттейді. Ақынның шарап
туралы жырлары да осы махаббат тақырыбына байланысты туады. Оның ойынша,
шарап ішу күнә емес, қайта өмірдің рахаты мен қызығын кқру, табиғаттың
тәттілігі мен сұлулығын сезіну, оның әсемдігінен ләззат алу болып
есептеледі. Оның үстіне шарап ішу, ақынның ойынша шариғаттың тыйым салған
жөнсіз істеріне білдірген наразылық, екіжүзді мухтасиб - әкімдерге
көрсеткен қарсылық деп түсіну керек.
Хафиз өзі өмір сүрген дәуірге наразы, өзін қоршаған әкімдер мен дін
иелеріне қарсы болды, олардың өздерін де, істерін де айыптады. Хафиз
азаттық, әділеттік жолындағы халық қозғалысына өзі белсене араласқан жоқ,
одан аулақ болды. Ол орта ғасырдық ауыр кезеңде өмір сүрді, ал мұндай
жағдайда әкімдерге ашық түрде қарсы шығу немесе оған ашық наразылық білдіру
қиын еді. Осы кезде оның жан дүниесі қайшылықта болды. Бірде – Хафиз ақын
алып қайрат иесі, өміт сүрген дәуіріне наразы, оған қарсы болып көрінсе,
екіншіде – Хафмз әлсіздік көрсетіп, өзінің ақылымен кеңесіп, жағдайымен
санасып, ымыраға келеді, өз ортасына бейімделмек болады. Хафиз өз заманының
ұлы ақыны, дүние жүзінің асқан лириктерінің бірі болып қала бермек.
Хафиздің өмірі мен шығармалары туралы мағлұматтар оның көзі
тірісінде жүйеленбеген, тіпті ақынның ғазалдары да ол тұста толық жинақ –
күллият ретінде іріктелмеген. Көбіне ақынның алғашқы диуаны – жинағын
шәкірті Мұхаммед Гуландам ұстазы қайтыс болғаннан отыз-қырық жылдан соң
құрастырған делінеді. Хафиздің өмірі мен өлеңдерінің тарихы, мәні,
ерекшелігі жөнінде зерттеу жұмыстары ғасырлар бойы толастар емес. Тіпті
қазірдің өзінде ешбір зерттеуші оның мұрасын толық танып, егжей-тегжейлі
тексеріп, саралады дей алмаймыз.
Хафиздің ең маңызды әдеби мұрасы - ғазалдары. Бірақ бір өкініштісі
– оның түпнұсқасы кейінгі көщірмелерге енгізген өңдеулерге байланысты
едәуір өзгеріске түскен.
Хафиз қолжазбаларының нұсқасы – 43. Бұл мұралар әлемнің түкпір-
түкпірінде: Тәжікстан, Түркия, Англия, Үндістан, Пакистан, Өзбекстан,
Австралия, Германия, АҚШ, Франция, Иран т.б жерлеріде сақтаулы.Хафиз
туындылары Төңкеріске дейін-ақ қазақ даласында кең тараған, бұл басылымдар
– парсы тілінде ғана емес, шағатай-түркі тілдеріндегі тәржімалар арқылы
мәлім болды.
Күні бүгінге дейін Хафиз Диуаны өз жерінде 500-ден астам рет
түзетіліп, толықтырылып, түсініктерімен басылған. Хафиз өлеңдерін өзіне жат
өлең жолдарынан тазартып, әуелгі қалпына келтіруде түрік филологы Суди
елеулі еңбек етті. Хафиз Диуанына шарх яғни түсінік жазған алғашқы
ғадымдар тек түрікткр жағынан болды. Біріншісі – Османия дәуірінің
оқымыстысы Бусна тұрғыны 1000 хижра жылында қайтыс болған суди еді,
екіншісі, Мұстафа Ибн Шаһбан лақабы Саруари (969 хижра жылы қайтыс
болған), үшіншісі – Шәмһи (1000 хижра жылы қайтыс болған).
1928 жылы иран әдебиетшісі Абдрахим Хальхали Хафиз шығармаларының
1423 жылы жазылған көне қолжазбасын, яғни ақын болғаннан 35 жыл соң хатқа
түскен ғазалдар жинағын тапты. Халбхали жариялаған нұсқада 637 ғазал басып
шықты. Хафиз мұрасын зерттеуде парсы-тәжік әдебиетін жетік білетін академик-
жазушы Садриддин Айни де елеулі еңбек етті. Ол ғазалдардың текстологиясын
дұрыстап жөнген келтіру, оған дұрыс түсңнңк беруде біршама тер төкті. Хафиз
шығармашылығын көркемдік тұрғыдан ғылыми түрде талдады.
Ұлы Абайдың немере інісі, шәкірті Шәкірім Құдайбердіұлы да өлеңінде
басқа да ақындармен қатар Қожа Хафиздің атын атайды:
Айтқан сөзі ауруға – ем, жанға – құмар,
Тауып айтқыш тәтті тіл сайраушылар
Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,
Қожа Хафиз, Науаи,Физули бар.
Әлеинің ұлы ақындары Гете мен Пушкиннің де парсы шайырының дарынына бас
иіп, оның ұлылығын таныған. Немыс ақыны В.Гете Батыс-Шығыс диуаны атты он
екі кітаптан тұратын әйгілі туындысының 12-ші кәтабын түгелдей Хафизге
арнап, оны Хафизнаме деп атады. Гетеге 1812-1813 жылдары И.Гаммиромның
Хафиз өлеңдерінің немыс тіліне аударылған еңбек көп әсер етеді. Хафиз және
парсының бас ақындарының аудармасының шығуы Гетенің Батыс-Шығыс диуанын
жазуға көп көмегі тиді.
Хафиз туралы Гетенің мына сөздері А.А.Фет аудармасы арқылы Ресейде
танымал болған:
Девой слово назовем,
Новобранный – дух:
С этим браком тот знаком,
Кто Хафизу друг.
Гете Хафизді әлемдік әдебиетке әкеледі де, оны өзінің қолдаушысы,
поэзиядағы арқа сүйер ағасы деп атайды.А.А.Феттің Қ.Хафиз сиқты негізгі
тақырыбы махаббат пен сұлулық. Поэзия – Фет үшін қайғыдан арылу. Фет
Хафмздің бірнеше ғазалдарын орыс тіліне аударып, орыс жұртшылығын Хафизбен
таныстырады. Фет аударған ғазалдарының бірі:
В царстве розы и вина – приди!
В эту рощу, в царство сна – приди!
Утеши ты песен тоски мои,
Камнями это песень слышна!- Приди!,
А.С.Пушкин оның шығармаларын сүйіп оқып, ғазалдарының әсерімен
өлеңдер жазады. Из Хафиза, О,дева - роза деген өлеңдерінде ақынның
талантына сүйсініп құрмет тұтады. (( ғасыр басында орыс әдебиетінде Хафиз
сарынында В.Иванов , М.Кузьмин, В.Брюсов ғазалдар шығарған. Хафизтану
саласындағы елеулі әрі бағалы еңбектер – шархтар, яғни түсініктер. Мұсылман
елдері ғылымында түсінік жазу дәстүрге айналған , әрі ғылыми танымның
өзгеше жолы болып есептеледі. Шарх кез келген еңбекке байланысты жазыла
бермейді, ол - әдебиет не ғылым саласындағы құнды деп саналған, сұранымға
ие болған туындыға арналады.
Түрік тілінде жазылған Сорури шархы мен Шамһи шархы өзіндік салмағы
бар әрі танымал бола тұрса да, Суди қаламынан шыққан түсінік толыққанды
еңбек болып табылады. Күні бүгінге дейін ағылшын,француз және түрік
тіліндегі Хафиз жайындағы зерттеулер, көбінесе, Суди шархына сүйенеді. Оның
сыры судидің ақын қолданған сөздердің тура лексикалық мағынасына тоқталып,
ал астарлы әрі құпиялы жолдарына аса үңіле бермеуіне байланысты.
Хафиз ғазалдарының басым көбі ұғымға ауыр, сырлы, софылық мағынаға
толы болып келді. Хафиз жалпы оқырманға жақындап, түсінікті болуымен ұлттық
мақтанышқа айналып отыр. Хафиз бірде өмірдің күнделікті күйбеңіне үн қосса,
бірде рухани әлемге ала жөнеледі, таза софының киімін киеді. Тағы бірде
аңқау болып кқрінсе, келесі долы діндер мұсылман кейпінде екі жүзді
адамдардан безеді.
Суди де Хафиз туындыларының аталғандай ерекшеліктерін баяедау арқылы
зерттеушілердің назарын аударып, ілтипатынат ие болған. Суди, аты –
Мұхаммед әпенді, Босна уалаятында дүниеге келген, парсы, араб, түрік
әдебиетін жетік меңгерген білімдар. Ғалым ғұмырының көп уақытын Стамбулда
өткізіп, Османиялар сарайындағы шенеуніктердің балаларына сабақ берген һәм
кітаптарын жазған. Хафиз диуанына урду тілінде Юсуф Әлимах Чәшти Низами
деген ғалым 1307 хижра жылы шархты дүниеге келтірген.
Кейінгі уақыттағы Хафизге төрт томдық шарх жазған Хусейін Әли Һерауи:
Мен егер Суди және Казваниден асырып жаза білген болсам, еңбегімнің бағалы
екеніне көзім жеткен болар еді,- дейді.
Хафиз ғазалдары илаһи сарында жазылған.Ғазал деп Шығыс әдебиеті
тарихында көлемі 14-18 жол немесе 20-24 өлең жолдарынан тұратын лирикалық
өлеңді айтады.Ол ғазал ажарын тек мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан
байытып жаңғырып, жаңа бір белеске көтерді. Ғазал мазмұны мен формасы
жағынан Батыс Европа поэзиясындағы сонатаға немесе романсқа
ұқсайды.Хафиздің қауырсын қаламынан туған міне, осы ғазалдар ақынның даңқын
көзі тірісінде – ақ өз еліне, тіпті одан сыртқы жерлерге де әйгілі еткен.
Оған тың өрнектер қосты. Сондықтан да басқа ақындар оның сұлу ғазалдарын
өздеріне қол жетпес үлгі, құдіретті құрал деп таныды.
Хафиздің алғашқы өлеңдері, көбінесе парсы мемлекетінің басшыларына
арналған панигирик (мақтау) қасида болды. Шайырдың бұл шығармаларының
идеялық маңызы, көркемдік шеберлігі айтарлықтай жоғары емес. Хафизддің
шығармашылығын жалпақ әлемге әйгілеп, өнерін жарқырата көрсеткен лирикалық
сипаттағы ғазалдары. Ғазал – ақынның ішкі халі мен сезімін баяндайтын шығыс
халықтары поэзиясында кең таралған өлең.
Хафиз тақыр жерде дүниеге келмеген. Ол алдыңғы өтіп кеткен дәстүрдің
ықпалында болып, осы дәстүрді ұштап кеңейткен. Хафиздің үлгі - өрнектері
кейінгі парсы ғазалына мектеп қызметін атқарды. Хафизден кейінгі шайырлар
ғазал жанрында оның биігінен әрі көтеріле алмады деген ойды әдебиеттанушы
ғалымдар тұжырымдайды. Ғазал туралы еңбек жазған зерттеушілер Шибли Нумани,
Эдвард Браун, А.Арберри, Мұхаммед Моин ғазалды кемеліне жеткізген Хафиз деп
тұжырымдайды.
Шығыста қызғылықты әдеби дәстүр қалыптасқан. Ол бұрынғы бір ақын
басып кеткен жолды екіншісінің қайта басуы, жаңғырта жырлауы. Осы әдеби
дәстүрді жауап дейді, жауаптың назира дәстүрінен өзгешелігі де бар.
Жауап кейде ақынның көркем туындысына еліктеу, соның үлгі өрнегі негізінде
жаңа шығарма жазу.Хафиз ғазалдарына жауап жазған шайырлардың бірі
Нураддин Абу ар – Рахман ибн Низамаддин Ахмад Жами. Жами Хафизге қасиетті
де жұмбаұ тіл иесі оның өлеңдерінде жасандылық жоқ, сондықтан лисан – ал
- ғайыб деп атаған. Жами Бахирстан атты шығармасының алтыншы жұмбақ
бағы тарауында: Алла рахмет еткей Хафиз Ширазидің көптеген өлеңдері
нәзік, хош иісті, кейбіреулері аса керемет деңгейде, оның ғазалдары
басқалардікімен салыстырғанда ұнамды, тартымды, адамның жан дүниесімен
үйлесімділік тауып отырады- дей келе, Хафиз диуанына теңесер диуан жоқ
деген жоғары баға берген.
Жауаптасу тек еліктеу, алдыңғылар ізін шиырлау ғана емес, өнер
жарысы, шеберлік сайысы. Парсы әдебиетіндегі патша деген мағынадағы шаһ
сөзі ғазал не бәйіт сөздеріне келеді. Шаһ бәйіт не шаһ ғазал деген
бір шайырдың жинағында ғазал не бәйітінің ең көркемін, ең мазмұндысын
атаған. Хафиздің өз алдындағы диуандардағы шаһ бәйітпен шаһ
ғазалдарға жауап бермегені кемде-кем.
Хафиз өз ізашарларынан нәрлене отырып, ғазалға тың бояу қосып, соны
нақыштармен байытты. Хафиздің жеткен биігі одан кейінгі сандаған шайырларға
тамаша өрнек өнегесіне айналды.
Парсы ғазалдарының ықпалы қазақ поэзиясына да әсер еткен. Әсет,Ақан
сері сияқты қазақ ақындары парсы тілі, шағатай тіліне аударылған илаһи
ғазалдармен таныс болған. Осы тұста ақын, ғалым Әбділда Тәжібаевтың Ақан
сері Қорамсаұлы шығармашылығының шығысқа қатысын айта келіп, ұсынған
мынадай қызықты естелігі бар:
... Көп өлеңдерінде жаңағыдай шығыс классиктерінің ғашықтар
поэмалары мен хикаяларын атаған, көптеген шығыс сөздіктерін пайдаланған
Ақан өзінің идеялы, ақындық үрдістерімен де шығыс классиктерінің
лирикаларымен ұқсас.
Низами, Науаи,Сағди, Хафиз тағы басқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz