Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар



1. Психология пәні және оның міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Психиканың рефлекторлық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Қазіргі заман психологиясының міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5. Психология салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жантану ғылымы - психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Талай ғасырлар бойы адам көптеген галымдар әулетінің зерттеу объекті болып келді, Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықсыну уақыт озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объект, ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық ғылымдар әлеуметгпік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуі тіпті мүмкін емес. Солай болса да, әрқандай ғылым басқасынан әз пәнінің ерекшелігімен ажырап тұрады. Л.С.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" (1940) атты еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр - олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықлас-ниеттеріміз бен тілектеріміз, т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны -деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы - ол түйсік, сезімнен ғана көрінеді де оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты әдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сулулығын сезінуі қиын; керең -тікелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды; махаббат ләззатына өзі бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгіме-дастан да түкке де тұрмайды.
1. Леонтьев А.Н. Изб.психологич.произвөдения. М., 1983, Т.1., 22-31 беттер.
2. Ломов Б.Ф. Методолгичөские и гпеоретические проб-лемы психологии, М., 1984, 11-25 беттер.
3. Ломов Б.Ф. Вопросы общөй, пөдагогической и инже-иерной психологии. М., 1991. 26-62 беттер.
4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М., 1989, 14-33 беттер.
5. Роговин М.С. Введение в психологию. М., 1969, 18-34 беттер.
6. Гиппенрөйтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М., 1988. 7-19, 48-63, 34-47 бөттер.
7. Ж.Аймауытов. Психология (оқу құралы). Алматы, 1994.
8. Ж.Аймауытов. Жан жүйесі және өнер таңдау. Мәскеу, 1926.
9. Ю.Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы, 1992.
10. И.Ә.Алдамуратов, М.Муканов. Психология пәнінен ла-
11. бораториялық-практикалықсабақтар. Алматы, 1978-79.
12. А.Әбдірахманов, Қ.Жарықбаев. Психологиялық орыс-
13. Орысша-қазақша сөздік, Алматы, 1976. ІЗ.Жалпы психология. В.В.Богословский редакциясымен.
14. Алмәты, 1980.
15. 14.К.Жарықбаев. Психология. 1982. 15.К.Н.Корнилов. Психология. Алматы, 1946. іб.Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы, 1993.
16. А.Темірбеков, С.Балаубаев. Психопогия. Алматы, 1996.
17. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы, 1996.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ПИСХОЛОГИЯ МӘН-МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАРША ҒЫЛЫМДАР

Жоспары:

1. Психология пәні және оның
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. Психиканың рефлекторлық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3. Қазіргі заман психологиясының
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..

4. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5. Психология
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

Әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Психология пәні және оның міндеттері

Жантану ғылымы - психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
жүйесіндегі орны
Талай ғасырлар бойы адам көптеген галымдар әулетінің зерттеу объекті
болып келді, Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын,
тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған
емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам
болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен
қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының
ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықсыну уақыт
озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина,
өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық
заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның
даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі
білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі
ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объект, ал ғылымдардың әрбірі өзіне
тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық
ғылымдар әлеуметгпік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды
айналып өтуі тіпті мүмкін емес. Солай болса да, әрқандай ғылым басқасынан
әз пәнінің ерекшелігімен ажырап тұрады. Л.С.Рубинштейн "Жалпы психология
негіздері" (1940) атты еңбегінде Психология зерттеуіндегі ерекше
құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр - олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз,
ойларымыз, ықлас-ниеттеріміз бен тілектеріміз, т.б., яғни біздің
өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге
ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны -деген. Психологиялық дүниенің
бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы -
ол түйсік, сезімнен ғана көрінеді де оның басқаша пайда болу жолы жоқ.
Мысалы, қаншалықты әдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сулулығын
сезінуі қиын; керең -тікелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды;
махаббат ләззатына өзі бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгіме-дастан да
түкке де тұрмайды.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып
болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты
заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралып туратыны
даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбы-ыс деген нанымның санаға
терең уялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен
жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай
адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан - бірінен-бірі дербес
екі бәліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан оның
тәнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді-мыс. Ал адам ұйқыдағы
кезде, жан оның тәнінен уақытша ажырап, қандай да бір басқа жерге
ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қәлыптар ғылыми
талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бірінің екіншісі жөніндегі
қарапайым тұрмыстық психологияға тән пайымдаулары жинақтала берді. Адам
психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде
топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті
тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған
жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияга дейінгі білімдер
ауқымын қүрады. Осы біршама біліктер әр адамға қоршаған ортада жол
тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін
тигізді. Бірақ муның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаган,
дәлелсіз. Оларды біз күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен,
көркөм әдебиеттен, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен (мақал-мәтел, ертек,
өпсана) ұғып, түсініп келдік. Қазіргі заман психология теориялары
мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан
ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шыгады.
Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні неде? Оның ғылыми дені не?
Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп,
психологияның әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген
көзқарасының өзгеріп барғанын байқаған жөн. Психология өте ежелгі де, өте
жас та ғылым, Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы әлі
алда. Психологияның дөрбес ғылыми сала болып танылғанына енді ғана жуз
жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих
тұңғиығында бастау алган пәлсапамен бірге келе жатыр.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология
жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал
тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырганымыз
психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып,
өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл XIX ғ.
кейінгі ширегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар
тереңінде өріс алды.
Пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология - жан туралы
ғылым (психо - "жан", логос -"ғылым") дегенді аңғартады. Кең тараған
түсініктерге жүгінсек, алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға
байланысты дүниеге келгөн. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткеніндей, ежелгі
грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негізінде
бастау білімдөрін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-
пікір бағыттарының жалпы дүние, соның ішінде - жан жөніндегі діни-
мифологиялық көзқарастарға қарсы күресінде дамуын тапты. Осыдан, жан
жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының
кемөлдөнуінде біріиші кезең болды да психология әуел бастан жан туралы
ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға
соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы
түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен
дамуы философияның өзекті мәселесін - материя мен сана, заттық және рухани
болмыстардың ара қатынасын - шешуге тәуелді болып келді.
Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір-біріне тікелей қарсы
философия багыттары - идеализм мен материализм - пайда болды. Идеалистер
психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға тәуелсіз, белгісіз
бір зат деп қарастырды. Ал материалистік танымда психика - туынды,
материяға тәуелді құбылыс.
Идеалистік бағыт өкілдері материяға қатысы жоқ ерекше рухани
бастаманың барын мойындап, психиканың әрекеті тәнсіз, мәңгі жойылмас жанның
көрінісі деп біледі. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, біздің
түйсігімізбен елестеріміздің нәтижесі.
Идеализм бастауы әдамдардың өз дене құрылымы мен қызметі жөнінде
дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуімен
тәнге еніп, оның өлуімен ұшып көтетін жан және рух әрекеті деп ойлайтын
заманда пайда болган. Жанды бастапқыда адамның әр түрлі мүшелерінде
жасайтын ерекше бір жұқа зат не тіршілік иесі деп білген. Діннің пайда
болуымен жан "о дүниемен" байланысты, көрінбейтін әрі мәңгі жасайтын,
тәннің өзгеше бір екінші баламасы - рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің
бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген
әртүрлі идеалистік бағыттар қанат жайды. Адам психикасы - рухи өмірдің
көрінісі, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп
санаған идеализм мен діни догматтар адам жан дүниесін материалистік
тұрғыдан түсіндіруге ұмтылған ғылыми ой-пікірлерді көп ғасыр кейінге ысырып
тастады.
Жан жөніндегі танымдар қандай құбылыс-өзгерістерге енгенімен өмірлік
іс-әрекеттің қозғаушы күші - жан деген тұжырымға ешбір шүбә келтіре алмады.
Тек ХҮІІІ ғ. психология білімінің дамуында Рене Декарпі жаңа дәуір есігін
ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға
ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл жантану
ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі түсінікті
- рефлекс және сана - бірдей енгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан мөн тәнді
бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс - материя және рух -
жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы
"дуализм" (екі тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық
табиғат ми қызметінің өнімі емес, мидан тыс, оған тәуелсіз, өз бетінше
жасайтын құбылыс екені түсіндірілді. Бұл бағыт ғылымда обьективті идеализм
деп аталды.
Дуалистік арқау етіп XIX ғ. Психологиясында психофизиологиялық
параллелизм атанған идеалистік бағыт кең өріс алды. Бұл бағыттың мәні:
психика және тән қатар, бірақ өзара тәуелсіз жасайды. Мұндай идеалистік
көзқарасты дәріптеушілер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б.
Шамамен осы дәуірде психология дені жөнінде жаңа түсініктөр қылаң бере
бастады, Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы беріліп, психика
санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы
жүзеге келді. Бірақ сана көп уақытқа дейін басқа табиғи процестердің
бөрінен оқшауланган ерекше құбылыс рөтінде қаралды. Енді саналық өмір Алла
жаратқан әқыл көрінісі немесе сананы құраган қарапай-ым элементтері бар
субьективтік сезім нәтижесі деп есөптелді. Бірақ идеалистік бағыттағылардың
бәрін біріктірген жалпы пікір: психикалық болмыс - бұл гылыми талдауға
келмейтін, себебін түсіндіру мүмкін емес, тек қана өзіндік бақылаумен
танылатын субъектив дүние екендігі. Мұндай түсінім кең етек алып, ал бұл
бағыттагы идеализм интроспекттік (ішке үңілу) сана тағылымы атын алды.
Осыдан сана өзімен өзі шектеліп, психика объектив болмыс пен субъекттің
өзінен де толығымен ара байланысын үзді.
XIX г. екінші жартысында дербес ғылымга айнал-ған психологияның дамуы
өз алдына әртүрлі мақсаттарды белгілеп, әртүрлі зерттеу тәсілдерін
қолданған, бір-бірін ауыстырып отырған теориялар таласында жүріп отырды.
XIX ғ. аяғындағы барша теориялар, XX ғасырдағы біршама тагылымдар сананың
осы интроспекттік психологиясы шеңберінде зерттөлді. Бұл теориялар бойынша
психологиялық зерттеулердің бәрі қоршаған орта мен адам іс-әрекетіне
байланыссыз жан толғаныстарымен көріністеріне негізделді. Ал сана мен ми
арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.
Интроспекттік психология аймагындағы теориялардың бір-бірінен
айырмашылыгы сананы құрылымы, мазмұны және белсенділік дәрежесіне қарай
әрқилы сипаттаудан болды, яғни бір сипаттама жетекші деп есепте-лінді. Осы
тұрғыдан идеалистік сана психологиясы өз зерттеулерін 5 бағытта алып барды:
• саналық элөмөнттер теориясы (В.Вундт, Э. Титченер);
• саналық әрекеттер психологиясы (Ф.Брентано);
• саналық агым (сел) теориясы (У.Джемс);
• дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);
• Дильтей суреттеме психологиясы.
Бұл теориялардың бәріне ортақ түсінім: қоршаған дүниемен белсенді
қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар іс-әрекеті сана белсенділігі
деп танылды.
Психологияда зксперименттік әдістің орнығуына қарамастан, бұл дәуірде
аталған теориялардың бәріне тән ерекшелік - психикалық құбылыстардың мәнін
түсіндіру емес, тек қана суреттеп нақтылау. 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы
эксперименталды лаборатория ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент
қою мүмкіндігі ашылды: зерттеуші белгілі жагдайлар жасап, онда психи-калық
процестердің өтуін бақылап барды. Бірақ бұл бақылаулардың ерекшелігі: адам
өзінің ішкі жан-күйін, сезімін, ой толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай
зерт-теуде интроспекттік аталған әдіс қолданылды. Мұндай бақылау, әлбетте,
басты гылыми талап-обьективтілікке сай келмейді. Осының салдарынан XX ғ.
басында, бір жағынан - ғылыми объектив білімдер дамуына орай талаптардан,
екіншіден - әлеуметтік-экономикалық өркендеу сураныстарынан интроспекттік
психологияның дағдарысы көрініс берді.
Адам әрекет-қылығын қадағалап, бақылау құрал-жабдықтарын дайындауды
қажет еткен капиталистік өндіріс әдістерінің дамуына байланысты практикалық
міндеттер алдында "сана психологиясы" өз дәрменсіздігін байқатты.
Осыдан XX г. екінші он жылдыгында психологияның және бір бағыты пайда
болып, оның екілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да
емес.
сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының
жиынтыгы - әрекет-қылық (поведөние) еді. Бұл бағыт "бихевиоризм" аталып,
психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады.
Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндегпін
қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп
білді. Тек бір онжылдықтың өзінде-ақ бихевиоризм бүкіл дүниеге тарап,
психология ғылымының ықпалды бағыттарының біріне айналды.
Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда - жан туралы ғылым,
кейін - жансыз ғылым, ақырында - санасыз ғылымга айналды. Психология пәнін
осылай пайымдаудан оның келесі, және бір дағдарысқа кезігуінің мәнін
түсінеміз. Әрине, қылық-әрекетті бақылаумен объөктив деректерді зерттей
аламыз, бірақ мұндай объективтік жалған, себебі біздің әрқандай әрекет-
қылығымыздың астарында өзіміздің ой, сезім, ниеттеріміз жатыр. Сондықтан
осы ой, сезім, ынта-ықыласты білмейінше, әрекет-қылықты тану мүмкін емес.
Психология пәнін (предмет) нақтылауда болған дағдарыстар себебі
аталған теориялардың негізге алған әдіснамалық тұжырымдарында болып отыр.
Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, объектив дүние мен
субъектив болмыстың ара қатынасын идеалистік тұрғыдан шешті. Бихевиористер
болса, сол мәселені дөрекі материализм көзқарасымен түсіндірді. Олар үшін
психикалық құбылыс пен материалдық дүние арасында айырмашылық болмады.
Осылай, қате әдіснамалық бастаулар өз пәнін дұрыс анықтауда психологияның
жолына кесе-көлденең тұрып алды. Бұл тығырықтан шығудың жолын диалектикалық
материализм тапты. Диалектикалың материализм үшін барша дүниенің негізі
жалғыз-ақ -материя, ал психика, ойлау, сана одан туындаган екінші сатыдағы
құбылыс,
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана -
екінші, одан туындаушы, яғни объектив дүниенің мидағы бейнесі. Осы
түсінікке орай ма-териалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық
(заттық дүниенің сезім, ой т.б. түрінде бейнеленуі) бір-біріне тікелей
қарама-қарсы. Бірақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік,
ой, сезімдер т. б. - материалдық органның - мидың әрекеті, сыртқы
тітіркендіру энергияларының сана өміріне айналуының нәтижесі. Психика, сана
ми қызметінен ажырауы мүмкін емес, олардың басқа жасау тәсілі жоқ. Материя,
психика және сананы бұлайша түсіну диалектикалық материализмнің дүние
заттығы (материальность) жөніндегі ережесімен түбегейлі сай болып тұр.
Әлемде әр түрлі қасиеттерге ие, мәңгі қозғалыста болып, мәңгі жасаушы
материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкін емес. Материяның қозғалысы
бұл тек орын ауыстыру емес, оның қалаған өзгерімі, құбылуы, бір күйден
екінші күйге түсуі.
Материяның дамуы - бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетілуі,
қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа әтуі. Алғашқыда тек органикалық
емес материя, өлі табиғат болды. Дамудың белгілі бір сатысында, өзінің
ұзаққа созылған эволоциясының нәтижесінде материя органикалық қасиеттерге
ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиеті -өмір, табигат
жиынтығына енді. Табиғаттың даму процесінде өсімдіктер, жануарлар, келе-
келе материяның ең жоғары туындысы - санаға ие адам пайда болды. Ғылыми
психология тірек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйөсіндв
бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебі осы категорияга орай психиканың
жалпылама жөне мәнді сипаты ашылады: әрқандай пси-хикалық құбылыстар
объөктив шындықтың субъектив бейнеленуінің түрлі формалары мен деңгейлерін
көрсетеді. Бейнелеу теориясы психология ғылымының мәнін анықтауда, оның
өдістерін таңдауда, деректер, түсініктер, тұжырымдар тобынан қажеттісін
ажыратуда жалпы әдіснамалық бағдар рөлін атқарады.
Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиетіретінде сапалық
өрекшелігі неде?
Барша материя бейнелеу қасиетіне ие. Психика -материя қасиеті, мидың
қызметі болумен психика дамуының алгы шарты - бейнелеудің ерекше формасы.
Психика материяның даму желісіиде, оиың бір қозғалыс формасынан екіншісіне
өзгеріп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда болып,
психика сол эволюцияның маңызды фактор бірлігіне айналады. Бейнелеу қасиеті
негізінде организмнің қоршаған ортаны және сан алуан байланыстары түзілес
Диалектикалық материализм ғылыми білімдердің құрамы неден пәні не?
Бұл - ең алдымен психикалық өмір деректері. Мысалы, психикалық дүние
дерегі рөтінде жірибе топтау қабілеті - жад, есті қарастырайық. Есте
болсын, ғылыми жантану психологиялық құбылысты суреттеп, баяндаумен шектеле
алмайды, түсіндіру, яғни осы дерекгпер мен құбылы ратын заңдарды ашып,
олардың мәнін айқындап беру. Әрқандай ғылым мақсаты - зерттелетін
ппроцестер мен құбылыстар бағынатын объвктив заңдарды белгілеу. Теориялық
және экспериментальды зерттеулердің бәрі нақ осы мақсатқа бағдарланған.
Ғылыми танысмдық құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанып
жүретін байланыс, қатынастарды білуден келіп шығады. Мысалы, ес (жад)
өзінің қызметтік заңдылықтарына бағынады. Естің түрлері болатыны белгілі.
Жақсы есте қалдыру қайталауға тәуелді екенін білеміз, байлаыссыз материалға
қарағанда, жоспарланғаны жеңіл әрі тез еске түсетіні мәлім.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие
байланыстар мен қатпынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап - объектив
заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану
жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зеріттеулерінің обьекті –
психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен
заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан
психологияның міндеті – психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша
отрырып, психологиялық іс-әрекетті қорғаушы механизмдерді де анықтап білу.
Ал енді сол механизмнің қандай да психологиялық процесті орындайтын нақты
анатомия-физиологиялық аппаратты іске қосуына байланыстылығынан, ол
механизмнің табығаты мен әрекетін психология басқа ғылымдармен бірлікте
зеріттейді.
Қорытындыласақ? Жантану ғылымы – психология – психика деректерін,
заңдылықтарын дәне механизмдерін зеріттейтін білімдер саласы.

2. Психологияның рефлекторлық сипаты.
Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дәрігерлер ежелгі
дәуірде-ақ психологиялық құбылыстардың м қызметімен байланыстылығы жөнінде
болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу
салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе
сырққаттан зақымданған адамның бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай
сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа келеді –
көзі көрмейді, құлағы естімейді, ес,. Ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде
өз қозғалысын басқара алмай қалады және т.б. Осы психикалық әрекет пен ми
жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылым зеріттеудегі алғашқы
қадам ғана болды. Бұл әлі психикалық іс-әрекет негізінде қандай
физиологиялық иеханизмдер жатқанын түсіндіріп бере алмайды.
Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешімін барша психикалық іс-әрекет
түрлерінің рефлкекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкін. Бұл
проблеманы айқындауда орыс ғалым-психологтары М.М. Сеченов (1829-1905) пен
И.П: Павлов (1849-1936) көп еңбек сіңірген. М.М. Сеченов өзіңнің әйгілі
Бас ми рефлекстері (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас
миы қызметіне, одан әрі барша психиналық іс-әрекетіне жая қолданды. Ол
"адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің
туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстік әдіс" - деп
жазған. Бұл психиканы объектив түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы
рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс
бірлігін анықтады: бастапқы бірлік - жүйке қозуы процесінде миға берілетін
сыртқы тітіркендіргіштер; ортаңғы бірлік - мидағы қозу және тежелу
процестері және солардың нәтижесінде психикалық қалыптардың (түйсік, ой,
сезім, т.б.) пайда болуы; ақырғы бірлін - сыртқы қозғалыстар. Бұл
тізбектегі ортаңғы бірліктің психикалық элементтері қалған екі шеткі
(сыртқы тітіркендіргіштер мен жауапты әре-кеттер) бірліктерсіз жасамайды.
Сондықтан да барша психикалық құбылыстар - бүкіл рефлекторлық процестің
бөлінбес құрамы. Сеченовтың рефлекс бірліктерінің ажыралмас байланысы
жөніндегі тұжырымы психикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыдан түсіиудө
үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметті сыртқы ықпалдардан да,
адам қылық-әрекеттерінен де бөліп қарауға болмайды. Психикалық
құбылыс субъекттің жалғыз толғанысымен шектеліп қалмайды, егер олай
болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т.б.) нақты өмірлік маңызға ие
болмас еді.
Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық принципіне орай Сеченов - адам іс-
әрекөті мен қылығы сыртқы әсерлердің себебінен туындайтыны
(детерминированность) жөнінде ғылыми психология үшін өте маңызды
қорытынды жасады. Ол "Бастапқыда қандай да әрекеттің себебі әрдайым тысқы
сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеуі мүмкін емес" - деп жазды.
Сонымен бірге галым сыртқы жағдайлар өсерін үстіргп түсінбеу қажеттігін
ескерткен. Бұл арада әңгіме тек көрініп тұрган нақты тыс әсер жөнінде ғана
емес, сыртқы жағдай әсерлері тобына адамның өткендө кезіккен әсерлері,
барша өмір тәжірибесі қамтылады. Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға
байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан (сезім мүшелеріне әсер) және
ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөліп, оқшаулау орынсыз екенін
көрсетіп берді.
Психикалық процестердің атқаратын міндеті қандай? Бұл әрекетті
өзгермелі жағдайларға сай етіп отыру -сигналдық және реттеу қызметтері.
Психикалық құбылыс жауап әрекетті өздігінен реттей алмайды. Бұл сыртқы
дүние жөніндегі ақпарат келіп түсуші, сақталушы, және әңделуші мидың
белгілі бөлімдерінің қасиеті, қызметі. Психикалық көріністер - бұл мидың
сыртқы (қоршаған орта) және ішкі (организмнің физиологиялық жүйе ретіндегі
қалпы) әсерлерге жауабы, яғни психикалық құбылыс - бұл шақ осы мезетте
(түйсік, қабылдау) өткен тәжірибеде болған (ес), осы әсерлерді қорытыңдылап
немесе олардың нәтижесін білуге жәрдемдескен (ойлау, қиялдау)
тітіркендіргіштерге жауап әрекеттерді реттеуші механизм. Осылай И.М.Сеченов
ғылымға психиканың рефлекстігі мен іс-әренеттің психикалың басқарылуы
жөніндегі идеяны қосты.
Іс-әрекеттің рефлекторлық принциптөрі өзінің экспериментальдық
негіздемесін И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде тапты.
И.П.Павлов Сеченовтың психикалық іс-әрекет мидың рөфлекторлық қызметі
өкендігі туралы тағылымының дұрыстығын дәлелдеді, психикалық құбылыстың
негізгі физиологиялық заңдарын ашты, ғылымның жаңа саласы - жоғары нерв
қызметінің физиологиясы, шартты рефлекстер жөніндөгі білімнің
негізін қалады. Организмге әсер етуші тітіркендіргіштер мен оларға жауап
реакциялар арасында уақытша байланыстар түзіледі. Осы байланыстарды пайда
ету бас ми қыртыстарының ең маңызды қызметі. Уақытша жүйке байланысы ми
қызметі ретінде психикалық іс-әрекеттің қай бірінің болмасын нөгізгі
физиологиялық механизмі болып табылады. Миға қандай да бір
тітіркендіргіш әсер етпей, ешбір психикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері
Ойлау жөніндегі жалпы түсінік
Психологияның тарихы. психологиялық тұжырымдамалар
Психологияның даму тарихы туралы
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Педагогикалық жағдаят ұғымының мәні
Психологияның даму тарихы
Психолгия ғылым реттінде құрлу тарихы
Пәндер