Қазіргі уақытта Қазақстанда сот шешімдерін қайта қарау институты
Кіріспе 3
1. Қазақстанның сот құрылысы мен сот өндірісінің тарихы 5
1.1 Қазақтардың дәстүрлi құқығы бойынша шешiмдердi қайта қарау институты 5
1.2 Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейiнгi сот жүйесiне жалпы сипаттама 10
2. Қазіргі уақытта Қазақстанда сот шешімдерін қайта қарау институты 19
2.1 Апелляциялық сатыдағы өндіріс 19
2.2 Қадағалау сатысындағы өндіріс 24
2.3 Жаңадан ашылған мән.жайларға байланысты iс бойынша өндірісті қайта бастау 29
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер 33

Кіріспе
Қазақстанның сот өндiрiсi кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлi құқық негiзiнде дүниеге келген едi. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлi құқығы да дамып, жетiлдiрiлiп отырды. Қазакстан Ресейге қосылғаннан кейiн оның аумағында қылмыстық іс жүргiзудің екі түрі қолданылды: бiрiншісi, қазақтардың дауларды, құқық бұзушылықтарды және қабылданған шешiмдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негiзделген дәстүрлi құқық бойынша сот өндiрiсін жүргiзу, екiншiсi, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесiне қатысты істер бойынша сот өндiрiсiн жүргiзу. Сот өндірісінің екiншi түрi бойынша іс орыс тiлiнде және Ресей заңдары негiзiнде жүргiзiлдi. 1917 жылы Қазан төңкерiсi елдегі билiктің еңбекші тап кеңестерінiң қолына көшкендiгін әйгiлеп бердi. Революция жасақтаған кеңестік өкiмет органдары Қазақстандағы бұрынғы соттарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазақстандағы сот жүйесінің құрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуiне және мемлекеттік мәртебесiнің өзгеруіне байланысты бiрнеше кезеңдердi қамтыды.
Сот өндiрiсiне қатысты заңдық негiздердiң қалыптасуына орай, кеңестiк дәуiрде Қазақстандағы соттардың дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1) революциялық трибуналдың декреттерi, нұсқаулықтары, қаулылары негiзндегi сот өндiрiсi (1917 жылдың қазаны — 1923 жыл);
2) РСФСР сот құрылысы және сот өндiрiсi (1923-1959 жылдар);
3) 1960 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық іс жүргiзу кодексiне қатысты сот жүйесi және оның қайта қарау.
Кеңестiк дәуiрде Қазақстанның мемлекеттік мәртебесінiң өзгеруiне байланысты екі кезеңдi атап өтуге болады:
1)РСФСР құрамында Қазақстанның автономиялық республика мәртебесін алуы;
2) СССР құрамында Қазақстанның одақтас республика ретiнде болуы.
Әрине, Қазақстанның сот құрылысы мен сот өндiрiсi әрқшанда жоғарыда аталған мәртебелерге сәйкес болды.
Осы тақырыпты зерттеу барысында мына мән-жайларға назар аударғанды жөн көрдім:
1) қазақтардың дәстүрлi құқықтарына негізделген сот өндірісi;
2) Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі сот жүйесiна жалпы сипаттама;
3) 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргiзу кодексi бойынша сот шешiмдерін қайта қарау институттары

Қолданылған әдебиеттер
Заңдар және өзге нормативтік құқықтық актілер
1 .Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 (7.10.1998 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі - Алматы, 1997
3.19.12.2003 қабылданған Жоғарғы Соттың «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысы
Арнаулы оқулықтар:
1 Сарсенбаев Т.Е., Хан А.Л. «Уголовный процесс» - Астана, Фолиант 2000
2 Сулейменов Б. «Уголовный процесс Р.К.» - Особенная часть, Алматы, 2002
3 Толеубекова Б.Х. «Уголовно-процессуальное право Р.К.» - Алматы, 1998
4 Когамов М.Ч. Краткий научно-практический комментарий к главам нового УПК РК – Алматы6 1998
5 Уголовный процесс. Под ред. К.Ф. Гуценко – Москва, 1997
6 Советский уголовный процесс. Под ред. Б.А. Викторова, В.Е. Чугунова – Москва, 1973
7 Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. СПб.: Типография М.М. Стасюлевича, 1899
8 Николюк В.В. Уголовно-исполнительное судопроизводство в СССР – Иркутск, 1989
9 Уәлиханов Ш. 5 томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1961. 1 т. 513-бет.
10 Культелеев Т. Уголовное обычное право казахов. Алма-Ата, 1955, 154-бет.
11 Зиманов С. Общественный строй казахов первой половины 19 века. Алма-Ата, 1958. 194-бет.
12 Кожахметов Г.З. Государственная дума и народы степного края в 1905-1917 г.г. Караганда, 1999. 105-бет

СОДЕРЖАНИЕ
Кіріспе 3
1. Қазақстанның сот құрылысы мен сот өндірісінің тарихы 5
1.1 Қазақтардың дәстүрлi құқығы бойынша шешiмдердi қайта қарау институты
5
1.2 Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейiнгi сот жүйесiне жалпы сипаттама
10
2. Қазіргі уақытта Қазақстанда сот шешімдерін қайта қарау институты 19
2.1 Апелляциялық сатыдағы өндіріс 19
2.2 Қадағалау сатысындағы өндіріс 24
2.3 Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша өндірісті қайта
бастау 29
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер 33
Кіріспе
Қазақстанның сот өндiрiсi кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлi
құқық негiзiнде дүниеге келген едi. Қоғамның және оның институттарының
дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлi құқығы да дамып, жетiлдiрiлiп
отырды. Қазакстан Ресейге қосылғаннан кейiн оның аумағында қылмыстық іс
жүргiзудің екі түрі қолданылды: бiрiншісi, қазақтардың дауларды, құқық
бұзушылықтарды және қабылданған шешiмдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-
дәстүрге негiзделген дәстүрлi құқық бойынша сот өндiрiсін жүргiзу,
екiншiсi, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесiне қатысты істер бойынша
сот өндiрiсiн жүргiзу. Сот өндірісінің екiншi түрi бойынша іс орыс тiлiнде
және Ресей заңдары негiзiнде жүргiзiлдi. 1917 жылы Қазан төңкерiсi елдегі
билiктің еңбекші тап кеңестерінiң қолына көшкендiгін әйгiлеп бердi.
Революция жасақтаған кеңестік өкiмет органдары Қазақстандағы бұрынғы
соттарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазақстандағы сот
жүйесінің құрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуiне және
мемлекеттік мәртебесiнің өзгеруіне байланысты бiрнеше кезеңдердi қамтыды.
Сот өндiрiсiне қатысты заңдық негiздердiң қалыптасуына орай, кеңестiк
дәуiрде Қазақстандағы соттардың дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге
бөлуге болады:
1) революциялық трибуналдың декреттерi, нұсқаулықтары, қаулылары
негiзндегi сот өндiрiсi (1917 жылдың қазаны — 1923 жыл);
2) РСФСР сот құрылысы және сот өндiрiсi (1923-1959 жылдар);
3) 1960 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық іс жүргiзу кодексiне қатысты сот
жүйесi және оның қайта қарау.
Кеңестiк дәуiрде Қазақстанның мемлекеттік мәртебесінiң өзгеруiне
байланысты екі кезеңдi атап өтуге болады:
1)РСФСР құрамында Қазақстанның автономиялық республика мәртебесін алуы;
2) СССР құрамында Қазақстанның одақтас республика ретiнде болуы.
Әрине, Қазақстанның сот құрылысы мен сот өндiрiсi әрқшанда жоғарыда
аталған мәртебелерге сәйкес болды.
Осы тақырыпты зерттеу барысында мына мән-жайларға назар аударғанды жөн
көрдім:
1) қазақтардың дәстүрлi құқықтарына негізделген сот өндірісi;
2) Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі сот жүйесiна жалпы
сипаттама;
3) 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргiзу кодексi
бойынша сот шешiмдерін қайта қарау институттары
1. Қазақстанның сот құрылысы мен сот өндірісінің тарихы

Қазақтардың ежелгi дәстүрлi құқық нормаларын жан-жақты зерттеп
алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндiрiс жайлы
толыққанды әңгiме айту тіптi де мүмкiн емес. Өкiнішке орай, отандық
қылмыстық процесс жүйесiнде соттың үкiмдерi мен шешiмдерiн апелляциялық
қайта қарау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандықтан, Қазан
төңкерiсіне дейiнгi қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып
алудың қиын екенi де рас.
Дәстүрлі құқық туралы сөз қозғау үшін, бiрiншiден, оның құрамы жағынан
бiркелкі болмағанын атап өткенiмiз жөн. Ол сипаты жағынан әр түрлi нормалар
мен институттардың басын бiрiктiрдi. Әйтсе де, бұлар өмiрде бiр-брiнен тым
алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, бiте қайнасып жатқандай едi. Түп
тамыры сонау теренде жатқан кейбiр нормалар мен институттардың күнi кешегi
ХIХ ғасырға дейiн сақталып келгенiне тарих куә. Бәлкiм, сондықтан да болар,
қазақтың дәстүрлi құқығындағы қайсыбiр нормалардың қашан пайда болғанын тап
басып айту оңай емес.
Қазан төңкерсiне дейiн Қазақтардың дәстүрлi құқығында қылмыстық және
азаматтық құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер бiлiнер-блiнбес
қана болды. Қазақтардың құқықтық пiкiрiнiң дамуы жөнiнде ХIХ ғасырдағы
әйгiлi қазақ ғалымы, шығыстың ғаламат зерттеушiсi Ш.Уәлиханов былай дейдi:
Қылмыс пен тәртiпсiздiк жөнiнде жан дүниесi бөлек, тұрмыс-салты басқаша
дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен
бiрдей көзқарасты талап ету дұрыс емес[1].
Қазақтың белгiлi ғалымы, заңгер Т.Культелеев те өз кезегiнде: Қазақ
құқығында арнайы қылмыс деген термин болмаған, оның орнына жаман іс
немесе жаман қылық деген сөздер қолданылған[2] деп ой түйедi. Шын
мәнiнде, қылмыс ұғымы жаман iс-әрекетпен астасып, ол қоғамға келтiрiлген
шығын ретнде емес, жәбiрленушiнiң немесе оның туыстарының наразылығы
ретiнде бағаланды. Ал, мұндай жағдай, әрине, жәбiрленушінiң немесе оның
туыстарының қарсы жақтан сыйақы төлеудi талап етуiмен аяқталатын.
Сондықтан, тiптi адам өлiмiне байланысты iс те екi жақтың келiсiмімен, құн
төлеу арқылы шешiмiн табатын. Бұл кiсi қазасының орнына жатыстырылатын
материалдық өтем деп қабылданды. Осы жөнінде А. Крохалев былай дейдi:
Қырғыздарда құн деп өлген адамның қаны үшiн немесе руластың мезгiлсiз
қиылған өмрi үшiн төленетiн өтемдi айтады. Сондай-ақ, дәстүр бойынша құн
мүлiктiк сыйақы ретiнде дене жарақаты үшiн жәбiрленушнiң туған-туыстарына
да төленедi[3]. Мұны сөз жоқ, қоғамның даму ерекшелiгімен, әсiресе,
алғашқы қауымдастық пен феодалдық құрылым элементтернің қатар өрiлуiмен
түсiндiруге болар едi. Феодализм тұсында қоғамдық қатынас жеке меншікке
негiзделгендіктен, құқық та көбiне осыған ыңғайланады. Сол үшiн де,
жауаптылық жасалынған iс-әрекеттің ауыр, жеңiлдiгiмен емес, ашығын
айтқанда, жәбiрленушi мен кiнәлiнiң қай қоғамдық топқа жататындықтарымен
өлшендi. Ол уақыттарда қазақ қоғамында қылмыс пен азаматтық тәртiп
бұзушылық ұғымдарының арасында нақтылы шектеулер болған жоқ. Жәбiрленушi —
талапкер, ал қылмыскер — жауапкер – деп аталды. Қылмыстық iс-әрекеттi де,
азаматтық құқық бұзушылықтың да нәтижесi келтiрiлген зиян деп бағаланды.
Академик С.Зиманов атап өткендей, қазақтың дәстүрлi құқығы бiрнеше
жүздеген жылдар бойына кешеуiлдеп қалған, тұйық шаруашылық негзiнде дамып
келді. Бұл әрине, дәстүрлi құқықтың қайсыбiр жекелеген құқықтық нормаларына
өзiндiк салқынын тигiздi. Мәселен, ХIХ ғасырдың ортасына дейiн дәстүрлi
құқық жөнiндегi жазбалардан тауар-ақша қатынастарын реттейтiн нормаларды
кездестiре алмайсыз; сот өндiрiсiн жүргiзу ешқандай жазбаша дәлелдемелердi
талап етпедi. Кiнәлi адамнан кек алу, тергеусiз сот жүргізу сияқты көне
әдет-ғұрыптар көп уақытқа дейiн бұзылған құқықты қалпына келтiру тәсiлi
ретiнде қолданылып келдi.
Қазақ құқығының тарихында Тәуке хан мен Жетi жарғы заңының орны
бөлек. ХIХ ғасырдың басында аса құнды еңбектерi үшiн көзiнiң тiрiсiнде
мойындалған орыстың шығыстанушы ғалымы А.Левшин былай деп жазды: Кiшi
Орданың зерделі Қырғыздары, бiздiң халық тыныштықта өмiр сүрген кез де
болған, бiзде тәртiп те орнықты болған, бiзде заң мен әдiл сот та болған
дегендi айтады.
Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген қылмысты және азаматтық-құқықтық
нормалар және дәстүрлi құқық нормалары болды.
Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесiн зерделей отырып, онда мынадай
элементтердiң бар екендiгiн байқаймыз:
а) әдет-ғұрып;
ә) билер сотының iс-тәжірибесі;
б) билер құрылтайының ережесi.
Бұл үш белгi өзара тығыз байланысты. Билер сотының iс-тәжiрибесi немесе
сот өнегесi, сондай-ақ, билер құрылтайының ережесi қолданыстағы құқықтық
дәстүрлердi тұрақты түрде толықтырып, өзгертiп отырды.
Заңдық күшi бар әдет-ғұрыптар негiзiнен арнайы еш жерде жазылмаған,
олар қысқа қайырылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретiнде ұрпақтан-ұрпаққа
ауызекi жолмен жеткiзiлiп келген. Мiне, хан Тәуке осылардың бірін жинап,
бiр заңдар жинағының — Жетi жарғының аясына жүйелеп топтастырған.
Билер сотының iс-тәжiрибесi қазақтың дәстүрлi құқығын дамытуда маңызды
рөл атқарды. Атақты билердің жекелеген нақыл сөздерi немесе үкiмдерi сондай
ұқсас iстердi қараған кезде үлгi ретінде қолданылды. Сөйтiп, келе-келе олар
заңдық күшке ие болды.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысына дейiн билердiң шешiмдерi еш жерде қағазға
түсiрiлмеген. Олар қалайда ауыздан-ауызға таратылып отырған. Тек ХIХ
ғасырдың екiншi жартысынан кейiн ғана билер кiтабы енгiзілдi. Онда билер
шығарған үкiмдердің немесе шешiмдердiң қысқаша мазмұны жазылды. Кейбiр
жағдайларда билер сотының үкiмдерi жазба құжат ретiнде жеке ресiмделдi.
Қазақтардың қылмыстық дәстүрлі құқығы тарихын зерттеу барысында
Қазақстанның Қазан төңкерiсiне дейiнгi саяси жағдайына назар аударудың мәнi
зор.
Қазақстан Ресейге қосылғанға дейiн мұндағы ең жоғары мемлекеттiк билік
ханның қолында болды. Ханның билiгiн қорғау тек сұлтанға тапсырылды. Ханның
басты міндетiне көшпендiлердi басқару жатты. Сот және заң шығару
мiндеттерiн хан билер кеңесiмен бiрлесе отырып, қазақтардың дәстүрлі құқығы
негiзiнде жүзеге асырды. Егер дәстүрлі құқықта қайсыбiр құқықтық жағдайды
реттейтiн норма жок болса, хан сол кемшiлiктiң орнын өзiнiң заң шығарушылық
қызметiмен ыңғайластырды. Мұндай кезде ханның соттық шешiмi дәстүрлі
құқыққа енгiзiлген маңызды толықтырылу деп есептелiп, соның негiзiнде жаңа
құқықтық норма жасалынды. Хан жүргізген соттық талқылау ең соңғы сот
инстанциясы деп саналды. Хандар мен сұлтандар ықпалды билердi қатыстыра
отырып, аса маңызды iстердi қарады.
Қылмыстық және азаматтық iстердi талқылайтын арнайы орган — билер соты
болды. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейiн билер сот билiгiнен басқа
жергiлктi әкiмшiлiк органдардың міндетiн атқарды. Академик С.Зиманов
билердiң әлеуметтiк рөлi мен қызметiн үш бағытта сипаттайды: бiрiншiден,
олар iрi феодалдық ақсүйек өкiлдерi; екiншiден, билер көшпелi халыққа
басшылық жасап, олардың iс-әрекеттерiнен хабардар болып отырды; үшiншiден,
олар судья едi[4].
Ежелгi дәстүрлі құқық нормалары бойынша билердi ақсақалдар сайлаған.
Олар би болуға дәулеттi және халықтың заңдық әдет-ғұрпын жақсы бiлетiн
тәжiрибелi, бiлiмдар адамдарды таңдады. Бұл жөнiнде 1864 жылы жазылған
Сiбiр ведомствосына қарасты қырғыздардағы сот реформасы туралы жазбалар
деген еңбегiнде Ш.Уәлиханов былай дейдi: Тек сот әдет-ғұрпы жөнiндегi
терең бiлiмiн шешендiк өнермен ұштастыра бiлген қазақтарға ғана би деген
құрметті атақ берілдi.
Билер сотында қаралатын iстердiң бір ерекшелiгi сол, мұнда, әдетте,
қылмыстық істер тараптардың бастамашылығымен қозғалады. Ал, дауды қарау
процесi қарапайым және жұрттың бәрiне түсiнiктi жүргiзiлдi. Iстi қарау
барысында билер негiзiнен екі жақты татуластыруға тырысты. Шығарған
шешiмдерiнiң түпкiлiктi, әрі талапкерді де, жауапкердi де қанағаттандыруын
көздедi.
Билер соты процестiң бәсекелестiгiне негiзделдi. Екі жақ дауды шешу
үшiн өздерiнiң қалаулары бойынша сөздерiн бiр биге немесе бiрнеше биге
арнады. Талапкерге шағымға қатысты дәлелдемелердi тапсыру мiндеттелдi.
Жауапкерге өзiн ақтайтын барлық дәлелдемелерiн ұсынуға мүмкiндiк берiлдi.
Бұдан басқа, егер тараптар арасында келсiм орнаса, қылмыстық процестi кез
келген сатыда тоқтатуға рұқсат етiлдi. Соттық тергеу iсi басынан аяғына
дейiн ешқандай жазбасыз, ауызша жүргізiлдi.
Қазақтардың дәстүрлі құқығы билер соты шығарған шешiмдерге тараптардың
шағымдану мүмкіндiгiн қарастыртанын атап өткенімiз жөн. Бұл институттың
өзiне тән ерекшелiктері де болды.
Шағымдану құқығына ешқандай шек қойылмады. Билер сотының шешiмi жөнiнде
басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерiк берiлдi. Шешiм
жарияланғаннан кейiнгi шағымдану мерзiмiне де шек белгiленбедi. Шағымданушы
өзiнiң қалауы бойынша, өзi сенім бiлдiрген кез келген биге өтiнiш бiлдiруге
құқылы болды. Би талапкердiң, сондай-ақ, екі жақтың тiлегiне сүйенiе, iстi
өндірiсiне қабылдады. Iстi қараған хан (би) шығарылған шешiмнiң әдiлдігiне
көзiн жеткiзсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар еттi. Егер хан (би)
алдыңғы шешiмді қостап бекiтсе, шағымданушы судьяға жала жабушы ретiнде
айыпталып, тиiсiнше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса, хан (би)
шешiмiне шағым түскен биге келiп, екеуi кiнәлаушы мен жәбірленушiнiң көз
алдында істi қайтадан қарады. Шешімнің әдiлетсiздiгi дәлелденген жағдайда,
хан (би) жаңадан шешу үшiн істi әлгi биге керi тапсырды. Сол жерде, егер
шешiм қабылдаған бидiң бiржақтылығы әшкереленсе, онда хан (би) iстi басқа
биге өткіздi.

Қазақстан Ресейге қосылған кезде-ақ патша өкiметi Қазақстандағы сот
құрылысына бiрден ерекше назар аударып, үкiмет үшiн бағындырылған елде
құрылатын соттың бастапқы негiзiн табу ең бiр қиын мәселе болатындығына
ешбiр шүба жоқ деп тұжырым жасайды.
Қазақстан Ресейге қосылғасын, көп уақытқа дейiн хан билiгiмен қатар
жерглiктi жерлерде басқарудың сұлтан мен билер жүйесi де сақталып келдi.
Тек ХVIII ғасырдың 80-жылдары Игельстром реформасы бойынша алғаш рет
жергiлiктi басқару жүйесiн өзгертуге кадам жасалды. Қазақтар мен шекаралас
тұрғындардың арасындағы даулы iстi шешу үшін Орынбор қаласында Шекаралық
сот құрылды. Оған Кiшi жүздiң iшiндегі әкімшiлiк-сот билiгi берiлдi. Кейiн
1787 жылы Кiшi жүз көшпендiлерiнiң арасында жазалау органы жасақталды. Ол
Шекаралық соттың шешімiн жүзеге асырумен айналысты. Алайда, Игельстром
реформасы оң нәтиже бермедi, өйткенi, қазақтардың ісi Шекаралық сотқа
жолданбады, ал жазалаушылар жергiлiкті жерлерде бiрде-бiр рет жиналмады.
Қазақстанның басқру жүйесiне елеулi өзгерiстер ХIХ ғасырдың 20-жылдары
енгiзiлдi. 1822 жылдың 22 шiлдесінде патша өкiметi М.Сперанскийдiң
жетекшiлiгiмен дайындалған Сiбiр қырғыздары туралы ереженi бекiттi. Осы
ережеге сәйкес қазақтар арасында туындауы мүмкiн барлық сот істерi мынадай
топтарға бөлiндi:
1) қылмыстық;
2) талап ету;
3) басқаруға шағымдану.
Қазақтар үшiн қылмыстық істер қатарына мыналар жатқызылды: мелекеттiк
сатқындық, кiсi өлтiру, тонау және барымта, билiкке ашық түрде бағынбау.
Осы iстер бойынша қазақтар патша соттарында жалпы-империялық зандар
негiзiнде соттасуға тиiс блды. Сөйтіп, билер сотында қаралуға жататын ең
маңызды деген iстерді алып қойды. Ал, талап етуге жатқызылған басқадай
істер: дене жарақаты, төбелес, балағаттау, парақорлық, т.б. билер сотында
дәстүрлі құқық нормалары негiзiнде қаралатын болды.
1822 жылғы Жарғы билер соты қабылдаған үкiмдерге шағымдану тәртiбiн де
белгледi. Бұл үкiмдер түпкілiктi деп саналмағандықтан, риза емес тараптарға
облыстық бастыққа шағымдануға мүмкiндiк берiлдi. Билердiң үкiмiн бекiту
немесе бекiтпеу облыстық бастықтың еркiнде болды. Билер сотының шешiмдерiне
шағымданудың жаңа апелляциялық тәртiбiнiң енгiзiлуi іс жүзiнде олардың
рөлiн едәуiр төмендетiп кеттi.
Патша өкiметi билер сотының қызметiне шек қою үшiн 1844 жылы Орынбор
қырғыздарына басшылық жасау туралы ереженi қабылдау барысында және бiр
қадам жасады. Осы ережеге сәйкес Орынбор ведомствосына қарасты қазақтардың
қылмыстық істерiнiң барлық негзгi түрлерi билер сотының қарауынан алынып,
жалпыимпериялық соттардың құзырына берiлдi. Орынбор ведомствосы
қазақтарының қылмыстық істерi мынадай органдарда қаралуы тиiс болды:
1) облыстық басқармада және Шекаралық комиссияда. Мұнда істер жалпы
қылмыстық заңдар негiзiнде талқыланды;
2) әскери-сот комиссиясында. Мұнда iстер әскери-қылмыстық және далалық
қылмыстық заңдар негiзiнде сарапталды.
Облыстық басқармада және Шекаралық комиссияда қазақтарды ұрлық туралы
(30 рубль күмiс ақшадан жоғары), алаяқтық туралы, зорлық-зомбылықтың алуан
түрлері туралы, жасырын түрде шекарадан өту туралы қылмыстық iстер қаралды.
Әскери сотта сатқындық туралы, кiсi өлтiру туралы, барымта туралы,
орыстарды ұстап алу туралы, үкiметке қарсы шығу туралы істер қаралды.
Империяның заңы бойынша туған жерiне қарай қазақтардың істернiң сотта
қаралу тәртiбi де әр түрлі болды. Мысалы, жоғарыда аталған қылмыстарды
жасағаны үшiн Кiшi жүздiң қазақтары әскери соттарға түссе, ал дәл осы
қылмыстары үшiн Орта жүздң қазақтары империя заңдарының негізінде Округтiк
приказдарда соттасты. ХIХ ғасырдың 50-жылдары Орта жүздің қазақтары Ресейге
қосылғаннан кейiн осы жүздiң адамдары барымта, кiсi өлтiру, тонау сияқты
қылмыстары үшiн әскери сотқа жiберiлдi.
Сөйтіп, билер сотының қарауына пәлендей маңызы жоқ қылмыстарға
байланысты iстер ғана қалдырылды. Бірақ іс жүзiнде билер соты қазақтар
жасаған қылмыстық iстердiң басым түрлерiн қарауды сол бұрынғыша жалғастыра
бердi.
Патша өкiметi 1867 жылы қабылданған Сырдария және Семей облыстарын
басқару жөніндегi уақытша ереженiң, сондай-ақ 1868 жылы қабылданған Дала
облыстарын басқару жөнiндегi уақытша ереженiң негзiнде билер сотының
қызметiне тағы да өзгерiстер енгзiлді.
Уақытша ережелердiң қабылдануына байланысты Қазақстанда сот өндiрiсінiң
жаңа жүйесi бекiтiлдi. Ол уездiк судьялардан, әскери-сот комиссиясынан және
облыстық басқармадан құрылды.
Уақытша ережелердiң жобаларын жасау барысында Дала комиссиясы мынадай
қорытындыға келген-дi: ... далалықтардың тап қазiргi жағдайында мировой
судьяларды сайлау үшiн қажеттi элементтер жоқ. Сондықтан, мировой
судьялардың құнын бере отырып, уездiк судьяларды құру, бұл осынау өлкеде
жалпы сот реформасын жүргiзгенге дейiн қолданылған уақытша шара демекпiз.
Сол үшін де өтпелi кезеңде жергiлiкті жерге қолайлысы, мировой судьялардан
гөрi уездiк судьялар деген атау болса керек.
Облыстық басқармалар мировой судьялар құрылтайының, Қылмыстық және
азаматтық соттар палаталарының құқықтарын иелене отырып, империяның жалпы
заңдарының негiзнде жұмыс iстеді. Облыстық басқармада сот және әкмшiлiк
міндеттерi қатар атқарылды. Басқарма үш бөлімнен тұрды: ұйымдастыру,
шаруашылық, сот. Мировой судьялар құрылтайының құқығын иеленген облыстық
басқарма уездiк судьялардың қызметiне бақылау жасап, уездiк судьялардың
шешiмдерi үшiн апелляциялық инстанция болып танылды. Елде мировой
судьялардың құрылтайы ұйымдастырылмады. Патша өкiметі кең байтақ қазақ
даласын мировой судьялармен толық қамту үшiн олардың санының тым көп қажет
етiлетiндiгiн, әрi оған өте мол қаржы жұмсалатындығын ескердi. Ал, 1864
жылдың 20 қарашасындағы Жарғыда қарастырылған округтiк соттар, ант берген
заседательдер институты Қазақстанда мүлдем құрылған жоқ. Қылмыстық сот
палаталарының құқығын иеленген облыстық басқармалар лауазымдық қылмыстар
туралы істердi қарады.
Алайда, қазақ ауылдарында билер сотының әлi де сақталып қалғандығын
атап өткенiмiз жөн. Бiрақ, уақытша ережеге сәйкес, ол Қазақстан аумағына
халық соты деген атпен енгiзiлдi. Жаңа сот бұрынғы билер сотынан едәуiр
өзгеше болды. Патша өкiметi оны заман талабына сай Ресейдегi әлемдiк
мекемелерге сәйкестендiре өзгертiп жiберген едi. Шамамен ХIХ ғасырдың
ортасынан бастап халқы отырықшы саналатын Қазақстанның оңтүстiк
облыстарында билер сотымен қатар қазылар соты да жұмыс істедi.
Бұлардың арасындағы бір айырмашылық, билер соты дауды шешу кезiнде
дәстүрлі құқық нормаларын басшылыққа алса, қазылар соты тек шариғат
нормаларына жүгiндi. Қазылар сотында судьяның мiндетiн молда атқарды.
Уақытша ережелердiң жаңа тәртiбі бойынша билер қызметi сайланбалы
болды. Билердi сайлау болыстық басқарушыны сайлаумен қатар, сайлаушылардың
жиналысында өткiзiлдi. Билердiң саны әр болысқа 4-8 адамнан белгiлендi.
Билердi сайлау патша уәкiлiнiң қатысуымен ұйымдастырылып, сайлауда жеңiп
шыққандарды губернатор қызметке бекiттi.
Мұндай сайлау қазақ даласы үшін жаңалық едi. Сондай-ақ, уақытша
ережелерге сәйкес билер сотының қызметi қатаң түрде уақытпен белгiленiп,
патша әкiмшiлiгiнің жiті бақылауында болдьг.
Барлық маңызды деген қылмыстық және азаматтық iстер империя соттарының
еншісiне берiлді. Аса үлкен қылмыстық істердi (сатқындық, билiкке қарсылық
көрсету, лауазымды адамдарды өлтiру, т.б.) әскери соттар (әскери-сот
комиссиялары) қарап, кiнәлілерді әскери заң бойынша соттады. Әскери-сот
комиссиясының үкiмдерi прокурорлық қадағалауға жатқызылмады. Олар бiрден
әскери бастыктардың және Бас әскери соттың тексеруiне жiберiлдi.
1867 жылғы Ереже бойынша Түркiстан генерал-губернаторына қажет деп
табылған жағдайда дала сотын тағайындау құқығы берілдi әскери-дала соттары
саяси қылмыстар туралы iстердi, сондай-ақ полицейлердi, шенеунiктердi
өлтiруге, қазына көлiктерiне шабуыл жасауға байланысты iстердi қарады.
Уездiк соттар жасаған қылмыстары үшін әл-ауқатынан айыру құқығын және
ұзақ мерзiмге түрмеге жабуды қарастырмайтын істердi, сонымен қатар екi мың
рубльден аспайтын азаматтық талаптарды талқылады.
Облыстық басқармада әскери соттың қарауына жатпайтын қылмыстық және
азаматтық істер талқыланды. Мысалы, лауазымдық қылмыстарға, екi мың
рубльден асатын талап-арыздарға, уездiк соттардың үкiмдерiне және
шешiмдерiне жасалған шағымдарға байланысты iстер.
Билердiң халық соттарына жалпы империялық соттарда қаралуы тиiс
iстерден басқа қазақтардың барлық азаматтық және қылмыстық iстерi
тапсырылды. Олардың қатарына мынадай қылмыс түрлерiне байланысты iстер
жатқызылды:
а) жеке басқа қарсы қылмыстар;
ә) мүлiктiк қатынасқа қарсы (тонау мен ұрлаудан басқа) қылмыстар;
б) жеке және отбасы саласындағы қылмыстар;
в) дiнге қарсы, сондай-ақ болыс басшыларының, ауыл старшиналары мен
билерiнің қызметтерiне қарсы бағытталған қылмыстар.
Билер iстердi дәстүрлі құқық нормаларының негiзiнде жеке-дара қарады.
Әрi халық судьясының 30 рубльге дейiнгi істер бойынша шығарған шешімдерi
түпкiлiкті деп есептелдi. Билер сотының шешiмдерiн болыстық басқарушылар
жүзеге асырды.
Далалық облыстарды басқару ережесiне сәйкес билердiң шешiмдерi
тараптардың екi жағына да хабарланып, талап еткен жағдайда олардың
көшiрмесi қолдарына тапсырылды.
Билердiң түпкiлiктi емес шешiмдерiн болыстық құрылтайға ұсыну үшiн
болыстық басқарушыға бұл жөнінде сипаттама ұсынылды. Сипаттаманы тапсыруға
шешiм жарияланған күннен бастап екi апта уақыт берiлдi.
Сондай-ақ, билердiң болыстық және төтенше құрылтайларының болғанын атап
өткенiмiз жөн. Болыстық құрылтайда 500 рубльге дейiнгi талап-арыздар
талқыланды. Сонымен қатар, ол жекелеген билер шешiм қабылдаған iстер
бойынша екiншi инстанциядағы соттың міндетiн атқарды.
Билердің болыстық құрылтайлары болыстық басқарушының қатысуымен
өткiзiлдi. Алайда, оған сот процесiне араласуға қатаң тыйым салынды.
Болыстық құрылтайлардың өткізiлу уақыты мен орнын жер ыңғайына және жыл
маусымына байланысты уездiк бастық белгiлеп отырды.
Болыстық құрылтайлардың түпкiлiктi емес шешiмдерi жөнiнде, яғни 500
рубльден жоғары бағаланатын iстер бойынша шешім жарияланғаннан кейiн екi
аптаның iшiнде уездiк бастыққа сипаттама ұсынуға мүмкiндiк берiледі.
Сипаттамаға шағымдалатын шешiмнiң көшiрмесi қоса тiркелуi тиiс-тiн. Өз
кезегiнде уездiк бастық ешқандай кешiктiрусiз сипаттаманы облыстық
басқармға жолдауға мiндеттi болды. Басқарма болыстық құрылтайдың қаулысын
яки бекiтедi, яки билердің төтенше құрылтайының қарауына жiбередi.
Билердiң төтенше құрылтайы бiр уездiң бiрнеше болыстарының арасында
туындаған дауға байланысты iстердi қарады. Төтенше құрылтайлар қажет деп
табылған жағдайда уезд бастығының өкiмiмен шақырылды. Олар билердің
болыстық құрылтайында шешiлген істер үшiн екiншi инстанция болды.
Егер дау-дамай бiрнеше уездің арасында туындаса, әскери губернатордың
рұқсатымен сол уездер билерінiң төтенше құрылтайы шақырылды.
Билер соты шығарған барлық шешiмдер мен үкiмдердi уез бастығы, кейбiр
жағдайда губернатор, тіптi генерал-губернатор бекiтiп отыруы тиiс-тiн.
Судьялар өз қызметтерi үшiн ешқандай жалақы алған емес. Дегенмен де,
билiктен түскен қаржының есебiнен сыйлық алуға рұқсат етiлдi. Мәселен, бұл
жөнiнде далалық облыстарды басқару туралы ереженiң 138-параграфында былай
делiнген: Би болып сайланғандарды губернатор бекiтедi. Оларға жалақы
төленбейдi. Бiрақ, олар iстi шешкенi үшiн халық дәстүрiне сәйкес кінәлiден
ерекше айып үлесiн алуға құқылы. Айыптың мөлшерi мұлiктiк шағым бойынша
талап құнының оннан бiр бөлiгiнен аспауы тиiс, ал жеке басқа жасалған
қорлау әрекеттерiне қатысты iстердi шешкенi үшiн билiк үлесi салт-дәстүрге
байланысты тағайындалады.
Билер сотының қызметiн шектеп, жалпыимпериялық соттардың мәнiн арттыру
бағытында ұйымдастырылған қайсыбiр қосымша шаралар 1886 жылы қабылданған
Түркiстан ережесi және 1891 жылы өмрге келген Дала ережесi негiзiнде жүзеге
асырылды. Осы ережелер енгiзген өзгерстер халық соттарының жүйесне, құрылу
тәртібiне тiкелей қатысы болмағанмен, олардың заңдылық күшiн едәуiр
әлсiретiп тастады, Мәселен, кiсi өлтіру, зорлау сияқты аса маңызды қылмыс
түрлерiне қатысты сот жүргiзу iсi билер сотының қрауынан алынып
жалпыимпериялық соттарға берiлдi. Жеке судья 30 рубльге дейінгi талап-арыз
бойынша iстердi шешіп, басқадай құқық бұзушылық үшiн 7 күнге дейін қамау
жазасын тағайындай алды. Болыстық талап-арыз бойынша рубльден аспайтын
iстер жөнiнде шешiмдер қабылдап, 1 жыл 6 ай мерзiмге дейiн абақтыға қамау
туралы үкiмдер шығарды. Төтенше құрылтай жазасын өтеу үшiн айыптыны жер
аудару жөнінде өлке әкiмiнiң атына жасалынған өтiнiш туралы істердi қарады.
Билер сотында қаралатын iстердiң қатарына кiсi өлiмi үшiн құн талап
ету, мал ұрлығы, басқадай ұрлықтар, ауыр дене жарақатын салу, ұрып-соғу,
әйел ұрлау, т.б. жатқызылды.
Сонымен, қорыта айтқанда, 1917 жылға дейiн Қазақстанның құқықтық
жүйесiнiң құрылымында қазақтардың дәстүрлі құқығының, шариғаттың және
империяның құқығының болғанын байқаймыз.
Қазақтардың дәстүрлі құқығы, оның нормалары және институттары ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып, дамытыла отырып, қоғамдық қатынастарды реттеушi, пәрменді
нормативтер ретiнде мейлiнше нығая тусті. Оның өн бойында бiрлiктi және
адамгершiлiктi жақтайтын демократиялық ұстындар, институттар, нормалар аз
емес.
Аймақты отарлаудың тамыры тереңдеген сайын патша өкiметі қазақтардың
дәстүрлі құқығының қайсыбiр бөлiгін өзгертiп, оның орнына орыс мелекетiнің
құқықтық мекемелер мен нормаларын енгiзудің, сондай-ақ қайсыбiр бөлігiн
өздерiнiң мүдделерiне сәйкестендiрiп пайдаланудың арнайы саясатын жүргiзді.
Әйтсе де, дәстүрлі құқық нормаларының қоғамдық қатынастарды реттеудегi
ықпалының шектеулi екендігiне қарамастан, олар жұртшылық арасында мейлiнше
кең таралуымен ерекшелендi.
Дәстүрлі құқыққа қарағанда шариғат нормалары ел арасында бiршама аз
таратылды. Бұл негiзiнен халықтың көшпелi өмiр салты мен көшпелi
тiршлiгіне, сондай-ақ мұсылман дiнiнiң қазақ қоғамына тигiзген әсерiнің
төмендігiне байланысты еді. Сондықтан да шариғат көшпелi қоғам өмiрiнің тек
кейбiр салаларын ғана қамтумен шектелдi[5].
Империялық құқық және оның Қазақстанда таратылуында өзiндiк
ерекшелiктер болды. Патша өкiметi өзiнiң отарлау саясатын әрмен қарай
қапысыз жүргiзу үшін, ең алдымен осы өлкеге лайықталған арнайы заңнамалық
актiлер қабылдап отырды.
Сонымен, зерттеулерiмiздi тұжырымдай келіп, Қазан төңкерiсне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz